Гуманитарные и педагогические науки



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата12.03.2017
өлшемі0,64 Mb.
#8804
1   2   3   4   5   6   7

Ұлттық рухы күшті адам 

 

Ұлттық рух – патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі.  

Бұл-  ұлттың  ішіндегі  жеке  адамның    асыл    белгісі  мен  қасиеті,  өз  халқына 

деген сүйіспеншілігі. Ұлт мүддесін қорғаушылардың бірі қайсар, тұлғалы ақын М. 

Шаханов: «Халықта  ең  бірінші  ұлттық    рух  болуы  керек!»  десе,  осындай  асыл 

қасиеттерді бойына жинаған  ұлттық рухы күшті адамдардың бірі – С.Сейфуллин. 

С.Сейфуллиннің  өмірдеректерінде  батылдығы мен халқына деген аяулы  сезімінің  

айғағындай мысалдар аз емес.  

С.Сейфуллин  –жан-тəнімен  түгелдей  өз  халқы  мен  еліне  арнаған  үлкен 

жүректі  азамат,  ірі  мемлекет  қайраткері.  Қазақстан  тұтас  елдікке  ұмтылған 

кезеңінде  республика  басшыларының  бірі  болды.  Өз  халқын  басқа  елдермен  тең 

деңгейге  көтерді.  Қазақстан  үкіметінің,  яғни  ҚазАССР  Халық  комиссарлары 

Кеңесінің төрағасы қызметіне сайланады.  

1923 жылы «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген  мақала жазады. 

Онда: «Басқа  жұрттан    бұрын  өзімізді  өзіміз  «киргиз»  дейміз.  Бұл  біздің  



əлсіздігімізді    көрсетеді»  дей  отыра  «Қазақстанның  орталық  өкіметі  «киргиз» 

дегенді қойып, «қазақ» деген  есімді  қолдануға  жарлық  керек. «Қазақты  қазақ 

дейік,  тарихи  қатені    түзетейік»  деп  ұсыныс  жасайды.  Тікелей  Сəкен 

Сейфуллиннің жеке-дара  осы  мəселені  көтеруі  арқасында ғана 1925 жылы  қазақ 

халқы  өзінің  тарихи    атауына  ие    болдаы.  Одан  кейін    іле-шала    қазақ  тілі  

мəселесін  көтереді.  1923 жылы 9 маусымда  «Кеңсе    істерін    қазақ  тілінде  



жүргізу керек» деген мақаласын жариялайды.  

Жер  мəселесіне  де,  мал  санатына  да  қатысып,  жер  мəселесі – ел  тағдыры, 

болашақ ұрпақ тағдыры екендігін айтады.  

С.  Сейфуллин  қазақ  халқының  біртума  азаматтарының  мерей  -мəртебесін 

көтереді.  Сəкен  Алашорда  көсемдерінің  бірі – А.  Байтұрсынұлын    қадір  тұтқан 

адам. «Ахмет  Байтұрсынұлы 50-ге  толды»  деген    мақаласында:  «Қазақ  халқын 

байға,  кедейге  бөлмей  намысын  бірдей  жыртты,  арын  бірге  жоқтады…  өзге 

оқыған  мырзалар    шен  іздеп  жүргенде,  қорлыққа  шыдап,  құлдыққа  көніп  ұйқы 

басқан қалың қазақтың  ұлт  намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша 

заманында  жалғыз-ақ  Ахмет  еді.  Өзге    оқыған    замандастары  өз  басының  

пайдасын  ғана  іздесе,  ол  өзінің  ойға алған  ісі үшін бір басын бəйгеге тіккен еді.  

А. Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл» («Е.Қ.»30.01.1923)  деген 

ойды    ашық    айтып  жазған.  Өйткені  қос  арыстың  ұлт  мəселесі    маңайындағы  

ойлары, мақсаттары, əрекеттері бір-бірімен  астасып, үндесіп жататын еді.   


 

9

С.Сейфуллиннің  халқына  деген  жанашарлығының  белгісі  мұнымен    де 

шектелмейді.  Ол  оқу-ағарту  ісін  келелі  мəселе  ретінде  көтеруде  де  өзіндік  бет-

беделімен таныла білген тұлғалардың бірі. 20-жылдары С.Сейфуллин  жоғары оқу 

орындарында  (Қызылорда  халық  ағарту    институтында,  Ташкент  қазақ 

педагогикалық  институтында,  Абай    атындағы  Алматы  педагогикалық 

институтында)  қазақ  əдебиетінен  дəріс    оқыған.  Қызылорда  халық  ағарту 

институтында  ректор  болған. 1924 жылы    Орал  қаласында  жалпы  білім  беру 

пəндерімен  қатар    шахмат  ойнаудың    негізін  үйретуді  көздеген  ең  бірінші  қазақ 

мектебін  ашқан.  Халқының    сауаттылығына    көңіл  бөліп,  жастардың  оқып  білім 

алуы  үшін  зор    еңбек    еткен.  Ол  оқу-ағарту  комиссарының  орынбасары  болды. 

«Еңбекші  қазақ»  газетінде, «Əдебиет  майданы»  журналында  жауапты  редакто  

болып жұмыс істеген. 

С.Сейфуллин  халқымыздың мəдениеті жəне  рухани мұрасын насихаттауға 

да  көңіл  бөлген.  Совнаркомда  жұмыс  істеген  жылдары    Түркістандағы  Қожа 

Ахмет Иссауи  кесенесіне  күрделі жөңдеу жүргізуге қаражат бөлуді сұраған. Қазақ 

халқының    рухани  мұраларын,  ауыз  əдебиетін  үйретуге  көңіл  аударып,  ақшалай 

дағдарыс  болған  күннің  өзінде    Александр  Затаевичке    ақша  жинап,  қазақ 

халқының 1000 əнін дайындап, баспадан шығаруына көмектескен.   



 

С.Сейфуллин    халық    жадында  сақталар  жан.  Сəкен – біздің  ұлттық 

мақтанышымыз,  ел  үшін  еңіреген  ер,  қайтпас  қайсар  күрескер.  Ол  өз  ұлтын 

қалтқысыз  сүйіп,  халқына  орасан  зор  еңбек  сіңірді.  С.Сейфуллин - əрдайым  

жұртының    жадында    жаңғырып  тұратын    тарихтың  да,  тағдырдың  да  сынына 

төтеп  берген тұлға. 

 

Аталмыш  мəтін  баспасөз  беттерінде  жарияланған  бірнеше  мақалалардан 

іріктеліп  алынды.  Мəтінді  оқи  отыра  тиісті  таңбаларды  қойған  соң  əрбір  студент 

өзіне таныс жəне жаңа ақпаратты айтып беруі керек. Мəтін бойынша  кімде сұрақ 

тудырды  сол  жайында    сұрап  талқылаймыз,  идеялардың    тізімін  анықтаймыз. 

Қаншалықты  түсіндендіктерін  бақылау  мақсатында  топқа  төмендегідей 

тапсырмалар береміз. 

 

I топқа II 



топқа III 

топқа 

1.Сəйкестігін табыңыз 

асыл белгісі – борец 

ұлт мүддесі – сразу 

қайсар тұлға – факты из жизни 

өмірдерек – перепись 

жан - тəнімен - сверстники 

іле- шала – всей душой  

кеңсе істері – решительный, 

смелый, воевой 

мал санаты – в памяти народа 

бір тума – ценные  качества 

көсем- сверстники 

мерей-мəртебе – 

представитель 

құлдық – национальный 

интерес (интерес нации ) 

замандас- видные деятели ( 

1. Орысша  

баламасын атаңыз 

асыл белгісі –  

ұлт мүддесі –  

қайсар тұлға –  

өмірдерек – 

жан - тəнімен - 

сайлану – 

жарлық –   

ұсыныс – 

ие болу –  

іле- шала – 

кеңсе істері –  

мал санаты – 

бір тума –  

жариялау –  

күрескер 



1. Қазақша баламасын 

беріңіз 

в памяти народа - 

ценные  качества - 

факты из жизни - 

пропагандировать -  

представитель - 

национальный интерес 

(интерес нации )    - 

один из тысячи - 

видные деятели ( двое) - 

статус - 

всей душой  - 

перепись  - 

предложение - 

смелый, воевой, 

решительный - 



 

10

двое) 



қос арыс – один  из тысячи 

халық жадында – канцелярская 

работа (делопроизводство) 

2. Ұлттық рух дегенді қалай 

түсінесіз? 

3. Халыққа ең бірінші не 

керек? 

4. 1920-1923 жылдары  Сəкен 

қайда  жұмыс  істеген? 

 

2. Сəкен Сейфуллин 

қандай  мақалалар 

жазған? 

3. Ахмет 

Байтұрсынұлы 

туралы жазған 

мақала- 

сында қандай ой 

айта- 

ды?  

4. Қандай  газет, 

журналдарда  

редактор болып 

жұмыс істеген? 

 

 

канцелярская работа, 

(делопроизводство) - 

2. Оқу –ағарту  ісінде 

атқарған қызметі 

жөнінде не айтар 

едіңіз? 

3. 1924 жылы қандай  

мектеп ашқан? 

4. С. Сейфуллиннің  

халқымыздың  

мəдениеті  мен  рухани 

мұрасына қосқан  

үлесі қандай?   

Қойылған сұрақтарға толық жауап  алған соң мəтінді оқудағы  принцип бойынша  

жалпыланған  кесте құрғызамыз.   

 

«V»- білемін «+» 



жаңа, «-» 



қайшылық «?» 



күдік 

 

 



 

 

 



Студенттердің  өздік  жұмысының    ең  маңызды  бөлігі – мəтінмен  жұмыс 

десек, мəтінмен  белсенді жұмыс істеуде  инсерт  стратегиясы өте тиімді. ИНСЕРТ 



селқос оқуды жеңудің  негізгі жолдарының бірі болып табылады.  

Бұл    ИНСЕРТ  стратегиясы    арқылы  студент  өзінің  жеке  білімін 

бақылайды, ақпаратты мұқият оқуға  дағдыланады, бұрын оқыған  материалды 

жаңа  материалмен  байланыстырады,  қатынас  шеберлігін  қалыптастырады, 

материалды  əрі қарай оқуға  ынталанады.   

 

Студенттің  жеке  өзі    орындай    алмайтын  ауқымды  материалмен  жұмыс 



істеген  кезде    ИРЕК  стратегиясының  тигізер  ықпалы  зор.  Сондықтан    бұл 

стратегияны  мəтіннің мазмұнын айтқызу кезінде қолданамыз.  



Ирек  стратегиясында  алдымен  кооперативті    топтарға,  топ 4 адамнан 

тұратын  топшаларға  бөлеміз;  одан  кейін  əркім  өзіне    белгілеген  бөліктерді  оқып, 

танысады;  содан  соң  1+1+1+1, 2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4 сарапшылық  

топтардағы  жұмыс, яғни  кім    мақаланың    бірінші  бөлігін    оқы-ды,  солар    бірінші 

сарапшылық  топқа,  екінші  бөлікті  оқығандар – екіншісіне  айтып,  солай  өздерінің 

материалдарын  талқылауы  қажет.  Яғни    əркім    өзінің    кооперативті    тобына  

оралған кезде  жанындағыларға  өзінің  бөлігін  толығымен  түсіндіріп айтып бере  

алатындай  жағдайда  болуы  керек.  Топтың  барлық  мүшелері    мəтіннің  мазмұнын 

толық түсініп,  айтып беруі қадағаланады. Бұл ирек стратегиясын қолдану  арқылы  

мəтінді    терең    өңдеуден    өткіземіз,  материалды  бірнеше  қарау  мүмкіндігін 

туғызамыз. Ал сабақты бекіту, қорытуу  мақсатында  ротация  əдісін қолдануға 

болады.    

Ротация  əдісінде:  а)  Сұрақтар  нөмер  қойылған  қағаз  парағына  жазылады 

да,  дəрісхана  қабырғасына ілінеді. 


 

11

 б) 3 не 4 студенттен    тұратын    топқа  нақты    сұрақ  беріледі.  Олар  сұрақ  



жазылған    параққа    таяу  келіп, 4-5 минут  уақыт  ішінде  талқылайды  жəне 

жауабын  параққа  жазады.Сабақ  барысында  берілген нақты  сұрақтар:  

 

I топқа: 

–  Билік  тағына  отырғанына  2 ай  толар  толмастан,  яғни  1923 жылдың    15 

ақпанында ұран тастай жазған мақаласының атауы... 

-  төмендегі  сөйлемді  қазақ  тіліне  аударыңыз.  Он  верил,  что    через 20 лет 

угнетенный  в  прошлом  казахский  народ  встанет  вровень  с    передовыми  нациями 

Европы. 

 

II топқа

қазақ тілі  мəселесін көтерген мақаласының атауы ... 



төмендегі  сөйлемді  қазақ  тіліне  аударыңыз.    На    заседании  Совнаркома 

поднимался вопрос по  сбору средств на ремонт  мавзолея Ходжа Ахмеда Яссави В 

Туркестане 

 

III топқа: 

– Керек жерінде  кесімді  пікір айтқан үш ұстанымын атаңыз.  

-төмендегі сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз. 1938 г. Незаконно репрессирован. Он 

был  по  ложному  обвинению  арестован,  назван  врагом  народа,  осужден  и 

расстрелян. 

Қабырғада  ілінген    сұрақтарда    үйде    өз  бетімен  дайындалу  мақсатында  

берілген тапсырмалар қамтылады.Олар төмендегідей болуы мүмкін. 

1. С.Сейфуллиннің  дүниеге келген жылы, Сəкеннің шын аты, əйелінің аты?.  

2. Приходская  мектебінде оқыған жылдары? 

3. Ең алғашқы өлеңдері мен мақалалары  жарияланған журнал атауы? 

4. 20 жасында жазып, баспадан шығарған  ең  алғашқы  өлеңдер  жинағы?   

5. Драмалық туындысының аты? 

6. Монография-романының аты? 

7. Ең алғаш қамауға алынған жылы? 

8. Сəкен  есімі ақталған жыл? 

9. Сəкен  шығармашылығын зерттеген  əдебиетші-ғалымдар? 



.в) оқытушының  берген белгісі бойынша топтар қабырғадағы басқа  жаңа 

параққа  жылжиды.  Сұрақ  пен  жауап  жазылған  парақты  оқиды  да    өз 

түсініктерін қосады.  

г)  оқытушы  топтардың  берілген  тапсырманы  орындай  отырып  өздері 

бастаған параққа келгенге дейін жылжи берулерін сұрайды.  

Міне, осындай интерактивті əдістермен өткізілген сабақ  студенттің  бел- 

сенділік  əрекетін тудырып, əдеби шығармаларды талдауға машықтандырады, 

өзіндік  пікір айтуға, ізденіске, əдеби  сөйлеуге, ойын қатесіз жаза білуге  қол 

жеткізеді,  əрі  студенттің  шығармашылығын  дамытады.  

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Өкешқызы Г. Сəкен мемлекет жəне қоғам қайраткері // Астана хабары 

-2006ж. №179 

2.

 

Қажыбай Т. Қазақтың Сəкені  //Арқа ажары -2005ж. №42 



 

12

3.



 

Кəкішұлы Т.  Қазаққа қамқор бола білген Сəкен // Парасат  

2004 ж. №12  

4.

 

С.Сейфуллиннің 110 жылдығына  арналған  ғылыми  конференция 



жинағы, Астана -2004ж. 

 

Түйін 

 

В  статье  ведется  речь  о    методах  обучения  государственному  языку 



студентов  неязыковой  аудитории.  Также  в  статье  рассматриваются      пути 

использования  интерактивных  методов  на  уроках  казахского  языка  с  целью 

активизации действия студентов.   

 

Summary 

 

This article considers the methods of teaching state language to the students of 



nonlinguistic higher establishments. The ways of interactive teaching techniques at the 

lessons of the Kazakh language to motivate the students’ activities are also considered in 

the given article.  


 

13

ӨТКІР ОЙ - КӨРКЕМ ТІЛ 



 

 

Г.А. Боранкулова 

 С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ 

 

Жалпы, тiл оймен, мəдениетпен, ұлттық ерекшелiктермен, табиғатпен тұтас, 



етене құбылыс екенi белгiлi. Ақындар поэзиясының суреттiлiк, бейнелiлiк жүйесiн 

сөздiң  символикалық-поэзиялық  жəне  реалистiк  мəнi  мен  реңктерi  арқылы  да 

көрсетуге  болады. «Кей  жағдайда  сөз  бен  ақын  образы  астасып  кетедi.  Əсiресе, 

айтыс  ақындары  қарсыластарының  қабырғасын  қайыстырып,  тiзе  бүктiру  үшiн, 

сөзiн  iрi,  өзiн  таудай  қылып  сипаттайды.  Олар  алуан  қырлы,  сан  түрлi  теңеулер 

табады», - деп  ғалым  С.Негимов  көркем  ой  мен  сөздiң  ұлттық  ерекшелiктері 

жинақталған,  дүниетанымын  аңғартатын,  тапқырлық  пен  бiлгiрлiктi  танытатын 

құндылық  екенiн  түсiндiредi [1]. Ақындардың  образды  ойы,  тiлi,  поэзиядағы  тiл 

шеберлiгi 

нақыштап, 

түрлендiрiп, 

құлпыртып, 

безендiрiп 

қолдануынан 

аңғарылатыны  анық.  Поэзиялық  айқындау  шығарманың  көркемдiк  шырайын, 

эстетикалық  сипатын,  халықтың  сана-сезiмiн,  əлеуметтiк-тұрмыстық  дəрежесiн, 

ақынның  ойлау  жүйесiн,  көргендiгiн,  мəдениетiн  айқындайтыны  тағы  бар.  Əл-

Фараби поэзия өнері жайлы бірнеше еңбектер тастай отырып, тiл ғылымын барлық 

ғылымдардан  жоғары  қояды.  Яғни,  ақындық  қиялдың  қуатын,  түйсiк  зеректiгiн, 

халықтың  əдет-ғұрпын,  салт-санасын,  арман-мұратын,  шаруашылық  кəсiбiн 

шындыққа  айналдыратын  құрал – тiл.  Адамзат  қоғамының  мұрасы,  ақыл-ойдың 

жемiстерi, ғасырлар тұңғиығындағы құндылықтарымыз тiл арқылы жететiнi анық. 

Əрбiр  халық  əдебиетi  сөз  бейнелеу  тəсiлдерiмен  ерекшеленедi.  Көркем  əдебиет 

үшiн, əсiресе, ұлттық тiлдiң зор маңызға ие екенi айдай анық. Ғалым Т.Қоңыров өз 

еңбегiнде: «Тiл - əдебиеттiң құрылыс материалы, ол - əдебиет өсiп-өнетiн топырақ, 

ол - əдебиет тыныстайтын ауа», - деген шынайы ойын жеткiзген [2]. Жалпы, тiлдiң 

қай  ғылымда  болмасын  ролi  ерекше,  тiлдiң  бейнелi  конструкция,  стильдiк 

көрсеткiш,  танымдық  құрал  екенi  ғылымда  қазiрге  дейiн  дəлелдене  түсуде.  Тіл 

қазынасының  бұйығы  қорын  жасаушы,  тiлдi  қоғамдық-саяси  өмiрдiң  өтiмдi  де 

өткiр құралы ретiнде жұмсаушы Ақадыр-Шет өңiрi ақындары əдеби мұраларының 

тiлдiк  көркемдiк  ерекшелiгi  жайлы  сөз  қозғамақпыз.  Диа  қажы  бастаған  ақындар 

легi, Диа iзбасарлары тiлдiң жұмсар орнын, сөздiң қадiр-қасиетiн түсiне бiлдi. Олар 

қандай  да  бiр  келеңсiз  жағдайларда,  ел  басына  күн  туған  тұста  «тiл  найзасын» 

қолданды.  Орайына  қарай  тiл  мəдениетiн,  тiлдiк  норманы  жете  сақтай  бiлдi. 

Түйiндi  ойды  түйдектi  тiркестермен,  теңеулi  қолданыстармен  жеткiздi.  Əрбiр 

ойдың  көркемдiк  дəрежесiн  асырып,  айшықтау,  алмастыру  сияқты  бояулармен 

тiлдiк  шеберлiктерiн  таныта  бiлдi.  Теңеулер,  метафоралар  арқылы  тiл 

шырайлығымен  ақындар  өз  ойларын  əшекейлей  бiлдi.  Ақадыр-Шет  өңiрiнiң  қай 

ақынының шығармасын алсақ та, тiлiнен қоғамдық-саяси ақпараттар ағынын анық 

ұғуға  болады.  Əрбiр  сөз  саптамдарынан  тарихи  жағдай,  тұрмыстық  ахуал, 

халықтың  мақсат-мүддесi  хабардар  етiледi.  Ақадыр-Шет  өңiрi  ақындары  тiлдi 

зерттеп,  арнайы  еңбек  жазбаса  да,  шығармаларынан,  ақындық  шеберлiк  тудырған 

поэтикалық  өрнектерiнен  тiл  бiлiмi  ғылымының  сан  алуан  мəселелерiне 

байланысты  көңiл  аударарлық  тұстарын  табу  қиын  емес.  Осы  өңiр  ақын-

азаматтары  тiлдiк  қолданыс,  оны  көркемдеу  əдiстерiнен  дəрiс  тыңдап,  арнайы 

сабақ  алмаса  да,  халықтық  үлгiден  сусындап,  елдiң  қоғамдық-əлеуметтiк 



 

14

мүдделерiн  өтеу  үшiн  тұтынылған,  бейнелi,  асқақ  стильге  құрылған  сөзсаптау 



жүйесiн  қолданды.  Осыған  орай,  жалпы  тiл  бiлiмiнде  «супердиалект»,  орыс 

филологиясында  «наддиалект»  деген  терминмен  аталып  жүрген  сөз  жұмсаудың 

халық тезiнен өткен бұл түрi – қазақ тiл танымында «көсем тiл», аракiдiк «төбе тiл» 

дейтiн күрделi атаулармен берiлiп жүргендiктен, ақындардың үйрену мектебi дау-

дамайда ұстанған халық билерiнiң сөзсаптау үлгiлерiнен, ел мен елдiң арасындағы 

дипломатиялық  қарым-қатынастарды  жүзеге  асырушы  мəмлегер  шешендердiң 

тiлдесу  мəдениетiнен,  дiни  қағидаларды  орындаудан  жəне  т.б.  ата  салтының 

жоралғыларын  атқарумен  байланысты  шартты  сөйленiс  машықтарынан  нəр  алды, 

сабақ алды. Ақадыр-Шет өңiрi ақындары - тiлдiң қасиетiн, тiлдiң қызметiн жақсы 

ұғынып,  сөздi  жақсы  бағалаған  азаматтар [6]. Мəселен,Бабастың  «Нала»  атты 

өлеңiнде: 

             

 

 

Көрдiк ақты, көрдiк көктi, қызылын, 



 

 

 



 

Дарағашта жiптiң салды ұзынын. 

 

 

 



 

Тiлдi кестi, жөн сiлтерсiң қалайша, 

 

 



 

 

Кiм түсiнер маса тiлдiң ызыңын, - [5] 



деп,  саяси  жағдайды  аңғартумен  қатар,  ел-елдiң  жiкке  бөлiнген  кейпiн  ақ,  көк, 

қызыл  деп  түсiндiредi.  Бұл  жерде  ақ,  көк,  қызыл  деген  сөздер  түс  емес,  бiрыңғай 

сын  есiмдердiң  заттық  ұғымға  айналған  субстантивтiк  формасы.  Ақынның  өлең 

жолдарындағы  тiлдi  кестi  деген  ауыспалы  ұғымды  қолдануында  да – заман 

көрiнiсi  жатыр.  Қазақта  «Бас  кеспек  болса  да,  тiл  кеспек  жоқ»  деген  тұжырымды 

қағиданың  өзi  Бабас  ойының  ауыспалы  ұғымда  қолданылғанын  дəлелдейдi.  Дала 

демократиясының үрдiсiн ұстанған Ақадыр-Шет өңiрi ақындары ой бостандығын, 

сөз  бостандығын  сүйген  өршiл,  өжет  ақындар  екенiн  Бабас  өрнектеген  айшықты 

ойлардан  байқауға  болады.  Ақынның  «маса  тiлдiң  ызыңын»  деп  берген 

метафоралық  қолданысының  өзi  əдеби  тiл  өлшемiне  сай  сыңарын  айтпақшы  ойға 

үйлестiрiп,  жеткiзу  мəдениетiн  арттыру  үшiн  де,  əдеби  тiлдiң  заңдылықтарын 

сақтау үшiн де маңыздылығын түсiнгенiн айтып өту керек [7]. 

Жалпы, ақындардың серпiнiне, шеберлiгiне лайық көркемдiк көрсеткiштер аз 

емес.  Сөздiң  ажарлысын,  құлаққа  жағымдысын,  үздiгiн,  реңдiсiн  тiзе  бiлген 

ақындар келiстi эпитеттердiң, сəйкестi теңеулердiң, əсерлi айшықталған суреттi 

тiзбектердiң  нəрлiсiн  поэзияға  орайластыра  бiлулерiнiң  өзi  ерекше.  Мысалы, 

Диақажының «Кəрiлiк» деген ұзақ өлеңiнде: 

 

 

 



Бейiмдеп қас пен қабақ, көздi құршап, 

 

 



 

Секiлдi жауыны жоқ түнерген бұлт. 

   


 

    


 Айранға шелектегi бас сұққандай, 

 

 



 

          Ағарды алақ-жолақ сақал мен мұрт, - [4] 

деп,  поэзиялық  бейнелiлiктi  мағына-сырға  толы  эстетикалық  талғаммен,  көркем 

қиыстырумен,  көркемдiк  ойлаудан  туындаған  теңеу  сипатында  берген  талғаммен 

сайдырып  аша  түскендей.  Ақын  тұрмыстық-философиялық  дүниетанымын 

«уақыт»  деген  ұғыммен  образды  жеткiзуге  тырысады [6]. Немесе,  осы 

туындысында: 

 

 



 

 

Қартайған бəйге атындай қарқыншыл боп, 

 

 

 



 

Ұрынамын тартқан соң миым сылдыр, - [4] 

деп, дауасы жоқ кəрiлiктi қартайған бəйге атына теңесе, ендi бiрде: 

 

 



 

 

Тоғытқан томар суға қой секiлдi, 

 

 

 



 

Ғазiрейiл болған күнi орақайты, - [4] 



 

15

деп, ажал ғайыптың келуiн де теңеу арқылы əсерлi де бейнелi жеткiзедi. Яғни, Диа 



ақын  сөздiң  эстетикалық  қызметiн,  танымдық  мəнiн  шебер  меңгерiп,  негiзгi 

айтайын  деген  ойын,  тақырыбын  көркемдiк  мағынасы  айрықша  дiни-нанымдық, 

тұрмыстық, халықтық оралымдармен үйлестiрiп, мəнерлi сипаттайды. 

 

Лирик ақын Адасбек те: 



 

 

 



 

Көп бұлақ көкорайдан тiлiп ағып, 

 

 



 

 

Сандалтау саясында сəндi-ау сайың. 



 

 

 



 

Жел шертiп домбырасын бұлбұл əншi, 

 

 



 

 

Өзгермей өсер деушi ек осындайың, - [5] 



деп,  сөз  сырларын  еркiн  ағытып,  əдемi  де  əсерлi  табиғи  суреттердi  дүниеге  əкеле 

отырып,  метафоралық  қолданыстағы  тiркестердi  мəндес  құбылыстарды  ұқсату 

негiзiнде  əрi  бiр  нəрсенi  екiншiсiне  балап  көрсету  арқылы  бейнелi  суреттейдi. 

Жалпы, «Əдебиеттану  терминдерiнiң  сөздiгiнде»  метафораға  төмендегiдей 

анықтама  берiлген: «Метафора - екi  нəрсенi,  құбылысты  салыстыру  жəне 

жанастырып-жақындастыру  негiзiнде  астарлы  тың  мағына  беретiн  бейнелi  сөз 

немесе  сөз  тiркесi.  Ол  сөздiң  бейнелiлiк,  суреттiлiк  қасиетiн  аңғартатын  тiл 

құралдарының  бiрi» [9],-деп  нақтыланған  болса,  əдеби  тiлдегi  теңеу  мен 

метафораның  аражiгiн  ажыратуға  байланысты,  көптеген  лингвист  ғалымдар 

сыңаржақты  пiкiрлер  ұсынуда.  Демек,  əлi  де  күмəн  тудыратын  тұстары  болса  да, 

бiраз  ғалымдардың  еңбегiн  ескере  отырып,  Ақадыр-Шет  өңiрi  ақындарының 

шығармаларындағы  троп  сөздердiң  бiрi  метафора  мен  теңеудi  табуда 

семантикалық, яғни мағыналық əрi грамматикалық формасына қарай талдау талап 

етіледі [8]. Күмiсбек ақынның төмендегi өлең жолдарындағы: 

 

 

 



 

 

Бiлдiрмей Николайдың берген уын, 



 

 

 



 

 

Баладай надандықпен сүт деп емдiк, - [5] 

деген уытты теңеуi, Қапас ақынның: 

Сиясын көлдей тамызды, 

Қағазын төрттеп қайырды, -  

деген шымбайға батар шындықты теңеуi, тағы да Қапастың

Атандай сүрген алты күн, 

Томалақтай тайраң күн? 



Оңы келсе оңынан, 

Солы келсе солынан, 

Күйген сақал, жирен шаш, 

Бiр-ақ түнде жайратқан 

Келер ме қайтып ойран күн? -[5] 

деп  жырлаған  өлең  жолдарындағы  бейнелi  теңеулерi  сол  замандағы  ақиқаттың 

арашашысы болғандай. Ақын қаламынан туған эпитеттiң де салмағы əжептəуiр. Ал 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет