Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
71
Түйіндеме
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда білім саласы бойынша ұлттық саясат
Тұрлыбекова А.М. – Торайғыров ат. ПМУ «Бас<ару жəне саясаттану» кафедрасыны доценті, аза<стан
Республикасы, Павлодар <., е-mail:aigul7700@mail.ru
Жұмыста соғыстан кейінгі кезеңде ел аумағында білім беруді дамытудың ұлттық аспектілері көтеріледі.
Жеке этностар мысалында ұлттық тілдерді, онымен бірге жалпы этникалық мəдениетті құлдыққа салу саясаты
көрсетілген. Білім беру саласындағы ең күрделі процестер депортация кезінде жер аударылған, арнайы көшіп
келгендер арасында болды. Экономикалық орнықпағандықтан, балалардың толық қамтылмауы, оқыту тілін
білмеу олардың білім беру ортасына қосылу процесін тежеді. Сонымен қатар біртіндеп қолданылған
шаралардың барысында білім берудің жалпы деңгейінде, республиканың қоғамдық өміріне белсенді қатысу
үшін кəсіптік даярлықта табыстарға қол жеткізілді.
Жұмыста ұлттық оқу орындары мен ондағы оқитын балалардың санын анықтайтын статистиканың
мұрағаттық құжаттар қолданылды. Келтірілген деректі материалдар жүргізіліп жатқан мемлекеттік ұлттық
саясаттың шектеулілігі мен тарлылығын көрсетеді, ол этникалық мəдениеттің əсер етуіне шек қоятын кеңес
тəртібінің идеологиясына сай келеді.
Кілт сөздер: кеңес білім беру, мектеп, мəдени революция, этникалық топтардың ұлттық білім беру жəне
мəдениет, идеология.
Summary
National policy on education in Kazakhstan in the postwar years
Turlybekova A.M. – Associate Professor of "Management and Political Science"
National policy on education in Kazakhstan in the postwar years e-mail: aigul7700@mail.ru
The paper raised the national aspects of the education development in the country in the postwar period. For
example, individual ethnic groups shows a policy of enslavement of the national languages and ethnic culture. The most
complex processes in the field of education was among the deportees who were resettled in the course of the
deportation. Incomplete coverage of children as a result of the economic unsettled, not knowing the language of
instruction hindered their integration into the educational environment. However, gradually in the course of the
measures taken, progress has been made in the general level of education, professional training for active participation
in public life of the Republic.
We used archival documents, defining the statistics of the number of national schools and educate children in them.
These materials emphasize the policy limitations and narrowness of the national policy pursued by the state, which
corresponds to the ideology of the Soviet regime, did not give a chance to expand the influence of ethnic culture.
Key words:Soviet education, the school, the Cultural Revolution, the national education and culture of ethnic
groups, ideology.
УДК 94(574)
1920 ЖЫЛДАРЫ КСРО МЕН КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰРЫНҒЫ АҚ
ОФИЦЕРЛЕРІН ЕРЕКШЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖҮЙЕСІ: БАРЫСЫ, МƏНІ
Омарбаев Ы.Қ. – Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтыны 2 курс
PhD докторанты, Rusbek_1492@mail.ru
Мақалада 1920 жылдардағы большевиктер үкіметі тарапынан жүргізілген ерекше есеп атты құжаттар жүйесі
бұрынғы патша офицерлеріне қарсы бағытталған құрал ретінде қарастырылады. Ерекше есепті бақылаушы
органдардың қызметтеріне баға берілген. Сонымен қатар, ерекше есептің Қазақстандағы жүзеге асырылу ахуал-
дарына, мəніне жан-жақты талдаулар жүргізілген. Зерттеу барысында тұлғаның өмірбаянын куəландыратын
құжаттарға баса назар аударылды.
Түйін сөздер: ерекше есеп, бұйрық, офицер, революция, большевик, құжат, комиссар
1920 жылдары азамат соғысының қорытынды жылдарында жеңімпазға айналған Кеңес мемлеке-
тінде ерекше есепке алу ұғымы пайда болды. Оның пайда болуына бұрынғы патша офицерлері мен
шенеуніктері себеп болды. Большевиктерге қарсы соғыста сəтсіздікке ұшырап, талқандалған
А.В.Колчак əскерлері Сібірден Ресейдің ішкі аудандарына тұс-тұстан ағылды. Ақ əскерлерінің
офицерлерінің үлгергендері шет мемлекеттерге асса, көпшілік қалғандары өз еркімен немесе амал-
сыздан отандарында орнығуға мəжбүр болды. Бұрынғы ақ əскерлерінің орта басшылары тек Ресейде
ғана емес, Қазақстанда да жеткілікті болды. Басқа таптың өкілдерін түгелдей қырып тастап, толық
тазарту жүргізуге большевиктердің батылы немесе құдіреті жетпеді деуге болады. Қаншама мың ойы
жат, басқа тап өкілдерін (большевиктердің ойынша) өздерінің жаңа қоғамының ішінде еркін жүріп
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
72
тұруын қызылдар қауіпті санады. Осылайша оларды қатаң бақылауда ұстаудың əдісін ойластырып,
шешімін де шығарды. Ол бойынша, бұрынғы патшаның ақ офицерлері мен шенеуніктерін ерекше
есепке алып, тұрғылықты мекен-жайын, жұмысын, көшіп-қонуын тіпті қоғамдық көзқарасын
тіркейтін құжаттар жүйесін құрастырды. Кеңес дəуірі тұсындағы тарихшылар мен зерттеушілер
ерекше есеп мəселесін тыңғылықты зерттемегендігін бүгінгі таңдағы зерттеушілер алға тартады.
Тіпті, аталған тақырып бойынша салмақты зерттеулер жүргізуші А.Г. Кавтарадзенің өзі ерекше есеп-
тің пайда болу уақытысы мен түсінігінің мəнін нақты айқындай алмағандығын еске салады [1, 13 б.].
Енді, осы үрдістің заңдық тұрғыдан қалай жүзеге асқандығына жан-жақты тоқталып көрейік.
Кеңестік Ресей тарапына тұтқыннан немесе өз еркімен өткен бұрынғы ақ офицерлері мен шенеунік-
тердің алдағы тағдырын анықтайтын нақты ресми акті Республиканың революциялық əскери
Кеңесінің (бұдан əрі РРƏК) 1920 жылғы 4 қыркүйегіндегі № 1728/326 жарлығы болып табылды [2, 66
б.]. Аталған əскери құжат бұрынғы патша қоғамының басты өкілдеріне бірқатар міндеттемелер
артты. Жарлықтың күші Кеңестік Ресейге қарасты барлық республикаларға, оның ішінде Қазақстанға
да қатысы болды. Жарлықтың 3-і бабы аймақтық əскери комитеттер мен ЖШҚƏ (бұдан əрі Жұмыс-
шы–шаруа қызыл əскері) қатарында қызметін өтеуші бұрынғы ақ офицерлері мен шенеуніктеріне
қатысы бар «ерекше есеп» ұғымын енгізді.
Жарлықтың аясында жергілікті есеп жұмысы аймақтық, майдандық жəне жекелей əскерлердің
органдарымен жүргізіліп, қорытынды есеп үшін, Жалпы Ресейлік Бас Штабының командалық басқар-
масына жөнелтіліп отырды. Өз еркімен берілгендер үшін, бірінші кезектегі қадам БТК-ның (бұдан əрі
Бүкілресейлік төтенше комиссия) жақын жердегі ерекше бөлімшесінен тергеуден өту керек болды.
БТК органының тиісті тергеу амалдарынан өтіп, большевиктер үкіметі үшін пайдалануға жарайтын-
дарын тиісті əскери комиссариаттарға жөнелтті. Екінші қадам бойынша жауапты адамдар саяси жəне
əскери даярлықтан тұратын жедел түрдегі үш айлық курстарға жіберілді. Курс аясындағы бағдарла-
мада екі сынақтан өтті. Олар: Кеңес əскерінің құрылымы мен Кеңес билігінің құрылысы туралы
сабақтар еді [2, 71 б.]. Ол курстар Мəскеу мен Петроград қалаларында ғана ұйымдастырылды.
Аймақтарда тек БТК-ның ерекше бөлімшесі жəне Командалық басқарманың келісімдері арасында
500 тыңдаушыдан асқан жағдайда ғана жергілікті пункттерде ұйымастырылды.
Құжаттық рəсімдеулерде бұрынғы патша дəуірінің беделді өкілдері арнайы сауалнамаларды тол-
тырды. Сауалхатта бұрынғы патша əскеріндегі немесе мекемесіндегі лауазымдары тыңғылықты
жазылып отырылды. Ол туралы алда көрнекілік түрде көрсетеміз. Бұрынғы патша шенеуніктерін
есепке алуда паспортқа немесе жеке куəлікке қажетті барлық мəліметтер ескерілді. Ол бойынша
азаматтың ерекше есепте екендігін анықтайтын паспорттар мен жеке куəліктердің орнына карточка-
лар, сауалхаттар жүргізілді. Сауалхатта, карточкада оның отбасы, мекен-жайлары, көзқарастарымен
қатар жеке куəлігі болған жағдайда оның нөмірлері көрсетілді.
Ақ офицерлер мен шенеуніктердің кеңестік Қазақстандағы ахуалы қандай болды деген мəселеге
келер болсақ, онда қолда бар мұрағаттық құжаттардағы олардың тізіміне сараптама жасағанымызда,
тізімде қазақ ұлтының есімін кездестіре алмаймыз. Ол түсінікті жайт екендігі белгілі. Патша дəуірін-
де Қазақстанда қызмет еткен офицерлер мен көрнекті шенеуніктердің басым көпшілігі немесе негізгі
дені орыстар мен казактардан құралғандығы анық жайт. Бізде, Қазақстан орталық мемлекеттік Мұра-
ғатынан алынған ерекше есепке қатысты біршама құжаттар ісі бар. Олардың басым көпшілігін теле-
граммалар, нұсқамалар жəне бұйрықтар құрайды. Солардың бірнешеуінен мысалдар келтіріп, дерек-
танулық сыныптаулар жүргізу қажеттігі туындайды.
Орынбордағы ҚырғызАймақтықəскери комитетіне аса құпия жағдайда Самара қаласынан жеткен
телеграммада ерекше есепке алынушылардың жай-күйі қарастырылған. Онда 1921 жылдың 8 маусы-
мындағы РРƏК-ның № 1128/202 бұйрығына сəйкес тез арада орындалуға жөнелтілгені хабарланып,
əрі қарай РРƏК-ның 1919 жылғы № 1947 жəне № 1728/326 бұйрығының 7-ші тармағына сəйкес
төмендегідей міндеттер жүктелінеді делінеді. Жоғарыда аталған бұйрықтардың күшімен қызметтен
(əскерден) босатылғандарға таңдаулы жергілікті мекендерінен орын алуға, туылған жері мен тұрғы-
лықты мекендерінен еріксіз шығарылмауға құқықтары бар болып табылды. Қызметінен босатылған-
дар жақын арадағы губерниялық əскери комитеттердің немесе басқа округтердің, майдандық бөлім-
шелердің қарамағына беріледі. 6-ші тармаққа сəйкес, бұйрықты алған губəскери комиссариат-тарға
ерекше есептегілерді өз қарамағындағы округтерінің бөлімшелеріне жолдау бұйырылады [3. 38 б.].
Осы тұста ерекше есептегі тұлғалар қандай жағдайда аталғандай тізімнен алынып тасталынады
деген сұрақ туындайды. Оның жауабына жету үшін, келесідегідей құжаттарға назар аудару қажет
болып табылады. РРƏК № 1728/326 бұйрығының 12 тармағына өзгеріс енгізу мақсатымен аса құпия
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
73
жағдайда жөнелтілген телеграммасында жоғарыда сұрақты мəселелері қарастырылған. ЖШҚƏ-нің
Штабының комиссарының бұйрығына сəйкес жəне оның ЖТК-ның (бұдан əрі Жалпыресейлік
төтенше комиссия) тергеу бөлімінің келісімімен ерекше есептегілерді Қызыл əскер қатарында бір
жылдан кем емес қызметін өтеген жағдайда алып тастау ұйғарылады. Бұйрықтың негізіндегі өтініш
бойынша барлық есептен алынғандарға анықтама қағаздары беріледі. Бұл өзгеріске РРƏК-нің 1921
жылғы 14 мамырдағы № 1035/160 бұйрығы негіз болды [3. 40 б.].
Қызыл əскер қатарында 1 жылдан артық ескертулерсіз қызметін өтеген бұрынғы патша шенеунік-
тері мен офицерлерінің тізімі ендігі кезекте Қырғыз Еңбек Халық Комиссариатының (бұдан əрі
ҚЕХалКом) құзырына берілді. ҚырЕңбХалКом өз қарамағына берілгендерге тиісті анкеталар
толтыртты. Ол анкетада паспортқа қатысты барлық мəліметтер жинақталды. Тіпті, кейбір сауалдары
бойынша кейінгі кеңестік кезеңдердегі паспорттың мəліметтерінен де асып түсті. ҚЕХалКом-ның
бекітілген Жарғысына сəйкес, еңбек майданына тіркелгендер анкеталарды толтыруы міндетті санады.
Сауалнамадағы сұрақтардың негізгі дені келесі кестедегідей өрбіді [3. 45 б.]:
1
А.Ж.Т. Туылған
жылы
мен айы
Қандай
мекенде
туылған
Білімі
А) жалпы
Б) əскери
Бұрынғы
қауымы
(азамат,
шаруа)
Əскери қызметі
бойынша маман-
дығы, қанша
уақыт атқарды
жəне басқа қандай
мамандықтарды
игерген
Мамандығы
туралы
куəлігінің №,
кімнен берілген
Бұрын
ғы
патша
əскерін
дегі
шені
Отбасы
жағдайы
Қызметі
бойын-
ша
қайда
жөнел-
тілген
Қазан
төңкерісі
тұсында
қайда
болды
Азамат
соғысы
жылдарын
да кімнің
тарапында
болды
Ақ əскерлері
тарапында болған
жағдайда не үшін?
Туыстары бар
ма?
Кестедегі мəліметтер желісіне талдау жұмыстарын жүргізе отырып, большевиктер үкіметін басым
ретте ерекше есепке тіркеушілер тарапынан бұрынғы қауымы мен шені, азамат соғысы кезіндегі
ұстанымдары мазалаған. Келесі бір ретте бұрынғы патша əскерінің офицері П.П. Ранневтің сауалнама
парағынан үзінді келтіреміз. Сауалнамада ЕңбХалКом-ның сауалнама парағынан аздап ерекшелігі
болып табылады. Себебі бұл парақша РРƏК құзырына тиісті құжат болып табылады.
Офицерді сауалнама парағы
Тегі:Раннев, аты жəне жөні: Петер Петрович, туылған жылы: 1887, бұрынғы шені: есаул, əскери
қызмет өтеген жері: ескі əскер қатарында, қайда өтеді: ескі əскердің атты құрамында, туылған мекен-
жайы: Орынбор, жалпы білімді қайда алды: Троицк училищесінде, қандай мамандық алды: ағаш
ұстасы, қандай соғыстарға қатынасқан:, қазан революциясы кезінде қайда болды: Тобыл қаласында
ескі əскер қатарында, сол уақыттары қандай таңдаулы қызметтер атқарды:, қызыл əскер қатарына
қашан енді: 1920 жылдың қаңтарында, неге ерте емес:, азамат соғысы жылдары ақтар қатарында
болды ма?. Болса қандай лауазым атқарды (нақты уақытысын жəне қайда болғандығын көрсету
керек):, қызыл əскер қатарына өз еркімен өттіме:, сізге қазіргі ахуалыңыз ұнайдыма:, жалақысы:,
отбасы жағдайы:, туыстарынан ақтар қатарында болғандар бар ма:, жеке мүлкіңіз болған ба еді:,
ақтар қатарында кеңестер үкіметін басуда қатысқансыз ба жəне қашан:, сізде кімдер болып тұрады
(а.ж.т.):, сіздің нақты мекен-жайыңыз:,. мен азамат Раннев Петр кез-келген мекен-жай мен қызмет
ауыстырылу жағдайларында аса жауапкершілікті сақтауға міндеттімін. 1922 жыл.
Парақшаның ең астына мынандай ескерту келтірілді: «<андай да бір жалған жауаптар <ылмыс-
ты< іс ретінде <аралады». РР?К [3. 68 б.]. Жоғарыдағы сауалнама парағында кейбір сұрақтарға
жауаптар берілмеген. Оны біз келесідегідей жайттармен түсіндіре аламыз:1. Сауалнама парағы мұра-
ғат құжатынан алынғандықтан жəне ондағы сұрақтарға жауаптар қолмен жазылу себепті, мағынасын
анықтау қиын болды. 2. Шынында да бірқатар сауалдарға жауап беру тым маңызды саналмағандық-
тан оны сауал беруші бос қалдырған секілді.
Ерекше есеп жүйесінің дамуының келесі бір кезеңі РРƏК-нің 1922 жылғы 6 шілдедегі № 1674/330
бұйрығы болып табылды. Бұйрықта бұрынғы патша дəуірінің офицерлері мен шенеуніктерінің ахуа-
лын бірқатар жұмсартатын қарарлар қабылданды. Ең алдымен оларға азаматтық қызмет бойынша
жаңа орындарға еркін өтуге, ол жерден босауға, еңбек демалысын алуға, тұрақты мекен-жайын таң-
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
74
дау мен ауыстыруға құқықтары болды [3. 71 б.]. Ерекше есеп бойынша «тиым салынған аймақ» атты
қаулы қабылданды. Ол аймақтарға ерекше есепте тұрушы тұлғалар аталған жоғарыдағы құқықтарды
қолдана алмайтын. Ол аймаққа Қара теңіз жағалауы мен кавказдық республикалары қамтылып,
Мəскеу, Петроград қалалары ендірілмеді. Алғашқыда тиым салынған аймаққа Түркістан мен Сібір
аймақтары енгізілмегенімен, 1922 жылғы қазандағы қосымша қаулымен жекелей шекаралық
ендіктегі мекендер қамтылынды [3. 71 б.].
Ерекше есептегі азаматтар тұрғылықты мекен-жайларын ауыстырған жағдайда ескі мекен-жайда-
ғы губерниялық əскери комитеттің, МСБ-ның (мемлекеттік саяси басқарма) губерниялық бөлімше-
сіндегі есептен шығарылып, жаңа мекен-жайдағы аталған органдарға тіркелуі қажет болды [2. 74 б.].
РРƏК-ның бұйрықтары 1923 жылдың 9 шілдесіне дейін бұрынғы патша офицерлері мен шенеунік-
терінің ахуалына байланысты негізгі құқықтық-құжаттық жүйесі болып табылды. 1923 жылы 9
шілдеден бастап ерекше есептің тəжірбиесі Жалпыресейлік орталық атқару комитетінің (бұдан əрі
ЖОАК) Президиумының қаулысымен мемлекеттік деңгейде заңдастырылды. Оның ішінде əрине
бұйрықтың күші кеңестік Қазақстанға да қатысы болды. Себебі 1936 жылғы КСРО құрылғанға дейін
ЖОАК-ның құрамында барлық одақтас республикалардың аталған комитеттері бағынышты болды
[4]. Бастапқыда ерекше есепке кеңес əскері құрамында 1921 жылға дейін қызметін өтеген 14 390
бұрынғы ақ офицерлері тіркелінді [2, 74 б.].. Оның ішінде 158 офицері ҚырАКСР-не тиеслі болды
[3.9 б.].
ЖШҚƏ-нің Штабында бұрынғы ақ офицерлері мен əскери шенеуніктерін есепке алу бойынша
арнайы бөлім құрылды. Ол бөлімнің атқарған жұмыстарындағы құжаттарды зерттеу, саралау көпте-
ген маңызды мəліметтерге қол жеткізері сөзсіз. Аталған бөлім ерекше есептен шығарудың мəселе-
лерін, сауалнама парақшаларын, өтініштерді, ведомства аралық хаттарды шешумен жəне түзумен
айналысты. ЖШҚƏ-нің Штабына ерекше есептен шығару жөніндегі өтініштер 1921 жылдары-ақ
келіп түсе бастады. Əрине олардың саны аз болды. Ол түсінікті болып табылатын. Себебі 1921 жылы
ерекше есепте тұрғандардың басым көпшілігі Қызыл Əскер қатарында бір жылдан артық қызметін
өтеп үгермеген еді. Ал, қаулы бойынша олардың ерекше есептен шығарылуына бір жылдан астам
большевиктердің əскері қатарында борыш өтеуі жəне ол бойынша ешқандай ескертуге ұшырамауы
тиіс болды.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, 1921 жылы Штабтың арнайы бөліміне келіп түскен 26 өтініштің
сегізі мақұлданса, он жетісі кері қайтарылған жəне біреуінің шешімі шығарылмағандығы айқындал-
ған. Бұған талдау жасай отырып, 65% кері қайтарылған деп тұжырым жасаймыз. Оның басты себебі
ерекше есепте тұрушылардың тəртіп бұзуы немесе сенімсіздік танытуы емес, қаулы бойынша бір
жылдық əскери борыштарын толық өтемеуінде деп түсінуге болатын сияқты. Ерекше есепте тұр
деген атаудың өзі бұрынғы патша офицерлері мен шенеуніктерінің өзі мен отбасыларын қоғам орта-
сына анайы етіп көрсететін. Көптеген азаматтық құқықтарынан айырылды. Сол жасанды аттан құты-
лудың тек жолы жаңа қоғамдық орта мен оның билік басындағыларға толық мойынсұну мен идеоло-
гиясына сену екендігін есепте тұрушылар айқын ұғынды. Оны біз ерекше есепте тұрушылардың
кейінгі өмір жолы мен сауалнама парақшасындағы жауаптарынан білеміз. Алдағы кестеден 1921-
1923 жылдардағы ерекше есепте тұрушылардың жүйеден шығу туралы өтініштерінің көрсеткіштері
келтірілген. Онда кеңестік Ресей мен КСРО-ғы бұрынғы ақ офицерлерінің өтініштері айқындалған [2.
74 б.].
1921-1923 жылдардағы б)рынғы а* офицерлеріні- Ерекше есептен шығу туралы /тініштеріні-
жалпы
к/рсеткіші
Ерекше есептен шығу туралы жалпы айғақталған өтініштердің саны
(оның ішінде қайта берілгендері)
Жылы
қанағаттандырылған қайтарылған
Шешім
қабылданбады
барлығы
1921
8
17
1
26
1922
127 (8)
255 (2)
13
395 (10)
01.07
дейін
54 (8)
86 (4)
2
142 (12)
1923
01.07
кейін
170 (12)
76 (3)
14 (4)
260 (19)
Жалпы
359 (28)
434 (9)
30 (4)
823 (41)
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
75
Кестедегі мəліметтерге талдау жасай отырып 1922 жылы жалпы өтініш берген 395 адамның 127
өтініш иесіне қанағаттандырылып ерекше тізімнен шығарылса, 255 тұлғаның өтініші кері қайтарыл-
ған. 1923 жылға келер болсақ, ахуал біршама өзгеріп, кері қайтару мен қанағаттанарлық жауаптар
арасындағы тепе-теңдік біршама өзгеріп теңескен күйге көшкен.
Ал, енді осы тұста 1923 жылдан кейін əскер қатарынан қайтқандарының ахуалдары қандай дең-
гейде болды деген сұрақ туындайды. Дереккөздері мен зерттеулерге қарай отырып, ерекше есептің
сынағынан мүлтіксіз өтіп, кеңес қоғамының азаматы қатарына қосылғандарына басқа бір қысым
жасалынбаған секілді. Ерекше есеп тізімінде қалғандардың өзіне жүктелген міндеттемелерді соңына
дейін атқаруына тура келді. Əскерден елге оралып, тізімнен шығарылған бұрынғы ақ офицерлеріне
басқа қызыл əскерлеріне қандай қамқорлық жасалынса, оларға да сондай шаралар қабылданды.
Азамат соғысынан қалжыраған, Польшамен соғыста жеңілген большевиктер үкіметі Жаңа экономи-
калық саясат (ЖЭС) бағытын жариялап, халыққа аздап жылу сыйлағандай болды. Оның ішінде
бұрынғы ақ офицерлеріде қамтылды. Бұл турасында қызыл əскерлерінің көрнекті қолбасшыларының
бірі М.В. Фрунзенің ойынша əскерде бірнеше жыл болып оралғандарды материалдық жағынан
қамқорлыққа алу тек əскери бөлімдердің ғана емес, азаматтық органдардың да міндетіне айналуы
тиіс болды [5]. М.В. Фрунзе КСРО РƏК-нің атынан ОК-не аталған мəселені саяси тұрғыдан қарас-
тыруды ұсынды. Осы мəселе бойынша КСРО ХКК (халық комиссарлары кеңесі) жанынан арнайы
комиссия құрылған болатын. Комиссияның миссиясы аясына əскерден оралғандарды мүмкіндігінше
үй-жаймен қамтамасыз ету, ЖЭС-тың бағдарына ілесіп өзінің жеке немесе мемлекеттік кəсіпорын-
дардың құрылысына орналастыру сынды мəселелер енді [5]. ЖШҚƏ-нің жетекшілігі əскерден
оралған бұрынғы ақ офицерлерінің ахуалын да үнемі қадағалап отырды. Олардың қоғам алдындағы
психологиялық, моралдық жағдайларының реттелуіне көмектесуге тырысты. Олардың республика
аумағында еркін жүріп тұруын (жеке куəлік берілуін), жеке баспанасы болуы мен партияның сайлау-
ларына қатынасу құқықтарын қалпына келтіруге айтарлықтай үлесін қосты. Себебі əскер басшылығы
олардың алдағы уақыттары күмəн туғызбайтын əрекеттерге бармайтынына сенді.
Ерекше есеп ұғымы бірқатар қиын сынақтарына қарамастан бұрынғы ақ офицерлері мен шенеу-
ніктерінің сан мыңдағанының өмірін сақтап қалудың бір құралы болды деуге болады. Себебі бірден
атып-асқаннан қарағанда, оны сынақтан өткізудің осы жолы дұрыс болғандығын кейінгі зерттеушілер
де алға тартады. Ерекше есептен алынған көптеген офицерлер тоталитарлық режимнің шынайы
күрескеріне айналып, қуғын-сүргін кезеңінің белсендісіне айналғаны да болды. Бірқатары Ұлы Отан
соғысы жылдарында генерал шеніне дейін жетті.
1 Кавтарадзе А.Г. Военные специалисты на службе Республики Советов: 1917-1920 гг. - М.: Наука, 1988. -
С. 173.
2 Абинякин P. M. Особый учет бывших белых офицеров в Советской России и СССР в 1920-е гг. Ученые
записки Орловского государственного университета. Серия: Гуманитарные и социальные науки. № 3-1 / 2010.-
С. 66-74.
3 ЦГА. Ф.83. О.2. Д.1. «Списки белых офицеров и переписка с ОГПЦ, кирвоенкоматами и по учету белых
офицеров». –С. 88.
4 https://ru.wikipedia.org. Всероссийский центральный исполнительный комитет.
5 Евгений Дурнев. «Белые офицеры на службе республики советов». Научно-публицистический журнал
«Актуальная история». http://actualhistory.ru/
Достарыңызбен бөлісу: |