Х. ДосмҰхамедов



бет1/89
Дата21.02.2023
өлшемі326,32 Kb.
#69684
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




«Х.ДосмҰхамедов аТЫНДАҒЫ Атырау университетІ» КЕ АҚ
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
«АУДАРМА ІСІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
Факультет деканы
_____________ ф.ғ.к. А.А.Султангубиева
«______» ____________ 20_________ж.












ПӘННІҢ
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
TDM 102 Бастапқы тілдік модуль
Sht 1104 Шетел тілі: ағылшын тілі пәні бойынша
тілдік емес мамандықтардың білім алушылары үшін

Атырау, 2022
Әзірлеуші: Жаурова Айжан Баялықызы -«Аударма ісі және шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы

«Аударма ісі және шетел тілдері» кафедра мәжілісінде қаралды


хаттама № «___» ___________20___ ж.


Кафедра меңгерушісі: ____________ Хайржанова А.Х
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қабылданды ____________________
хаттама № « » _____________20___ж .


Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы __________ Султангубиева А.А.

Типтік оқу бағдарламасы

Бұл оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандарттарының құрамдас бөлігі ретінде бағалық негізі шетел тілінің барлық бағыттары мен мамандықтар бойынша дипломды мамандар даярлауды қамтамасыз етуге арналған.


Бағдарламада шетел тілінде білім алудың мазмұны, мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Бағдарлама екі жылдық оқу мерзіміне арналған (шетел тілдерін арнайы оқытатын жоғары оқу орындарының 1, 2 оқу жылдарында).
Дүние жүзіндегі интеграциялық процестердің үлкеюі білім берудің ортақ, жалпы дүниежүзілік парадигмаларына көшу қажеттігіне, оның мазмұнының универсалдығына себепші болды.
Шетел тілінде білім алуды дүние жүзілік стандарттық үлгіге жақындастыру мақсатымен бұл бағдарлама болашақ шетел тілі маманын даярлаудың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Бағдарлама көрсетіп отырған бұл мақсаттар мен міндеттер ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін және Еуропалық одақ елдерінде қабылданған шетел тілдерін меңгерудің жалпы еуропалық компетенцияларын ескерген.
Шетел тілінде оқытудың мақсаты­студенттердің мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру. Коммуникативтік мәдениет тануға бағытталған оқып үйренудің мақсаты­лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдениәлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастық болып саналады.
Лингвистикалық компоненттің мазмұнын төмендегілер құрайды:
­оқып үйренетін тілдің лексикалық, грамматикалық құбылыстары және сол тілдің заңдылықтарын студенттер кәсіби коммуникативтік әрекетінде қолдана білу.
Дискурсивтік компоненттің мазмұны:
­нақтылы мәдени­әлеуметтік контексте тауып айтылған тілдік және тілдік емес құралдармен берілген нақтылы серіктесі, өзге мәдениет өкілі мен коммуникативтік ниетті іске асыра білудің іскерлігін болжайды.
Мәдени­әлеуметтік компоненттің мазмұнына:
­оқып үйренетін тіл елінің дәстүрін, тарихын, мәдениетін, заң ережелерін және тіл өкілдерінің әлеуметтік мінез­құлық ережесін білу кіреді. Оларды коммуникативтік және кәсіби әрекетінде іске асыра білу керек.
Стратегиялық компонент әртүрлі коммуникативтік мақсаттарды нақтылы қарым­қатынас жасау жағдаятында ең нәтижелі стратегияларды таңдау және оларды қолдану іскерліктерін енгізеді. Стратегиялық компонент компенситорлық іскерліктерді яғни, тіл құралдарының тапшылық кезінде перифраза, синонимдер, дене қимылы мен мимикасын пайдалану есебінен қиыншылықтан шығу іскерлігін енгізді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет