Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет10/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Енді мен бір өзіңе «Қош! Қош!» деймін.
Көшкен жұрт көздің жасын төкпек деймін.
Дәм жазып қайта оралар күн болар ма,
Кәрі өліп, жас балдырған өспек деймін.
Дариға-ай, даламызға лықсып толсақ,


24
Өртеңге қаулап шыққан көк шөптейін!
[20-б.]
Осылайша Жетісуға жер аударған Кенен ол жерге бар
-
ған соң, ұлы жүзден жиырма мыңдай қол жинайды. Сұ
-
раншы, Тойшыбек, Саурық, Сыпатай сынды батырлар 
қолымен келіп Кенесарыға қосылады. Ол «Туыс болып 
қалайық, Салауат өткен іске қылайық, Үйсін мен қыр
-
ғыздардың қанын сорған Қоқанға көтеріліп шығайық» 
деп үш рет қырғыздарға үндеу салады. Бірақ қырғыздар 
орыстардың айтағына ілесіп, Кененің қонған ауылдарын 
бірнеше рет шауып тыныштық бермейді. Қазақ пен қыр
-
ғыз бірігіп кетсе, орыстардың өзіне қауіп туғызатынын 
білген олар үшін бұлардың қырғи қабақ болып отырғаны 
тиімді еді. Қырғыздың Орман ханы Кенесарыдан гөрі Қо
-
қанды өзіне жақын тартып, олармен ауыз жаласып бірігіп 
кетеді. Кенесарының қолы Меркені қырғыздардан азат 
еткен соң, енді көзін олардың астанасы Пішпек қаласына 
салады. Алты алаштан жиналған, арғын, табын, қыпшақ, 
шапырашты, тама, ботбайдың бетке ұстар батырларынан 
жасақталған қол қырғыз бен қоқанның от ауыз зеңбірек
-
теріне төтеп бере алмай, көп шығынға ұшырайды. Тасы 
да, тауы да жат қырғыз Алатауындағы соғыс дала қазақта
-
рының тау соғысын меңгермегендігін растаса, «Қырғыз
-
ды білмейсің-ау, таста ойнаған, Келсе де бой бермейтін 
неше мықтың!» деген жолдар – тау-тасты мекендеген 
қырғыздардың тау соғысын шебер игергендігін байқа
-
татын деталь. Бұғыбай мен Наурызбай бастаған отыз 
жігіт «ұры жолмен» жүріп отырып, «Асқардың асу бер
-
мей биігіне Болғанда бие сауым зорға шықты». Жекпе-
жекте қазақ батыры Наурызбай қырғыздың Бедер, Ораз 
сынды батырларының басын алады. Бас батырларынан 
айрылған қырғыздар соңғы шайқасқа жан сала кіріседі. 
Осы шайқас үстінде ақын Бұқарбай, Наурызбай, Ержан, 
Шәкір, Қабан, Меңдібай сынды батырлардың жанкешті 
ерлігін көркем бейнелеумен бірге іштен шыққан жаудың 
жаман болатындығын да жадында ұстап отырған. Оны 
он екі әскерін соңына ертіп, бір түнде Кенесарыны тас
-
тап тайып отырған Рүстем, Сыпатай сынды батырлардың 


25
әрекеті растайды. Алтын мен атаққа қызықпай, Қазақтың 
намысы үшін қоқан мен қырғызбен күрескен Кенесары
-
ның қолға түскен кездегі мүшкіл күйін:
Қырық бес жыл болыпты туғанына, 
Жасынан ата жолын қумады ма?! 
«Түс аттан!» деп зекіді бір қара құл,
Шынымен, түп тамыры қурады ма?
[31-б.],
– деп суреттейді. 
Тұтқындағы Ержанды құтқарам деп аңғалдықпен қол
-
ға түскен Наурызбайды қырғыздың батыры Бедеудің 
өтеуіне Ержанды Қалша бидің өтеуіне өлтірмек болған 
Орман хан құлақ естіп, көз көрмеген адам айтса нанғы
-
сыз аюандыққа барады. 
Науанды шалқасынан салды келіп,
Уыстап құйды аузына қанды келіп.
Шыңғырып кісінеді жылқы біткен,
Қып-қызыл ағып жатқан қанды көріп.
Болды ма мұндай қорлау бұрындары?
Қырғыздың сұмдық екен ырымдары – 
Ержанның екі көзін ойып алып,
Аузына Наурызбайдың тығындады
[33-б.]
Осыдан кейін екі ағашқа керіп қойған Науанның екі 
қолын, одан кейін басын шауып түсіреді. Кененнің көз 
алдында оң қолы болған Ержан мен Наурызбайды ит 
өліммен өлтіріп, оны тірідей қорлайды. Содан бері бір 
жарым ғасыр өтсе де Кенесары сынды соңғы ханын 
ұмытпаған қазақ оған қаншама жыр жолдарын арнады. 
Кеңестік дәуір тұсында орыстарға қарсы шыққан Кенені 
қанішер етіп көрсеткенмен шындықты әділ тарих жасыра 
алмады. Кенесарының орыс пенен қоқанды, көрші жат
-
қан қырғызды жаулау үшін шаппағанын, қазағына ар ісін 
аманаттап кеткенін жырлай отырып, қанжығада кеткен 
батырлардың бастарын: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет