Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
treatise38911

«Сиқыр ақша» алдымен сананы алды,
Қалың ел бай-кедей боп дараланды.
Қоғамды кезіп жүрген бір қателік
Мендегі тәтті ұйқыны тонап алды
[76-б.],


39
– дейтін лирикалық кейіпкер анасынан естіген ертегісін 
бүгінгі замандастарына ой салу мақсатында пайдалан
-
ған. Бай мен кедей болып ара жігі бөліне бастаған мы
-
нау қоғамда замандастарымыздың ар-абыройдан дүниені 
жоғары қоятындығын күнделікті өмірден көріп жүрміз. 
Бай болуды арман еткен адамдардың сұрап алған ауру
-
дан жазыла алмай қор болып жатқанын көрген ол қазақ 
біткеннің санасы бұзылуынан қорқады. Сондықтан да 
елді сабырға, қанағатқа шақырады. Алтын мен күмістің 
сапалық, емдік қасиеттерін саралай келіп, «Алтын көрсе 
періште жолдан таятындығына» назар аударады. 
Ағайынды екі жігіт атадан қалған балық аулау кәсібі
-
мен жан бағып жүреді. Күндердің күнінде інісі «Алтын
-
ның түсі қызғылт болады» деуші ед, Қызғылт сағым су 
түбінен шығады екен» деп осы судың бастауында алтын 
болу керек дейді. Олар неше күн жүріп, судың бастауы
-
на барса, шынында да судың астында қып-қызыл болып 
алтын жатады. Ағалы-інілі екеуі мол алтынды олжалап, 
үйлеріне қайтып келе жатқанда ағасына арам ой келіп, 
алтын үшін бірге туған бауырын өлтіреді. Оны ақын бы
-
лай бейнелейді: 
Айыбы азғындықтың ата күнә, 
Жұтым суды – атау кере атады да.
Тапқанын таңдайына бір татпай-ақ
Аттанды іні киелі өлім сапарына...
Қап-қап алтын – пұлының санын күптеп,
Ырысым, ырыздығым, таңым құт деп,
Бір-ақ сәтте бай болып шыға келді,
Құрсақтас жалғызының қанын жүктеп
[78-б.].
«Алтын көрсе, періште жолдан таятындығын» аға
-
сының осы опасыздығымен нанымды суреттеген ақын 
ендігі жерде сұрап алған ауруға ем болмайтындығына на
-
зар аударады. Мыңғырған малын бала-шағасы түгіл, өзі
-
нен қызғанатын ол тіпті өзгелермен көрші отыруға қор
-
қып, айдалада бір өзі мекен етеді. Дүниеқұмар ашкөздің 
сол тіршілігі:


40
Қағатсыз қу жаны тына алмады,
Дүние шырмауынан шыға алмады.
Сайтани бір сағымды қуамын деп,
Иманын жоғалтқанын біле алмады
[78-б.], – деген 
жолдарда нақтырақ көрініс тапқан. Қазақта «Батыр – бір 
оқтық, мал – бір жұттық» деген мақал бар. Осы мақал
-
дың тегін айтылмағандығын дүниенің соңына түскен аш
-
көздің бір жұттан аман қалмағаны растайды: 
Ақ боран алай-түлей, санаулы шақ,
Астан-кестен етті де, бар әнді сап.
Бай ауылын бір сәтте басып қалды,
Табиғат қателеспейді адам құсап
[79-б.]. 
Қаһарына мінген қыстан мал-жанын аман алып қала 
алмаған оған жиған алтынынан көк тиын пайда болған 
жоқ. Қызғанғаны қызыл итке бұйырып, малшылардың 
еңбекақысын жеп, елдің қарғысына ұшыраған байдың 
бұл өлімін «Қиын дейді қарғысы адамдардың, Жарату
-
шы құдайдың қарғысынан» деген ой толықтыра түседі. 
Ақша мен дүниенің қалай келсе, солай кететінін жадында 
ұстаған ақын адал еңбекпен мал табуға мегзейді. Тас асы
-
лы алтынды Алла тағала пенделерін сынау үшін жібер
-
генін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. «Кедей бай, бай 
Құдай болсам» деген бүгінгі мынау қоғамда өмір сүріп 
жатқан замандастарына алтын мен күмістің ара салма
-
ғын түсіндіруді көздеген ақын алдына қойған мақсатына 
жеткен. 
Періштені «жолынан» тайдырам деп,
Алтын деген қан тілеп тұрады екен...
Алтынның буына мас болған кезде
Ашқарақ көз түк көрмей кетеді екен...
Қарапайым, елеусіз көрінетін
Күмісте қасиет бар ардақтаған....
Құдай өзі күміске қуат беріп,
Ал алтынды жіберген сынақ үшін..


41
Алтында еліктеу, елірту бар,
Күміс – ақыл, сабырды шақырады...
Алтын адам пейілін тарылтады,
Күміс сырқат дертіңнен жазылтады.
.. 
[9-б.], – деген жолдар алтын мен күмістің ара салмағын 
танытуда үлкен рөл атқарып тұрғаны белгілі. Қазақ ба
-
тырлардың ат әбзелдері мен белдіктерін, соғыс қаруын 
шайқаста сабыр, салмақ берер деген оймен күміспен қап
-
тайды екен. Сабырлылық, салмақтылықпен бірге адам
-
ның денсаулығына пайдалы күмісті атамыз қазақ ерекше 
құрметтеген. Қазан-табақтың арасында жүретін әйелдер 
қолдарына міндетті түрде күміс жүзік салатын болған. 
Оны поэмадағы: «Күміс жүзік салмаған әйел қолы, «Таза 
емес» – деп кетеді асын ішпей», – деген жолдар растай
-
ды. Ақын күмістелген ыдыстан ішкен судың асқазанды 
тазалайтындығын, неке жүзігін күмістен салғанда не
-
кенің тұрақты болатындығын, неке суын күміс ыдыстан 
не болмаса суға күміс салып ішкізетіндігін, ажырасудың 
алтын таға бастаған соң көбейгендігін айта келіп, мына
-
дай түйін жасайды: 
Ей, адам!
Салмағың алтыныңды баса ала ма,
Ақылың дәулетіңнен аса ала ма?!
Байлықтың тұман-буын жеңе алмасаң,
Алтынды, өзіңді де мазалама!
[9-б.]
Бүгінде дүниені ар мен иманнан жоғары қоятын за
-
мандастарымызға ой салатын поэманың тәрбиелік мәні 
өте үлкен. Адам қанын анықтауда дәрігерлердің неке 
жүзігін салатын аты жоқ саусақтан қан алатындығын 
мысал ретінде пайдаланған ақын «Саусақтағы алтынның 
мысқал буы, сезімді сергелдеңге түсіреді» дейді. Айтса 
айтқандай, «Мешітте күміс жүзік салынғанда, Жоқ еді 
ажырасу деген ұғым». Ақын біріншіден, ата-бабалары
-
мыздың салт-дәстүрін қайта жаңғыртуды, екіншіден, 
тек қазақ емес адамзат баласына ортақ асыл қасиеттерді 
насихаттап отыр. Бүгінде жастардың арасында ажырасу
-


42
дың көбеюінің себебін іздеген ақынның тұжырымдары 
дәлелсіз емес.
Қазіргі поэмадағы тағы бір шоғыр ақындардың өздері 
куә болған оқиғаларға жан бітіріп, қазіргі қоғам мен за
-
мандастарымыздың жарқын бейнесін жасауы. Ә.Сма
-
йыловтың «Баспана туралы баллада», «Жан дауысы», 
«Менің меккем» поэмаларына қазіргі замандастар бей
-
несі негіз болған. Ә.Смайылов «Менің меккем» атты бал
-
ладасында туған жерін меккеге балайды: 
Жөргектегім-беймәлім, еңбектедім,
Және ақиқат-сан құлап жерді өпкенім.
Мен Меккенің өзінде туыппын ғой,
Туырлықты ауылды көрмеп пе едің?
[112-б.]. 
Әрбір адамның өз туған жерін сыйлауға, құрметтеуге 
шақыратын мұндай шығармалар тәуелсіздік тұсындағы 
жастарды отансүйгіштіккке тәрбиелеуде көп міндеттер 
атқарады. Мәселен «Баспана туралы баллада» поэмасын
-
да: 
Көшіп жүрмін...
Бабам да көшпелі еді,
Көк шалғында – ауылда өскен мені
Көңіл – дөнен ап келді астанаға,
Көп нәрсені бірақ ол ескермеді
, – дейді [92-б.]. 
Ақын поэмасында қазіргі заманның шындығын арқау 
еткен. Ол бұрынғы астана Алматыдағы пәтер мәселесін 
көтере отырып, халықтың экономиклық жай-күйінен ха
-
бар берген. Сонымен бірге қазіргі таңдағы ел өміріндегі 
келеңсіз жайттарды ақын жасыра алмаған. «Жан дауы
-
сы» поэмасында қазіргі қарттар үйі мен балалар үйінің 
көбейіп кеткендігін тілге тиек ете отырып, адам баласын 
имандылыққа шақырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет