Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

 
 
Резюме 
Бисенбаева М. – докторант КазНПУ им. Абая 
Этнокультурное наследие в антропоцентрическом направлении 
Прикосновение  цивилизации  и  развитие  общества,  феномен  глобализации  науки  и  привело  к 
некоторым изменениям. В связи с этим, лингвистика и человеческое общество было непосредственно 
связано с антропоцентрическим направлением. 
Язык  современной  лингвистики  антропоцентрической  ориентации  влияет  на  мышления  и 
действия человека, помогает увидеть истину мира в познании о национальных различиях, а также о 
том,  как внимание человека к  языку, языковой картине мира при  создании мировой картины языка 
зависит  от  ряда  национальных  факторов,  так  как  язык  –  фактор  национальной  принадлежности 
наиболее важное средство, чтобы показать существование этнических групп. 
В  статье  речь  пойдет  о  проявлении  народной  традиционной  культуре,  языке    этно-культурного 
слоя , что свидетельствует о мировоззрении единиц региональных отделении которые сосредоточены 
в антропоцентрическом направлении 
Ключевые  слова:  этнокультурная  единица,  лингвокультурема,  этнос,  этнолингвистика, 
лингвокультурология, этнолингвистические каналы,материальная культура, духовная культура. 
 
Summary 
M. Bisenbaeva - Abai KazNPU doktorant 
Ethnic and cultural heritage in the anthropocentric direction 
 
With development of society the touch of civilization and the phenomenon of globalization brought some 
changes into sciences. Concerning with it there was an anthropocentric direction which is directly linked to 
society and human in linguistics.  
On  present linguistics the anthropocentric direction values  particularly  the influence of language 
tohuman’s thinking and actions, to see and know the issue of national peculiarities of the world of truth, 
as 
well as that the main attention pays to 
the effect of a person’s attention to the language, the picture of world 
atlanguage and to national factors in the creation of a national picture of the world, because the language is 
the most important tool to show the existence of ethnic groups and national image of people.  
In this article the reflection of traditional culture of national language, ethnocultural unity 
which is 
evidence of cultural value of worldview, and its content on present 
anthropocentric direction in regional 
property are considered. 
 
Key words:  ethnocultural unity, linguaculturema  ethnic, ethnolinguistics, linguistics, linguacultural, 
ethnolinguistic sphere,  material culture,spiritual culture. 
42 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
УДК 81 

23 
 
КРЕАТИВТІ ОЙЛАУДЫҢ ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
Бөгенбаева Ә.Б - Абай атындағы ҚазҰПУ 1-курс докторанты, 
g.aika_90@mail.ru
 
 
Мақалада  креативтілік,  креативті  ойлау  және  креативті  педагогика  туралы  түсінік  беріледі.    Автор 
студенттердің  креативті  ойлауы  арқылы  тілдік  қатынасты  дамыту  –  жоғары  педагогикалық  білім  берудің 
маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, бұл мәселеге қатысты қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне 
(Қ.Б.Сейталиев, Г.К.Ахметова, А.Д.Қайдарова, С.Т.Каргин, А.Қ.Рысбаева, А.С.Мағауова, Л.М.Нәрікбаева, Р.Б. 
Мұхитова,  Т.С.Сабыров,  Е.Ө.Жұматаева,  Н.Асанов,  С.Ә.Әбдіманапов)  кеңінен  тоқталады.  Қазақ  тілінде 
креативті  ойлау  әдісі,  оның  ерекшеліктері  мен  негізгі  қағидалары,  сөйлесімдік  дағдыларына  сай  осы  әдістің 
ұтымдылығы  әлі  де  болса  өз  дәрежесінде  толық  қарастырылмағандығы  айтылады.  Осы    тұрғыдан  алғанда, 
тілдік,  әдістемелік  жаңа  проблемаларды  зерттеуге  арналған  бұл  еңбек  –  қазақ  тіл  біліміндегі  алғашқы 
ізденістердің  бірі  екендігі  дәйектеледі.  Білім  беру  үрдісінде  тілді  дамыту  көптеген  сыртқы  және  ішкі 
факторлардың әсерінен болатындығы, ғылымда тіл дамыту мәселесі жан-жақты зерттелгенімен, оның креативті 
ойлау,  пайымдау  үдерісіне  байланысты  креативтілік  сипаты  нақты  ғылыми  тұжырымдар  мен  оны  іске 
асырудың ұтымды амал-тәсілдері айқындалмағандығын айта отырып,  қарастырған  мәселенің өзектілігін жан-
жақты талдаған.  
 
Түйін сөздер: креативтілік, креативті ойлау,білім беру, тұлға.  
 
Тұлғаның білімділігіне, адамдық капитал сапасына арқа сүйеу Қазақстан Республикасын әлемдік 
аренада  жетекші  орынға  шығарды,  ілгері  дамушы  мемлекеттер  қатарына  кіруге  мүмкіндік  берді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жедел  экономикалық, 
әлеуметтік  және  саяси  модернизациялану  жолында»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  «Білімді 
дамыта алмаған ел XXI ғасырда құлдырауға ұшырайды» деп ескертеді [1]. 
Осыған  байланысты  білім  беру  үрдісінің  басымдығы  білім,  білік  және  дағдыны  механикалық 
тұрғыда  беру  емес,  ақпараттық-интеллектілік  ресурстарды  өзбетімен  алатын,  талдайтын  және 
қолданатын,  идеяны  қозғайтын,  тез  өзгеретін,  дамитын  және  өзін-өзі  жетілдіретін  тұлғаны  дамыту 
ісін жеделдету керектігін айқындады. 
Бұл туралы Б.С. Гершунский, «білім беру» категориясының құндылығы – әрбір адамның шынайы 
және  ажырамас  құқығын  тұлғаның  дара  ерекшелігін  ескере  отырып,  білім  алуын  толық 
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін білім беру саясатын жүзеге асырумен ерекшеленеді», – дейді [2]. 
Ал  А.С.Күшкимбаева,  «сыни  ойлау  техникасын  меңгеруге  қажеттілік  әсіресе,  адамзат  қоғамы 
дағдарысқа, тұрақсыздыққа тап болған кезеңде өте керек. Сыни ойлау ұтымды ойлаудың түрі ретінде 
тиімсіз, құрылымсыз ойларды үндестікке, ретке келтіреді», – деп өз ойын тұжырымдайды.[8]. 
Сондықтан мұғалімнің кәсіби ойлау мүмкіндігі, яғни  бүгінгі қоғам талап етіп отырғандай өзі дәріс 
беретін сабақтарды жетік меңгеруі және білім технологияларын, ақпараттық технологияларды даму 
үрдістерін  қадағалап,  оны  өз  тәжірбиесінде  қолданып  отыруы  үлкен  рөл  атқарады.  Жалпы  кәсіби 
ойлау мүмкіндігі психология ғылымында адамның жалпы ойлау заңдылықтарымен сәйкес келеді, осы 
тұста  бүгінгі  уақытта  кең  қолданысқа  еніп  отырған  креативті  маман,  тұлға  деген  ұғымдарға 
байланысты креативтілік, креативті ойлау және креативті педагогика туралы түсінік бере кеткен жөн 
сияқты. 
 
«Креативтілік» ұғымына сипаттама 
 
№ 
Анықтама 
Шығу көзі 
11 
«Креативтілік»  (creatio)  латын  тілінен  тікелей 
аудармасы – жасап шығару; жасырын күш; жасап 
шығаруға қабілеттілік. 
Кретивтілік  –  өнімді  әрекет  етуге  дайын  болу, 
жаңалық 
ашуға 
дайындығын 
көрсететін 
индивидтің  тұлғалық сапасы.  Индивидтің жоғары 
нәтижелерге  жетуге  деген  тұрақты  мотивтерінің 
болуы. 
Краткий  психологический  словарь.  –
М.: Политическая литература, 1985. 
22 
Креативтілік:шығармашылыққа 
қабілеттілік,  Оспанова  Б.А.  Научные  основы 
43
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
жаңаша 
ойлау; 
тұлғаны 
сипаттайтын 
шығармашылық  қабілеттердің  деңгейі;  адамның 
қалыптан тыс ойлауы; индивидтің жаңа идеяларды 
ашуға қабілеттілігі; шығармашылық, дарындылық 
деңгейі;  тез  арада  тапқыр  шешім  қабылдай  алу; 
интеллектуалдық 
белсенділіктің 
жоғары 
деңгейі;жаңаны 
қабылдай, 
түсіне 
алуға 
қабілеттілік;  қалыптан  тыс  жағдаяттарды  шеше 
алу. 
формирования  креативности  будущего 
специалиста 
в 
условиях 
университетского 
образования. 
Монография. – Туркестан, 2006. 97с. 
33 
Креативтілік  –шығармашылық,  жаңаны  ашу, 
қалыптан тыс ойлау, тапқыр шешімдерді туғызуға 
қабілеттілік  анықтайтын  тұлғаның  дара,  тұрақты 
кіріктірілген сапасы. 
Тұрғынбаева  Б.А.  Андрагогика.  – 
Алматы: Алатау, 2011. - 79б. 
33.1. 
Креативтілік  –  белгілі  бір  процестердің 
жиынтығы,  әрекет,  процесс:жаңашылдық  әрекет; 
адамның  қажеттілігінен  туындайтын  табиғи 
процесс; білімнің жетіспейтінін сезінуден болатын 
дискомфорт (қолайсыздық), сезімталдық; 
1)
 
мәселені  анықтау,  шешімді  іздеу,  болжамдар 
ұсыну; 
2)
 
шешімнің нәтижесін жариялау, тұжырымдау. 
Тұрғынбаева  Б.А.  Андрагогика.  – 
Алматы: Алатау, 2011. - 70б. 
33.2. 
Креативтілік  –  пайдалы  идеяларды  туғызуға 
қабілеттілік:соны идеялар тудыру; оларды шешуге 
қалыптан  тыс  тәсілдерді    пайдалану;  белгісізге 
қарай  табысты  қадамдар  жасау;  адамның  
қарапайым  ойлауынан  жоғары  тұрған  ойлау 
арқылы жаңа идеялар туғызу. 
Тұрғынбаева  Б.А.  Андрагогика.  – 
Алматы: Алатау, 2011. – 84б. 
33.3. 
Креативтілік 
– 
ақпараттық, 
ағымдық 
процестерде 
байқалатын 
тұлғаның 
қасиеті:ақпараттық  ішкі  құрылымдарға  енуі 
арқылы пайда болатын тұлғаның сапасы; гипотеза 
ұсынғанда    шешімді  іздегенде  және  оның 
дұрыстығын дәлелдеуде көрінетін қасиет. 
Тұрғынбаева  Б.А.  Андрагогика.  – 
Алматы: Алатау, 2011. - 85б. 
44 
Креативтілік – Creatio – ойлап табу, жасап шығару. 
Ойлап табу қабілеттілігі, проблема мен жағдаятты 
жаңа 
өзгеше 
көзқараспен 
қарайтын 
шығармашылық қабілет. 
 
Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық 
ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика 
және  психология.  –Алматы,  2002.  – 
256
б. 
 
 
Креативтіліктің  кейбір  анықтамалары  іс-әрекет  нәтижесі  мен  өнім  ұғымында  жүйеленсе, 
кейбіреулері  тұлғалық  құрал  үдерісінің  ұғымында  жүйеленеді.  Тағы  бір  автор  креативтілікті  сирек 
кездесетін  қабілеттің  арнайы  түрімен,  екіншісі,  барлық  дені  сау  тұлғалардың  белгілі  бір  деңгейде 
иемденетін жалпы креативті қабілеттілігін назарға алады. 
Көптеген  зерттеулерде  креативтілікке  байланысты  әр  адамда  бар  психологиялық  креативтілік 
механизмдар мен шығармашылық әлеуетке назар аударады. Бірақ, әр адамда әр түрлі сана мен сапа 
да  кездеседі, сондықтан проблема деңгейі даму сатысына және байқау мүмкіндіктеріне байланысты 
деп қарастырады. 
Креативтіліктің  негізгі  ұстанымдарының  бірі  –  креативті  ойлау.  Адамдар  іштен  және  сырттан 
қиялға әсер еткенде «ойлайды»; жоспарлағанда, сезімді білдіргісі келгенде «ойлайды»; проблеманы 
шешуге талпынғанда, қайта қарастырғанда «ойланады». Мұның барлығы – креативті ойлау полюстері 
логика және қиял болатын белсенділік, тұлғаішілік және тұлғааралық қатынастың қорытындысы. Бұл 
белгілі бір талапқа жауап қайыру, яғни қабылдаудың обьективті анықтамасы болып есептеледі. 
Креативті педагогика мынадай әдістемелерді жинақтайды:  
• 
шығармашылық сабақтары; 
• 
техникалық туынды;  
44 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
• 
психологиялық туынды;  
• 
мәселені шешу шығармашылығы;  
• 
шығармашылық бағыттағы оқыту бағдарламасы. [3]. 
 
Педагогиканың  бүгінгі  таңдағы  жаңа  нұсқасы,  сонымен  қатар  осы  уақытқа  дейінгі  келісім 
педагогикасына,  міндеттеу  педагогикасына  ұқсамайтын  студентті  өз  еркімен  шығармашылыққа 
үйренуге, өз бетімен мәселені анықтап, шешім қабылдауға үйрету десе болады.  
Креативті  оқыту  әдістемелері  кез  келген  пәнге  қолдануға  мүмкіндік  береді,  ол  үшін  креативті 
оқыту  әдістемесін  жақсы  меңгеру  керек.  Креативті  оқыту  бұл  ғылымның  студенттерді 
шығармашылық  шешім  қабылдауға,  яғни  мәселені  зерттеуге,  анықтауға  үйретеді.  Ол  үшін 
оқытушының  шығармашылық  дайындығы  мен  шеберлік  деңгейінің  биік  болғаны  жеткіліксіз, 
сонымен  қатар  ол  білгенін  студенттерге  жеткізе  біліп,  оларды  нақты  үрдісте  толық  қанды 
қатынасушы ретінде үйрете білуі міндет.  
Басты міндет – кез-келген пәнді оқыту үрдісін шығармашылық туынды ретінде ұйымдастыра білу 
және оған барлық студенттерді жұмылдыру.  
Осы тұрғыда креативті дәріс беру және ұйымдастыру шеберлігі бір мұғалімнен екінші мұғалімге 
берілуі, яғни сол деңгейде ұйымдастырылып, тиімділігі сақталады ма деген мәселе туындайды. Бұған 
толыққанды жауап жоқ. Дегенмен, оқытушылардың кәсіби дайындығы мен ойлау мүмкіндіктерінің 
өзара  сабақтастығын  қарастыру  психология  және  педагогика  ғылымдарының  іргелі  зерттеу 
жұмыстары болып табылады. 
Жалпы креативтілік – жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі, өзгелерден ерекше ойлау және 
өз тарапынан шешім қабылдап, жаңа туындылар беруге бейімділігі деген пікір басымдық танытуда. 
Американдық  атақты  психолог  –  А.  Маслоу  –  бұл  жайлы  «креативность  –  это  творческая 
направленность, врожденно свойственная всем, но теряемая большинством под воздействием среды», 
– 
деп айтып кеткен. Алайда  зерттеушілер Ж.Ғ. Жаңбыров, Ш.М. Қаңтарбаева, З.Ж. Тұрсымбекова, 
Г.С.  Көдекова  «Заманауи  мамандар  дайындаудағы  ата-дәстүр  құндылығы»  атты  біріккен  ғылыми 
мақаласында  бұл  пікірге  толықтай  келісу  мүмкін  емес  екендігін  айтып  өткен.  Авторлардың  олай 
сенімсіздік  таныту  себебі:  «дүниеге  келген  адамдардың  барлығының  ойлау,  дүниетану  және 
тапқырлық,  шығармашылық  мүмкіндіктері  әрбір адамның  қанымен  де  келеді  деген  пікірге  тоқтала 
отырып, мына бір: «қазақ бабаларымыздың «текті және тексіз» деген сөздерінің түпкі ұғымын қарсы 
қоюға болады», – деген тұжырым жасайды. Өйткені олар бұрынғы ауыл ақсақалдары бір маңызы зор 
үлкен мәселелерді шешерде немесе қыз беріп, қыз алысарда, «текті» жерден бе, әлде «тексіз бе» деп 
сұраған  және  «ол  тексізден  не  сұрайсың?»  деген  сөздері  ел  ауызында  сақталған»  деген  дәйекті 
мысалды алдыға тартады. 
Демек, аталмыш мәселені қарастыру барысында заманауи креативті тұлға немесе креативті маман 
дайындау  үшін,  авторлардың  пікірлерімен  келісе  отырып,  ұлттық  құндылықтарымыздың 
ерекшеліктерін ескере отырып креативті ойлай алатын тұлға қалыптастыруда тектілік деген ұғымға 
тереңірек  мән  беруіміз  қажет  сияқты.  Қазіргі  күллі  әлемдік  жаһандану  үрдісі  қарыштай  түскен 
кезеңде елімізді, жерімізді, халқымыздың тілін, ділін сақтап, жасампаз ұлттық болмысымызды сақтап 
қалғымыз  келсе,  өзіміздің  дәстүрлі  ұрпақтар  сабақтастығындағы    және  ұлттық  тәрбиедегі  ата-
салтымызды кеңінен қолдануға міндеттіміз.  
Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  жолында  атқарылатын  іс-әрекеттердің  негізінде  студенттердің 
креативті  ойлау  қабілетін  дамыту,  ой-пікірінің  белсенділігін  қалыптастыру,  танымдық 
қызығушылығын  арттыру  және  болашақ  мамандарды  кәсіби  креативті  қызметке,  үнемі  ізденіске 
бағыттап отыру қажет.                                                                                                                                                                                                                                
Сонымен қатар, инновациялық білім беру ортасының жаңа типті мектептерде қалыптасу жүйесін 
Н.А.Әбішев,  Т.А.Линчевская,  Р.Р.Масырова,  педагогикалық  инновациялық  білім  беру  жүйесіндегі 
жаңалықты ендіру туралы ғылыми білім саласы екендігін негіздеген, Н.Р.Юсуфбекова педагогикалық 
зерттеулердің  әдістемесі  мен  әдіснамасын  енгізуді,  Ш.Т.Таубаева  студенттерді  инновациялық  іс-
әрекетке  даярлау,  К.Ж.Ажибеков  болашақ  мамандардың  креативтігін  қалыптастыру,  Б.А.Оспанова, 
А.С.Швайковский  студенттің  креативтілігін  дамыту  мақсатында  инновациялық  технологияларды 
пайдалану,  Т.Г.  Галиев  болашақ  мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  дамыту,  Е.И.Бурдина, 
45
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
педагогтердің кәсіптік құзыреттілігін дамыту, Б.Т.Кенжебеков студенттің педагогикалық мәдениетін 
қалыптастыру, А.А.Молдажанова болашақ мұғалімдерді әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлау 
жүйесі,  Г.Ж.Меңлібекова  педагогтердің  зерттеу  мәдениетін  қалыптастыру,  З.А.Исаева, 
Р.Ш.Бектұрганова,  мұғалімдердің  ақпараттық  мәдениетін  дамыту,  С.Н.Лактионова,  Ш.Т.Таубаева, 
мұғалімдерді  шығармашылық  әрекетке  даярлау  В.В.Шахгулари,  Н.А.Гончарова,  Р.Ш.Сыздықова 
педагогтердің  шығармашылық  әлеуетін  дамыту  логикасы,  Б.А.Тұрғынбаева  мәселелерінің  түрлі 
қырлары  зерделенеді,  акмеологиялық  тұғырға  А.А.Деркач,  Н.В.Кузьминаның  зерттеулеріне 
негізделген  психологиялық-педагогикалық  ұстанымдарды  зерделеп,  өзіндік  ғылыми  тұжырымдар 
жасаған. 
Педагогикалық  білім  беру  бағытындағы  жоғары  оқу  орындарында  тілдік  қатынасты  дамытудың 
ғылыми  теориялық  оқыту  сапасына  талдау  жасалғанда,  көп  жағдайда  жүзеге  асырылған  оқыту 
моделдері  пәндерді  оқыту  үрдісінде  студенттердің  креативті  ойлауын  толық  көлемде  ашуға 
мүмкіндік бермейді.                        
Бұл оқыту әдістемесінің пәндік сала бойынша білік пен дағдыны дамытуға бағытталғандығымен 
түсіндіріледі және студенттердің креативті ойларын дамыту мүмкіндіктерін әлі де болса  жеткілікті 
дәрежеде ескерілмей келеді. 
Біздің  зерттеуіміз  тілдік  қатынасты  негізге  ала  отырып,  оқыту  және  тәрбиелеуде  студенттердің 
креативті  ойлауын  дамыту  мәселесіне  арналғандықтан,  педагогика  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Оразбаева  Фаузия  Шамсиқызының  «Тілдік  қатынас  пен  қатысым  әдісінің  ғылыми-
теориялық  негіздері»  атты    докторлық  диссертациясын  негізге  ала  отырып  креативті  ойлау 
тұрғысынан жан-жақты қарастыру.   
Қазақ  тілінде  креативті  ойлау  әдісі,  оның  ерекшеліктері  мен  негізгі  қағидалары,  сөйлесімдік 
дағдыларына сай осы әдістің ұтымдылығы әлі де болса өз дәрежесінде толық қарастырылмаған. Осы  
тұрғыдан алғанда, тілдік, әдістемелік жаңа проблемаларды зерттеуге арналған бұл еңбек – қазақ тіл 
біліміндегі  алғашқы  ізденістердің  бірі  болмақ.  Білім  беру  үрдісінде  тілді  дамыту  көптеген  сыртқы 
және  ішкі  факторлардың  әсерінен  болатыны  белгілі.  Ең  маңызды  ықпал  тілді  дамыту  ой  арқылы 
жүзеге  асады.  Ғылымда  тіл  дамыту  мәселесі  жан-жақты  зерттелгенмен,  оның  креативті  ойлау, 
пайымдау  үдерісіне  байланысты  креативтілік  сипаты  нақты  ғылыми  тұжырымдар  мен  оны  іске 
асырудың  ұтымды  амал-тәсілдері  айқындалмаған.  Сондықтан  біз  қарастырып  отырған  креативті 
ойлау арқылы тілдік қатынасты дамыту жұмыстың өзектілігін айқындамақ. 
Креативтілікті қалыптастырудағы  құрылымдық бөліктерге: аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға 
ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой-пікірлерде табандап тұра білу, қисынды ойлау, 
жаңаны  сезгіштік,  өзіне  сын  көзбен  қарау,    т.б.  қасиеттер  жатады.  Болашақ  мамандардың 
креативтілігін  қалыптастыру  мен  дамытуда  білім  алушылардың  бойындағы  қабілет  көздерін  ашу 
және  оны баламалы әдістер арқылы дамытуда жаңа методологиялық бағдарламалар, оқу-әдістемелік 
кешен  қалыптастыру  бүгінгі  және  болашақта  атқарылар  келелі  істердің  бастамасы. Болашақ  маман 
иесінің  қоғамдық  бетбұрыстарға  сай  болуы,  оның  ғылыми-әдістемелік  негізінің  жоғары  деңгейде 
қалыптасуымен тікелей байланысты. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келе,  студенттердің креативті  ойлау  арқылы  тілдік  қатынасты 
дамытудың теориялық-әдіснамалық  негіздері  анықталып,  оларды  жүзеге  асырудың  моделі мен  
әдістемелік нұсқаулары бірізге түсіріліп,   жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне ендірілсе,  
онда  студенттердің  креативтілік  сапасын  қалыптастырудың  шешімі  нәтижелі  болмақ.  Сондай-ақ  
тілдік  қатынастың  қолданыс  аясын  сыни  тұрғыдан  креативті  көзқараста  саралай  алатын  маман 
дайындауға да мүмкіндік арта түспек. 
 
1 Послание Президента Республики Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и 
политической модернизации» 18 февраля 2005 года. 
2 Гершунский Б.С. Философия образовательных концепций). М.: Изд-во «Совершенство», 1998.-
168 с. 
3 Чернилевский Д.В., Морозов А.В. Креативная педагогика и психология. - МГТА, 2001. - 301 с.  
46 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
4 Краткий психологический словарь. – М.: Политическая литература, 1985. 
5 Оспанова Б.А. Научные основы формирования креативности будущего специалиста в условиях 
университетского образования. Монография. – Туркестан, 2006. -297с. 
6 Тұрғынбаева Б.А. Андрагогика. – Алматы: Алатау, 2011. - 79б. 
7 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. –
Алматы, 2002. – 256 б. 
8  Кушкимбаева  А.С.,  Аяпова  Г.М.Қазақ  тілін  тіл  үйренушілерге  сыни  ойлауды  дамыту 
технологиясы  бойынша  үйрету//Хабаршы,  «Филология  ғылымдары»  сериясы.–Алматы:Абай 
атындағы ҚазҰПУ 2013№3(45)  
 
Резюме 
А.Б.Богенбаева – докторант 1 курса КазНПУ им.Абая, 
g.aika_90@mail.ru
 
Роль креативного мышления в развитии языка 
В статье изучается значение слов как креативность, креативное мышление и дается определение  
креативной  педагогике.    Развитие    креативного  мышления    студентов  рассматривается  как  важная 
неотъемлемая      часть    высшего  педагогического  образования.  Данная  проблема  была  изучена    в 
трудах  таких казахстанских  ученых  как  (К.Б.Сейталиев,  Г.К.Ахметова,  А.Д.Кайдарова,  С.Т.Каргин, 
А.К.Рысбаева,  А.С.Магауова,  Л.М.  Нарикбаева,  Р.Б.Мухитова,Т.С.Сабыров,  Е.О.Жуматаев, 
Н.Асанов,  С.А.Абдиманапов).  В  работе  исследуются  методы  креативного  мышления  в  казахском 
языке, его особенности и основные принципы навыков говорения и приоритеты данного метода, так 
как они не были достаточно исследованы.   С этой точки зрения, данная работа является одним из 
первых  исследований  в  сфере  развития  языкознания  и  методики.  В  сфере  образования  проблема 
развития  языка  недостаточно  изучена,  так  как  на  развитие  языка  влияют  внешние  и  внутренние 
факторы.  Данная  тема  актуальна,  потому  что  его  креативное  описание  не  раскрыто  научными 
концепциями и неопределены эффективность его использования.  
Ключевые слова: креативность, креативное мышление, личность,
 
образование. 
 
Summary 
A.B.Bogenbaeva – Abai KazNPU, 1
th
 course doktorant, 
g.aika_@mail.ru
 
The role of creative thinking in language development 
 The definitions of creativity, creative thinking, and creative pedagogy are investigated in the article. The 
development of creative thinking of students is regarded as an important integral part of the higher 
pedagogical education. This problem was studied in the works of Kazakh scientists such as   (K.B.Seitaliev, 
G.K.Akhmetova, A.D.Kaydarova, S.T.Kargin, A.K.Rysbaeva, A.S.Magauova, L.M. Narikbaeva, 
R.B.Mukhitova, T.S.Sabyrov, E.O.Zhumatayev, N.Assanov, S.A.Abdimanapov). The methods of creative 
thinking in Kazakh language, its features and the basic principles of speaking skills and priorities of this 
method are considered, as they have not been sufficiently investigated. From this point of view, this work is 
one of the first studies in the field of linguistics and methods. In the education field, this problem of the 
language is deficiently investigated, as the development of language is influenced by external and internal 
factors. This theme is topical, because it’s creative description is unsolved by scientific concepts, and the 
efficiency of its use is undefined. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет