Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет36/43
Дата07.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#1389
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43

Литература 
 
1.
 
Абилов К.Купечество Казахстана во второй половине XIX – начале XX века //  Отан тарихы– 
2004. –№ 2. - С. 60
 
2.
 
Иванов П.И. Обозрение прав и обязанностей Российского купечества и вообще всего среднего 
сословия –Москва, 2005. – С.  63 
3.
 
Иванов П.И. Обозрение прав и обязанностей Российского купечества и вообще всего среднего 
сословия –Москва, 2005. – С.  72 
4.
 
Иванов П.И. Обозрение прав и обязанностей Российского купечества и вообще всего среднего 
сословия –Москва, 2005. – С.  75 
5.
 
Иванов П.И. Обозрение прав и обязанностей Российского купечества и вообще всего среднего 
сословия –Москва, 2005. – С.  65 
6.
 
Иванов П.И. Обозрение прав и обязанностей Российского купечества и вообще всего среднего 
сословия –Москва, 2005. – С.  63 
7.
 
Иванов П.И. Обозрение прав и обязанностей Российского купечества и вообще всего среднего 
сословия –Москва, 2005. – С.  75 
8.
 
Абилов К. Купечество Казахстана во второй половине XIX – начале XX века //  Отан тарихы – 
2004. – № 2. - С. 61
 
9.
 
ЦГА РК Ф. 345, оп. 1, д. 880, л. 5 

239 
 
10.
 
Ахметова Г. М. Торговая буржуазия Северо-Восточного Казахстана в конце 19- начале 20 веков 
// диссертация на соискание ученой степени кандидата наук, Усть-Каменогорск, 2003 г.- С. 73
 
11.
 
Абилов К. Купечество Казахстана во второй половине XIX – начале XX века //  Отан тарихы – 
2004. – № 2. - С. 62
 
12.
 
Ахметова  Г.М.Купечество  Северо-Восточного  Казахстана  на  рубеже  XIX-XX  веков.//    Вестн. 
КазНУ. Сер.ист. – 2004. – № 1. - С. 52 
13.
 
Ахметова Г.М.Купечество Северо-Восточного Казахстана на рубеже XIX-XX веков. //  Вестн. 
КазНУ. Сер.ист. – 2004. – № 1. - С. 53 
14.
 
Ахметова Г. М. Торговая буржуазия Северо-Восточного Казахстана в конце 19- начале 20 веков 
// диссертация на соискание ученой степени кандидата наук, Усть-Каменогорск, 2003 г.- С. 103
 
15.
 
Ахметова Г. М. Торговая буржуазия Северо-Восточного Казахстана в конце 19- начале 20 веков 
// диссертация на соискание ученой степени кандидата наук, Усть-Каменогорск, 2003 г.- С. 90
 
16.
 
Мамытова С.Н.История развития предпринимательства в Прииртышье во второй половине 19 – 
начале 20 века// диссертация на соискание ученой степени кандидата наук, Павлодар, 2004 г.- 
С. 122
 
17.
 
Мамытова С.Н. История развития предпринимательства в Прииртышье во второй половине 19 
– начале 20 века // диссертация на соискание ученой степени кандидата наук, Павлодар, 2004 г.- 
С. 123
 
18.
 
ЦГА Ф. 15, опись 1,Дело 30,л. 5 
19.
 
ЦГА Ф. 15, опись 1,Дело 30,л. 6 об. 
20.
 
ЦГА Ф. 15, опись 1,Дело 30,л. 7 
21.
 
ЦГА Ф. 15, опись 1,Дело 30,л. 6 
22.
 
Байтова А. Наследие купеческого града, или моя фамилия Кубрин…  //  Казахстанская правда – 
2006. – 10.12. - С.12 
23.
 
Энциклопедический  словарь  по  истории  купечества  и  коммерции  Сибири:  Новосибирск: 
Академическое издательство «Гео», 2013 г.Т. 1. - С.379 
24.
 
Байтова А. Наследие купеческого града, или моя фамилия Кубрин…  //  Казахстанская правда – 
2006. – 10.12. - С. 12 
25.
 
Энциклопедический  словарь  по  истории  купечества  и  коммерции  Сибири:  Новосибирск: 
Академическое издательство «Гео», 2013 г.Т. 1. - С.380 
26.
 
Байтова А. Наследие купеческого града, или моя фамилия Кубрин…  //  Казахстанская правда – 
2006. – 10.12. - С. 12 
27.
 
Энциклопедический  словарь  по  истории  купечества  и  коммерции  Сибири:  Новосибирск: 
Академическое издательство «Гео», 2013 г.Т. 1. - С.380 
 
АКМОЛА ЖӘНЕ СЕМЕЙ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ КӨПЕСТЕРІ 
(XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ- XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ) 
А.С. Керейбаева 
 
Бұл  мақалада  көпестер  қауымының  құрылу  мәселелері  қаралады.  Ақмола  және  Семей 
облыстарының  көпестері  жекеше  талданды.  Көпес  қауымына  сол  кездегі  үкімет  қандай 
жеңілдіктермен қолдау көрсеткені туралы айтылады. 
 
MERCHANTS AKMOLA AND SEMIPALATINSK REGIONS IN THE SECOND HALF OF 
THE XIX CENTURY - BEGINNING OF XX CENTURY 
А.S. Kereibayeva 
 
This  article  discusses  the  problem  of  forming  kupechestva.Otdelno  analyzed  Akmola  and 
Semipalatinsk  region.  Also,  the  article  discusses  the  fact  that  States  shall  provide  the  benefits  and 
privileges of the merchant class. 
 
 
 

240 
 
ЭКОНОМИКА  ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
 
 
ӘОЖ: 658:339.137.9 
 
И.Е. Абылгазинова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
  
Аннотация:  Мақала  кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілетін  зерттеудің  өзектілігіне 
негізделген.  Автормен  «кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті»  ұғымына  анықтама  берілген  және 
бәсекеге қабілеттілігінің деңгейлері қарастырылған.  
 
Түйін  сөздер:  бәсекелестік,  кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті,  өнімнің  бәсекелестік 
қабілеті, жедел деңгей, тактикалық  деңгей, стратегиялық деңгей, экономика.  
 
Нарықтық экономикада ең басты фактор – адамдардың шаруашылық қызметінің формаларын 
белгілі бір дәрежеде анықтайтын және бәсекелестік деп аталатын экономикалық категорияда айқын 
көрініс алатын – жарыстастық  рухы болып табылады.  
Бәсекелестік тұтынушылар сұранысындағы  көптеген ұқсас тауарлар бір нарықта сатылғанда 
туындайды.  Бәсекелестік  күрестің  мақсаты  –  кәсіпорынның  бәсекелестерге  қарағанда  тауарды 
тұтынушылардың  сұранысына  лайықты  түрде  жеткізу  арқылы  нарықтағы  өз  орнын  сақтап  қалу 
немесе  жақсарту,  сонымен  қатар  мүмкіндігінше  көбірек  пайда  табу.  Көптеген  экономистердің 
дәлелдері  бойынша,  бәсекелестік  –  нарықтық  ортаны  дамытудың  қозғаушы  күші,  ресурстарды 
үнемдеудің,  тауар  сапасын  және  халықтың  тұрмыс  деңгейін  жақсартудың  басты  құралы  болып 
табылады.  Әсіресе  осы  механизмді  енді  игеріп  келе  жатқан  қазақстандық  нарықтық  шарттардағы 
бәсекелестік механизмді зерттеу маңызды.  
Қазақстан Республикасының Бәсекелестік туралы Заңында: «Бәсеке  – рынок субъектілерінің 
өз бетімен жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналасының жалпы жағдайына 
олардың  әрқайсысының  бір  жақты  ықпал  ету  мүмкіндігін  тиімді  шектейтін  және  тұтынушыларға 
қажетті тауарлар өндіруді ынталандыратын жарыстастығы» - деп көрсетілген [1].  
Бәсекелестік  –  тұтынушылардың  талабымен  есептеледі,  яғни  тұтынушылардың    өнімге 
қатысты  қалауы,  тілектері  ескеріледі.  Мұның  өзі  тауардың  сапасын  жақсартуға,  еңбек  өнімдерін 
арттыруға, олардың жаңа түрлерін шығаруға,  өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға 
ынталандырады.  
Өнімнің бәсекелестік қабілеті мен сол өнімді шығаратын кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті 
өзара  бөлшектей  және  бүтіндей  қатынаста  болады.  Кәсіпорынның  нақты  бір  тауарлық  нарықта 
«бәсекеге» түсу мүмкіндігі – өнімнің бәсекелестік қабілеті мен кәсіпорын қызметінің экономикалық 
тәсілдерінің жиынтығына тікелей тәуелді.  
Көбінесе  «кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті»  ұғымы  «кәсіпорынның  бәсекеге  қабілетті 
өнімді шығаруға қабілеті» ұғымына алып келеді. Яғни, кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті дегеніміз 
– кәсіпорынның өзінің мықты жақтарын қолдану мүмкіндігі мен ішкі және сыртқы нарықта алдыңғы 
қатарлы орындарда бола алатын өнімді немесе қызмет түрін шығаруға өзінің күш-жігерін бағыттауы 
болып  табылады.  Ресей  ғалымы  А.Вороновтың  пікірінше:  «кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті  – 
оның бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруы мен сатуы» [2].  
Алайда,  қазіргі  таңда  кәсіпорынның  әр  түрлі  өнім  түрлерін  шығара  алатындығын  және 
диверсификация  стратегиясы  шегінде  біруақытта  түрлі  өнім  нарықтарында  жұмыс  істей 
алатындығын ескере отырып, кәсіпорынның бәсекелестік қабілетінің дәрежесі мен оның шығаратын 
өнімдерінің  бәсекелестік  қабілеті  дәрежесінің  сәйкес  келмейтіндігіне  көз  жеткіземіз.  Өнім 
номенклатурасында бәсекеге қабілетті бір немесе бірнеше өнім түрлерінің бар болуы кәсіпорынның 
әлі бәсекеге қабілетті екендігін білдірмейді. Ең әуелі мынаны ескерген жөн: кәсіпорынның бәсекеге 
қабілеттілік  дәрежесін  анықтап,  салыстыру  үшін  негіз  ретінде  шығарылатын  өнімдер  туралы  емес, 
бәсекелес кәсіпорындар туралы мәліметтер қолданылады.  

241 
 
Өнімнің  бәсекелестік  қабілеті  мен  кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті,  өзара  байланыста 
болуына қарамастан, мәнділігі жағынан ажыратылады: 
-түрлі уақыт аралығымен анықталады (өнімнің бәсекелестік қабілеті қысқа уақыт аралығында, 
ал кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті ұзақ мерзімде анықталады); 
-кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті  оның  барлық  өнім  түрлерінің  бәсекеге  қабілеттілік 
дәрежесі мен әр қызмет түрінің тиімділігіне тәуелді; 
-өнімнің  бәсекеге  қабілетті  болуы  міндетті  алғышарт  болғанымен  кәсіпорынның  бәсекеге 
қабілетті болуының толық шарты емес;    
Кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті  «өнімнің  бәсекелестік  қабілеті»  ұғымына  қарағанда 
күрделі әрі жалпылама болып келеді. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті – оның қызметінің белгілі 
бір уақыт аралығында қол жеткізген соңғы нәтижелерін анықтайтын интегралды сандық сипаттама. 
Ол  –  әрқайсысы  белгілі  бір  потенциал  түрінің  сандық  (мысалы:  балдық)  көрсеткішін  анықтауға 
арналған элементтер жүйесі. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті басқа бәсекелестерге қарағанда ие 
болатын  артықшылықтарымен  қамтамасыз  етіледі,  нақтырақ  айтсақ:  экономикалық,  қаржылық, 
инвестициялық, кадрлық, имидждік және т.б. 
Кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілетінің  қамтамасыз  етілуі  үш  деңгейде  шамаланады:  жедел, 
тактикалық және стратегиялық (1-кесте). 
 
Бәсекеге қабілеттілікті 
қамтамасыз ету деңгейлері 
Сипаттамасы 
Негізгі белгілері 
Жедел деңгей 
Өнімнің бәсекеге қабіліттілігін 
қамтамасыз етумен сипатталады 
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік 
көрсеткіші 
Тактикалық деңгей 
Кәсіпорынның жалпы жағдайымен 
сипатталады 
Кәсіпорын жағдайының 
кешенді көрсеткіші 
Стратегиялық деңгей 
Кәсіпорынның инвестициялық 
жағымдылығымен сипатталады 
Кәсіпорын құнының өсуі 
 
1-кесте. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетінің қамтамасыз етілу деңгейлері. 
  
Кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігін  бәсекелестерге  қарсы  әрекет  ету  шарттарында  өзінің 
алға  қойған  мақсатына  жету  деген  кең  ауқымды    мағынада  анықтауға  болады.  Әдетте,  мақсат 
уақытпен  тығыз  байланысты.  Сондықтан  кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілетін  оның  бәсекелестік 
шарттарында    белгілі  бір  уақыт  аралығында  (алға  қойған  мақсаттарына  қатысты)  сәтті  әрекет  ету 
қабілеті деп айтуға болады.  
Кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  экономикалық  потенциалының  қолданылуының 
тиімділігін көрсетеді.  
Қазіргі  таңда  кәсіпорынның  алдыңғы  қатарлы  кәсіпорындармен  бәсекеге  түсуі  үшін 
кәсіпорынның  өндірісін  ұйымдастыру  мен  басқаруда  жаңа  тәсілдемелерді  қолдану  талап  етіледі. 
Әсіресе  кәсіпорында  техникалық  қайта  құру  барысында,  яғни  жаңа  техника  мен  технологиялармен 
қамтамасыз етуде жаңа бағыттағы тәсілдемелер қолданылуы тиіс.  
Кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілеті  оны  құрушы  компоненті  болып  табылатын  көптеген 
факторларға тәуелді. Оларды жалпы үш топқа бөліп қарастыруға болады: 
1.
 
Техникалы-экономикалық; 
2.
 
Коммерциялық; 
3.
 
Нормативті-заңды; 
Кәсіпорынның жоғары дәрежеде бәсекелестік қабілетке ие болуы нарықтық шарттарда үлкен 
табыс  табуға  кепілдік  болмақ.  Кәсіпорын  басшылығы  ұзақмерзімдік  тұрақтылықпен  қамтамасыз 
етуге  апаратын    сондай  дәрежеге  жету  үшін  алға  үлкен  мақсаттар  қояды.  Кәсіпорынның 
бәсекелестікке  қабілеттілігін  басқару  өнімнің  сапасын  арттыруда,  оны  сатуда  жаңа  нарықтық 
орындарды,  тұтынушыларды  іздеуде,  қызмет  көрсету  орталықтарын  жақсартуда,  өнімді 
жарнамалауда жаңа талаптар қояды [3].  
Кәсіпорын  нарықтық  ортада  әрдайым  басқа  кәсіпорындармен  «бәсекелес»  болмақ. 
Бәсекелестік  ортаның  жағдайы  мен  бәсекелестердің  әрекеті  кәсіпорынның  маркетингтік 
шешімдеріне, оның алдағы жоспарлары мен саясатына үлкен ықпал етеді. Жалпы «бәсекелестіктің» 
үш түрі ажыратылады (2-кесте). 
 
 

242 
 
 
Бәсекелестіктің түрлері 
Сипаттамасы 
Функционалдық 
Бәсекелестіктің  бұл  түрі  бір  қажеттілікті  қанағаттандыратын  түрлі 
тауарлар (қызметтер) арасында туындайды. 
Қалыпты 
Бәсекелестіктің  бұл  түрі  түрлері  бір,  алайда  бір  ерекшелігімен 
ажыратылатын тауарлардың (қызметтертің) арасында туындайды.    
Заттық 
Бәсекелестіктің  бұл  түрі    іс  жүзінде  құрамы  бірдей,  алайда  өндірушілері 
түрлі болып келетін тауарлар арасында туындайды. 
2-кесте. Бәсекелестіктің түрлері және олардың анықтамасы. 
 
Қазіргі  таңда  кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілетін  бағалайтын  көптеген  тәсілдер 
кездескенімен,  барлығы  біржақты  болып  келеді  немесе  көрсеткіштер  жинағына  негізделеді,  алайда 
нақты анықтайтын арнайы әдіс-тәсілдер жоқ. 
 
Әдебиет 
 
1.  Қазақстан Республикасының Бәсекелестік туралы Заңы, 1-тарау, 6-бап. 
2.  А. Воронов. Конкуренция в XXI веке // Маркетинг. – 2001. №5. 16-бет. 
3. Г. А. Яшева, Конкурентоспособность предприятий легкой промышленности: оценка и направления 
повышения // Г. А. Яшева, Н. Л. Прокофьева, В. В. Квасникова. — Витебск: УО «ВГТУ», 2003. — 
302-бет. 
4. 
Финансовая  энциклопедия.  Конкурентоспособность  //  Электрондық    ресурс.  URL: 
http://www.financialguide.ru 
 
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТИ ПРЕДПРИЯТИЯ 
И.Е.Абылгазинова 
 
В  статье  обоснована  актуальность  изучения  конкурентоспособности  предприятия. 
Автором  проведен  обзор  определения  понятия  «конкурентоспособность  предприятия»  и 
рассмотрены уровни иерархии конкурентоспособности. 
 
THEORETICAL  BASIS OF THE ENTERPRISE  COMPETITIVENESS 
I.Y.Abylgazinova  
 
The article is devoted to the applicability to the study of competitiveness. The author  analyses the 
definition of «enterprise competitiveness» and levels of hierarchy of competitiveness. 
 
 
ӘОЖ: 338.124.4(574) 
 
Ш.Д. Жайлаубаева, Е.А.Тілеуғабылова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ 
 
Аннотация: Бұл мақалада  әлемдік қаржы дағдарысының негізгі себептері қарастырылған, 
сонымен  қатар  әлемдік  қаржы  дағдарысы  жағдайындағы  Қазақстанның  экономикасына  талдау 
жасалынған.  Тұрақсыз  қаржы  жағдайында  экономиканы  тұрақтандыру  бойынша  ұсыныстар 
ұсынылған. 
 
Түйін  сөздер:  әлемдік  қаржы  дағдарысы,  қаржы  дағдарысының  себептері,  бюджеттік 
саясат, ипотекалық секор. 
 
Әлемде орын алған қаржы дағдарысының басты себебі — әлемдік валюта АҚШ долларының 
шектен  тыс  көп  мөлшерде  шығарылуы  деп  баспасөз  беттерінде  жиі  жарияланатын  болды.  Алайда, 
бұл  дағдарыстың  себептері  Елбасынының  «Дағдарыстан  шығу  кілті»  аты  мақаласында   нақты  әрі 
тереңінен  қарастырылып,  оған  келесідей  анықтама  беріледі:  «Бүгінде  елдер  мен  континенттерді 

243 
 
тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол 
әлем  тарихында  теңдесі  жоқ  және  әлемдік  тәртіпті,  барлық  экономикалық  бастауларды  түбегейлі 
өзгертетін  құбылыстар  санатына  жататыны  анық.  Сондықтан  да  оны  талдауға,  ой-елегінен  өткізуге 
және  еңсеруге  барлық  ескі  догмалар  мен  стереотиптерді  қайта  қарастыратын  жаңаша  көзқарас 
қажет»[1].
 
Әлемдік  экономикалық  дағдарыстың  біртіндеп  саябырсығандығы  байқалғанмен,  оның 
жалғасу  ықтималдығы  азайған  жоқ.  Бұл  тұжырымдамаға  дәлел  ретінде  бірнеше  дәйек  келтірейік, 
экономикалық дағдарыстың алғышарттарын анықтап көрейік. 
Біріншіден,  әлемдік  экономика  АҚШ  секілді  негізгі  тұтынушы  нарықтың  көрсеткішіне  арқа 
сүйеді.  Яғни  американ  экономикасының  жағдайына  байланысты  өзге  елдер  өз  экономикалық 
стратегиясын анықтап, соған қарап бой түзеді. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  құрылған  Брейтонвудтық  валюталық  жүйе  американ 
долларының  үстемдігін  орнатты.  Логика  бойынша  американ  доллары  өзінің  төлемдік  мүмкіндігін 
қамтамасыз  ету  үшін  алтынға,  ал  әлемнің  өзге  мемлекеттерінің  валютасы  өз  төлем  мүмкіндігін 
долларға  байланысты  айқындады.  Бұл  жүйе  екніші  дүниежүзілік  соғыстан  жапа  шеккен 
мемлекеттердің бюджетін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Ол кезде Маршалл жоспары 
бойынша  Еуропа  елдерінің  экономикасын  қалпына  келтіру  жолындағы  көмек  тек  АҚШ  доллары 
арқылы  берілді,  яғни  әлемдегі  АҚШ  долларының  резервтік  валютаға  айналуына  барлық  жағдай 
жасалды. Алайда, АҚШ пен КСРО арасында геостратегиялық бәсекелестікті қамтамасыз етуге деген 
ынта АҚШ шығындарының өсуіне алып келді [5]. Нәтижесінде долларды алтынмен қамтамасыз ету 
мүмкіндігі  шектеле  бастады.  АҚШ  бұл  жағдайда  президент  Ричард  Никсон  тұсында  долларды 
алтынмен  қамтамасыз  етуден  бас  тартты.  Әрине  әлемдік  экономика  тұрғысынан  бұл  жағымсыз 
құбылыс қарсылық тудырды. Франция президенті генерал Шарль де Голль өз елінің тұрақтылығын 
қамтамасыз ету үшін АҚШ доллары тиеген екі кеме жіберіп алтынға айырбастатса, Германия да осы 
жолды  қолдайтындығын  жасырмады.  Дегенмен  өзге  мемлекеттер,  ал  уақыт  өте  келе  Франция  мен 
Германия  да  АҚШ-тың  ақша  шығыратын  станогына  тәуелді  екендігін  мойындап,  өзінің  алтын 
қорларының  негізгі  бөлігі  АҚШ  долларынан  тұратындығын  ескере  отырып  Ақ  үй  әкімшілігімен 
келісуге  мәжбүр  болды.  Бұл  үдеріс  бүгінгі  күні  де  жалғасуда.  Тұжырымдық  тұрғыдан  ештеңе 
өзгерген жоқ. Барлық дерлік мемлекеттер өзінің алтын қорын әлі күнге дейін АҚШ долларында ұстап 
келе  жатыр.  Бұл  әлемдік  экономика  АҚШ  долларына  тәуелділіктен  айрылған  жоқ  деген 
тұжырымдамаға  әкеледі.  Әлемдік  дағдарыстың  негізгі  себептерінің  бірі  резервтік  валютаның  АҚШ 
доллары  болуы  өзгері-ссіз  қалып  отыр.  Бұған  дәлел  ретінде  соңғы  уақыттарда  орын  алған  ТМД 
елдеріндегі валюталық өзгерістерді айтуға болады. 
АҚШ-тың бюджеттік саясаты дағдарыс уақытында үлкен өзгерістерсіз өз жалғасын тапты. Ақ 
үй  әкімшілігі  ештеңемен  қамтамасыз  етілмеген  доллардың  эмиссиясын  көбейтпесе  азайтқан  жоқ. 
Мемлекеттік билік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеке банктер мен инвестициялық 
компаниялардың  шығындары  мен  қаржылық  міндеткерліктерін  кеңінен  сатып  алуға  кірісті.  Бұл 
процесті  қаржылай  қамтамасыз  ету  үшін  жаңа  доллар  толқыны  басылып  шығарылды.  Обама 
Үкіметінің  зардап  шеккен  әлеуметтік  топтарды  қолдау  саясаты  шығындар  қатарын  онан  әрі 
молайтты.  Бұл  үшін  станокта  тағы  жаңа  ақша  басылды,  яғни  тұжырымдамалық  және 
институционалдық  тұрғыдан  АҚШ  экономикасында  үлкен  өзгерістер  болды  деуге  негіз  жоқ.  Бұл 
дағдарыстың институционалды яғни жүйелік негіздері жойылған жоқ дегенді білдіреді [2]. 
 Дағдарыстың екінші себебі АҚШ экономикасының өсу орнына тежелуі болатын. Бұл бірінші 
кезекте  экономиканың  жүйелік  диверсификацияланбауынан  туындаған  дағдарыс  еді.  Яғни  ХХ 
ғасырдың  60-70  жылдарынан  бері  дамыған  елдердің  экономикасында  өндіріс,  ауыл  шаруашылығы 
секілді  материалды  секторларға  қарағанда  қызмет  көрсету  саласы  басымдыққа  ие  болды.  Жалпы 
ұлттық  өнімнің  негізгі  бөлігін  интеллектуалды  еңбек  пен  қызмет  көрсетуден  құралуы  және 
экономиканың дамығандығының негізгі көрсеткіші ретінде мойындалуы бұл салаға басымдық беруге 
итермеледі. 
Алайда,  қызмет  көрсету  саласының  бір  ерекшелігі  тәуекелдің  жоғарылығында.  Нақты  тауар 
өндірісінде негізгі кепіл тауардың өзі, яғни материалдық құндылық болып есептелсе, қызмет көрсету 
саласында  кепіл  ретінде  идея  немесе  ой  бағаланады.  Шын  мәнінде  бұл  ойдың  дұрыс  бұрыстығы, 
қолданысқа  ену  мүмкіндігі  тек  тұтыныс  барысында  анықталады.  Ал  идея  тұтынудан  бұрын  түрлі 
инвестицияларды талап етеді. Яғни шын мәнінде идея немесе интеллектуалды меншік жарамсыз деп 
табылған  жағдайда  бұл  шығындардың  орны  толмасы  анық.  Бұл  экономиканың  құрылымдық 
ерекшелігі  әлі күнге дейін аяғына дейін шешілмеген күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 

244 
 
Бұдан басқа дағдарыстың әлемдік сипатқа ие болуы осы уақытқа дейін белсенді өсім көрсетіп 
келе  жатқан  Қытай,  Ресей  секілді  мемлекеттердің  экономикалық  өсімін  кешеуілдетуде.  Бұл  әсіресе 
экспортының  негізгі  бөлігін  шикізат  құрайтын  мемлекеттерге  қауіпті  құбылыс.  Себебі,  шикізатты 
өсім  үстіндегі  экономика  ғана  белсенді  тұтына  алады.  Сұраныстың  төмендеуі  шикізат  құнын 
төмендетеді.  Тиісінше  шикізатқа  деген  сұраныстың  азаюы  шикізат  экспортымен  айналысатын 
елдердің табысын азайтады. Бұдан әрі қарай бұл жүйелік дағдарысқа әкелуі заңды. Себебі жеткілікті 
дәрежеде диверсификацияланбаған экономика жағдайында, мемлекеттің шығындарын қалыпты ұстап 
тұру  қиындықтар  тудырады.  Бұл  өз  кезегінде  мемлекеттің  экономиканы  әртараптандыру  мен  даму 
бағдарламаларына қаржы бөлу мүмкіндігін шектейді [3].  
Дағдарыстың үшінші себебі - ретсіз тұтынудың нәтижесінде материалдық құндылық құнының 
өсуі.  Инвестициялардың  ең  жылдам  пайда  әкелетін,  қайтарымдысы  -  құнды  қағаздарға  салынған 
инвестициялар  болып  табылады.  Бұл  қаржы  нарығының  жылдам  өсуіне  тікелей  ықпал  еткен 
факторлардың  бірі.  Қаржы  нарығындағы  алыпсатарлық  (спекуляция)  құнды  қағаздардың  құнын 
еселеп  арттырып  жіберді.  Ал  компаниялардың  табысы  өзгерісссіз  қалды.  Бұл  жағдайда  табыстың 
инвестициялар  көлеміне  сай  келмеуі  инвестициялардың  бұл  салалардан  кетуіне  себепкер  болды. 
Тиісінше  бұл  құнды  қағаздар  нарығының  қаншалықты  қорғансыз  екендігін  көрсетті.  Себебі  құнды 
қағаздар  құнының  құлдырауы  инвестициялық  компаниялар  табысының  төмендеуі  және  олардың 
несиелік мүмкіндігінің төмендеуімен ерекшеленді. Тиісінше АҚШ Үкіметі бұл мәселені шешу үшін 
ең  ірі  инвестициялық  компаниялар  мен  банктердің  несиелері  мен  қарыздарын  сатып  алуға  мәжбүр 
болды.  Бұл тағы да ештеңемен қамтамасыз етілмеген доллар басу үдерісін жалғастырды.[4]. 
Оның  үстіне  бұл  қаржыны  қамтамасыз  ету  үшін  мемлекет  өзі  қарыздық  міндеткерліктерді 
мойнына  алуға  мәжбүр  болды.  Мемлекеттің  реттеушілік  рөлі  мұнда  шығындардың  көбеюіне 
соқтырғандығы  сөзсіз.  Әрине  инвестициялық  компаниялардың  ақшамен  толықтыру  саясаты  қысқа 
мерзімді басымдықтарда тиімділік көрсеткенімен, ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ете 
алмайтындығы  анық.  Бұл  мәселені  басқа  тұсынан  қарастырар  болсақ,  дағдарыстың  бастамасы 
қамтамасыз  етілмеген  несиелер  берумен  айналысқан  бірқатар  ипотекалық  компаниялар 
банкроттығынан болды. Шын мәнінде американдық қаржыгерлердің қаржылық тәуекелді есептеудегі 
басты  ерекшелігі  оны  дұрыс  жоспарламауында.  Мысалы  Сіздің  төлем  мүмкіндігіңіз  жоғары  делік. 
Яғни банк Сізге  несие  бергенде  Сіздің  жұмыстан  табысыңыздың  төмендеу  немесе  жоғарылау 
мүмкіндігін,  жасыңызды  және  нарықтың  даму  тенденцияларын  ескере  отырып  несие  береді.  Ал 
Сізбен бірдей дәрежеде несие алатын өзге адамның төлеу мүмкіндігі Сізден төмен және әлеуметтік 
жағдайы тұрақсыз делік. Бұл жағдайда банк элементарлы есепті негізге ала отырып, екі борышкерге 
тең шарттарда несие беріп, тиісінше тәуекелді екі тұлғаның арасында тең бөледі. Бірінші санаттағы 
табысы  тұрақты  борышкерлердің  саны  азаюына  байланысты,  несие  беруші  бұл  процесті  тоқтатпай 
қайта  тәуекелі  мол  кредиторларға  қарыз  беруге  мәжбүр.  Бұл  процесс  бірнеше  заңдылыққа 
негізделеді: 
–  кез  келген  инвестор  қаражаттың  жай  жатқанша,  айналымға  түсіп  табыс  әкелуін  қалайды. 
Демек,  логикалық  тұрғыдан  тәуекелі  мол болса  да ипотека секілді  күмәнді  жеке кредиттерді беруге 
мәжбүр; 
–  банктердің  несие  беру  саясатына  экономиканың  жекелеген  секторлары,  әсіресе,  құрылыс 
тәуелді. Құрылыс компанияларының өздері бұл банктің борышқоры болып табылады. Яғни құрылыс 
компаниясының  табысының  өсуі банк табысының  өсуіне  ықпал  етеді.  Ал  бұл  өз  кезегінде 
қамтамасыз етілмеген борыштардың көбеюіне әкеледі; 
–  ипотекалық  сектордың  дамуы  жылжымайтын  мүлік  құнының  өсуіне  тікелей  ықпал  етеді. 
Себебі  нарық  заңы  бойынша  нарықтағы  бағаны  белгілейтін  –  сұраныс.  Жеңіл  алынатын  кредиттер 
тұтынысының көбеюі тиісінше жылжымайтын мүлік құнының өсіміне алып келеді. Бұл өз кезегінде 
банкте  кепілдемеде  тұрған  жылжымайтын  мүліктің  құны  тұрақты  түрде  өсуіне  жағдай  жасайды. 
Алайда,  ештеңемен  қамтамасыз  етілмеген  несие  берілуі  оның  қайтарым  мүкіндігімен  шектеледі, 
тиісінше,  несие  қайтарылмайды.  Несие  қайтарылмаған  жағдайда  банк  өз  шығындарының  орнын 
толтыру  үшін жылжымайтын  мүлікті  нарыққа шығарады.  Бұл жағдайдың  жүйелі  түрде  қайталануы 
жүйелік  дағдарыс  тудырады.  Осы  тенденциялар  тек  АҚШ-та  емес,  өзге  де  мемлекеттерде,  соның 
ішінде Қазақстанда да орын алуда. Альянс Банктің банкроттыққа ұшырауының негізгі себебінің бірі 
жеткілікті  қаматамасыз  етілмеген  жеке  несиелердің  берілуінде.  Мемлекеттердің  бұл  сектордағы 
жағдайды оңтайландыруды тырысқанымен, дағдарыстың бұл себебі де оң шешімін таппады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет