Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет40/46
Дата15.02.2017
өлшемі4,25 Mb.
#4163
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
часть  целого  она  должна  включать  в  себя  все  его  основные  характеристики,  мы  в  своем  исследовании 
определили 
патриотическое 
воспитание 
как 
целенаправленный 
и 
сознательно 
осуществляемыйпедагогический  процесс  организации  и  стимулирования  разнообразной  деятельности 
формируемой  личности  учащегося,  развития  в  них  их  активности  с  целевой  установкой  на  всемерное 
становление необходимых свойств и качеств патриотически воспитанной личности. Данное определение 
на начальном этапе нашего исследования носило рабочий вариант. Однако в дальнейшем оно претерпело 
никоторые изменения. Суть этих изменений будет представлена нами позднее.  
Всесторонний  анализ  исследований  по  проблеме  позволил  нам  одновременно  выявить  ряд 
характерных для сегодняшнего дня особенностей в развитии патриотизма у учащейся молодежи.  
Патриотическое воспитание - это часть общегражданской культуры и общегражданского воспитания, 
опирающаяся  на  общечеловеческие  ценности  (жизнь,  здоровье,  духовно-нравственное  воспитание 
человека, права и свободы личности).   
Оно  направлено  на  воспитание  патриотов  Казахстана,  граждан  правового,  демократического 
государства, способных к социализации в условиях гражданского общества, уважающих права и свободы 
личности,  обладающих  высокой  нравственностью  и  проявляющих  национальную  и  религиозную 
терпимость,  уважительнее  отношение  к  другим  народам,  к  языкам,  традициям  и  культуре  народов, 
проживающих в Казахстане.  
Патриотическое  воспитание  –  формирование  духовно-нравственных,  гражданских  и  мировоззренче-
ских качеств личности, которые проявляются в любви к Родине, к своему дому, в стремлении и умении 
беречь и приумножать традиции, ценности своего народа, своей национальной культуры, своей земли.  
Общая  цель  патриотического  воспитания,  по  мнению  Г.К.  Селевко    «воспитывать  у  подрастающего 
поколения  любовь  к  Родине,  гордость  за  свою  Отчизну,  готовность  способствовать  ее  процветанию  и 
защищать  в  случае  необходимости.  Патриотизм  проявляется  в  детском  возрасте,  развивается  и 
обогащается  в  социальной,  особенно  духовно-нравственной  сфере  жизни.  Высший  уровень  развития 
чувства  патриотизма  неразрывно  связан  с  активной  социальной  деятельностью,  действиями  и 
поступками,  осуществляемыми  на  благо  Отечества  и  на  основе  демократических  принципов  развития 
гражданского общества».[6] 
Отсюда  одним  из  острых  вопросов  является  вопрос  патриотического  воспитания  современной 
молодежи,  в  частности  учащихся  страших  классов.  Быть  патриотом  –  естественная  потребность  людей, 
удовлетворение  которой  выступает  как  условие  их  материального  и  духовного  развития,  утверждения 
гуманистического  образа  жизни,  осознание  своей  исторической  культурной,  национальной  и  духовной 
принадлежности к Родине и понимание демократических перспектив ее развития в современном мире.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
262 
Патриотическое  воспитание  осуществляется  в  процессе  включения  учащихся  старших  классовв 
активный созидательный труд на благо Родины, привития бережного отношения к истории Отечества, к 
его  культурному  наследию,  к  обычаям  и  традициям  народа  –  любви  к  малой  Родине,  к  своим  родным 
местам;  воспитание  готовности  к  защите  Родины;  изучения  обычаев  и  культуры  разных  этносов. 
Воспитание патриота – одна из краеугольных задач современного образовательного учреждения.  
Решая проблему патриотического воспитания учащихся, необходимо сосредотачивать свои усилия на 
формировании  у  них  ценностного  отношения  к  явлениям  общественной  жизни  прошлого  и 
современности.  
Чтобы  сформировать  у  молодого  поколения  осознанное  отношение  к  Отечеству,  его  прошлому, 
настоящему  и  будущему,  развить  патриотические  качества  и  национальное  самосознание  учащихся, 
развить  и  углубить  их  знания  об  истории  и  культуре  родного  края,  о  подвигах  дедов  и  прадедов  в  деле 
защиты  Родины,  преподавателю  необходимо  обладать  такими  качествами,  как  высокая  культура,  нрав-
ственность, гражданственность, являться патриотом своей страны, любить и уважать свой родной край. 
Следует отметить, что патриотизм выступает в единстве духовности, гражданственности и социальной 
активности  личности,  осознающей  своё  единство  с  Отечеством.  Он  формируется  под  влиянием  многих 
факторов: в процессе обучения и социализации подрастающего поколения, однако главную роль при этом 
играет  воспитание.  Ведь  оно  всегда  оказывало  решающее  воздействие  на  становление  личности  и, 
соответственно,  на  благополучие  целого  общества.  При  этом  следует  учитывать,  что  главным  творцом 
воспитательной системы является сам народ.  
Итак,  подводя  итоги,  хотелось  бы  отметить,  что  в  решении  проблем  патриотического  воспитания 
учащихся  должна  в  первую  очередь  принимать  участие  сама  молодежь,  осознавая всю  важность  своего 
участия в жизни Родины, любить, знать и уважать ее культуру, традиции и историю. Однако направлять 
действия молодежи в нужное русло должно как государство, так семья, школа и вуз. И их основная задача 
заключается во взаимодействии с целью формирования национального самосознания, гражданственности 
и патриотизма у современной молодежи. 
 
1. Харламов  И.Ф.  Воспитание  патриотизма  и культуры межнациональных  отношений  //  Педагогика: учебное 
пособие. 3-е изд., перераб. и доп., М.: Юность, 1997, 512с. 
2.  Ипполитова  Н.В.  Теория  и  практика  подготовки  будущих  учителей  к  патриотическому  воспитанию 
учащихся: Дисс... д-ра пед. наук. –Челябинск: ЧелГУ, 2000. -390с. 
3. Лутовинов, В. И. Проблемы воспитания патриотизма // Педагогика. - 2008. - № 7. - C. 50-53. 
4.  Иванова,  С.  Ю.  Формирование  российской  идентичности  и  гражданского  патриотизма  в  поликультурном 
социуме// Современное состояние и сценарии развития Юга России. - Ростов н/Д, 2006. - C. 145-153. 
5.  Микрюков  В.Ю.  Военно-патриотическое  воспитание  и  начальная  военная  подготовка  в  школе:  Учебно-
методическое пособие. М.: ВАКО, 2009. - 205 с.  
6. СелевкоГ.К. Энциклопедия образовательных технологий. Том 2 – Москва, 2012. -96с. 
 
ӘӨЖ 37.035.6 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ САЛТ-
ДӘСТҮРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ МЕН ОНЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Г.Л. Абдрасилова 
 
Резюме 
В  статье  сделан  обзор  педагогической  и  методической  литературы  по  теме  исследования.  Указаны  пути 
осуществления  нравственно-эстетического  воспитания  учашихся  начальных  классов  на  уроках  родного  языка, 
казахского языка, математики и познании мира и во внеурочное время. 
Определен уровень готовности учителей начальных классов к воспитательной работе с младшими школьниками 
на основе национальных традиций казахского народа. 
 
Summary 
In this article had made review of pedagogical-systematic literature by theme research.  Had indicated ways of realization 
morally-aesthetic education of the pupils of primary school on native language lessons, kazakh language, mathematics and 
perseption of  the world in extracurricular time. 
Had determined level of readiness of teachers of   primary school  to pedagogical work with little pupils on base nathional 
tradition of kazakh nation.  
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
263 
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістер оқу-
тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыруды талап етеді. Тарихы сан ғасырдан бастау алатын шежіреге 
толы Отанымызды қорғау, ұлттығымыздың айғағы тілімізді, салт-дәстүрімізді  білу, сақтау,  оны зерттеу, 
келер ұрпаққа жеткізу - азаматтық парыз. Бұл қазіргі күнгі - өмір талабынан туындап отыр. Бұл міндеттер 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «...білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттері: 
Қазақстан  Республикасына  шын  берілген,  адал  патриот  азамат  даярлау  ...  олар  мемлекеттік  белгілердің 
мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін ... халық, Отан, отбасы алдындағы 
жеке  бастың  міндеттері  мен  құқықтарын  сезінген  ....  тілін,  тарихын,  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпын  қадір 
тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» - деп көрсетілгенінен қазақтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік 
мәніне айрықша көңіл аударылғанын байқауға болады [1]. 
Қазақ халқының салт-дәстүрлері  ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі  екендігі белгілі. 
Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері -жеке 
тұлғаның  жан-жақты  дамуына  септігін  тигізеді.  Сондықтан,  қазақтың  халықтық  салт-дәстүрлерін 
жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерге адамгершілік-эстетикалық тәрбие берудің 
қажеттілігі  арта  түсуде.  Оның  маңыздылығы,  Қазақстан  Республикасының  «2015ж.  дейінгі  білім  беруді 
дамыту»  тұжырымдамасында:  «...жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние  жағдайларында  алынған  терең 
білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға 
және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, жеке тұлғаны 
қалыптастыру", - деп нық көрсетілген [2]. 
Бастауыш  сыныпта  халықтық  салт-дәстүрлерді  пайдалану  арқылы  оқушыларға  адамгершілік-
эстетикалық тәрбие беру сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстарда жүзеге асырылады. 
Адамгершілік-эстетикалық  тәрбие  беруде  халықтық  салт-дәстүрлерді  пайдалану  оқушы  тұлғасының 
қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер етеді. 
Сабақ  үрдісінде  халықтық  салт-дәстүрлерді  пайдалану  сатылап,  жүйелі  бірізділікпен  жүргізіледі: 
тақырыпты  анықтау,  мақсат,  міндеттерді,  құралдар  мен  формаларды  жүйелеу,  әдіс-тәсілдер  мен 
тапсырмаларды орындау барысында. 
Бастауыш  сынып  оқушыларына  қазақтың  салт-дәстүрлері  арқылы  адамгершілік-эстетикалық  тәрбие 
беру  үшін  мұғалімдерге  салт-дәстүрлер  туралы  білімдер  беріліп,  арнайы  педагогикалық  жағдайдағы 
әдістемелік дайындықты қамтамасыз ету керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет  1  –  Бастауыш  сыныпта  халықтық  салт-дәстүрлерді  пайдалану  арқылы  оқушыларға 
адамгершілік-эстетикалық тәрбие берудің үлгісі 
Адамгершілік-эстетикалық 
тәрбие 
Бастауыш сынып 
сабақтары 
Тақырыпты анықтау 
Әдiс-тәсiлдер, 
тапсырмалар 
Мақсат, мiндет 
Құралдар, формалар 
Х
ал
ы
қ
ты
қ
 с
ал
т-
д
әс
тү
р
  
 
О
қ
уш
ы
 т
ұ
л
ға
сы
н
ы
ң
 қ
ал
ы
п
та
суы
 
 ж
ә
н
е 
д
ам
уы
  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
264 
Қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие берудің нәтижелі болуы мұғалімнің осы 
бағыттағы  алған  қазақ  салт-дәстүрлері  бойынша  білімдері  мен  әдістемелік  дайындығының  деңгейіне 
тікелей байланысты. 
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының ұйытқысы, әрине, сынып жетекшісі екендігін бәріміз білеміз. 
Жалпы  тәрбие  жұмысын  жоспарлап,  ұйымдастырғанда,  тәрбие  жұмысының  тақырыптарын 
қарастырғанда  кездесулер  өткізу,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  тақырыбына  байланысты  апталықтар, 
викториналар, кештер, көрмелер т.б. жұмыс формаларын ұйымдастырудың жолдарын меңгерумен қатар 
оқушыларды соған тәрбиеледі. 
Сабақтардың  негізгі  мақсаты  –  бастауыш  сынып  оқушыларына  халықтық  салт-дәстүрлер  арқылы 
адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру. Әрбір сабақ белгілі міндеттерді көздейді: 
-балаларға халықтық салт-дәстүрлер туралы бастапқы білім беру, ұғымдарымен таныстыру; 
-жас ерекшелігіне байланысты игере алатын білім мазмұнымен қамтамасыз ету; 
-халықтық салт-дәстүрлер негізінде балаларды гуманды-көркемдік сезімдерді бастан кешіруге баулу; 
-  халықтық  салт-дәстүрлер  негізінде  балалардың  бойында  адамгершілік-эстетикалық  дағдыларды 
қалыптастыру; 
-алған  білімдері,  білік-дағдылары  негізінде  адамгершілік-эстетикалық  әсерленуін,  талғамын, 
эмоциональды-бағалау қатынасын дамыту. 
Мысалы,  1-сыныпта  «Ана  тілі»  пәнінен  (Атамұра,  Алматы)  «Төрт  түлік»  бөлімін  өткенде  көптеген 
тақырыптар  –  «Мал  атасы»,  «Құлыншағым»,  «Төлді  қалай  шақырады?»  т.б.,  «Шаңырақ  шуағы», 
«Үлкенге  құрмет  –  кішіге  құрмет»,  «Әке  көрген  оқ  жонар...»,  «Талаптыға  нұр  жауар»,  «Сәлем  –сөздің 
анасы»,  «Кішіпейілділік  –  кісілік  белгісі»  бөлімдері  қазақ  этнопедагогикасы  материалдарына  негізделіп 
берілген.  Яғни  бұл  тақырыптарды  өткенде  қазақтың  ата  кеәсібі,  тұрмыс-салт  дәстүрлері,  қолөнері, 
әлеуметтік дәстүрлерін кеңінен қолдануға болады. 
Осы бірінші сыныптың «Математика» пәнінде мынадай тақырыптарды өткенде халықтық педагогика 
элеменеттерін қолдануға болады: «Нешінші?» тақырыбы (Мысалы, «Көкпар» ойынын қолдануға болады, 
«Біріктіру және бөліп алу.» (Төрт түлікке қатысты ата кәсіп дәстүрлері) т.б. 
«Дүние  танудан»  -  «Табиғат»,  «Түн  тынысы»,  «Айналадағы  дүниемен  танысу»,  «Отбасы»,  «Ауыл»; 
«Бейнелеу  өнері»  пәнінен  «Графика»,  «Живопись»,  «Қазақ  халқының  өнері»,  «Ертегі  бойынша  сурет 
салайық»,  «Өрнек  құрастырайық»,  «Халық  шеберлерінің  ісімен  танысайық»,  «Үй  жануарларын 
мүсіндейік»,  «Ұлттық  киімдерді  әшекейлейік»,  «Наурыз  мерекесі»;  «Музыка»  сабағынан  «Тұрмыс-салт 
әндері»,  «Төрт  түлік  малға  арналған  әндер»,  «Наурыз  келді,  алақай!»  бөлімдері;  «Еңбекке  баулу» 
сабағынан  «Қоржын  жасау»;  «Киім  кескіндерін  аппликациялау»,  «Қолданбалы  өнер»  бөлімінен  – 
«Ұлттық  киім  үлгілері»,  «Зергерлік  өнер»,  «Шаршы  оюлар»,  «Көркем  қолөнердің  ерекшеліктері» 
тақырыптарын  өткенде  қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  мен  олардың  элементтерін  пайдалану  арқылы 
адамгершілік-эстетикалық тәрбие берудің мүмкіншілігі артары сөзсіз. 
Екінші  сыныпта  да  халықтық  салт-дәстүрлерді  пайдаланудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Ана  тілі 
пәнінен  «Туған  елім  –  Қазақстан»,  «Асыл  сөз»,  «Адам  болам  десеңіз»,  «Еңбек  түбі  –  береке»,  «Өнегелі 
өмір»,  «Табиғат  –  тіршілік  бесігі»,  «Біздің  тілегіміз  –  достық»  атты  бөлімдерде  ұлттық  салт-дәстүрлер 
арқылы сабаққа сәтті жол тапсақ, оқушылардың белсенділігі дамып, пәнге деген құштарлығы ояна түсері 
сөзсіз.  Олар  -  халықтық  педагогикада  балалар  тәрбиесінің  таптырмайтын  құралы,  әдіс-амалы,  тәсілі, 
белгілі  ережелері  мен  әдет-дағдылары  болды,  сонымен  қатар  құнды  адамгершілік  қасиеттерін 
(қайырымдылық,  мейірімділік,  ізеттілік,  инабаттылық  т.б.)  және  сезімдік-эстетикалық  қасиеттерін 
(өнердегі,  табиғаттағы  әдемілікті,  әсемдікті  талғаммен,  сүйіспеншілік  сезіммен  қабылдау,  әсерлену, 
эстетикалық тұрғыда баға беру қалыптастыратын тәрбие құралы. 
«Қазақ тілінен» – «Зат есімді» өткенде әр түрлі ұлттық жиһаздар, мәдени бұйымның атаулары: киіз үй, 
сандық,  кебеже,  күбі,  мес,  ожау,  диірмен,  сырға,  шолпы,  оймақ  т.б.  пайдалану  арқылы  тұрмыс-салт 
дәстүрлерін, «Етістікті» өткенде жан-жануарлардың төлдеуі, дыбыс шығаруына байланысты ұғымдарды 
меңгерту, мысалы: қой қоздайды, маңырайды, түйе боталайды, боздайды, жылқы құлындайды, кісінейді, 
сиыр  бұзаулайды,  мөңірейді,  ешкі  лақтайды  т.б.  және  «Сын  есімді»  өткенде  қазақтың  ұлттық  заттарын, 
мысалы,  жылқының  түр-түсін  ажыратуға  байланысты:  жирен, құла,  қара  қасқа  т.б.  ұғымдар  арқылы  ата 
кәсіпке байланысты дәстүрлерді,, «Сан есімді» өткенде қазақта қасиетті сан болып табылатын жеті саны 
(жеті қазына, жеті жарғы, жеті ата, жеті шелпек, жеті күн, жұт - жеті ағайынды) туралы, он үш саны (он 
үш  мүшел  жас)  әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлерді  т.б.,  «Сөйлем»тақырыбын  өткенде  «Жеті  ауылға 
саяхат»  және  «Мәтін»  тақырыбын  өткенде  «Хан  талапай»  ойынын  ойнату  арқылы  бала  тәрбиесіне 
байланысты салт-дәстүрлерді пайдалану тәрбие мазмұнын арттырып, байытады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
265 
Математикадан – «Жүз көлеміндегі сандар» бөлімінде – «Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және 
азайту»,  «Ондықтан  аттамай ауызша  қосу  және  азайту»,  «Кестелік  қосу  және  азайту»,  «Ондықтан аттап 
ауызша  қосу  және  азайту»,  «Ондықтан  аттап  жазбаша  қосу  және  азайту»;  «Мың  көлеміндегі  сандар» 
бөлімінде  -  «Сандарды  оқу,  жазу,  салыстыру»,  «Қосу  және  азайту»  тақырыптарын  өткенде  қазақ 
халқының сандарға байланысты игі дәстүрлерін пайдаланған жөн. 
Дүние  танудан  –  «Адамның  айналадағы  дүниемен  қарым-қатынасы»,  «Табиғат»,  «Өсімдіктердің 
тіршілігі»,  «Жануарлардың  тіршілігі»,  «Отан»  бөлімдеріне  енген  көптеген  тақырыптар  халықтық  мұра 
салт-дәстүрлерді пайдалануды өз-өзінен қажет етеді. 
Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  –  халықтың  ғасырлар  бойы  сыннан  өткен  халық  тағлымы  екендігі 
айқын.  Олай  болса,  халықтық  салт-дәстүрлер  мектебі  тәрбиелеудің  кені  дей  аламыз. Мектепте  сабақтан 
тыс уақытта жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп. Мысалы: салт-дәстүрлерге арналған әңгімелесу, тәрбие 
сағаттары,  саяхат,  экскурсия,  кездесулер,  онкүндік,  түрлі  ойындар,  КВН-дар  ұйымдастыру  арқылы 
адамгершілік-эстетикалық тәрбие берудің тың жолын салуға болады. 
«Ұлттық  салт-дәстүрлер  туралы  түсінік»  тақырыбына  әңгіме  жүргізуге  болады.  Әңгімені  жоспарлы 
түрде жүргізген жөн. Алдын-ала қаралатын сұрақтары мен әңгіме барысын айқындау алу керек. 
1) Ұлт, ұлттық сезім ұғымдарына анықтама. 
2) Салт дегеніміз не? 
3) Дәстүр дегеніміз не? 
4) Ұлттық салт-дәстүр дегеніміз не? 
«Ұлттық  отбасы  тәрбиесі»  тақырыбына  КВН,  отбасындағы  қыз  бала,  ұл  бала  тәрбиесіне 
орайластырылған «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» атты конкурстарын ұйымдастырған дұрыс. 
Қорыта  айтқанда,  бастауыш  сынып  оқушыларының  қазақ  салт-дәстүрлерінен  алған  білімдері, 
іскерліктері  мен  дағдылары  түрлі  әдіс-тәсілдер  (ауызша,  жазбаша,  әңгімелесу  және  т.б.)  арқылы 
айқындалады.  Біз  өз  жұмысымызда  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  бастауыш  сынып  оқушыларына 
қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбие беруге дайындығының деңгейіне талдау жасалынды. 
 
1. Білім туралы Қазақстан Республикасының заңы // Егемен Қазақстан, 15-маусым, 2007 ж. 
2. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. - Алматы: Қазақстан, 1994. 
3. Бастауыш сыныптардың оқулықтары. - Алматы, «Атамұра», 2008-2011. 
 
ҰЛ БАЛА МЕН ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЕРЕКШЕ ҰЛТТЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ МӘНІ 
 
А.Кенжан – п.ғ.к., доцент, Алматы қаласы 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются    актуальные  проблемы  о воспитание.Автор  уделяет  большое  внимание  на  семейном 
воспитание,  духовного  развития  молодежи  и    установления    гуманистических  отношений  в  духе-национального  
единства  и любви к родине. 
 
Summary: 
The  article  deals  with  actual  problems  of  education.  the  author  devotes  great  attention  to  family  education,  spiritual 
development of young people and establishing relations in the spirit of humanistic-national unity and love of country. 
 
 
«Отан от басынан басталады» дейді халық.Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.Әке-
шеше  арқылы  өрбіген  тұқымның  туыстық-адамгершілік  қатынастары  жүйеленіп,әлеуметтік,қоғамдық 
құрылысқа байланысты қалыптасқан.Әр бір отбасында ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан тарихы бар.Ол  өз 
шежіресін  үйрету.  Біздің  ата-бабаларымыз  балаға  7-9  жасында  әкесінен  бастап  ағайын-туысын,  нағашы 
жұртын,  алыс-жақынды  таныстыру,  ата-тегін,  руын,  ел-жұртын  білдіруге  ерекшк  көңіл  бөлінген.  «Жеті 
атасын білу» заң болған. Ер жігіттің үщ жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу ер-азаматқа парыз деп 
ұққан халық; «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата-
баба  тарихын  жастайынан  жаттатқан,  ел-жұрт  тарихын  білу  ер  азаматты  ерлікке,  елдікке,  Отан 
сүйгіштікке  булиды  деп  ұққан.  Әкесі,  атасы  балаға  жеті  атасына  дейінгі  бабаларының  атын  жаттатып 
қана  қоймай,  олардың  қандай  адам  болғанын,  ел-жұрты  үшін  жасаған  ерлігі,  өнегелі  істері  жайлы  да 
әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата-баба дәстүрін жалғастырса екен деген мақсатты көздеген. Сондай ата-
бабасының  өнегелі,  үлгілі  істерінен  сусындау  арқылы  бала  бойында  өз  еліне  деген  сүйіспеншілік, 
мақтаныш сезімдерін тәрбиелеген. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
266 
Дегенмен,ата,ру  тарихын  білу  жақсы.Бірақ  баланы  өз  руының  адамдарын  ғана  қолпаштап,  жақсы, 
текті,  асыл  азаматтар  тек  біздің  рудан  ғана  шыққан  деген  өзімшілдік,  менмендік  көзқараста  тәрбиелеу 
дұрыс  емес. Басқа рулар мен  елдердің де ақылды, шешен, батыр, ақын адамдары сөз қозғап, әңгіме  ету, 
«Жақсы- көпке  ортақ», «Жақсы туса-елдің ырысы»,  «Жақсыда жаттық жоқ, ол халықтың қамқоршысы» 
деген ой-пікірді жастардың жетесіне жеткізу- азаматтық парыз. 
Баланы өз елін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында жүргізілетін тағы бір жұмыс болды. Ол бала 5-7 
жасқа  келгенде  әкесі  оны  далаға  алып  шығып,  өздері  өмір  сүріп  отырған  жер-су  аттарымен  таныстыру. 
Әкесі баласына бұл атаулардың шығу тарихы, оған байланысты кейбір айтулы оқиғалар жайлы қызықты 
тартымды  аңыз-әңгімелерді  айтып  берген.  Ел  тарихынан  осылайша  бірте-бірте  хабардар  еткен,  ата-
бабасының зираттарын көрсетіп, олардың кейінгіге үлгі-өнеге болар істерін, ерлік терін әңгімелеген. 
Сүндет той. Қазақта ер бала өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі  оны- сүндеттеу. Сүндетке  отырғызу 
VII-VIII  ғасырларда  араб  елдерінен  шығып,  бүкіл  мұсылман  жұртына  тараған.  Сүндетке  отырғызу 
мұсылмандықтың белгісі болып саналады. Ер баланы сүндетке 5-7 немесе 9 жасында отырғызған, яғни, 
тақ жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте отырғызса, соғырлым ауырсынбай, тез жазылып кетеді. 
Сүндетке  отырғызу  көбінесе  жазға  салым  немесе  күзге  қарай  іске  асырылған.  Себебі  ыстық  та,  суық  та 
балаға  әсер  етпесін  деген  мақсат  көзделген.Кейде  5,7,9  жастағы  ауыл  балаларын  жинап,қожаны 
шақырып,3-4  үйдің  балаларын  бір-ақ    сүндеттеткен.  Қожаға  баланы  сүндетке  отырғызғаны  үшін  қой, 
тайынша, тай немесе ақша берген. Баланы сүндетке отырғызғанда әкесі, «сүндет атың» деп балаға арнап 
белдеуге ат байлаған.  
Сүндеттелетін бала  ел аралап тойға жұртты өзі шақырған. Ол өзінің  ерекше  көркімен назар аударып 
тұруы  керек.  Соған  орай  балаға  жаңа  киімдер  кигізіп  екі  иығына,  бөркіне  үкі  таққан.  Ердің  алды-арты 
алуан  түсті  матамен  желбірленген.  Астындағы  атының  құйрығы  сүзіліп,  ақ  шүберекпен  бунақталған. 
Жалы өріліп, әрі түсті жіппен байлаған. Кекілі түйіліп, бір шоқ үкі тағылған. Баланың қолына ұстайтын 
қамшысының  сабына  да  әр  түрлі  орамалдар  байланған.  Мұның  бәрін  жол  үстінде  кезіккендер  бірден 
байқап, баланы құттықтап, тілектерін білдірген. 
Бала  ауылдың  екі-үш  жігіт  ертіп,  ағайындарды  аралатқан.  Бала  барған  ауылдың  әйелдері  шашу 
шашып  қарсы  алған,  әр  түрлі  сәнді  түймелерді,  күмістерді  қадаған.  Ал  ер  кісілер  айыл-тартпа,  жүген-
құйысқан, қамшы сияқты атқа қажетті заттар сыйлайды. Жігіттер тойдың болатын күнін жариялаған. 
Сүндет  тойы  қазақ  өміріндегі  қыз  ұзатудан  кейінгі  екінші  ірі  той  болған.  Оған  да  арнаулы  мал 
сойылып  жиналған,  жұртқа  табақтар  тартылған.  Ат  жарыс,  бәйге,  аударыспақ  ойындары  ойналып, 
палуандар күреске түскен. Содан кейін көкпар беріліп той тарқаған. 
Келесі  күні  баланы  сүндетке  отырғызған.  Бұл  күн  ата-ана  үшін  де,  бала  үшін  де  қуанышты  күн. 
Ересектер  сүндеттелетін  баланы  қошеметтеп,  «енді  жігіт  боласың»  деп  жігерлендірілумен  болған. 
Арнайы  бөлмеге  жұмсақтап  төсек  салып,  баланы  жатқызып,  балаға  сүндет  жидесін  (сүндетке 
отырғызылатын балаға арнайы тігілген, етегі ұзын, әрі кең жеңіл киім) кигізген.  
Бүгін үйге молда келеді, 
Кәмпит тола дорба береді, 
Кәмпитті жыламаған жиді, 
Жыламағаны ұнамағаны дейді, 
Сүдетке шыдамағаны дейді,  
Шыдамасаң масқара-ай, 
Мазақ болма басқаға-ай,-
деген сияқты тақпақтар айтып баланы алдаусыратып, намысын шындаған. 
Баланы  сүндетке  отырғызар  алдында  молда  сүндет  дұғасын  оқып  «бір,екі,  үш,  төрт,  бес,  насыбайым 
ұшын кес» деп баланы сүндеттеген. 
Сүндеттелгенде  кесіп  алынған  тері  «сүндет  тері»  деп  аталады.  Мұны  шүберекке  түйіп  немесе  тұмар 
жасап тығып қойған. Кейде құдайдан ұл тілеп жүрген келіншектер әдейі келіп ырым қылып қалап алатын 
да болған. 
Ауыл  адамдары  кейде  сүндетке  отырғызылған  баланың  тойына  шашу  ретінде  мал  атаған.  Бұл  мал 
«сүндет мал» деп аталған. Тойға келушілер «әдеміленген» тойға барамыз деп тұспалдап айтқан. 
Демек,  сүндетке  отырғызу  –  азаматтықтың  белгісі.  Мұнан  әрі  бала  ерексек  адамдардың  қатарына 
қосылып,  өзін  ересек  сезіне  бастаған.  Бала  бойында жауапкершілік  сезімі  оянады.  Жалпы,  бұл  той  бала 
психологиясына  әсер  етіп,  өзін  үлкендерше  әрекет  жасауға  бағыттайды  деуге  болады.  Қазақта  сүндет 
тойынан  кейін  12-13  жастағы  ер  балаға  қыз  айттырып,  құда  түсу  дәстүрлері  орындалған.  Бұл  баланың 
психикасына ықпал етіп, өзін үлкейген екенмін деп сезіне бастаған. 
Сонымен, жоғары да аталған әдет ғұрыптар бала өмірінде өзіндік іздерін қалдырып отырған. Бұл әдет-
ғұрып,  салт-дәстүрлердің  орындалуы  барысында  балалар  көпшіліктің  ықыласына  бөленіп,  көңілінде 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
267 
қуаныш  өздерін  қоршағандарға  бауырмалдық,  мейірімділік,  сүйспеншілік  сезімдері  оянады.  Сол 
мейірімділік  ықыластарын  есейгенде  өзгелерге  жасауға  үйренеді,  ата-баба  дәстүрлерін  сақтауларына 
ықпал етеді.  
Қазақ халқы «Қыз» деген   сөздің өзін  әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған. 
Сондай-ақ  қыз  баланың  ұқыптылығын,  шеберлігін,  сүйкімділігін,  шеберлігін,  өнер  –  білімге  бейім 
тұратынын  жоғары  бағалап,    оның  сол  қасиеттерін  нақыл  сөздер  арқылы  ерекше  көрсеткен.  Мысалы, 
«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі,  гүл жердің көркі», «Жақсы 
қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б. 
Сонымен  қазақтың ауыз және  жазба әдебиеттеріндегі қызға берілетін жалпы сипаттамасы  мынадай: 
«Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған  дауысты, оймақ ауыз, күлім көз, жайдары мінез, алма мойын,  ақша бет, ақ 
тамақ,  тал  шыбықтай   бұралған  бұраң  белді,    сүмбіл  шашты,  ұзын  кірпікті,   ақ  білек,  маржан  тісті, қыр 
мұрынды» деп суреттелген. 
Халқымыздың  ұлттық  дәстүрлеріндегі  бір  ерекшелік  –  тәлімдік,  ақыл-кеңесті    жас  ұрпақ  санасына, 
әсіресе,  қыз  балаға  тұспалдап  жеткізу,  жөн-жосық  нұсқап,  бағыт-бағдар  беру,  өнеге  көрсету.  Бұл  салт 
ауылдық  жерлерде  әлі  де  сақталған.  «Қыздың  қырық  жаны  бар»,  «Қызға  қырық  үйден  тыю»  деген 
сөздерде  тәрбиелік  талап-тілектерді  бетке  айта  салмай,  тұспалдап  жеткізеді.  Әсіресе,  қыз  мүшеліне 
толысымен «Ұлдың ұяты-әкеде, қыздың ұяты-шешеде», «Қыздың қылығы – түзде» деген ана баса назар 
аударған. 
Халқымыз  қыз  баланың  тәрбиесі  жолында  әдет-ғұрып,  ырым  -жораларды  қалыптастырды. 
Мысалы,«Қыз  қабағы  күрең  тартса,  елде  жұт  болады»  деп  қызды  ренжітпеуге  тырысқан;  қонақ  қыз 
баланы босағаға отырғызбаған, қыз бала босағаға отырса, үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды деп білген; 
қыз  баланың  қолына  көбіне  ырым  етіп  «құлып»  білезік  салған.  Бұл  тәртіпті,  тәрбиелі  болсын  деген 
ұғымнан шыққан: бойжеткенде қыздарымыз құстай қалықтасын деп, қыз балаға құс тұмсық жүзік салған. 
Құлақ  тесу.Қазақта  қыз  баланы  кішкене  күнінде  құлағының  сырғалығын  тары  дәнімен  уқалап  етін 
өлтіріп,  отқа  қарылған  инемен  тесіп,  оған  жіп  өткізіп  тұйықтап  байлап  қойған.  Кейіннен  кішірек  күміс 
сырға  таққан.  Ол  бір  жағынан  «балаға  көз  тимесін»  деген  ниет  болса,  бір  жағынан  айналасындағы 
адамдарға деген ыстық ықыласын мейрімділігін, сүйіспеншілігін оятқан. 
Алқа  тағу.  Қазақ  қызы  он  үш  жасқа  келген  соң,  оған  екі  алқа  сыйлап,  мүшел  жасын  тойлаған.  Екі 
алқаны  қызының  омырауына  таға  отырып,  ана  «Сен  енді  үлкейдің,  секірме,  текіректеме,  жүгірме.  Ерсі 
болады, жәймен, баппен сыпайы жүр. Жақсы жүрсең алқаңдағы күміс қоңырауларың да жақсы әндетеді.. 
одыраңдап  жүрсең-берекесіз  шолдыр-шұлдыр  етіп  өзіңді  бездіреді»  -  деп  ақыл-кеңес  берген,  дұрыс 
жүріп-тұруға, әдептілікке тәрбиелеген. 
Қазақ  қызды  қонақ  десе,  мүшеліне  толғанда  «қонақ  жасы»  деп  санаған.  Әсіресе  осы  кезде  қыз  бала 
тәрбиесінің ерекше мән берген. Бұрынғы аналар қызының әдепті, ісмер, әсем болуы үшін бар күш-жігерін 
жұмсаған. 
 «Шешеге  қарап  қыз  өсер»  деген  сүйеніп,  қызды  көргенді  ету  үшін,  аналар  ең  алымен  өзіне  шек 
қойған.  Яғни  қыз  бойжете  бастасымен  ол  бұрынғы  қыдыруын  доғарған.  Осыған  байланысты  «Шешесі 
қыдырмашыл болса, қызы бастаңғышыл болады» деген сөз қалған.  
Қазақта  «Қыздың  мұраты  -  кету,  жолаушының  мұраты  –  жету»  дегенімен  олар  бойжеткен  қызын 
сыртқа  жөнсіз  шығудан  шектеген.  Тек  кей  жағдайларда  аса  бір  аяулы  адамды  аттандыруға  үйде  ешкім 
болмағанда  ғана  жұмсайтын  болған,  жұмсамаса  қыздың  өзі  оны  аттандыра  алмаған.  Себебі  –  оны  кез-
келген кісімен кезіктіру қазақы әдептің салтында жоқ, әдепсіздік деп білген. 
Қыз бойжеткен    соң, оны құтты жеріне  қондыру ата – ананың арманы. Халқымыздың ежлгі дәстүрі 
бойынша ер жігітке  серік боларлық ақылды, әдепті, еңбекқор, адал жар таңдау, өнегелі көргенді жерден  
қыз  алу  келешек  отбасы  бақытының    басты  нышаны  болған.  Қазақтың  «Тегіне  қарап  қызын  ал»    деген  
нақыл сөзі бар. Оның мәні мынады: текті жердің қызы әдепті, ибалы, іске шебер, қиыншылыққа төзімді, 
анасы  сияқты  тәрбиелі  болып  келеді,  ол  өскен  ортасы  мен    ата  –  анасына  жаманат  сөз  ергізбейді.  Сол 
себепті  бабаларымыз  «Аяғын  көріп,  асын    іш,    шешесін  көріп,  қызын  ал»      деп  өсиет  еткен.  Әсіресе, 
қалыңдықтың  ақылына  ерекше  көңіл  бөлген.  Ол  үшін    қызға  сыншылар  әр  түрлі  сыйлықтар  ұсыну 
арқылы бойжеткеннің  дүние – мүлікке   көзқарасын, жұмбақ  шескізіп зейін – зердесін байқаған, аға – іні,  
құрбы  –  құрдастарымен  қарым  –  қатынасына  қарай    бауырмалдығы  мен  қайырымдылығын  екшеген. 
Киген  киімі,  істеген  ісі,  сөйлеген  сөзіне  қарап,  оынң  ұқыптылығын,  іскерлігі  және  мінез-құлқынан 
мағлұмат білген. 
Ісмерлікке,  қолөнерге  қазақта  балаларды  әке-шешелері,  ауылдың  салиқалы  тәжірибелі  қарттары 
шеберлер баулыған.  Қызына ана алдымен кесте тіккізіп, одан әрі өсе келе түскиізге, тақияға тігіп одан әрі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
268 
сырмаққа,  түрлі  бұйымдардың  оюлармен  жалғастырған.  Әдетте  кестемен  түскиіздер,  орамалдар, 
әйелдердің бас киімі, көйлектері, қамзол, белбеу, белдемелері т.б. әшекейленді. Қазақта қолөнерге икемі 
жоқ  қыздарды  «Өз  үйінде  ою  оймаған,  кісі  үйінде  тон  пішер»  деп  келеке  еткен.    Жалпы  қыздарды 
қолөнерге  балу  арқылы  олардың  бойына  биязылық,  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  сіңірген.  Өнерлі 
адамның жаны таза болатынын біліп, қызын алдымен еңбекке, ісмерлікке тәрбиелеген. Кішкене күнінен 
қыздарды  тігуге,  тоқуға,  киіз  басуға  және  сол  сияқтыларға  үйретеді,  дәл  сәл  өсе  келе  енді  мұның  бәрін 
олардан талап еткен. 
Ұл балалар елдің тыныштығын қорғаушы делінсе, қыз балалар бүкіл ұлттың болашағы дап  саналады. 
Себебі, әдепті, арлы, ибалы қыздар   ертеңгі күні тәрбиелі ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін абзал ана. 
Сондықтан қыз бала тәрбиесіне халқымыз үлкен мән берген. 
Ерте  кезден  бастап  ата-аналарымыз  осы  бейнелеу  өнеріне  өте  жақын,  сонымен  бірге  біте  қайнасып 
келе  жатыр  десек  артық  айтпаспыз.  Әжелеріміз  кезінде  киім-кешек,  үйдің  іші-сыртын  безендіруге 
керемет-керемет оюлар ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағанда киіз үй мен ер-тұрман, 
зергерлік  бұйымдардың  неше  түрін  ойлап  тауып,  соларды  әшекейлеуі  тіптен  керемет.  Осы  ата-
бабаларымыздың  ер-тұрманына, сырмағы мен текеметіне, сандығы мен  кебежесіне  қарап өнердің нағыз 
өресі  болғанын  білеміз.  Алғашқы  дизайнерлік  шешімдердің  үй  тұрмысында  қолдануы  біздің  ұлы 
шеберлерімізден  бастау  алғанын  мақтанышпен  айтуымызға  болады.  Қазақтың  кез  келген  оюын  алып 
қарасаңыз  қайталанбас  керемет  туынды.  Бір  оюы  біріне  ұқсамайтын  қазақ  халқының  төл  туындылары. 
Кезінде  қазақтың  тума  талант  суретшісі  Әбілхан  Қастеев  атамыздан  сурет  салуды  қайдан  үйрендің 
дегенде  –  «ешкінің  мүйізінен,  әжемнің  киізінен,  таудың  жотасынан  үйрендім»  деген  екен.  Қорыта  келе 
ұлттық  тәрбиенің ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше.Қазақ ұлты ұл бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше 
мән берген ұлы халық. 
 
1. С.Қалиев.Қазақтың тәлімдік-ойлар антологиясы.А.2011ж. 
2. К.Оразбекова Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. А.2000 ж. 
3. Қ.Жарықбаев.Қазақ тәлім-тәрбиесі. А.1995ж. 
4. Халықаралық  форум материалдары. А. 2013. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет