Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата27.01.2017
өлшемі2,38 Mb.
#2802
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
66 
 ӘОЖ 419.992 71 
 С-90 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АТАУЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛЫ МЕН ӨЗІНДІК 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ж. К. Сүйінжанова - ф.ғ.к., 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың аға оқытушысы  
 
Аңдатпа:  Қазіргі  заманда  ғылым  мен  білімнің,  өнер  мен  мәдениеттің  дамуы  тілімізде  әртүрлі  ұғымдар  мен 
олардың атауларының пайда болуына ықпал етті. Олардың ішінде лексикалану құбылысы нәтижесінде мағыналық 
құрылымында жаңа сема қалыптастырылатын атаулар да көптеп кездеседі. Бұл атаулар лексикалық бірлік ретінде 
сөздік құрамды байытады. Олар еркін сөз тіркестерінен мағыналық өзгеріске ұшырап, номинативтік мәнге ие болған 
атаулар.  Бұл  мақалада  еркін  сөз  тіркесінің  ішкі  лексикалық  мағынасы  өзгеріп,  номинативтік  мәнге  ие  болатын 
атаулық тіркестердің грамматикалық, қызметтік және семантикалық мәні сөз болады.  
Тірек  сөздер:  Атаулық  тіркестер,  лексикалану  құбылысы,  сөзжасамдық  семантика,  аналитикалық  тәсіл, 
сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық модельдер, семантикалық тұтастық. 
Түйіндеме:  Мақалада  қазақ  тіліндегі  атаулық  тіркестердің  тілдік  табиғаты  мен  өзіндік  белгілері  сөз  болады. 
Атаулық  тіркестер  сөзжасамдық  аспектіден  қарастырылып,  кейбір  теориялық  мәселелері,  негізгі  белгілері  мен 
өзіндік ерекшеліктері айқындалады. 
Аннотация:  На  современном  этапе  развитие  науки  и  образования,  культуры  и  искусства  способствуют 
появлению различных понятий. Среди этих понятий встречаются такие новые наименованиякоторые появляются в 
процессе лексикализации. Эти наименования содействуют обогащению словарного состава языка. Они из свободных 
сочетаний преобразовываются в процессе семантических изменений в наименования. В этой статье анализируются 
преобразования  свободных  словосочетаний  в  номинативные  словосочетания  и  их  грамматические,  семантические 
функции. 
Ключевые  слова:  Номинативные  словосочетания,  явления  лексикализации,  словообразовательная  семантика, 
аналитический способ, словообразовательное гнездо, словообразовательная модель, семантическая целостность. 
Резюме: В статье анализируются языковые особенности и признаки номинативных словосочетаний в казахском 
языке.  Номинативные  словосочетания  рассматриваются  в  словообразовательном  аспекте,  описываются  некоторые 
теоретические проблемы и основные признаки их специфических особенностей. 
Abstract: At the present stage of development of science and education, culture and the arts contribute to the emergence 
of  different  concepts.  Among  these  concepts  there  are  such  new  names  that  appear  in  the  process  of  lexicalization.  These 
items  contribute  to  the  enrichment  of  vocabulary.  They  are  converted  from  free  combinations  in  processes  of  semantic 
changes in nominations. This article analyzes the transformation of free phrases in nominative phrases and their grammatical, 
semantic functions.  
 Key words: leksikalization phenomena, word-formation semantics, analytical method, family of words, word-formation 
model, semantic integrity. 
Summary:  The  article  deals  the  linguistic  features  and  signs  nominative  phrases  in  Kazakh  language.  The  nominative 
phrases are analyzed from the word-formation aspects and some theoretical problems, basic sings and definite peculiarities are 
explained. 
 
Дүниенің болмысы мен рухани мазмұны өзгеріссіз қалғанмен, оның түсініктерінің, танымдық мәнінің 
адами формалары дамиды. Қазіргі уақыт пен әлемдік кеңістікте жаһандану орнығуда, осыған орай барлық 
техникалық және гуманитарлық ғылым салаларында интеграциялық үдерістер жүріп жатыр. Тұтасу мен 
бірігудің  жалпы  заңдылықтары  жеке  ғылым  салаларына  да,  оның  ішкі  мазмұнына  да,  соның  ішінде 
қарым-қатынас құралы болып табылатын тілге де ерекше әсер ететіні, онда ортақ құбылыстар болатыны 
анық.  Бүгінгі  таңдағы  ғылым  мен  білімнің,  өнер  мен  мәдениеттің  даму  сатылары  тілімізде  әртүрлі 
ұғымдар  мен  олардың  атауларының  пайда  болуына  ықпал  етті.  Жаңа  қолданыстар,  жаңа  ғылыми 
терминдер мен терминдік атаулар санатына қосылып жүрген бұл атаулардың тілдік табиғаты мен жалпы 
жасалу болмысының өзіндік ерекшелігі бар.  
Қазір  мағыналық  құрылымында  жаңа  ерекше  сема  қалыптастырып,  лексикалық  бірлік  ретінде 
жұмсалатын,  сөйтіп  сөздік  құрамды  байытатын  атаулар  көптеп  кездеседі.  Олар  еркін  сөз  тіркестерінен 
ішкі лексикалық мағынасы өзгеріп, жеке номинативтік мәнге ие болған атаулар. Жаңа атаулар екі сөздің 
тіркесуі,  кейін  бірігуі  арқылы  жасалып,  біріккен  сөздердің,  кіріккен  сөздердің  номинативтік  мағына 
алуымен ұштаса жалғасып, сөздік құрамды байытады. Бұл лексикалану құбылысының нәтижесі.  
Еркін сөз тіркесінің құрамынан шығып, атаулық  тіркес ретінде  танылып жүрген тұлғалардың тілдік 
табиғатын анықтап, олардың грамматикалық, қызметтік және семантикалық мәнін айқындаудың ғылыми 
маңызы  зор.  Осы  ретте  атаулық  тіркестердің  жасалу  жолы  мен  олардың  мағыналарының 
қалыптасуының  өзіндік  ерекшелігі  ретіндегі  ондағы  мағыналық  тұтасу  заңдылығын  анықтап,  олардың 
сөзжасамдық мәні мен мазмұнын айқындаудың ғылыми-теориялық маңызы ерекше.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
67 
 Мағыналық тұтастық арқылы шығып, өзіндік ерекшеліктерін орнықтырған қазіргі тіліміздегі атаулық 
тіркестердің  негізгі  сипатты  белгілерін,  өзге  тіркестерден  ерекшелігін  айқындау,  олардың  жақындығы 
мен айырмашылығын көрсетіп, ғылымдағы орнын белгілеудің маңызы зор. Атаулық тіркестер көптеген 
салаларға ортақ мәселе болғандықтан, құбылыстардың негізін түсініп ұғынуға септігін тигізері даусыз.  
Атаулық  тіркес  туралы  теориялық  мәселелердің  зерттелуі,  шындап  келгенде,  сөз  тіркесімен  тығыз 
байланыста қарастырылады. Олай болуының өзіндік ішкі себептері бар. Атаулық тіркестің номинативтік 
мағынаға ие болып, жаңа сөз ретінде танылуы, ең алдымен, олардың сөз тіркесі ретінде қолданысынан 
бастау алады. Еркін сөз тіркесі сипатында қалыптасып, тілдік қолданыста жұмсала жүріп, даяр қалпында 
қолдану  деңгейіне  жеткенге  дейінгі  тұлға  мағыналық  құрылымында  әртүрлі  өзгерістер  мен  дамуға 
ұшырайды. Осы тұрғыдан алғанда атаулық тіркестер мәселесі басында синтаксисте көтерілген болатын. 
Түркітанудағы  синтаксис  мамандары  еркін  сөз  тіркестерінің  лексикалануы  мәселесін  бірінші  болып 
көтеріп, оны теориялық тұрғыдан дамытқан.  
Күні  бүгінге  дейін  көптеген  ғылыми  еңбектерде  атаулық  тіркестер  синтаксис  саласында  зерттеліп 
келгені аян. Дей тұрғанмен, екіншілік мағына иеленіп, синтаксистік тіркестен гөрі туынды сөзге айналған 
бұл лексикаланған композиттердің сөзжасамда зерттелуі әлі де болса тереңірек қарастыруды қажет етері 
даусыз. Терминология саласында да атаулық тіркестер арқылы жасалған атаулардың саны өте мол. Бұл 
туралы  қазақ  тіл  білімінде  біршама  пікірлер  айтылып  келеді.  Қазақ  тілі  білімінде  күрделі  сөздердің 
мәселелері туралы А.Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Т. Сауранбаев, М. Балақаев, К.Аханов, 
Н.Оралбаева, А.Салқынбай, Б.Момынова, Б.Қасым т.б. ғалымдар еңбектерінде жазылған.  
Н.Т.Сауранбаев. «Изафеттік тіркесте ілік жалғауы бірде жалғанып, бірде жалғанбайды. Ілік жалғауы 
түсіріліп  айтылғанда,  алдыңғы  сөздің  иелік,  субстантив  мәні  сезілмейді,  көмескіленеді  де  екеуі  бір  сөз 
мағынасында  айтылады,  яғни  атауға  айналады.  Сондықтан  изафеттің  ілік  жалғаусыз  түрі  сөйлемде  бір 
ғана  мүше  болады»  деп,  оның  сөз  тудыру  жүйесіне  айналған  тәсіл  екенін,  изафеттің  бұл  түрі  қазірде 
тұтас, бір атау (лексема) болып ұғынылатынын сөз етеді. Гималай тауы, Шу өзені, Москва қаласы, қазақ 
халқы,  драма  театры,  Киров  шахтасы,  Партия  ұйымы,  Оқу  министрлігі,  Алматы  станциясы  сияқты 
күрделі атауларды жасау кең өріс алғанын келтіреді [1, 86]. 
Сөз  тіркесінің  лексикалануы  мен  атаулық  тіркестердің  жасалуы  туралы  ғылыми  пікір  Ә.  Аблақов, 
С.Исаев,  Е.Ағмановтың  “Қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесінің  дамуы  мен  лексикалану  процесі”  атты  ғылыми 
зерттеуінде терең қарастырылған. Авторлар орыс тілінен ұғымдарды баламалылық тәсіл арқылы (калька) 
атайтын жарыс сөз, келісім шарт, зейнет ақы, айып пұл, өнеркәсіп сияқты сөздер мен термин сөздердің 
қалыптасу жолдарын көрсете отырып, былай деп жазады: “Осы тәріздес сөз орамдарының синтаксистік 
сөз  тіркестерінен  де,  фразеологиялық  тіркестерден  де  өзіндік  айырмашылығы  бар,  сондықтан  мұндай 
тіркестерді атаулық тіркестер деп атауды орынды деп санаймыз” – деп жазады [2,12].  
Бұл мәселені арнайы зерттеген профессор Б.Қасым еңбектерінде қазіргі лингвистикадағы уәждеме мен 
аталым  теорияларының  қағидаларына  сүйеніп,  «күрделі  аталымдардың»  даму,  қалыптасу  тәсілдері  мен 
заңдылықтарын  қарастырады  [3,5].  Атаулық  тіркестер  жеке  зерттеу  нысаны  ретінде  Н.Ә.  Ильясова, 
М.Сәрсембаева, Ж. Әуелбековалардың еңбектерінде қарастырылған [4]. 
Атаулық  тіркестердің  мынадай  басты  белгілерін  көрсетуге  болады:  мағына  тұрақтылығы. 
Құрамындағы  сөздердің  негізінде  сөзжасамдық  мағына  жасалып,  жаңа  ұғымды  атайтын  номинативтік 
мағына  беретіндіктен  де,  атаулық  тіркестер  сөзжасамның  зерттеу  нысаны  болып,  синтаксистік  нысан 
болудан арылады[5]. Мысалы, саяси қулық, саяси қылмыс, саяси мәдениет, саяси зерттеу, саяси ғылым, 
саяси  экономика  деген  әлеуметтану  саласының  терминдері  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінің 
лексикалануы  арқылы  жасалып  тұр.  Сөзжасамдық  аспектіден  зерделегенде,  бұл  туынды  сөздер 
аналитикалық  тәсіл  арқылы  жасалған.  Мұндағы  ортақ  мағына  туынды  сөздердің  «саяси»  деген  ортақ 
сөздің келуімен байланысты. Ортақ сөздің сөздің болуы туынды сөздер тізбегі мен сөзжасамдық ұяның 
бірлігін  көрсте  алады.  Ортақ  сема  арқылы  сөзжасамдық  ұядағы  туынды  сөздердің  мағыналық 
сабақтастығы  көрінді.  Аталған  туынды  термин  сөзжасамдық  жұп,  сөзжасамдық  тізбек,  сөзжасамдық 
тарам құрай алады. Мысалы: 
Саяси қылмыс – саяси қылмыстық (іс); 
Саяси қылмыс – саяси қылмыскер; 
Саяси қылмыс – саяси қылмыссыз; 
Саяси қылмыс – саяси қылмысты (кісі)т.б. 
Ортақ  сема  туынды  сөздердің  жасалуының  когнитивтік  негізділігі  мен  уәжділігін  айқындауда 
маңызды  рөл  атқарады.  Өйткені  сөздердегі  ортақ  мазмұн  мен  ортақ  мағыналық  мән  арқылы  олардың 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
68 
танымдық сипаты мен атаудың жасалуының уәжін айқындауға мүмкіндік мол болады. Бұл сөздердің сөз 
тіркесі емес, туынды сөз екенінің негізгі белгілері – жаңа ұғымды таңбалауы, терминдік сөздікте реестр 
ретінде берілуі және сөзжасамдық ұя, сөзжсамдық тізбек жасай алу қабілеті. 
Жалпы  атаулық  тіркестердің  жасалуының  өзіндік  ішкі  заңдылықтары  мен  модельдері  бар. 
Синтаксистік ортақ тұлғалық жақындық сөзжасамдық ортақ модельдердің тууының басты шарттарының 
бірі  деп  бағалаймыз.  Ортақ  модельдердің  мол  болуы  атаулық  тіркестердің  жасалу  белсенділігін 
арттырады, әрі көптеген сөзжасамдық жұптардың жасалу мүмкіндіктерін көрсетеді. 
Құрамына қарай атаулық тіркестердің сипаты әртүрлі болуы мүмкін: екі сыңарлы атаулық тіркестер; 
үш сыңарлы атаулық тіркестер; төрт сыңарлы атаулық тіркестер.  
Қазақ  тілінің  деректерін  мол  қарастыру  барысында  біз  екі  сыңарлы  атаулық  тіркестердің  мынадай 
модельдері болатынын аңғарамыз: 
1. зат есім + зат есім моделі – әуе толқыны, ас бөлме, ас бұршақ, ас үй, ата кәсіп, ата сақал, ата 
мұра, ата тек, ата қоныс, ата жау, ата жұрт;  
2. сын есім + зат есім моделі – ашық дауыс, ашық рай, ашық сөз, ашық хат, ашық сабақ, ашық сот, 
алғы сөз, 
3. зат есім + сын есім – басы ашық, түлкі тымақты,т.б. 
 Үш сыңарлы атаулық тіркестердіңмынадай модельдері болады:  
1.  зат  есім  +  көсемше  тұлғалы  етістік  +  қимыл  есімді  етістік  –  хабарды  саралап  таратау,  малды 
жайып семірту (ауыл шаруашылығы термині),  
2.  зат  есім+  туынды  сын  есім  +  зат  есім  –  есім  құрамды  баяндауыш,  тілдің  таңбалық  теориясы, 
дыбыстардың комбинаторлық өзгерісі, 
3.  сын  есім  +  зат  есім  +  заттанған  атау  –  жеке  адам  даралығы  (психология  термині),  дара  үй 
құрылысы, 
4 зат есім+ заттанған атау + зат есім – құжаттың шығыс номері т.б. 
Төрт сыңарлы атаулық тіркестер.  
1. зат есім + шылау + үстеу + зат есім – сын және өзара сын, 
2. зат есім + сын есім + зат есім + зат есім – Еңбек Қызыл Ту ордені,  
3. сын есім + зат есім + зат есім + зат есім – асыл тұқымды мал шаруашылығы, т.б. 
Бес  және  одан  да  көп  сыңарлардан  тұратын  модель  негізінде  жасалған  атаулық  тіркеспен  келетін 
терминдер  ішінара  кездесуі  мүмкін,  бірақ  олар  көп  емес,  сондықтан  оларды  ерекше  модель  ретінде 
анықтамаса да болады.  
Бұл атап көрсетілген модельдерден байқалатыны қазіргі тілімізде қолданылып жүрген композитжасам 
арқылы жасалған терминдердің барлығы дерлік лексикаланған атаулық тіркестердің жемісі.  
Атаулық тіркес туғызушы мұндай модельдердің көптігі, ең алдымен, қазақ тілінің сөзжасаудағы ішкі 
мүмкіндігінің  молдығын  танытса  керек.  Бұл  сөздердің  қай-қайсысы  да  алдымен  еркін  тіркес  ретінде 
жасалып келе-келе атау сөз болып қалыптасқан. Көпшілігі белгілі бір ғылым саласының арнайы термині 
ретінде  де  бағаланады.  Ең  бастысы,  қазақ  тілінің  қазіргі  сөйлеу  тілінде  бұл  атаулар  дайын  қалпында 
жұмсалады.  
