Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Тұлғалық бағдарлы оқытудың теориялық негіздері



бет57/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#12086
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс

Тұлғалық бағдарлы оқытудың теориялық негіздері

Мақсаты: Педагогика тарихындағы ізгіліктікті көздейтін тұлғалық бағдарлы оқыту туралы ғылыми көзқарастарға шолу арқылы негізгі идеяларын айқындау
Жоспары:

  1. Тұлғалық бағдарлы оқыту туралы ғылыми көзқарастар.Лекция-1с.

  2. Тұлғалық бағдарлы идеялар мен технологияларды сабақта пайдалану жолдары. Тренинг -2с.

  3. Рефлексия. 1с.

Тақырып мазмұны

Ізгіліктік философиялық көзқарастар қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, адамилық пен ізгілікке қарсы ағымдарға өз идеяларын уағыздады. Оның мақсаты-адам құндылығын жоғары санауға ғана емес, қоғамға, рухани құндылықтарға, жалпы әлемге гуманистік көзқарас. Ізгілікті тек адамның өз ерекшелігі деп қарастыруға болмайды, ол тұлғалық қасиетке жатады, яғни тұлғаның жоғары сапалы қасиеті адамға ізгіліктік көзқарасы болып табылады.

Ізгіліктік философия мен педагогиканың негізін салушылар Сократ, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, А.Дистервег, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр тұрғыдан қарастырған. Мысалы, антикалық ойшыл Сократ өз оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін-өзі тануға шақырса, Ян Амос Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін дамытуға мұғалім көмектесе алатынын, Жан Жак Руссо "балаға мұғалім өз көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуға" ұмтылуын, Иммануил Кант әр адамға тән адамгершілік туралы категориялық императив ұғымын дәлелдеді.

И.Песталоцци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы "тұлғалық бағдарлы оқытудың" негізін салып, өзін-өзі дамыту (саморазвитие) түсінігін енгізген. Гуманист педагог А.Дистервегтің "нашар мұғалім шындықты оқушыға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оған өз бетімен ізденуге жол көрсетеді" және жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау туралы идеялары (В.А.Петровский) бүгінгі тұлғаныњ өзіндік қажеттігін қалыптастыра отырып, ізгіліктікпен басқаруға негіз бола алады.

Психологияда өзіндік қажеттік (ағылшынша "self-actualizaton" ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның "өзіндік қажеттігін тану"-өз мүмкіндігін, әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылу. Ал, өз қабілетін, талантын, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам толық тұлғалық қалыптаса алады" деген пікірі аса құнды.

Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай дәлелдеп келтіреді. "Орташа адам-ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам". Оның теориясы бойынша адамның дамуы екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқсайды:бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді өзін өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгей-шығармашылық қажеттік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді. А.Маслоу пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады. Оның идеясын Карл Роджерс әрі қарай дамыта отырып былай дейді: "Білім берудің басты міндеті-тұлғаның өзіндік танымына, өз проблемаларын айқындай алуына және оларды шешуге өзіндік мүмкіндіктерін пайдалана білуге, сөйтіп өзін-өзі дамытуына көмектесу".

Бүгінгі білім жүйесінде, Д.Дьюи атап өткендей, "үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, Н.Коперниктің жаңалығына (күн-астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі". Ағылшын тіліндегі "pupil-centered" ұғымы орыс тіліне "ученикоцентрированный" деп тікелей аударылғанымен, бұл ұғым ресейлік педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарда "личностноориентированный" деп қолданылуда. Сондықтан біздің зерттеуімізде "тұлғалық бағдарлы" ұғымы жоғарыда айтылған "басқару үрдісін тұлға айналасына шоғырландыру" түсінігінің мәніне сәйкес пайдаланылады.

Қазақ тіліндегі педагогикалық-психологиялық сөздіктерде "тұлға-(личность) ұғымы-отандық психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі, сонымен қатар, оқу-тәрбие үрдісінің ізгіліндірілуіне орай педагогикада да жиі қолданылады" деп көрсетілген, ал "тұлғалық бағдарлы" ұғымы "тұлғаға субъектілік көзқарас негізіндегі қарым-қатынас" ретінде түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет