Резюме
В статье рассматриваются вопросы решения эколого-экономических проблем которые будут освещены в Экспо-
2017. данный анализ рациональному использованию энергоресурсов , а также неисчерпаемых ресурсов, которые
являются основой будущей энергии. Как известно зеленая экономика это экономика направленная на рациональное
использования и сохранения потенциала будущего, а также неоднократное использование энергии в производствен-
ном цикле. В первую очередь зеленая экономика направлена на сохранения исчерпаемых ресурсов как нефть, уголь
и др. то есть переход на альтернативный источник электроэнергии. Принципы зеленой экономики используются во
многих постиндустриальных странах, опыт которых может быть применим и для Казахстана. В качестве примера
может привести энергию солнца и ветра, которые являются экологически чистыми производствами.
Поэтому, проводимая в Астане Международная выставка Экспо-2017, призвана послужить примером использо-
вания нетрадиционных и альтернативных источников энергии. Как известно, Казахстан обладает значительным
световым и ветроэнергетическим потенциалом, которые послужат основой будущей энергии. Они являются неисчер-
паемыми и имеют повсеместное распространение.
Ключевые слова: выставка ЭКСПО-2017, энергия будущего, природные ресурсы, зеленые технологии, энергия
ветра, источники энергия, экономия электроэнергии, береги воду, рациональное использование ресурсов, зеленая
экономика, охрана окружающей среды.
Summary
In article questions of the solution of ekologo-economic problems which will be covered in Expo-2017 are considered.
this analysis to rational use of energy resources, and also inexhaustible resources which are a basis of future energy. As it is
known the green economy is the economy directed on rational uses and preservations of potential of the future, and also
numerous use of energy in a production cycle. First of all the green economy is directed on preservations the ischerpayemykh
of resources as oil, coal, etc. that is transition to an alternative source of the electric power. The principles of green economy
are used in many post-industrial countries which experience can be applicable and for Kazakhstan. Can give energy of the sun
and a wind which are environmentally friendly productions as an example.
Therefore the International Expo-2017 exhibition held in Astana it is called will serve as an example uses nonconventional
and alternative energy sources. It is known that Kazakhstan possesses the considerable light and wind power potential which
will form a basis to future energy. They are inexhaustible and have universal distribution. It is known that Kazakhstan
possesses the considerable light and wind power potential which will form a basis to future energy. They are inexhaustible and
have universal distribution.
Keywords: Еexhibition Еxpo-2017, energy of the future, natural resources, green technology, desenergies, energy source,
energy saving, conserve the water, recourses conservation, green economy, environmental safety,
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
62
ОӘЖ 504.453.(576)
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНАН ТУЫНДАҒАН АУРУ ТҮРЛЕРІ
Г.М. Сабденалиева – п.ғ.к., доцент,
Б.Е. Тастанова – аға оқытушы,
Ж.Б. Қалдыбаева – аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ
Мақалада қазіргі таңда адам экологиясының демографияда алатын орны, еліміздің демографиялық жағдайының
адам денсаулығына тигізетін әсері баяндалады. Адам экологиясының зерттейтін жаңа ғылыми бағыттары сипатта-
лады. Сондай-ақ Республикабойыншахалықтыңауру-сырқаулығыныңқұрылымдықерекшелігі беріледі. Экология
ғылымының бір бағыты – адам экологиясы бөлімі, оның құрылымы ашылып көрсетілген. Адам экологиясы бағыты-
ның ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарын
үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, рухани жағынан
парасаттандыру адамдардың экологиялық құқын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу
болып табылады. Демографиялық жағдай адам денсаулығына әсер ету факторлары көрсетілген. Адамның денсау-
лығы – оның физикалық, психикалық және әлеуметтік комфортын субъективті түрде сезінуімен анықталатын
объективтік жағдайы. Жоғары дәрежелі психикалық қызмет адам организмінің өзін -өзі реттеуін қамтамасыз етеді.
Қажеттіліктер адамның іс- әрекетінің ішкі реттеушісі рөлін атқарады, нақтылы әрекеттер істеуге итермелейді, өз
алдына нақтылы мақсат қоюға және сол мақсатқа жетуге талпындырады. Адамдар қоршаған ортамен байланысты
аурулармен бүгінгі таңда үнемі күресу шараларын ұйымдастырып келеді. Олардың тіршілік етуіне табиғаттың
экологиялық өзгерістері кері әсерін тигізуде. XXI ғасыр аллергиялық аурулар, семіздік, күйзелі, қатерлі ісік ауру-
лары ғасыры деп болжануда. Қазіргі адамдардың жағдайын биологиялық түр ретінде қала тіршілік ортасының
өзгеруіне сәйкес пайда болған көптеген медико-биологиялық тенденциялармен көрсетуге де болады: мектеп жасын-
дағы балалардың жақыннан көрмеушілігі мен тіс ауруларына шалдығуы, ерте жастан белгісіз аурулардың байқалуы
– өндірістік ғылыми-техникалық алға басуға сәйкес: радиациялық, авиациялық, автомобильдік, дәрі-дәрмектік және
т.б. көп аурулар анықталуда.
Сонымен, денсаулықты сақтау немесе аурудың алдын-алу ағзаның ішкі биожүйесі мен қоршаған ортаның
сыртқы факторларының күрделі қарым-қатынасының нәтижесі туралы авторлар мақалада өз пікірлерін білдірген.
Түйін сөздер: адам экологиясы, демографиялық жағдай, халықтың ұдайы өсуі, қоршаған ортаның ластануы,
қоршаған орта жағдайы, ауру түрлері, қала экологиясы, тұрғындар экологиясы, аркология, канцерогенді заттар,
дұрыс тамақтану.
Бүгінгі таңда адам экологиясы – ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық
және халықаралық қарым-қатынастарын үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие
беру, экологиялық мәдениет, этика, рухани жағынан парасаттандыру адамдардың экологиялық құқын
қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу болып табылады. Қазіргі кезде жер
шары тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестіретін кешенді
ғылымға айналып отыр (Б.П. Казначеев, А.Л. Яншин, 1980).
Экология құрылымының Реймерс жасақтаған (1994), кейінірек түзетулер енгізілген жіктемесіне
сәйкес, «адам экологиясы» дегеніміз – қала экологиясы, жергілікті тұрғындар экологиясы және аркология
сияқты жекелеген ғылыми бағыттарды өз құрамына кіргізетін экологияның жаңа бағыты.
Қала экологиясы – адамның қалалық ортамен қарым-қатынасына тиесілі заңдылықтарды зерттейтін
ғылыми пән. Қазіргі кезде бүкіл жер жүзінде урбандану процесі қарқынды жүріп жатқаны белгілі, бұл
процесс экология мәселесінің ушыға түсуіне әкеліп соқтыруда. Біздің еліміздің ірі-ірі қалалары мен
өндірістік орталықтарында да экологиялық жағдай күннен-күнге қиындап барады. Бұл мәселе әсіресе,
атмосфералық ауаның, судың ластану дәрежесі тұрғысынан қарқынды сипат алуда.
Тұрғындар экологиясы – жер жүзі халықтарының өсіп-өнуі мен даму процесстерін зерттейтін
ғылыми пән. Осындай зерттеу нәтижелері демографиялық тепе-теңдікті сақтау шараларын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Әлемдік демографиялық дамудың қазіргі кезеңінде «демографиялық өсу»
тенденциясы басымырақ сипат алуда.
Аркология (сәулет экологиясы) – архитектурада, қала тұрғызуды жобалауда, сол қала тұрғындары-
ның әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық сұраныстарын барынша толығырақ ескеруді көздейтін
жаңа бағыт. Қалаларда экологиялық тұрғыдан мейлінше келеңсіз жағдайлар қалыптасып отырғандығы
жоғарыда айтылды (ортаның токсиканттармен ластануы, фотохимиялық смог т.б.), мұның өзі қала
тұрғындарының ауруларға шалдығу мысалдарын күрт өсіріп отыр. Сондықтанда аркология адамдарды
табиғатқа жақындата түсуге тырысады, тұрғын массивтер маңында жасыл желекке бөленген демалыс
белдемдерін (зона), саябақтар (парк), бұрқақтар (фонтан) т.с.с. орнату, ғимараттарды салу барысында
сапалы құрылыс материалдарын қолдану, сөйтіп олардың адамдарға зиянсыз болуын қамтамассыз етеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
63
Н.Ю. Новоженованың пікіріне сәйкес адам мәдениеттің көмегімен Жер бетінде бар болу және бар
болуға икемделу қасиетіне бейім. Нақ осы мәдениет адамзатқа Жер қабығымен оның зоналарында өзіне
игілікті жағдай жасап, мәдениетті ортада тіршілік етуіне, жаңа экологиялық қуыстарды (ниша) игеруге
мүмкіншілік жасайды [1].
Жоғарыда айтылғандар философ И.Т. Фроловтың (1985) берген анықтамасын түсіндіре түседі: «Адам
– қоғамдық-тарихи үдеріс субъектісі. Жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениетті дамытушы,
өзге тіршілік формаларымен генетикалық байланысты, бірақ олардан өзінің еңбек құралдарын өндіру мен
айқын сөйлеу қасиеті, шығармашылық белсенділігі мен өнегелі сана-сезімімен ерекшеленетін био-
әлеуметтік тіршілік иесі».
1921 ж. ағылшын ғалымдары Р.Парк пен Э.Бюргесс «Адам экологиясы» атты терминді ғылымға
енгізген болатын.
Адам экологиясы бөлімінің зерттеуінің бір бағыты ол адамның денсаулығы. Адамның денсаулығы –
оның физикалық, психикалық және әлеуметтік комфортын субъективті түрде сезінуімен анықталатын
объективтік жағдайы. Жоғары дәрежелі психикалық қызмет адам организмінің өзін-өзі реттеуін қамтама-
сыз етеді. Қажеттіліктер адамның іс-әрекетінің ішкі реттеушісі рөлін атқарады, нақтылы әрекеттер істеуге
итермелейді, өз алдына нақтылы мақсат қоюға және сол мақсатқа жетуге талпындырады.
Адамдар қоршаған ортамен байланысты аурулармен бүгінгі таңда үнемі күресу шараларын ұйымдас-
тырып келеді. Олардың тіршілік етуіне табиғаттың экологиялық өзгерістері кері әсерін тигізуде. XXI
ғасыр аллергиялық аурулар ғасыры болады деп болжануда.
Аллергиялық аурулардың себебі (бронхиалды демікпе, дәрі-дәрмек аллергиясы, ревматизм, қызыл
жегі т.б) адамдардың табиғи ортаның тұрақтылығы бұзылған ортада тіршілік етуінен иммундық
жүйесінің бұзылуы. Қала тіршілік ортасы басым факторларының бірден өзгеріп, басқа жаңа – ластаушы
заттардың пайда болатын қауіпті орта. Сондықтан аллергия ағзаның қарсылығынан туындайтын ауру
түрлері екендігі анық.
Қатерлі ісік аурулары және өлім-жітім. Қатерлі ісік (гр. «onkos» - ісік) – ұлпаның патологиялық
өсуінен артық өсіп, жаңа түрге айналуы. Қатерлі ісіктің дамуы, яғни рак ауруы, белгілі бір өнімдерді ұзақ
уақыт пайдалану нәтижесінде пайда болуы мүмкін: өкпе рагы – уран рудасын қазушыларда, тері рагы –
құбыр тазалаушыларда көп кездесетіні анықталған. Бұл аурулар канцероген деп аталатын заттардың
әсерінен туындайды.
Канцерогенді заттар (гр. «рак тудырушы») немесе жай ғана канцероген ағзада өзінің әсер етуімен
қатерлі, қатерлі емес жаңа үлгіні тудыратын химиялық қосылыс. Олар іс-әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:
1) жергілікті әрекетті; 2) органотропты, яғни белгілі мүшелерді өзгеріске ұшырататын; 3) көп әрекетті,
әртүрлі мүшелерде ісіктер тудырушылар. Канцерогендерге азот бояғыш, алкалоидты қосылыстар. Олар
ластанған ауада,темекі түтінінде, тас көмір күйесі мен шайырда болады және көпшілігі ағзада мутагенді
әсер туғызады.
Сурет-4. Республика бойынша 2013 жылғы халықтың ауру – сырқаулығының құрылымы (℅ бірлікпен)
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
64
Енді нақтылап тоқталатын болсақ, 2013 жылғы республика бойынша халықтың ауру-
сырқаулығының құрылымы келесідей:
• Дем алу органдарының ауруы - 40%;
• Тері және тері жасушалары ауруы - 8%;
• Зәр шығару мүшелері аурулары - 7%;
• Ас қорыту жүйесі аурулары - 6%;
• Көз және оның қарашығының аурулары - 5%;
• Инфекциялық және паразитарлық аурулар - 5%;
• Талу және улану - 7%;
• Басқа ауру түрлері - 22%-ды құрады [2,3].
Осы құрылымнан көріп отырғанымыздай халықтың 40℅ демалу органдарының ауруымен ауыра-
тындар екен. Бұл аурулардың ерекше қозуына тұмау мен жоғары деп алу органдарындағы инфекция мен
ангина әсер етеді. Екінші орында – тері және тері асты жасушыларының аурулары жатады (8℅). Үшінші
орынға – зәр шығару ағзаларының аурулары мен талу және улану жатады.
Артық салмақты адамдардың көбеюі – тойып тамақтанатын және физикалық белсендігі төмен қала
тіршілік ортасына тән құбылыс. Қоректің артықтығы денеде энергия қорын жинауға қажет болғанымен
де энергия мен физикалық белсенділіктің тепе-теңдік сақтағаны дұрыс. Әйткенмен де астеник (ағзасы
әлсізденген адам) адамдар популяциясының жоғарылауы байқалуда: толысуға да, арықтауға да бейім
болу. Олардың екі түрі де соңында патологиялық зардаптарға ие етеді.
Шала яғни физикалық толу кемеліне жетпеген сәбилердің туылу санының өсуі – адамдардың тіршілік
ортасының қолайсыз күй-жағдайының көрсеткіші. Олгенетикалық аппараттың бұзылуына және тіршілік
ортасының өзгертулеріне бейімделуінің өсу шегіне байланысты. Физиологиялық толу кемеліне жетпеу
адамның өсу шегіне акселерация және басқа да өзгертулер, зардаптар әкелететін ортаның үйлеспейтін
балансының нәтижесі.
Қазіргі адамдардың жағдайын биологиялық түр ретінде қала тіршілік ортасының өзгеруіне сәйкес
пайда болған көптеген медико-биологиялық тенденциялармен көрсетуге де болады: мектеп жасындағы
балалардың жақыннан көрмеушілігі мен тіс ауруларына шалдығуы, ерте жастан белгісіз аурулардың
байқалуы - өндірістік ғылыми-техникалық алға басуға сәйкес: радиациялық, авиациялық, автомобильдік,
дәрі-дәрмектік және т.б. көпаурулар анықталуда [4].
Сонымен, денсаулықты сақтау немесе аурудың алдын-алу ағзаның ішкі биожүйесі мен қоршаған
ортаның сыртқыфакторларының күрделі қарым-қатынасының нәтижесі. Осындай күрделі қарым-
қатынасты тану профилактикалық медицинаның және оның ғылыми пәні - гигиенаның пайда болуына
негіз болды.
Өндірісті - қала экожүйесі. Урбандалу – қала рөлінің жоғарылап, ауыл тіршілік ортасы халқының
есебімен қала халқының санының шектен тыс өсуі. Халықтардың санының өсуі мен тығыздығы –
қаланың негізі ерекшелігі. Тарихта ең алғашқы миллионға жуық халқы болған Юлий Цезарь (б.д.д. 44-10
ж.ж.) кезіндегі Рим қаласы.
1980 жылы Жердегі урбандалған территорияның жалпы аумағы 4,69 млн км
2
- ал 2007 жылы ол
барлығы 12,8% құрлықтың 19 млн км
2
алып жатқан. 2030 ж. әлемнің барлық халқы қала типтес ауылдар-
да тіршілік ететін болады деп есептелуде (Реймерс, 1990).
Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады.
Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі
(иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону
қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына,
балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге,
бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз
оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай
өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демогра-
фияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық
тұрғыдан да қарастырылады. Мысалы белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олар-
дың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген
адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны
ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процес-
тердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық
дамуының әлеуметтік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
65
өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық
өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін
бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады [5].
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән
көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта
жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге
адам – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде
қалыптасуына әлеуметтік жағдайлармен қатар экологиялық факторлардың да ыкпалы зор.
1. Тотай А.В. Экология. Учебное пособие. – М., 2012. - 404 с.
2. http://www.stat.gov.kz/Pages/default.aspx
3. Қазақстанның демографиялық жылнамалығы. Статистикалық жинақ. - Астана,2013, 608 б.
4. Республика Казахстан: Окружающая среда и экология. – Алматы, 2006
5. Татимов М.Б. Грозит ли Казахстану демографический кризис? / М.Б. Татимов // Евразия. - 2002. - №2. – 22-30 б.
Резюме
В статье рассматривается роль демографии в экологии человека на сегодняшний день, а также влияние на
здоровье человека демографической ситуации нашей страны. Докладываются новые научные подходы экологии
человека в исследовании данного вопроса, в которой рассматриваются структурные особенности заболевания
населения в Республике Казахстан. Один из разделов экологии – экология человека, комплексная наука, изучаю-щая
закономерности взаимодействия человека с окружающей средой, вопросы развития народонаселения, сохранения и
развития здоровья, совершенствования физических и психических возможностей человека (Казначеев, Яншин,
1980), взаимоотношения биосферы и ее подразделений с антропосистемой, а также закономерности биосоциальной
организации человеческих популяций, влияние различных факторов окружающей среды на человеческий организм.
Как всем известно, такие факторы как демографическая ситуация и загрязнение окружающей среды непосред-
ственно влияют на здоровье человека. Здоровье человека – состояния полного физического, душевного и социаль-
ного благополучия, а не только отсутствием болезней и физических дефектов. Так что, нужно понимать, что здоро-
вье человека главный индикатор в определении загрязнения окружающей среды. Основные экологически обуслов-
ленные заболевания человека связаны с плохим качеством воздуха, воды, шумовым загрязнением и воздействием
электромагнитного и ультрафиолетового излучений. Результаты многих исследований указывают на существование
взаимосвязи между загрязнением воздуха внутри и вне помещений, загрязнением воды и почвы опасными
химическими веществами, а также стрессовым воздействием шума и развитием респираторных и сердечно-сосудис-
тых заболеваний, рака, астмы, аллергий, а также расстройств репродуктивной и центральной нервной систем.
Данная статья очень актуальна, авторы раскрывают важнейшие вопросы экологии человека и влияния демогра-
фического фактора на здоровье человека. Поэтому, рецензируя статью, даю положительную оценку на публикацию.
Ключевые слова: экология человека, демографическая ситуация, темпы роста населения, загрязнение окружаю-
щей среды, состояние окружающей среды, виды заболевании, экология города, экология населения, аркология,
канцерогенные вещества, правильное питание.
Summary
The article discusses the role of demographics in human ecology today, as well as the impact on human health of the
demographic situation in our country. To report new scientific approaches in the study of human ecology of the question,
which deals with the structural features of the disease population in the Republic of Kazakhstan. One of the branches of
ecology - human ecology, complex science that studies the human interaction with the environment, the development of
population, preservation and development of health, improvement of physical and mental human capabilities (Treasurers,
Yanshin, 1980), the relationship of the biosphere and its subsidiaries with antroposistemoy, as well as the laws of biosocial
organization of human populations, the impact of various environmental factors on the human body.
As everyone knows, factors such as demographics and environmental pollution have a direct impact on human health.
Human health - a state of complete physical, mental and social well-being and not merely the absence of disease or infirmity.
So, we must understand that the main indicator of health in the definition of pollution. The main environmentally caused
human disease associated with poor air quality, water and noise pollution and exposure to electromagnetic radiation and
ultraviolet. Many studies indicate the existence of the relationship between air pollution indoors and outdoors, water and soil
pollution by hazardous chemicals, as well as stressful noise exposure and the development of respiratory and cardiovascular
diseases, cancer, asthma, allergies and disorders of the reproductive and central nervous systems.
This article is very relevant, the authors reveal the most important questions of human ecology and the impact of
demographic factors on human health. There fore, criticizing the article to give a positive assessment of the publication.
Keywords: human еcology, demographics, situation, population growth, environmental contamination, state of
environment, types disease, city ecology, ecology of the population, cancerogenic substances, healthy nutrition.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
66
ӘОЖ : 619.616.995.121-036-636. (574)
Достарыңызбен бөлісу: |