Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет37/43
Дата07.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#1389
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43

 
 
 

245 
 
Әдебиет 
 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан шығу кілті. “Российская газета”, 2009 жылғы 2 ақпан. 
2.
 
Балдин К. В. Антикризистік басқару: оқулық. Мәскеу,  2007. – Б. 267 
 
3.
 
Крюков Р. В. Антикризистік басқару: оқулық. Мәскеу, 2006. – Б. 128 
 
4.
 
Дементьева Е. В. Қоғамдық өндірістің цикылдық дамуының себептері [Электрондық ресурс] : 
http://www. mas-ters.donntu.edu.ua
 
5.
 
Рубинштейн М. Мировой экономический кризис 1930 года. [Электрондық ресурс]: 
https://dvs.rsl.ru
 
 
ОСНОВНЫЕ ПРИЧИНЫ ГЛОБАЛЬНОГО КРИЗИСА 
Ш.Д.Жайлаубаева, Е.А.Тілеуғабылова 
 
Рассмотрены  основные  причины  мирового  финансового  кризиса,  проанализирована 
экономическая  ситуация  в  Казахстане  в  условиях  мирового  финансового  кризиса,  предложены 
основные  мероприятия  по  стабилизации  экономики  в  условиях  нестабильности  финансовой 
системы. 
 
MAIN REASONS OF THE GLOBAL CRISES 
S.D.Zhailaubaeva, Y.A.Tileugabylova 
 
In  the  article  were  reviewed  main  causes  of  world  financial  crisis,  was  analyzed  economic 
situation in  Kazakhstan  in  the condition  of  world financial  crisis  and  were suggested main measures  to 
stabilize  economy in the conditions of instability of financial system. 
  
УДК: 336.64 (574) 
 
Г.М.Касымханова,С.Ж.Ибраимова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлеметтік университеті 
 
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ШАРТТАРЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ 
ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Аннотация:  Қаржылық  стратегия  –  кәсіпорынды  ақша  қаражаттарымен  қамтамассыз 
ету  бойынша  іс-әрекеттердің  бас  негізгі  жоспары.  Қаржылық  стратегия  кәсіпорын  қызметінің 
барлық  жағын  қамтиды,  соның  ішінде  негізгі  және  айналым  құралдарын  оңтайландыру,  пайданы 
тарату, қолма-қол емес есеп айырысулар, салық және баға саясаты, бағалы қағаздар саласындағы 
саясат.  Қаржының  негізгі  стратегиялық  мақсаты  –  кәсіпорынды  қажетті  және  жеткілікті 
қаржы  ресурстарымен  қамтамассыз  ету.  Қаржылық  стратегияның  маңызды  бөлігі  –  ішкі 
нормативтерді  әзірлеу,    ол  шетел  компанияларының  тәжірибесінде  табысты  қолданылып 
отыр.Компанияның  қаржылық  стратегия  моделінің  маңызды  бөлімі  болып  оны  іске  асыру 
деңгейлері табылады. 
 
Негізгі  сөздер:  қаржылық  стратегия,  экономикалық,  кәсіпорын,  инвестициялық,  қаржы, 
нарық. 
 
Ақша  ағындарын  талдау,  қаржыландырудың  тиімді  көздерін,  ұтымды  инвестициялық 
шешімдерді  іздестіру,  сан  түрлі  есептік  және  салық  саясатын  әзірлеу  –  осының  барлығы  заманауи 
кәсіпорындар 
қызметінде 
басты 
орынға 
ие. 
Қаржылық 
стратегияны 
заманауи 
шарттардағыкомпаниялардың тұрақты дамуын қамтамассыз ету үшін қолдану ерекше маңызды, бұл 
қызметтің  осы  саласындағы  мәселелерді  толықтай  талдау  мен  тәжірибелік  ұсыныстарды  әзірлеуді 
қажет етеді [1], [2].  
Компанияның қаржылық стратегиясы компанияның қаржы-ресурстық әлеуетін қалыптастыру 
мен қолдану саласындағы дамудың жалпы тұжырымдамасында қойылған перспективалы мақсаттарға 
қол  жеткізу  үшін  қажет  іс-әрекеттер  мен  шаралардың  көп  факторға  бағдарланған  күрделі  моделі 
болып табылады.    

246 
 
Қаржылық стратегия – бұл кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамассыз ету бойынша іс-
әрекеттердің  бас  негізгі  жоспары.  Ол  қаржыны  қалыптастыру  теориясы  мен  тәжірибесінің,  оны 
жоспарлау  мен  қамсыздандырудың  мәселелерін  қамтиды,  шаруашылық  жүргізудің  нарықтық 
шарттарындағы  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  қамтамассыз  ететін  міндеттерді  шешеді. 
Қаржылық  стратегия  теориясы    шаруашылық  жүргізудің  нарықтық  шарттарының  объективті 
заңдылықтарын  зерттейді,  жаңа  жағдайларда  аман  қалудың,  стратегиялық  қаржы  операцияларын 
дайындау мен жүргізудің әдістері мен нысандарын жобалайды.     
Қаржылық стратегия кәсіпорын қызметінің барлық жағын қамтиды, соның ішінде негізгі және 
айналым құралдарын оңтайландыру, пайданы тарату, қолма-қол емес есеп айырысулар, салық және 
баға саясаты, бағалы қағаздар саласындағы саясат.  
Қаржылық  мүмкіндіктерді  жан-жақты  ескере  отырып,  ішкі  және  сыртқы  факторлардың 
сипатын  объективті  түрде  қарастыра  отырып,  қаржылық  стратегия  кәсіпорынның  қаржы-
экономикалық  мүмкіндіктерінің  өнім  нарығында  қалыптасқан  шарттарға  сәйкестігін  қамтамассыз 
етеді. Кері жағдайда кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.  
Бас  қаржылық  стратегиясын,  жедел  қаржылық  стратегиясын  және  жеке  стратегиялық 
міндеттерді орындау стратегиясын (жеке стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу) ажыратады.  
Бас  қаржылық  стратегия  кәсіпорын  қызметін  бір  жылға  анықтайды    (барлық  деңгейдегі 
бюджеттермен өзара қарым-қатынас, табысты қалыптастыру және пайдалану, қаржы ресурстары мен 
олардың қалыптасу көздеріне қажеттіліктің қалыптасуы).   
Жедел қаржылық стратегия – бұл қаржы ресурстарын ағымдағы ұтымды қолдану стратегиясы 
(қаражаттардың  шығындалуы  мен  ішкі  резервтерді  жұмылдыруға  бақылау  жасау  стратегиясы,  бұл 
экономикалық  тұрақсыздықтың  заманауи  шарттарында  ерекше  өзекті),  тоқсанға,  айға  жобаланады. 
Жедел  қаржылық  стратегия  жалпы  кірістер  мен  қаражаттардың  келіп  түсуін  (сатылған  өнім  үшін 
сатып  алушылармен  есеп  айырысулар,  несиелік  операциялар  бойынша  түсімдер,  бағалы  қағаздар 
бойынша  кірістер)  және  жалпы  шығыстарды  (жабдықтаушыларға  төлемдер,  еңбекақы,  барлық 
деңгейдегі  бюджеттер  мен  банктер  алдындағы  міндеттемелерді  өтеу)  қамтиды,  бұл  жоспарланып 
отырған кезеңде ақша түсімдері мен шығыстары бойынша барлық алдағы айналымдарды қарастыру 
мүмкіндігін  береді.  Шығыстар  мен  кірістердің  теңдігі  немесе  кірістердің  шығыстардан  біраз  артық 
болуы  қалыпты  жағдай  болып  есептеледі.  Жедел  қаржылық  стратегия  бас  қаржылық  стратегия 
шеңберінде әзірленеді, оны уақыттың белгілі бір аралығында нақтылайды [3], [4].     
Жеке  мақсаттарға  қол  жеткізу  стратегиясы  негізгі  стратегиялық  мақсаттың  іске  асырылуын 
қамсыздандыруға бағытталған қаржылық операцияларды шебер орындаудан тұрады.  
Қаржының  негізгі  стратегиялық  мақсаты  –  кәсіпорынды  қажетті  және  жеткілікті  қаржы 
ресурстарымен қамтамассыз ету.  
Кәсіпорынның  қаржылық  стратегиясы  негізгі  стратегиялық  мақсатқа  сәйкес  келесілерді 
қамтамассыз етеді:  
- қаржы ресурстарын қалыптастыру мен оларды орталықтандырылған стратегиялық басқару;   
-  шешуші  бағыттарды  айқындау  мен  оларды  орындауға  күшті,  қаржылық  басшылықтың 
резервтерді қолданудағы ептілігін жұмылдыру;   
- ранжирлеу мен міндеттерге кезең-кезеңмен қол жеткізу;  
- қаржылық әрекеттердің экономикалық жағдай мен материалдық мүмкіндіктерге сәйкестігі;  
- кәсіпорынның жыл, тоқсан, ай ішіндегі нақты қаржылық жағдайы мен қаржы-экономикалық 
ахуалды объективті есепке алу;   
- стратегиялық резервтерді құру мен дайындау;  
-кәсіпорынның  және  оның  бәсекелестерінің  экономикалық  және  қаржылық  мүмкіндіктерін 
есепке алу;  
-  бәсекелестер  тарапынан  басты  қауіпті  анықтау,  оны  жоюға  күшті  жұмылдыру  мен 
қаржылық әрекеттердің бағыттарын іскер таңдау;  
-  бәсекелестер  алдында  шешуші  артықшылыққа  жетудегі  бастамашылық  үшін  күресу  және 
икемді болу.   
Негізгі  стратегиялық  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  нарық  талаптары  мен  кәсіпорын 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  бас  қаржылық  стратегия  әзірленеді.  Бас  қаржылық  стратегияда  қаржыны 
қалыптастыру  міндеттері  жұмыс  бағыттары  мен  орындаушылары  бойынша  анықталады  және 
бөлінеді [5], [6].   
Қаржылық стратегия міндеттері: 
- шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарында қаржыны қалыптастыру заңдылықтары мен 
сипатын зерттеу;  

247 
 
- кәсіпорынның тұрақсыз немесе дағдарысты қаржылық жағдайы кезінде  қаржы ресурстарын 
қалыптастырудың  мүмкін  нұсқаларын  дайындау  шарттарын  және  қаржылық  басшылықтың 
әрекеттерін әзірлеу;   
-  жабдықтаушылармен  және  сатып  алушылармен,  барлық  деңгейдегі  бюджеттермен, 
банктермен және басқа қаржылық институттармен қаржылық өзара қарым-қатынасты анықтау;  
-  өндірістік  қуаттылықтарды,  негізгі  қорлар  мен  айналым  құралдарын  ұтымды  пайдалану 
үшін ресурстарды жұмылдыру мен резервтерді айқындау;  
- кәсіпорынды өндірістік-шаруашылық қызметке қажет қаржылық ресурстармен қамтамассыз 
ету;  
-  ең  жоғары  пайда  алу  мақсатымен  уақытша  бос  ақша  қаражаттарының  тиімді  салымын 
қамтамассыз ету;  
-  табысты  қаржылық  стратегияны  жүргізу  мен  қаржылық  мүмкіндіктерді,  өнімнің  жаңа 
түрлерін  және  кадрлардың  шаруашылық  жүргізудің  нарықтық  шарттарында  жұмыс  жасауға  жан-
жақты  дайындығын,  олардың  ұйымдастырушылық  құрылымы  мен  техникалық  жабдықталуын 
стратегиялық қолданудың әдістерін анықтау;  
- болжамды бәсекелестердің қаржылық стратегиялық көзқарастарын, олардың экономикалық 
және  қаржылық  мүмкіндіктерін  зерттеу,  қаржылық  тұрақтылықты  қамтамассыз  ету  бойынша  іс-
шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;  
- дағдарысты жағдайдан шығуға дайындалу әдістерін, тұрақсыз немесе дағдарысты қаржылық 
жағдай  кезінде  кадрларды  басқару  тәсілдерін  әзірлеу  және  бүеіл  ұжымның  күшін  дағдарыстан 
шығуға жұмылдыру.   
Қаржылық  стратегияны  дайындау  кезінде  ақша  кірістерін  айқындаудың  толықтығына,  ішкі 
ресурстарды жұмылдыруға, өнімнің өзіндік құнының ең жоғары деңгейде төмендетілуіне, пайданың 
дұрыс таратылып, қолданылуына, айналым құралдарына қажеттілікті анықтауға, капиталды ұтымды 
қолдануға  ерекше  назар  аударылады.  Қаржылық  стратегия  төлемсіздік  тәуекелдерін,  инфляцияның 
кенеттен өзгеруі мен басқа да форс-мажорлық (күтпеген) жағдайларды ескере отырып әзірленеді. Ол 
өнідірістік  міндеттерге  сәйкес  болып,  қажет  болғанда  түзетіліп,  өзгертіліп  отыруы  тиіс.  Қаржылық 
стратегияның  іске  асырылуына  бақылау  жасау  табыстар  түсімін  тексеруді,  оларды  үнемді  және 
ұтымды қолдануды  қамтамассыз  етеді,  себебі жақсы қойылған  қаржылық  бақылау  ішкі  резервтерді 
айқындауға,  ақша  қорларын  ұлғайта  отырып,  шаруашылық  рентабельділігін  жоғарылатуға 
көмектеседі [7],[8].         
Қаржылық  стратегияның  маңызды  бөлігі  –  ішкі  нормативтерді  әзірлеу,    ол  шетел 
компанияларының тәжірибесінде табысты қолданылып отыр (олардың көмегімен, мысалы, пайданы 
тарату бағыттары анықталады).  
Осылайша,  кәсіпорынның  қаржылық  стратегиясының  сәттілігіне  қаржылық  стратегияның 
теориясы  мен  тәжірибесін  өзара  теңестіру;  қаржылық  стратегиялық  мақсаттардың  қаржылық 
стратегиялық  басқарманы  қатаң  орталықтандыру  мен  оның  әдістерінің  қаржы-экономикалық 
ахуалдың  өзгеруіне  қарай  икемделуі  арқылы    нақты  экономикалық  және  қаржылық  мүмкіндіктерге 
сәйкестігі кепіл болады.   
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын әзірлеу қаржылық талдау мәліметтері мен қаржылық 
жай-күйде айқындалған сыни нүктелерге; сыртқы ортаны талдау негізінде дайындалған, акционерлік 
қоғам  қаржысының  болашақтағы  мүмкін  даму  бағыттарын  белгілейтін  қысқа  мерзімді  және  орта 
мерзімді,  ұзақ  мерзімді  болжамдарға;  қаржылық  жай-күйді  жетілдірудің  таңдалған  негізгі 
критерийіне  негізделеді.  Кәсіпорынның  қаржылық  стратегиясын  қалыптастыруға  ұсыныстар 
объектілер  бойынша  және  қаржылық  стратегияның  құрамдас  бөліктері  бойыншабірнеше  нұсқада 
(үштен  кем  емес)  ұсыныстарды  міндетті    сапалық  бақылау  және  олардың  кәсіпорын  балансының 
құрылымына  әсерін  бағалау  (болжамды  Баланс  пен  Кірістер  мен  шығыстар  Есебін  құру)  арқылы 
дайындалады.  Әзірленген  қаржылық  стратегия  кәсіпорынның Директорлар  кеңесімен  бекітіледі [9], 
[10].  
Сыртқы  шарттарға,  бас  қаржылық  стратегияның  белгілі  бір  нұсқасын  іске  асыруға 
байланысты  тоқсан  сайын,  алдыңғы  тоқсанда  қол  жеткізілген  қаржылық  көрсеткіштерді  ескере 
отырып, жедел қаржылық стратегия дайындалады. Қажет болған жағдайда бір жылға, не болмаса бір 
тоқсанға  жеке мақсаттарға кол жеткізу стратегиясын жасауға болады.   
Іс  жүзінде  компанияның  ақша  айналымын  тиімді  басқарумен,  белгілі  бір  үйлесімде  ақша 
қаражаттарын қалыптастырумен, қаржы ресурстарын мақсатты тағайындалуы бойынша қолданумен 
байланысты  компанияның  базалық  қаржылық  тұжырымдамасын  жасап  шығару  жөнінде  айтылып 
отыр.  

248 
 
Қаржылық  стратегияның  ролі  мен  орны  экономикалық  әдебиетте  біржақты  бағаланбайды. 
Көп    жағдайда  компанияның  қаржылық  стратегиясы  реттеу  құралы  ретінде  инвестициялық 
стратегиямен  байланыста  қолданылады,  бұл  инвестициялық  шешімдердің  перспективалылығы  мен 
мерзімдік қадамын және олардың қаржылық үдерістермен тығыз байланысын ескере отырып, жалпы 
алғанда  түсінікті.  Жеке  зерттеулер  қаржылық  стратегияны  қаржылық  менеджменттің  бөлігі  ретінде 
мазмұндайды,  бұнымен  келісуге  болады.  Дегенмен  ,  біздің  ойымызша,  қаржылық  стратегияны 
компанияны қаржы-бюджеттік реттеудің үйлесімді элементі ретінде қарастырған жөн болар еді:  
-  әдістемелік  жоспарда  компанияның  қаржылық  стратегиясының  мәні  мен  құру  механизмі 
қаржылық  қатынастардың,  компанияның  стратегиялық  мақсаттарын  іске  асыруды  қаржылық 
бағалаудың мәселелерінің бірі ретінде талдануы тиіс;   
-  экономикалық  реттеу  сызбасында  қаржылық  стратегия  өнімдік,  инвестициялық, 
маркетингтік  және  стратегиялық  шешімдердің  басқа  түрлерімен  бірге  компанияның  жалпы 
стратегиясының компоненті ретінде қарастырылуы тиіс.  
Жалпы компания аясында қаржылық стратегияны идентификациялау қажеттілігі келесілерге 
байланысты:   
-  ірі  компаниялардың  түрлі  нарықтарды,  соның  ішінде  қаржы  нарықтарын  қамту 
жоспарындағы олардың қызметін диверсификациялау;  
- стратегиялық жобаларды қаржыландыру көздерін іздестіруге қажеттіліктер;  
- стратегиялық бағдарларды таңдау мен оларды бағалау кезінде барлық компанияларға ортақ 
соңғы мақсаттың болуы – қаржылық әсерді ең жоғары деңгейге жеткізу;   
-  қаржы  ресурстарын  қарызға  алу  мен  капиталды  пайдалы  орналастыру    «алаңы»  ретіндегі 
халықаралық және ұлттық қаржы нарықтарының дамуы, бұл компания өміріндегі қаржының ролінің 
ұлғаюымен байланысты.     
Қаржылық стратегияның стратегиялық мақсаты нақты бағдарламаларда көрсетілген қосымша 
қаржылық міндеттердің кешенімен қамтамассыз етіледі. Қаржы нарықтарының даму тенденциялары 
мен  конъюнктураның  тұрақсыздығын,  компаниялар  қолданатын  қаржылық  құралдардың 
жаңашылдығының  жоғары  деңгейін,  олардың  әлемдік  қауымдастықтағы  макроэкономикалық  және 
әлеуметтік-саяси  үдерістер  қозғалысының  векторларына  айтарлықтай  тәуелділігін  ескере  отырып, 
қаржылық  стратегияны  іске  асыру  бағдарламалары  мен  жобаларын  жасаудың  бірқатар  бағыттарын 
құраған жөн. Олардың ішінде: 
-  перспективада  жұмыс  жасау  мақсатымен  компания  үшін  басымдылыққа  ие  қаржы 
нарықтары  мен  нысаналы  нарық  сегменттерін  айқындау;  бұл  компанияда  мәліметтердің 
қолданыстағы  ақпараттық  базаларын  өңдеуге  сүйенетін  мықты  нысаналы  даму  блогының  болуын 
болжайды; 
- қаржыландырудың тұрақты көздерін талдау және негіздеу;  
-  ұзақ  мерзімді  аспектіде  компаниямен  тиімді  жұмыс  жасайтын  қолайлы  серіктестер  мен 
делдалдар ретінде қаржы институттарын таңдау;  
-  компанияның  жалпы  стратегиясында  көрсетілген  бизнес  түрлерін  дамытудың  басым 
бағыттарына сәйкес ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарлама әзірлеу;  
- компанияның нарықтық құнының үдемелі өсуін және оның шығарған бағалы қағаздарының 
курстарын ұстап тұру бойынша болашаққа жағдайлар жасау;  
- фирмаішілік қаржы ағындарын, трансфертті баға жасау механизмдерін құру және жетілдіру;  
-  стратегия  тұрғысынан  басқа  басқарушылық  функцияларды  негізді  орталықсыздандырумен 
бірге қаржыны тиімді орталықтандырылған басқару бағдарламасын әзірлеу;    
-  компания  қызметін  стратегиялық  жоспарлау  кезіндегі  компанияның  экономикалық 
қауіпсіздігі мен тұрақтылығының қаржылық индикаторларының болжамды есептеулері.   
Қаржылық  стратегияның  жорамалданған  моделі  келесі  өзара  байланысқан  элементтерден 
тұруы мүмкін: мақсаттар мен міндеттер; іске асыру деңгейлері; қалыптастырудың ішкі және сыртқы 
факторлары; іске асыру құралдары мен әдістері; стратегияның нәтижелілігі [11], [12].    
Компанияның  қаржылық  стратегия  моделінің  маңызды  бөлімі  болып  оны  іске  асыру 
деңгейлері  табылады.  Екі  деңгейді  қарастырған  жөн:  корпоративті  және  бизнес-деңгей  (жобалар 
деңгейі). 
Бұл 
деңгейлерде 
компанияның 
қаржылық 
стратегиясын 
жүзеге 
асырудағы 
айырмашылықтар келесілермен анықталады:    
- түрлі стратегиялық мақсаттар;  
- қызмет ауқымы мен нарықтың қамтылуы;  

орындалатын  функциялар  (кәсіпорын  шеңберіндегі  орталықтандырудың  немесе 
орталықсыздандырудың сәйкес деңгейі кезінде);  

249 
 
- сыртқы орта факторлары (салықтық реттеу, монополияға қарсы заңнама).  
Компанияның  қаржылық  стратегиясының  моделі  оның  қандай  құралдар  (бағдарламалар, 
жобалар,  қайта  құрылымдау,  жаһандану,  диверсификация  және  басқалар)  мен  әдістер  (модельдеу, 
жоспарлау, талдау, болжамдау және басқалар) жүйесі арқылы іске асырылатынын көрсетеді.    
Банктік  және  өнеркәсіптік  капиталдың  интеграциясы  негізінде  компаниялардың  бірігуі  – 
Қазақстан  экономикасын  құрылымдық  қайта  құрудың  маңызды  бағыттарының  бірі,  отандық 
компаниялардың қаржылық стратегиясын жасау құралы. Заманауи шарттарда ірі корпорациялардағы, 
ӨҚТ, ТҰК-дағы қаржылық капитал ұғымын сәйкестендірген жөн.  
Компанияның қаржылық стратегиясын жасап шығаруда сценарийлер әдісін қолданған тиімді 
(компания  қызметінің  қаржы-экономикалық  саласында  көрінуі  мүмкін  тенденцияларды  шынайыға 
жақын  сипаттау).  Экономикалық  әдебиетте  «сценарийлер  әдісін»  жүзеге  асыру  ерекшеліктері 
талданады. Осы әдіс шеңберіндегі жалпы көзқарастарға сценарийлердің үш негізгі түрін ерекшелеуді 
жатқызуға  болады:  оптимизмдік,  пессимизмдік  (оқиғалар  дамуының  әлдеқайда  теріс  нұсқасын 
көрсететін  негізгі  факторлар  кешені),  іс  жүзіндегі  (көп  жағдайда  аталғандардың  біріншісі  мен 
екіншісі арасындағы орталық орынға ие).  
Сценарийлер  макро-  және  микроортаның  негізгі факторларын  айқындауға  мүмкіндік  береді, 
оларды ірі компанияның тиімді қаржылық стратегиясын жасауда ескеру қажет.  
Компанияның  қаржылық  стратегиясын  модельдеу  келесі  қағидалар  негізінде  жүзеге 
асырылады:   
- компанияның қабылданған тұрақты даму стратегиясын тізбекті жүзеге асыру;  
- заманауи теориялық модельге негізделу;  
-  компанияның  ұйымдастырушылық  құрылымы  мен  ондағы  болжамды  өзгерістерді  есепке 
алу; 
- стратегияны құрудың нұсқалылығы. 
Қаржылық стратегияны қалыптастырудың жалпы сызбасы  келесі кезеңдерден тұрады:  
- компанияны ашық жүйе ретінде сипаттау;  
- стратегиялық мақсаттарды құру; 
- стратегия нұсқаларын әзірлеу; 
- нұсқаларды іріктеу критерийлерін анықтау; 
- қаржылық стратегияның таңдалған нұсқасын нақтылау;  
- қаржылық стратегияны рәсімдеу, оны қабылдау және орындаушыға жеткізу; 
- стратегияның іске асырылуына бақылауды ұйымдастыру. 
Компанияның  қаржылық  стратегиясының  моделін  жобалау  компанияның  жалпы 
стратегиясын дайындау мен іске асыру жұмысына үйлесімді түрде енгізілуі тиіс.   
 
Әдебиет 
1.  Жумагулова У.К « Понятие корпоративного управления. Корпоративное управление, корпорации, 
корпоратизм,принципы»// Экономикалық журнал АльПари – 2013ж.№3, 53б. 
2.  Казыкешова  А.Т  «Өнеркәсіптік  кәсіпорынның      кешенді  дамуының  стратегиялық  жоспарлау 
бағыттары» // Хабаршы 2014ж.№3,161б. 
3.  Бланк И.А. Финансовая стратегия предприятия. -- Киев: Ника-Центр Эльга, 2004. 
4.  Бланк И.А. Финансовый менеджмент: Учебный курс. - 2-е изд., перераб. и доп. - К.: Эльга, Ника-
Центр, 2005. - 656 с. 
5. Морозко Н.И. Финансовый менеджмент: Учебное  пособие. - М.: ВГНА Минфина России, 2009. - 
198 с. 
6.  Финансовый менеджмент: Учебник для вузов/ Под ред. акад. Г.Б.Поляка. - 2-е изд., перераб.и доп. 
- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006. - 527 с. 
7.  Гениберг., Иванова Н.А., Полякова О.В. Сущность и методические основы разработки финансовой 
стратегии 
фирмы 
[Электронный 
ресурс]. 

Электрон. 
дан. 

Режим 
доступа: 
http://www.nsuem.ru/science/publications/science_notes/issue.php?ELEMENT_ID=3344 
8.  Роль  финансовой  стратегии  в  управлении  финансами  предприятия.  [Электронный  ресурс].  - 
Электрон. дан. - Режим доступа: http://www.ekportal.ru/page-id-95.html 
9.  Финансовая  стратегия  компании:  путь  к  финансовому  успеху  и  стабильности.  [Электронный 
ресурс]  Инициативы  XXI  века.  Электронные  данные.  -  2009.  -  №  2-2009.  Режим  доступа: 
http://www.ini21.ru/?id=324 

250 
 
10.  Лисовская  И.А.,  Рыжкова  С.А.  Финансовая  стратегия  компании:  необходимость  формирования, 
основные компоненты и принципы построения // Российское предпринимательство. — 2008. — № 
10 Вып. 1 (120). — c. 130-134. — http://www.creativeconomy.ru/articles/4856/ 
11.  Оводков  Д.А.    Финансовая  стратегия  предприятия  и  механизм  её  разработки  Диссертация  на 
соискание 
канд. 
экон. 
наук 
08.00.10 
Воронеж, 
2008. 
175 
с. 
-   
http://www.dissercat.com/content/finansovaya-strategiya-predpriyatiya-i-mekhanizm-ee-
razrabotki#ixzz3LsIYZ5gR 
12.  Хоминич    И.  П.  Финансовая  стратегия  компаний  Диссертация  на  соискание  канд.  экон.  наук 
08.00.10  Москва,  1998.  346  с.  -  http://www.dissercat.com/content/finansovaya-strategiya-
kompanii#ixzz3LsL4KK6U 
 
 
СОЗДАНИЕ ТЕОРЕТИЧЕСКИХ ОСНОВ ФИНАНСОВОЙ СТРАТЕГИИ ПРОМЫШЛЕННЫХ 
ПРЕДПРИЯТИЙ В УСЛОВИЯХ РЫНОЧНОЙ ЭКОНОМИКИ 
Г.М.Касымханова, С.Ж.Ибраимова 
 
Финансовая  стратегия  –  это  основной  план  действий  по  обеспечению  предприятия 
денежными средствами.Финансовая стратегия охватывает все аспекты деятельности предприятия, в 
том  числе  оптимизация  основных  и  оборотных  средств,  распространение  выгоды,  безналичные 
расчеты,  налоговая  и  ценовая  политика,  политика  в  сфере  ценных  бумаг.    Главная  финансовая 
стратегическая  цель  –  обеспечение  предприятия  необходимыми  и  достаточными  финансовыми 
ресурсами.Важная  часть  финансовой  стратегии  –  подготовка  внутренних  нормативов,  которая 
широко  применяется  на  практике  иностранных  компаний.Важная  часть  модели  финансовой 
стратегии компании – это уровни его осуществления. 
 
CREATION OF THEORETICAL BASES OF FINANCIAL STRATEGY OFINDUSTRIAL E
NTERPRISES IN THE CONDITIONS OF MARKET ECONOMY  
G.M.Kassymkhanova, S.Zh.Ibraimova 
 
            Financial  strategy – is a basic plan of operating under providing of enterprise monetary resources. 
Financial  strategy  embraces  all  aspects  of  activity  of  enterprise,  including  optimization  of    the  fixed  and 
circulating assets, distribution of benefit, noncash settlements, tax and price politics, politics in the field of 
securities. A primary financial strategic objective is providing of enterprise necessary and sufficient financial 
resources. Important part of financial strategy is preparation of internal norms, that is widely used in practice 
foreign  companies.  Important  part  of  model  of  financial    strategy  of  company  is  levels  of  his  realization. 
 
 
УДК:338.43.001.895      
       
Д.М. Еділбаева, М.М. Алибаева  
Государственный университет им. Шакарима города Семей 
 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ ЭКОНОМИКИ  
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОГО РЕГИОНА 
 
Аннотация:  В  статье  рассматривается  роль  и  значение  использования  инновационных 
технологий в АПК региона. Дается характеристика  современного состояния инновационной среды 
на  основе  анализа,  выявлены  проблемы  и  факторы  препятствующие  решению  данной  проблемы  в 
современных условиях развития АПК региона. 
 
Ключевые слова: Инновации, АПК, Восточно-Казахстанский регион 
 
Инновационное  развитие  является  необходимым  условием  для  долгосрочного  устойчивого 
функционирования  предприятий  агропромышленного  комплекса  (АПК).  В  то  же  время  процесс 
активизации  инновационного  развития  предприятий,  рассматриваемый  как  необходимая 
предпосылка  экономического  роста,  наталкивается  на  отсутствие  формализованного  аппарата 
принятия  решений  и  оценки  их  последствий.  Для  управления  инновационным  развитием 

251 
 
предприятий АПК в современных условиях необходимо исследовать теоретические и методические 
основы моделирования и прогнозирования их инновационной деятельности [1]. 
В  современных  условиях  реализация  национальных  приоритетов  возможна  лишь  при 
активном  развитии  инновационного  потенциала  Казахстана.  В  стране  разработано  и  принято 
множество  документов,  закрепляющих  инновационный  путь  развития.  Создана  необходимая 
инфраструктура  поддержки  инноваций:    Национальный  инновационный  фонд,  Фонд  Науки, 
Казагроинновация, венчурные фонды, региональные технологические парки, международные центры 
трансферта технологий и др. С 2010 года запущена схема предоставления инновационных грантов. 
В  2012  году  доля  инновационно-активных  предприятий  составила  5,7%  от  общего  числа 
предприятий, объем инновационной продукции вырос на 65,9%, внутренние затраты на исследования 
и разработки на 29,5% 
Для  увеличения  доли  небольших  компаний,  занимающихся  внедрением  новых  продуктов  и 
технологий, необходимо: 
-  формировать  спрос  на  новые  технологии,  что  невозможно  при  низкой  конкуренции 
практически во всех отраслях; 
- улучшить доступ предприятий к финансовым ресурсам; 
- повысить квалификацию специалистов. 
ВКО  является  одним  из  крупнейших  регионов  РК,  который  имеет  значительный 
экономический потенциал. Развитие его в решающей степени определяет уровень продовольственной 
безопасности области и республики и социально-экономическую обстановку в области. К основным 
конкурентным  преимуществам  региона  относятся:  экономические  (положительная  динамика  ВРП; 
привлекательный  инвестиционный  климат,  наличие  спроса  на  продукцию,  действующие 
производства,  резервные  мощности  и  др.);  ресурсные  (сырье,  кадры,  развитая  финансовая  система, 
научный  потенциал  и  информационная  база  и  др.);  организационные  (транзитный  потенциал, 
развитая  инфраструктура  региона,  законодательная  и  нормативная  база  и  поддержка  руководства 
региона и др.). 
В  регионе  сконцентрированы  крупные  предприятия  металлургии,  машиностроения, 
энергетики, пищевой, легкой, деревообрабатывающей промышленности и стройиндустрии. 
В  рамках  государственной  программы  форсированного  индустриально-инновационного 
развития в области в 2011 годах были реализованы проекты по модернизации производства на сумму 
более  10  млрд.  тенге.  В  2012  году  в  Карту  индустриализацию  вошли  З  проекта  и  еще 
рассматриваются  15  проектов  по  развитию  АПК  на  сумму  более  5  млрд.тенге  для  включения  в 
Региональную Карту индустриализацию. Указанные проекты направлены в Министерство индустрии 
и новых технологий для утверждения [2]. 
Для  повышения  инновационной  активности  предприятий  необходимо  создавать  и  развивать 
технопарки  и  свободные  экономические  зоны  в  приоритетных  секторах  экономики;  бизнес 
инкубаторы  и  центры  малого  и  среднего  бизнеса;  информационно-консалтинговые  центры; 
лаборатории  и  опытно  конструкторские  бюро.  Основополагающим  нормативно-правовым  актом  в 
области  инновационного  развития  является  Закон  Республики  Казахстан  от  23  марта  2006  года  «О 
государственной поддержке инновационной деятельности». 
Реальным  вкладом  в  реализацию  региональных  задач  на  пути  к  индустриально-
инновационному прогрессу является интеграция образования, науки и производств, это подчеркнуто 
и в программной статье главы государства Казахстана «Социальная модернизация: двадцать шагов к 
Обществу  Всеобщего  Труда».  Правительством  Казахстана  поставлена  задача:  увеличить  долю 
инновационно-активных предприятий к 2015 году до 10%. 
Для  того,  чтобы  действующие  региональные  программы  инновационного  развития  были 
эффективны,  необходимо  в  первую  очередь,  их  ориентировать  на  стимулирование  спроса  на 
инновации  со  стороны  бизнес-структур.  Это  в  свою  очередь,  приведет  к  устранению  дисбаланса 
целевых интересов субъектов экономики и даст положительный синергетический эффект в ускорении 
инновационного развития регионов. 
Необходимо  учитывать,  что  эффективность  деятельности  современного  промышленного 
предприятия  характеризуется  не  только  текущими  технико-экономическими  показателями,  но  и 
скоростью  адаптации  к  изменяющимся  потребностям  рынка,  инновационным  потенциалом, 
восприимчивостью к прогрессивным технологиям. 
В  настоящее  время  уровень  использования  информационно-коммуникационных  технологий 
на предприятиях ВКО невысокий (табл. 1) 

252 
 
Таблица 1 - Уровень использования информационно-коммуникационных технологий на 
предприятиях ВКО 
 
Показатели 
2007 
2008 
2009 
2010 
2011 
2012 
Доля предприятий, имеющих компьютеры  71.6 
80.0 
76.6 
88.9 
87.2 
87.7 
Доля  предприятий,  имеющих  доступ  к 
Интернету 
52.2 
67.0 
58.9 
71.0 
66.4 
72.6 
Доля предприятий, имеющих веб-сайты 
8.6 
14.1 
16.9 
22.1 
39.9 
34.9 
Доля  предприятий,  имеющих  доступ  к 
Интернету 
4.6 
8.8 
11.4 
19.3 
17.0 
15.4 
Доля предприятий, получающих заказы по 
Интернету 
15.0 
26.1 
21.4 
12.4 
12.5 
3.6 
Доля  предприятий,  размещающих  заказы 
по Интернету 
14.6 
27.1 
22.8 
27.9 
14.2 
5.9 
Доля  предприятий,  имеющих  локальную 
вычислительную сеть 
33.0 
43.3 
45.1 
45.9 
42.9 
46.9 
Доля предприятий, имеющих Экстранет 
1.6 
3.1 
2.3 
3.4 
3.7 
2.6 
 
Имеет  место  низкий  уровень  заинтересованности  во  внедрении  инноваций  реальными 
секторами  экономики  и  отсутствие  связи  между  программами  научных  исследований  и 
инновационными  планами  предприятий.  Это  связано  с  отсутствием  в  стране  отработанных 
механизмов передачи знаний в реальный сектор, а также действенных стимулов у предприятий для 
внедрения новшеств. В этой связи, Программа развития инноваций нацелена на создание условий для 
развития высокотехнологичного малого и среднего бизнеса. 
По  ВКО  общие  затраты  на  технологические  инновации  и  объем  инновационной  продукции 
представлены таблицами 2 и 3. 
 
Таблица 2 – Общие затраты на технологические инновации 
 
Показатели 
2005 
2006 
2007 
2008 
2009 
2010 
2011 
2012 
ВКО, 
всего, 
млн.тенге 
3801.0  7464.4  6760.1  9449,6  37133.6 
18787.7 
141842.2 
32926.1 
В том числе 
 
 
 
 
 
 
 
 
Усть-Каменогорск 
3273.7  2770.6  5339.0  6829.8  30986.3 
15659.7 
135302.1 
8818.8 
Семей 
127.6 
1810.5  - 
106.5 
278.1 
193.9 
2136.8 
2281.0 
Риддер 

8.0 
2.6 
89.3 
893.0 

2075.5 
2437.5 
Курчатов 
261.9 
1414.2  1343.1  1271.2  1305.7 
1713.8 
1527.7 
478.8 
Аягозский 




41.7 
4.0 
 

Бородулихинский 




42.7 

 

Глубоковский 
33.0 
32.8 
32.7 



9.2 
56.1 
Жарминский 
104.8 
1-1.7 
34.6 
1152.8  3312.3 
180.6 
179.1 
17467.0 
Зайсанский 

37.1 



44.3 
 
127.9 
Зыряновский 

1289.5  - 


2.9 
 
108.0 
Катонкарагайский 







100.0 
Уланский 





943.1 
32.8 
1048.7 
Шемонайхинский 


8.1 

273.8 
45.4 
579.0 
2.3 
 
 
 

253 
 
Таблица 3 – Объем инновационной продукции 
 
Показатели 
2005 
2006 
2007 
2008 
2009 
2010 
2011 
2012 
ВКО, всего, 
млн.тенге 
4188.2  11411.9 
13747.5 
26015.4 
5118.2  6939.5  13854.5 
33592.5 
В том числе 
 
 
 
 
 
 
 
 
Усть-Каменогорск  4131.6  9772.8 
12551.6 
16241.9 
2468.8  2837.8  6158.4 
24171.6 
Семей 
55.4 
1304.3 
185.9 
8386.3 
2580.3  1953.8  3647.4 
4746.8 
Риддер 

213.4 
970.0 
1234.3 


579.9 
7.5 
Курчатов 



0.5 
0.5 
6.0 
579.9 
48.5 
Аягозский 





63.9 
34.0 
88.3 
Глубоковский 
1.2 
18.3 
18.1 

7.2 

61.3 
16.7 
Жарминский 





119.0 
392.5 
8.1 
Зайсанский 

91.0 



7.7 
1.1 
5.6 
Зыряновский 

11.9 
127 




121.9 
Катонкарагайский  - 


1.6 




Уланский 





1837.0  2767.3 
3816.5 
Шемонайхинский  - 

9.2 
150.8 
61.4 
114.3 
186.9 
561.0 
 
Позитивным  моментом  для  эффективности  индустриального  развития  страны  является 
возможность  институциональной  поддержки  национальной  инновационной  системы  Республики 
Казахстан.  В  нашей  стране  уже  имеется  ряд  государственных  холдингов,  таких  как  АО  «ФНБ 
«Самрук-Казына», АО «Холдинг «Самгау», национальный научно-технологический холдинг Парасат 
и  АО  НК  «Социально-предпринимательская  корпорация  «Сарыарка».  Также  можно  отметить 
Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья Республики Казахстан  - это 
крупнейший  научно-производственный  центр  Казахстана  и  Центральной  Азии  в  области  добычи, 
обогащения и комплексной переработки минерального сырья [3]. 
В  последнее  время  руководством  страны  принят  ряд  мер,  благоприятствующих  развитию 
науки  и  инноваций.  В  2008  -  2010  годы  организованы  5  Национальных  научных  лабораторий 
коллективного пользования и 15 лабораторий инженерного профиля в высших учебных заведениях, 
которые укомплектованы современным исследовательским оборудованием. 
Таким  образом,  научно-технические  инновации  -  это  новые  точки  роста  производительных 
сил, решающие вопросы рационального использования минеральных ресурсов, а также обеспечение 
конкурентных позиций в перспективных секторах рынка, где отечественная продукция не была ранее 
представлена,  а  в  отдельных  случаях  -  формирование  новых  областей  спроса,  в  удовлетворении 
которого  отечественная  наукоемкая  продукция  играла  бы  доминирующую  роль  и  была  бы  более 
конкурентоспособной  на  внутреннем  и  внешнем  рынках.  Фундаментальной  базой  создания 
инноваций  является  научная  инфраструктура.  Регион  обладает  значительным  научно-техническим 
потенциалом,  однако,  влияние  отечественной  науки  на  развитие  АПК  региона  пока  не  дает 
желаемого результата. 
Динамичное  развитие  инновационной  сферы  АПК  —  одно  из  главных  слагаемых 
инновационной  экономики  региона.  Такая  высокотехнологичная  экономика  предполагает  наличие 
эффективной инновационной системы и создание институтов поддержки инновационного процесса. 
 
Литература 
 
1.
 
Электронный  ресурс:    http://www.dissercat.com/content/upravlenie-innovatsionnym-razvitiem-
predpriyatii-apk#ixzz3MBp4MWnT 
2.
 
Амирбеков  Ш.  Конкурентоспособность  АПК  ВКО:  реалии  и  перспективы.Монография  под 
научной  редакцией  доктор  политических  наук,  профессора.  –    Алматы:  «Международное 
агенство подписки», 2013. – С.164-172 
3.
 
Власова  В.  М.,  Крылов  Э.  И.,  Журавков  И.  В.  –  Анализ  эффективности  инвестиционной  и 
инновационной деятельности предприятия. М.: ИНФРА-М, 2003. – С. 112-114 
 
 
 
 

254 
 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ 
Д.М. Еділбаева,М.М.Алибаева 
 
Мақалада  АӨК  аймағында  инновациялық  технологияны  пайдаланудың  маңызы  мен 
мағнасы қарастырылады. АӨК аймағының қазіргі заман жағдайында дамуына кедергі келтіретін 
факторлар мен мәселелер анықтауға, сараптама жасау негізінде инновациялық ортаның қазіргі 
жағдайына мінездеме береді. 
 
INNOVATIVE ECONOMIC DEVELOPMENT OF THE EAST KAZAKHSTAN REGION 
D.M.Yedilbaeva,M.M.Alibaeva 
 
The article discusses the role and importance of the use of innovative technologies in the  AIC in 
the  region.  The  characteristic  of  the  current  state  of  the  innovation  environment  based  on  the  analysis, 
identify  problems  and  factors  affecting  the  decision  of  this  problem  in  the  modern  conditions  of 
development of AIC in the region. 
 
 
ӘОЖ: 33664 
 
С.Ж. Ибраимова, А.М .Үкіжанова 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
КӘСІПОРЫННЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ 
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аннотация:  Мақалада  кәсіпорынның  ағымдағы  шығындарын  басқару  мәселелері 
қарастырылған  және  кәсіпорынды  жалпы  басқару  тиімділігін  жоғарылату  мақсатында  оларды 
жою бойынша шаралар ұсынылған.  
 
Түйін  сөздер:  ағымдағы  шығындар,  шығындарды  басқару,  операциялық  талдау,  өзіндік 
құнды төмендету резервтері, шығындарды оңтайландыру.  
 
Кез  келген  кәсіпкерлік  құрылым  әрекет  ету  үдерісінде  материалдық,  еңбек,  қаржылық  және 
басқа  ресурстарды  тұтынады.  Тұтынылған  ресурстар  фирма  қызметінің  маңызды  экономикалық 
көрсеткіші – фирма шығындарын құрайды. Ағымдағы шығындарға өндірістік ресурстар шығындары 
жатады,  олар  көп  жағдайда  бір  шаруашылық  циклде  тұтынылады.  Өнімді  (жұмыс,  қызметті) 
өндірумен  және  өткізумен  байланысты  шығындар  өнімнің  өзіндік  құнының  қалыптасуының 
экономикалық негізін құрайды.  
Ағымдағы  шығындар  өнімді  өндіру  мен  өткізу  циклі  аяқталғанда  өткізуден  түскен  түсім 
құрамында кәсіпорынға қайтып келеді.  
Кәсіпорынның  табысты  қызметі  үшін  шығындарды  басқарудың  тиімді  жүйесін  құру  қажет, 
оның  шеңберінде  шығындар  туралы  ақпарат  бәсекелестер  алдындағы  тұрақты  артықшылыққа  қол 
жеткізуге  бағытталған  даму  стратегиясын  әзірлеу  үшін  қолданылады.  Кәсіпорында  шығындарды 
басқару жүйесін құруды дәл осы тұрғыдан қарастыру керек.  
Шығындарды  басқарудың  мақсаты  –  кәсіпорын  қызметінің  белгіленген  нәтижелеріне 
әлдеқайда  үнемді  әдіспен  қол  жеткізу.  Кәсіпорында  шығындарды  басқару  кез  келген  объектіні 
басқаруға  тән  барлық  функциялардың  орындалуын  болжайды,  яғни  шешімдерді  әзірлеу  (қабылдау) 
мен  жүзеге  асыру,  сонымен  қатар  олардың  орындалуына  бақылау  жасау.  Шығындарды  басқару 
функциялары басқарушылық циклдің элементтері арқылы жүзеге асырылады: болжау мен жоспарлау, 
ұйымдастыру,  үйлестіру  мен  реттеу,  орындалуды  белсендендіру  мен  ынталандыру,  есептеу  және 
талдау[1]. 
Шығындарды басқарудың заманауи жүйелері өндіріс көлемі, өнімді өткізуден түскен табыс, 
шығындар  мен  таза  пайда  өзгерістері  арасындағы  тәуелділікті  талдауға  негізделеді.  Бұндай  талдау 
операциялық  деген атауға ие болды, сонымен қатар ол «шығындар – көлем – пайда» (cost – volume – 
profit, немесе CVP-талдау) талдауы ретінде белгілі.  

255 
 
Операциялық  талдау  кәсіпорындағы  жедел  қаржылық  жоспарлаудың  негізгі  құралы  болып 
табылады,  ол  қызметтің  қаржылық  нәтижелерінің  шығындарға,  өндіріс  көлеміне  және  бағаға 
тәуелділігіне бақылау жасауға мүмкіндік береді.      
Шығындарды  басқару  қажеттілігі  олардың  кәсіпорын  экономикасындағы  рөлімен,  дәлірек 
айтқанда олардың ұйым пайдасын қалыптастыруға тікелей қатысуымен шартталады. Соңғы нәтижеде 
нақ  осы  пайда  кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  өмірге  икемділігінің  негізгі  шарты  болып 
табылады. Сондықтан кәсіпорындардың басым көпшілігі үшін негізгі міндет – пайданы сақтау (қысқа 
мерзімді кезеңде) және пайдалылық әлеуетін ұстап тұру (ұзақ мерзімді кезеңде). Заманауи шарттарда 
шығындарды  басқару  ұтымды,  ал  көбінесе  осы  міндетті  тиімді  шешудің  жалғыз  ғана  әдісіне 
айналады.  
Шығындарды тиімді басқару – бұл: 
1)
 
кәсіпорын ресурстары қайда, қашан және қандай көлемде шығындалатынын білу; 
2)
 
кәсіпорынның әр түрлі шығындарының әрекет ету заңдылықтарын білу; 
3)
 
кәсіпорын ресурстарын қолдану қайтарымының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ете алу; 
4)
 
шығындарды  ұдайы  бақылау  мен  оларды  тиімді  төмендету  резервтерін  іздеуге 
бағдарланған кәсіпорынды басқару жүйесін ұйымдастыру; 
5)
 
шығындарды есепке алуға емес, оларды болдырмауға баса назар аудару; 
6)
 
шығындарды басқару жүйесіне шығындардың барлық түрлерін енгізу; 
7)
 
шығындар жайлы ақпаратты алу мен оны талдаудың жеделдігі[2]. 
Дегенмен  қазіргі  уақыттағы  шығындарды  басқару  жүйесі,  өкінішке  орай,  жоғарыда 
келтірілген  қағидаларға  толықтай  сәйкес  келмейді.  Кез  келген  кәсіпорынның  қызметімен  үстірт 
танысудың өзі көпшілік басқаларына да тән мәселелер қатарын айқындауға мүмкіндік береді.  
Ең алдымен, мамандар кәсіпорында қолданылатын шығындарды есепке алудың жетілмегенін 
атап  өтуде.  Қолданылатын  есептің  негізгі  кемшіліктеріне  көбінесе  есептің  кәсіпорынның  сыртқы 
есептілігіне  қойылатын  ережелерге  сәйкес  құрылуын;    есептік  ақпаратты  жалпылаудың  жоғары 
деңгейін және оны талдап тексере алмауды жатқызады. 
Бұлардан  басқа,  бұндай  есептің  негізгі  кемшілігі  –  шығындардың  алдын-алуды  қамтамасыз 
етуге, жоспардан теріс ауытқуларды және осындай ауытқулардың айыпкерлерін уақтылы айқындауға 
мүмкіндік  бермейтін  оның  төмен  жеделдігі  (шығындар  жайлы  ақпаратты  айына  бір  рет  ұсыну). 
Есепке алудың бұндай жүйесі кәсіпорын шығындарының қайда және қалай қалыптасатынын айқын 
түсіну  мүмкіндігін  көп  жағдайда  көрсетпейді.  Осының  салдарынан,  шығындарды  бақылау  ресми 
сипатқа ие, ал шығындарды қысқарту жолдарын іздеу айтарлықтай қиындай түседі.  
Шығындарды  басқару  көпшілік  кәсіпорындарда  жүйесіз,  ара-тұра  жасалады.  Өзіндік  құн 
көрсеткіштерін  талдау  шығындар  баптары  бойынша  жоспарлы  және  іс  жүзіндегі  мәліметтерді 
салыстыру арқылы және мүмкін ауытқуларды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Осы ауытқулардың 
себептерін  талдауға  келетін  болсақ,  ол  көп  жағдайда  мүлдем  орындалмайды,  не  болмаса  осы 
ауытқулардың  орнын,  себебін  және  айыптыларын  белгілі  деңгейде  нақты  айқындау  мүмкіндігін 
бермейтін іріленген есептеулерден тұрады.  
Өзге  де  мәселелер  бар.  Бұндай  жағдайдың  негізгі  себебі  шығындарды  жүйелі,  ұтымды 
ұйымдастырылған  бақылау  қамтамасыз  ете  алатын  пайда  мен  артықшылықтарды  жете  бағаламау. 
Осы  және  басқа  да  бірқатар  мәселелерді  шешу  үшін,  сонымен  қатар  кәсіпорынды  жалпы  басқару 
тиімділігін  жоғарылату  үшін  кәсіпорында  шығындарды  басқарудың  жаңа  үлгідегі  жүйесін  құру 
қажет[3]. 
Ең  алдымен  негізгі  қаржы-экономикалық  қызметтерді  шығындарды  тиімді  бақылау  мен 
оларды  басқару  қажеттілгіне  бағдарлау  қажет.  Бұған  шығындар  бойынша  көшбасшылық 
стратегиясын  басты  бәсекелік  стратегия  ретінде  қабылдау  арқылы  қол  жеткізуге  болады  және  қол 
жеткізу  қажет.  Шығындар  бойынша  көшбасшылық  стратегиясы  шығындарды  жоспарлауға, 
шығындар  бойынша  жоспардың  орындалуына  бақылау  жасауға  едәуір  назар  аударуды;  икемді 
бюджеттеуді  қолдану  мен  кәсіпорын  өнімінің  өзіндік  құнын  қалыптастырудың  қағидаларын  терең 
түсінуді  болжайды.  Бұдан  бөлек,  кәсіпорын  әрекетінің  нақты  құрастырылған  стратегиясы  түрлі 
деңгей басшыларына шығындарды басқарудың жаңа әдістерін іздеуге түрткі болуы тиіс.  
Кәсіпорында шығындарды бақылаудың нормативті әдісін енгізу жоғарыда аталған мәселелер 
қатарын  шешуге  жағдай  жасар  еді.  Оны  шығындар  орталықтары  мен  жауапкершілік  орталықтары 
қиылысында шығындарды бақылауды ұйымдастырумен бірге қолдану шығындар туралы ақпаратты 
айтарлықтай  нақтылауға,  шығындарды  жоспарлау  мен  жоспарлаудың  орындалуына  бақылау 
жасаудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік берер еді. Шығындар орталықтары мен жауапкершілік 
орталықтары  қиылысында  ауытқуларды  күнделікті  есепке  алу  шығындар  туралы  ақпараттың 

256 
 
сараптамалылығын  айтарлықтай  жоғарылатып,  нормалар  мен  нормативтерден  теріс  ауытқулардың 
алдын  алуға,  олардың  себептерін  айқындап,  олардың  туындауын  белгілі  бір  басшылардың 
қызметімен байланыстыруға мүмкіндік берер еді.  
Жүйені құрудың негізгі қағидаларына сәйкес шығындарды басқарудың тиімді жүйесін құру, 
сонымен  қатар басқарудың жаңа  нысандары  мен әдістерін  іздеу  мен енгізу  қажеттілігі  кәсіпорында 
шығындарды басқару бойынша ерекше бөлім құруда қажет етеді. Шетел тәжірибесінде бұндай бөлім 
контроллинг  бөлімі  немесе  қызметі  атауына  ие.  Бұндай  бөлімнің  қызметі  шығындарды  бақылауға 
қажет барлық ақпаратты жедел жинақтау мен талдауға, бірінші ретті есеп ақпараты  мен құжаттарын 
жинаудың  жаңа  нысандарын  әзірлеуге,  басқарушылық  шешімдердің  сараптамасына,  сонымен  қатар 
кәсіпорында экономикалық қызметті жақсарту міндеттерін шешуге, яғни кәсіпорынның стратегиялық 
міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.  
Шығындарды  қысқарту  үшін  күресте  табысқа жетуге  көмектесетін  негізгі қағидаларды  атап 
өтуге болады: 
1.
 
Шығындарды  превентивті  басқару:  кәсіпорында  қаржылық  жоспар  әзірленуі  тиіс.  Бұл 
кезде бұндай жоспарлар жүйесінің әзірленгені дұрыс: қысқа мерзімнен (мысалы, айлық  – декадалар 
немесе апталармен  бөлу  арқылы)  ұзақ  мерзімге  дейін  (мысалы,  жылдық)  –  себебі кейбір шешімдер 
қысқа мерзімді перспективада шығынды болып, ұзақ мерзімді перспективада пайдалы болуы мүмкін. 
2.
 
Қаржылық  тәртіп.  Қаржылық  жоспарлаудың  келесі  бір  жағы  –  қатаң  қаржылық  тәртіп. 
Кәсіпорын басшысы шығындарды қысқарту процесінде басты өкіл болып табылады. Оның жоспарды 
орындауға өзіндік даярлығына осы мәселеге бағыныштылардың қатынасы жоғары деңгейде тәуелді.  
3.
 
Есепке  алу  және  бақылау:  басшының  қолында  кәсіпорын  жайлы  объективті  ақпараттың 
болғаны маңызды, олардың негізінде басқарушылық ықпал ету туралы шешімдер қабылдауға болады. 
Шығындарды  басқару  мақсатында  кәсіпорында  осы  шығындарға  әсер  ететін  факторлардың 
диагностикасын жүргізіп отыру қажет. Бұдан бөлек, кәсіпорын жобасында қабылданған нормаларға 
технологиялық процестердің сәйкестігін, өндірістік қуаттылықтардың оңтайлы жүктемесін, өндірісте 
үзілістердің  болмауын,  үдерістердің  ырғақтылығын  тексеріп,  тиеп  жөнелту  жүйесіндегі  тоқтап 
қалулардың  болмауына  бақылау  жасаған  жөн  (қойманың  тауарлануы  өндірістің  тоқтауына  алып 
келеді). Бұл негізгі диагностикалық факторлар , олардың негізінде кәсіпорын басшысы шығындарды 
қысқарту бойынша бағдарламаны бекітеді.  
Осылайша,  шығындарды  қысқартуға  жоспарлы  күресті  жүзеге  асыру  үшін  кәсіпорынға 
қаржылық  жоспарлау  мен  бақылау  жүйесін  белглі  бір  түрде  енгізу  қажет.  Ол  үшін  кәсіпорында 
шығындарды қысқарту бағдарламасын әзірлеуге болады[4]. 
Кәсіпорында  айқындалған  ағымдағы  шығындарды  басқару  мәселелері  белгілі  бір 
ұсыныстарды әзірлеу жолымен шешуді талап етеді.  
Кәсіпорындар  мен  фирмалар  қызметіндегі  маңызды  міндет  –  өнімнің  өзіндік  құнын 
төмендету.  Ол  тауарлардың  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылату  шарттарының  бірі  ретінде, 
материалдық  және  еңбек  ресурстарының  тұрақты  құны  кезіндегі  өндіріс  көлемін  ұлғайту  құралы 
ретінде  алға  шығады.  Өзіндік  құнды  төмендетудің  негізгі  факторлары:  өндірістің  техникалық 
деңгейін  жоғарылату,  еңбектің  ұйымдастырылуын  жақсарту,  шығарылатын  өнімнің  көлемі  мен 
құрылымының  өзгеруі,  кооперацияланған  жабдықтау  үлесінің  жоғарылауы.  Нәтижесінде 
материалдық шығындардың (материалсыйымдылықтың) төмендеуіне және еңбек өнімділігінің өсуіне 
қол жеткізіледі.  
Өзіндік  құнды  төмендету  резервтері  шығын  элементтері  болып  табылады,  оларды  үнемдеу 
есебінен өндіріс шығындары төмендетілуі мүмкін. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі көздері:  
1)
 
шикізат, материалдар, отын, энергия шығынының төмендеуі; 
2)
 
амортизациялық шегерімдер мөлшерінің азаюы; 
3)
 
еңбекақы шығынының қысқаруы; 
4)
 
әкімшілік-басқарушылық шығыстардың азаюы. 
Өнімді  өндіру  мен  өткізу  шығындарының  қысқаруы  бағалардың  төмендеуінің  материалдық 
негізі болып табылады, экономиканың басқа салаларындағы өндірістік шығындардың азаюына алып 
келеді.  Өзіндік  құнның  төмендеуі  айналым  құралдарына  қажеттіліктің  азаюы  үшін  де  маңызы 
жоғары.  Бұдан  өндіріс  шығындары  мен  өнімді  өткізу  шығыстарының  төмендеуіне  жүйелі  бақылау 
жүргізу қажеттілігі туындайды.  
Осылайша,  кәсіпорында  ағымдағы  шығындарды  төмендету  мәселесін  шешу  үшін  жалпы 
тұжырымдама  (бағдарлама)  әзірленуі  тиіс, ол кәсіпорындағы  өзгерген  жағдайларды ескере  отырып, 
жыл  сайын  түзетіліп  отыруы  тиіс.  Бұл  бағдарлама  кешенді  сипатта  болу  керек,  яғни  өнімді  өндіру 
мен  өткізу  шығындарын  төмендетуге  ықпал  ететін  барлық  факторларды  ескеруі  тиіс.  Өндіріс 

257 
 
шығындарын  төмендету  бойынша  кешенді  бағдарламаның  мәні  мен  мазмұны  кәсіпорынның 
ерекшелігіне, ағымдағы жағдайы мен оның даму перспективаларына байланысты[5].     
Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын оңтайландыру бойынша жоспарланған іс-шараларды іске 
асыру  талданып  отырған  кәсіпорын  қызметіне  оң  әсер  етеді,  себебі  өнімнің  өзіндік  құнының 
төмендеуіне, оның қаржылық нәтижелерінің жақсаруына және кәсіпорынның ағымдағы шығындарын 
басқару тиімділігін жоғарылатуға алып келеді.   
Шығындарды тиімді басқару нәтижесінде ұйым келесі артықшылықтарға ие болады:  
1.
 
Әлдеқайда  төмен  шығындар  мен  осының  нәтижесіндегі  төмен  бағалар  есебінен  бәсекеге 
қабілетті өнім өндіру;  
2.
 
 Өнімнің  жеке  түрлерінің  өзіндік  құны  мен  олардың  басқа  өндірушілердің  өнімдерімен 
салыстырғандағы нарықтағы орны туралы сапалы және нақты ақпараттың болуы; 
3.
 
Икемді баға жасауды қолдану мүмкіндігі. 
4.
 
Кәсіпорын бюджетін құру үшін объективті мәліметтерді ұсыну. 
5.
 
Кәсіпорынның әрбір бөлімшесінің қызметін қаржылық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі. 
6.
 
Негізделген және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау.  
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  бизнес  дамуының  маңызды  міндеттерінің  бірі 
шығындарды  оңтайландыру  немесе  оларды  кәсіпорынның  өндірістік  жоспарларының  орындалуы 
жағдайында талап етілетін қаржылық нәтижені қамтамасыз ететін деңгейге жеткізу деп қорытынды 
жасауға  болады.  Шығындарды  оңтайландырудың  қолданыстағы  құралдарының  арасында 
шығындарды жүйелі түрде басқару құралдары негізгі болып табылады, оларға жоспарлау, есепке алу, 
бақылау мен шығындарды төмендету бойынша іс-шаралар бағдарламасы жатады[6].  
    
 
Әдебиет 
 
1  Мыңатаев М.М., Мырзагельдиева Ж.М.  Кәсіпорын экономикасы. Алматы: Экономика, 2011 – 56б.  
2  Д.Я.Қуатов. кәсіпорын экономикасы. Алматы:Экономика,2006- 87 б. 
3  Әбдікәрімова Г.И. кәсіпорын экономикасы. Алматы:Экономика, 2008 -  96б. 
4  Оразалин.К.Ж. кәсіпорын экономикасы. Алматы: 2007  
5  Михайлова,  Нина  Владиславовна;  Формирование  системы  управления  текущими  затратами 
предприятия : Санкт-Петербург : 2002. (https://dvs.rsl.ru)  
6  Селютина, Светлана Викторовна; Организационно-экономический механизм управления затратами 
промышленного предприятия : Тамбов : 2003. .(https://dvs.rsl.ru)  
 
ПРОБЛЕМЫ УПРАВЛЕНИЯ ТЕКУЩИМИ ЗАТРАТАМИ ПРЕДПРИЯТИЯ  
И ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ  
С.Ж. Ибраимова, А.М. Укижанова 
 
В  статье  рассмотрены  проблемы  управления  текущими  затратами  на  предприятии  и 
предложены  меры  (рекомендации)  по  их  устранению  в  целях  повышения  эффективности 
управления предприятием в целом.  
 
РROBLEMS OF ENTERRISE CURRENT EXPENSES MANAGEMENT AND THE WAY OF 
THEIR SOLUTION 
S.Zh. Ibraimova,  A.M. Ukizhanova 
 
 In the article the problems of current expenses management at an enterprise are considered and 
measures  (recommendations)  for  their  elimination  with  a  view  of  management  efficiency  in-crease  are 
offered. 
 
 
 
 

258 
 
УДК: 336.77: 334.746.016 
 
Д.Қ. Тлеубердинова, С.Ж. Ибраимова 
Государственный университет имени Шакарима города Семей 
 
ОСОБЕННОСТИ КРЕДИТОВАНИЯ МАЛОГО И СРЕДНЕГО БИЗНЕСА  
В КАЗАХСТАНЕ 
 
Аннотация:  В  статье  рассматриваются  особенности  кредитования  малого  и  среднего 
бизнеса  в  Казахстане.  В  результате  исследования  определены  неритмичность  работы 
производства  связанные  с  низкой  эффективностью  кредитования.  Определены  пути  повышения 
эффективности кредитования. 
 
Ключевые слова: кредит, бизнес, экономика, банк, предприниматель 
 
В  Послании  Президента  Республики  Казахстан  народу  было  отмечено,  что  «Правительство 
должно продолжить последовательную работу по стимулированию конкурентоспособности малого и 
среднего  бизнеса.  Надо  поддерживать  работу  микрокредитных  организаций,  в  том  числе  за  счет 
средств  государства.  Они  показывают  поддержку  сотням  тысяч  наших  граждан  в  создании  своего 
дела.  Надо  продумать  меры  по  повышению  доступности  микрокредитования  и  созданию  новых 
рабочих мест для большего количества казахстанцев». 
Предприятия  малого  и  среднего  бизнеса  (далее  МСБ)  –  существенная  составляющая  и 
субъективная  база  цивилизованного  рыночного  хозяйства,  неотъемлемый  элемент  конкурентного 
механизма на рынке. Их предпринимательский уклад придает рыночной экономике гибкость и несет 
в себе антимонопольный потенциал. Развитие МСБ решает проблему занятости и другие социальные 
проблемы  рыночного  хозяйства,  а  также  обеспечивает  прорыв  по  ряду  направлений  научно-
технического прогресса. По этим причинам становление, поддержание и развитие МСБ в настоящее 
время входит в состав стратегических задач экономической политики Республики Казахстан 
[1]

В  странах  с  развитой  рыночной  экономикой  система  МСБ  составляет  фундамент 
общественных  отношений.  Именно,  на  базе  малого  предпринимательства  идет  формирование  не 
только средних, но и крупных капиталов. В нашей республике сегмент малого бизнеса как составная 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет