Гюстав Лебон - атақты француз психологы, социолог, антрополог және тарихшы. Оның 1895 жылы жарық көрген «Тобыр психологиясы» (1895) атты кітабы оның есімін дүниежүзіне әйгіледі. Г. Лебон өз еңбегінде Г. Тард пен С. Сигеленің табыстарына сүйенді.
Г. Лебонныңпікірінше, «психологиялық тұрғыдан тобыр бірыңғай ағзаны қалыптастырады, ол ақыл-ой (менталдық) бірлігі заңы ықпалына ұшырайды; тобырды құрайтын адамдардың сезімдері мен ой-пікірлері бір бағытқа бағытталады». Г. Лебон тобырға қосылған жеке тұлғаның ерекшеліктерін айрыкша атап өтті, Сонымен, Г. Лебонның келген негізгі қорытындысы: «Сөйтіп, тобырдың бір бөлігі ретінде адам өркениет өлшемі бойынша бірнеше қадам төмен түседі». Әсіресе бұл саясатта, соның ішінде «ұжымдық әрекетті» талап ететін саясатта көрініс табады, яғни жеке адам емес, «көпшілік адамы», тобырдағы адам - бұл жерде манызды. Мысал ретінде Лебон «демократияға» тиіседі және әсіресе саяси ойдын ағымы мен саяси жүйе ретіндегі социализмге дүрсе коя берді. Ол социализмді ұнатпады және социалистер күлаткысы келген элитаның позициясын ашық колдады.
Социализмнің саяси-психологиялық табиғатын талдай отырып, Г. Лебон социализмнің эмоциялық тартымдылығын, жұққыштығын оның ерекше бір доктрина, «діни ілім» екендігімен түсіндірді, Кез келген діни ілімнің өз «елшілері» бар, сәйкесінше, Г. Лебон социалистік көшбасшылардың, көсемдердің жалпыланған саяси-психологиялық портреттерін жасап сипаттады. Мұндай «көсемдерден», социалистер билікке келгенде, «демократия» ұғымымен өздерін бүркемелейтін жаңа билеуші калыптасады. Г. Лебон демократияның табиғаты мен салдарын қатаң талдайды.
Бұл жұмыстар Г. Лебонды саяси психология тарихындағы ерекше орынға ие еткізді. Іс жүзінде ол өте ерекше және дербес жанрдың негізін қалады: саяси режимдер мен саяси ой-пікірлер ағымын саяси психологиялық талдау.
«Демократиялық режим кез келген басқа режимге қарағанда әлеуметтік теңсіздікті тудырады. Демократиялық институттар әртүрлі сайланған өкілдер үшін, әсіресе пайдалы, және олар сондықтан да бұл мекемелерді қорғап, кез келген басқа режимнен артық көреді , демократия дәл солай ақсүйектер сияқты касталарды жасайды, жалғыз айырмашылық демократияда бұл касталар жабық болып көрінбейді: әр- кім кіре алады деп саналады немесе солай деп әркім ойлайды. Демократиялық мекемелер тек таңдалған, сайланған өкілдер тобы үшін қолайлы, олар тек осы мекемелердің осындай жеңілдігі, қолайлығы бар екендігімен өздерін құттықтай алады». Осылайша, Г. Лебон саяси мінез-құлықтың табиғи мотивациясын сипаттайды.
Сонымен, Г. Лебон саяси режим- саяси өмірді үйымдастыру жолы, типі дауыс беру құқығы сияқты құбылыстарды саяси психологиялық талдаудың алғашқы және бірегей тәжірибесін ұсынды.