Хабаршы «Филология ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі2,15 Mb.
#6076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
heart jumped - испугаться. 
Фразеологический фонд  английского  и  казахского  языков  включает 
большое  количество  антонимических  фразеологических  единиц.  Образное 
противопоставление  понятий,  предметов  и  явлений  в  языковой  практике  как  один 
из  приемов  познания  и  оценки  в  миропонимании  людей  имеет  исключительно 
большое 
значение. 
Антонимические 
фразеологические 
единицы 
противопоставляют предметы и явления по наиболее общим признакам. Например: 
тастай қараңғыpitch-dark -темным-темно. 
Критерий  антонимичности  является  общим,  как  для лексики,  так и для 
фразеологии. 
Первым 
определяющим 
признаком 
антонимичных 
слов 
и 
фразеологизмов 
является 
семантическая 
противоположность, 
вторым 
-
однородность  лексико-грамматической  характеристики,  т.е.  они  выражают 
предметность  или  качественный  признак  и  принадлежат  к  единой  сфере  по 
сочетаемости. Например: мінезі ауырbad temper – серьезный. 
Опираясь  на исследование  З.Г. Ураксина, антонимичные  фразеологизмы,  в 
свою очередь, можно сгруппировать следующим образом: 
-  антонимы, противопоставленные по  семантике, содержанию:  жау  жүрек
devil of a fellow - смелый;  
-  антонимы,  образующиеся  при  изменении  структуры  фразеологизма. 
В таких фразеологизмах основной компонент является общим и связующим звеном 
в  семантическом  плане,  а  антонимическое  значение  образуется  при  помощи  тех 
компонентов,  которые  имеют  противоположное  значение:  құйма  кұлақ,  all  ears  
внимательный, ақпа құлақ, absent minded, head in the clouds- рассеянный; 
-  антонимы,  образующиеся  путем  прибавления  аффиксов  и  отрицательных 
частиц: ауызы бару, have a big mouth - говорю открыто в лицо, ауызы бармау - не 
сметь говорить открыто [1].  
Полисемантизм -  одна из  особенностей  обычных  лексических  единиц, 
которая  свойственна  фразеологическим  единицам,  хотя  в  своем  возникновении 
лексическая  и  фразеологическая  многозначность  имеет  разные  причины.  Если  в 
расширении 
значений 
слов 
основную 
роль 
играют 
метафорический, 

 
57 
метонимический  и  другие  стилистические  приемы  переноса,  то  они  же  являются 
главным  фактором  образования  самих  фразеологизмов,  то  есть  один  из 
компонентов  фразеологических  единиц  употребляется  в  переносном  значении, 
придавая  общему  содержанию  фразеологизма  определенную  идиоматичность. 
Ввиду 
этих 
особенностей 
фразеологическое, 
идиоматическое 
значение 
фразеологических  единиц  большей  частью  соседствует  с  лексическим  значением 
того  же  сочетания.  Например:  ұзын  құлақ  как  простое  сочетание  означает  - 
длинные  уши,  длинноухий,  а  как  фразеологическое  -  разные  слухи,  вести;  to  give 
someone a hand в качестве простого сочетания – подать руку, а фразеологическое – 
помочь, шошқа тағалау- буквально подковать свинью, но на языке фразеологизма 
имеется ввиду - бездельничать, бить баклуши. Тоже самое можно пронаблюдать и в 
английском языке, где 
twiddle one's thumbs
 при прямом переводе – вертеть пальцем, 
а  в  качестве  идиомы  означает  бездельничать,  бить  баклуши.  Процесс 
идиоматизации во  втором  примере  происходит,  вероятно,  на  том  основании,  что 
подковать  свинью  нельзя  или  просто  вертеть  пальцем  –  глупо,  а  бессмысленное 
занятие равносильно безделью. 
Как  показывают  примеры языка,  переносное,  идиоматическое  значение, 
присущее  фразеологическим  единицам,  в  дальнейшем  своем  развитии  по  разным 
(функционально-стилистическим, 
социальным, 
ситуативным) 
причинам 
претерпевает  семантическое  расхождение,  что  и  приводит  к  образованию  полисе-
мии  фразеологических  единиц.  Например:  көз  тию, 
put  the  evil  eye
  -  сглазить, 
испортить излишней похвалой, көз түсу, 
set eyes
 - обратить внимание, поразиться. 
Омонимическое противопоставление фразеологизмов - относительно редкое 
явление  в  казахском  языке.  Основной  причиной  его  является  омонимичность 
составных компонентов фразеологических единиц.  
Таким  образом,  в  данной  статье  исследованы  основные  семантические 
свойства  фразеологизмов  английского  и  казахского  языков  на  основе 
всестороннего  изучения  конкретных  фактов.  Также  были  предприняты  попытки 
установить  общую  характеристику  фразеологического  фонда  современного 
английского и казахского языков, их специфические особенности. В ходе исследо-
вания  поставленной  проблемы  фразеологические  единицы  были  подвержены 
сравнительно  –  сопоставительному  анализу  для  того,  чтобы  выявить  разные 
степени сходств и различий во фразеологической номинации исследуемых языков. 
 
Литература: 
1. Ураксин З.Г. Русско-башкирский фразеологический словарь. – М., 1989. 
2. Виноградов В.В. Об основных типах фразеологических единиц в русском языке. // 
Избранные труды. Лексикология и лексикография. – М., 1977. – С. 140-161. 
3. Виноградов В.С. Перевод: Общие и лексические вопросы. –М.: КДУ, 2006. – 240 с. 
4.Кунин А.В. Англо-русский фразеологический словарь. – М.: Рус.яз. – Медиа, 2006. 
5.  Кожахметова  Х.К.,  Жайсакова  Р.Е.,  Кожахметова  Ш.О.  Казахско-русский 
фразеологический словарь. – Алма-Ата: "Мектеп", 1978.  
6. Кунин А.В. Английская фразеология: Учебное пособие. – М., 1970. 

 
58 
ӘДІСТЕМЕНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ МЕТОДОЛОГИИ 
 
 
Шахпутова З.Х., Дюсенгалиева А.А. 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН КӘСІБИ-БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА 
ӨЗГЕ ТІЛДЕГІ ҚАТЫСЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА 
ҚОЙЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР.  
 
В  данной  статье  рассматриваются  педагогические  условия,  необходимые 
для 
формирования 
коммуникативной 
компетентности 
при 
обучении 
профессионально-ориентированному  иностранному  языку  студентов  неязыковых 
специальностей. 
This  article  deals  with  pedagogical  terms  of  formation  of  communicative 
competence in teaching vocationally – orientated foreign language. 
 
Жоғары  мектептердің  маңызды  мәселелерінің  бірі  болашақ  маман  тұлғасын 
қазіргі  заманғы  талаптарға  сәйкес  қалыптастыру  болып  табылады.  Болашақ  маман 
тек жоғары деңгейдегі кәсіби құзыретті меңгерген жоғары білікті маман иесі болып 
қана  қоймай,  сонымен  бірге  белгілі  дәрежедегі  сапалы  қасиеттері  арқылы  іштей 
дербес  құзыретке  бейімделгіш,  толассыз  ағылып  жатқан  ақпараттар  заманында 
өзін-өзі дамыта білуі керек. 
 Жоғары 
оқу 
орындарында 
болашақ 
маманның 
жеке 
тұлғасын 
қалыптастырудың  күрделі,  әрі  жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  пәндердің 
барлық жиынтықтары арқылы жүзеге асырылатын көп қырлы үдеріс екендігін атап 
өту қажет.  
Тілдік  емес  жоғары  оқу  орындарында  шетел  тілін  оқытуға  арнайы 
маманданған  бағытқа  сәйкес  жалпы  білім  беру  курсы  мен  кәсіби-бағдарлы  оқыту 
кіреді. Шетел тілін үйрену мамандарға ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби 
қарым-қатынас  жасау  құралы  ретінде  меңгертуге,  оны  өзге  мәдениетті  қабылдай 
білуге дайындауға әрі болашақта жалпыадамзаттық қағидаттарға сай қатынас жасай 
білуге бағытталады. 
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  келіп,  оқыту  курсын  табысты  меңгерген 
студенттердің: 
-шетел тілінің қолданбалы мәні мен оның кәсіби қызметтерінде табысқа жету 
жолында тигізер әсерлері туралы түсініктері болуы; 
-тілдік  әрекеттің  барлық  түрінде  (тыңдалым,  сөйлесім,  оқылым,  жазылым) 
шетел тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асырулары; 
-кәсіби 
терминологияның 
екі 
тілдегі 
(билингвалды) 
баламаларын 
меңгерулері; 
-кәсіби-бағдарлы  шетел  ақпараттарымен  батыл  түрде  жұмыс  жасап,  кәсіби 
ой-өрістерін  кеңейту  үшін  оқу-танымдық  аутентті  әдебиеттермен  жұмыс  істей 
білулері; 
-шетел  тіліндегі  кәсіби  ақпараттарды  іздеп  және  ақпарат  алмасу  үшін 
компьютер желілерінде жұмыс істеу дағдыларының болуы; 

 
59 
-жоғары  оқу  орнында  алған  білімдерін  өз  беттерінше  тереңдетуге  және  әрі 
қарай кәсіби қызметтерінде пайдалану үшін жетілдіре білулері тиіс.  
Болашақ  маманды  кәсіби-бағдарлы  тұрғыда  дайындау  өзге  тілдегі 
қатысымдық  құзыретті  құрастырушы  қажеттілік  болып  табылады.  Осыған 
байланысты  қазіргі  заман  талабына  сай  кәсіби-бағдарлы  оқыту  барысында  тілдік 
емес  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыреттерін 
қалыптастырудың  педагогикалық  талаптарының  ғылыми-педагогикалық  негізделу 
мәселесі өте өзекті болып отыр.  
 
Мұндай педагогикалық талаптарды білу маманды кәсіби-бағдарлы дайындау 
барысында қалыптасатын өзге тілдегі қатысымдық құзырет студентке болашақтағы 
кәсіби  қызметінде  меңгерген  тілінің  қажеттілігі  міндетті  болып  табылатын 
жағдайда жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. 
Педагогикалық  талаптарға  оқытудың  мазмұны,  әдістері,  ұйымдастыру 
түрлері  мен  оны  жүзеге  асырудың  қойылған  міндеттерді  табысты  шешуді 
қамтамасыз  ететін  материалдық  мүмкіндіктерінің  объективті  жиынтығы 
жатады.  
 
Сонымен  қатар  педагогикалық  талаптар  деп  кәсіби-бағдарлы  оқыту 
барысында студенттердің өзге тілдегі қатысымдық құзыреттерін қалыптастырудың 
табысты  болуына  ықпал  ететін  қажетті  шараларды  біріктіруді  түсінеміз.  Болашақ 
мамандардың  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыреттерін  қалыптастырудың  барлық 
педагогикалық  талаптарын  мынадай  топтарға  біріктіруге  болады:  мазмұнды-
мақсатты талаптар; әдістемелік-құралдық талаптар; бақылау-бағалаушы талаптар: 
• 
мазмұнды-мақсатты  талаптар:  кәсіби-бағдарлы  оқыту  барысында  өзге 
тілдегі  қатысымдық  құзыретті  қалыптастыруды  жинақтаушы  теориялық  білімдер 
мен дағдыларды мақсатты түрде іріктеу және құрылымдау; 
• 
әдістемелік-құралдық  талаптар:  студенттерді  өзге  тілдегі  қатысымдық 
құзыреттің  білімдері  мен  дағдыларын  уәжді  және  саналы  түрде  меңгеруге 
мүмкіндік  беретін  кәсіби  қызметтерінің  шынайы  талаптарына  барынша 
жақындайтын  жағдайларға  бейімдеу;  студенттердің  өзге  тілдегі  қатысымдық 
құзыреттерін  қалыптастырудың  барлық  кезеңінде  кәсіби-бағдарлы  оқытудың 
шоғырланған  әдістерін,  ұйымдастыру  және  қажетті  құрал  түрлерін  білім  беру 
үдерісінде пайдалану; 
• 
бақылау-бағалаушы 
талаптар
бақылау, 
тексеру, 
статистикалық 
мәліметтер  жинақтау,  оларды  талдау,  өсу  үрдістерінің  динамикасын  анықтау 
кіретін  кешенді  зерттеу;  аралық  мақсаттарға  жету  жолында  болатын  үзілістерді 
болдырмауға мүмкіндік беретін бақылаудың логикалық бірізділігін сақтау; уәждік, 
мазмұнды, әрекеттік сияқты белгілерге негізделген жүйені қолдану. 
Уәждік белгі - өзге тілді кәсіби-бағдарлы қатысымдық құзыреттің деңгейін 
арттыруға  мүмкіндік  беретін  дәлелдің  болуы;  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға, 
лауазымын өсіруге тырысуы.  
Аталған  белгі  тұлғаның  қатысымдық  белсенділігі  мен  шығармашылығы 
дамуының  көрсеткіші  болып  табылады.  Студенттің  қызығушылығы  оның  жеке 
бастамасымен  және  сенімі  арқылы  оянады.  Нәтижелі  қарым-қатынас  жасауға 
тырысуы,  әбден  ойланып  барып  қатысымға  түсуі  студенттің  өзге  тілдегі 
қатысымдық  құзыретінің  болуының  өлшеміне  қызмет  етеді.  Бұл  белгінің 
көрсеткіші  ретінде  кәсіби-бағдарлы  қатысымдық  құзыреттің  аясында  шетел  тілін 
үйрену уәждерінің берілу дәрежесі көрінеді. 

 
60 
Мазмұнды  белгі  –  кәсіби  салада  бөлінбес  тұтастықта,  кешенді  түрде 
берілетін шетел тілі мен өзге тілдегі құзыретті білу. Жеткілікті дәрежеде білім 
қорының  болуы  қатысымға  түсуге  деген  қызығушылықтың  пайда  болуына 
мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның білім жүйесі мен мүдделері ақпараттық білімді 
жинақтау  негізінде  қалыптасатын  ой-өрісін  кеңейтеді  (оның  көрсеткіші 
тұлғаның  тезаурусына  қызмет  етеді).  Жеке  тұлғаның  ой-өрісі,  білімдарлығы 
өмірді тану барысында дамиды және танымдық  әрі зияткерлік белсенді өмірінде 
маңызды  рөл  атқарады.  Шетел  тілін  меңгеру  деңгейі;  өзге  тілдегі  қатысымдық 
қызметтің нысандарын, түрлері мен құралдарын игеру дәрежесі; кәсіби-бағдарлы 
материалды түсіну деңгейі аталған белгінің көрсеткіштері болып табылады. 
Әрекеттік  белгі  –  студенттердің  тілдік  тәжірибелерін  арттыруға 
мүмкіндік  беретін  дағдылары  мен  машықтарының  кешені  және  өздерінң 
білімдерін  өзге  тілді  кәсіби-бағдарлы  қатысымдық  құзыретте  сәйкесінше 
пайдалана  білу.  Шетел  тілі  нормаларына  сәйкес  сөздер  мен  тілідк  оралымдарды 
қолдана  білу;  диалог  және  монолог  жүргізе  алу;  пікірталасқа  түсе  білу,  кәсіби 
жағдаяттарда  қажетті  әңгімелесуді  ұйымдастыру  білу  аталған  белгінің 
көрсеткіштері  болып  табылады.  Кейбір  кездері  қатысымға  түсе  алмайтын 
стандартты тілдік жағдайлар болуы мүмкін. Онда әңгімеге қатысушылар бірдей 
тілдік  нормаларды,  яғни  белгілі  бір  «әрекеттер  сызбасын»  қолданады.  Мұндай 
жағдайларда  терең  парасаттылық  өте  қажет.  Болашақ  маманға  парасатты 
болу,  ымырашылдыққа  келу  қабілетінің  болуы,  өз  мінез-құлқын  бейімдеу 
мүмкіндігін  игеру,  дұрыс  болжамдар  жасау,  дұрыс  түсінісе  білу  қажет.  Жаңа 
ақпаратты  қабылдауға  бейімдігі  мен  дайындығы  және  оны  қолдана  білуі  өзге 
тілдегі кәсіби-бағдарлы қатысымдық құзыреттің білімдерін қолдану тепе-теңдігі 
туралы  мәлімет  береді  және  кәсіби  салада  әртүрлі  мәдениет  өкілдері  арасында 
тиімді қатысымға қол жеткізуді қамтамасыз ететін болады. 
Шетел  тілі  сабақтарын  кәсіби-бағдарлы  оқыту  барысында  студенттердің 
өзге тілдегі қатысымдық құзыретін қалыптастыру егер:  
• 
өзге  тілдегі  құзыретті  қалыптастыруды  әлеуметтік  және  лингвоелтану 
компонеттері кіретін күрделі көп деңгейлі білім беру ретінде қарастырса; 
• 
оқу үдерісіне оңтайлы педагогикалық талаптарды енгізсе; 
• 
өзге тілдегі қатысымды жүзеге асыру үшін вербалды және бейвербалды 
құралдар кешенін пайдаланса; 
• 
кәсіби-бағдарлы  оқыту  барысында  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыретті 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаттығулар жүйесін енгізсе; 
• 
тілдік емес жоғары оқу орнында шетел тілін кәсіби-бағдарлы оқытудың 
әртүрлі  сатыларында  студенттердің  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыреттерін 
қалыптастыру  деңгейлерін  анықтау  үшін  талдау  және  бақылау  өлшемдерін 
әзірлесе, әбден тиімді болуы мүмкін.  
Тілдік  емес  жоғары  оқу  орындарында  студенттерге  шетел  тілін  кәсіби-
бағдарлы  оқыту  барысында  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыретті  қалыптастырудың 
шетел  тілін  оқытудың  әдіс-тәсілдері,  нысандары  мен  құралдарының  жиынтығы 
ретіндегі педагогикалық технологиясы: 
• 
практикалық және аудиториядан тыс сабақтар жүйесі; 
• 
кәсіби-бағдарлы  оқыту  барысында  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыретті 
қалыптастыруға  бағытталған  оқытушылар  мен  студенттерге  арналған  әдістемелік 
оқу құралдары мен ұсынымдар, әртүрлі тілдік әрекеттер жасау үшін шетел тіліндегі 

 
61 
тілдік жаттығулар жүйесі түрінде берілуі керек. 
 
Тілдік  емес  мамандықта  оқитын  студенттерге  шетел  тілі  бойынша 
аудиториялық жұмысқа қосымша аудиториядан тыс жұмыстарды орындау олардың 
үйреніп жатқан тілдерінің елімен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Ол мынадай 
екі  міндетті  шеше  алады:  біріншіден,  пәнге  деген  жалпы  қызығушылығын 
арттырады,  сол  пән  бойынша  білімін  тереңдетеді,  дағдысы  мен  машығын 
жетілдіреді;  екіншіден, болашақ мамандығына деген қызығушылығы пайда болып, 
оны  одан  әрі  тереңдетуге  мүмкіндік  береді.  Аудиториядан  тыс  жұмыстарды 
орындау  аталған  міндеттерді  шетел  тілінің  өзінің  тілдік  құралдары  арқылы  және 
жалпы  алғанда  тілдік  емес  жоғары  оқу  орындарында  шетел  тілін  оқытудың 
практикалық,  жалпы  білім  беретін  әрі  тәрбиелейтін  мақсаттарына  сәйкес  шешеді. 
Қарым-қатынас жасауға деген студенттерде бар қажеттілікті студенттерден бірлесе 
ынтымақтастықта  жұмыс  істеу  және  бір-біріне  өзара  көмек  көрсету,  рөлдік 
ойындар,  мини-конференциялар,  тілді  тасымалдаушы  өкілдермен  әңгімелесу, 
шетел  фильмдерін  қарау  талап  етілетін  топтық  талқылау,  тілдік  қарым-қатынас 
жағдаяттарын  бейнелеу,  өз  беттерінше  жұмыстар  орындау  үшін  өзекті 
тақырыптарды енгізе отырып пайдалануға болады.  
 
Тілдік  емес  жоғары  оқу  орнында  шетел  тілін  үйрену  кезінде  сөйлесім, 
оқылым,  тыңдалым  және  жазылым  сияқты  әртүрлі  стратегияларды  меңгеру 
барысында студенттердің барлық қатысымдық құзыреттерін құрайтын ілеспе және 
жүйелі  даму  ерекше  назарда  болады.  Шетел  тілін  оқыту  төмендегідей  тілдік 
әрекеттердің  негізгі  түрлерін  қалыптастыру  және  негізгі  қатысымдық  дағдыларын 
дамыту арқылы халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі шетел тілін үйренуге 
бағытталады: 
• 
сөйлесім, тыңдалым, оқылым және жазылым; 
• 
тілдік  емес  ортада  оқып  жатқан  тақырыптары  мен  жағдаяттары 
шеңберінде қатысымдық-тілдік әрекет жасау; 
• 
кәсіби-бағдарлы  өзге  тілдегі  қытысымдық  құзыретті  құраушы  барлық 
әрекеттерді дамыту; 
• 
өзге  тілді  мәдениетаралық  қарым-қатынас  жағдайында  туған  елі  мен 
мәдениетін көз алдына келтіріп, есіне түсіре алу дағдыларын қалыптастыру;  
• 
студенттерді  шетел  тілдері  мен  басқа  мәдениетті  өз  бетінше  үйренудің 
қол жетімді стратегияларымен таныстыру.  
Шетел  тілін  кәсіби-бағдарлы  оқытудың  барлық  кезеңдерінде  тілді  үйрену 
қатысымдық өзара байланыстардың оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, әкімшілік, 
кәсіби  салаларында  ресми  және  бейресми  қарым-қатынас  жасау  үшін  шетел  тілін 
қолдануды  қамтамасыз  ететін  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыретті  дамытуға 
мүмкіндік  беруі  тиіс.  Бұл  ретте  шетел  тіліндегі  ауызша  және  жазбаша  тіл 
мәдениетін  дамыту,  оқытылатын  тілдердің  елдері  туралы  білімдерін  тереңдету 
айрықша назарда болады. 
Шетел тілін оқыту мынадай бағыттармен байланысты болып келеді: 
• 
студенттердің 
тұрмыстық, 
мәдени 
және 
оқу-кәсіби 
салаларда 
серіктестерімен  шетел  тілінде  тең  дәрежеде  мәдениетаралық  қарым-қатынас 
жасауға мүмкіндік беретін қатысымдық құзыреттерін дамыту; 
• 
шетел  тілінде  кәсіби  тақырыптарды  талқылау  кезінде  пікірталас 
мәдениетіне, әдебіне үйрету; 
• 
студенттердің  қызығушылығын  тудыратын  ақпараттарды  жинау, 

 
62 
жүйелеу және ой қорыту дағдыларын дамыту; 
• 
студенттерді  тілді  меңгерудің  өзін-өзі  бақылау  және  өзін-өзі  бағалау 
деңгейінің технологияларымен таныстыру; 
• 
кәсіби-бағдарлы білім беруде шетел тілін пайдалану. 
Оқыту  барысында  шетел  тілінде  қарым-қатынас  жасау  уәжін  тудыру  үшін 
жағдаятты пайдалану  аса  қажет,  өйткені  тілдік  уәж  шынайы  немесе  шартты,  көзге 
елестете 
алуға 
болатын 
жағдаяттардан 
тұрады. 
Жағдаяттар 
абстракты, 
проблемалық,  нақты  болуы  мүмкін.  Егер  нақты  бір  жағдаят  белгілі  рөлге  енуді, 
жағдайды  нақты  анықтауды  қажет  етсе,  онда  проблемалық  жағдаятты  талқылау 
кезінде студент рөлді тасымалдаушы болып табылмайды, ол өзінің жеке пайымын, 
оған  деген  өз  көзқарасын  білдіреді,  бағасын  береді,  қарсыласының  пікірімен 
келіседі  немесе  қарсылығын  білдіреді,  өз  ойын  дәлелдейді.  Сондықтан  да  сабақ 
кезінде  белгілі  мәселені  талқылауда  тілдің  қатысымдық  қызметі  анық  байқалатын 
шынайы  қарым-қатынас  болады.  Жағдаяттар  өзгеріссіз  немесе  өзгермелі 
(динамикалық)  сипатта  болуы  мүмкін.  Өзгермелі  сипат  кезінде  жағдаят 
бөліктерінде  өзгерістер  болып  жатады:  мысалы,  әрекетке  түсуші  тұлғаларда, 
олардың өзара әрекеттерінде орын ауыстырулар болады. Жағдаятты оған тұлғалық 
сипат  бере  отырып,  «өзі  арқылы  өткізу»  өте  маңызды.  Шетел  тілін  үйрену 
тәжірибесінде өз басымыздан өткергеніміздей, оны бойға сіңіру әсері айтарлықтай 
артады,  себебі  мұндай  жағдайда  ақыл-парасатпен  бірге  эмоция  да  іске  қосылады. 
Студенттерді  шынайы  немесе  шартты  болсын,  қандай  да  бір  жағдаятқа  түсіре 
отырып,  олардың  тілдік  материалдармен  қамтамасыз  етілу  жақтарын  қарастыру 
маңызды  болып  табылады.  Қалыпты  жағдаяттар  рөлдерге  енуді  және  стереотипті 
тілдік  материалдарды  (формулалар,  клишелер)  нақты  қолдануды  қажет  ететін 
стандартты диалогтер арқылы жүзеге асады. Еркін диалогтердің сұхбат беру, сұрау, 
әңгімелесу  (немесе  пікір  алмасу),  пікірталасқа  түсу  сияқты  түрлері  болады. 
Қатысымдық ұстаным әңгімелесушілердің рөлдері арқылы анықталады. 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  сөйлесім,  тыңдалым,  оқылым,  жазылым 
сияқты  тілдік  әрекеттердің  барлық  түрі  практикалық  мақсатта  жұмсалып  әрі 
жоғары  оқу  орнында  шетел  тілін  оқытудың  басты  құралдары  болып  табылады. 
Тілдік  емес мамандықтар үшін «Шетел тілі» пәндерінің бағдарламаларында шетел 
тілін практикалық түрде меңгеру кез келген салада мамандарды қазіргі заманға сай 
дайындаудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады; студент курсты аяқтағаннан 
кейін  мамандығы  бойынша  ақпарат  алу  мақсатында  түпнұсқа  әдебиетті  оқи  алуы 
қажет.  Жалпы  білім  беретін  және  кәсіби-бағдарлы  шетел  тілі  бойынша  оқулықтар 
мен  оқу құралдарының негізгі компоненттері мазмұнды (оқылым мен тыңдалымға 
арналған  мәтіндер),  эмоционалдық  құнды  (мәтін  және  көрнекі  иллюстриативті 
материал)  және  әрекеттік  (жаттығулар  жүйесі,  репродуктивті,  танымдық,  пробле-
малық және шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар) болып табылады [3]. 
Шетел  тілі  сабақтарында  білім  алушылардың  тілдік  қабілеттерінің  барлық 
деңгейлерін  дамытуға  мүмкіндік  беретін  әртүрлі  тілдік  әрекеттерді  қолдану 
олардың  тілдік  дағдыларын  қалыптастыруға  әкеледі.  Студенттер  өз  ойларын 
мақсаттарына  сәйкес  сөздік  қорларында  бар  тілдік  құралдар  арқылы  жеткізуді 
жоспарлауға  үйренетін  болады.  Жоспар  құрастыру,  мәтінге  тезис  жазу,  жоспар 
немес  сурет  бойынша  белгілі  бір  тақырыпқа  әңгіме  құрастыру,  грамматикалық 
және  лексикалық  жаттығулар  орындау,  аудиториядан  тыс  әдебиеттер  оқу  арқылы 
студенттер  өз  ой-пікірлерін  логикалық  түрде  баяндай  алу  дағдыларын  дамытады. 

 
63 
Осы  аталған  барлық  әркеттер  студенттің  тек  тілін  ғана  дамытып  қоймайды, 
сонымен  қатар  олардың  жалпы  мәдениеттерін  арттырады,  себебі  көптеген 
студенттер  қарым-қатынасқа  түсу  барысында  парасатты,  психикалық  түрде 
жеткілікті дәрежеде дайын болмай шығады, бұл мәселеге біршама ғалымдар көңіл 
бөліп келеді. 
Жоғары  оқу  орнын  бітіруші  түлектің  қатысымға  түсу,  өз  көзқарасын  сақтай 
отырып,  дау-жанжалдарды  реттеу,  біреудің  сөзін  тыңдау,  пікір  алмасу,  қарсы 
пікірді қабылдай білу қабілеттерін қалыптастыру оның өмірінде оқытылатын шетел 
тілі  қызмет  ететін «әлеуметтік-мәдени білім қорын» талап етеді. Сондықтан шетел 
тілі  бойынша  оқу  құралдары  мен  оқулықтардың  мазмұндық  бөлігіне  мынадай 
аялық  білім  қорын  енгізу  қажет:  монологтік  немесе  диалогтік  сипаттағы  мәтіндер 
түрінде  берілетін  «қарым-қатынас  үдерісінің  мәдени  ерекше  заңдылықтары,  оның 
нормалары  мен  ритуалдары,  оны  белгілеу  ережелері,  тең  дәрежелі  және  әртүрлі 
деңгейдегі  қатысымдарға  қолдау  көрсете  білу,  дамыту,  оны  өзге  адамға  жеткізе 
білу және аяқтау» [4]. 
Сонымен  бірге  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  мазмұндық  бөлігі  жеке 
тұлғаның  шығармашылық  дамуына  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  тигізер 
әсерінің  ерекшеліктерін  ескеруге  және  студенттің  өзгермелі  ақпараттық  орта 
жағдайына  өз  бетінше  бейімделу  әрі  табысты  қызмет  ету  дағдыларын  дамытуға 
мүмкіндік жасауы тиіс. 
Қорыта  келгенде  айтарымыз, педогикалық  талаптар  кәсіби-бағдарлы  оқыту 
барысында  өзге  тілдегі  қатысымдық  құзыреттің  деңгейін  мақсатты  түрде 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет