Тренинг №2
Тақырыбы: Рефлексиялық басқару
Мақсаты: Мектеп басшыларын өз әрекеттеріне талдау жасауға үйрету арқылы басқарудағы проблемаларын анықтауға, оны шешу жолдарын іздестіруге үйрету.
Жоспары:
Рефлексиялық басқаруды ұйымдастыру. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Лекция-2с.
Тренинг. Оқушы мен мұғалімнің арақатынасы. -2с.
Тақырып мазмұны
Бұған дейін "рефлексия" ұғымы көбіне биология және психология ғылымдарында пайдаланып келгені белгілі. Соңғы кездері педагогикалыќ зерттеулерде басқарудағы тұлғаның мүмкіндігін дамыту идеялары "педагогикалық рефлексия" түсінігінде негізделуде. "Рефлексия-субъектінің психикалық актілер мен күйлерді өзінше тану және талдау процесі. Рефлексия индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі деген түсінік философияда қалыптасты. Ол адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердің өзіне деген көзқарастарының қандай екенін де анықтау".
Рефлексиялық басқару мазмұнының ерекшеліктері:
басқару жүйесі белгілі бір құрылым бойынша жүргізілетін технологиялық қызметпен қатар білім беру үрдісіне қатысушылардың тұлғалық әрекеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
басқару мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің тұлғалық мүмкіндіктерін дамытуды көздейтін болғандықтан өзіне тән ұстанымдары-педагогикалық шарттары және әдіс-тәсілдері болуын көздейді;
басқару үрдісінде оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі мен оған жету жолдары тығыз бірлікте қарастырылады, яғни нәтиже ғана бағаланбайды, оның орындау барысындағы тұлғаның іс-әрекеттері де талданып отырады;
басқарудың барлық тетіктеріне оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-налардың араласуы арқылы олардың субъектілік белсенділігі, жауапкершіліктері арттырылады;
басқару субъектілерінің өз әрекеттеріне рефлексиялық талдаулар жасалуына, өз біліміндегі олқылықтарды бағалай алуына өз мүмкіндіктерін дамытуына қолайлы орта туғызу арқылы педагогикалық, рефлексиялық сапалары қалыптасады.
Тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісін басқару адам бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның кәсіби деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, мұғалімге қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, кәсібилігін қамтиды, оның тұлғалық сапасының бала үшін ғана емес, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді.
Тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару мұғалімнің бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:
кәсіби-педагогикалық сипаты :жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
интеллектуалдық сипаты:педагогикалық зейінділік пен бақылау қабілеті, ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өрісі, терең танымдық, педагогикалық болжау қабілеті, сыни ойлау қабілеті;
эмоционалдық сипаты: оптимистік, ашықтық, сабырлылық, мейірбандық;
оқушыға көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;
мұғалімдік қызметке көзқарасын білдіретін сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, шеберлігіне сыни көзқарас, өз жұмысы сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі кәсіби дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттіктерінің болуы;
өз пәні бойынша оқушылар біліміндегі олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; оқушыларға рефлексия арқылы өз білімдерін өзіндік бағалауға, өзіндік коррекциялауға ынталандыруы;
Ұжымдық дамыту әрекеттері арқылы мұғалімдер өз мүмкіндіктерін әріптестерінің көмегімен бағалай, жетілдіре алады. Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушылар рефлексиясын үнемі жүргізуі, кері байланыс нәтижесінде тұлғалық және кәсіби жетілуге жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |