Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет289/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   375
Түйін  сөздер:  лингвопоэтика,  лингвистикалық  аспекті,  метафоралық  пласт,  троптар,  лингвотаным, 
концептуалды, когнитивті лингвистика, ауыспалы мағына. 
 
Қазақ тілі көріктеу құралдарына өте бай. Көріктеу құралдарының ішінде әсіресе метафораларды 
ақын,  жазушылар  мейлінше  көп  қолданады.  Метафоралар  шығармаға  ажар,  оқырманның  ой  мен 
сезіміне  орасан  зор  әсер  етеді.  Көркем  шығармада  айтылмақ  ойдың  теңеу,  эпитет,  метафора, 
синекдоха  т.б.  көріктеу  құралдар  мен  амалдар  арқылы  көрінуін  ғалымдар  пэтикалық  бейне  деп 
атайды.Поэтикалықобраз  жасауда  жазушы  мен  ақынның  негізгі  құрылыс  материалы  сөз  екенін 
ғалымдарымыздың бәрі де айтады. 
Ақын,  жазушыларымыздың    шығармаларындағы  көріктеу  тәсілдерінің  қызметін  айқындау, 
шығарма  ажарын  ашатын  сөздердің  түр-түсін  ажыратып    олардың  экспрессивтік-эмоноционалдық 
бояуын  көрсете  отырып  қана  шығарманың  негізгі  идеясын  анықтайтын  боламыз.  Шығарманың 
көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, сол арқылы суреткердің көркем шығармаларының басқа 
суреткерлерден  ерекшеленетін  стильдік  қолтаңбасын  анықтау  үшін  ақындарымыздың   
шығармаларын  замандас  ақындарымен  салыстыра  талдағанымызда  көркем  шығармадағы  тілдік 
бірліктерді  айқындап,  олардағы  ұлттық  сипаттыңкөріну  дәрежесі,  метафораның  фразеологиялық 
тіркестермен  арақатынасы,  фразеологияның  бейнелігін  тудырудағы  метафораның  орны  және  оның 
жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктерін айтуға болады. 
Метафора  құбылысының құпиясы  ерте  заманнан-ақ  көптеген  ірі  ойшыл-ғалымдардың  назарын 
өзіне  аударып    келеді.    Әлемдік    тілдерде,  орыс    тіл    білімінде    метафораның    теориясын  
қалыптастыруға  ерекше  көңіл  бөлініп,  оның  болмысы, мән-маңызы  жан-жақты  зерттелуде. Қазақ 
тіл білімінде де   метафора көптеген ғалымдарымыздың зерттеу нысанына айналды.     
182
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Орыс  тіліндегі  метафоралардың  концептуалдық  қызметін  арнайы  зерттеген  ғалым  - 
Е.О.Опарина.Зерттеуші  еңбегінде  концептуалдық  метафораның  жасалуына,  танымдық  қырларына, 
оның  мағыналық  ерекшеліктері,  түрлері  мен  тілдегі  қызметтеріне,  ғылым  тіліндегі  концептуалдық 
қызметіне тоқталады.  Концептуалдық  метафора  заттық  дүниені   белгілеу  құралы  ғана  емес, ол  
сонымен  қатар  абстрактілі  болмыстарды  табу, оларға  сай   келетін  немесе  тілдік  ұғымдарды  
қалыптастыру  болып  табылады.Концептуалдық метафора  алыс-жақын шетелдік зерттеулерде өткен 
ғасырдың  80-жылдарынан  бастап  зерттеу  нысанына  айналғандығын  лингвистикалық  еңбектерден 
көруге болады. 
Концептуалдық  метафора  терминін шетел  ғалымдары еңбектерінде,  орыс  тіл  білімі ғылымының 
көрнекті  өкілдері    Е.О.Опарина,  В.Н.Телия,  Н.А.Арутюнова  зерттеулерінен    кездестіреміз.  Бұл 
ғалымдар  концептуалдық  метафораны  танымдық,  жаңа  ұғым  жасау  мағыналарында  қолданады. 
Олардың  тұжырымынша  концептуалдық  метафора    жаңа  ұғым  (концепт)  жасауды    мақсат    ететін   
метафоралық  процестің  нәтижесінен  туындайды. 
Қазақ  тіл білімінде де концептуалдық метафора  зерттеушілер тарапынан қызығушылық танытып, 
қарастырып  жүрген  мәселесі.  Бұл  тілдік  мәселе  соңғы  уақытта  Өмірбекова  Ж.Қ.,  Ермекова  Ж.  Б. 
[1]
т.б. зерттеушілер еңбектерінде белгілі бір дәрежеде сөз болуда. 
Қазіргі  уақытта  тіл  арқылы  ұлтты  тануға  бағытталған  ғылыми  зерттеулер  тілдік  деректерді 
кешенді  сипатта  талдауға  қадам  жасап  отыр.  Ғалымдар  тілдік  деректерді  тілтанымдық  тұрғыдан 
ғанажүргізілген  зерттеулерге    ғана  сүйенбей,  сонымен  бірге  зерттеу  барысында  тарихи, 
философиялық,  психологиялық,  әлеуметтік,  қисындық  (логикалық),  педагогикалық  т.б. 
зерттеулердіқамтуды уақыт талап етіп отыр. Атап айтқанда, қазақ тілінің танымдық сипаты туралы 
зерттеу жүргізгенде басқа да ғылым салаларының зерттеу нәтижелері мен мәліметтеріне назар аудару 
– 
тиімді әдіс болып отыр.  
Қазақ тіл білімінде танымдық деңгейде кең қолданыс тапқан ұғымдар қатарында метафораларды 
атаған  орынды.  Ұқсату  мен  балауға,  адамның  өмірден  көрген-білгенін,  түйгенін  таразылауға 
мүмкіндік беретін бұл тілдік құбылыс лингвистикалық талдаулардың маңызды бөлігін құрайды. Бір 
затты екінші бір затпен салыстыру, салыстыра ұқсату, сөйтіп бұрыннан таныс сөз мағынасына жаңа 
семантикалық  мағына  үстеу  негізінде  дүниеге  келетін  бұл  ұғымдар,  бір  жағынан,  когнитивті 
лингвистиканың  танымдық  нысанын  құраса,  екінші  жағынан,  лексикология  мен  семасиологияның 
бірлігі  ретінде  айқындалады,  себебі  А.  Байтұрсынұлы  атап  көрсеткендей,  метафораларды  жасауға 
қатысатын мағыналық бірліктер «Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың 
күйінен жанды заттың күйі танысырақ» [2, 154-б. ] екені айқын. 
«Метафоралар  поэзия  тіліне  тән  поэтикалық  элемент  болса,  концептуалды  ғылымда  белгілі  бір 
ұғымға  атау  беруге  қатысатын  номинативтік  категория  болып  табылады.  Метафоралардың  бұл 
қасиеттері  олардың  күрделі  тілдік  құбылыс,  логикалық  бірлік,  когнитивтік  категория, 
лингвофилософиялық элемент екендігін көрсетеді»  дейді метафоралар табиғаты туралы мақаласында 
Мазибаева Ж.О.
[3] 
Тілдегі  метафоралардың  концептуалдық  өзегінен,  кез  келген  тілдік  қолданыстағы  метафоралар 
когнитивтік  қызмет  атқаратындығын  байқауға  болады.  Мәселен,  метафора  табиғатына  тән 
бейнелілік, көркемдік, бағалағыштық, образдылық қасиеттерінің тілдегі орын алуына адам ойы мен 
танымдық тетіктерінің қатысатындығын, метафоралардың прагматикалық сипатынан көрінеді. 
Метафоралардың  туындауына  адам  ойындағы  өзара  салыстырулар  мен  ұқсатулар,  санадағы 
суреттеулер негіз болады. Осы жағынан келгенде метафора ғылыми ойдың (концептуалды) формасы 
болап  келеді.  Метафораның  концептуалдық  болмысына  ұлттық  дүниетаным  тұрғысынан  келу 
арқылы,  метафора  тудырудағы  әр  ұлттың  ойлау  дәрежесі  мен  ұлттық  сана  сезімі  мен  дүниені 
қабылдаудағы  ұлттық  ерекшеліктері  сол  ұлт  тіліндегі  метафораның  өзіндік  болмысы  мен  тілдік 
сипатын көрсетеді. 
Жазушы,  ақындар  шығармаларының  тілдік  ерекшелігі,  кейіпкер  тілінің  берілу  жолдары,  тілдік 
құралдардың  қолданыс  мақсаты,  троп  түрлерінің  стильдік  қызметтері,  жазушы  шығармаларындағы 
кірме сөздердегі өзгерістер  суреткердің дүниетанымын, дүниеге көзқарасын, әр құбылысқа беретін 
бағасын  танытады.  Бұлар  өз  кезегінде  шығарма  идеясына  қызмет  етеді.Белгілі  ғалым,  академик  
Р.Сыздықтың айтуынша «Суреткерлер  дайын штамптарға, жауыр болған көріктеу элементтеріне көп 
жүгінбейді. Жаңаша құруды көздейді, ізденеді»[4,164-б.]. 
Қазақ  ақындары  шығармаларындағы көркемдегіш  амалдардың  қолданылуы  әрқилы.  «Метафора 
тек ауыспалы мағына емес, ол өзі бойыа көптеген қасиеттер мен қызметтерді сыйғыза білген күрделі 
183 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
процесс.  Метафораның  табиғи  болмысы  бір  уақытта  екі  мағынаны  бір  сөзде  қатар  өмір  сүруіне 
икемделген» [3],-деп көрсетеді Мазибаева Ж.О. 
Мысалы: 
Мен даланың қызы едім, 
Жазығында жатпайтын көз ілер қара. 
Жазира менің жанымның өзі де дара. 
Асқаркөрмеген мен шіркін биік дегенді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет