Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Keywords:  creativity, creative thinking, personality, education



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

Keywords:
 creativity, creative thinking, personality, education.  
 
 
 
 
 
 
 
 
47
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
ӘОЖ   811.512.1.81 04 
 
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕРЕККӨЗДЕР ЛЕКСИКАСЫНЫҢ 
ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ 
 
Боранбаев Сандыбай  Режепұлы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің 
ректоры филология ғылымдарының докторы, доцент. 
sandybai60@mail. Ru.  
Шымкент қ.
 
 
Мақалада қазіргі қазақ, ескі қазақ сонымен қатар көптеген түркі  тілдерінің: көнетүркі, оғыз, қарлұқ, Ұлы 
Моғолдар империясындағы түркі-қыпшақтары және көне қыпшақтар мен Еуразия кеңістігіндегі басқа да түркі 
тілдерінің аралық негізгі байланыстырушы тілі болған  ескі қыпшақ тілінің тілдік мәдениеті сөз болады. Ескі 
қыпшақ тілінің әрбір жазба ескерткіші қазақ тілінің тарихын зерттеу барысында өзіндік үлес қосатындығы тағы 
бар. Этностың мәдени өмірі мен тұрмыстық тарихынан хабар беретін  дереккөздердегі лексикалық бірліктердің  
лингвистикалық табиғатын тану, оларды тілтанымдық нысан ретінде қарастыру дереккөздерге жаңа қырынан 
қарауды қажет етеді. Мақалада тарихи дереккөздердегі лексикалық бірліктер нақты мысалдармен дәйектеледі.  
Кілт  сөздер:  Тарихи-салыстырмалы  зерттеу,  жалпы  түркілік  алфавит,  түркі  халықтары,  грамматикалық 
ерекшеліктер,дыбыстар жүйесі. 
 
Қазақ  мәдениетіне  қатысты  дереккөздер  қорының  бірі  ретінде  көнеден  келіп  жеткен  тарихи 
мұралардың  мәні  өте  зор.  Оларды  зерттеп  білу,  оқып-үйрену  мәдениетіміздің,  азаматтық 
тарихымыздың әлі күнге дейін белгісіз жатқан, басы ашылмаған мәселелерін айқындай түсуге септік 
етері  сөзсіз.  Соңғы  уақыттарға  дейін  осы  салаға  қатысты  жазба  дереккөздерді  “көне  түркі  жазба 
ескерткіштері”  деп  жалпы  бір  атау  ыңғайында  түсініп,  солай  қабылдап  келдік.  Мұның  өзі  түркі 
халықтарының төл жазуы деп танылған “рун” таңбалы (графикалы) ескерткіштерімізге байланысты. 
Бірде “рун, руника (құпия жазу, таңба)”, “ойма жазу”, “түрк жазуы”; сондай-ақ, манихей, көне ұйғыр, 
ескі  гот,  ескі  грек,  араб  графикасы  үлгілеріндегі  “қадим”  деп  аталынып  жүрген  әліпби  үлгілері 
Еуразия далаларында, оның ішінде бұрынғы Алтын Орда аумағында және өзгедей шет аймақтарда да 
ұзақ уақыттар бойына кеңінен қолданыста болған. Түркітанушылардың осы салада атқарған зерттеу 
жұмыстарының барысында көпке дейін “көне түркі” мәдениеті деп танылып келген ұғым жаңа мән-
мағынаға  ие  болды.  Бұған  себептердің  бірі  –  түркі  халықтарының  өздерінің  әлеуметтік-
этнографиялық,  азаматтық  тарихын  білуге  ұмтылуында  болса,  екіншісі  –  осы  салаларға  қатысты 
дереккөздерден  алынған  материалдардың    нәтижелерінен  туындап  отыр.  Солардың  негізгілерінің 
қатарына  жазба  деректерді  дәуірлей  отырып,  жаңа  мәліметтерге  қол  жеткізе  алу  болып  табылады. 
Осыған  орай,  бұрынғы  қол  жеткізілген  азды-көпті  жетістіктеріміз  жалпы  “көне  түркі  мәденеті” 
аясында қаралып келсе, қазіргі уақытта “көне түркі, ескі түркі”, яғни алғашқы VІ-Х және кейінгі Х-
ХV  орта  ғасырлар  аралығы  сияқты  және  т.б.  ұғымдар  сахнаға  шықты.  Сонымен  қатар  нақты 
археологиялық,  нарративтік  дереккөздер  мәліметтеріне  орай  жаңа  ұғымдармен,  танымдармен 
толықты  [1]  және  мұндай  іс-шаралардың  ұдайы  жалғасын  тауып  отыруы  мүдделі  қажеттіліктердің 
бірі.  Жазба  ескерткіштерді  орындалу  мерзімі,  орны,  мәдени  ошағы,  олардың  түркі  халықтарының 
азаматтық тарихына, діліне, тіліне қатыстылығын үнемі анықтап, жаңғыртып, толықтырып отыру да 
солардың қатарында жатады.  
Қазіргі Қазақстан аумағы және онымен шектес бірқатар өлкелер, аймақтар кейінгі орта ғасырларда 
“Дешті-Қыпшақ”  деген  жалпы  атауға  ие  болғаны  тарихтан  хабары  бар  жұртшылыққа  мәлім.  Бұл 
аумақта ХV ғасырдан бастап, жаңа түркі ұлыстары, хандықтары, мемлекеттері, соған орай дәстүрлі 
көне-,  ескітүркі  мәдениетін,  тілін,  әдет-ғұрпын,  жол-жоралғысын  өзінше  дамытып,  жаңғыртып 
отырған  түркілік этникалық топтар пайда болды және бұл үрдіс түркі халықтарының  ең бір үлкен 
тобы шоғырланған Еуразия кеңістігінде келешекте де прогрессивті түрде жалғасын таба берері анық. 
 
Түп-төркіні  арысы  Орал-Алтай,  берісі  көне  түркі  тілі  болып  табылатын  қазіргі  қазақ  тілінің  өз 
алдына бөлініп, қалыптасу тарихындағы белесті, маңызды кезеңдерінің бірі – Х-ХV, яғни кейінгі орта 
ғасырлар дәуірі. Түркітанушы, академик Б.Е. Көмековтің пікіріне қарағанда кейінгі орта ғасырларда 
“Дешті-Қыпшақ” аумағында болып өткен тарихи оќиѓалардыњ нѕтижесінде осы аймаќтарды мекен-
жай  еткен  түркі  халықтары  өкілдерінің  әлемнің  түкпір-түкпіріне  шашырай  орналасуы  “Дала 
мәдениеті”  танымына  жаңа  көзқарас  қалыптастырды.  Соған  орай  көне  жадыгерліктерде  “Туран, 
Түркі    даласы”  атауымен  қоса  “Қыпшақтар,  Қыпшақ  даласы”  [2]    ұғымдары  кеңінен  қолданыла 
бастады.  Түркі  тектес  халықтардың  бірде  “түрк”,  бірде  “қыпшақ”  аталынуы  VІІІ  ғасырдан  бастап, 
әдетке  айналғанға  ұқсайды,  мыс.:  “Мойун  Чор“  (Селенга  жазуы,  б.з.  795  ж.)    жазба  ескерткішінде  
48 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
тоқуз оғыздар қағаны Мойун Чор “менің  26 жасымда түріктер мемлекетінде қыпшақ түріктері елу 
жыл ел билеп тұрѓанда... ”  [3]  деп көрсетсе, көрнекті ориенталист, түркітанушы А. Зайончковский 
кейінгі орта ғасырлардағы Дешті-Қыпшаққа қатысты дереккөздерде “қыпшақ” этнонимінің синоним 
сөз ретінде “түрік > түркі” сөздерінің орнына жиі қолданылғандығын атап өтеді [4]. Орта ғасырларда 
Дешті-Қыпшақта тұрып, түркі өркениетіне өзіндік үлес қоса алған этностар, ру-ұлыстар қатарында 
бүгінгі  қазақ  халқының  ата-бабалары  да  бар.  Сондықтан  бұрын  “көне  қыпшақ  тілі” 
(
древнекыпчакский  язык),  ал  қазіргі  уақытта    “ескі  қыпшақ  тілі”  деп  аталынып  жүрген  салада  да 
атқарылуға тиісті іс-шаралар ауқымы мол. Солардың бірі әңгіме арқауы болып жүрген “
Китаб булғат 
әл-Муштах....
” жазба ескерткіші  
Кір етті    (кір етті, кірлетті). А. Зайончковский аударуын дұрыс аударыпты да, бірақ осы екі сөзді 
бір ғана сөз етіп, біріктіріп жазыпты: кірет (запачкать, загрязнить). Шынында бұл  - екі сөздің өзара 
тіркесін келуі, біріншісі  - есім, екіншісі – көмекші етістік (яғни толымсыз етістік). Түркі тілдерінде 
көптеген бері қолданылып жұрген белгілі тұлғалар: 
Тас – кір (грязь, грязный); Кк, Абу Х., ат – Туһфа, қарайым – кір; тат., башқ. – кер, ноғ., ққ – кир; 
МҚ – кірікті, кірленді (становиться грязным); ДТС – кір (грязь, сор). Өзі тіркесіп келген бірігіп барып 
жұмсалатын, ол сөзге көмекшілік қызметін толымсыз е етістігінің о бастағы формасы  - ер // ир (быть, 
находиться,  ДТС,  175).  Түркі  тілдеріндегі  р  фонемасының  тұрақсыздығына  байланысты  біздің 
тілімізде  ол  е  болып  қалыптасқан  (екен,  емес,  еді,  т.б.).  Ескі  түркі  тілдерінде  ет  деген  туынды 
түбірдің  бірнеше  мағынасы  бар  (1.  Совершать,  создавать,  строить;  2.  Устраивать,  приводить  в 
порядок; 3. Көмекші мағына беретін сөз, т.т. ДТС, 186). Қазіргі қазақ тілінде оның көмекші етістік 
ретінде атқаратын қызметі күшті де, беретін мағыналары да аз емес. 
Кішенледі(кісендеді, кісен салды). 
Жоғарыда аталған жазба жадыгерліктер мен онда келтірілген тілдердің бәрінде – кішен, тек Абу 
Х. мен МҚ – да – кішенледі. Ескі түркі тілдерінде кеңінен танымал, бірақ бұл сөздің негізгі түбірі, біз 
ойлап жүргендей, кішен (путы, оковы) емес, кіше (спутывать, связывать), ырықсыз етіс түрі – кішел 
(ДТС,  310).    Біздің  кісен  сөзіміз  түркі  –  монғол  қауымдастығына  ортақ  болып  келетін  белгілі    -  н 
өнімсіз жұрнағы арқылы кіше деген етістік түбірден жасалған да, оған етістіктің әмбебап – ла // ле 
қосымшасы  жалғану  нәтижесінде  барып  тағы  да  туынды  етістік  түбір  туындаған.  Әрине,  бұл 
құбылыс ескі қыпшақ тілінің дәуірінде пайда болып, іске асқан. Көптеген түркі тілдерінің өзара ш – 
тіл,  С  –  тіл  болып  бөлініп  келетін  ерекшелігіне  байланысты  ш  //  с  дыбыстары  әрдайын  алмасып 
отырады. Бұл өзі – сонау Орхон – Енесай жазу ескерткіштерінен (V – VIII ғ.) бері қолданылып келе 
жатқан фонетикалық тұрақты бір заңдылық. 
Қабы  йабты(кітапты  жапты).  Арабша  аудармасы  екі  сөз  арқылы  берілген.  Біріншісі  –  ғаллақа 
(закрывать,  запирать),  екіншісі    -  китабун  (книга,  письмо,  послание,  грамота).  А.  Зайончковский  
”Закрыть обложку книги” деп аударады. 
Бұл  лексема,  біздің  байқауымызша,  осы  “  Арабша    -  түрікше  сөздіктің“өзіне  ғана  тән  эндемик 
тұлға  болса  керек  –  ті,  өйткені  басқа  түрлі  жазба  жадыхаттар  мен  түркі  тілдерінен  кездестіре  қию 
қиын  сияқты.  Бірқатар  ескі  түркі  тілдерінде  жазылған  жазба  нұсқаларда  қап  (сосуд,  мех,  бурдюк, 
мешок, аболочка плодного пузыря) сөзі ұшырайды,  ең бастапқы түбірі  - қа (сосуд, посуда); қа  - 
қача (посуда, қача – посуда, ДТС, 399 – 400, 420).  
Қабы  тұлғасының  осы  түбірмен  байланысы  бар  болуы  мүмкін.  Кітаптың  мұқабасы  да,  сол 
кітаптың  қабы болып есептеледі ғой, бірақ бұл жерде сөз аяғындағы ы дыбысын түсіндіріп беру оңай 
емес, үйткені йабты сөзі  - сабақты етістік, ол өзі меңгеретін сөздің табыс септілігінде тұруын (яғни 
тура объекті есебінен болуын) талап етеді (мысалы, қабын йабты болса, ол  - өз алдында, онда сөз 
тіркесі  өзара  жарасып  тұрар  еді).  Мұндай  жағыдайда  қап  сөзін  көптеген  ескерткіштер  мен  тірі 
тілдерден тауып ала беруге болады (мәселен, Тас, 156-б.).  Бұл  - бірінші жағынан.   
Екінші  жағынан, қазақ тіліндегі қапсыр (“бір нәрсені қапсырып жап“ дегендегі қапсыру) сөзінің 
түбірі- қап (хватать, захватывать, одолевать, нападать, ДТС, 420), ол – тут (держать, брать) сөзінің 
синонимі, екеуі қосылып, плеоназм ретінде қос сөз жасайды: тутқап (хватать, ДТС, 591). Осы түбірге  
өнімсіз – сыр жұрнағы қосылып, қапсыр сөз: құралып тур. Бұл түбір морфеманың о бастағы тегі - қа 
(складывать, класть вместе, класть по порядку, МҚ, ДТС, 399). Ол қабырчақ (ящик, сундук, гроб), 
қабыш  (объединяться,  соединяться,    соединяться,  сходиться),    қабса:  тебре  –  қабша  (қос  сөз: 
двигаться,  колебаться,  ДТС,  546),  Қабшур  (өзгелік  етіс:  соединять,  складывать),  қабучақ  (дупло; 
этникалық қабчақ атауы осы сөзден шыққан). Қапағ (ворота, дверь) // қапға // қапығ // қапуғ, қапақ 
(покрышка,  крышка;  веко,  девственность,  целемудрие,  невинность),  қапчуқ  (мешочек),  қапғақ  ( 
49
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
колпачок, надеваемый на саадак), қапуш (ортақ етіс: хватать друг у друга, ДТС, 399, 420 - 421) т.б. да 
сөз  тұлғаларының  жасалуына  негіз  болып  қызмет  атқарған.  Міне,  осы  қаб  //  қап  түбіріне  көне  ріп 
кеткен  өлі  жұрнақ  -ы  жалғанып,  қабы  деген  үстеу  сөзі  келіп  қалыптасқан.  Салыстырып  көрелік: 
Қазақ тіліндегі жоғары сөзінің түбірі  -йоқ  (высокое место), осыдан йоқар тұлғасы пайда болған: 
йоқар  ағ    (подниматься,  возвышаться),  йоқар  йоқла  (возвышаться),    йоқар  қоп  (подниматься, 
вставать).  Етістік  формасы    -йоқла  (подниматься,  взбираться),    өзгелік  етіс  –  йоқлат  (заставить 
подняться). Бұл іспеттес сөздердің құрамындағы  -ар  аффиксі барыс септігінің көрсеткіші болған. 
Ерте  заман  жазбаларында  ол  жиі  қолданылған  (әсіресе,  көне  түркілік  эпитафиялық  ескерткіштер 
нұсқаларының  тілінде, V – VIII ғ.). Сөз мағынасы мен оның  морфологиялық құрамы (фонетикалық 
сипаты)  өзгере  келіп,  енді  осы  тұлғадан  үстеу  сөзі  жасалады:  йоқару  (вверх),  йоқару  ағ 
(подниматься), йокару қоп (подниматься, вставать), йоқару тур (подниматься, вставать). Мұндағы  у  
аффиксі іс - әрекет, қимылдың бағытын көрсетіп, олардың орнын дәлдеп нақтылап, айқындап беруге 
көмектеседі.  Ағ      (подниматься),  қоп    (подниматься,  наверх,  возвышаться,  вставать,  т.б.),  тур 
(вставать, подниматься, стоять, останавливаться, т.б.) сияқты етістік сөздерінің мағыналарын береді 
(ДТС, тиісті беттерінде). 
Қазіргі  қазақ  тілінде  еріндік  дауысты  дыбыстар  сөз  соңінда  келіп  айтылмайды,  олар  езулік 
дауысты  дыбыстармен  алмасып  отырады:  йоқару  //  жоғары    йоқ  //  жоғ  (түбір)  –  ар  (барыс  септік 
жалғауы) // ы – ді (үстеу сөзінің жасалу жолын көрсететін аффикс). Осы жұрнақ жоғарыда аталған 
қаб / / қап түбіріне де жалғанып тұр. 
Қап сөзі о баста синкретикалық түбір болғанға ұқсайды. Келтіріп өткен мысалдар осының куәсі. 
Бұл жерде – ы деген ай қосымша  - жабу іс - әрекетінің қалай орындалғандығын білдіретін морфема. 
 
Қақ,  қақар,  қақты  (қақты).  Бұл  сөздің  арабша  аудармасы    -  ғамаза,  ол  төрт  түрлі  мағына 
береді: 1. Ощупывать, трогать руками; 2. Сжимать рукой надавливать,  нажимать; 3. Моргать, давать 
знак глазами; 4. Злословить, клеветать. Осыған орай ғалымдар бұл лексемаға әртүрлі мағына беріп 
аударады:  А.  Зайончковский    -  1.  бросать  клевету,  натраслину;  порочить,  бесчестить;  2.  моргать, 
мигать, давать знак глазами. Бұл автор осы екі мағынаны Ибн Муханна да келтірген деп көрсетеді. ат 
– 
Туһфада осы сөздің үш түрлі мағынасы бар: 1. бить, ударять, толочь, измельчать;  
2. подмигивать, делать знаки глазами; 
3.  сердиться,  гневаться.  Абу  Хайян  мұның  (қақты  сөзінің)  бір  –  ақ  мағынасын  көрсетеді:  бить, 
ударять,  стучать.  ДТС  М.  Қашқари  еңбегіне  қарап,  оның  бір  –  ақ  мағынасын  келтіреді:  стучать, 
ударять, бить. 
Осы айрылған мысалдарға байланысты айқындалатын екі мәселе бар:  1) қақ ты  сөзінің түбірі – 
көп мағыналы сөз (полисемия, яғни полисем); 
2)  оның  арабша  аудармасында  осы  соңғы  фактор  үстемдік  алып  кеткен,  үйткені  осы  түбірден 
тараған басқа тұлғалар да бар (мысалы, қақы // қағы, қақымақ). Біз олар туралы басқа бір жерде сөз 
етеміз де, олардың мән – мағынасын айқын ашып береміз. Сонда бұл жерде келтіріліп отырған сөз екі 
түрлі мағына беру үшін жұмсалады: 1. бить, ударять, стучать; 
2. подмигивать, делать знаки глазами. ат -  Туһфада көз қақ  (көз қысу) деген де сөз тіркесі бар. “Т 
үркі  - араб сөздігінде“ - қаққыл (бить, ударять, стучать в дверь или обо что – то рукой); МҚ., тат., 
башқ., ноғ., ққ.  – қақ; қарайым – қах. Қ. қақы.  
Қарышлады  (қарыстады,  қарыстап  өлшеді).  Түркі    тілдерінде  сөз  түбірі  көп    тараған:  Тас    - 
қарыш (пядь); МҚ., Абу Х., ат – Туһфа, Аф, Ибн М., Мтв., тат., башқ., ққ.  – қарыш; ноғ. – қарыс. 
ДТС- қарыш (пядь),  қарышла (измерять пядью). Қ. қарыш. 
Қарышты  (қарысты,  ол  талқан  қарысты).Қазіргі  қазақ  тілінің  кейбір  говарларында  (Оңтүстік 
өңірінде)  талқанды  суға,  сүтке,  айранға,  сорпаға,  т.б.  араластырып,  былғастырып,  қосып  жасаған 
тамақты дайындау процесінде байланысты айрылады. Сөз түбірі  - қары (ортақ етіс тұлғасы - қарыс). 
Арабша аудармасы  - халата (мешать, смешивать, перемешивать). Аф. – қарыштыр (смешиват); Кк  

булғаш тур // қарыштур (мешать, смешивать). Ескі тілдерде  - қар (смешивать), қарыл (ырықсыз 
етіс), қатыл – қарыл (қос сөз: смешиваться, МҚ.,  ДТС, 422, 427). Қ. булаш. 
Қауурды (қуырды). Зайончковский: Қавур. Тас – қавурғыл (жарить мясо в жире); МҚ. – қаврулды; 
Абу Х. Қавур; ат – Туһфа  - қаврул // қаврун // қовур // қоврун; Түрк  - тат.  – кавур, ковур; Ибн М.  – 
кувурдақ; тат.  – қуыру; башқ. – қурыу; ққ. – қууыр; ноғ. – кувыр. 
Тас  - қавурма (жаренное мясо, разрезанное на мелкие куски); МҚ. – қавурған (жареная пшеница); 
Аф.  –  қурумыш;  ат  –  Туһфа  –  қовурдақ;  тат.  –  қуырма;  ққ.  –  қууырма;  қаяақ  –  қуырма  (жареное 
зерно),  қуырдақ  (жареное  мясо,  Тас,  153  -  154).  ДТС  –  қағур  (жарить,  калить)//    қавыр  //  қоғұр  // 
50 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
қовур, ДТС, 406). Түркі тілдеріндегі белгілі ғ // в // у // ф  (айрылмай түсіп қалу) заңдылығы бойынша 
алғашқы  қағұр  варианты  осылай  өзгерт  келіп  отырған.  Интервокаль  позициясындағы  ғ  дыбысы 
дифтонгретінде  өзімен тіркесіп тұрған дауысты дыбысқа әсер ете алады: қағур > қуур>қуыр. 
Л//д//т  заңдылығының инімен ерте кезде қуурда туынды етістігі жасалып, оған көне –қ жұрнағы 
жалғану арқылы қуырдақ формасы пайда болған. 
Қ. шішледі, сокүл. 
Қыздурды  (қыздырды). Жалпы түркі ескі және жаңа қыпшақ тілдерінде өте белгілі сөз (Қ. Тас, 
Ы-  б.)  Сөз  түбірі    -  қыз  (краснеть,  паменеть,  багроветь),  осыдан    -  қыза  (горн  кузнечный),  қыздар 
(краснеть,  багроветь),  қызарғар  (пламенеющий,  пламенно,    горячо),  қызарт  (өзгелік  етіс),  қызғу 
(розавый,  румяный),  қызыл  (красный),  қызылсығ  (красноватый),  қызқыл  (красный,  ДТС,  450). 
Қыздур  –  осы  түбірдің,  әрине,  ырықсыз  етіс  формасы.  Арабша  тәржімасы  -  “нагревать,  накалять, 
распалять (железо) “. 
Қотарды  (қотарды).  Арабша  да,  полякша  да  аудармасы:  опорожнять,  выложить,  освобождать, 
выгружать, разгружать, разряжать. 
Тас – қутырғыл (черпать, вычерпивать, переливать из одной посуды в другую, переложить);МҚ. – 
Қутурды (опорожния); Абу, ат – Туһфа, ноғ., ққ. – қатар; Кк – қутур, Зайончковский  - қатур; башқ.  – 
қутар. ДТС – қотур (перекладывать, переливать; выкладывать, вынимать, вычерпывать, выливать из 
какой – л. Посуды, сосуда и т.п., опорожнять). Бастапқы түбірі қот (оставлять, покидать, забрасывать) 
болуы да  мүмкін (ДТС), сонда – ур формантты өзгелік етістің көрсеткіші болып танылуға тиісті. 
Қуч, қучар, қучты  (құшты, құшақтады). Көптеген түркі тілдерінде жұмсала беретін лексема (Қ. 
Тас, 170 – б.; ДТС, 463- б.). 
Тек айырма мынада: сөз құрамындағы (түбірдегі) дауысты дыбыс у//о//ұ болып келе береді. 
Дегенмен Мәмлүк қыпшақтары тілінде,  сол  сияқты  ол тіл туралы, оның ерекшеліктері жайлы   
араб тілінде орындалған жазба жадыгерлік- тердің жүйелі зерттеу объектісі болып ғылыми айналысқа 
тартылуы  көпке  дейін    кешеуілдеп  келді.  Мұның      өзі  —  түркітану  саласындағы    үлкен    бір  
олқылықтарға  да  алып  барары   сөзсіз. Жазба жадыгерліктердің  басым көпшілігі бірлі-жарымды, ал 
кейде жеке бір материал тұрғысында жарияланғаны, қысқаша ғылыми-көпшілікке хабарлама ретінде 
ұсынылғаны болмаса, өз алдына арнайы зерттеу объектісі болмағандары көп. Мұның бір себебі — 
түркітанудың іргелі бір саласы қыпшақтануға кезінде жеткілікті мән берілмеуімен, енді бірі — осы 
салада  тер  төгіп,  халық  мұрасын  игілікке  жарата  алатын  мамандардың  мемлекет  тарапынан  аз 
дайындалуымен түсіндіріледі ғой деп ойлаймыз. Сонымен қатар «жеке тілдерді зерттеу, салыстыра, 
тұтастай және кезеңмен жүргізілуі тиіс» деген тілтанушы ғалымның ұстанымын да естен шығармаған 
жөн 
[5.25].  
 
Х-ХІІ ғасырлардағы Дешті-Қыпшақ мәдениеті (ауызекі және жазба тілі тұрғысында) оғыз, қарлүқ 
элементтерінің басымдығымен көзге түсе, ХІ-ғасырдан бастап қыпшақ тілі мәдениетінің белең алуы 
да байқалады (оның ішіндегі араб-парсы элементтерінің енуі, сіңісуі өз алдына бір мәселе). Міне осы 
ХІ  ғасырдан  басталатын  ескі  қыпшақ  тіл  мәдениеті  қазіргі  қазақ,  ескі  қазақ  тілдерін  (сондай-ақ 
көптеген  қазіргі  түркі  тілдеріне  де  қатысты)  көне  түркі,  оғыз,  қарлуқ,  сол  сияқты  Ұлы  Моғолдар 
империясы  түркілері  (қыпшақтары),  Еуразиядағы  көне  қыпшақтар  және  басқа  да  түркі  тілдерімен 
тарихи тұрғыда жалғастыратын аралық негізгі буын тіл болып табылады. Осыған орай, ескі қыпшақ 
тілінің  әрбір  жадыхаты,  олардағы  ерекшеліктер  қазақ  тілінің  тарихын  зерттеу  ісінде  зор  үлес  бола 
алатындығы анық.
 
 
1
 
Курышжанов А.К. Исследование по лексике старокипчакского письменного памятника ХІІІ в. 
“Тюркско-арабском словаре”, А.-А., 1970. 
2
 
Кумеков  Б.Е.  Некоторые  итоги  и  проблемы  кыпчаковедения..  Евразийское  сообщество.  А., 
1997. 
3
 
Құрышжанұлы Ә. Мойун Чур ескерткіші // Түркістан, Халықаралық энциклопедия, А., 2000, 
479 б. 
4
 
Zajaczkowski A.Manuel arabe de langue des Turcs et Kiptchaks (êpoque de l' des Mamelouk), 
(Intraduction, Vocabulaire turc-polonais-francais, Texte.), Rozprawy Komisji Orient. Tow. Nauk. Warsz., 
Warszawa, XXI,57, 16 s. 4 Taf.[s. Nr.204] Warszawa 1938, 1958.
 
5
 
Ағабекова  Б.Н.  Герман  және  қазақ  тілдерінің  салыстырмалы  фразеологиясының 
қалыптасуы.  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті.  Хабаршы.  «Филология 
ғылымдары» сериясы. №2(48) 2014ж. 24-26 бет. 
51
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Резюме 
C
. Р. Боранбаев  - Ректор региональный социально-инновационной университета, доктор 
филологических наук, доцент. 
sandybai60@mail. Ru
  
г Шымкент
.
 
Об исследовании лексики источников письменного наследия казахской культуры 
В  данной  статье  рассматривается  языковая  культура  старокипчакского  языка,  являющийся 
промежуточным  основным  языковым  звеном,  который  имеет  историческое  продолжение  в 
современном казахском, староказахском а также многочисленных тюрских языках: древнетюрском, 
огузском,  карлукском,  языке  тюрков-кипчаков  империи    Великих  Mонголов,  а  также  древних 
кипчаков  и  других  тюркских  языков  Евразии,  следовательно,  каждый  памятник  старокипчакского 
языка,  его  особенности,  могут  внести  очень  большой  вклад  в  исследовании  истории  казахского 
языка. Источники,  позволяющие нам познать лингвистическую природу языка и взять их как объект 
языкознания, требуют повторгого пересмотра материалов которые дают нам информацию о культуре 
и бытовой жизни этноса. В статье рассмотрены конкретные примеры лексических единиц взятые из 
исторических источников.  
Ключевые  слова:  Историко-сопоставительное  исследование,  общетюркский  алфавит,  тюркские 
народы,  грамматические особенности, система звуков. 
 
Summary 
S. R. Boranbaev –Rector of Regional Social-Innovational University.  Doctor of  fil. Sciences, as. 
Professor. 
sandybai60@mail. Ru. 
Shymkent city 
Research lexics sources of written heritage of Kazakh culture 
This article is considered  the language culture  of    old Kipchak language intermediaries basic linguistic 
element which has the historical continuation in  modern Kazakh,  old kazakh and many Turkic languages 
ancient Turkic, Oguz, Karluk languages Turks Kipchak Empire of Great Mongols and also ancient Kipchak 
and other Turkic languages of  Eurasian, therefore each monument of ancient Kipchak language  its features,  
make a very large contribution in the research of the history of the Kazakh language. The sources that allow 
us to know the linguistic nature of language and to take them as the object of linguistics require povtorgogo 
review materials that give us information about the culture and everyday life of the ethnic group. The article 
discusses specific examples of lexical units taken from historical sources

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет