Хабаршы вестник


УДК:821.581:821.512.122.0



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата27.01.2017
өлшемі2,38 Mb.
#2802
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35

УДК:821.581:821.512.122.0 
ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫ 
 
Ш. Ұларбек - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың II курс магистранты 
 
Аңдатпа:  Қытай  мен  қазақ  ұзақ  жылдардан  бері  көрші  болып  келе  жатқан  елдер.  Бұл  мақалада  сонау  кезден 
бастау  алатын  екі  елдің  байланыстары,  дипломатикалық  қатынастар  орнағаннан  кейін  аталған  елдер  арасындағы 
әдеби  және  мәдени  байланыстар  жандана  түскені  және  қытай  мен  қазақ  елдері  арасындағы  әдебиет  саласында 
тындырылған жұмыстар бойынша нақты мәліметтер беріледі.  
Тірек сөздердипломатиялық қарым-қатынас, рухани мәдениет, қаламгер, романтизм, шығарма. 
Аннотация:The diplomatic relations between China and Kazakhstan and connections in literature between two countries 
are considered in this article. 
Abstract:  В  данной  статье  рассказывается  о  проделанной  работе  двух  стран  в  области  литературы,а  также 
литературно-культурных отношениях Китая и Казахстана и их дальнейшие развития. 
Дипломатиялық  қарым-қатынастар  орнаған  кезден  бастап  Қытай  мен  Қазақстан  арасындағы 
гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамып келе жатыр. Екі елдің үкіметтері білім, мәдениет және өзге 
де  салалардағы  ынтымақтастық  туралы  бірқатар  келісімдерге  қол  қойды.  Жиі  кездесулер  механизмі 
тиімді  жұмыс  жасап  жатыр,  өңірлер  мен  екі  елдің  халқықтары  арасындағы  достастық  байланыстар 
қарқынды  дамып  келеді.  Білім  саласында  екі  елдің  ведомстволары  көпқырлы  ақпараттық  және  дербес 
тәжірибе алмасуларды жүзеге асыруда, оның ішінде тілдік сала да бар.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
149 
Қазақстандық  ақпарат  құралдары  ҚХР  Мәдениет  министрі  Цай  У  мен  сұқбаттасқанда,  екі  елдің 
қарым-қатынасы  жайында  былай  деген  еді:«Қытай  мен  Қазақстан  ежелден  тату  көрші,  біздің 
елдерімізді  Ұлы  Жібек  жолы  тығыз  байланыстырып  тұрды.  Дипломатиялық  қарым-қатынас  орнаған 
сәттен бастап екі елдің қарым-қатынасы сәтті даму үстінде, әрі оның маңызды бөлігі мәдени байланыстар 
да  айтарлықтай  дамуға  қол  жеткізіп  отыр.  2005  жылы  құрылған  мәдени  және  гуманитарлық 
ынтымақтастық  жөніндегі  қытайлық-қазақстандық  комитет  жыл  сайын  тұрақты  өтіп  келеді.  Соңғы 
бірнеше  жылдың  ішінде  екі  тарап  та  бір-біріне  өздерінің  үздік  ұжымдарын  жіберіп,  мәдени  күндерін, 
кино апталықтарын өткізіп, ірі мәдени іс-шараларға мұрындық болды». 
 Жалпы  айтқанда  ұзақ  тарихы  Қытай  әдeбиeті  дүние  жүзіндегі  аса  бай  әдeбиeттeрдің  бірі  болып 
табылады. Ғалымдардың пайымдауынша қазіргі қытай әдeбиeттану ғылымында қытай жазба әдeбиeтінің 
үш мың жылдық тарихы бар дeп болжамдар айтады. Шынымен де қытай әдeбиeтінің ескі нұсқаларының 
көп  бөлімі  oсы  заманға  жeтіп  oтыр.  Сондықтан  қытайдың  бай  әдeбиeті  өз  ұлтының  баға  жетпес 
құндылықтары болып табылады.  
 Қытай  мен  қазақ  бұрыннан  бері  көрші  болып  келе  жатқан  елдер.  Осы  жылдар  тоғысында  екі  елдің 
арасында  әдеби  және  мәдени  байланыстар  болғаны  рас.  Жалпы,  әдеби  байланыс  –  белгілі  бір  ұлт 
әдебиетінің басқа да әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар 
–  көркемдік  дамудың,  әдеби  процестің  өзіндік  заңдылығы.  Бүтіндей  алғанда,  әдеби  байланыстың  әлем 
әдебиеті  тарихында  алатын  орны  зор.  Ұлттық  әдебиеттердің  даму  деңгейі  сол  кезеңдегі  әдеби 
байланыстың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды [1]. 
 Қытай  мен  Орталық  Азия  халықтарының  өзара  байланыстары  халықтардың  рухани  мәдениетін 
байытып,  проза  мен  поэзияда  өшпес  ізін  қалдырды.  Қытай-қазақ  халықтарының  өзара  байланыстары 
халықтардың рухани мәдениетін дамытып, әдеби салаға көп септігін тигізді.Таң дәуірінің өлеңдері қытай 
поэзиясының алтын ғасыры саналып, оны қытай поэзиясын дамытқан жаңа мазмұндар мен үлгілерге бай 
поэзия деп атап кетуге болады. Ал бұл жаңа мазмұндар көрші халықтармен тығыз мәдени байланыстан 
пайда  болған  еді.  Бұл  байланыстың  әсерін  біз  Қытайдың  атақты  ақындарының  шығармаларынан  көре 
аламыз.  Солардың  ішінде,  Таң  дәуірінің  жарық  жұлдызы  Ли  Бай  өлеңдерінде  Орталық  Азия 
халықтарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, тамаша табиғатын суреттеген өлеңдер аз емес[2,167 б. ].  
Ли Байдың шығармалары қытай поэзиясындағы романтизмді дамыта түседі. Оның «Тянь-Шанның ай 
жарығы» атты шығармасы өте әйгілі. Мұнда ақын жарық ай Тянь-Шанның көрініп, теңіздей қою тұман 
тауларды баурап тұрғанын, жел ұзақтан соғып, Үймын қақпасына жеткендігі туралы жазады. Бұдан біз 
ақынның Тянь-Шань тауының сұлулығын суреттегенін көре аламыз. Сонымен қатар,У-Ди патша әскер 
жинап,  Байдынға  аттанғаны,  осы  кезде  Батыс  өңір  адамдары  Цинхай  көліне  үнсіз  қарап  тұрғаны 
бейнеленеді.  Ақын  соғыстың  ауыр  зардаптары  мен  жарларын  күткен  келіншектердің  мұңын  Тянь-
Шанның  бұлыңғыр  табиғаты  мен  тауды  қаптаған  қою  тұманмен  бейнелейді.  Мұндағы  тұман 
белгісіздіктің  белгісі.  Себебі  соғысқа  кеткен  жауынгерлердің  өмірі  белгісіздікке  толы,  олардың  қайта 
оралатыны да екі талай [ 2, 167 б. ] 
XIX  ғ.  екінші  жартысынан  бастап  қытай  әдебиетінде  біраз  өзгерістер  болса  да,  қытай  қазақтары 
арасында сақталған ауыз әдебиеті мен сол кезеңге дейінгі жазба шығармалары қазақ әдебиетінің құрамдас 
бөлігі  болып  табылады.  Қытайдағы  қазақ  әдебиеті  өз  алдына  дербес  даму  арнасы  ретінде  сол  елдегі 
әкімшілік  өзгерістерге  сай,  өз  кезеңдерінде  дамыды.  Қытайдағы  қазақ  әдебиеті  осы  кезеңдер  тудырған 
заман  талабына  сай  қалыптасты.  Оның  ішінде  жалпы  қазақ  әдебиетінің  XX  ғасырдың  басына  дейінгі 
кезеңінде  қалыптасқан  шығармашылық  дәстүрі‚  тәуелсіздік‚  ұлт-азаттық  сарындарымен  қатар,  Қытай 
коммунистік  идеологиясының  мүддесін  көздейтін  әдеби  ағымдар  да  көрініс  тапты.  Қытайдағы  қазақ 
жазба әдебиетінің алғашқы өкілдері Өмірұзақ (1830 – 1929), Отарбай (1834 – 1914), Төлебай Бөжек (1857 
– 1931) ақындар болып саналады. Көптеген басқа да қаламгерлер қытайдағы қазақ әдебиетінің дамуына 
белсенділік танытты.  
 Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін қытайдағы қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары өзгеріске 
ұшырады.  Көп  шығармалар  жазылды.  Қажығұмар  Шабданұлының«Жат  ұрпақ»,  «Өгейдің  күні»  жыр-
дастандары,  «Бақыт  жолында»,  «Жарқын  қыз»  атты  әңгімелері,  «Қылмыс»  романдары  дүниеге  келді. 
І.Оспанұлының (1924 – 1999) «Шаттық жыры», «Тянь-Шань жырлары», «Меруерт» атты өлеңдер жинағы 
Қытайдағы қазақ әдебиетіне қосылған бағалы еңбектер болып есептелінеді.  
 Қытайдағы  «мәдени  төңкерістен»  кейін,  тарихи  тақырыпты  жазылған  роман  жанры  өз  нәтижесін 
берді.  Ж.Мырзаханұлының  «Арман  асуында»,  «Таңқурай»,  О.Ахметұлының  «Өзгерген  өңір», 
«Көкбелес»,  «Құмдағы  іздер»,  О.Әбділұлының  «Ұстаз»;  Ж.Біләлұлының  «Жондағы  жорықтар», 
«Торғайлар», Т.Ырыскелдіұлының «Тасқын», «Тау тағысы», «Ұлы көш», Ғ.Қанапияұлының «Бұрқасын», 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
150 
Ш.Құмарұлының  «Бөке  батыр»,  «Көз  жасы  сарқылмайды»,  «Ертіс  кілкіп  ағады»  және  көптеген  тағы 
басқа  романдар  соңғы  жылдардың  бағалы  туындылары  болып  табылады.  Қытайдағы  қазақ  әдебиеті 
қорында қазіргі уақытта 100-ден астам роман, 600 хикаят, 900-дей өлеңдер жинағы, 150-ге жуық әдеби-
сын кітаптары бар.  
 Қазақ  қаламгерлерінің  көптеген  шығармалары  қытай,  ұйғыр,  моңғол,  қырғыз,  ағылшын,  корей 
тілдеріне аударылды. Сонымен қатар Қытайдағы әдебиеттің жетекші өкілдері Күңзы, Мыңзы, Ли Бәй, Ду 
Фу,  Лу  Шүн,  Мау  Дүн,  Лау  Шы,  Ба  Жин,  Сау  Иүй,  Жанбозан,  Уаң  Мың  секілді  сөз  зергерлерінің 
шығармалары  қазақ  тіліне  тәржімаланды.  Қытай  тілінде  жазатын  Әкбар  Мәжитұлы,  Еркеш 
Құрманбекқызы, Шәріпхан Әбдәлиұлы, Қайша Тәбәрәкқызы, тағы басқа ақын-жазушылар жетілді. 1950 
жылдардан бастап қазақ фольклоры  мен ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыру ісі жүйелі түрде қолға 
алынды. 
 Осы аталған әдеби байланыстар екі елдің татулығын жақындастырып, одан әрі қарай қазақ пен қытай 
арасындағы әдеби байланыстарын дамытуына септігін тигізеді. 
 
1  Абдраимова  Н.  Қытай  мен  Орталық  Азия  халықтарының  проза  мен  поэзиядағы  өзара  әсерлері 
//халық.ғылыми-теориялық конференция материалд.- Алматы, 2009. 
2 ҚазақҰлттықэнциклопедиясы. –Алматы, 2003. 
 
«ШАҺНАМА» ДАСТАНЫ МЕН ТҮРКІ ТІЛДЕС ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК 
 
М. Алдабергенова - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың II курс магистранты 
 
 Аңдатпа:  Бұл  мақалада  бұрынғы  заманнан  бері  Иран  мен  Тұранның  көрші  болғаны,  кейде  дауласып,  кейде 
достасып келген екі ел арасындағы мәдени-әдеби байланыстары, ұлы ғұлама Әбілқасым Фирдаусидің  «Шаһнама» 
дастаны  мен  түркі  тілдес  дастандардағы  үндестіктері,  Иран-Тұран  арасындағы  жаугершілік  шайқастардың  басты 
қаһармандары, дүние жүзіне әйгілі болған «Шаһнама» туралы және қазақ даласында аталған туындының зерттелуі 
жайында айтылады.  
 Тірек сөздер: рухани кемелдену, сюжет, қарым-қатынас, ұлттық әдебиет, жаугершілік шайқас. 
 Аннотация:В  этой  статье  идет  речь  о  том,  что  Туран  и  Иран  соседствовали  с  давних  времен,  о  культурно-
литературной  связи  между  двумя  странами,  которые  порой  враждавали,  порой  жили  в  ладу  друг  с  другом,  о 
высокохудожественном поэтическом произведении «Шаһнама» великого мыслителя Абилкасыма Фирдоуси и о его 
гармонии  с  туркоязычными  произведениями,  о  главных  героях  смутных  времен  между  Ираном  и  Тураном  и  о 
прославившимся на весь мир «Шаһнаме» и об исследовании данного произведения на казахской степи.  
 Ключевое  слова:  Духовное  совершенствование,  сюжет,  отношения,  национальная  литература,  военные 
сражения 
 Abstract: This article discusses about Iran and Turan’ neighbourhood, that they were friends and sometimes quarreled, 
also their literature and culture relationship, about the combinatio of great writer AbilkhasymFirdausy’s novel “Shakhnama” 
and Turkic  language  novels’, the  main  heroes of  war between Iran  and Turan,  world  known  novel  “Shakhnama”  and  it’s 
research. 
 Key words: Spiritual development, plot, relation, national literature, war 
 
 Мәдени және тарихи байланыстары өте тереңде жататын парсы мен түркі халықтарының арасындағы 
байланыстар – қазақ халқы тарихын зерттеуге көп талпыныстар береді. Рухани кемелденуге бастайтын, 
рухани  қажеттілікті  қанағаттандыратын  құнды  туындылар  еш  уақытта  күн  тәртібінен  алыстамайды. 
Зерттеушілердің  пайымдауынша:  «Қазақ  елі  мен  Иран  жұртының  арасындағы  әдеби  қатынастардың 
тарихының тамыры тереңде жатыр. Екі елдің әдеби сабақтастықтарын, ортақ құндылықтарды зерттеуде 
отандық, шетелдік ғалымдар көп еңбектенсе де, олардың сыр-сипаттары толықтай ашылып бітті деуге әлі 
ертерек.  Нәзирагөйлік  дәстүр  мен  көркем  аударма  мәселелері  байсалды  назар  аударуды  қажетсінуде. 
Қазақ  әдебиетінің  өркендеуіне,  кемелдене  түсуіне  өзге  халықтар  әдебиетінің  тигізген  әсерінің  орасан 
екендігі ақиқат. Ұлттық әдебиетіміздің өзге халықтардың әдебиетіне ықпал ете алған бай қазынасы, ғажап 
қоры  бар  екендігі  ашып  айтыла  бермегені  шындық.  Ғылымдағы  сондай  ақтаңдақтардың  орнын 
толтыратын күн туды» [1].  
 Расында шынайы шебердің қаламынан туған, жалпы адамзатқа тән асыл қасиеттерді ту етіп көтерген 
жекелеген туындылар кай уақытта да сапасын жоймай, құны арта бермек. Адам баласын соны мұраттарға 
жетелей  түседі,  рухани  азықтың  сарқылмас  қайнарына  айналады.  Осылайша  сан  мыңдаған  жылдар 
бойына бір-бірімен тығыз байланыста болып келген шығыс әдебиеті мен түркі әдебиетіндегі дастандарда 
сюжеттер  мен  мотивтердің  өте  көп  болғандығы  айтпаса  да  түсінікті.  Ендеше,  сол  елдердің  әдет-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
151 
ғұрыптарында  да  бір-біріне  ауысқан  ауыс-түйістердің  әсерлерін  әлі  күнге  дейін  байқауға  болады.  Осы 
жағына баса назар аударар болсақ, онда екі елдің фольклорында кездесетін ұқсас мотивтердің түп негізі 
қай елдің ғұрыптарынан бастау алатындығын да шамалау оңайға түспек емес.  
 Қазақтың  «Алпамыс  батыр»,  «Қобыланды  батыр»,  «Ер  Тарғын»,  «Қамбар  батыр»  сияқты  батырлар 
жырындағы  сюжеттер  Фирдаусидің  «Шаһнамасындағы»  алып  Рүстем  батырдың  ерліктерімен  үндесіп 
жатыр.  
 Қысқаша"Шаһнама" туралы тоқталып өтсек, бұл туынды Иран-Тұран қарым-қатынастарын жырлауға 
арналған.  Дүниеде  руһы  биік,  қаһарман  екі  халық  болса,  соның  бірі  сөз  жоқ  түріктер,  ал  екіншісі 
ирандықтар."Шаһнама"  тура  осы  тақырыпты  кеңінен  ашуға  мүмкіндік  беретін,  әрі  бірден-бір 
тұрандықтар жайлы ең көп мағлұматты қамтыған дүниедегі ең көлемді әдеби шығарма болып табылады. 
"Шаһнамада" тек қана ирандық батырлардың ерлігі мен адами болмысы сөз болмайды. Сонымен қатар 
ирандық батырлардың алдында орағытып жүретін тұрандық батырлар әңгіменің негізіне арқау болады. 
Бұл  нені  аңғартады?  Бұл  –  "Шаһнаманың"  не  бір  мықты  түрік  батырларының  ерлігі  мен  батырлық 
жолынан  сыр  шертетіндігін  көрсетеді.  Фирдаусидің  келбеті  мен  батырлығын  аузының  суы  құрып 
суреттейтін  тұрандық:  Күміс,  Шеңгел,  Ашкабус  сынды  батырлар  әлі  де  өз  зерттеушілерін  күтетіндігін 
байқатады.  Сонымен  қатар,  тұрандықтарды  ең  соңында  жеңген  болып  суреттелетін  жеңімпаз  ирандық 
батырлардың,  яғни  Исфандияр мен Рүстемнің нағыз қан майданда емес,  түсіне аламаушылық пен көре 
алмаушылықтың құрбаны болғаныдығын көрсетеді [2, 3-4]. 
 "Шаһнама"  тақырыбына  Шығыста  400  ақын  қалам  тартқан.  1934  жылы  дүние  жүзі  бойынша 
Фирдаусидің туғанына 1000 жыл толуы атап өтілді. Рүстем туралы хикая, дастандар қазақ арасына  кең 
тараған.  Қазақ  даласында  XIX  ғасырдың  30-жылдарында  қазақ  тіліне  аудару  жұмыстары  іске  асырыла 
бастады. 1856-1870 жылдары Ораз Молда үш аударма, 1888 жылы Сердәлі ақын бір тарауын, ал 1914-
1915  жылдары  М.  Сералин  "Рүстем-Зораб"  бөлімін  аударды  [2,3-4].М.  Сералин  "Айқап"  журналының 
бірнеше  нөмірлеріне  бастырды.  Т.  Ізтілеуов  1936  жылы  "Шаһнама"  дастанының  сюжетін  алып  қазақ 
тілінде  өзінше  жырлап  шықты.  Ол  1961  жылы  "Рүстем-Дастан"  деген  атпен,  2004  жылы  "Шаһнама. 
Рүстем-Дастан" деген атпен басылды. 
Түркі  халықтарының  жырларында  ұлттың  рухани  сезімін  ояндырып,  үмітін  жандандыратын, 
келешекке  жарқын  жүзбен  бет  бұрған  өмірдің  шежіресі  мен  салт-дәстүрі  бейнеленген.  Рухани  байлық 
эстетикалық  және  дидактикалық  тәсілдермен  беріледі.  Сондай-ақ  түркі  халықтары  жырларының 
тақырыбы  мен  жүйеленуі  жағынан  бір-біріне  ұқсастықтары  жиі  кездеседі.  Мұның  себебі  түркі 
халықтарының  әлеуметтік  саяси,  әлеуметтік-мәдени  және  философиялық  негізі  ретінде  ортақ  болуына 
байланысты [3, 63].  
Ұлан-ғайыр кең алаңда қоныстанған түркі мәдениетінің негізін ұштастыратын шығармалардың ұқсас 
мәнде  болуы  заңды  құбылыс.  Мысалы:  Көктүрік  жазбалары,  Оғыз  Қаған  жыры,  Махмұт  Қашқаридың 
«Құтадғу білігі»,А.Ясауидің хикметтері, Қожа Насыр хикаялары, Қаражаоғлан, Тахир мен Зухра, Көроғлу 
жыры т.б. осы құндылықтардан саналады. Осы шығармалардың бастауы, түркі әлемінде ойшыл ретінде 
танылған  ұлы  шынар  атауына  лайықты  түркілердің  сүйіп  оқитын  шығармаларының  негізін  қалаушы 
Қорқыт ата болып табылады. Міне, осы себепке байланысты Қорқыт ата хикаялары Евразия аймағында 
орналасқан түркілердің ортақ қазынасы ретінде ұлттық және мәдени жадында сақталған [4, 51].  
 Сонымен бірге,  «Көрғұлы» батырдың жырындағы сюжеттер Фирдаусидің «Шаһнамасындағы» алып 
Рүстем батырдың ерліктерімен де үндесіп жатыр. “Көроғлы”,  Көрұғлы, Көрғұлы  –  қаһармандық халық 
эпосы. Орта Азия, Таяу Шығыс, Кавказ халықтарына ортақ фольклорлық ескерткішке айналған жырдың 
түрлі  нұсқалары  түрікмен,  қарақалпақ,  өзбек,  құмық,  әзербайжан  халықтарында  кездеседі.  Алғашқы 
үлгілері  XIX  ғ-дың  аяғы  мен  XX  ғ-дың  бас  кезінде  жарияланған.  Қазақ  тілінде  жеті  нұсқасы  басылым 
көрген.  Олар:  “Көроғлы”,  “Қисса  Көроғлы”,  “Хикаят  Көроғлы”,  “Көроғлы  мен  Безерген”,  “Көроғлы” 
(Бозайхан),  “Қисса  Ғауазхан”,  “Түрікмен  Қасымхан”.  Жыр  сюжеті  Қазақстан,  Орта  Азия,  Кавказ 
халықтарынан  бөлек  Балқандағы  гагауз,  Сібірдегі  Тобыл  татарларына  да  жақсы  мәлім.  “Көрұғлы”, 
“Короглы”, “Кер-оглы”, “Гургули”, т.б. болып кездесетін жыр нұсқаларында сюжеттік айырмашылықтар 
да бар. Ең жақыны қазақ-түрікмен нұсқалары болып саналады. Оларды байланыстырып тұрған – Көрғұлы 
батырдың  Иран  шаһына  қарсы  күресі,  ерлігі.  Иран  шаһы  Көрұғлы  әкесінің  көзін  ойып,  Раушан  есімді 
баласы  Көрұғлы  атанады.  Белгілі  ғалым  И.Брагинский  жырдың  тәжік  нұсқасындағы  Шәмбіл  қала, 
Көроғлы  атауларының  түркі  тайпаларынан  алынғанын,  ал,  жыр  оқиғасына  келгенде  оны  Иран  шаһы 
Аббас  пен  түрік  сұлтаны  Мұрад  арасындағы  тартыс  деген  пікір  айтқан.  Мұның  кейбір  ұшқындары 
жырдың қазақ, түрікмен нұсқаларында сақталған [5]. 
 Ал  Ж.  Баласағұнның  «Құтты  білік»  атты  туындысында  да  үндестіктер  баршылық.  Қос  туынды 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
152 
арасындағы байланыстардың алғашқысы – өзара үндестіктер. Тарихи тағдыры ортақ екі ел ақындарының 
туындыларында  бірқатар  мазмұндық  үндестіктер  мен  өзара  әсерлесу  құбылыстары  көрініс  тапқан.  Бір 
ғана  мысалға  тоқталсақ,  түркі  жұртының  аты  аңызға  айналған  қаһарманы  Алып  ер  Тұңға  туралы 
«Шаһнамада»,  «Құтты  білікте»  айтылады.  «Құтты  білікте»  ол  «Тұңға  Алып  ер»  аталып,  «Ізгілермен 
араласудың ізгілігі жайында» атты тараудың 23-282 бәйіттері (20 жол өлең) арналған [6, 103]. 
Түркі халықтарының жырлары тарихи оқиғалардан гөрі халық арасындағы ғажайып оқиғаларды тілге 
тиек  етеді.  Міне  осы  себепке  байланысты,  араларында  мәдени  және  тарихи  байланысы  бар  ұлттардың 
әдеби  құндылықтарының  жарыққа  шығуына  жол  ашып,  бір  түбірден  тараған  халықтардың  ауыз 
әдебиетіндегі тепе-теңдіктің жалғасын білдіреді [7, 41-45]. 
Жоғарыда  көрсетілген  салыстырулар,  түркі  тілдес  халықтар  тарихында  орын  алатын  баға  жетпес 
жырлардағы  үндестіктердің  тарихи  сахнасында  ерекше  екенін  байқатады.  Батырлар  жырлары  қашанда 
халықтың әдеби-мәдени, құнды мұрасы болып табылады.  
 
1  Дүйсебаев  Д.  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  парсы  тіліне  аударылуы:  филол.  ғыл.  канд.  ... 
автореф. – Астана, 2006. – 24 б. 
 2  Ғ.Қамбарбекова  Алғы  сөз  «Ұлы  Дала  өркениеті  және  Шаһнама»  //  Халықаралық  ғылыми 
конференция материалдары. -Алматы. 7-8 қазан 2009.-3-4 бб.  
 3 Бердібаев Р. Дастан – хaлық қазынасы. - Анкара, 2002. 
 4 Шишман Б. Казакистанда Коркут ата иле илгили сөйленжелер. - Анкара, 1998. 
 5"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы. -  Алматы, "Қазақэнциклопедиясы", 1998 ж. 5-том. 
6 Юсуф Хос Хожиб. Құтадғу билиг (Дайындаған Қ.Каримов).-Тошкент: «Фан», 1972. -964 б. 
7  Аділбекова  Э.С.  Дәстүрлі  батырлар  жырларының  ортақ  байланыс  желісінің  қалыптасу 
ерекшеліктері //Республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағы . –Түркістан, 2010 .- 41-45б. 
 
 003.333.3:81:39 
АВЕСТАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 
 
Ә.И. Мухаммеджанова - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың II курс магистранты 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  Иранның  өте  ертедегі  маңызды  ескерткіші  Авестаның  бөлімдері  және  оның  тарих 
сахнасында  алғаш  рет  Анкетиль  Дюпперонның  зерттеуі  жайында  айтылады.  Авеста  –  Орта  Азия  мен  Ирандағы 
зороастризм діні туралы өте бай маңызды материал, салт-дәстүр, мәдениет пен тарихты осы күнге жеткізген киелі 
кітап  жайында  айтылады.  Сондай-ақ,  Авеста  тек  қана  Иранның  емес,  Орта  Азияның  көне  тарихы  және  қазақ 
ғалымдарының киелі кітапқа қатысты зерттеулері бойынша нақты мәліметтер береді.  
Тірек сөздер:қолжазба, зерттеулер, дін, мәдени жәдігер, отқа табыну, бөлімдері 
Аннотация:  В  данной  статье  говорится  о  первом  исследовании  Анкетиль  Дюпперона  на  исторической  сцене 
раннего важного памятника Ирана Авесты, о частях священной Авесты, о том, что Авеста является очень богатым 
важным материалом о религии заостризм, о традициях и обычаях, о священной книге, которая донесла культуру и 
историю  до  наших  дней.  Также,Авеста  древняя  история  не  только  Ирана,но  и  Средней  Азии  и  дает  точную 
информацию об исследованиях священной книги казахских ученых. 
Ключевое словаРукопись, исследования, религия, культурное наследие, поклонение огню, части 
Abstract:This  article  discusses  about  AnketilDupperon’  research  work  of  an  important  monument  Avesta  which  was 
presented in the history scene for the first time, the parts of saint Avesta, Avesta – an important material of Zoroastrianism 
religion in Asia and Iran, also traditions and customs, culture and history from ancient to nowadays were spoken in that saint 
book. Also Avesta is not only an ancient history of Iran, also Middle Asia and gives accurate information about investigations 
of Saint Book of Kazakh scientists. 
 Key words:Manuscript, research works, religion, cultural relic, to worship fire, parts 
 
 Авеста  –  зороастризмнің  қасиетті  кітабы.  Бұл  кітап  діни  ұғымдардан,  зороастризмнің  дұғаларынан, 
діни  аңыздардан,  діни  сенімдерден  құралған  қасиетті  жәдігер.  Парсылар  ертедегі  дін-сенімімен  бірге 
қасиетті жазба Авестаны ұмытпай сақтап келеді. Ертедегі араб, грек, сирия, армян елдерінің авторлардың 
жинақтарының ішінен Иранда қасиетті Авеста кітабының болғаны жайында мәліметтер бар. Иран тілдес 
халықтар арасында ұлы ақын Фирдоусидің әдеби өңдеуімен (X-XII ғғ.) жазылған эпопеясында да Авеста 
туралы жазылған. 
 Зороастризм  діні  адамдарды  пәктікке,  шыншылдыққа,  тырысуға  және  жамандықтан  арылуға 
шақырды.  Ұзақ  өткен  ғасырларда  Заратуштараның  өмірі  белгісіз  болды.  Кейбір  тарихшылардың 
пікірінше,  оны  Рей  немесе  Азербайжанның  адамы  деп  білген.  Бірақ  ғылымда  әртүрлі  қолжазбалар, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
153 
Авестадан қысқа үзінділері XVII-XVIII ғ. ғана белгілі болған. Белгісіз тілде жазылған Авестаны тек жас 
ғалым француз Анкетиль Дюпперон (1731-1805) XVIII ғ. Индияға барған сапарында ашқан. Ол 1754 ж. 
Оксфордта  сақталған  Авеста  жазбасының  бірнеше  беттерін  қарастырып,  Индияға  баруға  шешім 
қабылдады.  Индияда  6  жылдың  ішінде  А.  Дюпперон  зороастризм  дінін  қабылдағандармен  достасып, 
олардың сеніміне кірді. Сол арқылы парсы діни әдет-ғұрыптарымен танысты, қасиетті мәтіндерін оқуын 
үйренеді.  1771  ж.  А.  Дюпперон  Парижге  оралғаннан  кейін  сол  жиналған  материалдарын  қарастырып, 
нәтижесінде  Авестаның  аудармасын  жасады,  осындай  жолмен  ғылымға  ежелгі  парсы  тілінің  маңызды 
ескерткіші ашыла бастайды. Осы кезден бастап Авеста көптеген басқа тілдерге аударыла бастаған [1, 6]. 
Ал  Авестаның  ең  көне  қолжазбасы  1288  жылы  жазылған  [2].  1324  жылы  жазылған  қолжазбасы 
Копенгагенде сақтаулы [3]. «Авестаның» одан кейінгі толық аудармасы 1879-1909 жылдары «Шығыстың 
қасиетті  кітаптары»  сериясымен  Оксфордта  ағылшын  тілінде  жарық  көрген.  Кейіннен  И.Стеблин-
Каменский  аударған  «Авеста»  кітабы  1992  жылы  Москвадағы  «Дружба  народов»  баспасынан  шыққан. 
«Авеста» кітабының басқа да аударылған нұсқалары бар [4]. 
 Авестада  сол  заманда  мекендеген  халықтардың  тарихы,  мәдени  өмірі  олардың  діндері,  аңыздары, 
батырлар эпостары туралы сақталған мәліметтері бар. Сонымен бірге Авеста Иран тілдерінің мәңгі өшпес 
мәдени  жәдігері  болып  табылады.  Авестаның  ертедегі  бөлімі  б.э.д.  II  ғ.  I  жартысында  Орта  Азияда 
шыққан  оның  ішінде  сол  кездегі  дәуірдің  өмірін  әртүрлі  тайпалардың  тіршілігін,  көшпенді  Орта  Азия 
малшыларын,  олардың  діни-аңыздарын  әдет-ғұрпын  суреттейді.  Авестаның  кейінгі  бір  бөлімдері 
Пайғамбар  Заратуштраның  атымен  және  оның  берген  ақылдарымен  байланысты  болған.  Ахеменид 
кезеңінің  өзінде  Авестаның  мәтіні  жазылған.  Ол  12  мың  сиыр  терісінде  алтын  сиялармен  жазылып, 
Персопольдық  сарайларда  сақталған  болатын.  Бірақ  бұл  жазу  А.  Макендонский  шапқыншылығында 
жойылды  деп  айтылады.  Содан  кейін  Шапур  I  тұсында  бұл  киелі  кітап  қайта  өңделді.  Авестаның  қай 
жерде, қай кезде жазылғаны туралы мәселенің дауы әлі бар [1, 6]. 
 Бұл  қасиетті  кітап  жайлы  И.Стеблин-Каменский  аударған  «Авеста»  кітабы  (М.,1992),  белгілі  ақын 
Ә.Дастанұлының «Авеста» кітабынан жасаған қазақша аудармасы (Парасат, №8, 1993),Т.Еңсегенұлының 
«Қазақ әдебеті тарихының арғы арналары» (А.,2001), Х.Көктәндінің «Аспан мен Даланың төрт ұмтылған 
тарихы» (М., 2001) деген еңбектері бар. 
 Авеста  21  кітаптан  тұрады,  әрбір  кітап  насқ  деп  аталады.  Авестаның  әрбір  насқ  араб 
шапқыншылығына дейін авесталық – тексттен және зендтен құрылған болатын. Әрбір насқтың өзіне тән 
жеке атауы болған. Авестаның бөлімдері:  
1.Ясна. Авестаны құдайларға табыну сиыну бөлшегі.  
2.Висперад – 24 тараудан құралған. Оның бәрі көптеген құдайларға арналған. 
3.Видепдат. Диюлерге қарсы сөз деген сөз. 22 тараудан тұрады.  
4.Яшта – құрметтеу. Мазмұны жағынан Авестаның ең көп бөлшегі.  
5.Кіші «Авеста». Онда бірнеше үзінділер, фрагменттер бізге жеткен. 
 Авеста тек қана дұғалар жинағы емес, сонымен қатар заңдар, астрономия, астрология, медицина т.б. 
ғылымдардың  жинағы.  Бұл  кітапта  табиғат  жан-жануар  тіршілігі,  жер  мен  аспан  иелігі,  адам  мен 
жаратушының ара-қатынасы туралы аңыздар, арнайы болжамдар берілген. Адам жаратушының ең сүйікті 
құлы  екені,  оның  бойындағы  ақыл-ойы,  өсуі,  өзгеруі,  еңбектенуі,  табысқа  жетуі  және  т.б.  жайлары 
жайында нақты көрсетіледі. Мұнда әділ патша билігін аңсау, тату-тәтті жақсы өмір сүру, ақылмен адал 
істеп,  өз  еңбегімен  күн  көру,  барлық  кедей  адамдарға  қайырымдылық  көрсетсе  деген  ізгі  пікірлер 
жинақталған.  Біздің  күнімізге  дейін,  бізге  тек  қана  Авестаның  кейбір  бөліктері  жеткен.  Сондай-ақ 
Авестаның барлық мәтіндері сақталмаған. Ғылымға белгілі Авестаның жазбаша мәтінінің әрбір бөліктері 
ең көп жиналған жинағы болып табылады.  
 Тарихтың  сырын  әдебиет  ашса,  әдебиеттің  сырын  тарих  ашады.  Сол  сияқты  тарихқа,  әдебиетке, 
мәдениетке  бай  елдің  бірі  –  Иран  мемлекеті.  Иран  мемлекетінің  сонау  жылдан  бергі  салт-дәстүрін, 
мәдениеті мен тарихын осы күнге жеткізген киелі кітабы болып саналатын – Авеста. Бұл Авеста тек қана 
Иранның емес, Орта Азияның көне тарихын жаңғыртады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет