Гуманитарная  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ гуманитарная серия



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,45 Mb.
#6792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

0
Қазіргі сәтте әлеуметтік-экономикалық, рухани сфералардың, барлығының 
қызметінің бұзылуы мен дағдарысы айқын байқалуда. Әсіресе әлеуметтік 
инфрақұрылымының күйреу үрдістері алаңдатады. Денсаулық сақтау, білім 
беру, мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеу жүйелерінің қызметінің нашарлау, 
мәдени-ағарту  мекемелерінің  қысқаруы  қауіпті  межеге  келді.  Олардың 
жағдайын түземей ұлттың саулығы мен дамуын жолға қою мүмкін емес.
Шаруашылықтың  тоқырауы  жұмыссыздық  пен  қайыршылануды 
күшейтті. Мысалға, тек қана 1990-1994 жылдар аралығында жан басына 
шаққандағы жиынтық ұлтгық табыс 2600 АҚШ долларынан 614 долларға 
кеңіген. Демек, төрт жылда орта есеппен ксдейлену төрт есе өскен. Соңғы үш 
жылда халықтың қайыршылануы тежеле қойған жоқ. Тұтыныс заттарының 
құнының өсуіне халықтың ақшалай табысының өсуі артта қала берді. 1996 
жылы жан басының орташа ақшалай табысы 1989 жылғы 20-ақ процентіне 
тең болған. 1996 жылы жан басының нақты орташа табысы 1995 жылдағыдан 
11 проңентке кем екен. 1996 жылдың 1-ші шілдесінде Қазақстанның 6378 
кәсіпорыны мен ұйымдары қызметкерлеріне 37,6 миллиард теңге берешек 
болған.  Жұмыскерлер  жалақысын  төлеу  ел  бойынша  орта  есеппен  3  ай 
мерзімге кешіктірілген.
Елдің еңбекші әлеуметтік топтарының кедейленуі бұқаралық мамандық 
иелерініц  жаппай  жұмыссыздығымен  қабаттасты.  1989  жылы  халық 
шаруашылығында 6494 мың адам еңбек етсе, 1995 жылы 4469 мыңы ғана 
қалған. 6 жыл ішінде Республикада жұмысшылар мен қызметкерлер саны 
2 миллион адамға азайған. Мұнымен қоса басым көпшілік кәсіпорындар 
толық жұмыс күнінде қызмет етін отырған жоқ. Демек жартылай жұмыс 
істейтіндер де жүз мыңдап бар.
Өмірлік деңгейдің құлдырауы, жұмыссыздық пен әлеуметтік Вессимизм 
нәтижесінде  Қазақстан  тұрғындарының  алыс  және  жақын  шет  елге 
миграциясы үдеді. 1991-1997 жылдар аралығында елден ресми деректер 
бойынша  1,5  миллион  адам  кеткен.  Соның  ішінде  600  мыңдай  алыс 
шетелге миграцияланған. Тек 1994 жылдың өзінде ғана Қазақстан 410 мың 
адамнан айырылған. Әлеуметтік-демографиялық ресурстардың осыншама 
шығынын Қазақстан 30-шы ашаршылық жылдарынан кейін қазіргі кезеңде 
басынан кешіріп отыр. Республика қыруар қаржы шығарып дайындаған 
ғалымдарынан,  дәрігерлерінен,  мұғалімдерінен,  инженер  кадрлерінен 
айырылып отыр. Олардың орнын толтыру, мемлекеттің интеллектуалдық 
қуатын қалпына келтіру оңай емес.
Республиканың  экономикалық  дағдарыстан  шықпауы  елдің 
интеллигенциясының  ахуалын  тым  нашарлатып  жіберді.  Зиялы  қауым 
жағдайы шықпа жаным шықпа қасы. Интеллигенцияиың бұқаралық мамандық 
иелері жағалай сауда, финанс пен коммерция сферасына ауысуда. Бұл үрдіс 
әлеуметтік  саладағы  ахуалды  одан  әрмен  шиеленістіруде.  Елдің  негізгі 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

әлеуметтік топтарының дағдарысқа ұшырауы жағдайында антиәлеуметтік 
топтардың белсенділігі байқалуда. Байлық пен билік біртіндеп қылмыскерлік, 
алыпсатарлық, мафиоздық топтарға ауысуда. Бүгінде қылмыскерлік топтар 
мен мемлекеттік шаруашылық аппаратының қауышуы нәтижесінде мафиозды 
мемлекеттік құрылым көрініс беруде. Бұл құбылыс егеменді мемлекеттің 
ірге тасын шайқалтатын қауіпті құбылыс. Мафиозданған, коррупцияланған 
билік болған ел ешуақытта өркениетті, демократиялық, құқықтық мемлекет 
құра алмайды. Тәртіп, әділет пен заңдылық болмаса егеменділіктің нығаюы 
қиын екендігін халық білмей отырған жоқ.
Қоғамның  «таза»,  «сау»  күштері  мемлекеттік  институттардың 
мафиоздалу  үрдістін  тоқтата  алмай  отыр.  Саяси  жүйесінің  өзіне  тән 
мемлекетпен  халық  мүдделерін  қорғау  функциясын  орындай  алмауы 
мемлекеттік  аппаратты  «зиянды»,  «кездейсоқ»  кадрлардан  тазарту 
шараларының  маңызын  арттыра  түседі.  Лауазым  иелерінің  ел  қамын 
ойламауы салдарынан Қазақстанның байлықтары арзан бағамен шет елдерге 
сатылуда. Шикізаттың, кәсіпорындардың құны адам күлерлік бағамен шет 
ел  бизнесмендеріне  берілуде.  Ел  байлықтарының  талан  -  таражға  түсуі 
толастамаса экономикалық тәуелсіздік болуы мүмкін емес. Шикізат және 
финанс ресурстарының ел экономикасын нығайтып, өркениетті нарықтық 
қатынастарды орнықтыру ісіне бағыттар, саясат қажет. Ондай саясаттың 
басты  міндеті  -  шаруашылық  пен  материалдық  байлықты  басқаруды 
ұлттық, қазақстандық патриотизм рухына берік, еліне адал қызмет істейтін 
азаматтардың  қолына  беру.  Әзірге  шаруашылық  билігі  ұлттық  рухани 
мұраттарды, қазақи ұлттық менталитетті қабылдамайтын маригиналданған 
бизнесмендер мен іскерлер қолында. Олардың идеолоғиясын уағыздайтын 
ғалымдар  тобы  мен  ақпарат  арналары  да  ықпалды.  Атқарушы  билікте 
де осы топтың позициясы нығайып келеді. Олар Қазақстанды тек жалпы 
адамзаттық мұраттарды ғана жақтаушы мемлекет ретінде қалыптастыруды 
көксейді. Иесі жоқ, ұлттық келбет пен мақсаттардан айырылған елді тонау 
оңай. Ұлттық мақсат, қазақ тілі мен дәстүрлерінің күшейуі, тарихи сананың 
ықпалының артуы маргиналданған топтарға қауіпті. Сондықтан «ұлттық 
нишадан» аулақтаған адамдар лауазымды қызметке келген жағдайда ұлттық 
мұраттарды  қорғайтын,  олардың  дамуын  ынталандыратын  зандардың 
қабылдануына бөгет жасайды. Осындай әрекеттер нәтижесінде «Қазақстан 
Республикасындағы  тіл  туралы»  заң  да  алғашқы  жобасындағы  батыл 
ұсыныстарынан айырылды. Тағы да мемлекеттік қазақ тілін орыс тілімен 
теңестіру ықналында қалды.
Бойында  ұлтжандылық  пен  қазақстандық  патриотизмның  ұшқыны 
«бейұлттық» топтың атқарушы биліктен заң шығарушы, сот билігі тармақтарына 
қол  салуына  бөгет  боларлықтай  ресми-мемлекеттік  саясат  күн  тәртібіне 
қойылмай отыр. Үміт - Президентте. Ел басы саяси жүйедегі осы кереғарлықты 

Вестник ПГУ №1, 2010

ретке келтіруі қазақ этносы келешегі үшін үлкен жақсылық болар еді.
Отаншылдық және ұлтжандылық рухтағы шығармашылық интеллигенция 
ұлтына көсем болу сатысынан төмендеп қалды. Онда бірлік, мақсат пен арман 
тұтастығы жоқ. Ұлттық интеллигенция рушылдық, күншілдік, жершілдік 
сияқты ауытқулар ауруынан құтыла алмай қойды. Ұлттық зиялы қауымның 
біріккен күшіне айналуына бөгет болып отырған фактордың бірі олардың 
арасында бүкіл халық болып мойындайтын «Серке» - лидердің болмауына 
да байланысты болса керек. Әзірше ұлттық интеллигенцияда саяси билік, 
рухани ықпал және бедел аз. Себебі, осы топ тәуелсіз Қазақстанның байлығы, 
білімі,  кәсіптік  мамандығы  сайма-сай  интеллектуалдық  элитасын  құрап 
отырған жоқ. Қоғамдық күштердің маңызды міндеттерінің бірі ұлттық рухпен 
қаруланған  интелектуалдық  элитаны  неғұрлым  жылдам  қалыптастыру. 
Осылай  болғанда  күрделі  организмнің  негізгі  салалары  ұлттық  мүддеге 
қызмет ете бастайды. Ал, ұлттық шығармашылық және технократиялық 
интеллигенцияның рухани - адамгершілік және шаруашылық ықпалының 
әлсіреу үрдісі тереңдей беретін болса, қазақ ұлтының мүдделерінің аяққа 
тапталуы, оның дегуманизациялануы мен маригиналдануы, қайыршылануы 
мен ресми билікке наразылығы үрдістері де тереңдей бермек. Бұлай бола 
беруі әлеуметтік коллизияға жетелейтін қауіпті құбылыс. Қазақстан қоғамын 
қалыпты  табиғи  даму  эволюңиясына  түсіру,  түрлі  девянттық,  ауытқу 
құбылыстарынан  құтқару  қазіргі  саяси  жүйенің  ең  маңызды  тағдырлық 
міндеті болып табылады.
Осымен бірге Қазақстанның қалыпты эволюциясы елдің экологиясын 
сауықтыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға, энергетикалық мәселелерді 
шешуге,  еңбекші  топтардың  материалдық  әл-ауқатын  жақсартуға  да 
байланысты.  Зсйнеткерлердің  дұрыс  өмір  сүруін  қамтамасыз  ету  ісі  де 
әлеуметтік  саланы  өркендетудің  приоритетті  міндетіне  айналып  отыр. 
Мысалы, 1990-1995 жылдар аралығында зейнеткерлердің ел тұрғындарының 
жалпы санындағы үлес салмағы 14 пайыздан 17,1 пайызға дейін көтерілген. 
1990 жылы әр мың адамнан 171 зейнеткер болған. Бұл істе шын мәнінде 
өмір деңгейі нашар адамдарға нақты әлеуметтік көмек көрсету, жалғызбасты 
қарттарға  мемлекеттік  қамқорлық  жасау  сияқты  шараларды  іске  асыру 
дұрыс. Зейнеткерлер санын жасанды түрде көбейткен заңда көрсетілген жас 
көлемінен бұрын зейнеткерлікке шығару ісінен бас тарту абзал. Милиция, 
армия т.б. құрылымдардың қатарынан зейнеткерлікке шығу деңгейі де тым 
ерте. Бұл істе үнемділік пен мұқияттылық тым қажет. Қоғам еңбекке қабілеті 
бар азаматтық зейнетақымен өмір сүруін емес, өз еңбегінің табысымен өмір 
сүргенін қалауы абзал. Демек, зейнеткер жасына жеткен адам өз жұмысын 
жалғастыра беруі қажет деп ойлаған жағдайда, ал жұмыс орны сол маманның 
кетпегенін қаласа ол қызметкерді еңбектен қол үздірудің, зейнеткерлер санын 
көбейтудің  қажеті  қанша.  Сондықтан  әлеуметтік  саланың  осы  бағытын 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

реформалаудың соны амалдары керек. Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту 
қартаң тартқан адамдарына әділетті қамқорлық жасауына, олардың жасампаз 
еңбекке араласуына да тәуелді.
Дағдарыстық ахуал жағдайында қоғамның қалыпты эволюцияга оралуы 
жоғарыда айтылған міндеттермен қоса мемлекеттік саясатта төмендегідей 
міндеттерді шешуді қажет етеді:
1 экономиканы, әлеуметтік құрылымды және мәдениетті модернизациялау 
республика азаматтарының әл-ауқатын көтеруге бағытталуы тиіс. Нарықтық 
реформалардың жеке ғана топқа қызмет етуін нығайту міндет. Қоғамның 
кедейлер  мен  байларға  поляризациялануын  доғармайынша  Қазақстан 
қалыпты эволюциялану жолына түспейді; 
2 қоғамдық қатынастар мен институттардың құрылымдық жүйесін қайта 
құру, дамудың мәдени-тарихи, техникалық-технологиялық типтерін өзгерту, 
Қазақстан  халқының  басым  көпшілігін  нарықтық  экономикаға  икемдеу, 
адаптациялаудың жан-жақты шаралармен қас-қабат игергені дұрыс;
3  елдің  саяси  жүйесі  жаңа  ғылыми,  технологиялық,  құрылымдық, 
институционалдық  негіздегі  толыққанды  ұлттық  рынок  жасауға  қызмет 
етеді.  Ондағы  мақсат  -  бәсекелестік  өзін-өзі  реттеуді  және  мемлекеттік 
реттеуді ұштастыратын әлеуметтік бағыттағы экономиканы жасау. Саяси 
жүйе жеке меншікпен қоса мемлекеттік меншіктің нығаюына қамқорлық 
жасауы қажет. Мұнымен қоса ұлттық іскерлер, бизнесмендердің әлеуметтік 
қабатын күшейту негізгі міндеттердің бірі болып қалып отыр. Ұлттық бизнсс 
қабаты  Қазақстанның  мемлекеттік-ұлттық  мүдделері  мақсатына  қызмет 
еткізу маңызы арта түсуде. Олардың мемлекеттік мүдделерді өздерінің іскер 
мүдделерімен  ұштастыруға  қабілеттілігі.  Қазақстанның  табиғат  шикізат 
ресурстарының талан-таражға түспеуінің, ұлттық финанс ресурстарының 
шет елдер банктеріне көшпеуінің бірден-бір кепілі болмақ;
4 жаңа типтегі нарықтық қатынастар елдің экономикасының шикізаттық 
сипатын біртіндеп жоюмен сипатталады. Тек шикізат шығарумен өркениетті 
елдер қатарынан көріне алмайтындығымыз бесенеден белгілі болды;
5 постсоветтік кеңістіктегі Қазақстанның эволюциясы демократияның 
дамуына байланысты. Егеменді мемлекеттің құқықтық, демократиялық саяси 
жүйе негізінде дамуы, президенттік республика формасының көп партиялық 
жүйемен ұласуы, биліктің негізгі тармақтарының өзіне тән функцияларын 
орындау қабілеттілігі елдің өркениеттілікке көтерілуінің кепілі болмақ;
6 мемлекеттік қалыпты дамуының мәнді факторларының бірі адамдардың 
саяси мәдениетін қалыптастыру, идеологиялық жұмыс. Коммунистік идеология 
күйрегеннен кейін қазақстандықтар санасында идеологиялық вакуум пайда 
болды. Оны жаңаша дүниетаныммен, қазақстандық идеологиямен толықтыру 
қажет.  Тәуелсіз  елдің  танымы  титулды  қазақ  этносы  дінімен,  ұлттық 
құндылықтармен қоса әлемдік прагматистік, любериалистік және гуманистік 

Вестник ПГУ №1, 2010

ойлау дәстүрлерімен ұдайы толығады. Осындай идеология полиэтникалық 
қазақстандықтар татулығын сақтауға, саясат пен билік субъектілері арасындағы 
қарым-қатынастарды  демократизациялауға  көмектеседі.  Қазақстандағы 
қоғамдық қатынастарды демократияландыру, гуманизацияландыру елдің 
әлемдік өркениеттілік үрдістеріне қосуын жеңілдете түседі;
7  елдің  бүкіл  жүйесінің  парақорлық  пен  жемқорлықтан  тазалануы, 
демократиялық өзгерістерді тереңдетуте қызмет етуі келешек дамуға жағдай 
жасайды.  Мемлекет  әлеуметтік  қамқорлыққа  шын  мұқтаж  азаматтарына 
көмектеспесе абыройы болмайды. Сондықтан саяси жүйесінің әрбір элементі 
өз жұмысын полиэтникалық Қазақстан тұрғындарының мүшесі үшін, тәуелсіз 
елдің болашағы үшін қызмет етуге бағындыру керек.
Сол себепті, Қазақстанның әрі қарай дамуына және көркейуіне түрлі 
шараларды іске асыру басты міндеттердің бірі болып табылады. 
Резюме
Статья посвящена развитию процесса демокраизации общества 
Казахстана после обретения независимости. Автором предложены 
пути преодоления кризиса.
Resume
The article is devoted to development of the democratization proc-
ess in the independent Kazakhstan society. The author offers the ways of 
crisis overcoming.
ӘОЖ 323:81,272(574)
ҚАзАҚСТАН РеСПУБЛИкАСыНДАғы ТІЛ 
САЯСАТыНың ҚАЛыПТАСУ еРекшеЛІкТеРІ. 
МеМЛекеТТІк ТІЛДІң ҚҰҚыҚТыҚ НеГІзДеРІ ЖӘНе 
оЛАРДы ЖҮзеГе АСыРУ ЖоЛДАРы
М.Мухтарова
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекеттік тіл-этносаяси категория, ұлттық тілден айырмашылығы 
бір ғана этнос мүддесін қорғамауы тиіс, мемлекеттегі өмір сүріп отырған 
барлық халықтар мүддесін қорғауы тиіс. Мемлекеттік тіл қоғамдық өмірдегі 
маңызды  функцияларды  атқарады.  Осы  тілде    елдің  дипломатиялық 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

өкілдерінің  қызметін жүзеге асыратын  халықаралық шарттар жасалады, 
ресми қабылдаулар өткізіледі, заңдар қабылданады. Мемлекеттік тіл адамға 
толыққанды қызмет етуі тиіс, оның ішінде  білім мен ғылымда, саясатта 
адамдар осы тілде қарым-қатынас жасауы немесе өз пікірін білдіруі тиіс. 
Мемлекеттік тілге мәртебе берілуі саяси жүйедегі маңызды мәселелердің бірі. 
Мемлекеттік тілмен бірге әрбір этностың ана тілінің бір деңгейде дамуы басты 
назарда болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 
мемлекеттік тіл туралы былай деп атап көрсетті: “Қазақстан азаматтары 
елдің мемлекеттік тілін құрметтеуге  және оны оқып үйренуге, білуге тиіс. 
Бұл орайда, бұл тіл ел халқының басым көпшілігінің туған тілі екенін және 
болашақта оның мемлекеттік тіл ретінде болатынын ескеру орынды” [2].
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тіл саясаты.
Біріншіден, империкалық өктемдік тіл саясатынан мүлдем ерекше.
Екіншіден, ол тәтті қиялға емес, халық өмірімен тығыз байланысты, 
қазіргі кездегі ахуалға сәйкес жасалған.
Үшіншіден, негізінен тілдік саясатта батыл да нақты мақсат қоя алған.
Төртіншіден, тілдік қатынастардың саяси-құқықтық негіздері одан әрі 
жетілдіруді қажет етеді.
Мемлекеттік  тіл  мемлекеттік  және    қоғамдық  өмірдегі  неғұрлым 
маңызды функциялар атқарады. Бұл, ең алдымен, мемлекеттің  барлық заң 
актілері қабылданатын тіл. Мемлекеттік тіл ресми шараларда, қызметтік хат-
хабарларда, іскерлік қарым-қатынастарда қолданылатын тіл. Азаматтардың 
өтінішіне жауаптар да мемлекеттік тілде беріледі.
Мемлекеттік  тілде    барлық  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдар, 
Қарулы Күштер жұмыс істейді. Есеп-санақ, қаржылық және техникалық 
құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Және де мемлекеттік тіл елімізде 
сот ісін жүргізудің негізгі тілі болып табылады, сондай-ақ, бұл тілде елдің 
дипломатиялық  өкілдерінің  қызметі  жүзеге  асырылады,  халықаралық 
шарттар жасалады, ресми қабылдаулар өткізіледі.
Мемлекеттік тіл төлқұжат, тууы туралы куәліктерді, білім жөніндегі 
құжаттады бергенде, тағы басқа ресми ұйымдардың атауларын жазғанда, 
оладың мөрлерінде, сонымен қатар маңдайша жазуларда, хабарландырулар 
мен, көріністі ақпаратта міндетті түрде қолданылады.
Мемлекеттік тілдің қолданылуы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат және  
коммуникация құралдарында міндетті болып табылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда тіл саясаты зерттеудің негізгі бағыттары 
анықталған. Олар:
-Қазақ-орыс  қос тіл тіліділігі мәселесін елдегі тілдік процесстерді позитивті 
дамытуға жеткізетін негізгі бағыт ретінде бағалайтын зерттеулер.
-Мемлекеттік тілдің дамуын, толыққанды болуын шешуші даму бағытты 
реттерде есептейтін зерттеулер.

Вестник ПГУ №1, 2010

-Қостілдікті де,  мемлекеттік тілді де екінші кезекке қоятын, Қазақстанда 
орыс тілінің басымдығы бірінші кезекке қоятын зерттеулер. Қазақстанның 
тілдік даму келешегін көптіліділікпен байланыстыратын зерттеулер ретінде 
топтастырылуға болады. 
Осы төрт топтағы ғалымдардың да аргументтік базалары қомақты. Өздерінің   
пікірлерінің дұрыстығына көз жеткізетін дәлелдері де жетерлік.Қазақстандағы 
тілдік ахуалдың күрделігін мойындай отыра олар өздерінің пікірлерін елдегі 
тіл мәселесін шешуінің негізгі жолы деп есептейді. Тәуелсіздіктің алғашқы 
жылдарында Қазақстанда  ұлтаралық қостіліділік мәселесін жете түсінбеушілік 
болғанына назар аудару керек. Қарапайым халық қостіліділік факторін “екі 
тілде бірдей сөйлей білу ” деп түсінді де, сол себепті қазақ тіліне қоса орыс тілін 
білген адам қос тілді деп танылды. Ғылыми пайымдау бойынша бұл қате түсінік. 
Нақтылы өмірдегі қостілділік дегеніміз екі халық өкілдері бірінің тілінде бірі  
сөйлесе білуі, екі тілдің арадағы ортақ та, тең қызметті. Бұл ретте осыған дейін 
насихатталып келген қостілділік – бір жақты қостіліділік. Мұндай қостілділік 
саясаты кеңестік жылдарда мемлекеттік мәртебесі болмаған қазақ тіліне 
зардабын қатты тигізді, оның одан әрі қалыптасып дами түсуіне кедергі жасады. 
Ғалымдардың дәлелдеуінше , екі жақтан бірдей қолданыс таппаған қостілділік 
де “бәсең тіл” “басым тілдің” бодауында кетеді оның қызметі шектеліп, аясы 
тарылды, сөйтіп ол дағдарысқа ұшырайды [3].
Қазақстанның тіл саясатын даму эволюциясын соңғы жүз жылдықтағы 
төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:
-(1920-1938 жылдар)- қазақ –орыс қостілділік кезең;
-(1938-1987  жыдар)-  орыс  тілінің  басым  болуы,  қолданыс  аясының 
шектен тыс кеңейтілуі мен қазақ тілінің бәсеңдеуі;
-(1987-1995  жылдар)-әкімшілік  шаралар  негізінде  қазақ  тілінің 
формальді түрде мәртебесінің көтерілу кезеңі;
-(1995 жылдан осы күнге дейін) – қостілділіктің саяси жүйеге толыққанды 
енуі, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі және әлеуметтік өмірдегі орыс 
тіліне ресми мәртебесі берілуі. Қазақ тілін өркендеуін жүйелі мемлекеттік 
шараларының іске асырыла бастауы[4].
Мемлекеттік тіл саясатынынң негізгі міндеті республика  ауқымында  
қазақ тілінің тұтастығын сақтау болып табылады. Оның мәнісі мынада: 
мемлекеттік  тіл  бір  аймақта  үстемдік  етіп,  ал  екінші  бір  аймақта  толық 
іске қосылмай қалуына жол бермеу. Оңтүстік аймақта өзбек тілі, солтүстік 
аймақта орыс тілі қолданыста басым болып жатса не болмақ? Ал , екінші 
мәселе - қазақ тілінің өмірдің барлығы салаларында қолданылу қажеттілігі. 
Бірақ ол әліде болса азаматтарымыздың және мемлекеттік ұйымдарының 
қарым-қатынастарында тиісті дәрежеде қолданыс таппай келеді. 
Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі - мемлекеттік 
тілді  барлық  азаматтардың  арнайы  белгіленген  көлемде  меңгеру  үшін 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

жағдай туғызу болып табылады. Осы мақсатта халық топтарының этикалық, 
демографиялық, кәсіби ерекшеліктеріне  сәйкес ақысыз оқыту орталықтарын 
құру қажет т.б. іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда.
Корпаративтік әдіс саяси - құқықтық тәжірибеде әр елде тілдің дамуын 
және тіл саясатының бірнеше варианттарын көрсетеді. Тіл саясатын жүргізуге 
шетелдік озық тәжірибелерге көңіл қойып, зер салған жөн. Егемендікке қол 
жеткізген мемлекеттердің арасында тіл мәселесін оңтайлы шешуде сындарлы 
саясат ұстаған елдер баршылық. Солардың бірі, Оңтүстік –Шығыс Азия 
аймағында орналасқан Малайзия мемлекеті.
Малайзия мемлекеті өз тәуелсіздігін алған 1957 жылдан бастап ұлттық 
малай тілін дамыту  жолындағы тәжірибесі бүгінгі еліміздегі пайда болған 
тілдік қатынастарды реттеуде үлгі болары сөзсіз. Осы орайда тіл саясатын 
жүргізудегі  Малайзия тәжірибесімен танысу көп жағдайда салыстырмалы 
түрде қарауға итермелейді. Малайзия халық саны жағынан көпэтносты және 
көпконфессиялы болғандықтан Қазақстанмен ұқсас. Бүгінде малайлықтар 
халықтың 55 пайызын , қытайлар 30 пайызын, үнділер 10 пайызын құрап 
отыр.  Тарихына  үңілсек,  отарлықтан  көз  ашпаған  ел,  ҮІІ  ғасырда  үнді-
қытай Фунань мемлекетінің, ҮІ-ҮІІІ ғасырлар аралығында үнді империясы  
Шриваджаяның, ҮІІІ ғасырда  қытай  мемлекеті - Сукотаның, ХІҮ ғасырда 
Португалияның, 1641 жылы Голландияның,  1824 жылы Ұлыбританияның 
отары болу қай жағынан алсақта  жергілікті  халыққа оңай соқпағаны аян. 
Соған  қарамастан  тәуелсіздігін    алған  Малайзия  мемлекеті  малай  тілін 
тірілтіп, соңғы 45 жыл ішінде халқының көп бөлігін  құрайтын қытайлықтар 
мен  үнділіктерді және басқа ұлт өкілдерін  малай  тілінде  сөйлейтін жағдайға  
жеткізген. Осыған дейін  (тәуелсіз мемлекет болғанға дейін)  көп ғасырға 
созылған  отаршылдық әсерінен  ағылшын  тілі  элиталық  тіл  ретінде  саналды  
және қоғамның барлық  саласына  қажетті  тіл  болды.  Ал,  мал ай тілінде 
білім беру ХХ ғасыр басында жергілікті дін өкілдері және  миссионерлер 
күшімен  ашылған  бастауын  төрт  жылдық    мектептер  бір-екі    жылдық 
колледждерде  алғаш  оқытыла  басталды.  Малай  тілі  негізінен  жергілікті 
тұрғындар шоғырланған ауылдық жерлерде ғана қолданылды.
Бүгінгі таңда малай тілін қолдану аясы 100 пайыз болып отыр. Елдегі 
барлық ресми іс-шаралар тек қана малай тілінде өтеді. Тіл мемлекеттік және 
бизнес  құрылымдарында, білім беруде, тұрмыста белсенді қолданылады. 
Ұлттық  тілдің  үстемдік    етуі  малайлық    емес  басқа  ұлттар  тарапынан 
ешқандай қарсылық тудырмайды және Малайзияның қазіргі қоғамының 
табиғи заңдылығы іспетті. 2020 жылдар  Малайзия  елі  малай тілін БҰҰның 
жұмысшы  тіліне  айналдыру  мақсатын  көздеп отыр[5].
Бұл  жетістіктерге  олар  қалай  жетті  деген  сұрақтың  туары  сөзсіз. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылдаған заңдар мен саяси өзгерістер 
жас  үкіметке  тіл  саясатын  табысты  іске  асыруға  кепілдік  болмады.  Тіл  

Вестник ПГУ №1, 2010

cаясатын  жүзеге  асыру  қиын міндеттердің бірі болды. Оның  табысты  іске 
асуына  елдегі  тұрақтылық,  үкіметтің адамдарға  деген жоғарғы  деңгейдегі 
қамқорлығы,  ұлтаралық  бірлік пен этникалық  топтардың бір – біріне деген  
шынайы сыйластығы  үлкен ықпал етті.
Малай тілінің осындай дәрежеге  көтерілуі  әр  түрлі  тосқауылдарды  
оңтайлы  шешудің нәтижесінде  болып отыр.  Алғашқы  жылдары  басқа  
ұлт  өкілдері  ұлттық тілді   үйренуге  қызығушылық танытпады.  Малайлық  
еместер  тіпті ресми  тіл ретінде  ағылшын  тілін  бекіткілері келді.  Бұл  ретте 
қытайлық  тұрғындар  белсенділік танытты.  Олар  малай  тілін үйренуге  ниет 
білдірмеді  және  балаларын  жеке меншік  қытай  тілді  немесе ағылшын тілді 
мектептерге  беруге тырысты.  Үкімет  алдымен  адамдардың малай  тіліне 
қызығушылығын  оятпай  бұл  бағытта  жетістікке жету  мүмкін еместігін 
түсінді. Ал,  малай  тілін  мәжбүрлеп  оқыту  ұлтаралық қақтығыстарға әкелетін 
еді.  Ресми билік  органдары   бұл  тұрғыда  малайлық емес тұрғындардың  өз 
еріктерімен  малай тілін үйренуіне  белгілі  бір идеологиялық қолдау жасау 
қажеттілігін түсінді  және малай тілін  Малайзия   этностарын  біріктіретін  
құрал  ретінде  насихаттай  бастады.  Алғашқыда  екі  жақты талқылаулар болды, 
Британ отаршылдығына дейін қолданылған араб  алфавитін еңгізу немесе  латын 
графикасына көшу таңдауға түсті.  Үкімет латын алфавитін  қолдануды құптады. 
Сондай ақ  араб жазуын  қолданамын деушілерге де ерік берілді.  Малай тілін 
білмейтін  малайлық  емес  тұрғындардың  мүддесі де ескерілді.  Үкімет  латын 
графикасына көшу  халықтың  негізгі  бөлігін  құрайтын қытайлар мен үнділердің  
ұлттық тілді  үйренуіне  ықпал етеді деп сенді.
Малайзияның  көп этникалық  қоғамында малай тілін дамытудың негізгі  
тетігі  білім беру саласы болатын.  Тәуелсіздік  алғанға дейін Малайзия  
мектептері төртке бөлінетін ( ағылшын тілді, малай тілді, қытай тілді жіне 
томиль тілді).  Малайзияның  білім беру саласында малай тілін қолданудың  
алғашқы қадамы  1961 жылы қабылданған  Білім туралы  акті еді.  Осыған 
сәйкес  қытай және  томиль мектептері бастауыш мектеп деңгейіне дейін 
қысқартылды, ал орта білім беру тек ағылышын және  малай тілдерінде 
жүзеге асты. 1969 жылы  Білім туралы енгізілген өзгеріс тіл  саясатын  жүзеге  
асыруда  шешуші роль атқарды. Мұнда барлық орта мектептерде  білім беру 
тек малай тілінде  жүргізілсін делінді. Осы шараның жалғасы ретінде  1970  
жылы ел астанасы  Куала – Лумпурдағы Малайзия  Ұлттық  Университеті 
тек малай тілінде  білім беруді қолға алды.
Мемлекет    халықта  малай  тілінде  біртіндеп  кезеңмен  көшіру  үшін  
арнайы 10 жылдық үйрену мерзімін белгіледі. Осы  аралықта малай емес  
халықтардың  тілді үйренуіне  барлық мүмкіндік жасалды.  1967 жылы  Үкімет  
мемлекеттік  және қоғамдық  мекемелерде малай тілін  тұрақты қолдануды  
талап  ететін  ұлттық тіл туралы, Акті қабылдап ағылышын  тілін тек сот 
тілі  ретінде ғана қалдырды.  Елдің соттары  1981  жылғы үкіметтің  арнайы 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

директивасынан ғана ұлттық тілге көшті. Сонымен  қатар  үкімет  көп  этносты  
қоғамда малай тілін  жоспарлы түрде енгізу үшін  малай  тілінің өзін  жетілдіру 
қажет дап тапты. Лингвистер егер ұлттық тілдің сөздік қоры қазіргі ғылым  
жетістіктерінен   кешеуілдеп  жатса, онда тілге қытайлар мен үнділіктер ғана 
емес, малайлықтардың өздері де ықылас білдірмейді деді. Атап айтқанда, 
экономика, саясат және мәдениет саласында малай тілінің терминологиясын 
жасау қолға алынды, қоғамдық өмірдің  барлық саласындағы малай тілін 
жоспарлы енгізудің басты бөлшегі ретінде  терминология бір ізге түсті.
Малайзияда тілді дамытуда 1956 жылы құрылған  Малай тілі  және  
әдебиеті институты ерекше роль атқарады. Институт үкіметінің тіл саясатын  
жүргізудегі  тілге  қатысты  маңызды  мәселелерді  шешуде    мемлекеттік 
үйлестіруші және  кеңесші  ретінде маңызға ие болды. Институт құрамына  
«Біріккен  малай  ұлттық  мекемесі» партиясының өкілдері,  лингвистер  
жіне елдің атақты  әдебиетшілері енді. Институттың тікелей  қатысуымен  
тілдің  қолдану  аясын кеңейтуге  бағытталған әр түрлі іс - шаралар,  кітап  
көрмелері  және    малай  тілі  курстары  жүрді.  Сонымен    қатар,  Институт 
сарапшылары терминология және  шетел  әдебиетін аударумен айналысты,  
елдегі  мектептер мен жоғарғы оқу орындарын оқу құралдарымен  қамтамасыз  
етті.  Қазіргі  таңда  бұл  институт  бұрынғысынша  тіл  саясатының  негізгі 
жүргізушісі болып отыр.
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде әр түрлі 
этникалық  топтар  тарапынан    қарсылықтар  да  болды.  Соның  бірі  1969  
жылғы  май оқиғасы. Осы жылы оппозициялық  партиялардың  жақтаушылар 
(негізінен  қытай  мен  үнді  жастары)  Куала  Лумпурде  «мерекелік  шеру»  
ұйымдастырылды. Бұл оқиға Малайзия  халықтарын келемеждеумен,  ұлт 
аралық  қақтығыспен  аяқталды.
Халықаралық  қатынастарда  малай  тілін    дамыту  үшін  1972  жылы 
Бруней,  Индонезия және Малайзия арасында біріккен тілдік  Кеңес  құрылды.  
Оның  қызметі біріккен зерттеулер жасап, грамматиканың стандартталуына,   
фонетика,  терминология    сияқты  лингвистикалық  ынтымақтастық  
аспектілеріне  ерекше  көңіл  бөлу  болды.  Кейін,  бүкіләлемдік  Малай  тілі  
конгресінің шешімімен Халықаралық малай тілі  кеңесі және  алай тілін шет 
елдерде оқыту орталығы құрылды.
Малай тілі және әдебиеті институтының халықаралық бөлімі  малай  
тілін  насихаттау және Оңтүстік- Шығыс Азияда халықаралық қатынастар   
мен  бизнес стандарттарына жеткізу, соңында  әлемдік тіл мәртебесін алу  
және  малай  тілін  2020 жылға дейін БҰның жұмысшы  тіліне  айналыдыру  
жөнінде жоспарды әске асыру үшін жұмыстар атқаруда[6]. Адамдардың  
қарым –қатынасын реттейтін тіл саясаты қай елде болмасын саяси маңызы  
зор болып  саналады.

Вестник ПГУ №1, 2010
0
Қазақ  тілінің  құқықтық  негіздері  қолданыстағы  республика  
Конституциясынан  бұрын  жүзеге  асырыла  бастады.  ХХ  ғасырдың  80 
– жылдарындағы қайта құру саясаты тұсындағы республикамыздың  зиялы 
қауымы   қазақ тіліне  мемлекеттік  мәртебе беру  туралы  мәселе  көтерді. 
Бұл жер – жерде қолдау тапты. 1989  жылы 22 қыркүйекте Қазақ  Кеңестік 
Социалистік Республикасы Жоғарғы  Кеңесі «Тіл туралы» Заң  қабылдап, 
оның 1 – бабында «Қазақ тілі - Қазақ  Кеңестік Социалистік  Республикасының  
мемлекеттік тілі болып  табылады » - деп  атап  көрсетті. Бұл  біздің  рухани 
өмірімізде ерекше оқиға  болды және  жыл  сайын  
22 қыркүйекті  Тіл  мерекесі деп тойлайтынымыздың  түпкі  тарихы  
осы күннен бастау алады.
1997  жылы 11 шілдеде  қабылданған «Қазақстан  Республикасының Тіл 
туралы» Заңы туған тіліміздің  мәртебесін тағы бір сатыға көтерді. Тілдердің 
мәртебелері  анықталды:  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  ұлтаралық 
қарым- қатынас тілі болып бекітілді. Заңның   27 бабының 12-сінде орыс 
тілінің мәселелері қарастырылып, 5-інші бабында «мемлекеттік ұйымдарда 
және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ 
тілімен тең қолданылады» деп жазылады  [7].
Бұл заңдық нормалар жайдан-жай қабылданған жоқ. Орыс тілі бүгінгі 
қоғамымызда маңызды рөл атқарылып отыр. Республика халқының 55,8% 
пайызын құрайтын қазақтардан кейінгі орында – орыс халқы (28,3%). Оның 
үстіне Қазақстан халқының 75 пайызы орыс тілін меңгерген. Бұл көрсеткіш 
қалалық жерлерде  84,2 пайызды құрайды. Бүгін елімізде 2069 орыс мектебі 
бар.Онда оқушылардың 26,1 пайызы оқиды. Арнаулы және жоғарғы оқу 
орындарында оқитындардың 45,2 пайыздан астам білімді орыс тілінде алуда.
Осыдан бір хасыр бұрын ұлы Абай «Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің 
кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» - деген еді. Рухани атамыздың бұл 
өсиетінің маңызы бүгінде жойылған жоқ. Орыс тілінің қызмет аясының сақталуы 
Қазақстанның интеграциялық процестерге бет алуымен,  ТМД  елдерімен  біртұтас  
мәдени  және  білім  беру  кеңістігін сақтауы  арқылы  қамтамасыз етіледі.
Еліміздің  тіл  Заңынын  ең  басты  қасиеттерінің  бірі,  біздіңше,  оның  
демократиялық  сипатында.  Оның  «Осы    Заңын  реттейтін  мәселесі»  деп 
аталатын екінші бап айқын дәлелде тұр. Онда былай делінген: «мемлекеттік, 
мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті  өзін -өзі басқару  органдарының 
қызметінде  тілдерді  қолдануға  байланысты  туындайтын  қоғамдық  
қатынастар осы  Заң реттейтін мәселе болып табылады. Осы  Заң  жеке 
адамдар  арсындағы  қатынастарда  және  діни  бірлестіктерде  тілдердің 
қолданылуын  реттемейді» [8]. Басқаша  айтқанда, мемлекеттік тіл  барлық  
уақыттта  әрбір азаматқа зорлықпен таныла бермейді. Азаматтардың жеке 
қатынастарында және діни уағыздарда тілдің еркіндігі сақталады. Заңның 
демократиялығы, міне, осында.

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

Тіл  Заңның  орындауда  мемлекеттік  ұйымдар  мен  өзін  -  өзі  басқару 
органдарында  елеулі  тірліктер  жүзеге  асуда.  Республиканың  барлық 
облыстарында іс – қағаздар жүргізу мемлекеттік тілге көшті және әрбір органның  
құқықтық міндеттері анықталды. Заңның 23 – бабында «нақты мамандар мен 
қызметтегі адамдар үшін қазақ тілін білу міндетті» көрсетілді.
Заңда Қазақстан  Республикасында  тілдердің  қолдануының  құқықтық  
негіздері, мемлекеттік  олардың  оқып – үйрену мен дамыту  үшін жағдай 
жасау жөніндегі міндеттері  белгенген,  сондай – ақ заң еліміздегі  барлық  
тілге бірдей  құрметпен  қарауды  қамтамасыз етеді.
Қалай болғанда  да  негізгі жұмыстар «Тіл  туралы» Заң  талаптарына  
сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл  мәселеде біраз кемшіліктері  жол беріліп отыр. 
Мәселен,  осы  Заңның  4  –  бабында  мемлекеттік  тіл  –  мемлекеттің  бүкіл 
аумағында  қоғамдығ  қатынастардың  барлық  саласында  қолданылатын  
мемлекеттік басқару,  заң шығару, сот ісін жіне іс – қағаздарын жүргізу 
тілі екені айқын жазылған. Ал, осы Заңның «Тілдердің  қолданылу» деген 
8 – бабына сәйкес  мемлекеттік  тіл Қазақстан  Республикасы мемлекеттік 
органдарының, ұйымдарының  және  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының 
жұмыс және іс  қағаздарын  жүргізу тілі болып табылады. Өкінішке орай, 
іс жүзінде бұл  талаптарға  әзірге қол  жеткізе  алмай келеміз. Тіл  Заңының  
«Мемлекеттік  органдар  актілерінің тілі » деген  9 – бабында мемлекеттік  
органдардың   актілері   мемлекеттік тілде әзірленіп  қабылдануға,  қажет  
болған  жағдайда  ғана  мүмкіндігінше басқа тілдерге  аударылуы  қамтамасыз  
етіле  отырып,  орыс  тілінде  жүргізілуі  мүмкін деп айтылады. Нендей  құжат 
болмасын  алдымен  орыс  тілінде жазылып, сонан соң  ғана қазақ тілінде  
аударылатыны шындық. Қазақ тілі  әлі де болса аударма тілі  дәрежесінен  
аса  алмай келеді.  Бірақ ол уақытша  жағдай. «Көш  жүре  түзеледі»  демекші,  
ол  кемшіліктер де жойылар.
Біздіңше,  тағы  бір  ескерілуге    тиіс  жағдай  –  тілдің    мемлекеттік  
мәртебесін  қорғау  мен  тазалығын сақтау. Осы уақытқа дейін  бізде  тіл  
Заңының  бұзғаны  үшін жауапқа  тартылған бірде-бір адам  жоқ.  Өйткені,  
оның  тетіктері  жасалмаған.  Заңды бұзғаны  үшін қолданылатын  шаралар 
нақты көрсетілген  жөн.  Заңға  мұндай  тарау  өте  қажет. Ол  қазақ  тілінің  
қолданыс  аясын  кеңейтумен  қатар оның  іштей түлеуіне  жағдай  жасайды. 
Сөз тазалығы – ой тұнықтығы. Ластанбаған сөз адамды  өзіне  тартады,  
тәрбиелейді. Діттегенімізді  айту үшін өзге  тілдің сөзін  берекетсіз  пайдалану 
ол  тілдің  де,  төл  тіліміздің  де  көсегесін  көгерте  қоймайтыны    ақиқат. 
Мәдениеті  жоғары  дамыған  елдер тілді қорғауға  келгенде өте мұқият. 
Олар Заңды бұзғандарды  айп салудан бастап, заң алдында жауапқа  тартуға 
дейін жеткізеді. Мысалы, Франция үкіметі Париждің мәдени орындарында 
ана тілінде  шұбарлап сөйлегендерге  ақшалай айып  төлейтін  заң шығарған. 
ГДР да  неміс тілінің тазалығын қорғайтын журнал жарық  көріп  тұрады. 

Вестник ПГУ №1, 2010

Латвияның    «Әкімішілік  құқық  бұзу  туралы»  Заңы    бойынша  кәсіптік 
міндеттерін атқаруда мемлекеттік тілді белгіленген дәрежеде пайдаланбағаны 
үшін өте  үлкен  айып салынады. Одан  түскен  қаражатты тілдерді дамытуға 
жұмсайды.  Бұл  мәселеге  көршіміз    Ресей    Федерациясында  шыңдап 
кірісті. 
Біздің пікірімізше, - «Қазақ тілі»  қоғамы, оның болашақтағы  газеті  
осындай қызмет атқарады. Жоғалтсаң қайтып табылмайтын асылымыз – ғана 
тілімізге жан – жақты  қамқорлық болғанда ғана  оның мерейі үстем  болмақ.
Осы  арада  тіл  мәдениеті,    сөйлеу    мәдениеті    туралы  сөз  қозғасақ. 
Тіл  мәдениеті  дегеніміз  нақтылы  бір  жағдайда  ескерудің  нәтижесінже 
және  қойылған  міндетке  сәйкес  адресатқа  мүмкіндігінше  мол  ықпал 
ететін  тілдің сапа  белгілірінің жиынтығы. Ол  белгілер:  тілдің  тазалығы, 
айқындылығы, түсініктілігі,  дәлдігі мен дұрыстығы  және т.с.с. сөздер.  Орыс  
зерттеушілердің мәліметіне қарағанда ауыз екі сөйлеу тілінде әрбір адам 7 
– 9 мыңнан астам сөз қолданылады екен, ал енді біреулері 11 – 13 мыңнан 
астам сөзді пайдаланады деп дерек келтіреді. Сөзді  қолдануда олардың 
этикалық нормаға  сай келетіндеріде, келмейтіндеріде  кездесіп отырады. 
Айталық,  кейбір  жағдайларда  сөз этикасының  бұзылуы  немесе дөрекілік 
мағынаға ие болуы әр сала  бойынша  жұмыс істейтін  қызметкерлердің  сөз 
құрауынан байқалып отырады. Оған  мысалдар жетерлік.  БАҚ өкілдерімен 
кездескен сайын еліміздің Президенті   журналистердің әдепті болуына  назар 
аударып  отырады. Мұндайда  Елбасының газет,  радио – тележурналистермен  
сұхбатында  болсын,  материал жинауда,  оны  сұрыптауда болсын,  оны  
оқырмандарға    ұсынуда  болсын  өздерін  ұстай  білу,  ақпаратты  ақылға 
қонымды  етіп  дайындау,  қысқасы,  материалды    ұйымдастыру  жағында  
көзге  түсінетін  мәдениеттілікке  жүгінуді ғана емес, соған қоса, сөз  қолдану 
ынғайындағы  мәдениетті  де  қажет  деп санайтыны білініп тұрады.
«Тіл  туралы»  Заңның  қозғаушы тетігі ретінде  1998 жылы  14  тамызда  
республика  үкіметінің    «Мемлекеттік    органдарда  мемлекеттік  тілдің 
қолданылу аясын кеіейту туралы» және   1999  жылы 8 қаңтарда «Тілдер 
туралы  заңдардың сақталуына  бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені 
бекіту  туралы»  қаулылары мен бірқатар құжаттар қабылданды.
«Мемлекеттік органдарда  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту 
туралы»   Үкіметтің осы қаулысында кейбір ойландыратын мәселелер бар. Ол 
– мемлекеттік тілді  мемлекеттік органдар қызметіне енгізуді басымдықтарды 
анықтауда  біржақты  жолмен  кетіп  бара  жатырмыз  ба  деген  мәселе. 
Өйткені, аталған қаулыда негізгі салмақ штат кестелерінде  құрылымдық 
бөлімшелерінде,    аудармашы  лауазымдарды  енгізу,  ілеспе  аударманы 
қамтамасыз ету сиақты шараларға аударылған.  Бұлар, біздіңше,  қажетті 
істер, бірақ та олар  екінші кезектегі туынды, қосымша шаралар.  Қаулы  
кезінде негізінде мемлекеттік тілге едәуір қолдау болды.

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

Осы  орайда  Қазақстан  Республикасы  Президентінің    2001  жылғы  7  
ақпандағы  № 550  Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың   
2001 – 2010  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»  айрықша атап 
өтуге болады. Бұл бағдарламада негізгі үш мақсат көрсетіледі:
- Мемлекеттік тілдің  әлеуметтік  - коммуникативтік қызметін кеңейту 
мен нығайту;
- Орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;
-  Этникалық топтардың тілдерін дамыту;
Бағдарламада    Қазақстандағы    тіл    құрылысының  ұзақ  мерзімді 
келешегінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері айқындалы,  оларды 
іске асырудың  басты бағыттары белгіленген. 
Бағдарлама  еліміздің  Ата  Заңының  7,  93  –  баптарына,  Тіл  туралы 
Заңымызға,  Тіл саясаты тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
 Бағдарламаны іске асыруға  арналған есептік қажеттілік  3087,7 миллион  
теңгені  құрайды.  Оның  жыл    сайынғы    көлемі  тиісті    жылға    арналған  
республикалық бюджет туралы Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес 
нақтыланады [9].
Тілдерді  қолдану мен дамытудың  2001 – 2010  жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасының  басты міндеттерінің бірі  -  қазақ тілінің 
мемлекеттік  басқару  тілі    ретінде  қолданылуын  қамтамасыз  ету.  Соңғы 
уақытта  орталық  және  жергілікті    мемлекеттік  органдар  жүйесінде 
мемлекеттік тілдің қолдану үрдісі біршама артып келеді.
Бүгінгі таңда  Қазақстанның  алдында  өз мемлекеттігін  нығайту  мен 
жетілдіру  міндеті тұр.  Бұл ретте,  бұрынғы  империкалық  мемлекеттіліктің 
тарихи  кертартпалығынан  және  одан туған  орталық  бойкүйездіктен  арылу 
қажет, алайда оның егеменді  Қазақстан  жағдайында  кәдеге жарайтын  және 
Қазақстанға  қатысты біздің алдымызда, шартты түрде  алғанда үш модель тұр. 
Бұл туралы Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1996  жылғы 23  мамырдағы 
№2995  өкімімен    мақұлданған  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  
сәйкестілігін  қалыптастыру тұжырымдамасына  айтылады. Олар:
 - Бұрынғы қазақ мемлекеттілігінің моделі, оған тек тарихи мұра және 
тарихи – құқықтық зерттеулердің пәні деп қана қарамау керек, оны сындарлы 
тәжірибенің қайнары деп қабылдау керек.
- Ресей империясы мен КСРО мемлекеттілігінің  (ішкі мәні жөнінен 
империкалық болып табылатын) моделі
- Әлемнің көптеген елдерінде қабылданған әрі Қазақстанда орнатуды 
мақсат  етіп  отырған  демократиялық  құқықтық  мемлекеттілік  моделі. 
Мемлекеттік сәйкестілігі аспектілерінің бірі – мемлекеттік  тілдің болуыжәне 
тіл саясатында белгілі бір басымдықтары ұстану болып табылады.

Вестник ПГУ №1, 2010

Резюме
Статья посвящена становлению языковой политики в РК, ее 
правовые основы, определены пути осуществления программы. Особое 
внимание автор уделяет проблемам государственного языка.
Resume
The  article  is  devoted  to  establishing  the  linguistic  policy  in  the 
Republic of Kazakhstan, its legal frameworks, the ways of realization the 
program. The special attention is spared to the problems of the official 
language.
УДК 090.11
кНИГоЛЮБ
С.В. Невмержицкий
Павлодарский государственный университет им. С.Торайгырова
В одной из аудиторий Павлодарского госуниверситета, закрепленной за 
кафедрой «Двигатели внутреннего сгорания» помимо испытательных стендов и 
комплектующих к двигателям, перегруженные книгами шкафы. Откроем наугад 
один из томов и на титульном листе увидим начертанное уверенной рукой имя 
- Ф. Волошенко. Говорят, что кончается на «нко», верный признак украинца.
Взыграло  любопытство,  о  чем  еще  расскажут  более  трехсот  книг  с 
автографами, сопутствующими датами, иногда и наименованием города. Уж 
кому, а книголюбу известна человеческая слабость увековечивать себя на 
скамейках, деревьях, даже на скалах, но куда слаще расписаться, спрятавшись за 
обложкой. Там публичность, а здесь для себя, вроде дневника приобретений.
Надписи выполнены чернилами и карандашом: красным, синим, простым, 
химическим. Чернила выцвели, карандаш без изменений. Количеством книг 
не удивишь, но в этих шкафах представлено почти все, что выходило по 
двигателям внутреннего сгорания за 40 лет (1930-1970 г), такое собрание 
могло украсить библиотеку головного вуза специальности. Признаюсь, на 
этом этапе заблуждался относительно количества и содержания библиотечки, 
но  дальнейшее  изучение  лишь  подтвердило  предположение  и  оценку. 
Встречаются  книги  со  штампом  библиотеки  института,  на  некоторых 
автограф - Ф. Волошенко, значит переданы кафедре как устаревшие или 
из-за  перегруженности  фонда  хранения.  Наш  главный  вопрос,  почему 
библиотечный штамп и номер стоит лишь на некоторых книгах с автографом? 
Но об этом чуть попозже.

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

То,  что  в  шкафах  уникально.  Каждое  довоенное  издание  –  раритет. 
Тридцатые  годы  -  годы  индустриализации,  подготовки  инженерных 
кадров.  Нужда  в  соответствующей  литературе  огромна,  возможности 
ограничены.  Книги  выходят,  но  небольшими  тиражами.  Ф.  Волошенко 
целеустремленно  и  терпеливо  собирает  их.  Приобретательство  получает 
профессиональную направленность. Ключевое понятие всех книг «двигатель»: 
паровые,  автомобильные,  тракторные,  авиационные,  реактивные, 
судовые,  мотоциклетные.  Книги  по  вопросам  теории,  проектирования, 
конструирования. И совсем неожиданно два солидных тома «Энергоснабжение 
железнодорожных узлов» (1940-1941 г.г.), приобретенных Волошенко через 
неделю после начала Великой Отечественной войны. Ни обстоятельства, ни 
цена не остановили собирателя (60 рублей по тому времени - деньги). Можно 
предположить, он получал приличную зарплату, так как иногда рядом с 
именем встречалось «инж.».
Впечатляет «география» приобретения. Понятно, что узко техническая 
литература распространялась в крупных промышленных и учебных центрах, 
это  подтверждает  перечень  городов,  где  побывал  Волошенко:  Коломна, 
Проскуров, Казань, Иркутск, Самара, Москва, Киев, Одесса, Ленинград, 
Барнаул, Кемерово и другие. И все же большинство книг без координат, 
то есть фиксации постоянного места жительства. Это стало ясно, когда 
в  руках  оказалось  методическое  руководство,  изданное  Куйбышевским 
сельхозинститутом в 1961 году «Расчет процесса газообмена двухтактных 
двигателей внутреннего сгорания», без рукописной ссылки на город. Еще 
раз полное имя исполняющего обязанности профессора Павлодарского 
индустриального института Ф. Волошенко встречается в сборнике тезисов-
докладов  на  седьмой  научно-технической  конференции,  состоявшийся 
в  Усть-Каменогорске  в  1967  году.  Свидетелем  первого  посещения 
Павлодара, 22 мая 1965 года является книга Н.И.Королева Регулирование 
судовых дизелей, (М., 1965.)
На  книге  профессора  И.Н.Левинсона  Измерение  и  расчет  влажного 
воздуха,  М.,  1933.  Л.  (тираж  10000),  в  левом  углу  читаем  «Библиотека  
П.А. Бризона. 29.10.1933. Иркутск», а в правом, как обычно, Ф. Волошенко 
10.6.1939,  Иркутск.  Могу  представить  изумление  наследников  Бризон, 
попадись  им  на  глаза  эти  строчки  о  книге  их  библиотеки!  Книга  Карл 
Ридл Конструирование и расчет современных автомобильных двигателей, 
приобретенная  в  феврале  1955  года,  издана  в  1934  году,  а  вышедшая  в 
Москве в 1938 году «Быстроходные судовые двигатели» - в городе Коломна 
в  мае  1947  г.  для  нас  это  свидетельство,  что  Ф.  Волошенко  завсегдатай 
букинистических  магазинов.  Еще  одна  зарубка  об  Иркутске  –  книга  
А.К. Постникова Советские мотоциклы - Л., 1941, приобретенная 10.11.1941. 
На Западе бои, а здесь в глубоком тылу личная библиотека пополнилась 

Вестник ПГУ №1, 2010

последней книгой военного лихолетья. Годы и годы спустя, в апреле 1970 года 
Ф. Волошенко получил сборник «Известия Иркутского сельхозинститута», 
выпуск 27, том 1, 1969. 
Трогательно  бережное  отношение  к  книге  со  стороны  Волошенко 
очевидно. Лишь на одной из них В. Вайшейдт Судовые двигатели внутреннего 
сгорания. Теория, М., 1958., месяц спустя после приобретения в Горьком, 
едва читаем карандашный след «общее неудобство: нумерация и фигуры по 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет