Х. С. Муханбеткалиев 20 ж



бет31/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#12086
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Мектеп менеджері іс-әрекетінің жүйелік-фунщионалдық негізі -құзыреттілік (компетентность). Оның түрлері ретінде ықпалдастық, (интегративтік), эмоционалдық, перцептивтік, тұжырымдамалық, тәжірибелік сипаттары қарастырылады. Менеджер іс-әрекетіндегі кұзьіреттілік түрлерінің дербес және біркелкі емес көрінісін Н.В.Кузьмина гностикалық, жобалық, құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік деп көрсетсе, Ю.А.Конаржевский педагогикалық талдау, жоспарлау, мектепішілік бақылау, ұйымдастыру, реттеу қызметтері ретінде қарастырады. В.А.Якунин идеяларды құрау, болжау хабарламасын жинау, шешім қабылдау, орындалуын тексеру, коммуникация, нәтижені бақылау және бағалау, түзету әрекеттерін мектеп менеджерінің атқаратын кызметтері деп есептейді.

Мектеп басқарудың дәстүрлі көзкарасын ұстанушылар оның басты мүддесі ретінде ұжым мүшелерін бір мақсатқа жұмылдыруды, олардың біріккен іс-әрекеттерін ұйымдастыруды негізге алады. Бұл жерде басқару қызметі әр кезең бойынша нәтижелерді алдын-ала нақтылау, оқу жоспарын құрастыру, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оны бақылау мен тексеру секілді әрекеттерден тұрады.

Адамның қоғам дамуына қосатын үлесі, ынта-жігерін ықыласпен жұмсауы басқару арқылы қалыптасқан қарым-қатынас үрдісіне тығыз байланысты. Сондықтан мектеп баскарушы менеджер төмендегі жағдайларды басшылыққа алуы нәтижелі болатыны сөзсіз:

1) адамдарды мақсатты түрде әрекетке жұмылдыру (өйткені ортақ мақсатсыз ұжым қалыптаспайды, адамдардың жай тобы ғана болады;



  1. ұжымның әр мүшесінің қажеттіктерін дамытып, мүмкіндігінше
    оны қанағаттандырып отыру;

  2. адамның дамып отыруына үнемі жағдай туғызу;

  3. өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру және әркімнің жеке
    жауапкершілігін арттыру;

  4. басқару үрдісін нәтижесі мен материалдық базасы арқылы ғана
    емес, адамдардың денсаулығы мен қызмет істеуіне қолайлы
    жағдайлар туғызылуы арқылы бағалап отыру.

Ресейлік басқару теориялары мен тәжірибелерін зерделеу барысында менеджер қызметінің түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылғанын көруге болады. М.М.Поташниктің айтуынша "Басқару - мектептің қалыптасуын, тиімді қызмет етуін және үнемі дамып отыруын қамтамасыз ететін барлық субъектілерінің мақсатты іс-әрекеті".

М.И.Кондаков мектеп басқарудын басқа салалардан өзіндік ерекшелігі бар екенін, өйткені оның барысында "оқу-тәрбие үрдісінің барлық жағын қамтитын ұйымдастырушылық-педагогикалық катынастар жүзеге асырылатынын" атап көрсетеді.

Педагогикалық үрдісті басқарудың аталған сипаты бірден қалыптасып кетпегенін XIX ғасырдағы педагогикалық еңбектерден көруге болады. К.Д.Ушинский педагогикалық үрдісті басқару, оқыту және тәрбиелеу сияқты мектептегі негізгі қызмет бөліктерінің біртұтастығы және өзара бірлігі ретінде қарастыруды ұсынады. Оның айтуынша, мектептің оқушы тұлғасын қалыптастыра алуына ондағы барлық құрамдас бөліктердің өзара қарым-қатынас мазмұны ықпал етеді.

Мектепті педагогикалық үрдіс ретінде басқаруды қарастырған Ю.А.Конаржевский менеджер қызметінің мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің әрекеттерін бақылау мен оларға әкімшілік етуден тереңірек екенін дәлелдейді. Оның ойынша, "бүгінгі мектеп үнемі даму үстіндегі күрделі педагогикалық-психологиялық жүйе болып табылады. Баскару үрдісінде мектептің ішкі кұрылымындағы түрлі бірлестіктер мен топтардың өзара қарым-қатынасын, бірлескен қызметтерін, әр адамның мақсатты әрекеттерін реттеп отыру жүзеге асырылады".

Сөйтіп, аталған ғалымдар педагогикалық үрдісті басқару мазмұнын адамды құрметтеу, сенім арту арқылы оқушы мен мұғалімді табысқа жетелейтін, дамып отыруына жағдайлар туғызатын, сонымен қатар, басқарудың біртұтас және жеке бөліктеріндегі жүйелікті, үйлесімділікті қамтамасыз ететін өзара қарым-қатынастар тұрғысынан қарастырады.

Менеджмент негізінде басқару білім беру үрдісіне қатысушылардың интерактивті, субъектаралық қарым-қатынасқа бағытталған әрекеттері арқылы жүргізіледі. Оның бірнеше сипаттарын анықтауға болады. Ізгіліктік сипаты - адамды құрметтеу, оған сенім білдіру, оқушы мен мұғалімге деген тұтастық көзқарас және оларды дамыту бағытын мықтап ұстану.



Дамытушылық сипаты - мектептің үнемі дамып отыратын әлеуметтік-педагогикалық жүйесін көрсетеді, оны дамытудың басты құралы - басқарудың тұлғалық бағдарлылығы.

Демократиялық сипаты - оқушылар мен мұғалімдердің өзін-өзі басқару тетіктерін ұйымдастырудың жүйелі болуын талап етеді.

Сенімдік сипаты басқарудың ізгіліктік және демократиялық болуы педагогикалық ұжым мүшелерінің, оқушылардың өз шешімдері үшін жауапкершілігін арттыратын мазмұн береді.

Құндылықтық сипаты мектеп жағдайына өзінің кәсібилігін жетілдіруге жағдай жасау, оқушыға сапалы білім беруге ынталандыру қызметтері жатады.

Қазіргі білім беру үрдісін басқару менеджер бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның кәсіби деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, оған қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, кәсібилігін қамтиды, оның тұлғалық сапасының жалпы адамдар үшін үлгі болуын күтеді. Мектеп басшысының басты міндеті -жоғары деңгейдегі адамгершіліктің иесі болу, өзінің білімі, еңбекқорлығы, адамдарға деген мейірбандығымен, жеке өнегесімен өзгеге үлгі болу.

Басқару қызметіне қажет болатын менеджердің сипаттары:

- педагогикалық білімі;



- психологиялық ұстанымдары;

- кәсіби білігі мен тұлғалық ерекшелігі.



Менеджердің педагогикалык сапаларын төмендегідей бөліктерге бөлуге болады:

Рефлексиялық қабілет - мұғалімнің оқушы тұлғасын, ерекшелігін, сонымен қатар, өзін-өзі тани білу қабілеті, оған өзге адамды түсіне алу, жан-дүниесімен қабылдай алу мен өзге адамның көзқарасы тұрғысынан өзіне сыни қарай алу қабілеттері кіреді.

Конструктивтік қабілет - жобалай, болжай, басқара алу арқылы өзгелерге ықпал ете алу қабілеті, оған өзге адамның әрекеттеріне, тәртібіне ықпал жасай алу және оқушыға оның өз ықыласы мен ынтасы негізінде ықпал ету қабілеттері жатады. Бұл сапалар білім беру үрдісіне қатысушылардың жеке стилін кұрап, өзара қарым-қатынастық, педагогикалық әрекеттердің тиімділігіне ықпал ететіндігі белгілі. Сондықтан менеджердің мектептегі әр мұғалімнің, әр оқушының өзіндік тұлғалық және кәсіби мумкіндіктерін тануы арқылы өзін-өзі дамытуға, жаңа әдістерді меңгеру негізінде оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге әсерін тигізеді.

Менеджмент негізінде басқару менеджер бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:

- кәсіби-педагогикалық сипаты: жаңашылдық, шығармашылық,


еңбекқорлық;

- интеллектуалдық сипаты: педагогикалық зейінділік пен бақылау қабілеті, ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық ой-өрісі, терең танымдық, педагогикалық болжау қабілеті, сыни ойлау қабілеті;

- эмоционалдық сипаты: оптимистік, ашықтық, сабырлылық, мейірбандық;

- оқушыға көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

- педагогикалық қызметке көзқарасын білдіретін сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, шеберлігіне сыни көзқарас, өз жұмысы сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі кәсіби дамытуға, өздігінен білім алуға кажеттіктерінің болуы; оқушылар біліміндегі олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; оқушыларға рефлексия арқылы өз білімдерін өзіндік бағалауға, өзіндік коррекциялауға ынталандыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет