Х. С. Персое ұсынған гипотезалар анықтаңыз



бет3/19
Дата08.05.2023
өлшемі143,75 Kb.
#90980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2

2

9

Басшы ұйымның табысты дамуын қамтамасыз ету үшін не істеу керек өз сөзіңізбен жазыңыз.
Басшы ұйымның табысты дамуын қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді уақытылы оқуға жіберіп отыруды ұмытпауы қажет. Оқу үшін түрлі тренингтерді, семинарларды, шеберлік сағаттарын қолдануға болады. Бұл тек қана қызметкерлердің біліктілігінің артуына ғана әсер етпейді, сондай-ақ, ұйымның беделін де арттыра түседі. «Бірлік түбі - тірлік» демекші, нағыз басшы кәсібилерден құралған біріккен топты қалыптастыра алады. Осылайша, күрделі міндеттердің жедел және тиімді шешілуін қамтамасыз етеді. Ортақ тіл табыса білген ұжым мәселенің де шешімін тез табады. Адамдардың бір мақсатта жұмыс істейтіндерін сезінуі үшін ұжымдық кештер, табиғатқа бірігіп шығуды ұйымдастыруға болады. Бос орын болғанда, тез арада қызметкерді жұмысқа қабылдаудан алшақ болыңыз. Білікті басшы өзіне және ұжымға қандай маманқажет екендігін нақты біледі. Сіз үшін көшбасшылық қасиеттер ажырамас бір бөлігіңіз болып табылатындығын ұмытпаңыз. Адамдарға жай ғана басшы емес, күрделі жағдайларда қолдай білетін, алға бастайтын жетекші, көшбасшы қажет. Солкезде ғана олар бар ерік-жігерлерімен жұмыс істеуге әрекет жасайды.. Ұйым басшысы ұжымды сендіре алуы, артынан ертіп әкетуі тиіс.



2

2

10

Басшы қол астындағы қызметкерлерді қалай және не нәрсеге тәрбиелеуі керек екенін өз сөзіңізбен тұжырымдаңыз .
Сіз өз қызметкерлеріңізді жауапкершілікке үйретуіңіз тиіс. Олардың өз ойларын, бастамаларын ашық жеткізе білгендері жөн. Егер қызметкер қандай да бір қателікке жол берсе, оны оқытуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберуге болады. Ал егер де ол қайтадан қателік жіберсе, сол кезде оны алмастыруға болады. Білікті басшы өз қызметкерлерінің білімі мен кәсібилігіне сай міндеттерді дұрыс бөлуге қабілетті болуы тиіс. Сондай-ақ, қызметкерлердің өкілдігіне кірмейтін жұмысты талап етуге болмайды. Бірақ, өзінің қызметтік міндеттеріне дұрыс қарамайтын қызметкерлерді уақытылы анықтай біліңіз. Себебі, бұл адамдар жұмыстың тиімділігін бәсеңдетеді және жанындағы адамдарға кері әсер етеді. Оларды жұмыстан шығаруға дейін баруға болады. Басшы қызметкерлермен нақты бір аралықты сақтауы тиіс. Ұжымда басшы мінсіз беделге ие болуы қажет. Егер де сіз мәртебеңізге кері әсер ететін жағдайдың орын алуына жол берсеңіз, ұжымның алдындағы беделіңізге кір келеді. Ал бұл өз кезегінде қызметкерлердің бос сөзін және жұмыстың әлсіреуін туындатады. Сіз әр қызметкерге нақты міндеттер тізімін беруіңіз тиіс. Әр міндеттің нақты уақыты мен күтілетін нәтижесі түсінікті тілде жеткізілуі тиіс. Сонымен қатар, білікті басшы тиімді жұмыс үшін қызметкерлермен кері байланыс жүйесін ұйымдастыруы қажет. Мақұлдау немесе мақұлдамау арқылы қызметкерлердің жұмысын бағалай алады. Бұл ұжымды одан сайын ынталандыра түсетіндігі хақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет