Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,
Байқалмайды балаңның олқы жері.
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,
Жаман бала тірідей өлтіреді.
Баласызда Күн нұрсыз, жылдар мұнар,
өзге мұраң – тайғанақ, шыңнан құлар.
Жаман бала төбеңнен жай түсіріп,
Жақсы бала жасартып нұрландырар.
Сол сияқты ақын шығармаларындағы өмір концептісіне келетін болсақ, төмендегідей
метафоралардың қатысуымен ойын бейнелі, көркем дәйектегені көрініп тұр. Ақын өлеңдерінде
поэтикалық тіл кестесі айқын. Троптардың бір түрі метафоралар көзге бірден түседі. Олар авторлық
болып келеді:
Өмір – жаға. Өлім – су тұнық, терең.
Қос нүктенің арасы. Жүріп келем.
Үміт – айдын жырақта. Күдік – кемем.
Ажалбарынбілемін. Бірақкөзді
Жасылжаға – өміргетігіпкелем!... («Өмір – өлім,жаз бен қыс, көктемеңіз...», [7],)
Бұлардың барлығы образды қолданыстар. Ой мен сөздің үйлесімін тапқан, қас шебер қолданар
қолданыстар. Айтпақ ойды әсерлі, бейнелі етіп білдіру үшін шешендік керек, шешен болу керек.
184
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
Шешен болу үшін әсерлілік, образдылық, бейнелілік керек. Ақын Ф.Оңғарсыновада осының екеуі де
бар. Оған жоғарыдағы өлең дәлел.
Қазіргі уақытта «ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер мен
фразеологизмдер ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере алады. Тіл – халықтың дүние
танымының, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрінің айнасы екені ақиқат» деген зерттеуші Б.Н. Ағабекова
пікірі метафраларға да байланысты [4, 3-б.]. .
Дәл осындай көркем қолданыстар ХХ ғасырдың дүлдүл ақыны І.Жансүгіровте де жиі кездеседі.
Мысалы ақынның «Дала» поэмасында:
«Бүгін, бүгін, бүгін дала!
Мұндай ма еді бұрын дала?
Көктен күні сәуле шашып,
Көкке шарпып нұрын дала.
Өлкем өсіп, ел кенелді,
Көгім жайнап, жер гүлденді.
Тауым ашып қазынасын,
Жомарт жерім шашты кенді.
Елім жаңа жұртқа қонды,
Жұрт жұмысқа қойды қолды.
Білім бұлақ сусын болды,
Елдің өмірі жырдай болып.
Сұмның күні қуғын болды...» -
-
деп қорытады. «Бұл Ілияс Жансүгіров поэзиясының дәстүрлі әдісі. Ілияс Жансүгіровтің дала
тақырыбына арналған өлеңдерінде өзіндік үн бар, дауысы бөлек, жырлау формасы да ерекше. Мұнда
басқа ақындардан айырмашылығы –тақырыбты игеруде ұлттық образдарды, фольклорлық үлгілерді,
бейнелеу мен көріктеуді қазақ ұғымына сай жаза білу, шебер ұйқастырып, ұтымды пайдалана алу» -
дейді зерттеуші Б.Сұлтанова
» [5, 164-
б.].
Сонымен қатар Өмір – жаға. Өлім – су тұнық, терең, Үміт – айдын, Күдік – кемем, көзді жасыл
жаға – өмірге тігіп келемсияқты қолданыстардың ұсынылуы ақын тілінің ерекшелігін танытпайды,
өйткені бұл тәсілді басқа ақындар да қолданады, бірақ суреткердің шеберлігін көрсетеді. Шеберлік –
көркем шығармадағы мазмұн мен түрдің, яғни идея мен оның тілдегі көрінісінің үйлесімі.
«Әдебиет тілдің, ойдың жемісі. Олақ тіл көркем ойдың көркін бұзады. Алғыр тіл күн шалмағанды
шалады, қараңғы көңілге сәуле бере алады, суық көңілді жылыта алады» дейді Ғ.Мұстафин.
Тіл өзін қажетіне жаратушы халықтың менталитетімен тікелей байланысты. Сол себептен де тіл
тек ақыл-ойды жарыққа шығарушы оны таратушы қызметін ғана атқармайды, ол тарихи, танымдық,
мәдени өркениеттік құндылықтарды хабарлаушы. Өте күрделі абстрактілі ұғымдарды адам баласы
қабылдау барысында оларды тіл арқылы жарыққа шығаруда тілдік құралдарды пайдаланады.
Танымдық әрекет үстінде адам алдымен физикалық тұрғыда көруге, сезінуге, естуге, сөйлесуге т.б
болатын көпшілікке мәлім дүниедегі заттар мен құбылыстарға нақты реалилердің санадағы
прототиптік «сурет», «схема», «фрейм», «сценарий», «символ» түріндегі құрылымына сүйенетіндігін
концептілік талдау барысынан көруге болады.
Шығармадағы метафоралар жазушының дүниеге деген көзқарасын когнитивті танымын, рухани
дүниесі мен мәдениетінен хабар бере отырып, әлем, дүние туралы түсініктерінің ескі элементтерін
жаңғыртуға жәрдемдеседі, ғаламның біртұтас тілдік келбетін жасауға қатысады.
Метафралардың концетуалдануы жайында
зерттеуші Калкабаева Д.Б. былай дейді: «Вместе
с тем на сегодняшний день существует множество терминов для обозначения метафорических
моделей, которые образно представляют ту или иную понятийную сферу. Для обозначения
метафорического моделирования языковеды используют дефиниции «архетип» или «метафорический
архетип» (Ю.Смирнов), «концептуальная метафора», «базисная метафора» (Дж.Лакофф,
М.Джонсон), «метафорическая модель» (А.Н.Баранов, Ю.Н.Караулов), «модель регулярной много
значности» (Д.Шмелев, Ю.Д.Апресян, А.П.Чудинов), «метафорическое поле» (Г.Н.Скляревская).
Неоднозначность в определении метафорической модели обусловлена многоаспектностью
внутренней формы метафоры, которая рассматривается в науке с лингвистического,
общефилологического, психологического или когнитивного аспекта, а также отражает традиции
различных научных школ и направлений. Как отмечает А.П.Чудинов, «едва ли не каждое новое
185
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
направление в лингвистике предлагает свое понимание сущности и свои представления о функциях
метафоры, свои методики изучения отдельных метафор, типов метафор и метафорических моделей.
Наибольшую популярность в последнее время получила теория концептуальной метафоры,
возникшая в США как направление когнитивной лингвистики (Дж. Лакофф, М.Джонсон и другие) и
успешно развиваемая в России и Казахстане. В основе теории концептуальной метафоры лежит
представление о метафоре как особом способе отражения и фиксации содержательной информации,
полученной в ходе предметно-познавательной деятельности людей. В соответствии с
рассматриваемой теорией метафорические модели заложены в понятийной системе человеческого
разума. Это своего рода схемы, по которым человек думает и действует. Соответственно наблюдения
за функционированием метафор признаются важным источником данных о функционировании
человеческого разума» [6, 37-б.]..
Зерттеушілер метафораладың концептуалдануы үдерісі публицистикалық стильде өте белсенді
қолданатынын айтады. Шындығында м
етафоралардың
концептуалдануы немесе моделдену үрдісінің
поэзияда да белсенділігі төмендемейді.
Санада заттың көп-түрлi бейнелерi қалыптасады, ойдың табиғаты тiлмен байланысты болып, оны
әр-түрлi түсiнуге әкелдi: жалпы психологияяық тұрыдан алғанда ойлау - есте бар образдардың
қарапайым үйлесiмдiлiгiне әкеледі, ұқсастық, жақындастық, айырмашылық; - ойлау жалпы бейне
түрiнде болмайды, өйткенi сезiмдiкке қатысы жоқ, ойлау дегенiмiз сананың тұйықты
құрылымдарында ойдың қозғалысы, сондықтан да бейне мен ой пара-пар.
Жалпы, ойлауды - сезiмдiк және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу
қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Ойлау бұл адам миының табиғи функциясы. Ол қатан тұрғыдан
индивидуалды. Бiр адамның ойлауы басқа адамның ойынаң мүлдем басқаша, бөлек болып келедi.
Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа
өтуiнде. Адамның ойлары мәдениет жемiсiнде объективтендiрiледi. Ойдың генезисi- ойдың сөзге
немесе затқа, сөздiн заттық ойға өтуi. Осындай психологиялық, философиялық тұрғыдан алып
қарағанда Фариза Оңғарсынова өлеңдеріндегі ой, таным нәтижесінде құбылып, шығармашыылық
үрдістен өткен метафоралар
қайралған,пiскен, жетiлген. Үлкен дайындық мектебiнен, өткен.
Қынаптан суырылған қылыштай жалт-жұлт еткен немесе жебедей шымыр да ұшқыр сөздерді
қиядан тауып қолданады. Соның нәтижесінде тосын метафоралар мен метонимия, астарлы
аллегориялар мен асқақ гиперболалар, өзгеше образдар мен теңеулер дүниеге келдi.
Ең алдымен ақын өзiнiң туған жерiнiң, туған даласының мерейiн көтерiп, мәртебесiн биiктеттi.
Мысалы,
Болма, болма
–
қуат жи, шіркін жүрек,
Жайрат анау өзімшіл құлқыңды іреп!
Сол індеттен сал тартып сарғайып тұр,
Достарыңызбен бөлісу: |