Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет9/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43

 
 
ӘОЖ 070:004 (574) 
 
ЭЛЕКТРОНДЫ  БАҚ және ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ғылыми жетекшіАмирбекова А. Б. – ф.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы тіл білімі  
кафедрасы amirbekova_2012@mail.ru 
Бөбеева С.М.  - Абай атындағы ҚазҰПУ 6М012100 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі 
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының  2- курс магистранты, 
salima_bk@mail.ru
 
 
Мақалада  электронды  БАҚ  лингвистикалық  аспектіде  қарастырылады,  сондай-ақ  интернет  желісі  мен 
электронды  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  маңыздылығы  мен  өзіндік  орны,  рөлі  сипатталады.  Соңғы  он 
жылдықта ақпараттық жүйедегі жаһандық өзгерістер жаңа бұқаралық коммуникацияның қалыптасуына ықпал 
етті.  Бұл  мақалада  сондай  қарым-қатынастың  бірі  -  электронды  коммуникацияның  стилистикалық 
ерекшеліктері  анықталады.  Бұнымен  қоса  электронды  БАҚ  стилінің  қалыптасуы  мен  дамуына  негіз  болған 
экстралингвистикалық  факторларға  талдау  жасалады.  Электронды  БАҚ  мәтіндері  өз  алдына  тілдік  құрылым 
екенін және оның прагматикалық мақсаттары мен құрылғысы ерекше зерттеуді талап ететіні сөз болады.  
Түйін  сөздер:  Электронды  БАҚ,  экстралингвистикалық  фактор,  прагмалингвистикалық  ерекшелік, 
бағалауыш қағидалары. 
 
Қазақстандық  ғаламтор  сегментіндегі  қазақ  тілінің  қалыптасуы  мен  қызмет  етуі  ерекше  назар 
аударып,  жіті  зерттеуді  талап  етеді.  Бұл  тақырып  ғылым  үшін  жаңа  болғанымен,  тіл  білімінің 
зерттеулерінде  маңызды,  өзекті  мәселеге  айналды.  Себебі  ғаламтор  қазіргі  таңда  адамның  ақпарат 
алуға  оңтайлы  ең  қажетті  дереккөзі  болып  отыр.  Оның  жылдам  қызметі,  қолжетімді  мүмкіндігі, 
жұмысты  жеңілдететін  қасиеттері,  алыстағы  тұтынушылармен  қарым-қатынасты  тиімді  жүзеге 
асыруға  септігін  тигізуі  таным  құралы  болуымен  қатар,  қарым-қатынас  құралы  болуы 
52 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
артықшылықтарын  байқатады.  Жалпыадамзат  ғаламтордың  таным  құралынан  гөрі  қарым-қатынас 
құралы бола алатын мүмкіндігін аса қажеттілікпен пайдаланады.  Қарым-қатынас тілінің бір формасы 
ретінде қалыптасқан ғаламтор тілі өзіндік стильдік, нормалық заңдылықтар тудыра бастады. Себебі 
жазбаша, ауызша құрылымдық тілдің заңдылықтарынан ауытқу көп байқалады.  
Негізінен веб-кеңістіктігі, яғни ғаламтор желісі  жазбаша қарым-қатынас тіліне негізделген. Бірақ 
ауызша таралатын мүмкіндіктері де аз емес. Дегенмен тұтынушылар жазбаша түрін көп қолданады.  
Ғаламтор  тілінде  орфографиялық  ережелерден  ауытқу  жағдайлары  қысқа  мәтінді  жазба  қарым-
қатынастарда  жиі  орын  алады.  Ал  ірі  гипермәтінді  жазба  тілдерінде  арнайы  дайындалған  мәтіндер 
қолданылатын болғандықтан емле нормаларын сақтауға тырысады.  
Демек, ғаламтор тілін екі қырынан қарастыруға болады: біріншіден, жаңа тілдік кеңістік ретінде, 
екіншіден, белгілі бір мақсаттағы коммуникативтік кеңістік ретінде. Бұл екі мәселе де - тілдің өзара 
ажырамас сабақтас мәселелері.  Олай болса ғаламтор кеңістігі - вербалды құбылыс.    Ол  - әртүрлі 
тақырыптарға іріктелген мәтіндердің жиынтығы, әрбір тақырып әртүрлі қызмет атқарады. Мәселен 
біреуі ақпараттық  қызмет  атқарса, бір  мәтіндер  түсіндіру  (репрезентативті)  қызметін атқара  алады, 
т.б.  Ең  бастысы  вируталды  кеңістіктегі  мәтін,  яғни  тіл  сол  виртуалды  шынайы  ақиқат  дүниені 
жасаушы құрал болып қабылданады. Әрине, тіл болғандықтан тек ақиқат ойдың формасын беруші 
ғана емес, оның мазмұнын таратушы, хабарлаушы, жеткізуші де болады.   
Мәселен, чат қысқа мәтіндерді қолданатын ғаламторлы коммуникация тілі болып табылады. Бірақ 
ресейлік  ғалымдар  чат  тілін  жеке  электронды  жанр  деп  қарастырады.  Н.С.  Андрианова,  2008  [1]; 
В.Н.Базылев,  2010;  А.Б.  Бушев,  2009;  Е.Н.  Вавилова,  2001;  Е.И.  Горошко[1],  2006,  2007,  2011  [2]; 
Л.Ю.  Иванов,  2000;  Л.А.  Капанадзе,  2002;  Л.Ф.  Компанцева,  2005;  Н.А.  Лапшеева,  2009; 
М.Л.Макаров, 2004; С.Н. Михайлов, 2003; Е.Ю. Распопнина, 2010; Н.Б. Рогачева, 2011; А.А.Селютин, 
2009; Н.Г.Трофимова, 2009; О.Ю. Усачева, 2009, 2010; Л.Ю. Щипицина, 2006 чат тілінің дискурстық 
аспектісін  анықтай  отырып,  чатты  виртуалды  дискурсты  жарыққа  шығарушы  тілдік  құрал  деп 
таниды.  
И.Шабшиннің  пікірінше,  іскери  онлайн-коммуникация  (конференция,  семинар,  т.б.)  кәсіби 
міндеттерді орындайтын болғандықтан сұхбаттасушылардың диалогтік қатынасы, талқылау, талдау 
сөйленісі басым болатынын айтып, жеке жанр ретінде қарастырған болатын [3]. 
Ғаламторлы  коммуникациядағы  келісім  үдерісі  қарапайым  ауызша  тілдегі  келісім  дискурсымен 
ұқсас,  яғни  онда  да  ақпаратты  хабарлау,  дәйектемелермен  дәлелдеу,  қарсы  аргументтер  айту, 
келісімді  білдіру,  келісімге  келмеу  сияқты  тілдік  қолданыстар  болады.    Көп  жағдайда  ғадамторлы 
коммуникациялар осындай іскери мәтіндерге құрылады.  
Іскери  ғаламторлы  тілдің  жазбаша  түрі.  Оffline  келіссөзінде  (әдеттегі  шынайы  өмірдегі 
келіссөздер) ақпарат жеткізудің негізгі тәсілі ауызша сөйленіс болса, жазбаша көрнекті материалдар 
оған  көмекші,  қосымша  құрал  ретінде  қызмет  атқарады.  Ал  желі  ішінде  қарым-қатынас  жасаудың 
басты  тәсілі  -  бұл  жазбаша  тіл.  Қатынастың  жазбаша  тәсілі  нақты  ойды  жеткізу,  оның  стильдік 
құрылымын  (формулировка)  дәл  баяндау,  логикалық  ойдың  болуы  талап  етіледі.  Сондай-ақ  іскери 
ғаламторлы  тіл  келіссөз  стилімен  беріледі,  яғни  іскери  стильде  жазылады.  Себебі  күрделі 
қайшылықтар  тудырмайтын  мақсатты  көздеп  жазылады.  Жазбаша  ғаламторлы  қатынаста  әрбір 
диалог  жазылып  қалады.  Сондықтан  барлығы  нақты.  Ешкім  «Айтқан  жоқпын»,  «айттым»  деп 
мойындамай немесе мойындап әлек болмайды.  
Іскери  online-қатынасының  стиліндегі  басты  ерекшелік  формальді  бастаманың  аяғы  еркін 
сөйленіске ұласады. Психологиялық алшақтық бірте бірте жақындаса бастайды.  Ал шынайы өмірде 
ауызша  қарым-қатынаста  танысу,  немесе  кездесу  қарым-қатынасында  психологиялық 
арақашықтықты  жылдам  қысқартуға  тырысады.    Себебі  олар  бірін  бірі  көзбе-көз  көреді.  Ал 
ғаламторлы қатынаста адамдар бірін-бірі көрмегендіктен  өзара жақындасу ұзақ уақытқа созылады. 
Сондықтан e-mail арқылы іскери байланыс жасаудың мынадай  қызметтері болатынын атап өтеміз: 
-
 
қол қоюға бағытталған ақпараттар қысқартылады, яғни толық  
реквизиттер, формалы қаратпалар болмайды. тек кісі есімі ғана қалады. 
-
 
хат басында адресатқа бағытталатын қаратпа өзгертіледі. 
-
 
смайлик қолданылғаннан кейін, «сен» деп қарым-қатынас жасауға  
мүмкіндік алады. 
-
 
жеке тұлғалар өздері туралы ақпаратты тым қысқа етіп жібереді.  
Яғни  сол  іскери  қарым-қатынасқа  маңызды  болатын  ақпараттар  ғана  жіберіледі.  Ал  жеке  тұлға 
туралы  одан  да  басқа  ақпараттар  қажет  болса,  олар  хабарласу  барысында  жазыла  береді.    Егер 
53
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
сұхбаттасушы туралы толық мәлімет керек болса, екінші сұхбаттасу оны электронды поштасына өзі 
туралы толық мағлұмат бере алатын жеке ғаламтор-парақшасын немесе персоналды сайтын жібере 
алады.  
-
 
іскери  онлайн-қарым-қатынасы  коммуникация  барысында  көбеюі  мүмкін,  яғни  арналар 
қосылуы  мүмкін.  Ондай  жағдайда  сұхбаттасушылар  тек  жұмыс  телефондарын  ғана  емес,  мобильді 
телефон нөмірлерін де беруге міндетті.  
Осылайша іскери ғаламторлы қатынастың өзіндік ерекшеліктері болады.  Яғни нақтырақ айтқанда 
іскери адам сұхбаты сол сәтте-ақ әлем үшін «қолжетімді» бола алады.  
Жалпы  ғаламторлы  коммуникацияға  тән  құбылыстар  ауызша  қарым-қатынастар  сәл  өзгеше 
болады. Осы ерешеліктерді былайша түсіндіруге болады: 
1.
 
Формальді  емес  ғаламторлы  қарым-қатынасқа  кез  келген  адам  қатысады,  ол  жас,  жыныс 
талғамайды. Себебі бір-бірімен бетпе-бет жүздеспейді.  
2.
 
Тұлғааралық  ғаламторлы  қарым-қатынаста  әрбір  сұхбаттасушы  өз  стереотиптік  танымымен 
сөйлеседі. Соған орай олар серіктес бола алу/бола алмау жақтарын сынайды. 
3.
 
Әрі  қарай  қарым-қатынас  контактісін  жалғастыру  немесе  үзуге  еркіндігі  бар.  Тұтынушы 
қарым-қатынасты үзгісі келсе, контактіден шығады немесе кез келген сұхбаттасу диалогын үзіп кете 
алады, яғни жауап жазбайды. 
4.
 
Ғаламторлы  кеңістіктегі  қарым-қатынаста  эмоционалды  күйді  жеткізуде  қиындықтар 
туындайды.  Сөзбен  іштегі  күйініш  не  қуанышты  жазып  отыру  ұзақ  уақыт,  оны  оқып  отыру  да 
сұхбаттасу  үшін  үйреншікті  дүние  емес.  Сондықтан  эмоциялар  көбінесе  смайликтермен  беріледі. 
Сөйлем соңында қойылады. 
5.
 
Ғаламторлы  тілдік  қатынаста  нормалды  емес,  типтік  емес  мінез-қылықтарды  сипаттайтын 
қолданыстар жиі көрініс табады. Яғни тұтынушы өзінің шынайы болмысын жасырып, басқа қырынан 
танытуға ұмтылады.  
Ал  енді  Ғаламторлы  қарым-қатынасқа  деген  мұқтаждық  пен  қажеттілікке  себеп  болатын  басты 
факторлар деп мыналарды атай аламыз: 
1.
 
Шынайы өмірде тікелей ашық қарым-қатынасқа түсе алмай, ыңғайсыздық сезіну ғаламтормен 
ойын ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Ғаламторлы тілдік қарым-қатынаста тұтынушылар тым еркін 
болады. Субординация сақталмайды. 
2.
 
Тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін шыңдау мүмкіндігі, ақыл ойды дамыту, өткір сөйлеу, 
дер кезінде нақты әрі әзілмен жауап беруге дағдылану ғаламторлы қарым-қатынаста оңтайлы жүзеге 
асырылады. Бұнда образға енген рөлден жеңілу, эмоцияны бере білу дағдылары шыңдалады.  
3.
 
Ғаламторлы тілдік коммуникацияда көркем әдеби тіл қолданысы жоқтың қасы. Мақал-мәтел, 
теңеу,  бейнелі  сөздер  өте  аз  қолданылады,  оның  орнына  қалжың  әңгімелерден  туындаған 
стереотиптік танымдар мен таңбалар жиі көрініс тауып жатады. 
4.
 
Чат,  сайт  қолданушылар  қосымша  (паралингвистикалық)  құралдарды  (тіл  тембрі,  сөйленіс 
бөліктерін көтеріп, немесе бәсеңдетіп сөйлеу, эмоционалды реңк, дауыс ырғағы, дикция, ым-ишара) 
мүлде  қолданбайды.  Себебі  онда  сөйленіс  болмайды.  Осыдан  барып  виртуалды  тілдік  қарым-
қатынаста сенімділік деңгейі барынша төмен болады. Психологтардың пікірінше, шынайы өмірдегі 
коммуникацияда  сұхбаттасушылар  арасындағы  сенімділік  нәтижесінің    55  пайызын  бейвербалды 
амалдар алып келеді екен.  
Сонымен виртуалды кеңістіктегі тіл арқылы эмоционалды мағынаны беру тек смайликтер арқылы 
жүзеге асырылады. Оның өзі бетпе-бет тілдескендегі эмоцияны толық бере алмайды. Ал сөйленістегі 
маңызды  ұғымға  баса  назар  аударту  (акцент  беру)  барысында  «капс»  қолданылады.  Бұл  -  мәтін 
ішіндегі маңызды ұғымды көзге ерекшелеп көрсету үшін бас әріптермен беру құрылғысы. (ағылшын 
тіліндегі "Caps Lock" - пернетақтаның таңбаларын бас әріппен белгілейтін программа). Егер ғаламтор 
желісіндегі тілдік коммуникация үдерісінде бас әріптермен берілген мәтінішілік фразалар кездессе, 
ол тіркестер дауыс ырғағы жоғарылатып, екпін салып айтылатын сөздер деп түсінілуі тиіс. 
Сонымен қатар ғаламтор тілінде ым-ишараны толықтай беру мүмкін болмағандықтан, оның орнын 
ауыстыратын  вербалды  немесе  таңбалы құрылғылар  қолданылады. Мәселен,  алақай  эмоциясы  (қол 
шапалақ),  қуаныш (отшашу), ұялу (бетін басқан адам суреті), немесе қатаң ескерту, таң қалу, риза 
болу  көп  жағдайда  бірнеше  леп  белгілерінің  қойылуымен  түсіндіріледі.  Әсіресе,  леп  белгісі 
фатикалық  мәтіндерде  көп  қолданылады.  Ондай  мәтіндерде  керісінше  смайлик  қолданылмайды. 
Фатикалық  мәтіндерде  эмоция,  акцент  берілетін  тіркестер  сөз  ішіндегі  бір  әріптің  бірнеше  рет 
қайталанып  берілуімен  де  түсіндіріледі.  Мысалы,  дұррррррыс,  қыздардың  бәрррррррі  келді. 
54 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Негггггге. Мен түсіндем!!!! Ойбааааай. Не болды соншаммммма. Жоооооооқ. Сен дұрыс түсінбедің
Ең бастысы шынайы өмірдегі тілдесуден гөрі, ғаламтор желісіндегі сөйленіс әлдеқайда жылдамырақ. 
Сондай-ақ  ғаламторлы  коммуникация  адамдарды  бір-бірімен  жақындастырады,  татуластырады, 
достастырады.  Шынайы  өмірде  олай  сөйлесе  алмайтын  адамдар  ғадамтор  желісі  арқылы  ізгі 
ілтипаттарын  еркін  жеткізіп  жатады.  Демек,  стильдік  ,  нормалық  тұрғыдан  осал  болғанымен, 
прагматикалық  тұрғыдан  мәдениаралық,  тұлғааралық  қарым-қатынасты  дамытуға  ықпалы  зор 
ғаламторлы тілдік коммуникацияның қазіргі қоғам үшін мүмкіндігі мол деген сөз.  
Жаңа  әлем,  жаңа  стиль  коммуникацияда  жаңа  тілдік  қолданыстарды  талап  етеді  немесе 
ескіліктердің  жаңғыруына  жол  ашады.  Ғаламтор  тұтынушылары  арқылы  тараған  сленгтер 
жалпыхалықтық лексикаға ұласып, электронды хаттың эпистолярлық жанрының негізгі компонентіне 
айнала бастады. Ғаламторлы коммуникацияда тілдік ойнату прагматикалық мақсатта қолданылатын 
сленгтер мен жаргондар бірте-бірте қолданыс жиілігі артқан сайын қоғамдық-саяси сайттарда, яғни 
орфографиялық,  стильдік  нормада  ауытқымайтын  үлгілі  электронды  қарым-қатынас  тілін 
құраушылар қолданысына да түсіп, адамның мәдени деңгейі мен өмір сүру құлықтарына едәуір әсер 
етіп  жатады.  Себебі  мәтін  құрылымы  қоғамдағы  адамның  ойын,  көзқарасын,  білімі  мен  мәдени 
болмысына  айтарлықтай  әсер  етеді.  Ал  кез  келген  БАҚ  ол  электронды  болсын,  мерзімді  болсын 
адамға тек мәдени, біліми, саяси, тарихи, т.б. жақсы қырынан ықпал етуі тиіс.    
Виртуалды  кеңістікте  адамның  ойын,  пікірін  білдіру  белсенділігі  жоғары  болады.  Ғаламтор 
арқылы кейбір адамдардың шығармашылық қабілеті дами түседі. Сондықтан тіл біліміндегі ғаламтор 
тілін зерттеушілер ғаламтор тілін «мәтін ретінде жарыққа шыққан адамның ойы» деп түсіндіреді.   
Сонымен,  электронды  коммуникация  ерекшеліктерін  зерттеу  мынадай  деңгейлерде  жүзеге 
асырылады:  лексикалық,  синтаксистік,  коммуникативтік.  Компьютерлік  жаргон  лексиканың  еркше 
бір  қабаты  ретінде  қабылданады.  Себебі  оны  ақпараттық  технология  мамандары  мен  әртүрлі 
деңгейдегі  коммуниканттар  қолданады.  Тақырып  пен  мәтін  мазмұнына  қарамастан  желі  ішіндегі 
қарым-қатынаста компьютерлік сленгтері кең қолданыс тауып отыр. Және олар барлық жанрларда да 
көрініс тауып отырады. Сондықтан лексика деңгейіндегі компьютерлік жаргондарға талдау жасауды 
неден бастау керек: 
1.
 
Белсенді қолданатын коммуниканттардан; 
2.
 
ғаламтор-қатынасындағы көп таралған жанрдан; 
3.
 
ағылшын және қазақ тіліндегі жаргондық жүйесі пара-пар  
келмейтін, мәртебелері сәйкес келе бермейтін мәтіндерден іздеу қажет. 
Ағылшын  тіліндегі  компьютерлік  сленгтердің  қазақ  тіліндегі  сленг  түрінен  ажырататын  негізгі 
үрдістер деп мыналарды айта аламыз: 
1)
 
Жаңа  реалий  атауларды  қолдану  үшін  қазақ  тілінің  лексемалары    пайдаланылады:  кірпіш 
(процессор), сабын (электронды пошта), лақтыру (вложение) немесе трансформациялануы арқылы 
жасалады гудок тастау (отправь гудок), тыныштық ұстап алыпсың (тишину поймала). 
2)
 
Орыс тілі арқылы келген терминдердің трансформациялануы:  
ксерокстау (көшірме жасау), распечаткалау (қағазға шығару) , переплеттау (мұқаба түптеу). 
Жалпы  компьютерлік  сленгтердің  пайда  болуының  себептерін  бірнеше  факторлармен  немесе 
болжамдармен түсіндіруге болады: 
1)
 
терминді аударатын дәл төл аударманың болмауы; 
2)
 
төл  аударма  бола  тұрса  да  оған  үйренісе  алмау,  себебі  қолданысқа  енген  ұғыммен  сөйлеу 
дағдыға айналған. 
3)
 
тұтынушыны әзіл-қалжыңға шақыру мақсатында (әзіл сезімдерін дамыту 
4)
 
) тілдік ойнатым, субстрат ретінде қабылдау. 
Компьютерлік  сленгтер  қазақ  тілінде  тәуелсіздік  алған  жылдармен  тұспа-тұс  келді.  Сондықтан  
қазақ тілінің мәртебесін көтеру идеологиясы қарқынды насихатталып жатқанда, жастар арасындағы, 
тіпті  компьютер  мамандары  мен  осы  салаға  тікелей  қатысы  бар  басқа  кәсіп  иелерінің  тіліндегі 
жаргондардың қолданылуы қоғамда адамдардың екі жікке бөлінуіне әкеліп соқты. Коммуникативтік 
жаргон  қолдану  әдетіне  үйреніспеген,  компьютермен  әлі  таныса  қоймағандар  «идеалды  әлеуметтік 
топ» болып саналды да, компьютерлік жаргонмен сөйлейтіндер заманауи еркін дискурста сөйлейтін 
адамдар болып іріктеле бастады. Уақыт өте келе заманның талабы мен ығына ілескен барлық жұрт 
амал жоқтықтан осы компьютерлік сленгтермен сөйлеулеріне тура келді.    
55
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Электронды коммуникация синтаксисі екі деңгейде қарастырылады. Біріншісі, локалды деңгейде, 
яғни гипермәтін байланысы ескерілмегенде ағылшын және қазақ тілді ғаламтор-қарым-қатынасында  
мына  деректер  ұқсастығымен  ерекшеленеді:  ой  жеткізу  құрылымы,  айтылмақ  ой  бөліктерін 
орналастыру, экспрессивті элементтердің шамадан тыс көп қолданылуы. 
Екіншісі,  жаһандық  деңгей,  тілдік  сана  деңгейінде  қарастыру.  Әрбір  тұтынушының  айтпақ  ойы 
мен  пікірі  гипермәтіндік  байланысты  құрайды.  Осы  гипермәтінді  зерттей  отырып,  адамды  тануға 
болады. Және оның әрбір мәтінді құру, оны байланыстыру тәсілдері зерттеледі. Бұл күрделі зерттеу 
веб-сайттардағы  ірі  көлемді  мақалалар  мен  оған  берілген  пікірлердің  арасындағы  байланыстар 
(құптау, теріс пікір айту, т.б.)  аясында қарастырылады.  
Ғаламтор  тілінің  синтаксисі  ашық  және  жасырын  айтылған  ойға  құрылады.    (Остиннің 
зерттеуінше  «иллокутивті  күш»).  Мысалы,  бұйрық,  өтініш,  кеңес  беру,  сұрау,  уәде  беру,  кешірім 
сұрау, сәлемдесу, шағым айту, т.б. Сондай-ақ ғаламторлы коммуникацияға қатысушылардың алдын 
ала  жоспарлаған  коммуникативтік  стратегиясы  болады.  Ол  оның  қолданған  сөйленіс  тактикасы 
арқылы жарыққа шығады.  Көзделген мақсат пен әңгіме бағытына сай тілдік қатынас жасауды талап 
ететін  сұхбаттасу  қағидасына  тәуелді  сөйленіс  ережелері  пайда  болады.  Электронды  БАҚ-та 
кездесетін коммуникативтік стратегияның басты мақсаты - сан түрлі ақпараттардың ішіндегі адресат 
күтетін  жаңалыққа  басымдық  беріп,  оның  мазмұнын  ерекшелеп  жеткізу.  Себебі  мерзімді 
басылымдарда  жарияланатын  ақпараттар  бәсекелестігі  болады.  Соның  ішінен  журналист  көпшілік 
аудиториясына  ортақ  тақырыптарды  іріктейді  және  сол  жаңалықтың  мәнін  адресат  назар 
аударарлықтай әсірелеу үшін түрлі коммуникативтік тактикаларды қолданады. 
Электронды қарым-қатынас синтаксисі негізінен диалогқа құрылады. қысқа сұраққа қысқа жауап. 
Әрбір сұрақ жеке сөйлем ретінде бөлек флеймде жіберіліп отырады. Оған берілетін жауап та солай 
қайтарылады.  Сондықтан  электронды  қарым-қатынаста  гипермәтінді,  барлық  айтылмақ  ой  бір 
флеймге  салынған  біртұтас  күйінде  бола  бермейді.  Гипермәтіндер  негізінен  сайттарға  ғана  тән. 
Мысалы, электронды қарым-қатынастың флеймге салынған түріне мысал келтірейік.  
-
 
Қалайсың? 
-
 
Жақсы 
-
 
Не істеп жатсың? 
-
 
Отқан. 
-
 
Кешке қайда?.... 
-
 
Үйде болам 
Осыдан  байқайтынымыз  электронды  қарым-қатынас  тілдік  қорға  жұтаң,  жазуға  ыңғайлы 
болғандықтан осындай дағдыға айналды. Толық сұрақ қою, толық жауап беру тілдік этикеті мүлде 
қолданылмайды. Өйткені алдыңғы пресуппозиция жазылып тұр. Түсінікті, толық жауап беру қажет 
етілмейді деп түсініледі. 
 
1. 
Горошко  Е.  И.  2005.  Электронная  коммуникация  (постановка  проблемы)  //  Вестник 
Воронежского  Государственного  Университета.  Серия:  «Филология,  Журналистика»,  Воронеж, 
вып. 1. – С.82-90. 
2. 
Горошко  Е.  И.  Теоретический  анализ  Интернет-жанров  //  Жанры  речи.  Выпуск  5  «Жанр  и 
культура», Саратов: Издательский центр «Наука», 2007б. – С.370-389. 
3. Шабшин И О психологических особенностях общения в Интернете /И. Шабшин// Московский 
психотерапевтический  журнал  :  Теоретико-аналитическое  издание  /  Т.В.  Снегирева, Ф.Е. 
Василюк,М.Е. Бурно. – 2005. – 2005 №1 январь-март. – С. 158-183.  
 
Резюме 
Научный руководитель: Амирбекова А.Б. – к.ф.н  кафедра общего языкознания КазНПУ им. Абая 
amirbekova_2012@mail.ru 
Бобеева С. М. - магистрантка 2 курса по специальности  6М012100 КРО,  salima_bk@mail.ru 
Электронные СМИ и особенности электронного общения 
В  статье  рассматриваются  лингвистические  аспекты  электронных  СМИ,  а  также  описывается  
место,  роль  и  значение  электронных  средств  массовой  информации  и  сети  Интернет.  В последние  
полтора  десятилетия произошли глобальные  изменения в информационной системе.  Сегодня  все 
большее распространение получает и такое новое средство массовой коммуникации, как INTERNET. 
56 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
В данной статье  предполагается  рассмотреть стилистику электронного общения. В статье дан анализ 
экстралингвистических  факторов,  влияющих  на  становление  и  развитие  стиля  электронных  СМИ. 
Результаты  исследования,  представленные  в  статье,  подтверждают  тезис  автора  о  том,  что  тексты 
электронных  СМИ  характеризуются  особым  отбором  и  организацией  определенных  языковых 
структур в соответствии с прагматическими установками, целями и условиями мысли. 
Ключевые  слова:  Электронные  СМИ,  экстралингвистические  факторы,  прагмалингвистические 
особенности, принцип оценочности.  
 
Summary 
Amirbekova  A.B. Candidate of philological sciences 
Bobeeva S. M.  Kazakh State University named after Abai 2-year undergraduate 
Electronic media and e-FEATURES 
The article deals with the linguistic aspects of electronic media  and describes the place, role and 
importance of the electronic media and the Internet. In the past fifteen years there have been changes in the 
global information system. Today, all the more prevalent and such a new means of mass communication, as 
the INTERNET.  This article is supposed to consider the style of electronic communication.  The article 
analyzes the extralinguistic factors that affect the formation and development of the style of electronic 
media. The findings, presented in the article, the author confirms the thesis that the texts of the electronic 
media are characterized by a special selection and organization of certain linguistic structures in accordance 
with the pragmatic attitudes, goals and conditions of thought. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет