Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы


Key words : education , public education , higher education, secondary and secondary schools      ӘОЖ: 37.018.11-053.81



Pdf көрінісі
бет26/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52

Key words : education , public education , higher education, secondary and secondary schools 
 
 
ӘОЖ: 37.018.11-053.81 
 
ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫ ӨМІРІНЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ  
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жиентаева Б.Ж. 

 п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті, 
Жанзакова М.К. 

 Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 1-курс магистранты 
 
Мақалада  болашақ  мамандарды  кәсіби  тұрғыда  даярлаудың,  білім  беру  жүйесінің  бағыттарының  бірі  ретінде 
отбасылық  өмірге  дайындаудың  ерекшеліктері,  негізгі  мәселелері  және  педагогикалық-психологикалық  негіздері 
қарастырылады.  Сонымен  қатар,  студенттерді  отбасылық  өмірге  дайындау  білім  берудің  әлеуметтік  бағыттары 
ретінде қарастырылады.  
Түйін сөздер: отбасылық өмір, білім берудің әлеуметтік бағыты, отбасылық қарым-қатынастар. 
 
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» стратегиялық бағдарламасында және Қазақстан халқы-
на  Жолдауында:  «Біз  жергілікті  деңгейде  де  отбасын,  әйелдің  жүкті  кезін  және  балаларды  тәрбиелеуді 
қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Неке мен отбасы институтын  нығайтудың жолдарын мұқият 
талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз 
келсе,  жұбайлардың  бір-бірінің  алдындағы,  ал  ең  бастысы,  балалардың  алдындағы  жауапкершілігін 
күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болған-
да, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда – еліміз үшін алаңдамауға да болады... Қандай жағ-
дайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына 
түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ 
жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз», - деп атап көрсетті. 
Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі – отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, 
отбасылық-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. 
Қоғамдағы  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  және  құқықтық  қатынастардағы  елеулі  өзгерістер  білім 
беру  үрдісіндегі  бағыттар  мен  талаптардың  мазмұнындағы  жаңа  бетбұрыстардың  қалыптасуына  ықпал 
етуде. Жоғары оқу орындарында білім беру стратегиясының басты мақсаты жас ұрпаққа сапалы білім мен 
тәрбие беруді әлемдік және ұлттық білім беру жүйесінің озық үлгілеріне сай, мәдениет пен ғылымның 
соңғы  жетістіктері  негізінде  қалыптастыруды  қамтамасыз  етуге  бағытталады.  Сонымен  қатар  болашақ 
маманның рухани қуаты мол, дүниетанымы кең, ой-өрісі биік парасатты, саналы азамат және жеке тұлға 
ретінде  қалыптасуына  ықпал  ету  барысында,  ұлттық  құндылықтарды,  этникалық  саналылық  қағидала-
рын,  ел  мен  жердің  шежіресін,  жалпы  адамзаттың  мәдени  құндылықтары  мен  мұрасын  қастерлеу 
бағыттары ескерілуі тиіс.  

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
161 
Болашақ мамандарды даярлауда білім негіздерін ғана үйретіп қоймай, олардың кәсіби даярлықтары-
ның, кәсіби бағдарлануы және дағдыларының қалыптасуына аса мән беріледі. Осыған орай студенттерге 
білім  беру  үрдісінде  теориялық  мәселелерді  терең,  тиянақты  және  шығармашалықпен  меңгерулеріне 
жағдай жасап, өздерінің шығармашылық бастамаларын қолдап отырудың маңызы зор. Оқыту үрдісінде 
студенттердің  жаңа  педагогикалық  инновацияларды  қабылдап,  оларды  шығармашалықпен  ұштастыра 
білу дағдыларына үйрету сыни ойлауға машықтандырумен байланысты.  
Қоғамдағы әлеуметтік маңызға ие болып отырған ұстанымдар қатарында ғылым мен өндірістің бар-
лық  салаларында  қызмет  атқаратын  болашақ  мамандарды  даярлауды  сапалық  және  тұлғалық  жағынан 
жетілдіру мәселелері айтылады. Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбиелеу шараларын жаңа 
сипатта, жаңа әлеуметтік қажеттіліктерге сай бағытта жетілдіруді ұлттық құндылықтар мен ұлттық дәс-
түрлер негізінде жүзеге асыру уақыт талабы болып отыр өйткені, жеке адамның қалыптасуы ұлттық тағы-
лымдардың бағыттарына сай оның саналы әрекеттеріне, моральдық - адамгершілік қасиеттеріне, дербес-
тігіне, мінез-құлқының ұстамдылық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. 
Психолог  ғалымдар  тұлғаның  қоғамдағы  әлеуметтік  ортаға  араласуы  барысында  оның  өзіндік  көз-
қарастары негізінде жеке бағыттары, бағдарлануы, болашақ өмірлік іс-әрекеттеріне байланысты жоспар-
лары мен саналы әрекеттері, жеке дара тұлғалық ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтары, дербестігі 
қалыптаса бастайтынын зерттейді. Бұл болашақ  мамандығына керекті білімді, шеберлікті және тәжіри-
белік іс-әрекеттерді талап ететін кәсіби даярланудың бастапқы кезеңіне сай келеді. 
Болашақ мамандарды биік адамгершілік қағидаларға сай тәрбиелеуде ұлттық ұстанымдардың, халқы-
мыздың рухани асыл мұраларының, тарихи жәдігерлердің орны ерекше, ұлттық тәрбие мен тәлім құнды-
лықтарын білім беру үрдісімен ұштастырудың елжанды, ұлттық болашағы үшін қызмет ететін мамандар 
даярлаудағы ықпалы зор. 
Халқымыздың  тәлімдік,  даналық  және  тәрбие  мектебінде  болашақ  ұрпақтың  бойындағы  ар-ұят, 
намыс,  әдеп  сезімдерін  дамыту,  ізгі  адамгершілік,  отаншылдық  қасиеттерге,  еңбексүйгіштікке  баулу 
мәселелері  қарастырылады,  ғасырлар  бойы  жаңғырып  келе  жатырған  халқымыздың  тәрбие  бағыттары 
адамгершілікке негізделіп, ұрпақтың ой-өрісі мен дүниетанымын арттыру үшін, оларға білім беруді басты 
қағида ретінде ұстанған. Халқымыздың рухани құндылықтары ретіндегі тәлім-тәрбиеге байланысты осы 
бағдарларын ескере отырып, қазіргі заман талабына сай болашақ мамандардың өркениеттің үздік мәдени 
және білім үлгілеріне сай  білімдар болуына, адамзатқа ортақмәдени  мұралардан хабардар болып, әлеу-
меттік  және  қоғамдық  сұраныстарға  орай  бәсекеге  қабілетті  маман  ретінде  қалыптасуына  ықпал  ету 
уақыт талабы болып отыр. 
Білім  берудің  ғаламдық  жүйесінде  де  өскелең  ұрпаққа  өз  ұлтының  мәдени,  рухани  және  дәстүрлік 
құндылықтарын терең ұғындыра отырып, олардың этникалық санасын қалыптастыруға, ұлттық дәстүр-
лер  негізіндегі  тәрбие  бағыттарына  маңыз  берілуде.  Тәрбиелеу  үрдісіндегі  ұлттық  нақыштар  болашақ 
маманның  жеке  тұлғасын  тәрбиелеуде  ұлтқа,  барлық  ұлттарға  және  адамзатқа  тән  тәрбие  мұраларын, 
этномәдени құндылықтарды және адамгершіліктің биік қағидаларын қолдануды қарастырады. 
Жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісіндегі әлеуметтік және тұлғалық бағыттардың бірі ретін-
де студенттерді отбасылық өмірге дайындау мәселелері маңызды болып отыр, өйткені қоғамдағы әлеу-
меттік сұраныстар білім берудегі осы бағыттарды жетілдіруді талап етуде [21-23. Б. 1].  
«Отан - отбасынан басталады» дегендей кез-келген қоғамда болашақ қоғам мүшелерін, елдік дәстүрді 
ардақтайтын және сақтайтын мұрагерлер тәрбиелеуге, халқын, туған жерін ардақтайтын ұлтжанды азамат 
тәрбиелеуге үлкен мән берілген. 
Ұрпақ тәрбиесі, отбасылық қарым-қатынастар мемлекеттің ең өзекті мәселелері қатарынан саналады, 
жас  ұрпақтың  қалыптасуында  отбасының  алатын  орны  ерекше  екендігі  Қазақстан  Республикасының 
«Отбасы  және  неке  туралы»  Кодексінде  отбасының  бала  тәрбиелеудегі  орны  мен  маңызы  жан-жақты 
тұжырымдалған. 
Елбасы  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  және  «Қазақстан-2030»  старатегиялық 
бағдарламасында:  «жас  шамасына  қарай  жүргізілетін  саясатта  біз  жастар  мен  жеткіншек  ұрпаққа,            
сондай-ақ, жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз» деп атап көрсетілді. 
Жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі болашақ мамандарды кәсіби бағдар мен кәсіби даярлық 
тұрғысынан  ғана  даярлап  қоймай,  олардың  өмірдегі  өз  орындарын  тауып,  «Сенде  бір  кірпіш  дүниеге, 
кетігін  тап  та,  бар  қалан»  деп  дана  Абай  айтқандай  адал  еңбекті  мұрат  етіп,  белсенді  қызмет  етуіне, 
отбасын құрып, адал да сенімді жолдас болып, ұрпақ өсіруіне яғни қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық 
саласына әзір болуына ықпалды болуы қажет. Студенттерді отбасылық өмірге дайындаудың бағыттарын 
түрлі мазмұнда қарастыруға болады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
162
 
 
Жалпы білім беру үрдісінің басты ұғымдары оқыту, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту болғандықтан, 
болашақ  мамандарды  отбасына  дайындау  тікелей  мәселе  ретінде  қойылмайды.  Отбасылық  қарым-
қатынас,  отбасын  құру  тұлғаның  жеке  әлеуметтік  бағыт-бағдары  ретінде  қарастырылғанымен,  студент-
терді  отбасылық  өмірге  дайындау  білім  берудің  әлеуметтік  бағыты  немесе  қызметі  ретінде  маңызды 
болатыны анық. 
Бірқатар  ғалымдардың  еңбектерінде  отбасылық  өмірдің  ерекшеліктері,  отбасы  психологиясының 
мәселелері, некелік қатынастар туралы зерттелген (Ф.Бизақова, И. Қарақұлов, Г.Исаева т.б.). 
Қазір отбасына деген көзқарас қандай? Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуі, ажырасу санының көбеюі 
және осыған байланысты баланың панасыз да қараусыз қалу санының өсуімен қатар отбасына әлеуметтік 
қаупі барынша төнуде. Некеге тұру мерзімі 28-30 жасқа дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек 
төрттен бір бөлігін ғана сау деп есептеуге болады.  
Ата-аналардың көбі балаларын жатсынуынан дарашылдық пиғылдың етек алуы, балалардың бетімен 
кетуі және т.б. байқалған дағдарыстан шығудың жолын қарастыру туралы түсінігі жоқ. Одан басқа ақыл-
ой  және  мүше  дамуының  кемшілігі  бар  балалар  саны  өсті.  Елде  нашақорлық  өсіп  барады,  балалар 
маскүнемдігі азаймай отыр, ЖИТС (СПИД) ауруы қатты қауіп-қатер төндіріп тұр. 
Сондықтан  жастарды  отбасы-некелік  өмірге  дайындаудағы  басты  педагогикалық-психологиялық  іс-
әрекет – отбасы туралы көзқарастарын қалыптастыру, отбасы туралы толық білім беру және отбасындағы 
үлгілі іс-әрекеттерге тәрбиелеу болып табылады. Отбасы мен неке туралы ғылыми әдебиеттерде жыныс-
тық қызметті биологиялық құбылысқа жатқызу қабылданған. Алайда отбасындағы жыныстық қызметті 
көбірек,  толық  қарастырсақ,  ол  биологиялық  қана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік  қызмет  екенін,  бұл 
отбасындағы  басқа  әлеуметтік  қызметтермен  қатар  қоюға  құқық  береді  деген  қорытындыға  келуге 
болады [168-172. Б. 2]. 
Болашақ  мамандарға  білім  беру  жүйесінің  қызметінің  бірі  ретінде  отбасылық  өмірге  дайындаудың 
педагогикалық-психологиялық  негіздерін  қарастыру  барысында,  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдайлардың 
тұрақтылығы  және  қоғамның  орнықтылығы  ең  алдымен,  қоғамдағы  отбасылық  қарым-қатынастарға, 
отбасылық мәселелердің орнықтылығына тікелей байланыста болатынын ескеру қажет. Отбасының тәр-
бие  институты  ретіндегі  маңызы  жоғары,  өйткені  жеке  тұлға  отбасында  өмірге  келеді,  оның  ержетіп, 
тұлға ретінде қалыптасуына да отбасы ұзақ, мағыналы тәрбиелік ықпал етеді. Жеке тұлғаның қалыптасуы 
мен дамуы отбасы жағдайына тікелей байланысты болатыны түрлі зерттеулерде қарастырылған [3].  
Отбасы тәрбиесі тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуына әсер етеді. Отбасындағы қолдау мен өзара 
сенім тұлғаның мінез-құлқының орнықты болып қалыптасуына да ықпал етеді.  
Белгілі  ғалым  А.Б.  Харчев  отбасы  ұғымына  «отбасы  жеке  тұлға  мен  әлеуметтік  өмір  арасын  байла-
ныстырушы  аралық  тізбек  болып  табылады»  деп  анықтама  береді.  Осыған  орай,  отбасының  тәрбиелік 
қызметінің  психологиялық  тұрғыдағы  ықпалы  өте  зор  және  отбасы  мүшелерінің  өзара  сенімді  сыйлас-
тыққа және құрметке негізделген қарым-қатынасынан тұлғаның қоғамға, өзгелерге деген оң көзқарастары 
қалыптаса бастайды деп есептейміз. Сондықтан, студенттерді отбасылық өмірге дайындауда отбасындағы 
тұлға  аралық  қатынастарда:  өзара  сыйластықты  сақтау,  үлкенге  құрмет  көрсету,  кішіге  үлгі  болудың 
маңызды екенін ұғындыру қажет.  
Адамзат тәжірибесінде ұрпақ тәрбиелеу, отбасын құру дәстүрлері атадан балаға мұра болып келген. 
Осы ұлттық жәдігер ретіндегі отбасы мәселесі қазіргі таңда да жеке адамның ғана емес халықтың, қоғам-
ның және ұлтымыздың ертеңге деген сенімі мен аманатын жалғайтын асыл мұраты болып отыр.  
Студенттерді  отбасылық  өмірге  дайындауда  халықтық  салт-дәстүрлерді,  даналық  қағидаларды 
қолданудың маңызы зор. Сонымен қатар, отбасы мәселелерін, оның қалыптасуы мен даму үрдісін және 
қоғамдағы әлеуметтік маңызы мен қызметін талдау жастардың отбасылық өмірге дайындықтарына тиімді 
ықпал етеді. 
Отбасындағы қарым-қатынастарды және жеке тұлғаның қалыптасуындағы отбасының алатын орнын 
зерттеушілер  отбасындағы  эмоциялық  жағдайлар  мен  ондағы  тұрақты,  өзара  сенімге  негізделген  ахуал 
тұлғаның  кәсіби  әрекетінің  табысты  болуына  оң  әсер  ететіндігіне  назар  аударады.  Олар  отбасылық 
қатынастарды адамның жеке тұлғалық қалыптасуындағы басты фактор ретінде қарастырады [4]. 
Қазіргі  таңда  қоғамдағы  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  өзгерістер  жағдайында  қоғамның 
отбасына  ықыласы  мен  қамқорлығы,  әлеуметтік  жеңілдіктері  мен  қолдаулары  барынша  арта  түсуде. 
Отбасының  қоғамда  алатын  орны,  ана  мен  бала  тақырыбы,  отбасына  жүйелі  түрде  әлеуметтік  қызмет 
көрсету мәселелері туралы нақты шаралары қолға алынып, ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Алайда, осы 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
163 
отбасы мәселесіне қатысты ажырасу санының артуы, демографияның төмендеуі, балалар үйіндегі жетім 
балалардың жағдайы бұл мәселенің өзектілігін айқындай түседі.  
Ғалымдар  отбасын  құрмау  немесе  ажырасудың  себебін  шынайы  іскерлікті  талап  етпейтін  қияли 
сезімдермен байланыстырады. Жастарды отбасылық өмірге дайындауда осындай келеңсіздіктердің алдын 
алу үшін түрлі әлеуметтік қолдаулар көрсету және психологиялық кеңес беру маңызды. 
Қоғамның  әлеуметтік  маңызды  бағыттары  ретінде  отбасының  берік  әрі  тұрақты  болуына  жағдай 
жасау,  отбасылық  қатынастарды  нығайту  мәселелері  қатарында  студенттерді  отбасылық  өмірге  дайын-
даудың негізділігі айқындала түседі. Студенттерді отбасын құруға дайындаудың психологиялық негіздері 
ретінде  олардың  мінез-құлқының  орнықты  болуына  және  сезімдерінің  шынайы  әрі  тұрақты  болуына 
ықпал етуді айтуға болады.  
Студенттердің жалпы отбасылық өмір туралы ұғымымен оң көзқарасы болуының орны бөлек, сонда 
ғана олар отбасын құруға дайын тұлға ретінде шынайы сезім арқылы өмірлік серігін таңдап, үлкен өмірге 
сенімді қадам баса алады,бұл өз кезегінде тұлғадан үлкен ерік-жігерді, қабілетті, өзіне деген сенімді, өзін 
тәрбиелеуді  және  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  Отбасылық  өмірге  дайындаудың  педагогикалық 
мәселелері  қатарында  тұлғаның  бойында  рухани-адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы,  отбасылық 
өмір  туралы  ұғымдарының  болуы,  бала  тәрбиелеудің  заңдылықтарын,  отбасы  құндылықтарын  білуі 
туралы айтуға болады. 
Студенттердің отбасылық құндылықтар туралы ұғымдарын қоғамның әлеуметтік сұраныстарына орай 
жүйелі,  сапалы  түрде  қалыптастыруға  бағытталған  шаралар  жастардың  өз  болашақтарына  деген  сенімі 
мен  жауапкершіліктерін  арттырып,  ата-баба  дәстүрін  жалғастыратын  ұрпақ  сабақтастығының  мұрагер-
лері ретіндегі орнын айқындай түсері анық.  
Жастар  отбасын  құруға  дайындалуда  оның  өздеріне  қатысты  жеке  мәселе  болумен  қатар,  қоғам 
алдындағы әлеуметтік жауапкершілік екенін де сезінулері керек. 
Қоғамның  келешегі,  елдігіміздің  ертеңі  ұлттық  мұраларды,  мәдени  құндылықтарды  қадірлейтін, 
ғылыми білімдер мен кәсіби дағдыларды меңгерген, ақылды және парасатты жастардың отбасылық өмір-
ге жан-жақты дайындықтарына тікелей байланысты. Жоғары оқу орындарында білім беру үрдісінде әлеу-
меттік бағыт ретінде отбасылық өмірге дайындау мәселелерін қарастыру жастардың болашағына дұрыс 
бағдар  береді,  өмірдегі  өз  жолын  адаспай  табуына  ықпал  етеді.  Студенттер  өздерін  отбасылық  өмірге 
дайындауда  әлеуметтік  орта,  кәсіби  мамандар  және  ата-аналары  тарапынан  қолдауды  көріп,  сезінген 
жағдайда олар үлгілі отбасын құруға бар ықыластарын салатыны анық. Сондықтан білім беру үрдісінде 
отбасылық өмірге дайындауға бағытталған білімдік, тәрбиелік және әлеуметтік шаралардың маңызы зор. 
 
1  Бизақов Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. – Алматы: Фолиант, 2010. – 21-23 б. 
2  Отбасы  –  жеке  тұлғаның  қалыптасуын  анықтайтын  фактор.  //  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттік университеті. «Шоқан тағлымы-10» халықаралық ғылыми конференция. ІІ-том. – Көкшетау, 2005. – 
168-172 б. 
3  Бутенова Қ. Некелік өмірге даярлау мәселесінің кейбір қырлары // Қазақстан мектебі.  – №4.  – 2003. 
4  Мандыкаева А. Р., Кенжеғараева А. Б. Отбасылық өмірге қадам басып келе жатқан жастардың қарым-
қатынас мәселесі. // Абай атындағы ҚазҰУ, Хабаршысы. Психология және социология сериясы. №4. 2004. 
 
Резюме 
Жиентаева Б.Ж. – к.п.н., доцент ЕНУ имени Л.Н.Гумилева, 
Жанзакова М.К. –  магистрант 1курса ЕНУ имени Л.Н.Гумилева. 
 
Основные вопросы подготовки будущих специалистов к семейной жизни 
В этой статье рассматриваются особенности, основные вопросы и психолого-педагогические основы подготовки 
к семейной жизни как одно из напралений подготовки будущих специалистов и системы образования. Также, здесь 
рассматривается подготовка студентов к семейной жизни как социальные направления образования.  
Ключевые слова: семейная жизнь, социальное направление образования, семейные отношения. 
 
Summary 
Zhientaeva B.Zh. – Candidate of pedagogic sciences, assistant professor, 
Zhanzakova M.K. –  1
st
 year master student, L.N. Gumilyov Eurasian national university. 
 
The main issues of preparing future specialists for the family life 
This article discusses the features of the major issues and psycho-pedagogical bases of the preparation future specialists 
for family life as one of the  main directions in the educational system. Also, the preparation of students for family life is 
considered as social direction of education. 
Keywords: family life, social direction of education, family relationships. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
164
 
 
ОӘЖ: 378.013.42 
 
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ ЛИДЕРЛІК САПАЛАРЫ  
ӘЛЕУМЕТТІК ТАБЫСТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ  
 
Алимбекова А.А. 

 PhD  докторант,  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Усенова А.М.
 –
 PhD  докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 
Мақалада әлеуметік табыстылық болашақ педагогтардың кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерін қамтамасыз ететін 
лидерлік сапаларын дамытудың маңызды құраушысы ретінде анықталады. Әлеуметік табыстылық болашақ педагог 
тұлғасының  кәсіби-маңызды  лидерлігін  анықтайтын  ұйымдастырушылық,  коммуникативтілік  және  тұлғалық  
сапаларының дамуына тікелей ықпал етеді.  
Бүгінгі студент болашақ педагогтан талап етілетін кәсіби білімдермен бірге мақсаттылық, белсенділік, жауапкер-
шілік,  көпшілдік  т.б.  көптеген  маңызды  лидерлік  сапаларды  меңгеруі  қажет.  Сондықтан  жоғары  оқу  орнында 
студенттің лидерлік сапаларын дамыту өзекті мәселе. Себебі, ол болашақта педагогикалық іс-әрекетті тиімді жүзеге 
асыруға мүмкіндік беріп, әлеуметтік табысты маманның қалыптасуына ықпал етеді  
Түйін  сөздер:  табыс,  табыстылық,  әлеуметтік  табыстылық,  лидер,  лидерлік  сапа,  педагог  тұлғасы,  болашақ 
педагогтың лидерлік сапасы 
 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы ХХІ ғасырда білім мен 
ғылым саласындағы әлемдік білім беру кеңістігіне сәйкес білім алу, жалпы ғаламдық таным мен ойлауды 
дамыту, ұлттың интеллектуалды әлеуетін арттыру, өз іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу 
болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлаудағы  кезек  күттiрмес  мiндеттердің  жүзеге  асырылуында  әртүрлі 
бағыттағы жұмыстар атқаруда. Соның ішінде: түйінді, басқарушылық, әкімшілік және кәсіптік құзырет-
тіліктерді  қалыптастырумен  байланысты  ғылым,  экономика,  техника  және  жоғары  білімнің  модерниза-
циясы бағыттында дайындалған «Жоғары білімдегі қазіргі заманғы лидерлік» (16 ақпан, 2015 жыл) жаңа 
білім беру жобасының бағдарламасы маңызды болып табылады  [1].  
Болашақ  педагогтың  бойында  анықталған  лидерлік  сапалары  қазіргі  заманғы  қоғамдық  нормалар, 
құндылықтар, дәстүрлер жүйесін меңгеру деңгейін көрсететін әлеуметтік табыстылығы.  
Әлеуметтік табыстылық әр түрлі деңгейде көрініс табады: тұлғалық және әлеуметтік жетістіктер дең-
гейінде; ұйымдастырушылық және әлеуметтік лидерлік деңгейінде; әлеуметтік жарыс деңгейінде, карьера 
мен  гендерлік  рөлдер  деңгейінде;  әлеуметтену  және  әлеуметтік  бейімделу  деңгейінде;  әлеуметтік  сапа, 
әлеуметтік  сезім  және  әлеуметтік  жауапкершілік;  әр  түрлі  әлеуметтік  институттар,  құрылымдар  мен 
үрдістер деңгейінде, т.б.  
Осыған орай бүгінде болашақ лидерлерді даярлау мемлекеттің стратегиялық міндеті болып саналады, 
оны шешу жоғары кәсіби білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісінде табыстылыққа жеткізетін лидерлік 
сапаны  және  лидерлік  әлеуетті  дамыту  үшін  психологиялық-педагогикалық  және  ұйымдастырушылық 
шарттарды қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Ол жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-маңыз-
ды  лидерлік  сапаларын  дамыту  мәселесі  бойынша  теориялық,  қолданбалы  сипаттағы  педагогикалық 
зерттеулерді талап етеді.  
Жоғары  білімі  бар  маманның  кәсіби  біліктілік  дәрежесі  бәсекеге  қабілеттілік  деңгейін  анықтайды. 
Яғни жас маманға теориялық білімін тәжірибеде тиімді қолдана алуы лидерлік сапаларына байланысты. 
Бойында лидерлік сапалары дамыған мамандардың теориялық білімдерін практикада сенімді қолдана алу 
мүмкіндіктері басым, сондықтан олар бәсекеге қабілетті келеді. Нарықтық қоғамда  маманның  лидерлігі 
ерекше орынға ие. Сол себепті кез келген жұмыс беруші бойында лидерлік сапалары анықталған  маман-
дарды  жұмысқа алғысы келеді.   
Лидерлік  сапалардың  дамуының  маңызы  рефлексиялық  қабілеттердің  дамуымен,  адамға  жағымды 
ықпал етумен, қоғамға белсенді және жауапкершілік қатынаспен. Қоғамдық мәнді іс-әрекетпен  анықта-
лады. Демек қоғамның білім беру мекемесіне лидер-педагогты, табысқа жетуге қабілетті маманды қалып-
тастыру мәселесі әлеуметтік сұраныс болып табылады.   
Қазіргі  заманғы  педагогтар  іс-әрекетінің  тәжірибесі  көрсеткендей,  бүгінгі  таңда  бәсекеге  қабілетті 
тұлға лидер ретінде дербестік, инициативтілік, ұйымдастырушылық икемділік,  өзін-өзі танытуға, өзін-өзі 
жетілдіруге,  өзін-өзі  дамытуға  қабілеттілік  сапаларын  меңгергені  және  кәсіби  іс-әрекетте  белгілі  бір 
жоғары деңгейде екендігі айқындалады.  

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
165 
Ғалымдардың  (Г.М.  Коджаспирова,  А.Ю.  Коджаспиров,  Р.Л.  Кричевский  және  т.б.)  пікірінше,  осы 
сапа-қасиеттерді меңгерген адамдар лидерді сипаттайды.  
Жалпы  педагог  кәсіби  іс-әрекетінде  балалар  ұжымын  (сыныпты)  басқарады,  әртүрлі  оқу-тәрбиелік 
істерді  ұйымдастырады,  мінез-құлық  үлгісі  ретінде  әлеуметтік  маңызды  тұлғалық  құндылықтарды 
тасымалдаушы болып табылады.  
Кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетті  зерттеудің  теориялық-әдіснамалық  негіздері  адамның  іс-әрекеттері, 
олардың  өзара  байланысы  мәселесі  және  оның  әртүрлі  аспектілері  философияда  (Б.Ф.  Ломов,                        
А.В.  Петровский  және  т.б.),  психологияда  (Б.Г.  Ананьев,  С.Л.  Рубинштейн,  және  т.б.),  педагогикада                
(Х.И.  Лийметс,  Г.И.  Щукина  және  т.б.)  қарастырылады.  Ғалымдар  тұлға  адамның  әлеуметтік  рөлді 
қаншалықты игеруіне, әлеуметтік іс-әрекетке қаншалықты қосылуына байланысты өмір бойына қалыпта-
сып  дамиды  деп  тұжырымдайды.  Философтар  (М.С.  Каган,  Э.Г.  Юдин,  т.б.)  еңбектерінде  адамның  іс-
әрекетінің жетекші ережелері мен қағидалары анықталған.  
Іс-әрекет  қоршаған  әлемге,  мазмұны  оның  тұтастығын  өзгерту  және  қайтадан  құруды  құрайтын 
белсенді  қатынастың  өзіндік  адамзаттық  формасы  ретінде  анықталады.  Білім  беру  саласындағы  іс-
әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы сана мен іс-әрекеттің бірлігі деген психологиялық теорияға негіз-
деледі. Бұл теория бойынша болашақ маман ретінде әрбір студенттің оқу-танымдық іс-әрекетке саналы,  
белсенді қатысуы арқылы өзін-өзі іске асыруы, табысқа жетуі, кәсіби өзін-өзі анықтауы тиіс. Кез келген 
мәселені  тиімді,  дұрыс  шеше  алатын,  еңбек  іс-әрекетіне  және  танымдық  іс-әрекетке  қабілетті,  кәсіби 
білімді тұлға қашанда қоғам талаптарының сұраныстарына ие мамандар болмақ. Әрбір тұлға тек өзінің 
белсенді іс-әрекеті арқылы ғана табысты дами алады.  
А.Байтұрсынов «іс-әрекет атаулары көп болар. Солардың бастылары «өшпес жарық, кетпес байлық» 
даналыққа ұмтылу.  «Өнердің кілті – ғылымда екенін» анық тани отырып, саналы түрде біліммен қару-
лану, сөйтіп жан-жақты толысу. Сөз жоқ білім – ақылдың қазынасы. Дана қашан да біліммен мақтанады. 
Білек бүге алмағанды білім бүгетіні жастарға мәлім», - десе [2], Ш.Құдайбердиев «құбылған әлем жары-
сы, ақылды жанның табысы», - деп тұжырымдайды [3].  
Е.К. Климов табыстылық кез келген әрекеттің маңызды сипаттарының бірі деп тұжырымдай отырып, 
іс-әрекет табыстылығының өлшемдеріне: еңбектің өнімділігі, өнімнің сапасы, жылдамдық, еңбек әрекеті-
нің нәтижелігі, т.б. жатқызады [4, 60 б.]. 
Кәсіби  табыстылық  тұлғаның  болашақ  маман  ретінде  кәсіби  іс-әрекетте  кәсіби  өзін-өзі  танытуының 
шарты, ол субъектінің өз еңбегіне қанағаттануынан көрінеді. Табыстылық тұлға іс-әрекетінің соңғы нәти-
жесіне  және  оның  тиімділігіне  тікелей  байланысты.  Сондықтан  табыс  субъектінің  өзіндік  бағалауының 
және әріптестерінің бағалау өлшемі, лидер ретінде әлеуметтік мойындалуын сипаттайды.  
Лидерлік  қоғам  дамуының  барлық  сатысында  ерекше  орын  алған  мәселе.  Бір  жағынан,  билік  пен 
лидердің  жауапкершілігіне,  оны  мойындау  және  құрметтеуге,  екінші  жағынан,  сол  немесе  басқа  қоғам-
дағы  құндылықтар  жүйесі  мен  мораль  нормаларымен  тікелей  байланысты.  Демек  лидерлікті  қабылдау, 
оны түсіну және оған деген қарым-қатынас мәселесі барлық уақытта өзекті болған. Ал табыстылық -  бұл 
қазіргі заманғы қоғамдағы лидерлік үшін маңызды өлшем.  
Лидерлік көне заманда да, қазіргі кезеңде де философ, педагог, психолог және тарихшы мамандардың 
шұғылданып келе жатқан мәселелерінің бірі. Лидерлік мәселесіне арналған зерттеулер нысаны сан алуан 
түрлі.  Лидерлік  феноменін  зерттеудің  ғылыми  тәсілінің  ғасырлық  тарихы  бар.  Алғашқы  зерттеулерде 
лидерліктің  жетекші,  бағынушылар  іс-әрекетін  бақылау,  үйлестіру  және  реттеу  секілді  қызметтерін 
зерттеуге назар аударылды. 
Қазіргі  білім  беру  контексті  жағдайында  лидерлік  субъектінің  мақсатты  бағыттағы  белсенділігін 
көрсететін  тұлғаның  сапасы  ретінде  ерекше  мәнге  ие.  Лидерлік  мәселесі  философиялық-тарихи                 
(В.Ю. Большаков, Е.В. Осипова, т.б.); саясат (Г.А. Авцинова, Е.В. Кудряшов, т.б.); әлеуметтік-психология-
лық (Т.А. Бендас, М.Вебер, А.Л.Ершов,  А.В.Петровский, т.б. ); экономикалық  (П.Друкер, О.В. Лукашова, 
т.б.); технологиялық (Дж. Адаир, А.Г. Золотова, т.б.) аспектілерде зерттелінген.  
Бүгінгі қоғамда лидерлік  қажетті сапа.  Ол  табыстылықтың синонимі, бірақ әрқайсысының  өзіне тән 
мағыналық, стильдік ерекшеліктері бар. Лидерлік және табыстылық феномендері пәнаралық тұрғыдағы 
мәселе. Бірқатар зерттеушілер лидерлікті адамның табысқа жету үшін айналадағылардың күшін біріктіре 
отырып,  оларға  ықпал  ету  қабілеті  ретінде  қарастырады.  Лидерлік  сапа  адамның  тұрақты  ішкі  ерекше-
ліктері болса, лидер өзін таныта алатын, әрекет ететін адам.  
Табыс  әлеуметтік-педагогикалық  құбылыс,  ол  адамның  қоғамдағы  беделі,  оның  өмірдегі  рөлі  мен 
орны;  оның  мақсаттары  мен  қажеттіліктері  иерархиясының  шыңы  ретінде  қарастырылады.  Сондықтан 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
166
 
 
табыс – бұл адамның дамуында, өзін-өзі танытуында қажеттіліктерге жауап беретін өмірлік міндетті ісі, 
оған бағытталуының шарты  [5,6].  
Педагогикада табыстылық уақытқа байланысты іс-әрекеттер нәтижесінің сапалы сипаттамасы ретінде 
қарастырылып, адамның табыстылығы іс-әрекеттің сан алуан түрінде, оның ішінде әлеуметтік, кәсіптік іс-
әрекеттер де ерекше көрініс табады. 
Жалпы алғанда мұғалім балаларды адамгершілік құндылықтарға тәрбиелейді және олардың басымды-
лықтарына  ықпал  етеді  және  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеттерін  ынталандырады  және  жағымды 
ұстанымдарын  қалыптастырады.  Осындай  жұмыстарды  жүзеге  асыру,  білімалушылардың  оқу-тәрбие 
үрдісін  тиімді  басқару,  субъект-субъектілі  қатынастар  негізінде  нәтижелі  өзара  әрекеттесу  тек  беделді, 
белсенді, мәртебелі, рефренттік, әсер етуші педагогқа ғана тән.  
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді (Р.С. Немов, А.В. Петровский, т.б.) талдау осы сапалар-
дың лидердің түйінді қасиет-сапалары болып табылатынын көрсетеді. Осыдан лидерлік сапаларды мең-
гере отырып, болашақ педагогтар лидер болуы тиіс деп тұжырымдауға болады.  
Осы орайда педагог тұлғасын және оның әлеуметтік маңызды сапаларын зерттеген ғалымдар еңбекте-
ріне назар аударылды. Соның ішінде ғалымдар (И.А. Зимняя, Н.В. Кузьмина, т.б.) ұйымдастырушылық, 
коммуникативтілік және тұлғалық, яғни  лидерге тән сапаларды бөліп көрсетеді.  
Е.В. Андриенко педагогикалық іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың лидер-
лік сапаларының екі тобын бөліп көрсетеді. Бірінші топқа табысты қарым-қатынасқа мүмкіндік беретін 
сапалар жатады: көпшілдік, басқаға бағыттылық, ынтымақтастыққа икемділік, эмпатия, әдептілік, өнегілі-
лік,  сабырлылық,  эмоциялық  тұрақтылық,  жаңа  рөлді  меңгеруге  икемділік,  шеберлік.  Екінші  топ  сапа-
лары педагогикалық еңбектің ерекшеліктерімен анықталады: жоғары интелллектуалдық икемділік, сыни 
және жылдам ойлау, шешендік, өзіне сын көзбен қараушылық, дербестік, ынталылық, т.б. Ғалым  бөліп 
көрсеткен  мұғалімнің  лидерлік  сапаларының  ішінде,  тек  педагогқа  ғана  тән  өзіндік  ерекше  және  басқа 
кәсіби іс-әрекет лидерлеріне тән жалпы қасиет-сапалар да кездеседі [7].   
Сондықтан осы мәселе бойынша зерттеулерге жасалған талдау лидерлік сапалардың келесі құраушы-
ларын  анықтауға  мүмкіндік  берді:  ұйымдастырушылық  (жинақылық,  жауапкершілік,  топты  күшейтуді 
ықпалдастыру қабілеті); коммуникативтілік (көпшілдік, ашықтық, ықпал етуге икемділік) және тұлғалық 
(белсенділік, жауапкершілік, дербестік) сапалар [8,9]. 
Жоғары оқу орнында болашақ педагог ретінде студенттің лидерлік сапасын қалыптастыру және дамы-
туға бағдарлана отырып, олардың барлығының мұғалім жұмысында маңызды екендігі айқындала түседі.  
Осы орайда педагогтың кәсіби іс-әрекетіне сүйене отырып, олардың мүмкіндіктері ашып көрсетіледі. 
Ұйымдастырушылық  құраушысы,  яғни  бұл  сапаның  жоғары  деңгейі  педагогқа  әрбір  білімалушының 
және  жалпы  топтың  іс-әрекетін  тиімді  құруға  көмектеседі.  Коммуникативтік  құраушы  сапаларының 
қалыптасуы  педагогқа  оқушылармен  тұлғаралық  қатынастарды  нәтижелі  құруға  және  оқушылар,  олар-
дың  ата-аналары,  әріптестер  арасындағы  қарым-қатынасты  реттеуге  мүмкіндік  береді.  Тұрақты  және 
жағымды  бағыттағы  мақсаттылық,  сенімділік,  жауапкершілік,  белсенділік  секілді  тұлғалық  сапалар 
мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жетілдіруге және тұлғалық өсуге мүмкіндік туғызады.       
Демек,  лидерлік  сапаларды  педагог  тұлғасының  маңызды  құраушылары  ретінде  мойындай  отырып, 
оларды болашақ  педагогта қалыптастыру және дамыту мүмкіндіктерін қарастыру қажет деп  тұжырым-
даймыз.   
Осы  бағыттағы  зерттеулерді  талдау  студенттердің  лидерлік  сапаларын  қалыптастыруға  әсер  ететін 
әртүрлі ішкі және сыртқы факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: лидер болуға деген ынта-тілек 
(И.Вагин,  А.Глущай);  «дамудың  жақын  зонасы»  (Л.С.  Выготский);  студенттердің  бағыттылығы  мен 
топтың даму деңгейі (М.Ю. Кондратьев, А.В. Петровский).  
Сондықтан  И.В.  Пескованың  лидерлік  сапаларды  қалыптастыру  мүмкіндіктері  жөніндегі  көзқарас-
тарына сүйенуді жөн көрдік. Оның пікірінше, тұлғаның  жеке қасиет-сапаларын  белгілі мөлшерде дамы-
туға  болады,  мысалы,  атап  айтқанда,  топ  ішіндегі  қарым-қатынасқа  аса  назар  аудару;  сыныптастармен 
мазмұнды  қарым-қатынас  жасау;  сан  алуан  түрлі  қажеттіліктер  мен  талпыныстарға  қамқорлық  таныту, 
т.б. [10, Б. 57]. 
Жоғарыдағы  бөліп  көрсетілген  факторларға  сүйене  отырып,  студенттің  лидерлік  сапаларын  бірінші 
курстан  бастап  қалыптастыру  қажет,  себебі  ЖОО-ның  бітіру  сәтінде  ол  тиімді  әрі  нәтижелі  болады, 
сонымен қатар ары қарай дамиды.  

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
167 
Қорыта  келгенде,  лидерлік  сапаның  болуы  педагогтың  табысты  жұмысының  қажетті  шарты  болып 
табылады.  Олар  педагогқа  білімділік  және  тәрбиелік  міндеттерді  тиімді  шешуге  мүмкіндік  береді. 
Сондықтан  лидерлік  сапаларды  қалыптастыру  және  дамыту  жоғары  оқу  орнындағы  кәсіби  білім  алуда 
маңызды болып саналады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет