Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Сурет 1. 2003-2010  жылдар аралығында  колледждердің сандық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет302/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   375
Сурет 1. 2003-2010  жылдар аралығында  колледждердің сандық көрсеткіші 
 
Колледж табалдырығында тәрбиеленіп жатқан студенттер тек білікті маман болып қана қоймай, 
сонымен қатар жан-жақты, бәсекеге қабілетті, адамгершілік қасиеттері дамыған тұлға болып шығуы 
тиіс. Бұл ретте студенттерді шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру маңыздылығы туындап отыр.  
Барлық өркениетті елдерде заманауи білім берудің негізгі мәні, іс-әрекет пен ойлаудың әр түрлі 
формалары  мен  түрлі  мәдени  мәндерді  іздестіру  барысында  диалогқа  түсе  алатын  ұлт  адамын 
тәрбиелеу болып табылады [1;5-б]. Осыған байланысты колледж оқытушылары үнемі ізденіс үстінде 
жүріп, білім беру барысында әр түрлі технологияларды қолданады.  
Оқыту  теориясында  «технология»  ұғымының  үш  жүзге  жуық  анықтамасы  бар.    Өз  алдына  
технология  дегеніміз  —  материалды  өңдеу  үрдістерінің  жиынтығы,  немесе  материалды  өңдеу 
тәсілдері туралы білім жиынтығы [2;27-б]. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  тәсіл.  Бұл  «технология»  түсінігін  тек  материалды  өндіріс 
сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім 
беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді.   
Ақпараттық технология – колледж студенттерінің шығармашылығын дамытатын бірден-бір құрал 
болып  табылады.  Ақпараттық  технология  термині  ақпарат  және  технология  деген  екі  ұғыммен 
байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. 
192
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, 
сақтау,  өңдеу,  талдау  және  ұсыну  қызметтерін  жүзеге  асыратын  әрекеттердің  реті.  Ақпараттық 
технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік 
құралдар жатады.Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде программалық өнімдердің кең 
тараған  түрлері  пайдаланылады.  Оларға,  мәтіндік  редакторлар,  электрондық  кестелер,  графикалық 
редакторлар  жатады.  Қоғамның  қазіргі  заман  дәуіріңдегі  ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуына 
байланысты  адам  іс-әрекетінің  барлық  сферасында  компьютерлік  және  желілік  технологиялардың 
бірігуінен  пайда  болған  ақпараттық  технологияны  пайдалану  кең  етек  жайды.  Қоғамды 
компьютерлендіру,  техника  құралдарының  белсенді  түрде  енуі  оқу  орны  мен  кез  келген  ғылым 
саласы  алдыңда  бірқатар  көкейкесті  міндеттер  қоюда.  Әрине,  білім  беруді  компьютерлендіру  оқу-
тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді. Ол компьютерлердің және 
бағдарламалық құралдардың  дидактикалық  потенциалына байланысты.  Қазіргі  заманғы  ақпараттық 
және  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  оқу  үрдісінің  тиімділігін  арттыру  үшін,  яғни 
әрбір  сабақ  үшін  бағдарламаның  бір  түрін  ғана  жасау  қажет  емес,  сонымен  қатар  атқару  қызметі 
бойынша бір-бірінен бағдарламалар (бақылаушы, бақылаушы-оқытушы т.б.), сабақтың әр кезеңінде 
қолданылатын  (дәрістер,  зертханалық  сабақтар,  практикалық  сабақтар,  өзіндік  жұмыс,  курстық, 
дипломдық жоба немесе жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы т.б) бағдарламалар жасау қажет. Яғни, әр 
сабақ  түрі  үшін  компьютерді  пайдаланудың  ұтымды  немесе  тиімді  әдісін  және  нысанын  тандау 
қажет. 
Ақпараттық  технологияның  арқасында  әрбір  тәлімгердің  тек  дәстүрлі  ақпарат  көздерімен  ғана 
емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. 
«Ақпараттық  технология»  деген  терминді  В.  Глушков  енгізді.  Ол  оған  былай  анықтама  береді: 
«Ақпараттық  технология  дегеніміз  —  ақпаратты  өңдеумен  байланысты  үрдістер»  [3;116-б].  Сонда 
оқытуда  ақпараттық  технологиялар  үнемі  қолданылған  деуге  болады,  себебі  оқыту  дегеніміз  — 
ақпаратты  оқытушыдан  тәлімгерге  немесе  оқушыға  жеткізу.  В.Апатова,  В.Глушковтың  берген 
анықтамасын  жоққа  шығармай,  оны  нақтылай  түседі:  «Ақпаратгық  технология  дегеніміз  — 
ақпаратты өңдеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы» [4;61-б]. 
Д.Матрос  «жаңа  ақпараттық  технология»  ұғымын  қарастыра  отырып,  кез  келген  әдістер  немесе 
педагогикалық  технологиялар  ақпаратты  тәлімгерлер,  оқушылар  меңгеру  үшін  қалай  өңдеу  және 
жеткізу керектігін суреттейді [5;18-б], яғни, оның анықтамасы бойынша, кез келген педагогикалық 
технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология. 
Оқу  үрдісінде  компьютерді  пайдалану  нәтижесі  «компьютерлік  технология»  терминінің  пайда 
болуына әкелді. Есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық 
құралдардың  пайда  болуы  компьютердің  қолдану  аясын  кеңейтті.  Білімді  ақпараттандыруды 
тәлімгерлердің  мәліметтер  және  білім  базасында,  электронды  мұрағаттарда,  анықтамаларда, 
энциклопедияларда  белсенді  түрде  жұмыс  істеуі  деп  анықтауға  болады.  Осыдан  оқытудың 
ақпараттық  технологиясын  анықтауға  болады:  оқытушылық  іс-әрекетті  және  құралды  іске  қосу, 
олардың  жұмыс  істеуі  кезіндегі  пайдаланылатын  электрондық  және  бағдарламалық  құралдар 
жиынтығы. 
Әдістер жүйесінде техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, 
жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технология ұғымын анықтаймыз. 
Осы  орайда  ақпараттық технологияларды  пайдаланудың  мазмұндық-құрылымдық  моделі (Сурет 
2)  ретінде  ақпаратты  жинау,  жеткізу,  өңдеу,  жинақтау,  сақтау,  ұсыну,  пайдалану,  қорғау  сияқты 
үдерістерін  негізге  ала  отырып,  студенттің  өз  бетімен  білім  алып,  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға  өз септігін тигізеді.  
193 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет