Түлік
Атасы
Шақыру
Дыбыс
шығаруы
Тобы
Жылқы
Қамбар ата
Құрау-құрау
Кісінейді
Үйір
Түйе
Ойсыл қара
Көс-көс
Боздайды
Келе
Сиыр
Зеңгі баба
Аухау-аухау,
əукім-əукім
Мөңірейді
Табын
Қой
Шопан ата
Пұшайт-
пұшайт
Маңырайды
Отар
Ешкі
Шек-шек (сек-
сек ата)
Шөре-шөре
Маңырайды
Отар
Сондай-ақ осы төрт түлік малдан алынатын азық-түлік, жеңіл өнеркəсіпке
арналған шикізат өнімдері туралы, олардың қазақ тілінде қалай аталатындығы
жайлы да айтып өтемін. Мысалы, жылқының қылын, ешкінің түбітін, қойдың
жүнін, түйенің шудасын қазақ халқы қалай қолданғанын, қалай қастерлегенін
немесе ешкі сүтінің, сиыр сүті мен айранының, жылқы саумалы мен қымызының,
түйе шұбатының қаншалықты емдік қасиеті бар екендігін өзге ұлт өкілдерінің білуі
артық болмайды.
Мал шаруашылығы мамандығында білім алып жатқан студенттерге осы
салаға қатысты нақыл сөздерді, мақал-мəтелдерді де түсіндіріп, олардың
мағынасын ашу арқылы да біршама мəлімет беруге болады.
Осы мақсатта «Түйе шудасын, жылқы жалын, сиыр мүйізін төсейді», «Мал
жуасы – қой, аң жуасы – қоян», «Ешкі жейді ебелек, ешкіні жейді кебенек», «Ер
қанаты – ат», «Артқы түйенің жүгі ауыр», «Есектің еті арам, күші адал» секілді
көптеген мақал-мəтелдерді пайдалануға болады. Сол арқылы өзге ұлт өкілдеріне
ұлттық танымда білім бере отырып, халықтық түсініктен хабар береміз.
Соңғы жылдары қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді жетік
меңгерген кəсіби білікті маман даярлау ісі қолға алынуда. Жоғары оқу
орындарында білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде жасалған қазақ тілінің
типтік бағдарламасында студенттердің кəсіби деңгейін жетілдіру көзделіп,
мамандық əлеміне арнайы бір семестр арналған. Бұл семестрде студенттің өз
мамандығына қатысты терминдермен, тілдік ұғымдармен танысуына кең мүмкіндік
туылады. Яғни он бір жыл бойы қазақ тілін мектеп бағдарламасы бойынша оқып-
біліп келген жас талап ендігі жерде кəсіби тілде сөйлеп, өзінің өмірлік кəсібіне
қатысты мəліметтерге қанығуы қажет. Əрине, мамандыққа арнап берілген бір
семестрде көп мəселенің басын қамту мүмкін емес. Тұтас бір мамандықтың
терминдерін меңгерту үшін жоғары оқу орны бағдарламасындағы қазақ тіліне
арналған сағат саны көбейтілуі керек деп есептеймін. Дегенмен осы аз уақыт
ішінде кəсіби лексиканы мемлекеттік тілде игерту ісінде дұрыс əдіс-тəсілдер
қолданылса, біраз нəтижеге қол жеткізуге болады.
51
Əдебиеттер
1.
Алдашева А. Аударматану (лингвистикалық жəне лингвомəдени
мəселелер). Оқу құралы. Алматы. Арда. 2006-141 б.
2.
Лотте Д.С. Краткие формы научно-технических терминов. М., 1971.
3.
Тлепин
Б.Қ.
Мал
шаруашылығына
қатысты
лексиканың
этнолингвистикалық табиғаты. Филология ғылымд. канд. автореферат. Алматы.
1997.
Резюме
В данной статье рассматривается вопрос подбора текстов в процессе
обучения казахскому языку лиц неказахской национальности. А также
акцентируется внимание на введение в лексику терминов, касающихся
определенной профессии или специальности. Данные термины, касающиеся
этнолингвистики, берут начало из глубины веков, поэтому происходит не только
лингвистическое обучение студентов, но и обращение к истокам народной
мудрости.
Summary
The question of texts` assortment in the process of the Kazakh language learning
by persons of not Kazakh nationality is considered in the given article. An attention also
accentuates on the introduction of terms into vocabulary concerning definite profession
or specialty. These terms relating to ethno linguistic originate in ancient times, that is
why not only students` linguistic education, but also the appeal to source of people
wisdom takes place.
52
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУ МЕН
ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Э.Ж.Əлімқұлова доцент, п.ғ.к.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ
Бүгінде қалыптасқан тарихи-əлеуметтік жағдай, қоғамдық саяси құрылым
жан-жақты дамыған, білікті, нарық талабына шыдап бере алатын талғамы,
интеллектуалды деңгейі жоғары маманды дайындау бағытында педагогтарға үлкен
талап қойылып отыр. Педагогтардың білім беру үрдісіндегі мақсаты тек белгілі пəн
бойынша білім беріп қана қоймай, осы жинаған білім қорын əртүрлі жағдайда
орнымен қолдана білуге, мəнді қорытынды шығара білуге үйрету, өз бетімен
байыпты, ұшқыр əрекет жасауға баулу.
Кредиттік оқу жүйесінде мемлекеттік стандарт бойынша студенттердің
оқитын пəндеріне дəріс, зертханалық жұмыс, машықтану сағатымен қатар өзіндік
жұмыс жасайтын уақытқа көп көңіл бөлінген. Пəнге берілген бар сағаттың 70
пайызға жуығы студенттің өзіндік жұмыс жасауына арнайы беріліп отыр.
Сондықтан да педагогтардан өзіндік жұмысты ұйымдастыруда ғылыми
практикалық тұрғыда ұтымды түрлері мен формаларын анықтап, жұмыс жоспарын
тиімді құрудың əдістерін, оның қай жəне қандай дəрежеде іске асатындығына көңіл
бөлген орынды.
Əрине, өзіндік жұмыс өзгенің көмегінсіз атқарылатын жұмыс екені белгілі.
Дегенмен, ол өзіндік жұмыс пен оқытушының көмегімен жасалынатын өзіндік
жұмыстың шекарасын ажырату қиын. Бірақ, бұл іс жүзінде соншалықты маңызды
рөл атқармайды. Қандай пəн болмасын біз оның пəндік ерекшелігіне, оқытылу əдісі
мен формасына өзіндік жұмысты кіріктіре пайдаланудың мəнін білгеніміз жөн.
Мысалы, химия пəнін оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырып өткізуде мен оны
студенттің алған білімді игеріп, түсініп, оны түрлі жағдайда қолдана білу
мүмкіндігін қаншалықты меңгергендігін тексеріп бақылау үшін қажет деп
түсінемін. Сондықтан студенттің өзіндік жұмысын жоспарлағанда оны белгілі бір
үлгі арқылы тексеріп, сүлбесін жасауға жəне стандартты емес жағдайларда
қолданудың бар мүмкіндігін қарастыруға тырысу қажет.
Студенттің білімін тексеру барысында белгіленген бір деңгейден екінші
деңгейге өткенде білім жан-жақты барынша толығымен тексерілгені жөн, өйткені
асығыстық жасауда кемшілікке, жетіспеушілікке орын беруіміз мүмкін. Өзіндік
жұмыс берілген тақырып бойынша дайындалып, орындалу уақыты да тақырыптың
мақсатына сай келгені жөн.
Студенттің өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттырып, дағдысын
қалыптастыру мақсатына оқытушыға өзіндік жұмысты ұйымдастыруда
аудиторияда немесе аудиториядан тыс жағдайда көп ғылыми педагогикалық еңбек
қажет. Бірақ біз қазіргі жағдайға қарайтын болсақ, онда оқытушылардың оқу
жүктемесіндегі сағат көлемі өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмаларды,
жұмыстарды шығармашылық деңгейде орындауға, əдістемелік нұсқаулармен жан-
жақтылы толық қамтамасыз етілуін қанағаттандырмайды. Бұл əсіресе жалпы білім
беретін пəндердің оқытушыларына тиісті, өйткені онда оқу жүктемесі тек
аудиториялық сабақтарды құрайды. Күнделікті аудиториялық сағат саны өзіндік
53
жұмыстарды шығармашылық деңгейде ұйымдастырып өткізуге толық мүмкіндік
бермейді. Сондықтан химия, физика, математика пəндерін пəнаралық
сабақтастықта мамандықпен байланыстыра оқытуды жетілдіріп қолға алу керек.
Аграрлық техникалық жоғары оқу орындарында көбіне мамандар ветеринария,
техникалық ғылымдар мен технологиялар, ауыл шаруалшылық бағытындағы
мамандықтар бойынша даярланады. Олай болса жалпы білім беретін пəндерден,
мысалы химиядан, физикадан, математикадан берілетін білім осы бағыттағы
мамандықтар бойынша жасалатын дипломдық, курстық жұмыстардың бір
тарауымен
(химиялық
эксперимент,
математикалық
есептеу)
арнайы
сабақтастырылатын болса онда бізде өзіндік жұмыс шығармашылық деңгейде жан-
жақты жасалуға мүмкіндік туар еді. Жоғарыда аталып өткен жалпы білім беретін
пəндер барлық мамандықтар бойынша алғашқы 1-2 курстарда оқылатын
болғандықтан бізде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сан түрлі
тақырыптарда бір-бірімен байланыссыз жасалады жəне көпшілігі рефераттық түрде
болып келеді. Сондықтан біз студенттердің толыққанды ғылыми-зерттеу
жұмысының нəтижесін көргіміз келсе, жұмыстың жоспарлы нақты жолға қойылып
белгілі–бір деңгейден көрінуін қаласақ, алдағы уақытта студенттердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарының тақырыбын болашақ дипломдық, курстық жұмыстардың
тақырыптарымен
байланыстырып,
кіріктіріп
жасауға
дағдыланып,
қалыптастыруымыз тиіс.
Студенттің берілген тақырыпты түсінбеушілігіне немесе аудиториядан тыс
берілген тапсырманың уақытында орындалмауына, уақыттың жоспарланбай
тапсырма орындауға жетпеуіне əкеліп соғады.
Бірақ өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы педагогикалық іс-əрекет жоспары
болса, берілген тапсырмалар күрделілігіне қарай əртүрлі деңгейге бөлініп жіктелсе,
орындалатын уақыты дұрыс белгіленсе ғана оңды нəтиже болуы тиіс.
Сондықтан да оқытушыға өзіндік жұмыстың формалары мен түрлерін біліп,
оның оқу үрдісіндегі қолданудың мүмкіншілігін білген жөн.
Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарға сəйкес, біз оларды: үйретуші,
жаттығу, бекітуші, қайталау, дамытушы, шығармашылық, бақылау өзіндік
жұмыстары, деп бөлуімізге болар еді.
1. Үйретуші өзіндік жұмысы - оқытушының жаңа тақырыпты түсіндіру
арқылы студенттің жасайтын өзіндік жұмысы. Бұл студенттің жаңа тақырыпты
қаншалықты түсініп отырғаны жөнінде мəлімет бере алады. Мұндағы басты мақсат
тексеру емес, үйрету.
2. Жаттығу өзіндік жұмысы - белгілі бір заңдарға, заттардың қасиеттеріне,
ережелерге сүйенетін бір типті тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Бұл
тапсырмаларды
орындауда
түрлі
оқу
құралдары,
тірек
материалдар
пайдаланылады. Үлгерімі нашар студент үшін бұл өте қолайлы.
3. Бекітуші өзіндік жұмыс- студенттің логикалық ойлауын жəне түрлі
ережелер мен заңдарды мəселелі жағдайларға тиімді қолдану қабілетін
дағдыландырады. Бұл студенттің оқу материалын қаншалықты игергендігін
көрсетеді. Тақырып бойынша қосымша дайындалудың қажеттілігін немесе
білімінің жеткілікті екендігін анықтайды.
4. Қайталау өзіндік жұмысы- (жалпы немесе тақырып бойынша) оқытушы
жаңа тақырыпты түсіндіріп бастар алдында жүргізіледі. Оқытушы бағдарламаға
сəйкес жаңа материалды түсіндіру кезінде студенттің алған біліміндегі олқылықты,
өзінен жіберілген кемшілікті анықтайды.
54
5. Дамытушы өзіндік жұмысы - тапсырмалары белгілі бір тақырып бойынша
баяндама дайындау, пəндік олимпиадаға дайындау, ғылыми практикалық
конференцияға дайындау т.б. зерттеу, оқытушыға да студентке де ізденісті қажет
ететін бағыттағы жұмыстарды жүргізетіндей жинақтық, ізденгіштік, зерттеушілік
дағды қалыптастырады.
6. Шығармашылық өзіндік жұмысы - өзіндік жұмыстың ең жоғарғы деңгейі.
Студенттің жинақтаған білімін түрлі мəселелі жəне əдеттегі қарапайым
жағдайларға қолдана білуі, өзінің білімінің сан қырлы жағын жан-жақты аша
отырып сапалы қолдануды көрсетеді.
7. Бақылау өзіндік жұмысы - жоспарлы оқыту үрдісінің ең қажетті шарты
жəне оқыту мақсатының негізгі формасы болып табылады.
Өйткені, оқыту жəне тəрбиелеу үрдістері үнемі қоғамның бақылауында
болады. Адам қоғамда өмір сүретіндіктен өзінің бар тіршілігінде қоғамдағы басқа
адамдардың бақылау объектісіне айналады. Бақылау арқылы біз іс-əрекетімізді
жоспарлаймыз, ұйымдастырамыз, түзетулер енгізіп ретке келтіреміз, алынған
нəтижені талдап, болашақты болжаймыз, басқамен салыстыра отырып дамытамыз,
нəтижесін тексеріп бағалаймыз, өзімізді де өзгені де тани аламыз, салыстыра
отырып сынаймыз.
Өзіндік жұмыстың негізгі формаларына кітаппен оқу құралдарымен арнайы
жұмыс, жаттығулар орындау, практикалык жəне зертханалық жұмыстарды
орындау, семинарға қатысу, өзін тексеру, бақылау, диктант жұмыстары, баяндама,
реферат дайындау, тəжірибе, сынақ т.б. жатады. Соған орай өзіндік жұмыстың
түрлері үнемдемелі, реконструктивті, эвристикалық, шығармашылық т.б. деп
бөлінеді.
Студенттің өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттырып, дағдысын
қалыптастыру мақсатына оқытушыға өзіндік жұмысты ұйымдастыруда
аудиторияда немесе аудиториядан тыс жағдайда көп ғылыми педагогикалық еңбек
қажет. Бірақ біз қазіргі жағдайға қарайтын болсақ, онда оқытушылардың оқу
жүктемесіндегі сағат көлемі өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмаларды,
жұмыстарды шығармашылық деңгейде орындауға, əдістемелік нұсқаулармен жан-
жақтылы толық қамтамасыз етілуін қанағаттандырмайды. Бұл əсіресе жалпы білім
беретін пəндердің оқытушыларына тиісті, өйткені онда оқу жүктемесі тек
аудиториялық сабақтарды құрайды. Күнделікті аудиториялық сағат саны өзіндік
жұмыстарды шығармашылық деңгейде ұйымдастырып өткізуге толық мүмкіндік
бермейді. Сондықтан химия, физика, математика пəндерін пəнаралық
сабақтастықта мамандықпен байланыстыра оқытуды жетілдіріп қолға алу керек.
Аграрлық техникалық жоғары оқу орындарында көбіне мамандар ветеринария,
техникалық ғылымдар мен технологиялар, ауыл шаруалшылық бағытындағы
мамандықтар бойынша даярланады. Олай болса жалпы білім беретін пəндерден,
мысалы химиядан, физикадан, математикадан берілетін білім осы бағыттағы
мамандықтар бойынша жасалатын дипломдық, курстық жұмыстардың бір
тарауымен
(химиялық
эксперимент,
математикалық
есептеу)
арнайы
сабақтастырылатын болса онда бізде өзіндік жұмыс шығармашылық деңгейде жан-
жақты жасалуға мүмкіндік туар еді. Жоғарыда аталып өткен жалпы білім беретін
пəндер барлық мамандықтар бойынша алғашқы 1-2 курстарда оқылатын
болғандықтан бізде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сан түрлі
тақырыптарда бір-бірімен байланыссыз жасалады жəне көпшілігі рефераттық түрде
болып келеді. Сондықтан біз студенттердің толыққанды ғылыми-зерттеу
55
жұмысының нəтижесін көргіміз келсе, жұмыстың жоспарлы нақты жолға қойылып
белгілі–бір деңгейден көрінуін қаласақ, алдағы уақытта студенттердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарының тақырыбын болашақ дипломдық, курстық жұмыстардың
тақырыптарымен
байланыстырып,
кіріктіріп
жасауға
дағдыланып,
қалыптастыруымыз тиіс.
Əдебиеттер
1.
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. «Педагогика». Алматы, 2002.
2.
Галиев Т.Т. Системный подход к интенсификации учебного процесса.
Алматы: Ғылым, 1998
3.
Э.Ж.Əлімқұлова «Химияны жаратылыстану пəндерімен байланыстыра
оқыту негізінде студенттердің экологиялық білімін жетілдіру» дис.,2005
Резюме
В данной статье рассматирвается самостоятельная работа студентов как один
из видов новой технологии в обучении химии.
Summary
In this article authov gives an overview of the self- instruction as a new tehnology
in studing chemistry.
Достарыңызбен бөлісу: |