часть выпускников на ошибки и изначально ограничивает их возможности на получение в
будущем интересной и достаточно востребованной работы;
в профессиональном сознании школьников отразились постперестроечные депрессионные
явления. Именно они предопределили ориентации существенной части подростков на
специальности, финансируемые государством;
высшее образование - главная доминанта престижности профессии. Это явление отражает
современное общественное развитие, но для многих школьников может оказаться фикцией. Так
как уровень способности значительной части школьников, качество базовых знаний не
гарантируют получение искомых специальностей;
массовые рабочие профессии на рынке труда области остаются лидирующими и составляют
2/3 от всех вакансий. Однако только 5-7% учащихся готовы посвятить себя им. Что ставит под
угрозу поступательное развитие производственной сферы региона, даже в ближайшем будущем;
противоречия между профессиональным сознанием и реалиями на рынке труда возникли и
усугубляются вследствие недостаточной постановки дел с соответствующим воспитанием
школьников. Опрос не выявил сколько-нибудь существенные проявления организованного
профвоспитания в школах области. Ситуация развивается стихийно, а потому требует коренных
изменений;
на развитие профессионального сознания школьников сдерживающее влияние оказывают
недостатки материального характера, ошибки и заблуждения родителей выпускников, другого их
окружения и т.д.
ЖОЖ 327(574): 339.5
Акмадиева Г.П.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Семей қаласы
Қазақстан-Ресей сыртқы саяси қатынастары
ВНЕШНЕПОЛИТИЧЕСКОЕ ОТНОШЕНИЯ РОССИЙ И КАЗАХСТАНА
В статье рассматривается история международных политических отношений Республики
Казахстан и Российской Федераций. Казахстан и Россия характеризуют свои отношения как
стратегическое партнерство, базирующееся на взаимном доверии и соблюдении национальных
интересов обеих стран. Российско-казахстанские отношения является одним из главных
внешнеполитических приоритетов Казахстана. Прочный фундамент взаимного сотрудничества
автор видит в близости геополитических интересов двух стран.
Akmadieva Gulzya Perizatkyzy on a theme «
The foreign relations of Russia and Kazakhstan
»
This article discusses the history of international political relations between the Republic of
Kazakhstan and the Russian Federation. Kazakhstan and Russia are characterized by their relationship
as a strategic partnership based on mutual trust and respect of national interests of both countries.
Russian-Kazakh relations is one of the main foreign policy priorities in Kazakhstan. A solid foundation of
mutual co-author sees in the vicinity of the geopolitical interests of both countries.
Қазақ және орыс халықтары ғасырлар бойы өзара қоян-қолтық қарым- қатынаста өмір сүріп
келді. Олардың арақатынасының тарихы күрделі және сан-қырлы. Бұл процесс адамдардың
күнделікті тұрмыста араласып, бірге еңбек ету барысында қалыптаса отырып, ел басына қатерлі
күн туған шақта қиындық пен қасіретті бірге шегіп, фашизмге қарсы қазақтар мен орыстар тізе
қосып бірге күресе отырып, өздерінің ортақ отанын қорғап қалған кезеңдерде қалыптасып, нығая
түскен болатын. Тарих шежіресінің осындай көптеген жарқын да көлеңкелі беттері аз емес.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату
көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Шын мәнінде жаңа тарихи
жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа үлгісін жасау керек еді.
Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа
бірінші дәрежелі назар аударылады.
Екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген
көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі
ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-
91
қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы
ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне – стратегиялық әріптестік
деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді яғни, екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын
қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.
Этникалық проблемаларды шешудегі фактор- Ресей Федерациясы басшылығымен олардың
территориясында тұрып жатқан, этникалық аз ұлттарға кепілдік беретін бірқатар келісімдерге қол
қою. Екі мемлекет те бұл проблеманың өршіп кету қаупін жақсы түсіне отырып, 1992 жылдың
мамырында-ақ Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынас және өзара көмек ету шартына қол
қоя отырып, барлық ұлт азаматтарының тең праволылығын, құқығын сақтаудың артықшылығын
ескерді, бір-бірінің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздіктеріне қарсы әрекет ететін ұлт
араздығын туғызатын топтар мен ұйымдардың іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салуды
міндеттеріне алды. Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты қатынасқа Президент Н.Ә.
Назарбаевтың 1994 жылдың аяғында нашарлап кеткен Қазақстан-Ресей қатынасы Ресей
Мемлекеттік думасына сайлау кезінде қайтадан қалпына келіп, әрі қарай жедел дами бастады.
1995-96 жылдар Ресей дипломатиясы «Таяу шетелдердегі» көршілермен, ең алдымен
Қазақстанмен тәуір қатынас жасаудың маңыздылығына назар аударды. Екі мемлекеттің үкіметтері
де ұлтаралық салада өзара түсінісіп және Қазақстан мен Ресейдің қатынасының өзара
байланыстарын жақсарта түсуге баса көңіл бөліп, мұның келешегінен зор үміт күтеді.
Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация,
әскери-техникалық, қорғаныс және мұнай өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан.
Ежелден көршілік хақы сақталған мұнайлы өңірдің Астрахань облысымен тығыз қарым-қатынасы
орнықса, соңғы жылдары Ярославль, Волгоград, Мәскеу, Краснодар, Орынбор, Нижний Новгород,
Чебоксары секілді көптеген өңірлермен арадағы әріптестіктің тіні беки бастады. Аталған
облыстардың бірнеше компанияларымен, кәсіпкерлерімен сенімді әріптестік байланыстар
орнықты. Волгоград, Саратов облыстарының кәсіпкерлерінен құралған делегациялар Атырауға
жиі келіп, тиімді келісімдерге қол жеткізіп жүр. Атырау мен Астрахань, Новосібір, Омбы,
Саратов, Волгоград облыстарының сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында өзара ынтымақтастық
туралы келісімдер жасалған.
Ресей өңірлерімен әріптестік мұнайлы өңірде өндірілетін отандық өнімдердің сапасын
көтеріп, бәсекелестікке қабілеттілігін арттырды. Сонымен бірге ежелгі көршінің көптеген
өңірлерімен әр салада жасалған байланыс сыртқы сауда айналымын жаңа белестерге көтерді. Қазір
бұл салада Ресей Федерациясы ТМД елдері арасынан бірінші орынға шығып отыр. Мысалы, 2010
жылы осы елмен арадағы сыртқы сауда айналымы 311,6 миллион АҚШ долларын құрады.
Мұнайлы өңірден Ресейдің әр өңіріне экспортталатын өнімдер қатарына құрылыс материалдары,
әр алуан киім түрлері мен оған қажетті шикізаттық тауарлар жатады. Ал өңірге Ресейден әке-
лінетін импорттық тауарларды негізінен өнекәсіптік өнімдері құрайды. Соның ішінде, тамақ
өнеркәсібінің өнімдері, металл және металл бұйымдары, көлік құралдары мен қосалқы бөлшектер,
тұрмыстық техника мен түрлі жабдықтар бар.
Ресейдегі Қазақстан, сонан соң Қазақстандағы Ресей жылын өткізуге ұйытқы болуы екі ел
достығын одан әрі дамыта түсті. Бұрын Атырау облысында ресейлік компаниялар үлесі аз болған.
1999 жылы елімізде Ресейдің 35 компаниясы тіркелген болса, қазір олардың қатары 118-ге
жеткен.[1]
Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және
келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы
әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара
белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық
Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік
туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас
құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.[2]
Жалпы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың даму жолын келесідей кезеңдерге
бөліп қарасыруға болады:
1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз –
1992 ж. мамыр);
2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі
бағыттары
мен
нысандарын
белгілеу
(1992
ж.
мамыр
–
1994
ж.
соңы);
3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту
және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін).
92
Ойымды қорытындылай келе, елбасымыздың сөзімен аяқтасам деймін: «Қазақстан-Ресей
қатынастары сенімділік пен стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейінде дамып жатыр.
Қазақстан сыртқы саясатының маңызды басымдылығы-Ресей бағыты. Қазақстан мен Ресей
арасында өзара мүдделерді ескеру және келіссөздер жолымен шешіле алмайтын мәселелер жоқ.
Бұл саяси және экономикалық мәселелерге де тиесілі»,-деп атап өтті [3].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
3.
Султанов Б., Музаппарова Л. Становление внешней политики Казахстана: история, достижения,
взгляд в будущее. М. Әшімбаевтың редакциясымен басылған. – Алматы, 2005.
4.
Стрежнева М.В. Европейский Союз и СНГ: сравнительный анализ институтов. – М., 1999
5.
Назарбаев Н.Ә. Жаңа кірігу жолдарын іздестіру үстінде // Қазақстан-Ресей қатынастары. – Алматы:
Қазақстан, 1999. – 86-93, 95-100 бб; Интервью Н.А.Назарбаева газете «Известия». – 1994. – 11 наурыз;
Казахстанская правда. – 2005. – 6 шілде; Абдулпаттаев С. Өрісі кең, өресі биік ел. // Ақиқат. – – 2006. – №11-
12. – 14 б.
ОӘЖ 957.4 (1929-1931)
Ахметова Е.Т.,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 1 курс магистранты
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
В этой статье делается попытка историографического обзора проблемы освещения
коллективизации в Казахстане.
In this article the affemt of historiografhical reriew of problem elumination of collectivization.
Кеңестік тарихнамада күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық, шаруалар көтерілістері мен
қарсыласу қозғалысына объективтік тұрғыдан баға берілмегені мәлім. Ф.И Голощекиннің қазақ
ауылындағы «кіші қазан төңкерісінен» басталған ауыл шаруашылығын социалистік қайта құру
тақырыбы елдігіміздің тізгінін өз қолымызға алып, еңсеңімізді тіктегенге дейін маркстік
методология тұрғысында жазылып келді.Ұжымдастыру тарихының зерттелуі 1920-1940 жылдары
ауыл шаруашылығын социалистік қайта құру тақырыбы көлеміндегі еңбектерді сарапқа салуды
бағыт етіп алған тарихнамалық ізденістер 1960-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін мақалалар,
баяндамалармен қатар арнайы зерттеулер ретінде жарық көріп келді..
Ұжымдастыруға байланысты кеңес үкіметі кезінде ғалым С.Б.Бәйішев көптеген зерттеулер
жүргізіп, оның қорытындылары мен жүргізілуі барысында маркстік-лениндік тұрғыдан баға
береді. Ғалым осы тақырыпқа байланысты мәселелерді «Очерки экономической истории
Казахстана», «Очерки экономической истории Казахской ССР», «Вопросы социально-
экономического развития Советского Казахстана», «Победа социализма в Казахстане» ( Очерки по
теории и истории вопроса) еңбектерінде қозғап кеткен.Сонымен қатар, Кеңес үкіметі кезінде
жарық көрген А.Тұрсынбаевтың «Казахский аул в трех революциях» еңбегінде Қазақстандағы
ауылдарды жедел дамыту жұмыстары жөнінде айтылады. Бірақ бұл жұмыстардың көлеңкелі
жақтарына мән бермейді, керісінше насихаттап, А.Байтұрсынов сияқты зиялымызды
буржуазиялық ұлтшылға теңейді және « Қазақстандағы ауыл шаруашылыгын ұжымдастыру
барлық еліміз ( Кеңес Одағы-авт.) бойынша жүргізіліп жатқан ұжымдастыру жұмыстарының
құрамдас бөлігі болып табылады және ол социалистік құрылыстың ортақ заңдылықтарына
сүйеніп жүргізілуде» , - деп, ұжымдастыру сияқты қазақ халқына нәубет әкелген шараларды
мадақтай түседі. [2,29]
Ұжымдастыру тарихына үлес қосқан ондаған кандидаттық,
докторлық диссертациялар қорғалып,көлемді-көлемді еңбектер Г.Ф Дахшлейгердің, М.Х
Шаумянның, А.П Кучкиннің, Б.А Төлепбаевтың, С.А Нейштаттың т.б еңбектерінде қазақ
ауылында болған 20-30 жылдардағы өзгерістер туралы кеңінен айтылады.Бұл басылымдарда қазақ
ауылының шындығы бір жақты көрсетіліп, таптық, тек қана позитивтік тұрғыдан баяндалды.
Жалпы алғанда, Кеңес кезінде жарық көрген еңбектердің негізгі екі кемшілігін көрсеткен
М.Қозыбаевтың көзқарасын Т.Омарбеков та өз еңбегінде атап өткен. Ол кемшіліктердің
алғашқысы Сталин еңбектерін дәріптеу, мақалаларда, еңбектерде Сталиннің догмалық
қағидаларын басшылыққа алу басымдығы болса, ал екіншісі тарихнамалық және ғылыми
дәстүрлердің сабақтастығының бұзылуы.Бұл екеуі де ғылымның дамуына кері әсер етті.Алғашқы
кемшілік көптеген еңбектердің марксизм-ленинизм ілімі өкілдерінің цитаталарынан
құрастырылуынан, екіншісі – «саяси қауіпті өнер, әдеби, ғылыми шығармаларды» халық көзінен
тасалап, айналымнан шығарып, жойып жіберуден көрінді.[2,29] Бұл еңбектерде республикадағы
ұжымдастыру жұмыстары тыңғылықты түрде зерттелгенімен, бұлардың бәрінде де бұл жұмыстар
93
сыни көзбен қарастырылмаған және де маркстік- лениндік әдістеме тұрғысынан қарастырылып,
Кеңес үкіметінің саясаты насихаталған. Бұлар әрине, сол заманның талабынан және әміршіл-
әкімшіл жүйенің ықпалынан туындаған насихат сөздер екендігі даусыз. Негізінен, 1930-1935
жылдардан бастап-ақ Қазақстанның ғалымдары орталықтан білім алып, олардың еркін жұмыс
істеуіне мүмкіндік берілмеген сияқты. [4,100]
Н.С Байқадамовтың зерттеуі бойынша 1920-жылдардың соңынан бері жарық көрген
еңбектерді ол екі топқа бөліп қарастырады. Біріншісі-көшпелі және жартылай көшпелі
шаруашылықтар жойылмай елде жартылай феодалдық-патриархалдық қатынастар, ауылдардың
экономикалық-мәдени артта қалуы ұзақ сақталады деген бағыт ұстаушылар.Бұлардың қатарына
партия-кеңес ұйымдары қызметкерлерінің еңбектері енеді.Олар тез арада қазақ даласын
кеңестендіруді, көшпеліліктен отырықшылыққа, ұжымға көшіру теориясын ұсынып,осының
негізінде көп ұзамай ұр да жық саясатпен жүзеге асырылған «кіші қазан» саясаты басталып
кетті.Екінші бағыттың өкілдері-мол,терең зерттелген статистикалық материалдарға сүйеніп,
өндіріс құрал-жабдықтарының жетімсіздігі, қарапайымдылығы, яғни, ұжымдастырудың
материалдық-техникалық базасының нашарлығына байланысты мал шаруашылығын қысқартып,
отырықшылыққа көшу ауыл шаруашылығын үлкен дағдарысқа соқтырады деген көзқарастарды
қорғаушылар.Олар өздерінің зерттеулерінде қазақ даласының экономикалық-әлеуметтік
құрылымын толық жойып жібермей, керісінше ауыл шаруашылығын қайта құруға, тиімді
пайдалануға шақырады.Алайда, ақиқатын тарих дәлелдеген екінші топтағылардың ұсыныстарын
партия қолдауына ие болған алғашқы бағытты ұстаушылар жеңіп шықты.Бүкілодақтық
аграрниктердің конференциясынан кейін «буржуазияшыл-экономистер» аталған екінші топ
өкілдерінің мақалаларына тыйым салынып, өздеріне «халық жаулары» айдары тағылып,қуғын-
сүргінге тап болды.[1,5 ]
Жоғарыда айтылған ұжымдастыру, тәркілеу мәселелеріне тәуелсіздік алғаннан кейін қалам
тартқан тарихшылардың ішінде М.Қозыбаев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев және М.Сыдықовтың
еңбектері бұл мәселенің тарихнамасын маңызды деректермен толықтыра түседі. М.Қозыбаев
өзінің «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегіндегі И.В.Сталин мен Ш.И.Голощекиннің Қазақстанда
жүргізген Кіші Қазан саясатының зардаптарын айта келе « тарихымызды ақтаңдақтардан
арылту бүгінгі таңда айрықша маңызды, аса қажеттілігіне біріміз де күмәнданбайтын бірегей
міндеттер бел ортасынан орын алады. Тарихтың уақыт табынан сарғыш тартқан
парақтарына жаңаша көзқараспен көз жүгірткенде, сол кезеңдердің орны толмас өкінішті
оқиғаларына бүгінгі талап биігінен баға бергенде, біз сол тарихта азда- көпті бедер қалдырған
жеке адамдардың ұрпақ алдында жауапкершілігін де жадымыздан шығаруға тиісті емеспіз, -
деп тарихшылардың алдында жаңа міндеттер қояды. М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков бірігіп
жазған « Тарих тағылымы не дейді?» атты еңбекте қазақтардың «Кіші Қазан» идеясына
қарсылықтарын егжей- тегжейлі сипаттайды. Ал, Т.Омарбеков өз еңбектерінде Қазақстанда 20-30-
жылдары саяси-экономикалық тұрғыда жасалған зорлық- зомбылықтардың сипатын, оған алып
келген жағдайларды мұрағат құжаттарына сүйене отырып, өткір түрде айтады. Мысалы, ол « 20-30
жылдардағы Қазақстан қасіреті» атты зерттеуінде тоталитарлық режим кезіндегі Қазақстандағы
байларды тәркілеу мен шаруаларды күштеп ұжымдастыру кезеңіне байланысты кең, мазмұнды
тарихнамалық талдау жасайды. Мұнымен бірге, Т.Омарбеков өзінің зерттеуінде қазақ байларының
қазақ қоғамындағы орны мен ролін айқындауда да, жаңа методологиялық ұстанымды, тарихи
танымды басшылыққа алған. [3,27 ]
Бұлардан басқа , осы мәселелерді жаңаша тұрғыдан зерттегендердің ішінен Ж.Абылғожин,
Қ.Бұрханов, Т.Сұлтанов, А.Қадырбаев, Н.Масанов, Г.Халидуллиннің еңбектерін атап өткен жөн.
Қазақстанда жаппай ұжымдастыру 1931-1933жылдардағы ашаршылық, қазақ шаруаларына
жасалған репрессиялық іс-шараларға қарсы 1929-1931 жылдар көтерілістері жайлы 90-
жылдардың басында М.Қозыбаевтың, Б.Төлепбаевтың, М.Асылбековтың, К.Нұрпейісовтың,
Қ.Алдажұмановтың, Т.Омарбековтың, Ж.Әбілғожиннің, М.Хасанаевтың т.б жаңа көзқарастарын
атап айтуға болады. 1929-1931 жылдары қазақ елінде жүргізілген күштеп ұжымдастыруға қарсы
тұрған халық наразылықтарын нақты тарихи деректерге сүйене зерттеуде Т.Омарбековтың,
Қ.Алдажұманов еңбектерінің орны ерекше.Негізінен, ұжымдастыру тарихының шындығы Орта
Азия және Қазақстанда осы мәселелерге арналған 1988 жылғы ғылыми конференциядан бастау
алады.Халық наразылықтарына бұрын қалыптасқан Кеңес өкіметі тұсында «баяғы күйінен
айырылып қалғандардың қарсылығы» деген пікірге жаңаша «өкіметтің қатаң саясаты мен зорлық-
зомбылығынан жәбір көрген шаруалар өз мүддесін қорғады» делінген шынайы баға берілді. [1,7]
Ұжымдастыру тарихының түпкілікті зерттелуі, әсіресе Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі
94
шаруалардың қарсыласу қозғалысының наразылық себептерін ашу, көтерілістерге объективті баға
беру бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Байқадамов Н.С. Сырдария округіндегі күштеп ұжымдастыру және шаруалардың қарсыласу қозғалысы
(1928-1932 жылдар). т.ғ.к... дисс.авторефераты.-Алматы, 2001.
2.Байышов Б. Тәркілеу мен ұжымдастырудың зерттелуі. //Қазақ тарихы.2010 №1 29-30 б.
3.Ғабжалилов Х.М. «Кіші қазан» науқандары Тәуелсіз Қазақстан тарихшылары зерттеулерінде. //Қаз ҰУ
хабаршысы. Тарих сериясы.2005 №1. 25-28 б.
4.Историческая наука Советского Казахстана (1917-1960 гг):Очерки становления и развития. –Алма-Ата:
1990. -272 б.
ЖОЖ. 372.894 (574)
Алдауышев М.Б.,
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы
Жетіарал орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.
«ҚАСЫМ ХАННЫҢ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨРЛЕУІ»
ТАҚЫРЫБЫН ТІРЕК-СЫЗБАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
В данной статье представлена разработка урока по истории Казахстана в 7 классе по
теме:«Развитие Казахского ханства во времена правления Касымхана» и показана методика
использования опорных схем при объяснении материала.
In this article the author whould like to show the methodic material for theme “The development of
Kazakh Khanate on Kasymhan’s rule ” 7th form on the History of Kazakhstan and explanation materials
by the using the structure scheme.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан тарихын пәнін оқытуға ерекше мән
берілгені бәрімізге белгілі. Өйткені, тарих ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына
жатады.
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын ата-бабаларының тарихын білу және оның
жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы қажет деп ойлаймын.
Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл-фараби «тарихты білмей өткенді,
қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»-десе, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғалымы
Ахмет Байтұрсынов былай деген:«Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих». Сондықтан біздер
тарихшылардың басты міндеті еліміздің тарихын ұрпақ санасына жеткізу деп білемін.
«Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі» тақырыбы бойынша 7 сыныпта өткен
сабағымда Қасым ханның кім екендігін қазақ халқының тарихи санасында қандай істермен
қалғандығын, қазақ тарихындағы алатын орнын сезінуге, осы ұлы хан туралы ізденіп білуге деген
шәкірттердің ынтасын ояту жұмыстарын жүргізіп, түсіндіріп, ашуға тырыстым.
Тәрбиелік мәні бар мәліметтерді беру арқылы оқушыларға сабақтың мақсатын ашуға
тырыстым. Қасым хан өз халқының барлық қадір-қасиетін бойына жинақтаған, ақыл парасатымен
ғана емес, жайсаң мінезімен, адамгершілігі мен өзгеше тұратын ғажайып тұлға болған. Өз
заманында Қасыммен жүздескен, әңгімелескен замандастары оның нұрлы жүзін, даналығын
жомарттығын кеңдігін, өр мінез тәкаппарлығын, сонымен қатар биязылығы мен әдептілігін атап
көрсеткен. Оны халқының бақытына туған ерекше тұлға деп бағалағанын Қасым ханға
замандастарының берген сипаттамасы арқылы ашып өттім.
Орта ғасырлық атақты тарихшы Абдаллах бен Мұхаммед бен Әли Насурллах:«Қасым хан
бүкіл Дешті Қыпшақтың патшасы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған еді. Қасым ханның
қисапсыз көп әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді»деп жазған. Сабақта кесте түрінде
Қасым ханның тұсында қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі орта ғасырлық авторлардың
пікірлері арқылы дәлелдеп өттім.
1миллионнан асатын халқы бар, керек кезінде мұздай қаруланған үш жүз мыңдай әскер
жасақтай алса да, Қасым хан жаңа жерлер жаулап алу үшін басқыншылық соғыстар жүргізбей,
күш-қуатын елінің тыныштығын қорғауға, мемлекеттің тұтастығын нығайтуға арналғандығын
оқушылардың санасына жеткізе отырып түсінік беруге тырыстым.
Қазақ тағын басқарған жылдарын Қасым хан қазақ елін, қазақ жұртын іргесіндегі көршіден
бастап алыстағы Еуропа халқына дейін танып білгендігі жөнінде, Қасым ханның ішкі-сыртқы
саясаты жөнінде оқушылардың өздерін қатыстыра отырып ашуға тырыстым.
95
Ел басқару жүйесіндегі ата жолын ұстаған Қасым хан алғашқы қазақ заңы «Қасым ханның
қасқа жолын» жарыққа шығарады. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып
ережелері негізінде жасалып, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң екендігіне тоқталып өттім.
Халқының тіліне жақын, әрі ерте заманнан оларға түсінікті, пайдалы екенін түсінген халық мұңы
қатты ұнатып «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткендігі жөнінде түсінік берілді. Қазақ
ордасының мемлекеттік негіздері, бұл заң-қазақ халқының елдік санасын негіздеуде шешуші
қызмет атқарған өзгеше құжат екендігіне тоқтала отырып маңызын ашып көрсеттім.
Ел тыныштығын, хандықтың күшеюін өмірлік мұраты деп білген Қасым хан ордасы бірде
Жетісуда Қаратал өңірінде, бірде Шу өзені бойында, енді бірде Сарыарқада Ұлытау етегінде,
кейде Батыста Жайық жағасында болған. Бұдан халқының қалың ортасында жүрген Қасым
ханның өтпелі кезеңде де өзіндік ел басқару саясатының бір көрінісі екендігі ашып көрсетілді.
Сыртқы саясатта көрегендік дипломатиялық қатынастар жасай отырып, елінің ұзақ уақыт
тыныштықта өмір сүруіне, мемлекетінің іргесін кеңейтіп, шекарасын нығайтуда асқан
дарындылық танытқандығы атап өтілді. Оның тұсында Түркістан аймағындағы қалалар қазақ
ұлысына бағынғандығы, оңтүстікте Жетісу жерінің дені, солтүстікте Ұлытау өңірі, Балқаш
көлінен Қарқаралы тауларына дейін, батыс, солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтып,
Сарайшық қаласын бағындырғанын карта бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, білім-
білік дағдыларын нығайту мақсатында топтық тапсырмалар беріліп, өзіндік пікірлері
талқыланды. Қорытындылай келе, XVI ғасырдың тек қазақ халқына ғана емес, Еуразияда да есімі
мәлім болған Қасым хан жөнінде толық мағлұмат бере отырып, мемлекет басшысына деген
шәкірттер бойында мақтаныш, сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында
өткізген сабағымды ұсынып отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |