Аннотация
Қазақстандағы нанотехнологияның даму бағыттары
Мақалада наноғылым және нанотехнологияның әлемдегі зерттеулері мен Қазақстанда даму бағыттары
қарастырылған. Наноғылымның алдынғы абсолютті көрсеткіштері технология, өндіріс негіздері және коммерциялық
наноиндустрияның негізгі мемлекеттері АҚШ, Жапония, Еуроодақ мемлекеттері, сонымен қатар Ресей.
Қазақстандағы нанотехнологияның даму деңгейін бастапқы деп сипаттауға болады. Сондықтан Қазақстанның жаңа
деңгейге шығуы үшін осы салаларда өзіндік кемшілігін және транспорттық технологияны халықаралық жобада
тиімді пайдалана білуі қажет.Қазақстанда 2003 жылдан бастап Білім және Ғылым Министрлігі фундаментальді
зерттеулер аймағында, индустрия және сауда министрлігінің «2006 – 2008 жж. жаңа материалдарды әр түрлі
бағдарламалар тағайындау», Білім және Ғылым Министрлігі «Қазақстан Республикасының 2007-2009 жж.
наноғылым және нанотехнологияның дамуы» бағдарламалары бойынша наноқұрылымдық зерттеулер жүргізілуде,
ал наноматериалдар және нанотехнологиялардың қолданбалы зерттеулеулері жүргізілді.Осы нанотехнология
аймағындағы «Назарбаев-Университеті» жеке меншік ұлттық зертханасы, әл-Фараби атындағы КазҰУ ұлттық
нанотехнологиялық зертхана базасындағы физика-техникалық интитутының зертханасы, М. Дулати атындағы
ТарМУ инженерлік бағыттағы зертханасы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, әл-Фараби атындағы КазҰУ, Қ. Сәтбаев
атындағы КазҰТУ, АҚ «ЖҒМКБО», Д. Серікбаев атындағы БҚМТУ, сондай-ақ С. Аманжолов атындығы БҚМУдегі
Ұлттық ғылыми лабораториялар ғылыми-техникалық тапсырмаларды шешудегі маңызды бағытына әсер етіп жатыр.
Тірек сөздер: наноғылым, наноматериадар, нанотехнология, наноиндустрия, наноқұрылым, нанобөлшек,
нанобиотехнология.
Sammury
Prospects development of nanotechnologies in Kazakhstan
In the article is considered prospects of development of a nanoscience and nanotechnologies in world practice and
Kazakhstan. Leaders in absolute measures of development of a nanoscience, technologies, extent of industrial development
and commercialization of development of nanotech industry are such countries as the USA, Japan, the European Union
countries, and also Russia. The level of development of nanotechnologies in Kazakhstan can be characterized as initial.
Therefore for an exit to modern level Kazakhstan needs to find the niches in this branch and competently to apply a transfer of
technologies within large international projects.In Kazakhstan, since 2003 researches of nanostructures within basic
researches of the Ministry of Education and Science, programs of the Ministry of the industry and trade "Development of
perspective new materials of different function for 2006 - 2008", the Ministries of Education and Science "Development of a
nanoscience and nanotechnologies in the Republic of Kazakhstan for 2007-2009" are conducted, applied researches on
nanomaterials and nanotechnologies are conducted. Considerable contribution in the solution of scientific and technical tasks
in the sphere of nanotechnologies national laboratories, in particular, national nanotechnological laboratory on base are urged
to bring "Nazarbayev University", TREASURY of al-Farabi, laboratory of Physics and technology institute, laboratory of an
engineering profile at TARGU of M. Dulati, YuKGU of M. Auezov, TREASURY of al-Farabi, KAZNTU of K. Satpayev,
JSC TsNZMO, of VKGTU of D. Serikbayev, and also National scientific laboratory at the East Kazakhstan state university of
S. Amanzholov.
Keywords:
nanoscience,
nanomaterials,
nanotechnology,
nanotech
industry,
nanostructure,
nanoparticle,
nanobiotechnology.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж.
37
УДК 378.147.88
CИРЕК ЖӘНЕ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ САЛАСЫНДА
БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІ ХИМИК-ТЕХНОЛОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ
Исмаилова А.Г. – аға оқытушы, х.ғ.к., makon72@mail.ru
Долгова Н.Д. – аға оқытушы, х.ғ.к.,
natalya_dolgova_@mail.ru
Бадавамова Г.Л. – доцент, х.ғ.к.,
gul-luk@mail.ru
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Аңдатпа. Мақалада жоғары дәрежелі мамандарды дайындау үшін арнайы кәсіби бағыттағы пәндер курсын,
соның ішінде сирек элементтер технологиясы курсын меңгеру және оның тәжірибемен ұштасу мәселелері
баяндалған. Республикамыз түсті және сирек металдардың шикізат қорларына бай. Қазіргі заманда олар ғылым мен
техниканың түрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданыс табуда. Сондықтан, шикізат құрамындағы бағалы
компоненттерді мүмкіндігінше толығымен бөліп алу өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып табылады. Мәселенің
шешімдері ретінде шикізатты кешенді өңдеу, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялық сызбалар құрастыру,
бір өндірістің қалдықтарын пайдалана алатын екінші циклды жұмыс істейтін өндіріс орындарын ашу сияқты
ұсыныстар өзінің болашағынан үлкен үміт күттіреді. Әрине, осы ұсыныстарды жүзеге асыратын бірден-бір маман –
химик-технолог. Ол оқу барысында алған білімін тәжірибемен сәтті ұштастыра отырып, жоғарыда аталған мәселелер
бойынша қосымша зерттеулерге көңіл бөліп, технологиялық сызбаларды жетілдіруге өз үлестерін қосуы қажет. Осы
мақсатта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде арнайы пәндерді оқыту арқылы болашақ технолог
мамандарға осы дағдыларды қалыптастыру және құзыреттілік бойынша алынған дағдыларды тәжірибемен бекіту
жөнінде көп жұмыстар атқарылуда.
Тірек сөздер: негізгі оқу бағдарламасы, технолог, шикізатты өңдеу, құзыреттілік, элективті пән, инновациялық
технология.
Қазіргі жағдайда ғылыми зерттеу және өндірістік зертханалардағы химиялық талдау жүргізетін
мамандарға қойылатын талаптар күшеюде, оның себебі – қолданылатын техникалық-аппаратура
маркасының жаңалануына, зерттелетін аумақ көлемінің ұлғаюына және талдау нәтижелерінің
дұрыстығына қойылатын талаптың артуына байланысты болып отыр. Сол себепті жоғары дәрежелі
мамандарды дайындау үшін арнайы кәсіби бағыттағы курс пәндерін, соның ішінде сирек элементтер
технологиясы аумағын тереңдете оқытып, оның тәжірибемен тығыз байланысуын қадағалан жөн.
Қазақстан Республикасы түсті және сирек металдардың, сонымен қатар көптеген басқа бағалы
пайдалы қазбалардың жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады. Республикада жоспар бойынша тез
дамып келе жатқан кен өндірісі өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етуді әрі қарай өсіру жолында
бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Алайда қазірде Қазақстанда өндірілетін кеннің жалпы массасының
үштен бірі жоғалып, ал 50% астамы кен орындарын өңдеу кезінде бос жыныстардың көптеп шығарылуы
нәтижесінде құнсызданады.
Шикізатты кешенді қолдану мәселелері шешімінің басты бағыттарының бірі – кен орындарын өңдеу
жүйелері мен аса қолайлы әдістерін табу және енгізу; шикізат құрамындағы пайдалы компоненттерді
максималды толық бөліп алуға мүмкіндік беретін минералды шикізатты өңдеудің технологиялық
сызбанұсқаларын құрастыру және енгізу болып табылады. Жоғары техника-экономикалық көрсеткішті
қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруда жаңа технологиялық процестерді ойлап табуға ерекше көңіл
бөлінуде.
«Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша даму бағытының бірі – инновациялық индустриализациялау
бағыты бойынша табиғи секторлардан өнім алу тиімділігін арттыру. Олар – біздің шынайы бәсекелестікке
қабілеттіліктеріміздің артықшылығы, яғни мұнай-газ секторының экспорттық потенциалын сақтай
отырып, шикізатты алу және қайта өңдеудің жаңа бағыттары[1]. Ғылымның дамуына үлкен үлесін
қосатын, яғни электроникада, лазерлік техникада кеңінен қолданылатын, коммуникация және
медициналық құралдардың құрамына кіретін - сирек жер металдарын өңдіру мәселелерін шешу керек.
Осыған орай мақаланың мақсаты кәсіби бағыттағы пәндер үшін орындалатын зертханалық жұмыстардың
маңыздылығын көрсету жәнe өндістік тәжірибе ерекшелігін айқындау.
Химиялық технология дегеніміз шикізатты және оның аралық өнімдерін химиялық өңдеудің әдістері
мен процестері туралы ғылым. Өңдеу арқылы заттар немесе қосылыстар алу үшін орындалатын барлық
процестер өздерінің әртүрлілігіне қарамастан бірнеше топқа бірігеді: химиялық, гидромеханикалық,
жылулық, масса алмастыратын және механикалық процестер және олардың барлығында ұқсас аппараттар
қолданылады. Химиялық технология барлық өндірістік және техника саласында кеңінен қолданылады.
Соның ішінде химиялық өндіріс күрделі құрылымды және онда көбіне көрсетілген процестердің барлығы
кездеседі. Сол себепті химиялық өндірісте еңбек ететін мамандарға жыл сайын талаптар күшеюде.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г.
38
Химик-технолог мамандығының қолданылу аумағы кең және оның білімі жан-жақты болуы қажет. Ол
заттар мен қосылыстарды алудың әдістерін және олардың анықталуының химиялық, физикалық, физика-
химиялық тәсілдерін ажыратып түсіне білуі керек [2]. Бұл бағытта білім алған мамандар өндірістің
әртүрлі салалы кәсіпорындарында, ғылыми орталықтарда және зерттеу зертханаларында жұмыс істей
алады. Олардың міндеті - жаңа қосылыстарды алу жолдарын білу.
Маман даярлау барысында білім беретін жоғары оқу орындары кредиттік технология оқыту жүйесі
бойынша әр мамандықтың оқу-әдістемелік кешенін даярлайды [3]. Ол білім беруге ыңғайлы
ұйымдастырылған модульды оқу бағдарламаларын негізінен мынадай топқа біріктіреді: жалпы міндетті
модуль – мамандықпен тікелей байланыссыз жалпы құзыреттілікті қамтамасыз ететін базалық пәндер
жүйесі; мамандық бойынша міндетті модуль – кәсіби құзыреттілікті қамтамасыз ететін мамандықтың
негізін қалайтын базалық және профильді пәндер жүйесі; арнайы мамандық үшін таңдау модулі –
мамандық саласында құзыреттілікті қамтамасыз ететін профильді жеке пәндер жүйесі; біліктілікке
(мамандыққа) байланыссыз таңдау модулі – мамандыққа жатпайтын қосымша құзыреттілікті қамтамасыз
ететінпәндер жүйесі (ақпараттық технологиялар, шет тілі). Құзіреттілік дегеніміз әр студенттің
бәсекелестікке қабілеттілігі, жаңа білімді қабылдау мүмкіндігі және оны практикада қолдана алуы, яғни
білім алу арқылы әрбір жеке студенттің қабілеттілігіне орай әрекетке дайын бола білуі. Құзіреттілікті
қалыптастыруда арнайы таңдау пәнінің ролі зор, элективті немесе таңдау пәні (латын тілінен аударғанда –
таңдамалы деген мағынаны береді) – ол кәсіби білімділікті арттыратын пән. Оқу барысында студент
таңдап алған элективті пән міндетті түрде оқытылуы керек және студенттің мамандығына байланысты ол
белгілі аумақтағы біліктілікке, тәжірибені орындау дағдыларына ие болуы керек.
Кәсіби пәндердің мақсаты – дайын өнімнің сапасын қадағалау үшін қолданылатын заманауи әдістерді
оқып үйрену және жалпы мәселелерді қарастыру, зауыт зертханаларында аналитикалық бақылауды
ұйымдастыру. Міндеттері – өндірістің аралық және соңғы өнімдер (кендер, минералдар, флюстар,
шлактар, металдар мен құймалар) және шикізаттың құрамына кіретін химиялық элементтердің және
олардың қосылыстарының қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; - қазіргі заманғы минералды
шикізатты өндіруде және металлургиялық кәсіпорындарда кеңінен қолданылатын талдаудың негізгі
әдістерін оқып үйрену; - минералды шикізатты талдауда қолданылатын үлгілерді дайындау және алдын-
ала үлгі алу әдістерімен танысу; - өндірістің аналитикалық бақылауын ұйымдастыру, соның ішінде
аналитикалық бақылаудың автоматталған жүйелерін ұйымдастыруын қарастыру; білім алушылардың оқу
аяғында кәсіби біліктілігін қалыптастыру арқылы нақты таңдау жасай білуін және таңдаған аумағында
табысты еңбек ете алатындай қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Кез келген химиялық талдау орындау үшін зерттеуші тәжірибені жоспарлай және зерттеу жүргізудің
сатыларын ұйымдастыра білуікерек, соған байланысты мынадай факторларға көңіл бөлу керек: -
зерттелетін үлгінің химиялық құрамына; - лабораторияның қажетті аппаратурамен қамтылуына; - сәйкес
реагенттердің болуына; - зерттелетін үлгілердің мөлшеріне; - талдаудың қажетті дәлдікке байланысты
орындалуы. Дегенмен де талдау әдісін орындаудың жалпы рецептісін беру мүмкін емес: талдауды
атқарушының химиядан кең ой-өрісі болуы керек және ол әдістің шектеулері мен артықшылықтарын
білуі керек.
Қазіргі кезде шикізатты кешенді пайдалану мәселесі мемлекеттік техникалық саясат деңгейіне
көтерілді. Сонымен қатар, келесідей күрделі ғылыми-техникалық міндеттер қатарын шешуге тура келеді:
жаңа технологиялық процестерді сынап, енгізу; ескірген қондырғыларды жаңартып, алмастыру. Аталған
міндеттердің ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету үшін ғылыми және жобалы зерттеулердің
тиімділігін арттырып, алынған нәтижелердің өндіріске енгізілуін жеделдету керек.
Біздің кафедрада, яғни әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық
химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында студенттер екі жеке білім траекторияларымен
«Сирек элементтердің химиясы және технологиясы» және «Бейорганикалық заттардың электрохимиялық
технологиясы» модульдары бойынша білім алады. Осы берілген модульдың бірінші түріне сәйкес келетін
кафедра студенттері үшін арналған арнайы кәсіби бағыттаушы бірнеше таңдамалы пәндер бар, соның
ішінде «Минералды шикізатты қайта өңдеудегі аналитикалық бақылау» және «Аналитикалық химиядағы
бөлу және концентрлеу әдістері» курсыпәндерінің зертханалық жұмыстарын ұйымдастыру барысында
қамтылған және студенттерге болашақ маман ретінде септігін тигізетін бағыттары:
- үлгі алу және үлгіні алдын-ала дайындау;
- үлгінің құрамын құрылымдық талдау;
- үлгіні ерітіндіге ауыстыру жолдары;
- үлгіні бөлу және концентрлеу;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж.
39
- үлгіні әртүрлі химиялық, физика-химиялық әдістермен талдау;
- бақылауды мемлекеттік стандартқа сай орындау;
- стандартты ерітінділерді дайындай білу;
- мемлекеттік құжаттарға сәйкес зертханалық жұмыс ұйымдастыра білу;
- алынған зерттеу нәтижелерін метрологиялық өңдей білу және нормативті-құқықтық құжаттарға
сәйкес әзірлеу.
Сонымен, химиялық технология мамандығы бойынша кәсіби бағыттағы арнайы курс пәндері үшін [4]
зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың келешегі талдау химиясының дамуымен қатар төмендегідей
бағытта орындалуы тиіс:
- "дәл сол орында" талдау, зертханалық талдаудан зерттелетін объект орналасқан жердегі талдауға
масштабты ауысу;
-шағындық,өлшенділердің, аликвоттың, анализге қажетті құрылғылардың мөлшерінің азаюы –
аналитикалық химияның дамуының үздіксіз үрдісі;
- компонентті анализ орнына үлгіні толық танып білу, аналитикалық белгі арқылы түрлерді, жасанды
нейронды желілерді танып білу теориясын, сонымен қатар, заманауи математикалық қабылдауларды
қолдану арқылы өңделетін көп жекеленген газды сенсорлардан тұратын құрылғыны пайдалану;
- автоматтандыру және компьютерлендіру, автоматтандыру аналитикалық циклде жалпы таралады,
оған үлгілерді сұрыптау, өлшеу, анализ нәтижелерін өңдеу, оларды белгілі түрде шығару және т.б.,
осылардың барлығын да қамтиды. Компьютерлендіру анализге мүлдем жаңа принципиальды бағыттарды
ойлап табуға мүмкіндік береді;
- аналитикалық реакцияларды күшейту,физикалық жазықтықтардың химиялық процестің бағытына
әсері, ультрадыбыс пен радиоактивті сәулеленудің әсерімен салыстыру;
- заттық анализ және басқа "стандартты емес" тапсырмалар,зерттеудің бұл түрінде зат
құрамында компонент қандай күйде болатынын анықтауға болады.
- талдау дәлдігін және оның сезімталдығын арттыру.
Біздің кафедрада, яғни аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология
кафедрасында студенттер жан-жақты бағытта білім алады және оқу бағдаламасына сәйкес химик-
технолог мамандығының студенттері теориялық білімдерін өндірістік тәжірибемен ұштастырады. Жеке
білім траекториясы бойынша өндірістік тәжірибеге 2 және 3 курстарда 2 кредит(5апта), ал 4 курста
4кредит (10 апта) бөлінген. Кафедрадағы студенттер өндірістік тәжірибені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жанындағы ШҚЖ ЕМК «Физико-химиялық зерттеу және талдау әдістер орталығы» және ШҚБ «AIM
Lab» орталықтарында өтеді, бұл орталықтағы зертханалар заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен
жабдықталған және зерттеушілердің құрамы химиялық өндіріс технологиясында химиялық талдау
орындай алатын жоғары білікті мамандардан құралған. Осы бағытта маманданған студент немесе түлек
инновациялық технология мен химиялық процестің негізгі мәселелерін түсініп, экономикалық тиімділігін
есептей отырып, өндірістік практикадағы зертханалық тәжірибесін қолданып анықтаудың ықтималды
жағдайларын таңдай алады.
Сонымен, мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық
химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында жасалған оқу бағдарламасы мен өндірістік
тәжірибе негізінде даярланатын болашақ химик-технолог мамандарға белгілі арнайы пәндерді оқыту
арқылы олардың Қазақстан Республикасының шикізат кендерін кешенді өңдеу, қалдықсыз немесе аз
қалдықты технологиялық сызбаларды құрастыру, жүйелі жұмыс істейтін өндірістіккәсіпорындарда
жемісті еңбек ету жолындағы мүмкіндіктері қарастырылған.
1. Жолдау әрбіріміз үшін маңызды. Қазақ университеті, №2(1513), 21 қаңтар, 2014. – 3 б.
2. Swartz, R.J. Teaching students to think. Energizing Learning / R.J. Swartz // Educational Leadership. 2008. - Vol. 65. -
No.5. - P.26 -31.
3. Shapiro, H.T. Sense of purpose: Higher education / H.T. Shapiro. New York: Princeton University Press, 2005. -
202 p.
4. Willingham, D. Critical thinking. Why is it so hard to teach? / D. Willingham // American Educator. 2007. - No3. -
P. 8 - 19.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г.
40
Резюме
Подготовка конкурентоспособных химиков-технологов в области технологии
редких и редкоземельных металлов
Наша республика богата сырьевыми запасами цветных и редких металлов. В настоящее время они находят
широкое применение в различных сферах науки и техники. Поэтому, глубокое извлечение ценных компонентов из
минерального сырья представляет важную и сложную задачу. Большие надежды возлагаются на открытие
предприятий, которые смогут использовать отходы других производств, также разработки комплексной переработки
сырья, технологические схемы малоотходной и безотходной технологии. Специалисты, в силах которых воплотить
данные предложения – химики-технологи. Они должны внести вклад в усовершенствование технологических схем,
использовать полученные знания на практике и проводить исследования в вышеуказанных задачах. С целью
формирования этих компетенций у будущих специалистов-технологов и использования своих знаний на практике в
Казахском Национальном университете в учебные программы включены специализированные дисциплины.
В данной статье сделан акцент на необходимость связи производственных практик с курсом предметов специа-
лизированного направления при подготовке конкурентоспособных химиков-технологов в области редких и
редкоземельных металлов.
Ключевые слова: основная учебная программа, технолог, переработка сырья, компетентность, элективная
дисциплина, инновационная технология
Summary
Training of competitive chemical engineers in the field of rare and rare earth metals
Our country is rich in reserves of raw materials of nonferrous and rare metals. Currently, they are widely used in various
fields of science and technology. Therefore, a profound recovery of valuable components from mineral raw materials is an
important and challenging task. Big hopes have been anchored for the opening of enterprises that can use waste from other
productions, as well as the developments in complex processing of raw materials, technological schemes of low-waste and
non-waste technologies. Specialists that are able to implement these proposals are chemical engineers. They should contribute
to the improvement of technological schemes, use this knowledge in practice and conduct research on the above-mentioned
problems. In order to generate these competences among future engineers and specialists that will help them to use their
knowledge in practice, specialized disciplines have been included in the curriculum in Kazakh National University. This
article emphasizes the need of the link between production practices and the course of disciplines of specialized direction in
the training of competitive chemical engineers in the field of rare and rare earth metals.
Keywords:core curriculum, engineer, processing of raw materials, competence, elective discipline, innovative technology.
УДК 542.81:546.593;546.92;546.98
СОРБЦИЯ ЗОЛОТА, ПЛАТИНЫ И ПАЛЛАДИЯ КОКОСОВЫМ АКТИВИРОВАННЫМ
УГЛЕМ ИЗ СОЛЯНОКИСЛЫХ РАСТВОРОВ
Долгова Н.Д. – старший преподаватель, к.х.н, natalya_dolgova_@mail.ru
Кудреева Л.К - доцент, к.х.н, kudreeva@mail.ru
Проценко О.А. - магистрантка 1 курса, Oksana_kz9@mail.ru
Локтева М.С.– бакалавр, mariya.m.s@mail.ru
Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Аннотация. Изучено влияние рН растворов на сорбцию платины, золота и палладия кокосовым
активированным углем. Данный сорбент имеет развитую удельную поверхность, с большим количеством мезо-и
макропор. На поверхности сорбента преобладают оксиды основного характера, которые в кислых растворах
взаимодействуют с введенной кислотой. Чем меньше кислоты в растворе, тем более заметно изменение кислотности
водной фазы, при этом извлечение металлов заметно снижается. Условия количественного извлечения металлов: Pd
и Au - рН=1,7; Pt - рН=2,2.Определена СОЕ для золота, платины и палладия. Золото, платину и палладий можно
извлекать количественно кокосовым активированным углем в присутствии меди, цинка и железа. Для разработки
методик анализа без проведения процессов интенсификации, сорбция золота, платины и палладия КАУ не может
быть рекомендована, вследствие необходимости значительного времени количественного извлечения. КАУ может
быть использована для извлечения платины, палладия и золота из технологических растворов.
Достарыңызбен бөлісу: |