Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
35
ӘОЖ 94(574)
Исенов Ө.И. - т.ғ.к., доцент,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ «ТАРХАН» АТАУЫНЫҢ
ШЫҒУ ТАРИХЫ
Тарихы
көне
түркі
дәуірлеріне
бойлайтын
әлеуметтік
институттың бірі – тархандар институты. «Тархан» сөзінің
этимологиясы мен терминдік мағынасы және осы лауазымды иеленген
тархандардың қоғамдағы әлеуметтік орны, олардың құқығы қандай
болды деген сауалдарға жауап беру халқымыздың сан қатпарлы
тарихының қыр-сырына тереңірек үңілуге жол ашады.
«Тархан» сөзінің этимологиясы мен терминдік мағынасын және
осы лауазымды иеленген әлеуметтік топтар жайында түркі жұрты
туралы жазылған тарихи-этнографиялық, лингвистикалық еңбектерде
түрлі деңгейде сипатталған. Дей тұрсақ та, «тархан» сөзінің шығу
төркіні туралы бүгінгі күнде бірауызды кесіліп-пішілген тұжырымды
пікір жоқ. Тіпті, бұл атаудың тегі Еуразия құрлығындағы тілдердің қай
тобына жататыны да толық анықталмаған. Өткен ғасырдың
60 жылдардағы кеңес тарихы мектебінде «тархан» сөзі үндіеуропалық
тілдер тобынан, атап айтқанда, иран тілінен түркілерге ауысқан деген
пікірлер айтыла бастады. Мысалы, осетин ғалымы В.И.Абаев скиф
тайпаларының тілінде «сот, төреші» деген мағына беретін тархан
сөзінен этрустік «тархан», латын тіліндегі «тарквиниус», соғдыдағы
«тархун» тараған деген пікір айтқан болатын [1,с.19.]. Бұл пікір кейін
Ресей тарихшылары тарапынан қолдау тапты. Олар иран тіліндегі
«тархан, баһадүр» терминдерінің тегін скиф тайпаларының тілінен
шығара келіп, одан түркілерге, түркілерден шығыс славяндарға
ауысқан деп санайды [2, с. 54.]. Бұл тұста скиф тайпаларының түркі
тілдес екендігі жайлы пікірлер айтылып жүргенін ерекше атап өтуге
болады [3, с. 43-48.]. Кейбір зерттеушілер түркі тілдес елдердің парсы
тілінде «тұран» деп аталуы тархан сөзінің дыбысталуына аса жақын,
«ел, мемлекет» деген мағына беретін «торган» (торкан, тархан) сөзінен
ауысқан деген ғылыми болжам жасайды [4, с.58.]. «Тархан» атауына
қатысты тілдік деректер мен куәгерлікке жүретін айғақтар түркі
тілдерінде молынан сақталған. Бұл айғақтардың бастауы VІ-VІІІ
ғасырлардағы Түркі қағанатына тіреледі. Онда «тархан» сөзі
әлеуметтік топтарға, оның ішінде әскери қызметтегі кісілерге қатысты
қолданылатын термин екендігі байқалады. Бұл түркі қағанатының
тарихи-мәдени ескерткіші Орхон-Енисей руникалық жазбаларында
көрініс тапқан. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері тобының ішінде ең
көне үлгісіне жататын Құтлығ қағанға қойылған (Онгин) ескерткішінде
[5, 11 б.], «Қапаған Елтеріс қаған еліңе қылынтым. Ел етміс Иабғу
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
36
Есбара тамған чор білге Есбара тамған тархан йумғылығ бес йетміс
ечім атым...» [5, 21 б.] деген жолдар кездеседі. Бұл жолдарда «тархан»
– кісі есіміне (Есбара (Ышбара) қосақталған атау. Түркітанушылар
Есбара (Ышбара) тарханды Елтіріс қағанның нөкері болған кісі деп
есептейді [6, 252 б.].
«Тархан» атауының әскери лауазым ретіндегі терминдік
мағынасы және олардың тақ жанындағы билік лауазымына қатысты
орны «Күлтегін», «Білге қаған» жазба ескерткішінде біршама анық
көрінеді. Жырда: «Тәңірі тек Тәңірде болған түрік Білге қаған // бұ
шаққа отырдым сап сөзімді түгел есіт // ұласу іншектерім ұлым //
біріккен оқ-уысым бүтін халқым // бергі (оң қол) шад апыт бектер //
арғы (сол қол) тархан бұйрық бектер» [6, 78-100 б.] деген жолдар бар.
Көне жазу тархандық лауазым хан тарапынан берілетіндігін де
айқындайды
Түркі дәуірінде тархандық лауазымның өзі іштей «апа тархан»
[6, 99 б.]., «бойла баға тархан» деген бірнеше сатыға бөлінген. «Бойла
баға тархан» бас қолбасшы, яғни әскери қолбасшы шеніндегі армия
генералы шенін, ал «апа тархан» жорық жолындағы қолбасшы дегенді
білдіреді [7, 10-12 бб.].
«Бойла» сөзінің ұғымының шығу тегі ғұндар дәуіріне баратын,
«шен, жоғары атақ», «мемлекеттік алқа мүшесі, атақ дәреже»
сөздерінің мағынасына саяды [8, 205-207 бб.]. Білге қаған мен
Күлтегіннің ақыл кеңесшісі болған Тоныкөктің «бойла баға» деген
тархандық әскери-билік лауазымы болған. Түріктанушы Н.Базылхан
бұл атақтың мағынасы барлық түркілік ру-тайпалық, этностық
одақтарының билік иелерінің тарханы, яғни қаған жанындағы
9 тарханның әміршісі дегенді білдіреді деп пайымдайды [6, 111 б.].
Тоғыз санына негізделген символдық нышандар түркі-моңғол
халықтарының саяси билік жүйесінде ұзақ уақыт сақталып келді.
Мысалы, ХІІІ ғасырда моңғол империясын құрған Шыңғысты ру-тайпа
көсемдері қаған сайлаған уақытта тоғыз тұғырлы ту көтеріледі
[6, 90 б.].
Көне түркі жазбасындағы Тоныкөктің «түн ұйықтамадым, күндіз
отырмадым, қызыл қанымды төктім, қара терімді жүгірттім» [6, 117 б.]
деуі оның тархандық дәрежедегі қолбасшылық, кеңесшілік қызметіне
сай. Түркі қағанатында негізінен дүниеден өткен билеуші кісілердің
құрметіне қойылатын бітіктас орнату дәстүрі кейбір тархандарға да
қолданылған. Оған мысал ретінде Тоныкөктің және қаған жанында
алтын таңбалы мөрді ұстаушы белгісіз тарханға қойылған «Алтын
тамған тархан» ескерткішін атауға болады [6, 124 б.]. Сонымен қатар,
руникалық жазбалардың дерегі тархандардың бұйрық беруші
қызметтері де болғанын көрсетеді. Мысалы, көне жазбалардағы «Я-
огя-бюрюк (бұйрықшы, бұйрықты) бақытты тәңірі-тарханмын» дейтін
жолдар «аға бұйрық» деген мағынаны береді [9, с. 214].
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
37
Тархандар Шығыс түркі қағанатында жоғары шенді шенеуніктер
қатарына саналған. Қытай дерегінде кейбір тархандардың уақытша ел
билегені жөнінде де айтылады [10, с.277.]. Бұл деректер Түркі
қағанатының әскери және билік жүйесінде тархандардың орны ерекше
болғандығын білдіреді.
Тархандардың ерекше статусы Хазар қағанатындағы тархандар
институтынан да байқалады. Онда тархандар әскери қызметпен қатар
хан билігінің өкілі ретінде жергілікті жерге билік жүргізіп, алым-
салықтарды жинайтын [11, с.410.], билік етуші жоғары топтың өкіліне
кіретін ірі әскери қолбасшының, бектің қатарына жататын әлеуметтік
топ өкілін құрайды [12, с.143.].
Х ғасырдың басындағы оғыздарда тархандар ордада қызмет
жасайтын ірі, сыйлы лауазым иелері болса [13, с.65.] ХІІ ғасырдағы
Дешті-Қыпшақта
олар
ақсүйектер
санатына
кірген.
Еділ
бұлғарларында тархандар хандықты құрайтын түрлі өлкелердің
басшылары ретінде белгілі болған [14, с.91.]. Махмұд Қашқаридің
атақты «Диуани лұғат-ат түрік» еңбегінде де «тархан» жекелеген
өлкенің билеушісі «бек» (Арғуша) мағынасында беріледі [15, 494 б.].
Мәселен, ортағасырлық тархандық институттың саяси сипатын
анықтауға мүмкіндік беретін деректер де бар. Мысалы Хазіреттің әмір
Мұхамед-Мазид тарханмен шайқасуы және Әмір Мұхамед-Мазидті
тұтқындауы туралы әңгімеде: Осы оқиғадан кейін Мұхамед Шайбани
хан Мұхамед-Мазид тарханға: «Тархандық дәрежелер бұрынғы
заманнан біздің қадірлі әкелерімізбен ұлы аталарымызға бас иіп
бағыныштылыққа бел байлайтын: олар тархандарды басқа әмірлерден
әртүрлі рақымшылықтармен ерекшелеген. Қазір сен де әкелерің мен
аталарыңның ісін қасиеттеп сақтауың керек, бас иіп, осы тарапқа
қызмет етудің даңғыл жолынан таймауың керек. Хандарымыздың
рақымдылығы мен ізгі ниетіне ие болған бұрынғы көптеген тархандар
сияқты сен де бізге қызмет етуіңмен осыған дейін адамдар қызметімен
қол жеткізген дәрежеге жетесің.
Ал, әкелер мен аталарының әдет-ғұрпынан безініп, Темірдің
балаларына қызмет етуге бел буғандарды қылыш шабады» [16, 124 б.],
– деп ақыл–кеңес беріп, бірнеше рет кісі жібергені айтылады. Бұл
деректен ортағасырлық тархандық институттың тарихи мазмұны мен
саяси мәнін байқауға болады. Мұнда тархандардың тархандық атағы
хан саясатын қолдауға міндеттейтіндігі сөз болып отыр. Сонымен
қатар, хан тархандық грамотаны белгілі бір дәрежеде танымал
адамдарға беру арқылы оларды тархандық құқықтық жеңілдіктермен
ынталандыру саясаты бар. Мұндай ынталандыру саясаты тархандарды
ханға адал қызмет етуге міндеттейтіндігі байқалады.
ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан құрған алып империяның бір пұшпағы
Алтын Ордада тархандық институт кең құлашын жаяды. Алтын Орда
Шыңғыс хан тұсында орныққан дәстүрлерді жалғастырып, оны жаңа
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
38
мазмұнмен толықтырды. Айталық, бұл кезеңде тархандық хан
тарапынан берілетін арнайы жарлық грамотасы арқылы бекітіліп, ол
кісілер түрлі алым-салықтан босатылатын және белгілі бір бос
жерлерге меншік ете алатын құқыққа ие болады. Сонымен қатар
Алтын Орда билеушілері мұсылмандық дінді таратуда ерекше көзге
түскен дін басыларына тархандық грамота берген. Орда иелігіндегі
жердің Хаджи Тархан (Астрахань) атанып, кейін орда ыдыраған
уақытта оның жеке хандыққа айналуының бастауында тархандық
құқықтың себебі тұрғаны сөзсіз [17, с.136.]. Өйткені, Алтын Орда
хандары кейбір жаңа қалаларды өркендету үшін, қалаға тархандық
келісім куәлік қағазын беретін болған. Бұл тархандық келісім куәлігі
қағазында қала және қала тұрғындары алым-салықтың барлық түрінен
босатылған. Мысалы Хаджи-Тархан қаласы. «Хаджи» – қажы
(қажылыққа барған адамды қажы атайды – И.Ө.) тәуап етуші сұлтан
бұл жерді салықсыз берген, ол жер елді-мекен болып үлкен қалаға
айналған. Хаджи-Тархан қаласы
– қазіргі Батыс Қазақстан мен
шекаралас тұрған Ресейдің Астрахань қаласының ежелгі атауы.
Астрахань (Хаджи-Тархан) мемлекеті хандығы. «Тархан» салық
алынбайтын орын деген ұғымды білдіреді, яғни сұлтан бұл жерді
салықсыз берген. Кейін Еділ өзені бойындағы (деректе – Итил) Хаджи-
Тархан қаласы ХV ғасырда ірі транзиттік сауда орталығына айналады
[18, с.53.]. Салықтан босатылған елді-мекеннің үлкен сауда
орталығына айналуында тархандық жеңілдіктің әсері болғаны сөзсіз.
Хан жарлығымен белгілі бір елді-мекендерге берілген тархандық
грамоталар орта ғасырларда қалаларды дамытып, көркейту мақсатын
көздегендігін көреміз.
Тархандар түркілік мемлекеттердегі сарай қызметкерлері
санатында да болған. Негізгі міндеттері - салық жинау. Бұйрық шад
және басқа да шенеуніктер бектердің тегінен шықса, тархандар ұдайы
бектердің тегінен болмағанымен де құрметті адамдардың санатында
болды [19, 18-19 бб.]. Тархандар халық бұқарасының арасынан өз
еңбектерімен ерекшеленуімен көзге түсіп, құрметті тархандық атағын
алып, салықтан босатылған құқығы бар жоғарғы әлеуметтік топ
қатарына енгендер екенін көреміз.
Қазақ хандығымен Сырдария өңіріндегі қоныстар үшін
кескілескен ұрыстар жүргізген Мұхаммед Шайбани ханға бағынған
бектердің арасында да тархан лауазымымен жүрген тұлғалар кездеседі
[20, с. 27-29.].
Тархандық грамота Әмір Темірдің мемлекеті тұсында да болды.
Мәселен, 803 жыл (1400-1401 жж.) Темірдің атынан берілген грамота
сақталғаны туралы мәліметтер бар. Әмір Темір Сығанақ қаласы
маңындағы бірнеше өлкелерге тархандық құқық берген. Тархандық
лауазым Моғолстанда, Ақ Орда және Шайбан Әбілқайыр хандығында
да болған [21, с. 5-49.].
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
39
Ортағасырлық тархандық грамота алу үшін, көпшіліктің
шешімімен ұйғарылған қиын іске қол жеткізуде ерекше көзге түсіп, өзі
теңдесті патшаның наградасын аларлық еңбек сіңіріп, тархандық атақ
алғандарға қарастырылған пәрменді құқықтық жеңілдіктер:
– біріншіден, тоғыз ауыр қылмысқа дейін жазаға тартылмайды
және оған кінә қойылмайды;
– екіншіден, тоғызыншы ұрпағына дейін балалары мен
немерелері мемлекеттік алым-салықтан босатылады;
– үшіншіден, олжаға салатын сауғадан босатылады;
– төртіншіден, рұқсат сұрамай-ақ кедергісіз хан сарайына кіре
алады;
– бесіншіден, хан кеңесіне қатысуға ізет, құрмет жасалады;
– алтыншыдан, хан қолынан көңілін көтеретін, тірліктің мұңын
ұмыттыратын, тоғыз шара шарап ішеді;
– жетіншіден, жорық кезінде алдыңғы қатарда ханмен бірге
жүреді;
– сегізіншіден, әкесінің рұқсатын сұрамай-ақ ханның қызынан
басқа қызды қалыңдыққа ала алады;
– тоғызыншыдан, сый мен мәртебенің тоғызын ала алады, атақ
пен даңқтың берілуінде жылқымен, кілеммен және басқалай заттармен,
бірақ әрқайсысы тоғыздан аспауы шарт болған [22, с. 27-28.]. Тоғыз
саны түркі халқында көптіктің мағынасын білдірген.
Мемлекет билігі көшпенділер үшін жер қатынастарын реттеу
арқылы іске асып отырған. Сөйтіп, ортағасырлық билеушілер
жоғарыдағы шаралары арқылы іс жүзінде жерге жеке меншік жүйесін
орнықтырды. Нәтижесінде рулық жүйе ыдырай бастады. Ру-тайпалық
және
аймақтық
мүдделер
мемлекеттік
орталық
мүдделерге
бағындырылған әлеуметтенген топ жүйесі қалыптасып орнықты.
Ертедегі тархандар құқығы Джувейнидің парсы тілінде жазбаға
түсірген дерегі бойынша әскери ақсүйек түркілердегідей тархандық
атауын алды. Джувейни көрсеткен, тархандар жеңілдіктері
төмендегідей: «Олар барлық алым-салықтар түрінен босатылды;
Соғыстан тапқан немесе аңшылықта алған олардың барлық олжалары
толық меншігін құрайды; қай уақытта болмасын хан сарайына кіруге
ешқандай да рұқсаттың қажеті болмады; тархандар тек тоғызыншы
жасалған қылмыстарынан кейін ғана жауапқа тартылады (бұл жерде
тек қана өлім жазасына кесілетін қылмыс түрі ғана сөз болып отыр).
Ұлан-асыр
тойлар
кезінде
тархандар
құрметті
орындарға
отырғызылып, міндетті түрде тарханға бір тостаған шарап беріледі»
[23, с.302-317.]. Ортағасырлық тархандар грамотасында қарастырылған
тоғыз құқықтық ерекшеліктерінің бары деректер негізінде анықталып
отыр.
Қорыта келе, біріншіден, ортағасырлық мемлекеттерде тархандық
тоғыз ұрпаққа дейін ерлер жағынан мұраға кететін тархандық түрі
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
40
берілген. Тархандық – апа тархан, бойла тархан, баға тархан
дәрежелеріне бөлінген. Моңғол мемлекетінде Шыңғыс хан өзі берген
тархандық атақ атадан балаға мирастығына кепілдік беретін құқықтық
тархандық грамотамен заңдастырылып отырған.
Екіншіден, тархандық грамоталар мен тархандық шендер
ақсүйектерге (оғландарға, сұлтандарға) дін басыларына және ерекше
қызметтері үшін кейбір адамдарға да берілген. Сонымен қатар,
қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың
өзгеруінен
феодалдық көшпелі және отырықшыларға бөлінуі, қалалардың маңыз
ала бастауы, ат төбеліндей билеуші топтар еркін мырзалар тобын
құраған тархандар институты пайда болды. Хан жарлығымен берілген
тархандық грамота алғандар тархандар институтын құрады.
Үшіншіден, хан саясатын қолдаған мұсылман дін басыларына да
тархандық грамота берілді. Ортағасырлық тархандардың әлеуметтік-
саяси дәрежелері ханнан кейінгі орында болды. Өйткені тархандардың
ханнан басқаға ешқандай бағыныштылығы жоқ және тархандық
грамота бойынша пайдаланатын жеңілдік құқықтары көп болды.
Сондықтан тархандар ханға қолдау көрсетіп отырған. Хан өзін
қолдаушылар мен жақтастарын тархандық атақ пен тархандық
грамоталар арқылы ұлықтап отырды.
Төртіншіден, хан биліктен кетіп, басқа бір хан билікке келгенде
«тархандық грамоталар» қайта қаралып рәсімделетін болған. Ханның
өз қалауы бойынша тархандық грамотаны күшінде қалдырып немесе
жойып отырған. Мұнда билеушіге тархандардың бағыныштылығын
немесе тілеулес болуын көздейтін саясат бар.
Бесіншіден, хан жарлықтары мен билік басындағылардың
саясатының баяндылығын жүзеге асыратын тархандар институты
болды. Тархандар институты хандық мемлекет өміріндегі қоғамдық-
саяси маңыздылығын жоя бастағанда тархандар институты да
жойылып отырған.
Алтыншыдан, тархандар тоғыз жазаға дейін жауапқа тартылмады
және оларға кінә қойылмады. Ортағасырлық тархандық институт –
әлеуметтік институт ретінде көне дәуірлерден бастау алып, түркі-моңғол
тұтастығы ыдырай бастаған ХVІ ғасырға дейін түрлі даму кезеңінен өтті.
Ортағасырлық тархандық және тархандар институты көшпенді және
отырықшы өмір салтындағы мемлекеттердің бәріне бірдей тән
ұқсастықтары мен ерекшеліктерімен мәлім.
Жетіншіден, тоғызыншы ұрпағына дейінгі балалары мен
немерелері мемлекет пайдасына жиналатын алым-салықтың барлық
түрлерінен босатылды.
Сегізіншіден, олжаға салатын сауғадан босатылды. Орта
ғасырлық тархандарға хан тарапынан тархандық грамота да
көрсетілген ерекше құқықтық пәрменді жеңілдіктер қарастырылған
артықшылықтар берілді. Мұны алған адамдардың санаты әр алуан
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
41
болды: дін басылар, әскери адамдар, саудагерлер және белгілі бір
қалалар мен аймақтарға да тархандық грамота берілген.
Тоғызыншыдан, тархандық көне дәуірден келе жатқан институт
екендігі толық дәлелденді. Тархандық институт ең бірінші Түркі
мемлекеттерінде сақ, сарматтар дәуірінен бастау алып, біртіндеп басқа
да мемлекеттерде дамып, қалыптасқан. Ерте және ортағасырлық түркі,
парсы, араб, моңғол мемлекеттеріндегі тархандық институттың өзіндік
құқықтық пәрменділікке ие ерекшіліктері болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абаев В.И. Скифо-европейские изоглоссы на стыке Востока и Запада.–
М., 1965.
2. История России. с древнейших времен до конца ХVІІ века / Ответ. ред.
А.Н.Сахаров, А.П.Новосельцев. – Москва: Аст, – 1961.
3.Закиев М.З. Волжские татары по-маийски суасы, по-удмурскии бигеры.
// К формированию языка татар Поволожья и Приуралья. – Казань, 1985.
4. Мухамадиев А.Г. Древние монеты Поволжья. – Казань: Татар. кн. изд-
во 1990.
5. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы:
Мектеп, 1986.
6. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Көне түрік
бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алматы:
Дайк-Пресс, 2005. – Т.2.
7. Сартқожаұлы Қ. Ежелгі түрік мұралары // Қазақстан әйелдері. 2002.–
№ 7.(10-12 бб.).
8. Сыздықов С. Көне түрік жазбасы Ұлы дала Мемлекеттілігінің
тарихының дерегі ретінде // Мемлекеттілік және Ұлы дала:
Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. – Астана. 2006.
(205-207 бб.).
9. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века –
Алма-Ата: АН Каз ССР, 1958.
10 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –
Алматы: Санат, 1997.
11. Артамонов М.И. История хазар. – Л: Изд-во. гос. Эрмитажа, 1962.
12. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии (ІХ-
ХІІІ). – Ашхабад: Илем, 1969.
13. Тихонов Д.И. Хозяйство и общественный строй Уйгурского
государства Х-ХІV вв. – М. - Л, 1966.
14.Тиезенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории
Золотой Орды. Т. 2. – Изд-во АН ССР 1941.
15 Махмұт Қашқари, Түрік тілінің сөздігі (Қашқари. Диуани лұғат-ат
түрік). – Алматы: ХАНТ, 1997. – Т.1.
16. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ХІV-ХІХ ғасырлар
шығармаларынан үзінділер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – Т. 5.
17 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и
исследования. – М.- Л, 1951.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
42
18. История Казахстана в арабских источниках // Сб. матер.,
относящихся к истории Золотой Орды. Т.1. Извлечение из арабских
сочинений, собранных Тизенгаузеном В.Г. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005.
19. Жұмағанбетов Т. Түріктердің мемлекеттік аппараты // Қазақ
тарихы. 2008. – №2. – (18-19 бб.).
20. Материалы по истории Казахских ханств. ХV-ХVІІІ веков (Извлечения
из персидских и тюркских сочинений). – Алматы:Изд-во Наука, Казахской
ССР, 1969.
21. Пищулина К.А. Присырдарьинские города и их значение в истории
казахских ханств в ХV-ХVІІ веках // Казахстан в ХV-ХVІІІ веках (Вопросы
социально-политической истории). Сборник статей. Отв. ред. докт.
ист. наук Б. С. Сулейменов. – Алма-Ата: Наука, 1969.
22. Султанов Т.И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. – М: АСТ,
2006.
23. Шапшал С.М. К вопросу о тарханных ярлыках // Академику Владимиру
Александровичу Гордлевскому. К его 70 летию сб. статей. – Москва,
1953.
***
В данной статье автор раскрывает значение средневекового
термина «тархан», дает объяснение этимологического смысла этого
термина в XIII-XVI вв., раскрывает историю образования института
тарханства в средневековом обществе.
***
The article deals with the peculiar features of the term «tarkhan», gives
the etymological meaning of this term in XIII-XVI centuries. Further, the
author speaks on the history of institute of «tarkhan» in the Middle Age.
ӘОЖ 291.1.
Шайхиев Т.Т.- оқытушы,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
Достарыңызбен бөлісу: |