Тренинг №3
Тақырыбы: Менеджмент негізінде басқару тәжірибесі.
Мақсаты: Заман талабына сай мектептерді менеджмент негізінде басқарудың негізгі ерекшеліктеріне шолу.
Жоспары:
Авторлық тұжырымдамалық бағдарлама негізінде басқаруды дамыту. Лекция-2с.
Практикум " Басқару тиімділігінің сапалық көрсеткіштері."-2с.
Тақырып мазмұны
Жаңа мектептердің барлығына ортақ төмендегі сипаттарын көрсетуге болады:
инновациялығы: педагогикалық үрдісті қайта құруға қатысты ерекше идеялары болуы;
альтернативтігі: дәстүрлі мектептегі мектепке қарағанда өзгеше оқу-тәрбие компоненттері болуы;
тұжырымдылығы: белгілі бір философиялық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық ғылыми негіздемесі жасалуы;
таңдаған бағдарының нәтижелік және тиімділік көрсеткіштері айқындалуы;
Жаңа типті мектептерді басқаруда нұсқау беру, бақылау, бағалаудан гөрі әріптестік кеңесу, проектік жобалауға тарту көбірек нәтиже беретіні, өз бетімен ізденуге, ынталануға жол ашатыны тәжірибе барысында дәлелденуде.
Тұжырымдамалық бағдарлама негізінде білім беру үрдісіне қатысушы оқушы мен мұғалімнің өз әрекеттерін таңдауына, өзіндік бағытталуына, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына бағытталған мақсаты белгіленеді. Оның орындалуы алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелерінен анықталады:
мұғалімдер:
оқушының өзiндiк тәжiрибесiн сабақ барысында жинақтаудың және оны пайдаланудың тиiмдi жолдарын бiледi;
оқушыларға оқу материалдарын өзi таңдау және оны орындаудың жолдарын өз бетiмен табу мүмкiндiктерiн туғыза алады;
оқу материалдарын меңгерудiң жолдарын оқушылармен бiрлесiп анықтайды, олардың нақты пәнге қызығушылықтарын ояту әрекеттерiн жүргiзедi;
жеке жұмыс арқылы әркiмдi өзiнiң оқу әрекетiн өзiне тиiмдi етiп ұйымдастыруға үйретудi iске асырады;
орындалған жұмыс нәтижелерiн өзiндiк тексеру арқылы оқушыларды өз деңгейiн бағалауға, қателерiн табуға және оны түзетуге мүмкiндiктер бере алады;
педагогикалық қызметін субъектаралық және оқушы тұлғасына бағытталған диалогтық оқыту әдiстемесi бойынша ұйымдастыра алады.
интерактивтi және рефлексиялық қарым-қатынас түрлерi арқылы бiлiм сапасын көтеруге оқыту үрдiсiнiң барлық мүшелерiн (оқушылар, тәрбиешiлер, мұғалiмдер және ата-аналар) ынталандыра алады.
оқушылар:
өз бiлiмi сапасына жауапкершiлiктi өзiне мiндет етіп алады. Үнемi өзiн-өзi бақылау, бағалау іске асырылады, бұл тек сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында да жүргiзіледі.
өз жұмысының нәтижесiне рефлексиялық талдау жасап отыру арқылы алдағы жұмысына коррекциялық өзгерiстер енгiзе алады.
бiлiм сапасының тек нәтижесi ғана емес, оған жету процесiн, ондағы қиыншылықтар және алдағы жұмыс бағытын белгiлеуде өзіндік іс-әрекеттер жүргізе алады.
бiлiм сапасын көтеруде жетістіктерге жету үшiн бақылау өлшемдерiн белгілей алады, түзету жұмысын мұғаліммен бірге орындайды.
мұғалім, ата-ана қатысуымен топтық жєне жеке рефлексия жұмысын үнемi жүргізіп отырады.
Жаңа басқарудың тұжырымдамалық мазмұны ретінде педагогикалық ұжымның мүмкіндіктері мен қажеттіктері, заман талабына сай ата-аналар мен оқушылар сұраныстары, инновациялық оқу орнына қойылатын жоғары талап деңгейлері негізге алынады. Сонымен қатар мектеп дамуында болуы мүмкін өзгерістер мен ерешеліктерге және болжамдағы күтілетін нәтижесіне сай аталған тұжырымдамаға өзгерістер енгізіліп, жаңартылып отырылатыны ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |