43
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ
КӨРКЕМДІК КӨКЖИЕГІ
Роман.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт аралы
-
ғында қазақ прозасы дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Тәуелсіздік тұсында қазақ жазушылары тоталитаризм
қыспағынан босап, еркін тыныстауға бет алды. Бұл жыл
-
дары прозаның жетекші жанры романның өрісі кеңейді.
Тәуелсіздік жазушыларға сөз бостандығын алып келді.
Сөз бостандығы қазақ жазушыларына кеңестік дәуірде
еркін бара алмаған, кең қозғай алмаған тақырыптарға
қайта үңілуге мүмкіндік берді. Сондықтан да тәуелсіздік
тұсында оған дейін біржақты бағаланған қазақ тарихы
туралы шығармалар молынан жазылды. ХХ ғасырдың
70-80-жылдарындағы Ә.Әлімжанов, І.Есенберлин, С.С
-
матаев, Ә.Кекілбаевтардың тарихи романдарының қата
-
ры тәуелсіздік тұсында Ж.Ахмадидiң «Дүрбелең» (1990),
«Шырғалаң» (1997), «Есенгелді би» (2004), «Жарылғап
би» (2008), «Айтұмар» (2009), Қ.Исабаевтың «Серт»
(1991), «Шоң би» (1993), К.Ахметбековтің «Қасірет»
(1991), Қ.Жұмаділовтың «Дарабоз» роман-дилогиясы
(1994, 1996), Б.Мұқайдың «Өмірзая» (1998), Ә.Нұрпейі
-
совтің «Соңғы парыз» (1999), С.Сматаевтың «Елім-ай»
(үшінші кітап. 2003), «Жарылғап батыр», Ұ.Доспанбе
-
товтің төрт кітаптан құралған «Қызыл жолбарыс» (2000),
«Абылайдың ақ туы» (2004, 2008), Х.Әдібаевтың «Оты
-
рар ойраны» (2001), К.Сегізбайдың «Беласқан» (2001),
С.Әбілқасымұлының «Оспан батыр» (2001), Т.Зәкенұ
-
лының «Көк бөрілердің көз жасы» (2003), Ж.Ахмади
-
дың «Есенгелді би» (2004), Қалмұқан Исабайдың «Шоң
би» (2005) сынды жаңа шығармалармен толықты. Жазу
-
шылардың аталған романдарында түркі халықтарының
44
ежелгі дәуірінен бастап, әр кезеңдегі тарихи оқиғалар
төңірегінде қазақ тарихының көркем суреттері жасалды.
«Шырғалаң» романында Шығыс Түркiстан республика
-
сының туу, қалыптасу, өсу, өшу дәуiрiнің көркем сурет
-
тері жасалса, Қ.Исабаевтың «Серт», «Шоң би» трилогия
-
сында жоңғарларды жеңуден бастап Ресейге бодан болуға
дейінгі аралықтағы ұлан-асыр материал қамтылған. «Да
-
рабоз» романында қазақ халқының Жоңғар басқыншы
-
ларына қарсы соғысы Ұлы Отан соғысы дәрежесінде
суреттелсе, «Жарылғап батырға» Абылай хан тұсындағы
оқиғалар негіз болған. Жазушы сол тұстағы Абылайдың
атақты сардарының бірі Жарылғап батыр мен тұтқын қыз
Шаған арасындағы қым-қиғаш оқиғалар арқылы қазақ
тарихының көркем суретін жасаса, «Дарабоз» ХVIII ға
-
сырда Жетісу өңіріндегі Жоңғар шапқыншылығы кезін
-
дегі қанды оқиғаларды баян етеді. Мұнда қазақ халқын
«Елім-айлап» зарлатқан Ақтабан шұбырынды трагедия
-
сын Ескелдi би төңірегінде өрбітуде тарихи құжаттар мен
ел аузындағы сан қилы аңыз-әңгімелерге сүйенген. Қазақ
тарихы жөніндегі шығармалардың ішінен Қазақстанның
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың назарына іліккен
Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығын алды. Тәуелсіз қазақ елінің талап-тілегінен
туындаған тарихи романдар осылайша көпшілік оқыр
-
манның ыстық ықыласына бөленді.
Егемен елдің тәуелсіздігі мызғымай, көк байрағы желбі
-
реп тұруын мақсат еткен шығармалар ішінен «Өмірзая»
романы тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасының негізгі
табыстары қатарынан саналады. Кешегі тарихымызға тіл
бітірген жазушы бүгінгі егемен елдің оқырманына қара
-
та ой қозғаса, Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романында
ел, жер тағдырын көтерді. Шалғайда жатқан балықшылар
ауылына күллі әлемді сыйғызған жазушы ұлттық қана
емес, әлемдік мәселелерді көтерді.
45
Ұ.Доспанбетовтің «Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ
туы» атты төрт кітаптан тұратын роман-эпопеясына Қа
-
ратау мен Іле, Сырдария, Шу, Қаратал өзендерінің бойын
-
да осыдан үш ғасыр бұрын өткен, «Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама» деген атпен сақталған қазақ-қалмақ қақ
-
тығыстары көркем суреттелген. Жазушы елі мен жерін
сыртқы жаудан қорғаудағы қазақ халқының тәуелсіздік
жолындағы күресінен адам, халық, ел, ұлт, мемлекет дер
-
бестігі туралы ой ұсынады.
«Отырар ойранында» сегіз ғасыр өмір сүріп, ақыры
күл төбеге айналған қала трагедиясы зұлмат күштердің
адам баласымен бірге жасап келе жатқандығы мәңгі то
-
ластамаған айқасымен суреттелсе, «Оспан батырда» Шы
-
ғыс Түркістандағы халық көтерілісінің басшысы Оспан
батырдың күрескерлік тұлғасы өзін қоршаған ортамен
бірлікте қаралған.
Бұл жылдары жазылған романдардың тағы бір тобына
ХХ ғасырдағы қазақ тарихының көркем суреттері негіз
болды. Бұл қатарда К.Ахметбековтың «Қасiрет» романы
(1991), С.Елубайдың «Мінажат» (1993), А.Мекебаевтың
«Қазына сыры» (1994), Ж.Шаштайұлының «Бiздiң заман
-
ның Аязбиi» (1997), О.Сәрсенбаевтың «Шеңбер» (1998),
Ә.Таразидің «Жаза» (1998) «Қанмайдан», «Шер», І.Есен
-
берлиннің «Мұхиттан өткен қайық» (2001), К.Қазыбаев
«Сұрапыл» (1995), Б.Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпия
-
сы» (1992), Т.Әлпейісовтің «Жоңғардың соңғы қашқыны»
(1997), М.Қожахметованың «Жантәсілім» (2001), К.Сегіз
-
баевтың «Беласқан» (2001), Ғ.Құлахметовтің «Үйірі жоқ
көкжал» (2001), Т.Рыскелдиевтің «Ұлы көш» (2001),
Т.Әлжантегінің «Қым-қиғаш тіршілік» (2001), Ө.Кәріпұ
-
лының «Тайталас» (2001), Т.Қосуақтың «Әйел айтқан
хикая» (2001), Д.Батырдың «Ақ барыс» (2001), С.Әбіл
-
қасымұлының «Оспан батыр» (2001), Ж.Самитұлының
«Қаһарлы Алтай» (2004) романдары. Қ.Жиенбаевтың
«Даңқ түрмесінің тұтқыны» (2002), Ж.Шаштайұлының
46
«Жаңғырық» (2004), Р.Тоқтаровтың «Бақытты құлдық
-
тың ақыры» (2005), С.Досановтың «Қылбұрау» (2003),
«Ұйық» (2005), Н.Дәутаевтың «Құдірет пен қасірет»,
Т.Тілеухановтың «37 жылдың балалары» (), С.Елубайдың
«Ақбоз үй» (2005), Қ.Түменбаевтың «Берекет көрмеген
бейбақтар», Т.Нұрмағамбетовтің «Мешкей» (2006), т.б.
романдарын атауға болады. Аталған романдардың бір
-
сыпырасына ХХ ғасырдың көркем суреттері, енді біріне
қазіргі заман оқиғасы арқау болған. Оларда өткен ғасыр
-
да қазақ халқының басынан өткен аумалы-төкпелі тарихи
оқиғалар, дәлірек айтсақ, Қазан төңкерісі, жаппай колхоз
-
дастыру, тәркілеу, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы, тың
және тыңайған жерлерді игеру, адам және табиғат эколо
-
гиясы, Желтоқсан оқиғалары тәрізді кеңестік дәуір шын
-
дығы көркем бейнеленді. Осылайша қазақ романы жаңа
мазмұн, жаңа сипаттағы тарихи және көркем шығарма
-
лармен толықты.
Әр алуан тақырыпты көтерген жазушылар ел өмірін
-
дегі негізгі мәселелердің бәрін де қамтуға тырысты. Қа
-
зақ халқының өзіне ғана тән бауырмалдық, туысқандық,
қонақжайлық сынды ұлттық қасиеттерінен айырыла
бастауын ұлт қасіреті етіп көрсеткен шығарманың бірі –
К.Ахметбековтың «Қасiрет» романы (1991). Өткен ғасыр
-
да қала тұрғындары безбүйрек болып көрінетін, ал қазіргі
таңда ауыл қазақтарының өзі туысқан мен бауырға қайы
-
рымы жоқ қайырымсыз болып бара жатқаны ащы болса
да шындық. Жазушы қазаққа жат мінез-құлықтардың
қайдан, қалай пайда бола бастағандығына, оның жұқпа
-
лы дерттей қаулап өсіп бара жатқандығына күйініп қана
қоймайды, оған шипа іздейді.
Б.Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпиясы» атты роман-
естелігінде (1992) ұзақ жылдар мемлекеттік қызметтер
атқарған автор күллі КСРО-да болып жатқан ірілі-ұсақты
оқиғаларды Мәскеудегі ЦК-ның қалт жібермей қадағалап
47
отырғандығын кеңестік дәуірдің ешкім біле бермейтін
құпия сырларымен сөйлеткен болатын.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқы үшін қасі
-
ретке толы болғаны тарихтан белгілі. Қазақ жерін тұтас
жалмаған ашаршылықтан кейін келген отыз жетiнiң қыр
-
ғыны онсыз да есеңгіреп қалған елді тұралатып тастады.
Ә.Сараевтың «Еділ-Жайық» шығармасында ХХ ғасыр ба
-
сындағы ұлт мүддесін жоғары қойған алаш азаматтары
-
ның елі мен жеріне сіңірген еңбегі Халел Досмұхамбетов
бейнесі арқылы дәріптесе, С.Елубай «Мінажат» (1993)
атты романында кеңестік дәуірде («Ақ боз үй») айта ал
-
маған шындықты толықтыра түсті. Жеке басқа табынудан
болған трагедияның басты себептері мен алғы шарттарын
ашып көрсетуге ден қоя отырып, кешегі қасіретке толы
жылдарға жан бітірді. Романның негізгі жетістігі – кезін
-
де тиым салынған тақырыпқа тереңдеп бару арқылы ел
өмірінің қатпарлы да қайғылы тарихын тірілтуі.
Осы тақырыпты толықтыратын шығарманың бірі –
А.Мекебаевтың «Қазына сыры» романы (1994). Отар
-
шылдықтың салдарынан жасалған жаппай ашаршылық
-
ты негіз еткен роман қазақ халқының қасіретті тарихынан
сыр шертті.
Бүгінде тарих қойнауына енген, кешегі кеңестік дәуір
шындығын арқау еткен шығарманың бірі – Жайық Бектұ
-
ровтың «Таңба» романы (1997). Ленинзм заңдылықтары
-
мен бірге тұтас қаралған Сталин культi қазақ халқының
басына қаншалықты қайғы-қасірет алып келгенін осы
тәрізді шығармалардан байқауға негіз бар. Себебі мұнда
фантазиядан шындық басым. Автор өзі куә болған, тіке
-
лей араласқан өмір шындығын көркем шындыққа айнал
-
дырған.
Кеңестік дәуірдегі өмірдің қайшылықты жақтарын сын
-
ға алған шығарманың бірі – Ж.Шаштайұлының «Бiздiң
заманның Аязбиi» романы (1997). Төңіректе болып жат
-
қан жайттарды көрсе де көрмеген болатын басшылық
-
48
тың отаршылдық саясатты ұстанғанын әлеуметтік-саяси
кемшіліктермен көрсеткен жазушы ХХ ғасыр қасіретіне
айналған кемшіліктердің бетін ашып, бір халықтың қасі
-
ретін арқалаған басшыларды әшкерелейді.
Өткен ғасырдағы ел өмірінің көркем бейнесін жасаған
шығарманың бірі – О.Сәрсенбаевтың «Шеңбер» (1998)
романы. Жазушы бұл романында кеңестік дәуірдің күн
-
гейіне емес, көлеңкелі жақтарына үңілді. «Бір аяғымыз
социализмде, бір аяғымыз коммунизмде тұр» деп халық
-
ты өз саясатына имандай сендірген кеңестік идеология
-
ның астарына үңіле білген жазушы сол коммунизмге не
себепті жете алмай, аяғымыз көктен келгендігін түсінді
-
руге ден қойған. Тәуелсіз Қазақстанның ХХІ ғасырдағы
шипасы жоқ дертіне айналған қасіреттің бірі – сыбайлас
жемқорлық болса, сол жемқорлықтың бүгіннен бастау
алмағанына назар аудару арқылы оның кеңестік дәуірдің
түбіне жеткендігін көрсеткен. Бүгінгідей бай мен кедейі
жоқ заманда, яғни елдің бәрі коммунистік идеологияға
бағынған тұста да ел тұрмысының біркелкі болмағанын
Аппақов пен Жаһилов өмірінен көруге негіз бар. Ақиқат
үшін күрескен Аппақовтың қызметтен айрылып, қуғын
көруі, Шерәлі Дүйсенбаевтың аяқ астынан қаза табуы,
тосын қазаның себебі анықталмай сиыр құйымшақтанып
кетуі – бәрі де республикаға сөзі өтімді Жаһиловтан кел
-
гені мәлім. Алайда бүкіл елді соқыр сенімге сендірген
соқыр қоғамда болып жатқан осындай кездейсоқ оқиға
-
лардың барлығы жинақтала келіп, қоғамның жазылмай
-
тын дертін көрсетсе, тәуелсіздік тұсында болып жатқан
осындай өлімдердің де артында республиканы емес,
әлемді бағындырған миллионерлердің тұрғандығын еске
салады. Жазушының кеңестік дәуірдегі жемқорлықты сөз
ету арқылы бүгінгі белең алған сыбайлас жемқорлыққа
шипа іздегені анық.
Ал Т.Әлжантегінің «Қым қиғаш тіршілігі», Ғ.Құлахме
-
товтің «Үйірі жоқ көкжал», Т.Нұрмағамбетовтің «Меш
-
49
кей» романдары бүгінгі күннің оқиғаларын арқау етуімен
ерекшеленеді. Адамдар арасындағы бітбейтін тартыстар
-
дан қазіргі арамызда жүрген әр түрлі пиғылдағы заман
-
дастарды тануға негіз бар.
Тәуелсіздік жылдары қазақ романы жаңа мазмұнмен
толыға түсті. Олардың қатарынан кешегі ауған соғысы да
орын алды. Ә.Таразидің «Жаза» романы (1998) ауған со
-
ғысы туралы жаңаша ой қозғайтын туынды. КСРО құра
-
мындағы барлық республика өкілдерінің ауған соғысына
бір кісінің баласындай қатысқанын білеміз. Ал, соғыстан
қайтпаған талай боздақтардың қаны не үшін, кім үшін
төгілгеніне бүгінде жауап беру қиын. Жазушы мақсатсыз
соғыстың жеңісі де, жеңілісі де мақсатсыз болатындығын
түсіндіруге тырысқан. Сондықтан да өмір мен өлім тура
-
лы үлкен философиялық ой қозғаған жазушының аталған
романы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Сонымен бірге ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі айту
-
лы Желтоқсан оқиғасы жөніндегі эпикалық шығармалар
дүниеге келді. Олардың қатарында Т.Сәукетаевтың «Ай
қараңғысы» (1998), «Желқайық» (2011), Н.Қуантайұлы
-
ның «Қараөзек» (2002), Міршайырдың «» романдарын
атауға болады. Аталған романдарда 1986 жылғы Жел
-
тоқсан оқиғасының қазақ халқына алып келген қасіреті
жекелеген кейіпкерлер өмірімен шынайы бейнеленді.
Саяси айыпты болып табылған қуғын-сүргін құрбанда
-
рының кеңес түрмелерінде өткен күндері тың деректер
-
мен оқырманын өзіне баурады. Аталған романдардың
барлығы да тәуелсіздік үшін күрескен қазақ жастарының
азаттық жолындағы арпалысы ретінде танылды. Желтоқ
-
сан оқиғасының аяқ астынан өршіп кетуі, алаңғы шыққан
жастарды қыспаққа алу, оларға жүргізілген сұрақ-жауап
процестері, қуғын-сүргін құрбандарының тағдырдың
тауқыметі ұшырап қиын-қыстау күн кешуі, түрмеге түс
-
кен жастардың мезгілсіз қыршынынан қиылуы – барлығы
да сол тұстағы ел өміріндегі шындық. Бұл романдардың
50
негізгі жетістігі – жетпіс жылдан аса өмір сүрген Комму
-
нистік партияның халыққа жасаған қиянатын, яғни өмір
шындығын көркем шындыққа айналдыруы.
Бұл жылдары жазылған шығармалардың бірсыпырасы
өмірде болған тарихи тұлғалардың көркем бейнесін жаса
-
ған тарихи-ғұмырнамалық романдар. Жекелеген қайрат
-
керлердің өмірі арқылы сол тұстағы қоғам өмірінен хабар
берген шығармалар қатарында Ш.Мұртазаның «Қызыл
жебе» (1978-1994), Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы»
(1999), Ж.Молдағалиевтің «Алғашқы қоңырау» (2005),
Ә.Таразидың «Мұстафа Шоқай» (2008) романын атауға
болады. «Қызыл жебе» «Революцияның Қызыл Жебесі»
Т.Рысқұлов бейнесін қазақ әдебиетіне алып келген тари
-
хи-ғұмырнамалық роман болса, «Алғашқы қоңырау» Шо
-
қан Уәлихановтың өмірі мен еңбегіне арналған. Р.Тоқта
-
ровтың бес кітаптан тұратын роман-хамсасы М.Әуезовтің
«Абай жолы» роман-эпопеясынан кейін араға жарты
ғасырдай уақыт салып жазылған көлемді дүние. Ә.Та
-
разидың «Мұстафа Шоқай» романы түркі әлемін тұтас
-
тандыру жолында орыс отаршылдарымен күресіп өткен
М.Шоқайдың өмірінен хабар береді. Романның бірінші
кітабы Мұстафаның азамат болып қалыптасу жолдарын
баян етеді. Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе» романындағы
бала Тұрардың әкесімен бірге Верный түрмесінде оты
-
рып, қоғам, өмір туралы ой түйетіні секілді бұл кітапта
да бозбала Мұстафаның өзін қоршаған ортадағы әр алуан
оқиғаларға араласа жүріп, азамат ретінде қалыптаса бас
-
тағанына куә боламыз.
Тарихи тұлғалар тәрізді өнер адамдары туралы О.Сәр
-
сенбаевтың «Шамшырақ» романы (1990) Нартуған ақын
-
ның, И.Жақановтың «Ықылас» романы (1990) Ықылас
Дүкенұлының, З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-
эссесі (1997), Д.Досжанның «Алыптың азабы» (1997),
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» (1999) романдары
Мұхтар Әуезовтің, Н.Әбуталиевтiң «Наркескен» романы
51
(1989) Исатай мен Махамбеттің бейнесін сомдаған туын
-
дылар.
Тәуелсіздік тұсында мәңгілік тақырыптың бірі бо
-
лып саналатын әйел тағдыры, махаббат мәселесі де жа
-
зушылар назарынан тыс қалған жоқ. Бұл қатарды қазақ
әдебиетін әйел-ана, махаббат тақырыбымен байытқан
Б.Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр» (1993),
Қ.Қамбаровтың «Махаббат тұрағы (1994), «Екi арудың
махаббаты» (2002), Ш.Елеукеновтің «Әттең, дүние»
(2001), Ә.Ыдырысовтың «Таңшолпан» (2000-2004),
Ш.Құмарованың «Сезім патшалығы» (2003) романда
-
ры толықтырды. Жазушылар аталған туындыларымен
әйел-ана бейнесін жан-жақты ашуға тырысты. Олар әр
-
түрлі уақыт, әртүрлі ортадағы әйелдер бейнесін сомдау
-
ға арналған шығармаларда махаббаттың сан-сауалына
жауап іздеді. Бұл тақырыпты әр жазушы әр қырынан аша
отырып, бір мәселені әртүрлі шеше білді. Махаббат атты
ұлы сезімді көркем бейнелеуде қазақ жазушылары психо
-
логизмді шебер игеріп, адам бойындағы ұлы сезімдерді
әдемі иірімдермен ашуға ден қойды.
Кеңестік дәуір тұсында жазылған С.Сейфуллин, С.Мұ
-
қанов, Ғ.Мұстафин, С.Көбеевтердің мемуарлық роман
-
дарының қатарын Қ.Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние»
(1999), М.Мағауинның «Мен», Ә.Нұршайықовтың «Мен
және менің замандастарым», Х.Әдібаевтың «Өмір да
-
рия», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» (2000), Қ.Ысқақ
-
тың «Келмес күндер елесі» толықтырды. Аталған ро
-
мандар авторлардың өзі куә болған оқиғалар негізінде
жазылғандықтан олардың барлығы да ХХ ғасырдағы ел
өмірінен хабар береді. Алайда әр жазушы өзі куә болған
тарихи оқиғаларды әрқилы дамытқан. Қ.Жұмаділов ро
-
манында екі мемлекет арасындағы тарихи оқиғаны бір
кезде қазақ халқының басына түскен ауыр қайғы арқылы
кіндік кескен жерден үдере көшуімен көрсетсе, бүгінде
олардың туған жерге жаппай көшіп келіп жатуы туған
52
жерге деген сүйіспеншілігін ашуға қызмет етеді. Отан
-
ның оттан да ыстық екендігі сыртта жүрген ағайындар
-
дың тіршілігімен нанымды бейнелеген. Ал, Ш.Мұртаза
романының бас кейіпкері Барсханның өмірі ХХ ғасыр
-
дың бірініші жартысындағы ел өміріндегі аумалы-төкпелі
жағдайдан хабар береді. Барсхан мен анасы Айшаның
«халық жауының» отбасы ретінде тағдырдың тауқыметін
тартуы кешегі мыңдаған жандарың типтік бейнесі екені
рас. Ә.Нұршайықовтың романы аты айтып тұрғандай
өзінің төңірегіндегі замандастары арқылы сол тұстағы
қоғам өмірінен хабар берсе, М.Мағауин шығармасында
-
ғы ғылыми жұмысына қатысты деректер кеңестік дәуір
тұсында қазақтың тарихын тереңірек зерттеуге, білуге
тиым салынғандығын «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлай
-
ды» жинақтары мен «Көк мұнар» шығармасына жасалған
қиянаттар растайды.
Қ.Қамбарұлының «Әзірет Сұлтан» (2000) атты шығар
-
масында мемуарлық сипат басым. Сондықтан кеңестік
дәуір мен нарық заманын ерлi-зайыптылардың тірлік
болмысымен қамтыған шығарманы мемуарлық романдар
қатарына қосуға болады.
Жоғарыда аталған шығармалар және мифке құрылған
А.Алтайдың «Алтай новелласы» (2001) мен Д.Өтековтің
«Мон-Тандр құпиясы» (1997), Ж.Сахиевтің «Марстан
шыққан жаңғырық» (2002), «Қимайтын әлем» (2003),
«Шолпанға көшкен ауыл» (2004) атты фантастикалық
туындылары тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романын
мазмұны мен түрі жағынан байытты. Осылайша қазақ
жазушылары тәуелсіздік тұсында роман жанрын жаңа бе
-
леске көтерді.
Елбасы: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі
ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қа
-
зақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Қа
-
зақ халқының тарихына көз жіберсек, сан ғасырдан бері
53
ата-бабаларымыз біз бүгіндері айтып отырған мәңгілік
ел үшін күрескеніне көзіміз жетеді. Халықтығымызды
сақтап қалу мақсатында қаншама хандар мен билер,
шешендер мен көсемдер, батырлар мен бағландардың
өмірден баз кешкені белгілі. Тіліміз, діліміз, ұлттық әдет-
ғұрып, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтау арқы
-
лы ғана Мәңгілік ел болатындығымызды ұмытпауымыз
керек. Еліміздің мәңгілік болуы жолында мәдениетпен
бірге әдебиеттің басты қызмет атқаратыны айтапаса да
түсінікті. Осы тұрғыдан қарағанда «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясы өткенімізді құрметтеп, болашағымызды баянды
етуге бастаса, осы жолға қазақ жазушылары да өз үлес
-
терін қосуда.
Қазіргі таңда ақын-жазушылардың тарих қойнауына
үңіліп, бұған дейін айтылмаған, жазылмаған халықтың
сан ғасырлық тарихының көркем шежіресін жасауы –
соның жарқын мысалы. Соның нәтижесінде қазіргі қазақ
әдебиеті бүгінгі тәуелсіздігіміз үшін күрескен хандар мен
батырлардың, билер мен шешендердің, ақындар мен қо
-
ғам-қайраткерлерінің көркем бейнесімен толықты. Сон
-
дықтан көркем әдебиетте жас ұрпақтың ұлттық санасын
оятатын тарихи роман, мемуарлық роман (Х.Әдібаев
«Өмірдария»), новеллалық роман (Ш.Мұртаза «Ай мен
Айша»), роман-эссе (Е.Әкімқұловтың «Қалдаяқов – ән
патшасы»), шырғалаң роман (С.Сматаев «Біз – құлмыз
ба, кімбіз»), публицистикалық роман (Қ.Жиенбай «Жер
үстінде жұмақ бар»), деректі хикаяттар (В.Михаилов
«Ұлы жұттың шежіресі») легі көбейді.
Қазіргі әдебиеттің мазмұны жаңа оқиғалармен толық
-
ты. Жазушыларымыз монғол шапқыншылығы, жоңғар
-
лармен кескілескен ұрыс, отаршылдық зардаптары, азат
-
тық үшін күрес, ХХ ғасырдың басындағы Қазан төңкерісі,
Қазақстандағы «Кіші Октябрь», тәркілеу мен жаппай
колхоздастырудың салдарынан қандастарымыздың елден
үдере көшуі, қызылдар қырғыны, жаппай ашаршылық,
54
сталиндік репрессия, коммунистік тоталитаризм, Ұлы
Отан соғысы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылда
-
ғы ауыр тұрмыс, шаруашылықты қалпына келтіру, «Тың
және тыңайған жерлерді игеру», 1986 жылғы Желтоқсан
қозғалысы, ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы ел
экономикасының тығырыққа тірелуі, қазіргі өзіміз өмір
сүріп отырған қоғам шындығы, сырттағы қандастары
-
мыздың тағдыры тәрізді қазақ халқының өмірінен үлкен
орын алатын тарихи оқиғаларға жан бітіру арқылы өт
-
кеніміз бен бүгінімізді түгендеуге бет бұрды.
Осындай айтулы оқиғалардың нәтижесінде қазіргі әде
-
биетте ұлт көсемдерінің жарқын бейнесі сомдалды. Олар
-
дың қатарында Тоныкөк, Мөде хан, Шыңғыс хан, Бейба
-
рыс сұлтан, Есім хан, Абылай хан, Кенесары хан, Сырым
батыр, Шу батыр, Қабанбай батыр, Шақантай батыр,
Жарылғап батыр, Бердіқожа батыр, Оспан батыр, Мама
батыр, Балуан шолақ, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов
есімдерін атауға негіз бар.
Ұлттық әдебиетте сан ғасырлық тарихы бар қазақ хал
-
қының тарихынан үлкен орын алатын Тұмар ханымнан
бастап, Домалақ ана, Мөде ханның ақылды жары, Бөрте,
Бопай, Күнімжан ханымдар мен Бәкей қыз, тәрізді қазақ
-
тың дана аруларының көркем галареясы жасалды.
З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», И.Жақановтың
«Ықылас», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Н.Ә
-
буталиевтiң «Наркескен», Д.Досжанның «Алыптың
азабы», «Абайдың рухы», Е.Әкімқұловтың «Қалдаяқов
– ән патшасы», Т.Мәмесейіттің «Таңжарық», Т.Әсемқұ
-
лов «Біржан сал», Е.Төлеутайдың «Жүсіпбек Елебеков»,
М.Сәрсекеевтің «Ермұхан Бекмаханов», «Қаныш Сәт
-
баев», «Евней Бөкетов» тәрізді деректі романдарына
әртүрлі өнер иелерінің қилы тағдырлары арқау болды.
Бұлар – жазушылардың тәуелсіздік тұсындағы өнер және
өнер адамдарының бейнесін сомдаудағы көркемдік-із
-
деністерін байқататын туындылар.
|