Кез келген тілдік тұлғаның сөйлеу барысында өзіндік қызметі болары даусыз. Тіл біліміндегі ғылыми-
зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, атаулық тіркестердің мынадай қызметі болатынын анықтаймыз:  
1. Коммуникативті-синтаксистік қызметі;  
2. Конструктивті-синтаксистік қызметі; 
3. Мағыналық-мәндік қызметі;  
4. Стилистикалық қызметі. 
Атаулық  тіркестің  коммуникативті-синтаксистік  қызметі  өзге  тұлғалардың  осындай  қызметімен 
сәйкес келеді. Коммуникативті-синтаксистік қызмет атаулардың негізгі қызметі, мұнда белгілі бір ақпарат 
берілу  үшін,  сөздердің  сөйлемдегі  орны  мен  тәртібі  сақталуы  керек  болады.  Сөздердің  орын  тәртібі, 
әсіресе, жазба тілде толық әрі жүйелі сақталады. 
Тілдегі конструктивті-синтаксистік қызмет синтаксистік құрылымды түзудегі сөздердің орын тәртібі 
және  оның  рөлі  саналады.  Атаулық  тіркестер  кез  келген  туынды  сөздер  сияқты  жеке  тұлғалармен 
байланысып, еркін тіркес құрай алады. Еркін тіркес құру барысында олар сөз тіркесінің бір ғана сыңары 
болып,  бір  сұраққа  жауап  беріп,  бір  сөйлем  мүшесі  болатыны  үнемі  есте  сақталғаны  дұрыс.  Атаулық 
тіркестер сөйлемде кез келген сөйлем мүшесі болуы ықтимал.  
Атаулық  тіркестің  мағыналық-мәндік  қызметі  оның  тұрақты  қолданысы  арқылы  анықталады.  Өзге 
атаулармен салыстырғанда, сөйлемдегі мағыналық-мәндік қызметі атаулық тіркестер үшін аса маңызды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
69 
Олай болатын себебі атаулық тіркестердің атаулық қызметі мәтін арасында нақты көрініс тауып отырады. 
Атаулық тіркестердің стилистикалық қызметітуралы да мол айтуға болады. Кез келген номинативтік 
бірлік  сияқты  атаулық  тіркестер  де  өзіндік  стилистикалық  қызмет  атқарады.  Бұл  атаулардың  өзге 
номинативтік  бірліктерден  біршама  айырмашылығы  да  бар.  Қазіргі  тілдік  қолданысымыздағы  атаулық 
тіркестердің көпшілігі термин сөздер мен терминдік атаулар екені белгілі. Бұл туралы көптеген ғылыми 
зерттеулерде жазылған, дәлелденген. Бұл терминдер мен терминдік атаулар көбінесе ғылыми әдебиеттер 
мен ғылыми зерттеулерде кездеседі. Мұны атаулық тіркестердің өзіндік ерекшелігі ретінде тануға болады 
деп есептейміз. Сонымен бірге атаулық тіркестер арқылы жасалған номинативтік мәнді номенклатуралық 
атаулар да көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарының тіліне тән. 
Қорыта  айтсақ,  қазіргі  қазақ  тілінде,  әсіресе  ғылыми  зерттеулер  мен  арнайы  сөздіктерде  атаулық 
тіркестер жиі кездеседі.  Олардың семантикалық сипаты мен қолданыс қызметін зерттеудің, мағыналық 
және тұлғалық ерекшелігін талдаудың қазақ тіл білімінің кейбір теориялық мәселелерін шешуде өзіндік 
қосатын  үлесі  бар.  Өйткені,  әдеби  тіліміздің  дамуы,  ең  алдымен,  жаңадан  жасалатын  тұлғалардың 
семантикалық  құрылымының  дамуымен  байланысты  десек,  сол  даму  деңгейі  мен  бағыты,  ең  алдымен, 
тіліміздегі  сөз  қолданысын  анықтаумен,  жаңадан  жасалып  жатқан  атаулық  тіркестердің  сипатын, 
қызметін,  қолданысын,  прагматикалық  ерекшелігін,  функционалдық  мәнін,  атаудың  семантикалық 
жіктелісін көрсетуімен де тығыз байланысты болып есептеледі.  
 
1 Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1992. – 240 б. 
2 Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі.  – 
Алматы: Санат, 1997. – 320 б. 
3 Қасым Б.Қ. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. – Алматы, 2001. – 183 б. 
4 Ильясова Н.Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасуы мен даму үрдісі: филол. ғыл. 
канд.... автореф.: 10.02.02 – Алматы, 2003. –25 б. 
5  Салқынбай  А.,  Сүйінжанова  Ж.,  Сәрсембаева  М.,  Әуелбекова  Ж.  Атаулық  тіркестердегі  әлем 
бейнесі: семантикасы мен уәжділігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 294 б. 
 
ӘОЖ 811.512.122: 367.627 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ӘДЕМІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ 
 
Г.М. Текесбаева - 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 
2-курс магистранты 
 
Аңдатпа:  Мақалада  Мағжан  Жұмабаев  шығармаларындағы  «әдемі»  концептісінің  көрінісі  қарастырылады. 
Қаламгер  шығармаларындағы  «әдемі»  концептісінің  танымдық  сипаты  ашылып,  қолданыс  ерекшеліктері  туралы 
айтылады.  Сондай-ақ,  М.Жұмабаев  адамның  қоршаған  ортаны  қабылдауындағы  таным  үдерісінің  маңыздылығын 
ерекше атап көрсетеді. Мақалада Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы «әдемі» концептісінің ассоциациялық өріс 
аясы  талданды.  «От»,  «аспан»,  «ертегі»  сияқты  ұғымдардың  ақын  дүниетанымындағы  орны,  ерекшелігі  және 
«әдемі» концептісімен байланысы анықталды. 
Тірек сөздер: Әдемі, концепт, ұғым, мағына, символ, ақын, көркем шығарма, қоршаған орта, таным 
Аннотация: В статье рассматриваются особенности произведения Магжана Жумабаева. В трудах М.Жумабаева 
раскрывается  познавательный  характер  концепта  «красиво»  и  особенности  их  использования.  Также  М.Жумабаев 
подчеркивает  значение  познавательного  процесса  в  восприятии  человеком  окружающего  мира.  В  статье 
анализируется  ассоциативное  поле  концепта  "красиво".  Расскрывается  в  мировозрении  поэта  роль  и  особенности 
таких понятий как «огонь», «небо», «сказка» и взаимоотношение их с концептом «красиво».  
Ключевые  слова:  красиво,  концепт,  понятие,  значение,  символ,  поэт,  художественное  произведение, 
окружающий мир, познание 
Abstract: The articlediscusses the features ofthe productMagzhanZhumabayev. In proceedings M.Zhumabayev revealed 
cognitive  nature  concept"beautiful"and  usage.M.Zhumabaev  also  emphasizes  the  importance  of  cognitive  processes  in  the 
human perception of the surrounding world. The article analyzes the associative field concept "beautiful." Opens up in the role 
of the poet's worldview and features of concepts such as "fire", "sky", "fairy tale" and their relationship with the concept of 
"beautiful." 
Key words:beautiful, concept, concept, meaning, symbol, poet, artwork,the world, knowledge 
 
Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған  талантты 
ақыны, қазақ өмірін шынайы суреттеген жазушы әрі публицист. Өз талантының күшін, ұлылығын сезген 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
70 
ақын «жер еркесі – жел» болып өмір сүрді. «Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, Тұлпармын мен, 
шаңыма  ермей  қаларсың»  деп  жырлаған  өр  тұлғалы  ақын  жырлары  оның  эстетикалық  талғамын 
танытады. 
Мағжанның  көзқарасы  бойынша,  адамның  әдемі  пішіндерді,  табиғаттың  сұлулығын  көру  қабілеті, 
терең ойлау мен қиялдың ұшқырлығы күрделі таным үдерісі арқылы жүреді. Ақын жалпы “таным” деген 
ұғымды әртүрлі әдемі түстерден рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың 
сан алуандылығынан ерекше әсер алу деп ұғады. Ол жан мен тәннің әдемілігін өз жырларына арқау ете 
отырып, философиялық ой қозғайды. 
Жан толқытар жыр іздеген, 
Әдемілік нұр іздеген, 
Қиял құлы – мен бір ақын, – 
дейді.  Ақын  «әдемілік  нұр  іздеген»,  яғни  «әдемілік»  ақын  қолданысында  «ізгілік,  жақсылық» 
ұғымын білдіріп тұр [1, 48].  
Ақын «От» өлеңінде: 
Әдемі отпен аспаның 
Бәрі жасық басқаның. 
Жалын жұтам – тез тоям [1, 49], –  
дейді.  Мұндағы«әдемі  от»тіркесіндегі  «әдемі»«лаулаған,  жалындаған»  сөзінің  баламасы  ретінде 
жұмсалса, «Бостандық» өлеңінде: 
Ғарыш нұрлы жүзі бар 
 Кәусар жібек сөзі бар, 
Әдемі, алмас ақ қанат, – 
деп бостандықты «әдемі, алмас ақ қанатқа» теңейді [1, 88].  
Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын 
өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте 
алып  жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген  махаббатын  туған жерге катысты 
сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары 
кояды. Бұған дәлел – "Сен сұлу" өлеңі.  
Өлеңде  сұлулық  пен  әдеміліктің  көркіне  көз  тоймай,  айналасына  таңырқай  көз  салған  ақынның 
бейнесі  бар.  Ол  айырықша  тебіреніс  үстінде.  Оның  көңіліне  қуаныш,  мактаныш  сезімін  ұялататын  кең 
даланы  гүлге  ораған  көктемнің  арайлы  күні,  күміс  табақтай  көкте  жүзген  асқақ  та  әдемі,  сұлу  Ай, 
жібектей есіп, жанды жадыратар Жел, асқар тау, көлде жүзген аққулар, көк аспанда нұрын шашьш тұрған 
Күн.  Ақын  осы  көріністің  тамаша  картинасын  жасайды.  Табиғаттың  әр  құбылысынан,  туған  жердің  әр 
тынысынан  әдемілік  пен  сұлулықтың  тамаша  белгілерін  көреді.  Сонда  да  болса,  дүниедегі  ең  сұлу,  ең 
әдемі жаратылыс Мағжан үшін бұл емес. Сұлудың сұлуы, әдемінің әдемісі – оның жүрегі қалаған сүйікті 
адамы.  
 Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,  
 Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу! – 
дейді. Осы өлеңінде:  
 Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,  
Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу. 
Әдеміаспан – төбедегі көк шатыр, 
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу [1, 96], – 
деп, «әдеміні» «көгілдір», яғни түс ұғымында қолданса, «N-ға» деген өлеңінде: 
Сөйлетіп қоя берсең, сөзге тақ-тақ, 
Күлкісі күміс сылдыр, емес сақ-сақ. 
«Философ», «экономист», «артист», «поэт» -  
Қайдағы әдемі сөз алған жаттап [1, 101], – 
деп, «әдеміні» «жаттанды, жат» ұғымында қолданған. 
Мағжан Жұмабаев «әдеміні» «қызықты, тартымды» мәнінде де қолданғанын төмендегі үзінділерден 
де байқауымызға болады: 
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар 
Әдемі ертегідей баяғыда. 
Әдемі өткенді ойлап айнымасам, 
Сұм өмір күшті уын аяды ма? [1, 232]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
71 
Немесе  «Шолпанның  күнәсі»  әңгімесінде  «Балалы  болсам,  әдемі  өмірім  бұзылады-ау»,  -  деп 
ойлайтын еді Шолпан.... [2, 293]. Сондай-ақ, «Ақан сері» мақаласында «...аспанға өрлеп ән шырқайтын 
Біржан сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол күңіренген Көкшенің маңайында туып-
өскен ақындар» [2, 318]. 
М.Жұмабаев  шығармаларында  «әдемі»  концептісі  символдар  арқылы  да  беріледі.  Мысалы,  «Батқан 
күн, атқан таңның жыры» өлеңінде:  
Алтын Күн батып барады, 
Күйдіріп көктің жиегін. 
Құралай көзді қарағым, 
Болдың ба иіріп жібегің? –  
деп «әдемілікті» құралай көзге баласа [1, 46], 
Қалай батыл ойнайды, 
Сүйрік саусақ бізбенен? –  
дегенде сүйрік саусаққа теңейді [1, 77]. 
Бота көзді, бұраң бел, 
Жіберші жақын қасыңа [1, 77], –  
десе, енді бірде: 
Қарақат көзің мөлдіреп... 
Алма ернің елбіреп.... [1, 104]. 
Немесе:  
Иіс шашып, жайнап тұрар түрлі гүл, 
Гүл тербетіп кешкі жылы жібек жел. 
Күнәсі көп жаны үшін ағаңның 
Сол уақытта, қарашығым, дұға қыл! [1, 116]. 
«Зуһра» өлеңінде: 
Зуһра деген қыз бала, 
Беті – алма, жүзі – Ай. 
Саусақтары күмістей, 
Сүмбіл шаш, көзі құралай[1, 119] 
деп, әдемілікті  «бота  көзді, бұраң бел», «қарақат  көз»,  «алма ерін», «гүл»,  «алма ет», «ай жүзді», 
«күміс саусақты», «сүмбіл шаш», «құралай көз» деп арулардың әдемілігін жырға қосады.  
 Мағжанның  таза  махаббат  тақырыбына  арналған  лирикасы  –  аса  көркем  мұра.  Табиғатынан  жаны 
сұлу  сыршыл  ақын  адамның  ең  асыл  сезімін  жеткізуге  келгенде  ғажап  шеберлік  танытады.  «Сүй,  жан 
сәулем»,  «Сен  сұлу»,  «Жұлдызды  жүзік,  Айды  алқа  қып  берейін»,  «Шолпы»,  т.б.  өлеңдерінде  Мағжан 
адамға  тән  осынау  ұлы  сезімді  аса  биікке  көтере  жырлайды.  Ақынның  лирикалык  қаһарманы  үнемі 
ғажайып  сезімнің  кұшағында  жүреді.  Шын  сүю  –  Мағжанның  ұғымында  әрі  ләззатты,  әрі  азапты  күй. 
Қуанышы да мол, азабы да аз болмайтын әдемі сезім. Ақынның сезімі кіршіксіз мөлдір. Сонымен бірге ол 
махаббатқа шексіз адал. Сүйген жанының бір сәттік қуанышын ол патшаның тағына да, дүниенің малына 
да айырбастамайды. Сүйген жары үшін не қиындыкқа да төзуге даяр.  
 «Жұлдызды  жүзік,  Айды  алқа  ғып  берейін»  өлеңі  –  дәл  осындай  кіршіксіз  махаббаттан  туған 
шығарма.  
 Сүйгеніне қол созған ғашық жан:  
Кел, жұлдызым, жылжып кана жібектей,  
 Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін, –  
деп,  жүрек  сырын  ақтарады.  Оның  ғашығы  –  сөзі  сиқыр,  шашы  толқын,  күлкісі  күміс  табақтай 
сыңғырлаған  ғажайып  сұлу.  Ақын  осы  әдемілікке  жету  жолында  бәрін  де  құрбан  етуге  даяр  ғашық 
жанының  бар  сезімін  тамаша  суреттермен,  бейнелі  кестелермен  береді.  Лирикалық  кейіпкерінің  «көз 
жасынан меруерт тізіп», тіпті аспандағы жұлдызды жүзік, айды алқа етіп ғашығына сыйға тартқызады.  
Мағжан  –  қазақ  өлеңінің  көркіне  көрік  қосқан,  саздылығы  мен  әуезділігін  әсемдеген  ақын. 
Жоғарыдағы  өлеңдерінің  бәрінде  де  ол  қарапайым  өмір  кұбылыстарын  әсем  суретке  айналдыра 
жырлайды.  «Толқын»,  «Шолпы»,  т.б.  өлеңдерінде  Мағжан  өлеңдеріне  тән  ерекше  бір  әуезділігі  айқын 
көрінеді. Мысалы: «Шолпы» өлеңіндегі:  
 Сылдыр, сылдыр, сылдыр,  
 Қанымды қайнатты кұрғыр.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
72 
 Шық-шық жүрекке тиеді,  
 Күлпәра талқан боп сыңғыр, – 
деген жолдардағы қазақ қызының шашына таққан шолпысының сыңғыры әркімнің құлағына қазір де 
жетіп тұрғандай әсер береді.  
Қорыта  айтқанымызда,  қазақтың  ұлттық  ұлы  ақыны  [3,  132]  Мағжан  Жұмабаев  шығармаларында 
«әдемі»  концептісі  ізгілік,  жақсылық,  лаулаған  от,  қызықты,  тартымды,  көгілдір  түс  сияқты 
ассоциациялық өріс аясында танылса, «бота көз, бұраң бел», «қарақат көз», «алма ерін», «гүл», «алма ет», 
«ай», «сүйрік саусақ», «сүмбіл шаш», «құралай көз»символдары арқылы да беріледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет