Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Дүние-ай, қырғызда өлген достарының,
Бастарын ілді Қоқан базарына!
Басы емес тек Кененің, қанша бастар


26
Тәлкек боп, түсті жаудың табанына
[34-б.], 
– деп жоқтайды. 
Поэманың негізгі лейтмотиві – «Дәл бүгін Кенесары 
көтеріп тұр Қазақтың намысы мен ар-иманын!» деген 
жолдарға сыйып тұр. Кенесары көтерілісі арқылы «мың 
өліп, мың тірілген» қазақтың кешегі тарихының бір қы
-
рынан хабар берген ақын батыр өлімінің көпшілік біле 
бірмейтін сырларына қанықтырған. Хан Кененің қоқан
-
нан азат еткен ұлы жүздің батырлары өзіне сатқындық 
жасайтынын білмей, қапыда қолға түсуі – «қазақтың 
жауы – қазақ» екендігін еске салады. Поэмада ерлік пен 
ездік, батырлық пен ездік, патриоттық пен сатқындық
тәрізді бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар параллел сурет
-
теліп, олардың өмірдегі, тарихтағы орны ашыла түскен. 
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэмаларының бірсыпы
-
расына астананың Сарыарқаға көшірілуі, сол тұстағы 
Елбасының көрегендігі, бүгінгі Астананың келбеті, ұлы 
көштің нұрлы көшке ұласуы тәрізді тарихи оқиғалар 
негіз болған. Н.Айтұлы «Бәйтерек», Ш.Сариев «Елбасы 
сыйлаған барыс», Т.Әбдiрахманқызы «Елтұтқа», К.Ах
-
метова «Теңдiк үшiн мұхитқа қайық салдық», М.Райым
-
бек «Көшбасшы» поэмаларында егемен елдің азаттығын, 
Қазақстанның елордасына айналған Астанасын, бүгінгі 
көркейген қазақ елін жырға қосты. Шаттық сезімге құ
-
рылған мұндай шығармаларда көтеріңкі леп басым. 
Н.Айтұлы қаламынан туған «Бәйтерек» – еліміз еге
-
мендік алғаннан кейін, тәуелсіздіктің алғашқы жеңіс
-
теріне куә болғаннан туған лирикалық поэма. Поэманың 
негізгі идеясы – тәуелсіздікті насихаттау. Астана қаласы
-
нан бой көтерген тәуелсіздік монументі Бәйтеректі Елба
-
сының өр тұлғасына балаған ақын бүгінгі азаттығымыз
-
дың оңайлықпен келмегендігін өткен тарихтан сыр тарта 
отырып бейнелеген. 
Поэманың эпилогында «Түсімде Тәуелсіздік Пади
-
шасы, Ақ қағаз, алтын қалам берді маған!» дейді ақын. 
Міне, осыдан кейін қазақ елінің бостандығы, тәуелсіздігі 
туралы жазуға бел буады. «Дүниенің кеңдігінен не пайда, 


27
аяқкиімің тар болса» деген мақалды ақын «Не пайда дү
-
ниенің кеңдігінен, Болмаса бостандығы бір басыңның» 
деп түрлендіре пайдалану арқылы тәуелсіздіктің құнын 
арттыра түскен. Сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздігіміз жо
-
лында қаншама бабаларымыздың шаһид болғанын тілге 
тиек ете отырып, «Армысың, Азаттығым, қыран қанат, 
Қалықтап қайта қонған тұғырына» дейді. Азаттық жо
-
лында аласұрған арыстардың шарқ ұрғанын еске салған 
автор «Шынжырда шырайналып тұрса-дағы, Ит қана 
семіреді тойғанына» деп, елі мен жерін ойлаған ерлер 
мен қарынның қамынан аспаған ездерді параллел сурет
-
тейді. 
Кең ашып берекеге есігіңді,
Түзетіп, тербете біл бесігіңді.
Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа,
Құдайдан тілеп едің осы күнді!
[341-б.], 
– деп Томирис, Еділ патша, Елтеріс хандар аңсаған азат
-
тыққа, Асанқайғы жете алмаған жерұйыққа қазіргі қазақ 
елі жетіп отырғанын, Тәуелсіз Президенттің таққа мін
-
генін шаттана жырлайды. «Әлек боп ел басқару әркім
-
ге оңай, Халыққа Көсем болу патшаға-сын!» екенін айта 
келіп, көк тулы Қазақстанның жер шарына танылуын 
Н.Назарбаев есімімен байланыстыра бейнелейді. «Ба
-
лапаны кеш түлеген» қырандай Елбасының шарқ ұрып 
дамыл таппауын Қазақтың қолтығынан кім сүйейтіні не
-
ғайбыл шақта, тобықтан қағып түсіретін дұшпандардың 
кездеспеуімен ұштастырған. 
Ата-баба қанымен келген тәуелсіздігіміздің баянды бо
-
луын тек экономикалық емес, әлеуметтік, рухани байлы
-
ғымен байланыстыра суреттеуі шындыққа жақын: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет