Х. С. Муханбеткалиев 20 ж



бет34/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#12086
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс

Шығармашылық-дамытушылық ұстаным.

Менеджмент идеялары негізінде басқару барлық субъектілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрткі болу, оқушыны мұғалім қоятын бағасы үшін емес өзі үшін құндылык әрекеттерге баулу, қолынан келетін әрекеттерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады. Оқу-тәрбие жұмысын дәстүрлі басқару барысында оқыту бір жақты оқушыға бағытталып, оқытудың, дамытудың объектісі болып табылады да мұғалім білімді беруші субъект болып есептелінеді.



Диалогтық (ашықтык) ұстаным.

Мектеп ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде өзін қоршаған әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, мәдени т.б. орталықтармен, түрлі қоғамдық, жастар ұйымдарымен ашық, диалогтық әрекеттер ұйымдастыра алады. Сонымен қатар, диалогтық әрекеттер ішкі ортамен қатынас барысында да жүргізіледі. Бүл жағдайда басқару үрдісіне қатысушы субъектілердің өзара жағымды әсері нәтижесінде бір-біріне қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.



Кері байланыс ұстанымы.

Басқару құрылымында мектептің мақсат-міндеттерімен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Сонымен қатар, нәтиженің бағаланбауымен қатар нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Үрдіс пен нәтижеге баға беру әкімшілік тұрғысынан ғана емес, үрдіске қатысушылар тарапынан өзіндік бақылауы мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл - басқару үрдісіне қатысушылардың құндылықтық көзқарасы мен өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға әсер етеді.



Рефлексиялық ұстаным.

Рефлексиялық әрекеттердің енгізілуі басқарудың жаңа жолдарын қарастырады. Бұл жағдайда мектеп ұжымының тұлғалық бағдарлы педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға дайындығы, педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияға дайындығы инварианттық талап ретінде алынып, оның вариативтік бөлігіне мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға даярлығын, озық тәжірибені игеруге таратуға, пайдалануға даярлығын, педагогикалық ғылым мен тәжірибені байланыстыра білуі және оны практикаға енгізуге рефлексиялық даярлығын жатқызамыз.



Менеджмент негізінде басқару жүйесі төмендегі рефлексиялық логикаға құрылады.

  • Педагогтардың жеке тәжірибесі рефлексиясы

  • Әдістемелік рефлексия (пәндер ӘБ)

  • Технологиялық рефлексия (шығармашылық топтар)

  • Ғылыми-әдістемелік рефлексия (ғылыми-әдістемелік орталық)

• Әдіснамалық рефлексия (педагогикалык зерттеулер орталығы)

Білім берудегі менеджердің психологиялық қарым- ңатынас

ерекшелік сипаттары.

Басқару үрдісінде менеджер-мұғалімнің оқушыға қатынасын көрсететін сипаттар алуан түрлі және олар өзгеріп отырады. Алайда, солардың ішінде еш уақытта өзгертуге болмайтын, педагогика теориясында "инварианттық" деген атауға ие түрлері бар. Френенің айтуынша, "инварианттық - бұл ақиқатқа негізделген, қайта қарауды, өзгертуді қажет етпейтін, сонымен бірге ешуақытта қателікке ұрындырмайтын", яғни жетістікке әкелетін сапалық бөлік. Білім беру үрдісінде міндетті түрде болуға тиіс, өзгермейтін қарым-қатынас сипаттары қатарына эмпатия (балаға жанашырлық сезім); қабылдау (қандай бала болса да қабылдай алу, түсіну арқылы оның өзін-өзі қабылдай алуына жағдай жасау); конгруэнттілік (ішкі және сыртқы дүниесінің сәйкес келуі, өзі айтып тұрғанын өзі мойындауы); шығармашылық (әр оқушының бойындағы мүмкіндік пен қабілетті ашу, дамыту); суггестивтілік (бала үшін эмоциялық қолайлы орта туғызу, өз табиғатына сай өзін еркін ұстай білуіне жағдай жасау); сонымен қатар, оқушымен гуманистік қарым-қатынаста рефлексиялық қабілетті дамыту аса маңызды. Кез келген жастағы оқушы өз өміріндегі оқиғалар мен ситуацияларды талдай білу, бағалау арқылы өзгертуге, өз өмірінің субъектісі болуына ықпал ету - тұлғалық бағдарлы педагогиканың басты мәселелерінің бірі.



Менеджмент идеясы адамдардың ынтымақтастығын көздейтін болғандықтан, ортақ мақсатқа жетудегі адамдардың күш-жігерін дұрыс бағыттауға басты назар аударып отырады. Менеджмент адамдармен қарым-қатынастың тәсілін үнемі жетілдіріп, соның ішінді білім берудегі ең маңызды буын - менеджменттегі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының субъектаралық мазмұнда болуын талап етеді. Бұл жағдайда педагогикалық басқарудың субъектілігі "субъектінің өзіндік өмір сүру ұстанымы" ретінде түсіндіріледі, мақсат қою, жоспарлау, оқу әрекеттері өзіндік бақылаудың саналы қызметі ретінде көрсетіледі, сол арқылы басқару төмендегі әрекеттерде жүзеге асырылады:

  • тұлғаның өзіндік құндылығын анықтау, өз бетіндік әрекетін
    ұйымдастыру;

  • тұлғаның жеке мәнді танымы негізінде білім беруді ұйымдастыру;

  • әр түрлі пәндер бойынша ұйымдастыру шараларында тұлғаның
    дербес және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру;

- мектептегі білім беруді тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны оған
қатысушылардың көзқарасын өзгерте алады.

Ал, "тұлғаны дамыту" - дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, менеджменттегі субъектілік ұғымда оны дамыту адамның өзіндік танымын, қажеттіктерін бағыттап отыру, қолдау көрсету, яғни өзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім қабылдау және нәтижесін өзі бағалау секілді ішкі, адамның өз бойындағы мүмкіндіктер арқылы өзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі.

Басқарудағы субъектілік көзқарас оқушы және мұғалім тұлғасын басты орынға қояды. Бүл жағдайда "оқушы - дайын білімді игеруші" түсінігі орнына "адам - шындықты танушы тұлға" түсінігі қалыптасады. Сонымен қатар, бүл үрдіске қатынасушы мұғалім, тәрбиешілер "әкімшілік шешімін орындаушылар" емес "басқаруды жүзеге асырушылар" болып есептеледі. Сөйтіп, оқушы да, мұғалім де, мектеп басшылары да өзара диалогтық, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасайды.



Менеджмент басқарудың ерекшелігі - нақты адамдармен карым-қатынас, оларды тұлғалык әрекеттерге тартудың ізгіліктік және демократиялық жолдары. Осы сипаттағы түрткі беру мотивация арқылы басқару адам баласының өзіндік мүмкіндіктерін түгелдей іске қосып, оны жүзеге асыру үшін өз қажеттігін қалыптастырады.

П.И.Третьяков тұжырымдамасында (мотивтің) түрткі жасаудың басталуы - өзіндік сананың оянуында, ал өзіндік сана өзіндік танымға, өзіндік бағытталуға, өзіндік қалпымен танылуға, өзіндік түзетілуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға әкелетін мықты негіз болып табылады. Бұл психикалық қызметтер тұлғаның өзіндік дамуына мүмкіндік береді.



Мектеп басқару менеджменті педагогикалық проблемаларды шешудің жаңа жолдарын енгізуге, педагогикалық үрдісті жаңғырту арқылы жаңа нәтижелер алуға бағытталғандықтан мазмұны жөнінде инновациялық болып табылады. Инновациялық басқару жүйесінің құрамындағы бөліктер өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып жаңа өзгерістерге түсе алады. Ол төмендегілерді қамтиды:

  • басқарудың мақсаты мен мазмұны;

  • педагогикалық үрдістің технологиясы, әдістері мен құралдары;

  • оқыту мен тәрбие беру әрекеттерінің формасы;

  • басқару жүйесі;

Сонымен қатар мынадай жайттар ескерілуі тиіс:

  • басқару технологиясындағы инновациялық үрдіс кездейсоқтық
    емес, белгілі бір күтілетін нәтижеге бағытталады;

  • инновациялар білім беруді тиімді басқару үшін енгізіледі;

  • жаңа түзілімдер ішкі мүмкіндіктерді жаңа тұрғыдан қарастыру
    негізінде жаңа жетістікке жету мақсатын қояды.

Жалпы басқару әрекеті - мақсатқа бағытталып, жоспарланып, нәтижемен аяқталатын, нақты бір мәселені шешуге арналатын үрдіс. "Күрделі нәрсені ылғи да құрамдас бөліктерге бөліп қарастыру кажет, тұтас нәрсе бөліктерден тұрады. "Әр бөлікте бүтінге тән негізгі қасиеттер сақталады" дейді Л.В.Выготский. Бірақ жалпы басқару сипатынан инновацияльіқ басқарудан айырмашылығы болады, оның бөліктерінде тұтас инновациялық талап болмауы мүмкін, олар түрлі сипаттардың өзара байланысына катысты қойылады. Инновациялық мектепті басқару қызметі жаңалықтарды жасау, игеру, қолдану және таратудан тұрады, оның мәнін жеке тұлғаның өзіндік дамуының бастауы деуге болады.

Мектепті менеджмент негізінде басқару жүйесіне оқушы, мұғалім (тәрбиеші), әкімшілік мүшелерінен тұратын адам ресурстары, оқу-тәрбие үрдісі, түрлі әдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары, шығармашылық және ізденістік топтар жатқызылады. Дәстүрлі басқаруда аталған құрылым "басқару субъектілері" және "басқару объектілері" сипатында болып, басқару "субъектіден-объектіге" қарай бағытталады және жүйенің ішкі құрылымдарына сәйкес субъектілік және объектілік сипаттары өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет