Хабаршы №3-2011ж


ӘОЖ 94(574):925  Сүлейменова Д.Д.-



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата03.03.2017
өлшемі1,76 Mb.
#6021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
ӘОЖ 94(574):925 
Сүлейменова Д.Д.- 
т.ғ.к., доцент, алаштанушы, 
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі  
 
АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛДАРЫНЫҢ БІРІ –  
ИСА ҚАШҚЫНБАЕВ 
 
Ұлт  тарихы  тек  қана  саяси,  әлеуметтік-қоғамдық  оқиғалардың 
ғана  емес,  сонымен  қатар  ұрпақ  жалғастығының,  өміршең 
дәстүрлерден  құралатыны  да  белгілі.  Сол  игі  дәстүрлерден  тағылым 
ала  отырып,  мемлекет,  әлеумет,  жеке  адам  күшін  түзейді,  бағытын 
айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне 
көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер 
едік.  Қазақ  тарихының  осындай  белесті  асуларының  бірі  -  Алаш 
қозғалысы.  Бүкіл  қазақ  даласын  азаттық  идеясына  жұмылдырған  бұл 
ұлы  қозғалыстың  тарихы  мен  тағылымы  уақыт  өткен  сайын 
айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай 
шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. 
Сол  Алаштың  өткен  тарихын  халқына  қайтаратын  ақтаңдақ 
оқиғалардың  айқындалатын  уақыты  жетті.  Еліміз  тәуелсіздікке  қол 
жеткізді,  оңы  мен  солын  таныды.  Халықаралық  деңгейде  бай  тарихы 
бар,  іргелі мемлекет ретінде таныла бастады десек артық айтқанымыз 
болмас. 
Сондықтан  бүгінде  еліміздің  мемлекеттілігі  туралы  тарихын 
қозғау қажеттілік болып табылады.  
Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тарихында 
Алаш  атын  аспандатқан  арыстарымыздың  үлесі  орасан  екендігі 
дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
23 
салған  жол  салып,  еркіндіктің  отын  өшпестей  етіп  тұтатып  кетті. 
Бүгінгі  тәуелсіздігіміздің  іргетасы,  бастауы  -  осы  Алаш  арыстары: 
Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Жаһанша,  Халел 
Досмұхамедовтар, 
Міржақов 
Дулатов, 
Мағжан 
Жұмабаев,                            
Иса  Қашқынбаев  және  т.б.  Ақ  Тумен  көтерген  тегеурінге  бергісіз 
батыл,  мемлекетшіл  және  отандық  идеясы  болатын.  Алаш 
қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында.  
Тарихқа тағзым, өткенге құрмет елге, жерге, Отанға деген құрмет 
болып  табылады.  Жымпиты  елді-мекенінде  Алаш  қозғалысының                   
90  жылдығына  арналған  саябақ,  сонымен  қатар,  Алаш  арыстарына 
арналған  ескерткіш-монумент  2008  жылы  Батыс  Алашорданың                 
90 жылдық мерейтойында  ашылды.  
Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік мұратына қол жеткізу бақыты 
біздің  ұрпақтың  маңдайына  бұйырды.  Алашордалықтардың  ұлы 
жолдағы арқалаған аманат жүгінің, халқына жасаған қайырымды ісінің 
жалғастырушысы бүгінгі елдің азаматтары - мына  Сіздер мен біздер.  
Елбасы Н. Назарбаев ««Алаштың» басты мақсаты - қазақ қоғамын 
бірте-бірте  өзгертіп,  заманға  бейімдеу  еді.  Бұл  біздің  жедел  жаңғыру, 
яғни модернизация бағытымызға да сай келеді... Алаш арыстары бізге 
мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... 
Алаштың  асыл  аманаты  бізге  тарихи-мәдени  бірегейлігімізді, 
қарапайым  тілмен  айтсақ,  қазақы  қалпымызды  қасиеттеп  сақтауға 
міндеттейді.  Алаштың  асыл  аманаты  бізді  ауызбірлігімізді  күшейтуге 
шақырады»  десе,  бүгінде  біздер  тағдыр  сыйлаған  тәуелсіздігіміздің 
таңының  атқанына  жиырма  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  тұрмыз. 
Өшкенімізді  жағып,  жоғалғанымызды  тауып,  ұмытқанымызды 
жаңғыртып,  тарихымызды  түгендеп  жатқан  жаңару  кезеңдерінде 
кешегі  күні  тіпті  есімдерін  еске  алуға,  аттарын  атауға  болмайтын 
Алаштың  арыстары  ортамызға  оралып  отыр.  Солардың  бірі  -  Алаш 
қайраткері  Қашқынбаев  Иса  (Ғайса)  Таумышұлы.  Ол  1891жылдың             
15  қыркүйегінде    Орал  облысы,  Ілбішін  уезі,  Құрайлы  болысы,                     
3-ауылында  (қазіргі Ақжайық ауданы) дүниеге келген. Әкесі дәулетті, 
әрі сауатты кісі болған. Тегі - Байұлына жататын Тана руы. 1903 жылы  
Қарасу-Шалқар  болыстық  орыс-қазақ  мектебін  үздік  бітірді.               
1903-1910  жылдары  Орал  реальдық  әскери  училищесінде  оқыды. 
1911жылы  осы  училище  жанындағы  жоғары  оқу  орнына  түсуге 
мүмкіндік беретін қосымша класты тәмамдайды. 1912 жылы Орынбор 
Халық ағарту округінің сынақ комитетінде ер балалар гимназиясының 
8  класы  көлемінде  латын  тілінен  қанағаттанарлық  бағаға  емтихан 
тапсырып, 
құжаттарын 
Мәскеу 
университетінің 
медицина 
факультетіне  жолдаған.  Мәскеу  университеті  құжатты  қабылдаудан 
бас  тартқан  соң,  сол  жылы  Қазан  университетінің  медицина 
факультетіне  оқуға    түседі.  Ол    Орал  облыстық  земство  жиынының  
стипендиясына  оқыған.  1905  жылы  студенттік    толқуларға  қатысты, 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
24 
татар  М.Уахитов,    чуваш  –  мары  Н.Никольский,  В.Охотников,  қазақ           
Н.Залиев,  Ә.Имамбаевтармен  бірге  РСДРП  ұйымының  оқушы 
ячейкасына  кірген.  Ол  полицияның  жасырын  бақылауына  іліккен. 
Бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  байланысты  4-5  курстарды  экстерн 
бағыты бойынша бітірген. 
1917  жылы  Ақпан  төңкерісінен  соң  Петроград  қаласына  келіп, 
саяси оқиғаларға араласты. Бірінші  Бүкілресейлік  Мұсылмандар съезі 
қарсаңында  шығыс  зиялылары    мен  саяси  қайраткерлерлерінің 
арасында 
мұсылман 
аймақтарының 
болашақ 
мемлекеттік 
құрылымдарының 
унитарлық 
(Ресейден 
бөлінбейтін) 
және 
федеративтік  түзілімін  таңдау  жөніндегі  айтысына  қатысты. 
Наурыздың  ортасында  Мұсылман  қайырымдылық  қоғамында  өткен 
жиында  Лутфи  Исхаки,  Сұлтанбек  Мәмлиев  сияқты  татар 
зиялыларымен  бірге  федеративтік  құрылымды  қолдап  сөйлейді.  Елде 
саяси  оқиғалардың  өрістеуіне  орай  Орынбор  қаласына  келіп,                    
1917  жылы  сәуірдің  басында  өткен  Торғай  және  Орал  қазақтарының 
съездеріне қатысады. 1917 жылы сәуір ортасында өткен Бірінші  Орал 
облыстық қазақ съезінің делегаты. Съезді құттықтауға келген қазақтың 
оқыған  қыздары  Меңдіқыз  Шәпенова  мен  Қашқынбаевтың  зайыбы 
Жамал Дәулетдин қызы Қашқынбаева бастаған қыз-келіншектер тобын 
съезден    шығарып  жіберу  жөнінде    мәселе  көтерген  дін  иелеріне  ол 
қарсы  шықты.  Ол  осы  кезде  Түркістан  губерниясында  қызмет  етсе 
керек,  себебі  1917  жылы  шілдеде  өткен  Орынбордағы  Бірінші  
Жалпықазақ  съезінде    Құрылтай  жиналысы  депутаттығына    кандидат 
ретінде  Мұстафа    Шоқай,  Ғабдірасул  Мәмбеевпен  бірге  Әмудария 
бөлімінен есімі аталып, съезге қатысады.   Депутаттыққа кандидаттар 
тізімін    жасаған  съезд  бюросы    «Қазақ»  газетінің  бетінде  оған  «Жас 
доктор,  жігерлі,  білімді,  ұлтшыл  жігіт»  деген  мінездеме  берген.  Ол 
шамамен 1917 жылдың жазында Орал облыстық земство управасында, 
халық  денсаулығын  сақтау  бөлімінің  меңгерушісі  А.Генкенің 
көмекшісі  болып  істеді.  Земство  съезін  шақыру  жөніндегі  Жымпиты 
уездік  ұйымдастыру    комитетінің  жұмысына  қатысты.  Осы  орайда 
әкімшілік-аумақтық  бөліністі    ру  жігі  бойынша  жүргізу    көзқарасы 
салдарынан  орын  алған  қақтығыстар  тұсында  Киев  политехникалық 
институтының  түлегі  М.Балтановпен  бірге  Есенғали  Қасаболатов 
тобына қарсы шықты.  
1917  жылы  желтоқсанда  Орынборда  өткен  Екінші  Жалпықазақ 
съезінде  Уақытша Ұлт Кеңесі (Алашорда)  мүшелігіне кандидат (Ұлт 
Кеңесі мүшесінің орынбасары) болып  сайланды. 1918 жылы қаңтарда 
Қаратөбеде  өткен  Үшінші  Орал  облыстық  қаазқ  съезінде    салық 
мәселесі  туралы  айтыста  Жаһанша  және  Халел  Досмұхамедовтар 
тобын  қызу  қолдады.    Сол  жылғы  мамырда  Жымпитыда  өткен 
Төртінші Орал облыстық қазақ съезінің делегаты, «Ойыл уәлаятының 
Уақытша  үкіметіне»  мүше  болып  сайланады.  Облыстық  земство 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
25 
жанындағы  үкімет мүшесі ретінде әскери құрама  жасақтау,  халыққа 
дәрігерлік, тұрмыстық қызмет көрсету  мәселелерімен шұғылданды.  
1918 жылғы желтоқсандағы  Жымпиты Алаш горнизонының  бас 
көтеруі  кезінде    өткізілген  Батыс  Алашорда  үкіметі  мен  облыстық  
земство 
басқармасының 
төтенше 
мәжілісіне 
қатысты. 
Бас 
көтерулерден  соң    әскери  құрамаларды    зиялы  топ  өкілдері  мен    ел 
ішіндегі  сыйлы адамдардың балаларынан жасақтау, сапалық тұрғыдан 
жақсарту  шараларын қолдады.  
1920  жылы  ақпан  айының  басында  Батыс  Алашорда  тізе 
бүккеннен  кейін  оның  белсенді  үкімет  мүшелері  арасынан  Жаһанша 
және  Халел  Досмұхамедовтармен  бірге  Орынбор  арқылы  Мәскеуге 
жөнелтілді. Маусым айында кеңес басшылығына табыс етілген Батыс 
Алашорда үкіметінің қызметі туралы мәлімдемені әзірлегендердің бірі. 
Сол  жылғы  3  маусымдағы  Бүкілодақтық  Атқару  Комитетінің 
қаулысымен Иса Қашқынбаев Қазақ әскери революциялық комитетінің 
қызметіне  ұсынылады.  Қазақ  әскери  революциялық  комитет  бұл 
ұсынысты негізінен құптағанымен РК (б) П Орталық Комитетінің осы 
мазмұнды  жеделхатына  Қазақ  РК  (б)  П  Облыстық  Комитеті  бұл 
ұсынысқа  келісім  бермеді.  Әсіресе,  1920  жылы  21  маусымдағы 
мәжілісінде  «әлеумет  үшін  қауіпті»  адам  ретінде  Иса  Қашқынбаевты 
айрықша  мінездемемен  Заволжье  әскери  округіне  жіберу  жөнінде 
шешім  қабылдайды.  Алайда  Қазақ  Халық    Ағарту  Комиссариатының  
ара түсуімен сол жылғы тамыз айында осы органның Түркістан Кеңес 
Республикасындағы уәкілі ретінде Ташкент қаласына жіберілді.  
1920  жылы  осында  Өлкелік    мұсылмандардың  фельдшерлік 
мектебін  ұйымдастыруға  белсене  қатысады.  1920  жылдың  аяғында 
Орта  Азия  мемлекеттік  университетінің  педагогикалық  факультетіне 
ассистент болып орналасады. 
1930  жылы  1  қазанда  университет  аспиранттары  М.  Әуезов,                   
Қ.  Кемеңгеровпен  бірге  тұтқындалып,  Алматы  қаласына  айдалды. 
Осыдан  Қазақ  КСР  Біріккен  саяси  басқармасы  комендатурасының 
арнаулы түрмесіне 32 қайраткерлермен бірге қамалады.  
Иса  Қашқынбаев  1930  жылы    барлық  Алаш  қайраткерлерімен 
бірге    тұтқындалған,  бірақ  Иса  Қашқынбаев,  Әлиханов  және  т.б 
барлығы 18 адам қылмыстық істері жоқтығына байланысты тұтқыннан 
1932 жылы сәуірде босатылған.  Бұл мәлімет № 06610 Қылмыстық істе 
былайша  көрсетіледі.  Хаттама  №  111,    1932  жылдың  20  сәуірінде                 
Ж.  Ақбаев,  М.  Әуезов  және  т.б.  20  адам  қылмыстық  іске  тартылады. 
Осы  қылмыстық  істе  М.  Тынышбаев,  Х.  Досмұхамедов,  Д.  Әдилев,             
И.  Қашқынбаев,  Әлихановтардың  істері  өтеді.  Бірақ  осы  қылмыстық 
істердің  ішінде  И.  Қашқынбаев  пен  Әлихановтың  қылмыстық  іс-
әрекеттері  дәлелденбегендіктен,  олардың  қылмыстық  ісі  тоқтатылып, 
тұтқыннан босатылады. 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
26 
Иса    Қашқынбаев  30-шы  жылдардың  ортасында  Ташкенттегі 
Семашко  атындағы  Функционалдық  диагностика  институтында  бөлім  
меңгерушісі  болды.  1938  жылы  23  сәуірде  Өзбек  КСР    Мемлекеттік 
Қауіпсіздік 
басқармасы 
тарапынан 
ұсталып, 
«халықаралық  
буржуазияның 
реакциялық 
бөлігіне 
көмек 
көрсетті», 
«контрреволюциялық  ұйымға  қатысты»  деген  айыппен    қылмыстық 
жауапкершілікке  тартылады.  Өзбек  КСР  IIXК-ның  1939  жылғы                       
1  желтоқсандағы  қаулысымен  қылмысы  дәлелденбеу  себепті  Иса 
Қашқынбаев  қамаудан  босатылған.  Бұдан  кейінгі    тағдыры  белгісіз. 
Иса  Қашқынбаевтың  кейінгі  кезеңдердегі  тағдырын  анықтау  үшін  әлі 
де ізденіс жұмыстарын жүргізу қажет. 
Иса  Қашқынбаев  -  Батыс  Алашорда  қайраткері,  алғашқы  қазақ  
дәрігерлерінің бірі. 
Тәуелсіздікті құрметтеу, тәуелсіз елдің азаматы бола білу - оның 
қасиеті мен қадірін түсінудің айқын жолы. Өз халқының жүріп өткенін 
білуге, құрметтеуге барып тірелетініне сөз жоқ.  
Қаншама  бабаларымыз  бостандық  жолында  күреске  шығып, 
«ұлтшыл, халық жауы» атанды. 
Дәл  осыдан  90  жыл  бұрын  еркіндікті,  бостандықты  аңсаған  ата-
бабаларымыз «Алаш»   деп  бар  қазаққа ұран тастады. Сол тайғанақты 
тар  жол,  тайғақ  кешуде  өз  өмірлерін,  қасиетті  жолда  бастарын 
құрбандыққа шалды.  
ХХ  ғасыр  басындағы  ұлтымыздың  алыптарының  қазақ  әлеміне 
шоқ  жұлдыздардай  жарқырап  шығуы  елдегі  саяси,  әлеуметтік-
экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты болатын.  
Олардың көксеген армандары ХХ ғасырдың басында бой көтерсе, 
осы ғасырдың аяғында орындалды.  
Биылғы жылы 15 қыркүйекте Алаштың ардақты ұлдарының бірі -
Иса Қашқынбаевтың туылғанына 120 жыл толмақ.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында», А., 1998 ж.  
2. ҚРҰҚКМ № 06610 құжат.  
3.  Әлжанов,  А.  Шокин,  Ә.  Досаханов  Алғашқы  қазақ  дәрігерлері.  А, 
1984ж. 
4.Михайлова  С.  Казанский  университет  в  духовной  культуре  народов 
Востока России, Казан, 1991. 
5.  Әнес  Ғ.,  Тәж-Мұрат  М.  Батыс  Қазақстан  облысы  энциклопедиясы, 
Алматы «Арыс» баспасы, Алматы, 2002. 
6. М. Тәж-Мұрат.  Батыс Алаш-Орда.  Ақтөбе, 2003. 
7.  Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы, И. Нұрахмет Алаш қозғалысы, Руханият, 
2008. 
8. Сүлейменова Д. Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов. Орал, 
2010. 
*** 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
27 
В  статье  говорится  о  Исе  Кашкынбаеве  и  истории  движений 
Западной  Алаш-Орды  (1917-1918  гг.).О  движении  Алаш  -  одной  из 
составных  частей  непрерывной  национально-освободительной  борьбы 
казахского народа против колониальной политики России. 
 
 
*** 
Isa Kashkinbaev and нistory of  Western part of Alash –Orda. 
Morement    Alash  is  ohe  of  the  components  of  uninterrupted  national 
stzuggle of liberation of Kazakh people against the colonial policy of  Russia. 
 
 
ӘОЖ 069.271 
Ахмет  А.Қ.- т.ғ.к., доцент,  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
РЕСПУБЛИКАДАҒЫ МҰРАҒАТТАРДЫҢ 
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ТУРАЛЫ 
 
Мұрағаттарда  құжаттарды  сақтау  және  ондағы  тарихи  құнды 
материалдарды  тиімді  пайдалану  үшін  мұрағаттардың  материалдық- 
техникалық  базасын  нығайтпайынша  жүзеге  асыру  мүмкін  емес. 
Сондықтан да Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ 1918 жылдың 
26 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен Халық 
Ағарту  Комиссариатына  ел  көлеміндегі  мұрағаттарды  сақтау 
мақсатында 200 000 рубль қаржы бөлінді [1, с. 40]. 1925 жылы Өлкелік 
мұрағат Қызылордаға көшірілер тұста мұрағаттың ішкі жұмыстарына, 
яғни кеңсе тауарлары, машинкалар, столдар мен орындықтар алу үшін 
қаражат  сұратқанымен  қаржының  тапшылығы  қол  байлау  болды                  
[2,  л.187].  1920  жылдың  соңында  үкімет  тарапынан  облыстық  және 
округтік  мұрағаттарға  типтік  жобадағы  сыйымдылығы  180  мың,                     
320  мың  және  820  мың  бірлік  іс  сақтайтын  мұрағат  қоймаларын  салу 
жоспарланды  [3,  л.  2-3].  Осындай  игі  іс-шаралар  республика 
аумағында  да  қолға  алынды.  1930  жылдың  21  маусымында  Қазақ 
АКСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  мәжілісінде  Алматы  қаласында 
Орталық  мұрағатқа  ғимарат  салу  жөнінде  мәселе  қаралған  [4,  20  п.]. 
Көтерілген  мәселе  жөнінде  мұрағат  меңгерушісі  Н.Я.  Болотников 
баяндама  жасады.  Қазақ  АКСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  мұрағат 
ісіндегі  қалыптасқан  қиын  жағдайды  саралай  келіп,  1930-1931  жылы 
мұрағат ғимаратын салу жоспарланып, соған сәйкес шешім қабылдады. 
Ғимаратты  салу  шығынының  сметасы  да  жасақталды.  Бірақ  мұрағат 
ғимаратын  салу  қаражаттың  жоқтығынан  кейінге  қалдырылды. 
Мұрағат  мекемелері  орналасқан  ғимараттарынан  көшіру  әрекеті 
Алматы  және  Орал  қалаларында  байқалды.  1934  жылдың  желтоқсан 
айында  Ақтөбедегі  мұрағат  орналасқан  үйдің  темір  шатыры  қалалық 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
28 
коммуналдық  шаруашылық  бөлімі  тарапынан  алынып  тасталды. 
Шатырдың  мұрағат  үйі  төбесінен  алынып  тасталуы  туралы  мәселе 
Қазақ  АКСР  ОАК-нің  Президиумында  қаралуға  дейін  жетті  [5,  3  п.]. 
Бұл  барып  тұрған  бассыздық  әрекет  еді.  Қазақ  КСР  Орталық  Атқару 
Комитетінің  1937  жылғы  29  желтоқсан  №  121  сандағы  «Қазақ  КСР-
дағы  мұрағат  ісінің  жағдайы»  атты  қаулысында  Қазақ  КСР 
Мемлекеттік  жоспарлау  комитетіне  Алматыда  мұрағат  ғимаратының 
жобасын жасақтау мақсатында 50000 рубль қаражат бөлуге және Қазақ 
КСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  күн  тәртібіне  қарауға  ұсыныс 
беруге  қаулы  етеді  [6,  3  п.].  Өкінішке  орай  халқымыздың  тарихи 
беттерінің қайталанбас мұраларын сақтайтын ғимаратты салу жоспары 
кейінге  қалады.  Оның  басты  себептерінің  бірі,  1941  жылы  басталған 
Ұлы  Отан  соғысы  елдің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  бағытын 
соғыс жағдайына бейімдеуге мәжбүрледі. Мұрағат ғимараттарын салу 
соғыс  жылдарында  кейінге  қалдырылды.  Көптеген  мұрағат 
органдарында  талапқа  сай  үй-жайлар  болмаса  да  республика 
мұрағаттарындағы  құжаттарға  жүргізілетін  мұрағаттық-техникалық 
жұмыстар  1939  жылдары  жолға  қойыла  бастады.  Құжаттарды 
мұрағаттық  қорлар  мен  құжаттардың  тарихи,  ғылыми,  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси  және  мәдени  маңызын  анықтау  жұмыстарын 
Орталық  мұрағаттың  ғылыми  қызметкерлері  Л.  Леонова,  Г.  Шорина, 
Г.Муратова,  т.б.  жүргізсе,  түпнұсқа  құжаттарға  өңдеу  жұмыстарын 
техникалық  қызметкерлер  Зотова,  Лукашенко,  Казарецкая,  Бехмеев, 
қор тақырыптарын жазумен  Комаров, Новиков, Яковлев, М. Зубакова 
айналысты [7, 5-7 пп.]. 
Орталық  мемлекеттік  тарихи  мұрағаты,  Қарағанды,  Шығыс 
Қазақстан,  Батыс  Қазақстан  облысы  мемлекеттік  мұрағаттары 
лайықталған  ғимараттарда  орналасса,  Солтүстік  Қазақстан,  Ақтөбе, 
Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда,  Гурьев,  Қостанай,  Павлодар 
облыстық  мұрағаттары  дымқыл,  жарығы  жоқ,  кейбірі  пешпен 
жылытылатын  ғимараттарға  орналасты.  Алматы  қаласы  мен  Алматы 
облысының  мұрағаттары  ғимараттарының  жоқтығынан  Орталық 
мұрағатқа 
орналасты 
[8,12п.]. 
Республикадағы 
көптеген 
мұрағаттардың жай-күйі  өте  нашар  күйде  болғандығын  1940 жылдың 
20  сәуірінде  Гурьев  облысы  мемлекеттік  мұрағатының  жайы  туралы 
жасалған  актіде  көрсетілгендей,  құжаттарды  сақтау  мүмкіндігі 
жоқтығын растайды [9, 31 п.]. 
Қазақстанда  мұрағаттардың  материалдық-техникалық  базасын 
жақсарту шараларын жүзеге асыру үшін заман талабына сай, лайықты 
ғимараттар  салу  қажеттілігі  туындады.  1940  жылы  Қазақ  КСР  Халық 
Комиссарлар  Кеңесі  Орталық  мұрағат  ғимаратын  салу  мақсатында 
қаражат  бөлуді  қарастырды.  Бірақ  қаражат  бөлуді  1941  жылдың 
еншісіне қалдырды. 1941 жылдары соғыс жүріп жатуына  байланысты 
құрылыс 
жұмыстарын 
салу 
уақытша 
тоқтатылды. 
Мұрағат 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
29 
басқармасының 
бастығы 
Н.Н. 
Фёдоровтың 
1954 
жылдың                                  
9  желтоқсанында  осы  құрылыс  туралы  жазған  анықтамасында  жан-
жақты баяндалады. 
1945  жылдың  15  маусымында  Қазақ  КСР  ХКК-нің  №  404-73С 
шешімімен  Орталық  мұрағат  ғимаратының  құрылысын  салуға  рұқсат 
берді.  Қазан  айында  Мұрағат  басқармасы  Ішкі  істер  министрлігінің 
құрылыс бөлімімен келісім-шартқа отырды. 
1946  жылдың  ақпан  айында  Алматы  қалалық  кеңесі  болашақ 
салынатын  құрылысқа  жер  беріп,  ал  сәуір  айында  КСРО  Ішкі  Істер 
министрлігінің  мұрағат  Бас  басқармасы  4,5  млн.  рубль  тұратын 
құрылыс  жобасын  бекітті.  Салынатын  құрылыс  жоспар  бойынша              
1949  жылдың  1  қарашасында  аяқталуы  тиіс  болды.  Құрылыстың 
басталуы  өкінішке  орай  ұзаққа  созылды  [10,  59-64  пп.].  Құрылыс 
жұмысы тек 1962 жылы аяқталды.  
1951  жылдың  26  қаңтарында  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  
№  48-р  жарлығында  Орталық  мемлекеттік  мұрағатының  құрылысына 
10405,33  мың  рубль  қаражатты  бөліп  және  бекітті  [11,  196  п.].  Жаңа 
ғимараттың  жуық  уақытта  салынбайтындығы,  оның  құрылысының 
ұзаққа  созылып  кетуіне  байланысты  1954  жылдың  29  қыркүйегінде 
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары М. Бейсебаев 
КСРО Ішкі  істер министрі, генерал-полковник С.Н. Кругловқа жазған 
№  31-3  қатынас  қағазында  Орталық  мемлекеттік  мұрағаттардың 
жағдайында  болашақта  құжаттарды  мемлекеттік  сақтауға  қабылдау 
мүмкіндігінің жоқтығы, толымдылығы жүз пайыздан асып, белгіленген 
нормадан  шамадан  тыс  көптігін  жаза  келіп,  жаңа  ғимараттың 
салынуына  5  млн.  рубльге  дейін  қаражат  бөлу  шараларының  қолға 
алынып,  соның  620  мың  рублі  1955  жылға  бөлінгенін,  Алматы 
қаласында  құрылыс  жүргізетін  мекеменің  жоқтығын  ескерте  отырып, 
Алматыда орналасқан КСРО ІІМ-нің шекара әскерінің әскери-құрылыс 
бөліміне  жүктеуді  сұрайды.  М.  Бейсебаевқа  жазған  жауабында 
министрдің  орынбасары  Никифоров  жұмыс  күшінің  жетіспеуі  мен 
қосалқы    өнеркәсіптің  жоқтығынан  әскерилердің  құрылыс  жүргізу 
мүмкіндігінің  шектеулі  екендігін  хабарлай  отырып,  жұмысты  атқара 
алмайтындығын жазады [11, 56-57 пп.]. 
1957 жылы Алматыда Орталық мұрағаттың жаңа ғимаратын салу 
мақсатында арнайы республика ІІМ-нің 21 қарашадағы № 318 бұйрығы 
шықты [12, 3 п.]. Қазақ КСР-ында облыстық мемлекеттік мұрағаттарды 
ғимараттармен  қамтамасыз  ету  мәселесі  күн  тәртібінде  өткір  тұрды. 
Көптеген  облыстардағы  мемлекеттік  мұрағаттар  өте  тар,  іші  салқын, 
құжаттар  сақтайтын  қоймалардың  ылғалдылық  температурасы  сай 
келмейтін,  пешпен  жылытылатын,  жұмыс  жасауға  қолайсыз,  талапқа 
сай емес үй-жайларда орналасты. Орталық және облыстық мемлекеттік 
мұрағаттарда  құжаттарды  сақтау  белгіленген  нормадан,  шамадан  тыс 
көп болды. Осы жағдайлардың барлығын ескере келіп заман талабына 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
30 
сай  мұрағат  ғимараттарын  салу  үкімет  тарапынан  жоспарланды.                  
150-210  мың,  220-320  мың,  600  мың,  800  мың  және  1200  мың  бірлік 
істі сақтайтын облыстық мемлекеттік мұрағат ғимараттарының типтік 
жобасы жасақталды. Соғыстан кейінгі жылдары Алматы қаласындағы 
Орталық  мемлекеттік  мұрағаттарға  ғимараттар  салу  мақсатында                 
1947  жылы  500  мың  сом  қаражат  бөлінгенімен,  Қазақ  КСР 
Мемлекеттік  жоспарлау  комитеті  тарапынан  жоспарға  енгізілмеуіне 
байланысты бөлінген қаражат қайтарып алынды [12, 34 п.]. Ұлы Отан 
соғысынан  кейінгі  ауыр  жылдарда  Шығыс  Қазақстан,  Жамбыл 
облыстарының  мемлекеттік  мұрағаттары  мұрағатқа  сай  жаңа 
ғимаратқа  орналасты.  Көкшетау  облысы  мемлекеттік  мұрағаты  ұзақ 
жылғы қиыншылықтан кейін өз алдына ғимаратқа ие болса, Қостанай, 
Солтүстік  Қазақстан  және  Қызылорда  облысы  мұрағаттарына  күрделі 
жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.  Ал  Талдықорған,  Павлодар,  Батыс 
Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Қарағанды  облыстарының 
мемлекеттік мұрағат ғимараттары жай жөндеуден өткізілді. Қазақ КСР 
Ішкі  істер министрі  Ш.  Қабылбаев 1955 жылдың 3 наурызында Қазақстан 
Орталық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  П.К.Пономаренкоға  жазған 
хатында  республикадағы  мұрағаттардың  жағдайы  нашар  екендігін  жаза 
отырып,  Орталық  партия  комитеті  мен  Министрлер  Кеңесінің  жаңа 
салынған  Үкімет  үйіне  көшуіне  байланысты,  Орталық  мемлекеттік 
мұрағатқа босаған ғимаратты беруді сұраған [11, 65-66 пп.]. Бірақ сұраныс 
қанағаттандырылмады. 
1960  жылдардан  кейін  400  мың,  800  мың,  1500  мың  бірлік  істі 
сақтайтын  типтік  жобадағы  ғимараттар  салу  жүзеге  аса  бастады.  Сол 
жылдары  жаңадан  салынған  мұрағат  қоймаларының  көлемін  ұлғайту 
мақсатында  резерв  жерлерде  қарастырылды.  Республика  көлемінде 
1960  жылы  Шымкент  қаласында  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 
мемлекеттік мұрағатының, 1962 жылы Алматыда Қазақ КСР Орталық 
мемлекеттік  мұрағатының,  1964  жылы  Павлодар  және  Ақтөбе 
облыстарының мемлекеттік  мұрағаты,  1965 жылы  Гурьев  облысының 
мемлекеттік  мұрағаты  және  1966  жылы  Қарағанды  облысы 
мемлекеттік  мұрағаты  ғимараттары  іске  қосылды.  1967  жылы  КСРО 
үкіметі  мұрағаттардың  материалдық-техникалық  базасын  нығайту 
мақсатында  11  миллион  рубль  қаражат  бөлді.  Кейінгі  жылдары  1970-
1977 
жылдары 
аралығында 
Солтүстік 
Қазақстан, 
Қостанай 
Маңғышлақ,  Целиноград  және  Қызылорда  облыстары  мемлекеттік 
мұрағаттарының  ғимараттары  салынып  пайдалануға  берілді  [13,                    
с. 56-62]. 
1976 
жылдың  31  наурызында  республика  мұрағат  Бас 
басқармасының 
бастығы 
Б.Р.Рамазановадан 
Қазақстан 
Компартиясының  бірінші  хатшысы  Д.А.Қонаевқа  республика 
мұрағаттарының  мұқтаждықтары  туралы  хаты  жолданды.  Хатта 
республика  мұрағаттарының  қорында  4  млн-нан  астам  құжаттардың 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
31 
жинақталғанын, 12 мың мекеме, ұйым және кәсіпорындар жыл сайын 
мемлекеттік сақтауға 180-200 мың бірлік іс, 5 мың фотоқұжат, 160 мың 
метр кинотаспа деректер тапсырылатындығы баяндалды. Осыған орай 
мұрағаттардың 
материалдық-техникалық 
жабдықталуы 
заман 
талабына сай емес, төмен жағдайда екендігін  хабарлай отырып, оның 
шешу жолдарын былайша ұсынады: 
-  450-500  мың  рубль  қаражатты  қажет  ететін  жаңадан  Орталық 
кинофотофоно  және  дыбыс  жазу  мемлекеттік  мұрағатына  жаңа 
ғимарат салу; 
-  Алматы  облысы  мемлекеттік  мұрағатына  басқа  жерге  көшіру 
немесе жаңа ғимарат салу; 
- Орталық кинофотофоно және дыбыс жазу мемлекеттік мұрағаты 
қорындағы  сақталудағы  260  мың  метр  киноқұжаттар  жанғыш  негізде 
болғандықтан,  оларды  жанбайтын  негізге  көшірмелеу  жұмыстарын          
4-5  жылдың  айналасында  «Қазақфильм»  киностудиясында  жүзеге 
асыру. 
Бұл 
киноленталар 
халқымыздың 
өткен 
тарихының                            
1921-1960  жылдар  аралығындағы  оқиғаларын    қамтитын  тарихи  аса 
бағалы, құнды материалдар еді. 
-  Республикадағы  барлық  мұрағаттарда  сақталған  қайталанбас 
мұрағаттық  құжаттардың  сақтандыру  қоры  үшін  арнайы  түрде 
географиялық,  климаттық  жағдайы  сәйкес  келетін  Көкшетау  облысы 
аумағына  жобалық  құны  шамамен  500  мың  рубль  тұратын  ғимарат 
салу; 
- Алматы, Орал, Жезқазған, Талдықорған облыстары мемлекеттік 
мұрағаттарының  және  мемлекеттік  мұрағаттардың  20-дан  астам 
филиалдары  ғимараттары  құжаттарды  сақтау  үшін  жарамсыз, 
сондықтан  да  жоғарыда  аталған  4  облысқа  және  6  филиалға 
(Алексеевск, Сарқанд, Урицкий, Фурманов, Шар, Шу) ғимарат салуды 
алдағы бесжылдық жоспарына енгізу; 

Орталық  және  облыстық  мұрағаттар  мен  олардың 
филиалдарының қорларында сия және қарындашпен жазылған 10 млн. 
астам  парақ  құжаттар  сақталған.  Бұл  Кеңес  үкіметінің  алғашқы 
жылдарындағы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жазылған құжаттар 
республика  тарихының  жылнамалары  болып  табылады.  Осы 
құжаттардың  өшіп  бара  жатқан  мәтіндерін  қайта  қалпына  келтіру 
мақсатында 
кейбір 
одақтас 
республикалар 
мұрағаттарында 
ағылшындық 
«Ксерокс-100» 
электрографикалық 
аппарат 
қолданылады.  Көрсетілген  аппарат  орталық  мұрағатта  жоқ  болуына 
байланысты алдырту; 
-  Мұрағаттағы  жүргізілетін  есепке  алу,  тізімдеме,  тақырыптық, 
ғылыми-анықтамалық  аппаратты  жасақтау,  т.б.  жұмыстарды  атқару 
үшін  мемлекеттік  мұрағаттар  жылына  100-110  мың  дана  әртүрлі 
бланкілер,  үлгілер  қажет  етті.  Осыған  байланысты  «Раймайор-312» 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
32 
ротопринттің қажеттілігінің туындауына орай, аппарат алу мәселелерін 
қойды [14, 1-3 пп.]. 
Бұл  көтерілген  республикадағы  мұрағат  ісіндегі  материалдық-
техникалық базаны жақсарту туралы ұсыныстар Орталық Комитетінің 
Бюросында  арнайы  қаралды.  Республика  мұрағат  Бас  басқармасына 
Орталық  комитетінің  хатшысы  С.Имашев,  Мемлекеттік  жоспарлау 
комитетінің төрағасы С. Тәкежанов, Қаржы министрі Р.Байсейітов қол 
қойған жауап хат 5 мамыр күні жіберілді [15, 3 п.]. 
Көрсетілген  ұсыныстарда  1977-1978  жылдары  жүзеге  асыру 
шараларының  жасақталатындығын  қатерге  бере  отырып,  техникалық 
құралдарды  алуға  қаражат  бөлініп,  болашақта  алынатынын  назарға 
береді.  Осы  ұсыныстардың  нәтижесінде  республика  мұрағаттарының 
материалдық-техникалық  базасына  көңіл  бөліне  бастады.  Әсіресе 
киноқұжаттардың сақтандыру көшірмелері жүзеге асқандығын мұрағат 
ісінің  ардагері,  қоғам  қайраткері  Б.Р.Рамазанова  өз  естелігінде  атап 
өтеді [16]. 
Республика мұрағаттарында өрт қауіпсіздігі шаралары жоспарлы 
түрде  жүргізілді.  Барлық  мемлекеттік  мұрағаттар  ОУ-2,  ОУ-5,  ОУ-8 
сияқты  өрт  сөндіру  құралдарымен  жабдықталды.  Дегенмен  де 
тексерістердің  нәтижесінде  кемшіліктер  де  анықталып  отырды. 
Мысалы  Орталық  мемлекеттік  мұрағаттардағы  қоймалардағы  өрт 
қауіпсіздігін  бұзу  анықталды.  Әсіресе  электр  желілерінің  дұрыс 
жүргізілмеуі  және  өртке  қарсы  қалқандардың  дұрыс  жабдықталмауы 
сияқты  өрт  қауіпсіздігін  сақтау  ережелерін  бұзу  фактілері  кездесіп 
отырды  [17,  3-4  пп.].  1981  жылы  Министрлер  Кеңесі  жанындағы 
Мұрағат Бас басқармасы мен облыстық атқару комитеттері жанындағы 
мұрағат 
бөлімдері 
тарапынан 
мемлекеттік 
мұрағаттардың 
материалдық-техникалық базаларын жақсарту  шараларын қолға алды. 
Облыстық  мұрағаттарға  7  жазу  машинасы,  25  дана  есептеуші 
машиналары,  10  темір  шкафтар,  50  жұмыс  столдары  және  басқа  да 
мебельдер алу үшін жалпы көлемі 27 мың рубль, фотоаппараттар алуға 
1400 рубль  қаражат  жұмсалды.  ЕрАЗ-762  маркалы  2  автокөлік  Гурьев 
және  Орал  облысы  атқару  комитеті  жанындағы  мұрағат  бөлімдеріне 
берілді.  Мұрағат  Басқармасының  әкімшілік  ғимаратына  40  мың 
рубльге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді [18, 31 п.]. 
1986  жылы  мұрағаттарға  негізінен  металл  шкафтар,  сейфтер, 
әмбебап 
мұрағаттық 
стеллаждар, 
мұрағат 
қоймаларындағы 
құжаттардың  физикалық-химиялық  қасиеттерін  ескере  отырып, 
климаттық  режимдерді  анықтайтын  термограф  М-16Н,  гигрограф                 
М-21АН,  ауаның  ылғалдығын  реттейтін  «Кемфорт»  аппаратын, 
құжаттардың  шаңын  тазалау  үшін  «ПИП-4000»,  «ПИ-600»  маркалы, 
«Уралец»  тұрмыстық  шаңсорғыштар,  оқу  залына  «Микрофон  5  ПО», 
электрофотографиялық 
аппараттар, 
құжаттарды 
қайта 
өңдеу, 
мұқабалау, «ЗБПК-7» түптеу машиналары және 2 «ТПШ-5С» маркалы 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
33 
тігу  машиналары  алынды.  Шағын  фильмдерді  қарау  үшін  УДМ-2, 
«Электрофильм» оқу-көшіру аппараттары және «Электрофот» көшірме 
аппараттары,  «Ятрань»  басу  машинкалары,  «Электроника»  есептеу 
аппараттары алынды [15, 11-13 пп.]. 
Мемлекеттік  мұрағаттар  мен  зертханаларға  4  дана  шетелдік 
автоматтандырылған  картотекалық  жинақтау  аппараты,  10  арнайы 
картотекаға  арналған  шкаф,  стеллаждар,  25  «Микрат»  оқу 
аппараттары,  мебельдер  (стол,  орындық,  шкаф)  және  облыстық 
мұрағаттарға құны 76,8 мың рубль тұратын 3 автокөлік сатып алынды 
[18, 28 п.].  
1986-1990  жылдары  әмбебап  стеллаждар,  металл  стеллаждар, 
шкафтар,  «Л-100»  оқу  аппараттары,  Р-120  «Пентакта»  оқу-көшіру 
аппараттары,  «РИКО  5070»  көшіру  аппараты,  дыбыс  монтаждау 
үстелдері,  фото  үлкейткіштер  алынды  [19,  17-18  пп.].  Осы  жылдары 
ЕрАЗ-762  автокөлігі  Шымкент  және  Целиноград  облыстары 
мұрағаттарына,  УАЗ-452  Д  Мұрағат  Бас  басқармасына  алдырылды. 
Қызылорда,  Семей  облыстары  мұрағаттарына  күрделі  жөндеу 
жұмыстары  жүргізілді  [20,  24  п.].  1989  жылы  мұрағат  Бас 
басқармасының  бастығы  С.Б.Байжановтың  есебінде  республика 
мұрағаттарының 
материалдық-техникалық 
базасын 
нығайтуда 
көптеген оқу аппараттары, көшірме және көшіру техникаларын, шағын 
фильмдерді  сақтайтын  темір  шкафтар,  картон,  перфокарта  қағаздары, 
фототехникалық 
үлдірлер 
(пленка), 
т.б. 
жетіспеушілігінен 
жоспарланған  жұмыстардың  жүзеге  аспау  қаупі  барлығын  жазады           
[21,  16  п.].  Жергілікті  қамтамасыз  ету  мекемелерінің  мүмкіншілігінің 
шектеулі болғандығы да белгілі. 
Тәуелсіздік 
қарсаңында 
республика 
мұрағаттарының 
материалдық-техникалық жағдайы қиыншылықтарға кездесті. Орталық 
мемлекеттік  мұрағаттар,  Алматы  қаласы  мен  9  облыстық  мұрағаттар 
мен  кейбір  филиалдарының  сыйымдылығы  ережеде  көрсетілген 
шамадан тыс артты.  
Орталық мемлекеттік кинофотофоно және дыбыс жазу мұрағаты, 
Ақтөбе, 
Шығыс 
Қазақстан 
облыстарының 
мемлекеттік 
мұрағаттарының  және  Урицкий  филиалының  (Қостанай  облысы) 
ғимараттарын салу жоспары жүзеге аспады. 1990 жылдың қарсаңында 
Қазақстандағы  мұрағат  мекемелерінің  материалдық-техникалық 
базасын мұрағат ісіне аса қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз 
ету  үкімет  тарапынан  бөлінген  қаражаттың  тапшылығынан  жүзеге 
аспады. 
Тарихтың  ғылыми  дәлелі  деректік  қорда,  мұрағат  қазынасында, 
сондықтан  да  республикадағы  мемлекеттік  мұрағат  қорын  халық 
шаруашылығының  барлық  саласында  кеңінен  пайдалану  жанданды, 
мұрағаттардың археографиялық қызметінің қажеттілігі арта түсті. Осы 
аталғандардың  нәтижесінде  мұрағат  маман  кадрларының  өсуі  және 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
34 
техникалық-материалдық  базасы  жетілдірілді.  Дегенмен  де  кеңестік 
кезеңде  мұрағат  құрылысының  қалыптасуы,  дамуы  жүзеге  асып, 
белгілі  бір  дәрежеде  тарихи  тәжірибе  жүзеге  асқанымен,  барлығы 
бірдей  мұрағат  құрылысы  тарихындағы  күрделі  мәселелер  шешімін 
тапты  деу  қиын.  Зерттеу  кезеңінде  мұрағат  қорын  пайдалану,  оның 
археографиялық  қызметі  қалыптасқанымен  ұлттық  маман  кадрларды 
дайындауға  жеткілікті  көңіл  бөлінбеді.  Соған  қарамастан  Қазақстан 
тәуелсіздігі  қарсаңында  еліміздің  мұрағат  құрылысындағы  кеңестік 
кезеңдегі  атқарылған  істердің  тарихы  зерттеушілер  үшін  маңызды 
болғандығын атап өтеміз. Осы кезеңдегі атқарылған қыруар жұмыстар 
арқылы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның мұрағат ісінің дамуының үлкен 
белесі  болды.  Алда  жаңа  талаптармен  әлемдік  сахнаға  шыққан  қазақ 
елінің мұрағат құрылысының жаңа кезеңі келе жатты. Жаңа кезең, сөз 
жоқ, бай іс-тәжірибені кеңестік кезеңнен алды.    
                                      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Ильин И.Я., Степаненко А.Л. Развитие материально-технической базы 
государственных архивов СССР  // Советские архивы.  -1968. - № 3. - 98 с.   
 2 ГАОрО, Ф.186, Оп.1, Д.9.   
 3 ГА РФ,Ф.5325, Оп.2, Д.240. 
 4 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 171-іс. 
 5 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 2991-іс.   
 
 6 ҚРОММ, 195-қор, 1-тізбе, 70-іс.   
  
 7 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 428-іс. 
 8 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 1040-іс 
 9 ҚРОММ, 1137-қор, 3-тізбе, 103-іс. 
 10 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 1737-іс. 
 11 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 1734-іс.     
 12 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 1968-іс.  
 13  Казакевич  К.М.  Строительство  архивных  зданий    //  Советские 
архивы. -   1967. - № 5.  - 98 с.   
  14 ҚРОММ, 997-қор, 1-тізбе, 45-іс. 
  15 ҚРОММ, 544 -қор, 1-тізбе, 3692-іс. 
  16 Б.Р.Рамазанованың естеліктері. №1 дәптер. -2009. -25 қараша. 
        17 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 366-іс. 
   18 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 3358-іс. 
   19 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 3422-іс. 
   20 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 3284-іс. 
   21  ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 388-іс. 
 
*** 
В  статье  говорится  о  материально-технической  базе 
республиканских архивов. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет