Әдебиеттер:
1.
Нурбек Уалиев. Туған жерім – Тарбағатайым. - Алматы: Ғылым, 1996 ж.
2.
Ремнев. Самодержавия и Сибирь. Административная политика в первой половине XIX века. - Омск,
1995 ж.
3.
Городецкая. В.С. Из истории Семипалатинской крепости и города Семипалатинска. –
Семипалатинск; СГУ Шакарима, 2000 г. с 312.
4.
Андреев. И.Г. Описание Средней – Орды и киргиз – кайсаков. - Алматы: Ғылым. 1998 г. с 247.
5.
Е. Бекмаханов. Қазақстан XIX ғасырдың 20 – 40 жылдарында. - Алматы: Санат. 1994 ж.
6.
ҚР ОММ. 374 – қор, тізбе – 1, іс – 194, 1 -9 – п.
7.
ҚР ОММ. 374 – қор, тізбе – 1, іс – 196, 42 – п.
8.
Қалмұқан Исабай. Құнанбай қалай аға сұлтан болды? // Қазақ әдебиеті. 2004, 6 тамыз, №31, - 3 б.
9.
Зиманов. С.З. Общественный строй казахов первой половины XIXвека. – Алма – Ата: Акад. Наук
Каз ССР, 1958. с 412.
10.
Байбатыров Ғалым. Шежірелі Шығыс өңірі. - Өскемен: Баспа. 2000 ж. 160 б.
11.
Памятная книжка Семипалатинской области на 1897 г. С картою области. Издания
Семипалатинского Областного Статистического Комитета. Сем – ск. Типография Семип. Обл. Прав.
1879 г.
12.
Коншин. Н. Каракиргизская депутация 1824 г. // Памятная книжка Семипалатинской области на
1900 г. – Семипалатинск, 1900 с. 69 – 76.
13.
Янушкевич. А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям. Алма – Ата, «Казахстан»,
1996
14.
Д. Нұртазаұлы. Қожагелді батыр. // Алдаспан. 1999. № 9 – 10. 4 – 5 б.
15.
ҚР ОММ. 64 – қор, 1 – тізбе, 774 – іс, 25 – п.
16.
Сиязбек Рахимов. Қисық хан. // Семей таңы. 1992 жыл. Қазанның 29 – ы. 8 б.
104
ЖОЖ 957.42 «18/19»
Н.Б. Зарқұмова
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Семей қаласы
ХІХ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ БИЛІГІ:
ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ
В статье объективно рассматриваются проблемы Российской власти в Восточном
Казахстане ХІХ - в нач. ХХ вв. На основе документальных и архивных материалов проводится
историографический обзор изучения данной проблематики. Некоторые позитивные опыты того
времени, автор считает возможными и приемлемыми в политической жизни сегодняшнего
Казахстана.
Article objectively looks at the issue of the Russian authorities in the Eastern Kazakhstan 19
th
- beg.
XX centuries. On the basis of the documentary and archival materials are historiography of an overview
study of the perspective. Some positive experiences of that time, the author considers possible and
acceptable in today's political life of Kazakhstan.
Қазақстанда әкімшілік-саяси басқару жүйесінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, саяси
даму тәжірибесі бүгінгі күні маңызды. ХІХ-ХХ ғ. басы – қазақ халқының тарихындағы ерекше
кезеңдердің бірі. Саяси дамудың осы кезеңінде қазақ мемлекеттілігі күшпен жойылып, Ресей
империясының отары ретінде Қазақстанның саяси-құқықтық дәрежесі ұзақ мерзімге айқындалды.
Әкімшілік-аумақтық құрылым тарихы – отандық тарихнамада зерттелуі жағынан кенже
қалған тақырыптардың бірі. Мемлекеттік және бұрынғы коммунистік партия мұрағат
құжаттарының ғылыми айналымға енгізілуімен, ХІХ – ХХ ғ. басында қазақ қоғамының
әлеуметтік, саяси және құқықтық өміріне елеулі өзгерістер әкелген саяси-әкімшілік реформаларды
зерттеу ғалымдардың назарын аудартуда.
Әлеуметтік топтар мен өкімет шеңберіндегілердің үстемдік құруға ұмтылуының негізгі
себебін қарастыру, өлке мен оның аймақтарын басқаруда саяси-әкімшілік қайта құрулардың тұтас
үлгісін жасау, сондай-ақ реформалар мазмұнына тарихи-салыстырмалы және әлеуметтік талдау
жасау – тарих пен тарихи-құқық ғылымының өзекті мәселелері.
Орыс және қазақ тарихнамасында Шығыс Қазақстан өлкесінің әкімшілік-саяси
құрылымының тарихы бойынша арнайы еңбектер жоқ. Дегенмен, отарлық әкімшіліктің
ұйымдастырылуы мен қызметіне, қарастырылып отырған мерзімде мемлекеттік аппарат пен
жергілікті басқаруда түрлі реформалардың жүзеге асырылуына қатысты кейбір мәселелер
шенеунік, заңгер, шығыстанушылардың жеке еңбектерінде көрініс тапты. Көлемі мен мазмұны,
жазылу әдістемесі, қойылған мақсат-міндеттеріне қарамастан, зор фактілік материалдар береді.
И.Завалишин, М.Михайлов, А.К.Гейнс, М. Красовский, И.И. Крафттардің еңбектері Ресейдің ішкі
саясат міндеттерімен етене жақын болғандықтан ерекше. Олардың көбінде отарлау саясаты
мүдделерінің іздері жатыр, орыс шығыстанушы өкілдері де қызметтік жүктемесімен қатар қазақ
даласын жан-жақты зерттеуге міндеттенді [1].
Аса маңызды фактілік материалдар мерзімді басылым беттерінде берілген. Қазақстанның
саяси дамуын сипаттайтын реакцияшыл «Московские ведомости», «Новое время», «Гражданин»,
т.б. газеттерде басқарудың әскери-әкімшілік бағытын күшейтіп, қазақ қоғамында ұлттық сана-
сезімнің көріністерін басып тастап отырды, ал жаңа әкімшілік реформалар жобасы талқыланған
буржуазиялық-либералды «Русское слово», «Голос», «Биржевые ведомости», «Восточное
обозрение» т.б. баспасөз беттерінде отарлаушы әкімшіліктің жартылай феодалдық қоғамнан
капиталистікке өтуіне, патша өкіметін басқарма жүйесіне буржуазиялық басқарудың элементтерін
енгізуге шақырды [2].
Кеңестік тарих ғылымында Ресей империясының отарлық саясатының шет аймақтарға
«болар-болмас қасірет» әкелгендігі жөніндегі тұжырымды қазақстандық зерттеушілер де
қабылдауға мәжбүр болды.
Б.Сүлейменовтың еңбегінде 1867-1868 жылдардағы реформалар және оның нәтижесінде
қалыптасқан әкімшілік ауыл мен шаруашылық ауыл арасындағы айырманы көрсетіп, әкімшілік
басқару жүйесі нақты деректі негізде талдауға алынған. Автор патша өкіметінің реформалық
шаралары отарлық билікті нығайтуды көздеді деген ойды айта отырып, бұл өзгерістер өз
уақытында қазақ ауылының қоғамдық-саяси дамуына да игі ықпал жасады. Өлкеге капиталистік
қатынастардың енуіне қолайлы жағдай туғызды деп бағалайды [3]. Осындай тұжырым патша
өкіметі реформаларының құқықтық астарын қарастырған Т.М.Күлтелеев, Ғ.Сапарғалиев
105
еңбектеріне де тән [4]. Ғ.Сапарғалиевтің көп сериялы еңбектерінің жарыққа шығуы тарихи-
құқықтық әдебиетте маңызды құбылыс болды. Олар Қазақстанның саяси тарихының күрделі
мәселелерін қоя білуімен және шешуімен ерекшеленеді.
С.З.Зиманов еңбектерінің ғылыми және теоретикалық маңызы зор. ХХ ғ. басындағы қазақ
қоғамының саяси дамуы мен Қазақстанның қоғамдық-саяси құрылысы талданған [5].
Қарастырып отырған мәселенің деректік негізін құжаттар мен материалдар жинақтары
құрайды.
1731 жылдан бастап Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісімен тікелей байланысты
материалдар, негізінен алғанда патша өкіметінің заң актілері, қазақ даласында болған ресми
адамдардың хабарламалары және лауазымды адамдар, ақсақалдар, билер жазған құжаттар
жүйеленген. Қазақстан Ресейге қосылған кезден бастап қазақ хандары мен патша өкіметінің өзара
қатынастары, шекаралық соттар мен жазалаудың ұйымдастырылуы, ХІХ ғасыр көлемінде
әкімшілік реформалардың жүзеге асырылуы туралы мәліметтер жинақталған. Оқырман ХVІІІ-ХІХ
ғасырлар бойында қазақ даласында болған әлеуметтік-саяси сипаттағы барлық өзгерістер туралы
мағлұмат ала алады [6].
Ресей империясындағы мемлекеттік басқару аппараты және жергілікті билік мәселелерін
кеңестік тарих ғылымында арнайы зерттеген П.А.Зайнчковский, С.М.Троицкий, Н.П.Ерошкиндер
болды. Бірақ олардың еңбектерінде шет аймақтардағы отарлық билік орындарының қызметіне аз
көңіл бөлінген. Дегенмен бұл авторлардың еңбектері мемлекеттік құрылыс пен бюрократиялық
аппарат қызметіне қатысты мол деректерді, патша өкіметінің нормативтік актілерін кеңінен
ғылыми айналымға тартуымен ерекшеленеді [7].
Біз қарастырып отырған мәселеге жаңа баға беруге деген талпыныс еліміз егемендік
алғаннан кейінгі кезеңде анық байқалды. Тарих ғылымының маркстік-лениндік методологияға
басымдық беруден бас тарту зерттеушілерге патша өкіметінің отарлық билік орындарының
қызметіне тың көзқарас танытуына мүмкіндік туғызды.
Қазақстанның ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы саяси дамуына арналған
Қ.Ә.Жиреншиннің еңбегінде өлкеде жүзеге асырылған және қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси,
құқықтық өмірінде түбегейлі өзгерістер туғызған саяси-әкімшілік реформаларға талдау
жасалынған [2].
Б.Абдрахманованың «Қазақстан тарихы: ХІХ ғасырдағы өкімет, басқару жүйесі және
аумақтық құрылымы» атты кітабында отарлық билік орындары арнайы қарастырылған [8].
Міне бұл тарихнамалық шолу патшалық Ресей билігінің тарихын жеке аймақ деңгейінде
зерттеудің қажеттілігін және оның ғылыми маңызын аңғартса керек. Деректік материалдарды
мынадай бірнеше топқа жіктеуге болады: Ресми билік орындарына тән іс құжаттары, түрлі қызмет
және дәрежедегі шенеуніктердің жазбалары мен талдаулары, баспасөз және статистика
материалдары. Деректік материалдардың басым бөлігі, әрине, билік орындарына тән іс құжаттары.
Шығыс Қазақстан өңірінің отарлық жағдайын бекітіп берген патша үкіметінің заңдық актілері
құнды. Олардан тыс Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты (ҚР ОММ) және
Ресей Федерациясы мұрағаттарының қорларында сақтаулы жоғарғы және жергілікті билік
орындарына тән құжаттық материалдардың маңызы ерекше. Бұл топтағы құжаттық деректер біз
қарастырып отырған мезгілдегі Шығыс Қазақстан өлкесіндегі билік жүйесінің қызметі мен
жағдайын біршама жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Мәліметтерінің молдығы және маңыздылығы жағынан ҚР ОММ қорларының орны
ерекше. Бұл мұрағаттағы «Қазақ Орталық атқару комитеті» (№5-қор), «Ішкі істер министрлігінің
Семей облыстық басқармасы» (№15-қор), «Дала генерал-губернаторыының канцеляриясы» (№64-
қор), «Сібір қырғыздарының облыстық басқармасы» (№345қор), «Орынбор қырғыздары
облысының батыс бөлімі басқармасы» (№371-қор), «Сібір қырғыздарының кедендік басқармасы»
(№374-қор) қорларында сақтаулы материалдардан Шығыс Қазақстан өңіріне орыс әкімшілігінің
енуі мен орнығуы барысынан, оның құрылымы мен штаттағы қызметкерлерінің сандық және
сапалық құрамынан, отарлаушы биліктің саяси, шаруашылық, сот және басқа мазмұндағы
қызметінен мол мәлімет алуға болады.
Тақырып
бойынша
деректік
материалдарының
құндылығы
жағынан
Ресей
Федерациясындағы Алтай өлкесі мұрағаттық қорының құжаттама орталығы (Барнаул қ.),
Новосібір облысының мемлекеттік мұрағаты (Новосібір қ.) және Омбы облысының мемлекеттік
мұрағатының (Омбы қ.) орнын бағалау мүмкін емес. Бұл мекемелердегі «Алтай губерниялық
жұмысшы, шаруа және қызыләскер депутаттары Кеңесінің атқару комитеті» (№10-қор), «Алтай
губерниялық жер басқармасы» (№233-қор); «Сібревком» (№1-қор); «Сібір генерал-губернаторы»
(№2-қор), «Батыс Сібір Бас басқармасы» (№3-қор) қорларындағы деректік құжаттар патшалық
106
биліктің Шығыс Қазақстан өңіріндегі әкімшілік-басқару қызметінен ғана емес, сонымен бірге
оның жер және әлеуметтік саясатынан аса маңызды фактілік материалдар береді.
Сондай-ақ жергілікті Шығыс Қазақстан облысы қазіргі заман тарихының құжаттама
орталығындағы (Семей қ.) «Семей округтік комитеті» (№3п-қор), «Қазақстан коммунистік
паритиясының Семей облыстық комитет мұрағаты» (№200п-қор), «Жұмысшы, шаруа және
қызыләскер депутаттарының Семей уездік Кеңесі» (№44-қор), «Жұмысшы, шаруа және
қызыләскер депутаттары Кеңесінің Семей губерниялық атқару комитеті» (№73-қор), «Жұмысшы,
шаруа және қызыләскер депутаттары Кеңесінің Семей округтік атқару комитеті» (№74-қор),
«Семей қалалық еңбеккерлер депутаттарының Кеңесі мен оның атқару комитеті» (№96-қор),
«Семей губерниялық жоспарлау комиссиясы» (№126-қор), «Жұмысшы, шаруа және қызыләскер
депутаттары Кеңесінің Семей округтік атқару комитетінің жер басқармасы» (№153-қор), «Семей
облыстық халық депутаттары Кеңесі мен оның атқару комитеті» (№409-қор), «Жұмысшы, шаруа
және қызыләскер депутаттары облыстық Кеңесінің Шығыс Қазақстан облыстық жоспарлау
комиссиясы» (№710-қор) қорларындағы құжаттар жергілікті билік орындарының құрамы мен
қызметі хақында бірқатар мәліметтер береді. Мұрағат қызметкерлері шығарған жинақта ХVІІІ ғ.
басы мен ХХ ғ. 30 ж. Шығыс Қазақстан өңірін әкімшілік басқару әдістері мен оның аумақтық
құрылымын сипаттайтын түрлі мекемелердегі мұрағат құжаттары, жинақ материалдары, баспасөз
мәліметтері топтастырылған [9].
Патшалық билік тұсында Шығыс Қазақстан өңірінде болып өткен өзгерістерден хабар
беретін мәлімет көзі – статистикалық құжаттар. Бұл ретте біздің зерттеуіміз үшін ең қажет
фактілерді берген облыстық статистикалық комитеттің материалдары болғандығын айтуымыз
керек. Статистикалық комитеттің негізгі міндеттерінің бірі әрбір жыл сайын жазылатын облыс
губернаторының патшаға жолдайтын есебін әзірлеу еді. Есепке байланысты Орталық
статистикалық комитеттің арнайы үлгісі бойынша мәліметтер жинастырылып, ол мәліметтер
«Обзор Семипалатинской области» деген атпен тұрақты түрде жарық көріп тұрды.
Қорыта айтқанда, зерттеудің деректік негізін жоғарыда баяндалған мазмұндағы
материалдар құрды. Олардың жиынтығы Шығыс Қазақстан өңірінде патшалық билік жүйесінің
қалыптасу, даму және дағдарыс кезеңдерін ғылыми тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі:
1.
Завалишин И. Описание Западной Сибири. Т.3. М., 1867; Михайлов М. Область Сибирских киргиз и
Семипалатинская область. СПб., 1868; Красовский М. Материалы для географии и статистики России.
Область сибирских киргизов. СПб. 1868, ч. 1, 2, 3.; Гейнс А.К. Исторический очерк распространения
владычества в Азии. СПб. т.3., 1887; соныкі. Собрание литературных трудов. СПб. т.2., 1898; Крафт И.И.
Сборник узаконений о киргизах степных областей. Оренбург. 1898.
2.
Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в ХІХ – начале ХХ веков. – Алматы: «Жеті
жарғы», 1996. - С.6-7.
3.
Сулейменов Б.С. Подготовка реформы 1867-1868 годов в Казахстане // Известия Казахского
филиала АН СССР, 1946. №2 (27). С.137-148; Соныкі. Об административном устройстве казахской степи по
реформе 1867-1868 гг. // Вестник АН КазССР, 1951. №2 (71). С.118-126.
4.
Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. А., 1955; Сапаргалиев Г. Карательная политика
царизма в Казахстане (1915-1917 гг.). А., 1966. 375 с.
5.
Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХХ вв. А., 1960. 320
с.
6.
Материалы по истории политического строя Казахстана со времени присоединения Казахстана к
России. А., 1960; Вопросы истории Казахстана ХІХ- начало ХХ вв., А., 1961; Казахско-русские отношения в
ХVІ-ХVІІІ веках. Сборник документов и материалов. А., 1961.; Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ
веках. А., 1964.
7.
Зайнчковский П.А. Кризис самодержавия на рубеже 1870-1880-х годов. М., 1964. 509 с.; Троицкий
С.М. Русский абсолютизм и дворянство. Формирование бюрократии. М., 1974. 356 с.; Ерошкин Н.П.
История государственных учреждений дореволюционной России. М., 1983. 351 с.
8.
Абдрахманова Б.М. История Казахстана: Власть, система управления, территориальное устройство
в ХІХ веке. Астана, 1998. 132 с.
9.
Административно-территориальное управление Восточным Казахстаном (ХVІІІ в. – 30-е годы ХХ
в.): Управление архивов и документации Восточно-Казахстанской области, Центр документации новейшей
истории Восточно-Казахстанской области: /Сборник документов/ - Семипалатинск, 2007.-266 с.
107
ЖОЖ. 37.018.1
Текешова Сауле Хасенқызы, Шығыс Қазақстан облысы. Тарбағатай ауданы
Жетіарал орта мектебінің психологі.
ТӘРБИЕ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН
В данной статье описывается работа с родителями, которая, по мнению автора, должна
сопровождать процесс воспитания учащихся. Классный час, представленный в статье,
способствовал развитию взаимосвязи школы и семьи, формированию нравственных качеств
детей на примере родителей.
In this article where described
the work with parents, that by
author mind, should been important
part of education process. There is class
hours with the aim to the further development of school and
family relationship, child’s moral qualities by parents’ example.
«Адамға біріншіден тәрбие, екіншіден білім қажет».
Әл-Фараби.
Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала-дербес тұлға. Тәрбие–қоғам
мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі–тұлғаның
жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие ұғымының маңыздылығы сондай, біздің
болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып
қалыптасады. Оның бойындағы қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте,
әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді.
«Бала нені білсе жастан, ұядан өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында
қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген
Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын ролі зор. Өйткені, отбасы
тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың бас ұстазы–ата-анасы.
Бала
ата-анасын,
ата-ана
баласын
танымайынша,
іс
алға
баспайды.
Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, мұғалім де сондай болу керек. Екі жақты
байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Жазушы-педагог Ж.Аймауытов «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу
керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді.Солай болған соң
балаларға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»,-дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында
отбасы–ата-анасынан, мектепте ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр.
Ұрпақ тәрбиесі тағылымды болуы үшін жұмысты, ең алдымен ата-анамен, яғни, отбасынан
бастаған жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.
«Тәрбие бастауы–отбасынан» тақырыбында өткен сабағымда «Бес саусақ» ертегісі арқылы
бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатын қойдым. Тәрбие ешқандай
үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Жан Жак Руссо:«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады,
оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің
қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»,-деген екен. Бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең
әуелі ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Демек, өткізілген сабақ арқылы тәрбиенің ең мәндісі, ең маңыздысы отбасында екендігін ата-
аналарға көзін жеткізуге тырыстым. «Бала тәрбиесі мәселелерін, оны шешу жолдары» топтық
тренингте ата-аналар пікірлері талқыланып, шешу жолдары нақтыланды.
Ата-аналар арасында «Сіздің жан дүниеңіздің тынысы» тапсырма түрінде орындалды. Ата-
аналар белсене қатысу арқылы күнделікті мейірімге толы қарым-қатынас жылы сөздің бала үшін
маңызына тоқталып өтті. Халықтық педагогикада жүрек тәрбиесі мен сананың жетілуі немесе
ақыл тәрбиесінің жүйесі бала тәрбиесінде үлкен рол атқаратындығына тоқталып өттім. Баланың
жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру,
қарым-қатынастарды жақсарту нәтижесінде жан жүйесіндегі түрлі сезімдерді игеру қажеттігіне
тоқталып өттім. Жылы сөздерді балалар жиі естісе бойларына нәр алатындығы, оның қарым-
қатынасқа жақсы әсері жөнінде ата-аналарға кеңестер берілді.
«Жан жүрек сыры» жаттығуды орындау барысында кішкентай жүректер таратылып, оған
жүрек суретіндегі сөздер, оның жауабын табуға тапсырма берілді.
Ата-аналарға жансыз жүректі жандандыру арқылы өздеріне берілген «Жанасу, сыйлық,
марапат, көмек, уақыт» сөздердің баласы үшін маңыздылығын ашып көрсету тапсырылды. Ата-
аналар балаға деген махаббат, қуаныш сыйлау, жүректен жарып шыққан ең жылы сөз, көмекке
108
келу, баламен бірге болу, сезім сырларын ашу, бөлісу сияқты тәрбие тәсілдерінің бала үшін
қажетілігі жөнінде ашып көрсете білді. Сабақ ата-аналардың белсене қатысуымен қорытынды
жасалды. Ата-аналармен өткізілген сабағымды сіздерге ұсынып отырмын.
Мақсаты:
1.Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін арттыру.
2.Ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру.
3. Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбиелеуге бағыт беру.
Әр халықтың, әр ұлттың, адамзат қоғамының ертеңгі күнге үміт артар сенімі де, серігі
де, өмірі де –балалар.
Бүгінгі бала- ертеңгі ұрпақ жалғасы. Ұрпақ-болашақ! Ал сол ұрпақ, яғни адамзат
болашағы жанұяда тәрбиеленеді. Бала әр ата-ананың болашағы.
Бүгін сіздермен ата-аналар арасында «Тәрбие бастауы-отбасынан» атты сабағымызды
өткізгелі отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |