часть здания общежития Сельхозтехникума по ул. Советской, 6 во
временное пользование (1). По решению бюро ОК ВКП(б) по Западно-
Казахстанской области в школу ФЗО направлен механик-наставник
Кирсанов Анатолий Степанович (1), занявший позже должность
старшего мастера. В ноябре 1940г. был проведён досрочный выпуск
учащихся ФЗУ (1), а 21 ноября закончилась мобилизация 150 человек
молодёжи для обучения в школе ФЗО речного транспорта (9). В школе
сохранился тот же педколлектив во главе с директором
Тумпуровым К.Я. (1). Все выше изложенное говорит о
преемственности в подготовке высокопрофессиональных рабочих
кадров между школами ФЗУ и ФЗО №6 и о необходимости выяснить
историю создания ФЗУ.
Последующая работа с архивами позволила выяснить, когда в
УУРП началась подготовка рабочих кадров. Так, согласно приказу
НКПС (путей сообщения) за № 1937 от 11.12.1930 г., все местные
отделения и управления Реч. Флота должны были создать школы ФЗУ,
учкомбинаты и обеспечить финансирование их потребностей (3). По-
видимому, в начале 1931 г. и был создан учебный комбинат при
Уральском районом управлении речного транспорта Нижне–
Волжского РП. Так, в Протоколах педагогических совещаний ФЗУ за
июль – август 1931 г. упоминается о наличии переходящего
контингента учащихся по профессиям механиков и котельщиков,
который будет использован для формирования групп школы ФЗУ(5).
По приказу Народного комиссариата водного транспорта (НКВТ)
№156 Уральское районное управление речного транспорта с 4 июля
1931 г. стало самостоятельным Уральским УРТ (пароходство) (4),
которому по статусу уже была положена школа ФЗУ. К сожалению,
многие документы или не сохранились, или находятся в пока
недоступных архивах. Но в найденных Протоколах педагогических
совещаний ФЗУ водников от 15, 26 июля и 16 августа 1931 г.
говорится не только о наличии переходящего контингента, но и о
формировании школы ФЗУ. В этих Протоколах зав. учебной частью
Синодальцев,
преподаватели
Золина,
Залыбецский,
Иванова,
Тагапцинов, Коблова обсуждают вопросы, связанные с открытием
школы ФЗУ с 1 августа 1931 г. (5). Было рассмотрено комплектование
школы: из 3 и 4 групп, имевших образование 1 ступени Единой
трудовой школы (ЕТШ) и 5 группы учащихся, не окончивших 2
ступень ЕТШ, создавалась младшая группа для обучения учащихся по
программе 1 курса ФЗУ. Из 6 группы и вновь принятых учащихся,
закончивших 2 ступени ЕТШ, формировалась старшая группа, которая
за учебный год должна была освоить программу 1 и 2 курсов ФЗУ(5).
К 20 августа 1931 г. должны были набрать подготовительную
казахскую группу для обучения на русском языке (5). Заведующий
учебной частью тов. Синодальцев на этих совещаниях докладывал об
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
59
учебных программах, учебном плане (около 896 часов теории и 1000
часов
практики),
сетке
занятий,
педагогической
нагрузке
преподавателей, самоуправлении учащихся (5).
Были утверждены (с 01.08.1931 г.) оклады преподавателей
вводимых общеобразовательных предметов: математике, казахского
языка, естествознания с физ. географией и химией, обществоведения,
физики, черчения (6) и других, а ставки по спецпредметам, по –
видимому, сохранились прежние. Для повышения качества знаний в
Самарские школу ФЗУ и Институт инженеров водного транспорта в
июле – августе 1931 г. были посланы для обучения по специальности
инструктора производственной практики (мастера п/о), опытные
рабочие (6 – й разряд, не менее 4 кл. ЕТШ и 5 лет стажа) (7). С этой же
целью было закуплено оборудование для кабинетов. Так, например,
для кабинета физики список приобретённых инструментов и приборов
превышал 200 наименований (8).
Подводя итоги, можно с полной уверенности сказать, что история
ПЛ №1 начинается с середины 1931 г., когда в Уральском РУРТ
Нижне–Волжского
пароходства
началась
подготовка
профессиональных кадров. И, по-видимому, впервые в Западно-
Казахстанской области с 1 августа 1931 г. на этой базе была создана
школа ФЗУ. Таким образом, в 2011 году нашему лицею исполняется 80
лет и он является одним из старейших в системе начального
профессионального образования Казахстана.
Как видно из вышеизложенного, наш лицей с 30-х годов ХХ века
имеет большой опыт в подготовке рабочих кадров. В последние годы,
после реконструкции лицея и посещения его Президентом
Назарбаевым Н.А. в 2005 году, ПЛ№1 становится базовым учебным
заведением по подготовке высокопрофессиональных компетентных
кадров для металлообрабатывающей отрасли всего Западного
Казахстана. В последнее время приобретены новые лаборатории по
электротехнике и станкам ЧПУ, современное газоэлектросварочное
оборудование и компьютерный класс. Прошли переподготовку по
новым технологиям мастера и преподаватели. Так что лицею
предстоит активно участвовать в модернизации республики.
Список использованной литературы:
1.Западно-Казахстанский Областной государственный архив
(ЗКО ГА), ф. 723. о.1, д.181, л.302,303,391,393
2.ЗКО ГА, ф 723, л.9
3.ЗКО ГА, ф 723, о.1, д.27, л.36
4.Суетин А. Трудовой пульс Урала, Уральск, 1990 г. с.10
5.ЗКО ГА, ф. 723, о.1, д.44, л. 1 – 14
6.ЗКО ГА, ф. 723, о.2, д.2, л.17
7.ЗКО ГА, ф. 723, о.1,д.2,л.10,11,41,130,131
8.ЗКО ГА, ф. 723,о.1, д.44, л. 18-21
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
60
9.Закончен призыв в школы ФЗО. Приуральская правда. №268 за
23.11.1940 г.
***
Мақалада Орал қаласындағы №1 КЛ туралы БҚО мемлекеттік
мұрағатынан алынған мәліметтер берілген. Мұнда 1931 жылдан
білікті жұмысшы мамандардың даярланғаны және лицейдің
құрылғаны туралы сөз қозғалған.
***
This article devoted to the history of PL №1 in Uralsk . These facts
that received from the state archive of the West Kazakhstan oblast. The facts
allow to define the time beginning of the training qualification of the
working stuff and creation of the PL№ 1 by the period of 1931.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
61
П
П
Е
Е
Д
Д
А
А
Г
Г
О
О
Г
Г
И
И
К
К
А
А
ӘОЖ 82.09:821.512.122
Қыдыршаев А.С.- п.ғ.д., профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
РИТОРИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МӘНІ
«Бәсекеге
қабілеттілік»,
«интеллектуалдылық»,
«интеллектуалды
ұлт»
/«зияткер
ұлт»/
ұғымдарын
тілдік
қолданысымызда, ойлау жүйемізде ғылыми айналысқа, практикалық
оқу, оқыту ісімізде жиі қолданысқа енгіздік. Бәсекеге қабілетті
мамандар даярлаудың кепілі болмақ инновациялық білім қорын беруде
бұл - заңды да. Демек, келешектің кілті индустриялық-инновациялық
дамуда. Ал оның негізі бүгінгі жоғары оқу орындарында қаланбақ.
Жоғарғы аталған тірек сөздердің, аталған терминдердің сыры да
әрқилы. Біздің посткеңестік қоғамда мұндай кәсіби топтарды
интеллигенция деп атап келген. Ал батыстық философия мен
әлеуметтану үшін «интеллектуал» ұғымын қолдану «интеллигенция»
ұғымына қарағанда кең таралған. Батыста интеллектуал -
«интелектісі жоғары, интеллектуалды еңбектің адамы» деп анықтау
үрдісі қалыптасқан. Немесе теоретикалық білімді, идеяны және
символдарды кәсіби түрде жасаумен, дамытумен, таратумен
айналысатын адамдарды атаған.
«Интеллектуал» ұғымы С.И.Ожеговтің орыс тілі сөздігіндегі
«интеллектісі жоғары дамыған ақылды, рухани адам» делінген тар
мағыналық сипаттағы кең ұғым. Бұл - тек адамдардың, топтың
ақылдық жағының өлшемі ғана емес, біліктіліктің, жоғары
білімділіктің, өз ісінің маманы сияқты сипаттардың көрсеткіші.
Сондықтан «интеллигенция» және «интеллектуалдар» ұғымы бір
мағынада қолданылып, тек Еуропа қоғамындағы мәдени, әлеуметтік
ерекшеліктерді белгілеуде айырмашылықтары болған деуге негіз бар.
Сондай-ақ, «интеллигенция» деп белгілі бір әлеуметтік топты айтса,
«интеллектуал» деп нақтылы бір интеллектуалды жұмыс саласында
айтарлықтай жетістікке жеткендерді атаған. Назар аударыңыз: І. -
Интеллект — мыслительная способность, умственное начало у
человека. Высокий и., Низкий и.; Интеллектуал — интеллектуальный
человек; Интеллектуальный — умственный, духовный; с высоко
развитым интеллектом; Интеллигент — человек, принадлежащий к
интеллигенции.
Интеллигентка
(ж.);
Интеллигентный
—
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
62
образованный,
культурный;
свойственный
интеллигенту.
Интеллигентностъ (сущ.); Интеллигенция – работники умственного
труда, обладающие образованием и специальными знаниями в
различных областях науки, техники и культуры. /Ожегов С.И. Словаръ
русского языка. М., 1986. - С. 216/.
Жоғары
оқу
орындарының,
ғылыми
орталықтардың
материалдық-техникалық базалары, ғылыми әлеуеті күннен-күнге
дамып келеді. Қазақ жастарының білімге ұмтылу талабы да таудай, тек
ғылыми-техникалық үдерістегі артта қалушылық интеллектуалдық
өреден емес, көбіне технологиялық кенже қалушылықтан екені де рас.
Сондықтан да, Н.Ә.Назарбаев өз тұсында елді тығырықтан шығару
кезеңі мен одан кейінгі уақытта инновациялық дамуды бетке ұстауды
және білім беру жүйесінің бүкіл технологиясын заман талабына сай
жетілдіру керектігін ескертті. Сондай-ақ, Елбасы тарапынан айтылған,
ұлтымыздың болашағы ретінде жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге
асыру жолдары жалпы жұртшылықтың көңілінен шыға білді [1].
Елбасы әлемдік дағдарыс себебін саралау бағытындағы
талдаулары
арқылы
әрбір
отандасымызға
өзіндік
дамумен
айналысудың орны ерекше екендігін әрдайым түсіндіріп келеді.
Баспасөз материалдарына сүйене айтсақ, шынында, әлемдегі беделді
сарапшы орталықтарының бірінен саналатын Стэнфорд университеті
ғалымдарының зерттеуінше, адамдардың 95 пайызы өмірдің негізгі
қағидаларын түсініп, бірауыздан келіседі. Десек те, қажетті ішкі
сезімдерінің
жетіспеушілігіне
байланысты
өмірде
қолдана
алмайтыны мәлім. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелеріне жүгінген
XX ғасырдың белгілі психологы Зиг Зиглар бұл мәселені шешудің
оңтайлы амалы басқа адамдардың тәжірибелері арқылы өз
қажеттілігіне қол жеткізу деп түйеді. Американың көшбасшы
сарапшыларының бірі Джон Максвелл көп адамдардың жетістікке
жете алмауы - кімдерден үйренуді білмеуінен деп тұжырымдаған.
ЖОО оқытушы-педагогтары студенттердің бүгінгі күні жетістікке
жеткен адамдардың тәжірибесін үйренуге деген ынтасын күшейтуге
арналған жұмыстарды жетілдіруге тиіспіз. Әсіресе, жастардың
Елбасынан болашаққа сеніммен, үміттене қарау сияқты ерекше
қасиеттерін үйренуіне мүдделі болғанымыз жөн. Егер де өркениеттің
әлемдік жоғары деңгейіне қол жеткіземіз десек, әлем жұртшылығы
басынан өткізіп отырған қиыншылықты жете білуіміз қажет.
Жас адам табиғаты қашан да күрделі. Албырттығымен,
шынайылығымен, қызуқандылығымен, еліктегіштігімен ерекшеленеді.
Болашақ өмірінің алғашқы сүрлеу-соқпақтары да жастық кезеңде
қаланбақ. Күш-қайраты, ақыл-есі, қысқасы, жас адамның жан-жақты
дұрыс қалыптасуы осы тұстағы естіген-білгендерімен, көрген-
түйгендерімен, іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте болмақ.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
63
Ал адам баласының жастық кезеңде айналысар істері қандай
болмақ? Іс-әрекет атаулы көп болар. Солардың бастылары - рухани
көсеміміз Ахмет Байтұрсынұлы айтқан «өшпес жарық, кетпес
байлық» даналыққа ұмтылу. «Өнердің кілті - ғылымда» екенін анық
тани отырып, саналы түрде біліммен қарулану, сөйтіп, жан-жақты
толысу, ілгергі шабуылға әзірлену. Сөз жоқ, білім — ақылдының
қазынасы. Дана қашан да біліммен мақтанады. Білек бүге алмағанды
білім бүгетіні жастарға мәлім. Ғұлама Шәкәрім айтады: «Құбылған
әлем жарысы, ақылды жанның табысы» деп. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтады: «Қазіргі бәсеке
заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің
болмаса, көштен қалуың оп-оңай» деп.
Жас атаулы жүре, оқи, талаптана келе жоғары сатыға жетпек,
қосылмақ. Таңдап алған мамандығының иесі ретінде қалыптасу,
толығу - үнемі шарқ ұрып іздену, басты тауға да, тасқа да соғудан
туындамақ. Білімділік, іскерлік, табандылық қасиеттер осы жолда
шоғырланып шыңдалмақ. Біздіңше, жас адам бағалы сағаттарын құр
ұйқымен өткізбей, көрнекі өнердің (сәулет, сымбат, кескін, әуез, сөз
өнері) не тірнек өнердің бірінің етегінен мықтап ұстауы парыз. Бұл
ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Алыстан ойламаған
жақыннан уайым табады деген бар. Біз болашағымызды болжап
отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең
бастысы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміз керек», -дейді. Ал
жастардың білім дәмін тез тануына, саналы оқуына жәрдем жасау - әр
ұстазға қарыз іс. Өмірде кездесер кез-келген қиындықты тек
білімділікпен, ғалымдылықпен, тер төгумен жеңуге болатындығына
әрбір жас адамның көзі анық жетуі тиіс. Басқалай жолдың бәрі тез
суалар құр далбаса ...
Өзіміздің кәсіби мамандығымызға орай айтсақ, интеллектуалды
ұлт келешегін тәрбиелеудегі баса акцент берер тұстың бірі -
жастардың ақыл-ой тәрбиесіне мән қою. Ал ақыл-ой тәрбиесі
интеллектуалды ұлт келешегін ғылымның негізі жайындағы
инновациялық білім қорымен қаруландырады. Ғылыми білімді меңгеру
барысы мен нәтижесінде ғылыми көзқарастың негізі қаланбақ. Ал
көзқарас дегеніміз - адамның табиғатқа, қоғамға, еңбекке, танымға
деген пікірлер жүйесі. Көзқарастың қалыптасуы - бұл қоғам мен
табиғат құбылыстарын саналы түрде жете түсіну, оған өзінің
қатынасын, ойын белгілеу. Бұл жастардың логикалық ойлауын, есте
сақтауын, зейінін, қиялын, танымдық әрекетін дамытпақ. Демек, бұл
ретте ақыл-ой тәрбиесінің міндеттеріне мыналар енбек: ғылыми
білімнің
белгілі
бір
бөлігін
меңгеру;
ғылыми
көзқарасты
қалыптастыру; ақыл-ойдың күшін, қабілеттері мен талабын
дамыту; танымдық әрекетін дамыту; танымдық белсенділігін
қалыптастыру; білімін әрдайым жетілдіруге қажеттілігін дамыту.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
64
Нәтижеде студент-жастарды білім алу үдерісіне мүмкіндігінше
кеңірек қарауға баулимыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде болған
кездесуде студенттердің «Күн тәртібіңіз тығыз бола тұра, әркез
еңбекке қабілеттілікті жоғалтпауыңыздың сыры неде?» деген
сауалына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Адамның ақыл-ойы дамуы
үшін оның басы үнемі жұмыс істеп тұруы қажет. Бас жұмыс
істемесе, басқа органдары да істен шығады», - деп жауап бергені әлі
есімізде[1]. Демек, кездесудің басты нысаны студент-жастардың ақыл-
ой мүмкіндіктерін дамыту болғанын осыдан да аңғаруға болар. Ал осы
идеяның ілгері нақтылы таратылуы қай бағытта өрбімек? Бұған
еліміздегі жоғары оқу орны ғалым-оқытушылары ойлануы тиіс.
Біздіңше, бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлт келешегін баулудың
бір жолы - бүгінгі студент-жастардың бойында риторикалық
мәдениетті қалыптастыру болмақ.
Риторикалық мәдениет бағалау-бағдарлау бағытындағы ойлана
сөйлеу іс-әрекетін айқындайды. Риторикалық мәдениетті өз бойына
ұялата білген жас атаулы рухани тұлға және айқын да жарқын
индивидтік қалыпта көрінбек.
Біздіңше, риторикалық мәдениеттің жүзеге асуы қазіргі таңда
бірден-бір ерекше мәнге ие. Бұл іспеттес рухани өзін-өзі жетілдірудің
материалдық жағын қанағаттандыру мен өндірістік өсу қарқынының
адамзат санасында жаңаша көрініс табуы, қоғам мен жеке тұлға
турасында берілер әлеуметтік бағаның өзгеруі күн тәртібіндегі
риторикалық мәдениеттің қалыптасу ерекшелігін де айқындамақ. Бұл
бағыттағы мәселенің оң шешім табуы адамдардың тұрмыси
құндылықтардан рухани құндылықтарға қайта бағдар ұстануы
негізіндегі адамзаттың ішкі жан дүниесінің қайта жаңғыруы жолымен
жүзеге аспақ. Демек, қазіргі заманның ғаламдық проблемасы - бұл
таза экономикалық, саяси не ғылыми проблемалар емес, ең
алдымен адамгершілік-рухани проблемаларда. Ал мұндай жағдайда
студент-жастар бойында риторикалық мәдениеттің қалыптасуы,
біздің пайымдауымызша, бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлт
келешегін тәрбиелеудің, адамды өзгертудің, оның рухани тұрғыда
қайта
жаңғыруы
мен
ілгері
дамып
жетілуінің
тиімді
алғышарттарының бірегейі [2,42-46].
Ал жас атаулының бойына риторикалық мәдениетке қатысты
білік, дағдыларды қалай жұғысты етпекпіз. Басты жолы - кешенді
тұрғыда қолданбалы риторика ғылымын игеру арқылы. Біздіңше,
риторика курсын оқытуды қазақ халқының салт-дәстүрлері мен
мәдениеті және ұлттық менталитетімізбен байланысты шынайылыққа,
ізгілік пен әдемілікке ұмтылуға бағытталған жастарымыздың ойлана
сөйлей білу білік-дағдыларын, қабілет-қарымын дамытуды көздейтін
аталмыш
саланың
(риториканың)
кешенді
қалыптағы
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
65
интеграцияланған пән екендігі туралы түсініктен туындата білген
дұрыс.
Сондай-ақ,
риторикалық
мәдениетті,
риторикалық
біліктілікті қалыптастыру - бұл тек оқытудағы бір ғана бағыт емес,
сонымен бірге, өзге де оқыту пәндеріне әсер ету құралы да,
интеллектуалдық және эмоциональдық тұрғыда жетіле дамудың
тиімділігін қамтамасыз ететін, әлі де тереңірек айтсақ, студент-
жастардың әлеуметтік тұрғыда бейімделуінің тиімді жүруіне бірден-
бір қажетті алғы шарт та.
Ал, риториканы педагогикалық технология ретінде, яғни сабақ
жағдаятында нақтылы қолдану мәселесін тілге тиек етсек, ең алдымен,
риторикалық технология негізінде құрылған сабақтың дәстүрлі
сабақтардан айырмашылығына назар аудару жөн. Жүргізілген
зерттеулерге сүйенсек, егер де оқытушы атаулы риторикалық тұрғыда
ойланар болса, онда оның санасында риториканың әрбір заңы
педагогикалық іс-әрекеттің нақтылы бір бағыты ретінде түйінделеді.
Бұл орайда төмендегідей заңдылықтар ескерілсе орынды:
Біріншіден, тұжырымдамалық (концептуальдылық) заңдылық.
Нені,Қалай, Неге оқытуды дамытуға негізделген үдерістің біртұтастық
деңгейін қамтамасыз етеді. Басқаша айтсақ, шәкіртті дамыту құралы
ретінде оқу пәнін, оқыту тұжырымдамасын әзірлей отырып, оқытушы
өзінің оқу пәнінің құралдары арқылы шәкірт атаулының бірте-бірте,
кезең-кезеңімен
дамитын
тұлғалық
сапалық
қасиеттерін
қалыптастырудың біртұтас көрінісін талқылап әзірлейді. Бұның бәрі
оқыту үдерісін жан-жақты терең ойластыруды әрі нәтижелі келешегін
болжауды қажет етеді. Түйіндей айтсақ, жалпы (тұжырымдамалы)
дамудың бағыты тіпті де әрбір сабақ сәтін де сүзгіден өткізе
бағдарлауды аңғартады, ал бұл әр қилы нақтылы өзіндік көріністермен
айқындала жүзеге аспақ.
Өз тарапымыздан жүргізілген зерттеулер Сабақ атаулы адамның
біртұтастықта дамуын көздеуі мақсат етуші оқытудың бірегей
тұжырымдамалық жүйесінің құрамды бөлігі болған жағдайда ғана
дамытушы бағытқа ие екендігі жөнінде түйін жасауға мүмкіндік
береді. Бұл орайда А.Маслоу: «Демократиялық қоғамдағы білім әрбір
тұлғаның адамдық сапалық қасиеттерін толық жүзеге асыруға көмекші
рөл атқармақ, басқаша болуы мүмкін емес»,-деп түйіндейді.
Осы жүйеде педагогикалық үрдістің дамытушылық бағытын
жүзеге асыру оқытушының студентті дамытудың құралы ретіндегі
пәнді оқыту тұжырымдамасының талдамасын әзірлемей жүргізуі
мүмкін еместігін баса ескеруі қажет, сондықтан да қазіргі
педагогикалық іс-әрекетте оқытудың тұжырымдамасын әзірлеу аса
маңызды әрі өте қажетті талаптар сапында.
Екіншіден, аудиторияны модельдеу заңдылығы оқыту мен
тәрбиеге тұлғалық және жеке бағдарлы бағытты қамтамасыз етеді.
Мұның мәні студенттердің ілгеріде саналы да сауатты өзіндік кәсіптік
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
66
кәсіби өрлеуін жасауы, өз жаратылысын тануы, социумнан өз орнын
табуына
жәрдемдесер
жалпы
мәдени
және
танымдық
қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
психологиялық және әдістемелік тұрғыда көмек көрсетуіне негізделеді.
Сондай-ақ, аталған көмек түрі студенттердің қажетті ақпаратты тиімді
меңгеруін қамтамасыз етумен айқындалады.
Айтылғандардың бәрі шынайы да нақтылы жүзеге асуы үшін,
ең бастысы – студентті тұтастықта меңгеру және түсіну. Бұған,
практика нәтижесі көрсеткендей, аудиторияны модельдеу заңдылығы
мейлінше құзыреттілікті тұрғыда мүмкіндік береді.
Үшіншіден, стратегиялық заңдылық педагогикалық үдерістің
проблемалық сипатын айқындайды. Ол проблемалық сабақтың 3 түрі
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
-
проблемалық-зерттеушілік, бұның ерекше басты белгісі –
студенттердің қажетті іс-әрекеттердің бәрін де өз беттерімен орындауы
(проблеманың ашылуы, оның қалыптасуы, шешім нұсқаларын іздеуі,
тиімді шешім нұсқаларын жүйелеуі);
-
проблемалы-ізденістік, басты ерекшелігі сол – оқытушы
студенттерге проблеманы ұсынады, өзі қалыптастырады, ал студенттер
шешу жолдарын және тиімді жүйелеу нұсқаларын іздейді;
-
проблемалы-жинақтаушылық, мұның мәні мынада: оқытушы
проблеманы табады, оны қалыптастырады, шешудің бірнеше нұсқалы
жолдарын ұсынады, ал студенттер қорытындылайды, тиімді нұсқаны
туындатады.
Оқытудың проблемалық әдісі оқытушы мен студент қатынасын
түбірімен өзгертеді, бұнда – оқытушы мен студент оқу проблемаларын
бірлесіп іздеу жолында ынтымақтаса жұмыс жасайды. Оқытушы –
ізденісті ұйымдастырушы, студент – оның белсенді көмекшісі, яғни
бұл
жағдайда
оқытушының
міндеті
–
өз
шәкірттерінің
интеллектуальды-эмоциональды құлшынысын туғызу және үнемі
қолдап отыру. Студент міндеті – белгілі бір шешімге өзі қол жеткізуге
ұмтылу. Оқытудың проблемалық әдісі авторитарлық-иерархиялық
байланыс нәтижесі ретіндегі оқытушы мен студенттің арасындағы бос
мағынасыз кеңістікті тазартады. Проблемалық әдіс студенттен белгілі
бір жеке ұмтылысты, күш-жігерді талап етеді, ол оқылып жатқан
пәннің мағыналық тұсына үңіле ойланудан туындайды, яғни, бұл ретте
пән атаулы адам мен шындықты бөле-жармай адами шындықты
аңғартады. Қысқасы, таным пәні мен таным субъектісі жалпы
мәдениеттанушылық
кеңістіктегі
бірлікте
көрінеді.
Демек,
стратегиялық заңдылық проблемалық сабақтардың құрылымына
мейлінше тиімді технологияны ұсынады, ал бұл риториканы қазіргі
білім беру саласындағы маңызды құрылым ретінде қарауға әкеледі.
Төртіншіден, тактикалық заңдылық аудиторияға әсер етудің
тиімді құралдарын (өзара түсіну, ынтымақтаса қимылдауға
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
67
бейімдейтін аргументация мен педагогика) қолдануды қамтамасыз
етеді, яғни, риторикалық мәдениет аспектісінде құрылған сабақ
барысында оқытушы сендіруге, иландыруға, дәлелдеуге, әсерлендіруге
тиіс, бірақ оған студентін зорлауға, мәжбүрлеуге болмайды.
Тактикалық заңдылық педагогикалық стратегияны - мәжбүрлеу
педагогикасынан диалог, қарым-қатынас, түсінісу педагогикасына
өзгертуге бейімділікті аңғартады.
Бесіншіден, сөздік шығармашылық заңдылығы оқытушының
қандай
пәнді
(гуманитарлық
немесе
гуманитарлық
емес)
оқытарлығына байланыссыз сөйлеу сапасына қатысты жүйелі
жұмыстарды қамтиды. Сабақ барысында тактикалық және сөздік
шығармашылық заңдылықтарды қолдану кейін жалғандыққа,
екіжүзділікке ұласар бағынушылықты, тыңдаушылықты және жалған
қорқыныш тудырарлықтай агрессиялы сөйлеу тонын жоюға белсенді
тұрғыда септеседі.
Алтыншыдан, қарым-қатынас заңдылығы сабақ құрылымының
диалогтық негізін қамтамасыз етеді. Яғни, бірден-бір субъект-
субъектілік байланысы туындайтын және жүзеге асырылатын, әркім өз
пікірін айтуға құқылы және әрқайсысы тыңдалатындай, бірде-бір
көзқарас жоққа шығарылмайтындай, кез келген пікірдегі бағалы тұс
ескерілетіндей бірлескен ойласу, шығармашылық ауа (атмосфера)
күйіндегі шынайы өзара түсіністік жағдайын туындататын қарым-
қатынас сабағы. Диалог-сабақ – бұл сенім мен жақсылық тілеу ауаны
жайылған, оқылғанды жаттанды қайталауға, дәлірек айтсақ, жаттанды
ақпаратқа орын берілмеген, диалогқа қатысушылардың ойталқысы
үдерісінде туындаған жанды ой-түйін сайран салған сабақ. Қарым-
қатынас заңдылығы оқытушыға диалог формасын оқытушы мен
студенттің күнделікті амалы ретіндегі сабақ атаулының басқа емес,
күнделікті оқиға болғандықтан да сабақтың жүргізілу құралы
тұрғысында тануға жетелейді.
Жетіншіден, жүйелік-аналитикалық заңдылық міндетті түрде
рефлексияны қолдануды қамтамасыз етеді. Осының негізінде оқытушы
студенттерімен бірлескен қалыпта дәл осы мезетте, кейінге
қалдырмастан сабақ сапасын бағдарлайды / Осы сабақ неге керек, ол
несімен тиімді, сабақ барысында неге қол жеткізілді, неге қол
жеткізілмеді, қандай жолмен сабақты жетілдіруге болады, т.б./.
Риториканың
аталмыш
заңдылығы
сабақты
оқытушы
мен
студенттердің
бірлескен
өзара
ойласу,
ұйымдасу
үрдісіне
айналдырады, яғни, сабақ оған қатысушылардың ортақ мағыналы іс-
әрекеті тұрғысында танылады. Сәйкесінше, көпшілік жағдайдағы,
біздің түсінігімізше, сабақ үстіндегі іс-әрекеттер тек жалқы
оқытушылар үшін ғана емес, жалпы студенттер үшін де қажетті
құндылықтар сапына енбек. Рефлексия көмегіне жүгінген сабақтар
оқытушы мен студенттердің бірлескен үлгідегі шығармашылығы
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
68
тұрғысында қалыптасады. Сондай-ақ, рефлексия өткізілген сабақты
алдыңғы кезекте өтілген сабақтардан бөлектей отырып, бұрынғы
меңгерілген, анықталған мағыналы түйіндерді толықтыра түсу
көзқарасы тұрғысында оқу үрдісін жүйелеуге жәрдемдеседі.
Сонымен, риториканың әрбір заңдылығы сабақ барысында
нақтылы көрініс табар болса, сабақ атаулы жандырақ өтпек, шәкірт
атаулыда белсенділік, құлшыныс еселеп артпақ, ал бұл іспеттес
сабақтар оның пәндік мазмұнының қандай болуына қарамастан (тілдік,
математикалық, химиялық, әдебиеттік, т.с.с.) риторикалық сабақтар
есептелмек.
Риторикалық технология негізінде құрылған сандаған сабақтарға
қатысып, талдай келе, риторикалық сабақтарға төмендегідей сипаттар
тән деуге болар еді:
- зерттеушілік сабақ;
- дамыту сабағы;
- бағалау-бағдарлау сабағы, т.б.
Демек, сабақтарды риторикалық негізде құру дегеніміз – білім
берудің
іс-әрекет
үстіндегі
негізділігі
әрі
күрделілігі
/фундаментализациясы/, адамға тән ізгілігі /гуманизациясы және
гуманитаризациясы/ деп мейлінше сенімді түрде түйіндеуге болады.
Бұл оқу үдерісіндегі риторикалық технологияның интеллектуалды ұлт
қалыптастырудың ұтымды сатысы екенін айқындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа
интеллектуалдық секіріс (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдығына орай
университет профессор-оқытушылары мен студенттеріне оқыған
дәрісі) // «Егемен Қазақстан» газеті, 2009, 14 қазан, №336.-1-2-бб.
2. Қыдыршаев А.С. Риторикалық мәдениет және шешендіктануды
оқытудың кейбір теориялық аспектілері // «Мемлекеттік тіл саясаты
және тіл мәдениетінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдары, Орал, 2007. -42-46- б.б.
***
В статье рассматривается значение риторических технологий в
формировании высокоинтеллектуальной нации.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
69
УДК 911.2:551.46(075.8)
Амельченко В.И. – к. геогр.н., доцент,
ЗКГУ им. М. Утемисова,
Марков П.В. – студент 4 курса,
ЗКГУ им. М. Утемисова
Достарыңызбен бөлісу: |