2.5 оқу нәтижелерін бақылау және бағалау
1 Аралық бақылау - 7 апта бойы сабаққа белсенді қатысып, семинар сабағына белсенді қатысу, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру, тапсырманы уақытылы орындау.
1Аралық бақылау тапсырмасы – 7 –ші аптада берілген тапсырманы (таңдауға ұсынылған тақырыптар бойынша) презентация дайындап, онлайн қорғау.
2 Аралық бақылау – 15 апта бойы сабаққа белсенді қатысып, семинар сабағына белсенді қатысу, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру, тапсырманы уақытылы, талапқа сай орындау.
2 Аралық тапсыру тапсырмасы – 14-15 аптада ұсынылған тапсырманы орындап, қорытындысын шығару. Коллоквиумға дайындалу. (Онлайн байланысқа шығу арқылы)
Қорытынды бақылау:
«Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)» пәні бойынша қорытынды бақылау келесі нысанда жүргізіледі:
2 курс (4ж) – ауызша емтихан;
1курс 3жылдықта –ауызша емтихан;
Емтиханның барлығы онлайн форматында өтетін болады.
Қорытынды бақылау - пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағаларын қамтитынын көрсетеді. Студенттің оқу пәнінің бағдарламасын меңгеру дәрежесін қорытынды бағалауда ағымдағы үлгерімді бағалау үлесі кемінде 60% - ды құрайды. Қорытынды бақылау бағасы осы оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 40% - ын құрайды).
Бұл ретте білім алушылардың оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |