ВЫВОДЫ по изучению системы содержательных и формальных признаков «Ночного дежурного» Ю.
Нагибина:
1 Ф В произведении Ю. Нагибина «Ночной дежурный» 4 МФ, 1Ф и АЦ, что говорит о малой
жанровой форме. Однако наблюдаем и приметы средней (в 4 МФ: объем из 39 предложений) и большой
(в фокусе: объем из 163 предложений) жанровых форм.
2 ФС По ТНС АЦ произведения «Ночной дежурный» наблюдается изоморфизм в плане жанровой
разновидности (психологический) во всех МФ и Ф. Однако это однообразие типов оценки писателем
изображаемого в изучаемом произведении Ю. Нагибина указывает на несоответствие критерию
художественности.
3 С Доминирование знаков в СЧ - показатель внимания художником слова к конкретно-историческому
конфликту в общечеловеческом масштабе.
4 С ПС (1 МФ - ирония, 2 МФ удивление, 3 МФ - смирение, 4 МФ - удовлетворение, Ф -
заносчивость) СЧ выражают естественное чувство и рассудочность. Их сочетание раскрывает (ИТ)
инвариантную тему (идею) «Ночного дежурного» Ю. Нагибина. Она в утверждении в качестве
прекрасного сочетанияестественного чувства и духовности.
5 СФ ПЧВ АЦ (понимание) не контрастирует со ВЧВ (ИТ), что указывает на отсутствие подтекста,
характерного жанру рассказа и изоморфного «порядку» в АЦ и прогностическому СЧ. Вместе с тем
согласно критерию художественности авторские антонимы не выражены в 1 МФ («хаос»).
6 СФ ОТ и ИТ дополняет друг друга согласно реалистическому стилю. Но антонимы в развязке,
повествовательная интонация, романтическое содержание эстетического идеала указывают на
романтико-реалистический стилевой синтез.
7 СФ Следовательно, «Ночной дежурный» Ю. Нагибина – произведение малое по жанровой форме,
относящееся к жанру рассказа, по жанровой разновидности – психологический. По стилю мышления
относится к романтико-реалистическому стилевому синтезу. По методу –постмодернистский с чертами
экспрессионизма, символизма, реализма и экзистенциализма.
1
Нагибин Ю. Вдали музыка и огни. Повести и рассказы. – М.: «Современник», 1989. – 566 с.
2
Кулумбетова А.Е., Джунисова А.А., Садуакас Г.К., Мырзабекова А.К Система содержания и
формы лирического, эпического и драматического художественного текста. Учебное пособие. −
Алматы: Искандер, 2008. − 178 с.
3
Ожегов С.И. и Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: ООО «ИТИ Технология»,
2006. – 900 с.
4
Пригожин Илья, Стенгерс Изабелла. Порядок и беспорядок // Время, хаос, порядок. К решению
парадокса времени. – М.: Прогресс, 1994. – 432 с.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
128
ӘӨЖ82-191
ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫНЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.Н. Кульманова - магистрант
Аңдатпа: Мақала қыз бен жігіт айтыстарының поэтикалық ерекшелігін талдауға арналған. Талдау барысында
қыз бен жігіт айтысындағы сөзді ажарлау, құбылтудың түрлері жеке-жеке қарастырылады. Әдеби мәтіндерді талдау
арқылы қыз бен жігіт айтысындағы құбылту мен ажарлау құралдарының қызметі көрсетіледі.Айтыс өлеңдеріндегі
теңеу, эпитет, метафора, метонимия, градация, гипербола, литота, қайталау, шешендік сұрау, арнау сөздер айтыстың
көркемдік бояуын қалыңдатып, ширықтырып, тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөздің поэтикалық
қуатын арттырады. Бұл көркемдік құралдардың қызметін бақылау үшін ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
күні бүгін дүниеге келген мәтіндер қолданылды.
Тірек сөздер:айтыс, көркемдеуіш құралдар, айқындау, кішірейту, ұлғайту, әсірелеу, ауыстыру, алмастыру
Резюме: Данная статья посвящена анализупоэтической особенности айтысов девушки и джигита. В ходе
литературного анализа отдельно рассматриваются виды тропа и фигуры. Исследуя литературные тексты айтысов
девушки и джигита выявляются функций художественных средств. Сравнение, эпитет, метафора, метонимия,
градация, гипербола, литота, повтор, риторический вопрос, посвящение в айтысах усиливают эстетическую
функцию языка, повышают поэтическую энергию стихотворений. Для рассмотрения поэтической особенности
художественных средств использовались тексты айтысов с ІІ половины ХІХвека до сегоднешнего дня.
Ключевые слова:айтыс, художественные средства, эпитет, литота, градация, гипербола, метафора, метонимия
Abstract:This article analyzes the poetic features aityses girl and a brave. During the analysis of literary types are
considered separately and trail figures. Exploring literary texts aityses girls and horseman identified functions of artistic
media. Comparison epithet, metaphor, metonymy, graduation, hyperbole, litotes, repetition, rhetorical question, initiation
aityses enhance the aesthetic function of language, increase energy poetic verses . For its consideration of the poetic features
of artistic means used texts with aityses II half of XIX century until today. In this article poetic feature aitys the girl and the
Dzhigit is considered.
Keywords: aitys, artistic means epithet litotes, graduation, hyperbole, metaphor, metonymy
Ата-бабамыз бағзы замандардан бері қызыл тілдіөнердің алды ретінде жоғары бағалаған. Айтыс өнер
ретіндегі эстетикалық функциясын жоғалтпай отырып, халықтың ой түбінде жатқан, жүрек тереңіне
шөккен негізгі арманының жаршысы ретінде де көрініс береді.
Айтыс көркемдігі туралы сөз қозғағанда ескерілуге тиісті бір мәселе бар, айтыс таза көркемдік
мұраттарды көздеп, көркем шығарма тудыру мақсатында шығарылатын дүние емес. Айтыстың бұрынғы-
соңғы қоғамдағы тарихын зерттеп, салыстырулар жасай келе М.Йылмаз ақындар айтысының қызметін
төмендегідей салаға топтап қарастырады:
1) Уақытты көңілді өткізу, көрерменді қызықтыру және хабар алу мен тарату үшін бағытталған
қызметі.
2) Ұлттық салт-дәстүрді қорғау үшін бағытталған қызметі.
3) Әскери және азаматтық мақсаттарға бағытталған қоғамдық пікірді шұғыл ұйымдастыруға
бағытталған қызметтер
4) Қоғамдағы және бұқаралық ақпараттардағы күнтәртібінде тұрған әділетсіздіктер мен әлеуметтік-
саяси өзекті мәселелерді жедел қозғап, айықтыру үшін бағытталған қызметі [1, 15 б.].
Яғни айтыстың осындай функциялары жетекші роль атқарған. Дегенмен бұл аталмыш туынды
көркемдіктен ада деген ұғымды білдірмейді. Айтыс ақындары тумысынан талантты, әрі халық поэзиясы
бұлағынан сусындаған адамдар.
Өз кезегінде халық ауыз әдебиетінің үрдістерін жалғап, дамытқан, қыз бен жігіт айтыстарынан
көркемдік-бейнелеуіш құралдар көрнекті орын алады. Айтыскер ақындар өз өлеңдеріндекөркемдік-
бейнелеуіш құралдарды мақсаттарына сәйкес іріктеп пайдалана білген. Айтыс өлеңдеріндегі теңеу,
эпитет, метафора, метонимия, градация, гипербола, литота, қайталау, шешендік сұрау, арнау, қанатты,
нақыл сөздер айтыстың көркемдік бояуын қалыңдатып, ширықтырып, тілдің эстетикалық қызметін
күшейтіп, өлең сөзді айшықты етеді.
Теңеу. Қыз бен жігіт айтыстарындағы теңеулер екі түрлі әдіспен жасалған. Біріншісі – қазіргі
тіліміздегі «дай, -дей, -тай, -тей» жұрнақтарымен (соңғысының фонетикалық варианттары -дайын, -дейін,
-лайын, -лейін болып келеді) жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер. Мысалы Біржан Сара айтысында
Біржан:
Самғаймын бәйге атындай артып-артып,
Тұлпармын Көрұғлының пырағындай – десе,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
129
Сара:
Ел таныр арғымақтай шабысымды – дейді.
Екіншісі – «бейне», «секілді», «сияқты», «тәрізді» мәніндегі сөздерімен тіркесу арқылы жасалған
теңеулер болып табылады. Омарқұл мен Тәбияның айтысында Омарқұл:
Айыбы таз демесең, мырза-ақ екен,
Секілді оңқай асық жылдам екен – деп Тәбияның болашақ жарын халық ұғымына сай асықтың оңқайы
деп сипаттайды.
Үмбетәлі мен Нұрила айтысында Үмбетәліқарсыласын долы құйынға, сұр жыланға, ұры мысыққа
теңейді.
Қазіргі күнгі айтыстарда да теңеудің сан түрі қолданылады. Тіпті осы күнгі айтыстардағы теңеу
күрделеніп, интертекстуалдық сипат алған деуге де болады. Қазіргі айтыс көрерменнен, тыңдаушыдан
біршама дайындықты, білімдарлықты қажет етеді. Мұхамеджан бір айтысында:
...Іркес-тіркес іріден сөйлесеңші,
Әңгіме айтқан жан болмай шайға барып,
Қайран біздің қазақтың ұрпағы да,
Майшабақтай барады-ау майдаланып – дейді. Мұнда Мұхамеджан майшабақтай деп теңеуінің
астарында Абылай ханның түсіне меңзеу бар.
Айқындау. Сөз мәнерлілігін арттыруда айтыс ақындары өнімді қолданған көріктеуіш құралдардың
бірі – айқындаулар. Айтыста айқындаулар әдетте тура және жанама септіктегі зат есімдерден, сапалық
және қатыстық сын есімдерден, болымды және болымсыз тұлғадағы есімшелерден жасалады. Олардың
бір сөзден тұратын қарапайым түрлері де, бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үлгілері де
кездеседі. Эпитет бірыңғай портрет құрайтын теңеу, метафорамен тіркесіп келіп, бір-біріне көркемдік
ықпал жасайды. Эпитетті әдетте ақындар өзінің немесе қарсыласының портретін жасауда көп қолданады.
Мысалы ақын Сара: нәзік белім, май тамызған бұлбұл тілім, аппақ, а жымсыз он саусағым, қ ырмызы
қызыл жібек маңдайым – дейді.
«Ақ жүрек», «адал ниет», «ақ май», «мықыр бой», «тықыр бет», «жалпақ бас», «пұшық мұрын»,
«шұқыр желке», «қытық мінез», «таңқы мұрын», «қызыл бет», «сұлу ет», «долы қатын», «майда тіл»,
«жұмсақ көңіл». «кербез ақын», «саңлақ ақын», «бұлбұл құс», «жұмыр бас» секілді эпитеттерді қолдана
отырып Үмбетәлі мен Нұрила ақындар бір-бірін сынап, қарсыластарының, өздерінің образдарын
сомдайды.
Күрделі, поэтикалық мәні зор айқындаулар мысалы Сүйінбай мен Уазипа, Жамбыл мен Айкүміс,
Омарқұл мен Тәбия, Сара мен Біржан секілді ірі ақындардың айтысынан айтарлықтай жиі кездеседі.
Есімшелер де көп жағдайда күрделі айқындаулар құрамында қолданылады: «Қазақтың қыран жетпеген
кең даласы» [2, 99 б.], « Гауһардың ұшыраған ұшқыны екен» [2, 224 б.],« Қара мақпал салдырған
жағаларым» [2, 186 б.] т.б.Немесе Тәбиямен айтысында Омарқұлдың өлеңінің ұйқасы өңшең есімшеден
жасалған айқындаулармен беріледі.
Ауыстыру.Ақындар айтыста қолданған метафоралардың әр алуандығы, байлығы, күрделілігі ақын
дүниетанымының тереңдігінен туындайды. Қыз бен жігіт айтыстарында көбіне жігітті алғыр қыран құсқа,
сұңқарға, бүркітке, жорғаға, жүйрікке, сәйгүлікке, наркескен қанжарға балап, қыздарды аққуға, сұқсыр
үйрекке, қазға, қозыға т.б. балау бар. Кейде осы тәсілді орынсыз пайдаланған ақындар, өз сөзінен ұсталып
ұтылып қалып та жатады. Ұлбике мен Жанкелдінің айтысы осыған мысал.
Ақындар айтысын айшықтауда белсенді қолданылған құбылту әдістерінің бірі саналатын
ауыстыруларға да көп қабаттылық тән. Өлеңнің найзағайын жарқылдатсам, көңілдің балалығы болар дағы,
сөз ілгегі ағытылды, көңілдің жарқылдатып шамын жақты, жырдың балын татыңыз, жүректің азығы етіп
жем тілетіп. Бұл қолданыстардың басыңқы сыңарлары яғни өлең, көңіл, сөз, жыр, жүрек секілді
абстрактілі, адамның рухына қатысты айтылған ұғымдар болып табылады. Оларға бейнелілік пен
астарлылық тән. Бұған тіркестің екінші сыңары арқылы ауыстыру мәні үстелгенде, құбылту әдісінің
әсерлілігі де еселене түседі.
Қайталаулар. Қайталауларды қыз бен жігіттің қайым айтысындағы басты айшықтау құралы деуге
болады. Осылайша қыз жігіттер өз өлеңдерін көркемдеп, құбылтып, ажарлап қана қоймай, сөздерін
халыққа ерекше леппен, екпінмен, тыныспен жеткізуді лайық санаған. Өлең, өлең, өлең деп өтер еді,//
Өлең шіркін көңілді көтереді – деп өлеңнің құдіретін жеткізу үшін оны бірнеше рет қайталап жырға
қосады.Сондай-ақ еспе қайталауға құрылған өрнектер көп. Мысалы: «Ей, Үмбет, ақындықпен
арындадың,// Арындап, әрі-бері ағындадың», немесе:Отындай найзағайдың жарқылдайсың,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
130
//Жарқылдайсың, ақ көңіл аңқылдайсың»,//Кезекті қайталау – эпифоралар ақындар айтысында негізінен
қарсыласының есімін қайталау арқылы жасалады. Дәл осындай қарсыласының есімін қайталайтын
кезекті қайталаулар Бақтыбай мен Мәйке қыз, Жібек қыз бен Бала Ораз, Төребай мен Сара т.б. көптеген
айтыстарға тән.
Әдепкі қайталау (анафора) – ақындар айтысында негізінен екі жолды қамтиды. Тұтас шумақты
қамтитын анафоралар сонау бәдік, жар-жар айтысынан бастап, кейін қыз бен жігіт айтысында да өз
жалғасын тапқан. Яғни өлеңнің әр тармағы бірдей сөзбен басталғанын көрсек, өлеңдегі әр ой бір сөзбен,
бір тармақпен басталадын да анафораның түрі де ақындар айтысында кездеседі.
Қыз бен жігіт айтысында қайталаулардың көп кездесуі айтыстың тақырыбына қарай да болады.
Мәселен «бәдік», «жар-жар» айтыстарындағы қайталаулар өз алдына бір төбе. Жұмбақ айтыста бірі
жұмбақ жасырып, бірі шешкенде дәстүрлі түрде «Сұрайын сізден, тақсыр, білмек үшін», «Сұрайын
сізден, қалқам, білмек үшін», «Сіз айттың, біз сұралық сауал түрін» тіркестерін қолданады. Жауап
үстінде, сұрақ үстінде ақындар бір-бірінің атын қайталап сұрақтарына қосады. Мысалы «Сұрасаң, сұлу
Айқын, білмек үшін», «Айта ғой білгіш болсаң, ей, Мәделі» - деген секілді қайталанып, әрі қарай сұрақ
қойылып отырады.
Инверсия.Қыз бен жігіт айтыстарында тұтастай дерлік инверсияға құрылған өлеңдер де бар. Мәселен,
Оспантай мен Күйкентай айтысындаОспантай:
Сала берме, шырағым, жеңілдікке,//Дүние жолдас
болмайды, өмірлікке.// Ауылыңды ауылым, баса-қонса,//
Мал соймай-ақ шақырғын ерулікке –десе,
Күйкентай:Деуші еді, сенің әкең жылқылы бай,//Үйіне қондырмайтын қонақты жай.// Берер ем ерулікке
бағлан сойып,//Қыласың не сыйяпат осыған сай?– деп жалғасқан қыз бен жігіттің қайым айтысында тіпті
тұтастай бір өлең шумақтары инверсия әдісімен жасалған [2, 213 б.б.]. Дарынды ақындардың сөз
мәнерлілігі мен әсерлілігін арттырудағы инверсия ролін дұрыс түсініп, орнымен қолданғаны өлеңдерінен
айқын аңғарылады. Мұнда инверсия кейде баяндауыштың бастауыштан бұрын келуі арқылы жасалса, кей
жолдарында баяндауыштың толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш сияқты сөйлемнің тұрлаусыз
мүшелерінен ілгері қолданылуы арқылы жасалған.
Арнаулармен шешендік сұраулар. Қыз бен жігіт айтыстарында аталған қос әдіс астаса өріліп
жатады. Айтыс көбіне қарсыласына, көпшілікке арналғандықтан, онда ең көп қолданылатын көркемдік
әдіс – арнаулар болып табылатыны заңдылық.Жарлай арнау мен сұрай арнау қыз бен жігіт айтыстарында
көптеп кездесетін болса, зарлай арнау қыз бен жігіт айтысының табиғатына жат деуге болады. Әдетте қыз
бен жігіт айтысы жеңіл-желпі әзіл-қалжыңға құрылатын болғандықтан, олардың өлеңдерінде мұң болса
да, тіпті өз бастарындағы ауыр жағдайды, аянышты халді суреттегеннің өзінде әдемі лирикалық сипаттан
аспайды, ақындар айтысындағыдай заманға налитын зарға айналмайды.
Мысалыға Аралбай мен Қашаған ақындардың айтысындаға Аралбайдың баласының өлгенін
естіртіпзарлағанын алуға болады. Немесе өзге де ақындар айтысында заманның ағымын сипаттап,
бұзылғанын айтып, зарлау бар. Ал қыз бен жігіт айтыстарында заманның жайын зарлап айту емес,
философиялық толғап айту бар. Мысалы, Омарқұл мен Тәбия айтысында, заман жайлы толғаныстарға
толы. Омарқұл заман өзгерткен қоғамдағы өзгерістерді санамалап, өсек айту, өтірік айту, алдау, арбау,
бай болу, жарлы болу, ер болу, ісі оңбаған кесір болу секілді жағдайларды жырлай келе: ...Аспанда
бұрқыраған буы шығып,//Ындыны кейбір жердің кеуіп жатыр.//Ел келіп ұрат-ұрат ру көшіп,//Ұрпағы
ұрық болып өніп жатыр – деп философиялық түйін жасайды. Яғни ұрпақ ауысып, мінез-құлықтың
өзгеруін өмірдің заңдылығы ретінде қабылдау бар. Әрине, ойтолғау, пәлсапалық пайымдау болған жерде
шешендік арнаудың да туатыны рас.
Қыз бен жігіт айтыстарындағы сұрай арнаулар кей жағдайда жауабы өз мазмұнынан аңғарылатын
шешендік сұраулармен үндесіп жатса, кей жағдайда әдейі қарсыласына қаратылып айтылатын, жауапты
күтетін сұрай арнаулар болады. Мұндайда ақындар бір-біріне замандас, құрбыжан, жан сәулем, сұлуым
немесе қарсыласының атын атап, қарата сөйлейді.
Ал қыз бен жігіт айтыстарындағыжарлай арнаулархалыққа, көпшілікке қаратыла айтылады. Мәселен,
Сүйінбай мен Уәзипа айтысындаСүйінбай қарсыласына емес, әуелі халыққа, көпшілікке, ағайын-туысқа
сөзін арнайды.
Жат болма, жақсы болсаң, замандастар – деп Күйкентай Оспантаймен айтысында тек жырмен жарлап
қана қоймай, замандастарына қандай болуы керектігін үлгі етеді.
Бүгінгі күні де ақындар осы үрдісті ұстана отырып, халыққа қайырыла сөйлейді. Мысалы Мұхамеджан
Тазабеков:...Ащы тер шыққан кезде жон арқадан, //Шабыттың тізгініне қол арта алам//Ойлы халқым,
орныңда отырмысың,//Нәр алып айтыс деген омартадан...
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
131
Жарлай арнаулардың адресаты кей тұста жекеше түрдегі қаратпа сөздер арқылы берілгенімен,
олардың рухани дамудың белгілі бір дәрежесіндегі топқа қатысты жалпылауыш атау екенін аңғару қиын
емес. Айтыста ақындар жарлай отырып, халыққа уағыз, насихатайтып, ақыл-кеңес береді. Сондықтан да
жарлай арнауды қазақ айтыстарының тұрақты сипаты деуге болады.
Ұлғайту, кішірейту.Жеке тәжірибе, сезімдік түйсіну арқылы қол жеткізілетін қыз бен жігіт
айтысында ақындар оқиғаны, сезімдерді, сырды жеріне жеткізе, тіпті әсірелей, ұлғайта суреттеуді, сол
арқылы әсерлілігін арттырып қана қоймай, қайта сезіндіру арқылы халыққа жағып, жеңуді мақсат тұтуы
заңдылық. Айтыс бастала салысымен өз руын, елін-жерін асқақтата мақтау, ал қарсыласының жағын тым
қораш көрсету ақындардың көп қолданатын тәсілі. Мұны Б.Имашев өз диссертациясында «көкірек көтеру
тәсілі» деп атаған екен. Дегенмен, мазмұны жағынан қалай аталса да әдебиеттануда қалыптасқан
терминдермен атасақ бұл жерде ақындар әрине гипербола мен литота тәсілін кеңінен қолданады.
Мәселен, Олжабай мен қыздың айтысында қыз өзінің бабаларын мақтан тұтып, асқақтата «атағы жер
жарған» дегендей аса ұлғайтып сөйлесе, қарсыласына келгенде «ет жеп, шай ішіп, тамақ іздеп келген»
бейшара ретінде тым кішірейтіп сөйлейді. Уәзипамен айтысында Сүйінбай ақын да өзін өсіріп, Уәзипаны
тым кішірейтіп, қораш санап сөйлейді.
Сүйінбайдың:
... Ағайын тауып кепсің маған теңді,
Кеудемнен байқадың ба соққан желді.
...Жырым мен үнімді естіп тына қалар,
Қазақтың қыран жетпес кең даласы-ай.
... Өлеңнің найзағайын жарқылдатсам,
Бозторғай бұта қуған боп қаларсың -деген сөздерінен де гипербола мен литотаның жарқын мысалын
көреміз [2, 101 б.].
Қыз бен жігіт айтыстарында жігіт кедей болса, соны тым өршітіп көрсету арқылы ұтысқа жетейін
деген мотивтерде де гипербола мен литота тәсілі жиі кездеседі.
Айтыс ақындары өздерінің жүйрікке, арланға, сұңқарға, қыранға, бүркітке теңеуі, сөздерін жалынға,
найзағайға, отқа, жалынға балауының өзінде біршама гиперболизациялау бар.
Айтыстағы гипербола кейде бірқатар сандық көрсеткіштермен де келеді. «Жүз әйел қайратты ерге жем
болады» // Қазақтың он қызы бір санында жоқ», «Сексен шоқ, отыз оймақ тағынғаным», «Басылмайды
дауылым //Жүздеп кісі жиылмай // Тойға барсаң ауысып киеді дейді,// Алтауың кезек-кезек бір бөрікті»,
// Наурызға атаңыз өштей екен, // Он бір үйден он бір астау көже ішіп т.б. Аталған тіркестер көптік
ұғымды немесе есепсіз көп қайталанған әрекетті білдірумақсатында қолданылатын ұлғайту-гипербола
болып табылады.
Алмастыру. Айтыс ақындарының тілінде сөздің бейнелілігі мен әсерлілігін арттыратын құралдардың
бірі. Сөз өнерінде алмастыру өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты
ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану арқылы жасалады. Метонимияның екі түрлі
қызмет атқарады. Бірі ой ықшамдығы үшін айтылса, кейде образ нұсқалығы үшін қажет. Қыз бен жігіт
айтыстарында метонимияның екі түрлі де қызметі айқын көрінеді. Дегенмен айтыс ақындары
қарсыластарының бойындағы кем-кетікті теріп айтып, сол арқылы қарсыласын ықтырып, бұқтырып,
сөзден жаңылыстырып, ақыры жеңіске жетуді көздейтіні бар. Сондықтан да қарсыласының образын
тудыруда олар осы алмастыру тәсілін қолданып отырған. Омарқұл мен Тәбия айтысында Омарқұл
Тәбияның жарын таз деп кемітсе, Тәбия Омарқұлдың алғанын пұшық деп кемітеді және оларды осылай
атайды. Омарқұл: …Келмесең тазды тастап тоқалдыққа,Бекерге пұшығымды тастамаймын – дейді.
Немесе Бідіхан, Айсары, Көкенбала айтысында, Бідіхан: … Ақсақ пен өңшең саңырау, таз
жиылып,//Құттымбет, жүлдемді әпер, жазығым не? [2, 52 б.]– дейді. Яғни мұндағы таз, саңырау, ақсақ
секілді сын есімдер заттанып барып метонимия жасап тұр.
Сондай-ақ көптеген айтыстарғатән мотив жаман мен жақсының қасиеттерін теріп, ой толғау. Қыз бен
жігіт айтыстарынан антонимдік сын есімдерден жасалған метонимиялар қатарынан жүйрік, шабан деген
сөздер де жиі қолданыс тапқан. Айтыста жиі қолданылатын метонимияның бір түрі ретінде ақындардың
қарсыласының өзін руының атауымен атап сөйлеуін айтуға болады. Мұнда ақындар сенің елің, менің
елім, сенің руың, менің руым деп ащы ішектей шұбатып жатпай-ақ ықшам етіп, алмастыру тәсілімен
ұтымды сөйлей біледі. Мұндай тәсіл көптеген айтыстарға тән. Себебі айтыс ақындары өз руларының
намысын жықпауға тырысып, бүтін бір елдің үмітін арқалап келіп, сөз додасына түсетіні белгілі.
Сонымен қыз бен жігіт айтыстары өзінің көркемдік-бейнелеу құралдары жөнінен әдеби шығармаға
қойылатын барлық талаптарға жауап беріп, өлең сөздің поэтикалық қуатын арттырып тұр.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
132
1 Йылмаз М. Айтыс жанрының типологиясы (Қазақ және түрік халықтарының материалдарының
негізінде) Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.–А.: 2010. - 30.
2 Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық. Т. 2: Айтыстар. – А.: Жазушы, 1988. – 288 б.
Достарыңызбен бөлісу: |