Хабаршы вестник


LITERATURE  1.  George E. Kennedy



Pdf көрінісі
бет12/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56

LITERATURE 
1. 
George E. Kennedy. Professional and Writing: Problem Solving at Work. (Dec 28, 2001)  
2. 
Hitoshi Maruyama. Difficulties in Teaching English in Japan (1996) 
3. 
Lic. Luis Alberto Viades Valenci. Teaching English Writing (2002) 
4. 
Sharon J. Gerson. Communication: Process and Product (7th Edition). (Jan 8, 2011)  
5. 
Victor  M.  Hernández-Gantes. Teaching English Language Learners in Career and Education Program. 
(Aug 14, 2008)  
 
АНДРАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ – ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 
 
Қ.Т.Қуанжанова 
Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университеті  Магистратура  және  PhD  докторантура 
институты «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс PhD докторанты 
Н.Н.Аширбаева 
Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университеті  Магистратура  және  PhD  докторантура 
институты «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс PhD докторанты 
 
Резюме  
В  данной  статье  рассмотрены  особенности  обучение  взрослых  и  основные  принципы  андрагогики. 
Даны  результаты  исследования  которые  проводились  с  целью  выявления  значимости  непрерывности 
обучения.  
 
Summary 
This article  describes the features  of adult  education and basic principles  of andragogy. Given the results  of 
research conducted in order to identify the importance of lifelong learning. 
 
Қазіргі  таңда  ересектердің  білім  алуы  еліміздің  білім  беру  жүйесі,  экономикасы,  саясаты, 
өркениетіміздің  дамуының  негізі  бағыты  десек  те  болады.  Өйткені  қоғам  үнемі  даму  үстінде,  әсіресе 
қазіргі  таңдағы  жер  бетіндегі  болып  жатқан  өзгерістер,  ғылыми  ашылымдар,  жаңалықтар  күннен  күнге 
көлемі  және  сапасы  жағынан  дамып  көбею  үстінде.  Осы  тұрғыдан  ересектер  белгілі  бір  мамандық 
бойынша білім алуымен шектеліп қоймай, одан әрі білімін жалғастыру, толықтыру, білімдерін жетілдіру 
арқылы кәсіби әрекетінің тиімділігі, соның негізінде жұмыс орнының сапасы артатындығы, нәтижесінде 
еліміздің әлемдік жаһандану үрдісіне жақындайтынын түсінеміз.  
 Жалпы  білім,  білім  беру  түсініктерін  үнемі  естіп  жатқанымызбен  осы  түсініктің  астарында  не 
жатқандығына көп мән бере қоймаймыз. ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында: 
Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. 
Білімнің  тәрбиелік  мәні  жеке  бастың  қамында  емес,  мақсатқа  жетудің  құралы  делінсе,  ал 
Б.А.Тұрғынбаеваның  «Андрагогика»  (2010ж)  атты  оқу-құралында  «Білім  беру  –  адами  қасиеттің 
бейнесінің  мазмұндық  және  процессуалды  жағынан  жүйелендірілген  оқыту  мен  тәрбиелеу  негізінде 
мақсатты  түрде  дамуы  мен  қалыптасуының  әлеуметтік-мәдени  тетігі»  деп  білімнің  келесідей  түрлеріне 
сипаттамалар  береді:  терең  білім,  қолданбалы  білім,  озық  білім,  қабаттас  білім,  орнын  толтыратын 
білім,  түзететін  білім,  дамытпалы  білім,  қолдау  болатын  білім,  толықтыратын  білім.  Қарап  тұрсақ, 
білімнің сан-алуан түрлілігіне көзіміз жетеді. Бірақ, барлық білім түрлері – субъектінің өмір тіршілігі мен 
кәсіби  әрекетінің  тиімділігі  мен  нәтижелілігі  үшін  қызмет  етеді.  Демек,  адам  өзінің  дамуы  барысында 
аталған  барлық  білім  түрлерін  игере  отырып,  дамиды,  қалыптасады,  өзінің  қоғамдағы  орнын  табады, 
белгілі  жетістіктерге  қол  жеткізеді  т.б.  Осылардың  ішіндегі  адам  өмірдің  ағы  мен  қарасын,  жақсы  мен 
жаманды  ажыратып,  бойына  адами  қасиеттерді  сіңіріп,  өзін-өзі  тани  бастайды.  Әрине,  адам  дүниеге 
индивид  болып  келгенімен,  іс-әрекеттің  нәтижесінде  ересектену  арқылы  тұлға,  субъект  болып 
қалыптасады.  Ал,  ересек  деген  кім,  қандай  адамды  ересек  деп  айтуға  болады  деген  сұраққа  1976  ж 
UNESCO  мамандарының  берген  анықтамасы  бойынша:  «Ересек  —  өзі  тұрып  жатқан  қоғамға  тән 
келетін  кез-келген  адам».  Біздің  қоғамда  біз  ересек  адамды  физиологиялық,  психологиялық  және 
әлеуметтік есейген, өмірлік тәжірибиесі бар, өзіндік санасы қалыптасқан, дәстүрлі қоғаммен қалыптасқан 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
74 
ролдерді  орындайтын,  өзі  және  өзінің  өмірі  үшін  жауапкершілікті  сезінетін  адамды  атасақ,  [1].  
Б.А.Тұрғынбаева  [2,  18б]  ғалымдардың  берген  анықтамаларын  қорыта  келе,  «ересек  адам  -  шешім 
қабылдай білетін; өзіне жауапкершілік ала алатын; өмірлік тәжірибиесі бар; сендіре, иландыра білетін; өз 
ісі  мен  әрекетіне  жауап  бере  білетін;  нақты  жағдайға  баға  беріп,  шешім  қабылдауға  қабілетті;  өз 
мүмкіндіктерін  бағалай  алатын;  нәтижеге  жауап  бере  білетін;  индивид;  тұлға;  білімі  бар  адам;  отбасын 
құрған;  қойған  мақсаттарына  жететін;  өз  өмірінің  сапасын  жақсарта  алатын  адам;  саналы  әрекет  ететін 
кісі;  әрекетін  жоспарлап,  нәтижесін  болжай  біледі;  қақтығыстарды  шеше  алады;  мемлекеттік  заңдарға 
сәйкес  өмір  сүретін  адам,  т.б  деген  қортындыға  келеді.  Ал,  психолог  Г.Крайг  ересектерді  сипаттау 
барысында  «жасаралық  сағат»  ұғымын  еңгізді.  Жасаралық  сағат  –  ересектіктің  даму  критериясын 
бағалауда  қолданылатын  ішкі  уақытша  өмірлік  жолды  бейнелейді.  Ол:  «адам  өзінің  дамуы  барысында 
негізгі әлеуметтік жағдайлардан қаншалықты алға дамығандығын білуге мүмкіндік беретін құрал» дейді. 
Жоғарыдан  көріп  тұрғанымыздай,  ересектікке  тән  көптеген  қасиеттерді,  сипаттамаларды  анықтай 
отырып, бойына тән ерекшеліктерді дамыту, қалыптастыру үшін үздіксіз білім алудың маңызын айтпаса 
да түсінікті деп есептейміз. 
Ересектердің  білім  алуы,  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  мәселелерімен  айналысатын  ғылымды 
андрагогика, ал ересектерге білім беретін адамды андрагог деп атайды. Кең мағынасында «андрагогика» 
өмір  бойы  өзін-өзі  өзектейтін  тұлға  туралы  ғылым  деп  түсіндіріледі,  көбіне  адамдар  жас  кезеңдерінде 
өздерін  өзектесе,  кейбіреулері  өмір  бойы  білім,  білік,  дағды  тәжірибие  жинақтай  отырып  өзін-өзі 
жетілдіреді. М.Ш.Ноулз бойынша “Андрогогика – ересектерге бiлiм алуға көмектесу өнерi мен ғылымы”, 
ал Швейцар зерттеушiсi П.Фюрте “Андрогогика – адамды өмiр бойы қалыптастыру туралы ғылым” деп 
есептейді.  
Андрагогика тұлғаның жан-жақты ашылуына, өмірде өзінің орнын табуға және жасырын қабілеттерін 
дамытуға көмектеседі. Алғаш «андрагогика» терминін 1833 ж неміс тарихшысы А. Капп енгізді [3].  
Андрагогиканың  жеке  ғылым  ретінде  қалыптасуы  1950-1960ж  бастау  алғанымен,  1970ж 
М.Ш.Ноулздың  «Современная  практика  образования  взрослых.  Андрагогика  против  педагогики»  атты 
еңбегінен  ғылым  ретінде  дамуы  басталды.  Аталған  еңбекте  андрагогиканың  негізгі  түсініктері, 
ерекшеліктері, әсіресе, балаларға және ересектерге білім беру бойынша айырмашылықтары көрсетіледі: 
Кесте 
1  
Оқытудың педагогикалық және андрагогикалық моделдерін салыстыру 
(М. Ш. Ноулз бойынша) 
Параметрлері 
Педагогикалық модель 
Андрагогикалық модель 
Білім 
алушылардың 
өзіндік санасы 
Тәуелділікті сезінуі 
Өзін-өзі саналы басқарудың өсуі 
Білім 
алушылардың 
тәжірибиесі 
Құндылығы төмен 
Оқытудың жан-жақтылығы  
Білім 
алуға 
білім 
алушының 
дайындығы  
( мотивация) 
Сыртқы 
факторлармен 
анықталады 
Маңызды өмірлік мәселелерді шешу 
қажеттілігімен анықталады. 
Алған 
білімдерін 
қолдануы 
Кейінге қалдырады 
Тез арада, шұғыл түрде 
Білім алудағы бағыты 
Оқу пәніне 
Мәселені шешуге 
Психологиялық климат 
Оқытушының 
беделіне 
бағытталады 
Формалды  емес,  өзара  сыйластыққа 
және біріккен әрекетке негізделеді  
Оқу үрдісіне қатысуы 
Пассивті 
Активті 
 
1970 ж. М.Ш. Ноулз аталған еңбегінде андрагогиканың негізгі түсініктерін қалыптастырды: 
1.Өз бiлiм алуындағы жетекшi рөл үйренушiнiң өзiне тиесiлi. 
2.Ересек үйренушi өзiн-өзi басқаруға, өзiн-өзi көрсетуге ұмтылады және солай сезiнуi тиiс. 
3.Ересек  адамда  өзiнiң  және  өзгелердiң  үйренуi  барысында  қажет  болуы  мүмкiн  өмiрлiк  тәжiрибесi 
бар. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
75 
4.Ересек адам өмiрлiк маңызы бар мәселелердi шешу мен нақты мақсаттарға жету үшiн бiлiм алады. 
5.Ересектер  үйренушi  оқыту  барысында  алған  бiлiм-бiлiк-дағдыларды  кейiнге  қалдырмай 
пайдалануды көздейдi. 
6.Ересектердiң  оқу  iс-әрекетi  кейде шектейтiн, кейде көмектесетiн  уақыттық, кеңiстiктiк, тұрмыстық, 
кәсiптiк және әлеуметтiк факторлар арқылы өзгерiске түседi. 
7.Ересектердi  оқыту  үрдiсi  оның  барлық  (жоспарлау,  жүзеге  асыру,  бағалау  және  түзету)  кезеңiнде 
оқытушы мен үйренушiнiң бiрлескен iс-әрекетi түрiнде ұйымдастырылады [3]. 
Синергетикалық  басқаруға  тікелей  ықпал  ететін  андрогогикалық  оқыту  моделi  педагогикалық  оқыту 
моделiнен көптеген параметрлер бойынша ерешеленедi (М.Ш.Ноулз): 
1.Үйренушi тәжiрибесi бiлiмнiң бай көзi болып табылады. 
2.Үйренушi алған бiлiмiн бiрден пайдаланады. 
3.Оқыту пәнге емес, мәселе шешуге бағытталған. 
4.Оқыту  үрдiсiн  жоспарлау,  сұраныстарды  анықтау  және  оқыту  мақсаттарын  қою  бiрлесе  жүзеге 
асырылады. 
5.Оқу iс-әрекетi өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа бiлiм iздеу технологиясы арқылы жүзеге асырылады. 
Оқытудың андрогогикалық қағидалары (С.И.Змеев): 
1.Өздiгiнен оқып-үйренудiң басымдылығы. 
2.Бiрлескен iс-әрекет. 
3.Білім алшылардың тәжiрибесiне сүйену. 
4.Оқытуды саралау. 
5.Оқытудың жүйелiлiгi. 
6.Оқытудың контекстiлiгi (А.А.Вербицкий). 
7.Оқыту нәтижелерiн өзектендiру. 
8.Оқытудың элективтiлiгi. 
9.Бiлiмдік мұқтаждығын дамыту. 
10.Оқытудың саналылығы [4].  
Ал,  біздің  елімізде  ересектерді  оқыту  теориясы  20  ғасырдың  басынан  басталды.  Оның  дамуына 
М.Әуезов,  С.Мұқанов,  М.Жұбанов,  Н.Манаев,  А.Байтұрсынов,  Т.Шонанұлы  секілді  қазақтың  зиялы 
қауымының  еңбектері  үлес  қосты.  1918ж  Алматыдағы  алғашқы  халық  университеттерінің  ашылуы, 
1925ж  парияның  XIV  съезінде  халық  университеттерінің  әлеуметтік  жағынан  шыңдалып,  1928ж  2-
қарашада  Алматыда  жұмысшылар  универсиеттерінің  ашылуы,  шағын  ауылдарда  «Қызыл  киіз  үй», 
«Қызыл керуен» атты ағарту ошақтарының сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыстары, 1920-1930ж қазақ 
зиялылырының  ересектерге  арналған  оқулықтардың  жарыққа  шығуы,  1924-1925ж  «Оқу  үйшіктерінің» 
ролі,  1928ж  «Сауатсыздықты  жою  пункттері»,  1943ж  халық  комиссарларының  кеңесі  «Өндірісте 
жасайтын  және  жұмысты  үзбей  өз  білімін  жалғастырғысы  келетінжеткіншіктерді  оқуты»  атты  жалпы 
білім  беру  мектептерінің  ұйымдастырылуы,  1944ж  Ұлттық  кеңес  комитетінің  жұмысшы  жастар 
мектептерін  құруы,  1946ж  жұмысшы  мен  ауыл  жастары  үшін  жалпы  орта  білім  беретін  кешкі  және 
сырттан  оқытатын  мектептерінің  ашылуы  [2,  49-54б]  қазіргі  таңдағы  үздіксіз  білім  берудің  бастамасы 
болғандығына көз жеткіземіз. 
  Аталған  ғылымның  қазіргі  таңдағы  маңызын,  өзектілігін  қарастыра  отырып, Қазақстандағы  үздіксіз 
білім беру жүйесі (бакалавриат-магистратура- PhD докторантура) бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық 
педагогикалық  университеті  Магистратура  және  PhD  докторантура  институты  «Педагогикалық 
мамандықтар»,  «Психология  және  арнайы  білім  беру»  кафедраларында  ересектерге  білім  беру 
мәселесімен 
айналысатын 
педагог-ғалым, 
педагогика 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Б.А.Тұрғынбаеваның  жетекшілігімен  докторанттарға  «Андрагогика»  атты  курсы  оқытылады.  Оқу 
курсының мазмұнында андрагогиканың ғылыми мәртебесі, ересектерге білім беру тарихы, үздіксіз білім 
беру жүйесіндегі ересектерді оқыту ерекшеліктері, ересектерге білім берудің технологиялары мен әдістері 
қамтылған. 
  Аталған  пән  бізге  өз  кезегінде  кәсіби  дамуымызды  шыңдай  түсуіне,  үздіксіз  білім  алу,  өзін  дамыту, 
өзін жетілдіру, өзін-өзі өзектеудің қыр-сырын үйретіп, өзімізге өзіміздің андрагог – педагог болуымызға 
үлке  септігін  тигізуде.  Профессор  Ботагүл  Алтаевна  осы  пәнді  оқу  барысында  адамның  үнемі  өзін-өзі 
дамытып,  білімін  жетілдіріп  отыруы  қажеттігін  үнемі  айтады.  Дәрістер  мен  семинар  сабақтары, 
докторанттардың өз бетінше атқаратын жұмыстары ғылыми пікір алмасу, ізденіс жағдайында өтеді. 
«Үздіксіз білім алудың маңызы» бойынша аталған пән шеңберінде біз 25-45 жас аралығындағы білім 
алып  жатқан  жоғары  білімді  ересек  адамдардың  (магистранттар,  докторанттар)  пікірін  тыңдау 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
76 
мақсатымен сауалнама жүргіздік.  
Сауалнама  6  сұрақты  қамтыды.  Бірінші  сұрақ  бойынша,  «Білім»  ұғымының  мәнін  қалай 
түсінесіздер?  «Білім-тәжірибие,  тәлім-тәрбие,  өмір  бойы  көргеннің,  оқығанның  бәрі»  деген  жауаптар 
алдық.  
Екінші  сұрақ  бойынша,  «Біліміңіздің  көмегімен  қандай  жетістіктерге  жеттіңіз?»  ЖОО-да  жұмыс 
жасаймын, шәкірттерге білім беріп жатырмын, қоғамда өзімнің орнымды таптым, материалдық тұрғыдан 
өзімді қанағаттандырамын, танысым көбейді, адамдармен тез тіл табысамын. 
 Үшінші  сұрақ  бойынша,  «Сіздің  ойыңызша,  адам  өз  кәсібінің  маманы  болуы  үшін  қанша  білім 
керек?» деген сауалға:  барлық қатысушылар  «Білім-шектеусіз», өмір бойы  оқу қажет деген бір пікірден 
шықты. 
«Өзіңізді менің білімім  осымен толды, мен өзімді өзім өзектеген адаммын»  деп айта аласыз ба деген 
сауалға:  Жоқ,  яғни  әлі  де  болса  білмейтінім  бар, қоғам  үнемі  даму  үстінде,  күнделікті  оқып  отырмасақ, 
дамудан артта қаламыз деген жауаптар айтылды. 
 «Адам өзін-өзі дамытуымен айналысуы қажет пе деп ойлайсыз ба?» барлығы «Иә» деген жауап берді. 
Сауалнама барысында 30-45 жастағы ересек адамдарың қазіргі таңдағы университет қабырғасында білім 
алып  жатқандықтарына  бойларында  ешқандай  өкініш,  ұялу  сезімдерінің  болмауы  қуантты.  Керісінше, 
білім  алушылардың  білім  алуға  деген  қызығушылықтары,  белсенділіктері,  ынталары  жоғары  екендігі 
байқалды.  
Сонымен,  ересектердің  білім  алуы  үздіксіз  білім  берудің  негізгі  бағыты.  Осы  тұрғыдан,  біздер 
докторанттар,  ересектерді  оқыту  теориясымен  айналысатын  ғылым-андрагогиканың  қазіргі  таңдағы 
маңызының  зор  екенін  түсіндік.  Болашақ  жоғары  оқу  орынының  мамандары  ретінде  студенттермен 
жұмыс жасауда андрагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алудың мәнділігін ұқтық. 
Өмір бойы білім алу қағидасына сәйкес жалпы алғанда, кез-келген адам ол-андрагог болып табылады. 
Өйткені,  қазіргі  қоғамымыздың  әлемдік  кеңістікке  енуі  барысында  өзінің  білімділігін  жетілдірмесе, 
адамның  функционалдық  сауаттылығы  төмеңдей  береді.  Ендеше, өзімізді  өздігінен  білім  алуға,  өзімізді 
өзіміз  дамытуға  тәрбиелейтін  осы  пәннің  докторантура  бағдарламасында  болуы  өте  құптарлық  жағдай 
екендігін атап өте отырып, барлық жоғары оқу орындары тәжірибесіне енгізілгені орынды болар еді деген 
тілек білдіреміз. 
  
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
http://hrm.ru/osobennosti-obuchenija-vzroslykh - Особенности обучения взрослых 
2. 
Тұрғынбаева Б.А. Андрагогика / оқу-құралы. – «Алатау» баспасы, Алматы, 2011. – 180б. 
3. 
http://www.bibliofond.ru/view.aspx?id=104277 Андрагогика: принципы практического обучения для 
взрослых В. А. Дресвянников 
4. 
http://erkin.ucoz.kz/publ/1-1-0-12 
 
 
ОҚЫТУДЫҢ  ЖОБАЛЫҚ  ӘДІСІН  ҚОЛДАНУ  –ЖОҒАРЫ  БІЛІМ  БЕРУДІҢ  САПАСЫН 
АРТТЫРУДЫҢ КЕПІЛІ 
 
Мырзапейсова К.Ж.- 
Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің 2- к магистранты 
 
Аннотация. 
В  данной  статье  автор  отмечают,  что  инновационные  технологии  в  системе  высшего  образования 
должны  отвечать  современным  требованиям,  предъявляемым  к  образовательным  программам  и 
технологиям.  Будущий  педагог  профессионального  образования  должен  уметь  ставить  перед  собой 
достижимые  цели  и  задачи,  реализовывать  их  с  помощью  самостоятельно  найденных  средств,  умело 
применять  теоретические  знания  к  решению  практических  задач,  оформлять  и  представлять  результаты 
своей работы. 
Annotation. 
In  the  article,  the  author  notes  that  innovative  technologies  in  higher  education  should  meet  the  mode 
requirements of the educational programs and technologies. The future of vocational education teacher should be 
able to set achievable  goals and  objectives, implement them using their  own funds  found, skillfully apply the  o 
radical know ledge to solve problems practices, execute and present their results. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
77 
Қоғамымыздың  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  өміріндегі  түпкілікті  өзгерістер  XXI 
ғасырдағы,  қазіргі  Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  дамуының  жағдайы  мен  болашағын  анықтап 
береді.  
Әрине  жоғарғы  білім  беру  мазмұнының  деңгейі  көп  жағдайда  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік 
ұлттық саясатқа байланысты. 
Жоғары  мектептің  қазіргі  жаңаруы  студенттердің  өз  бетімен  білім  алу  үрдісін  жасайтын  белсенді 
өзіндік оқу-танымдық қызметке тарту мәселелерін оқыту барысы шешeтін оқу-тәрбиелік үрдісті жасауға, 
тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  оқу  жүйесінің,  қоғамдағы  мәдени-жасампаздық  рухани  рөлін 
жаңғыртуға бағытталған жаңа білім беру саясатымен байланысты. 
Студенттердің  оқыту  барысында  белсенді  өзіндік  ұстанымға  жетуі,  меңгерілген  білімдері  тұлғалық 
мағынаға  ие  болған  жағдайда  ғана  қалыптасады.  Алайда  бұл,  студенттердің  ұстанымдарының 
дербестігіне  кепіл  бола  алмайды.  Сондықтан,  студенттің  меңгеруі  тиіс  білім  көлемі  бірден  артып  қана 
қоймайды,  сонымен  бірге  қарқынды  жаңарады,  бұл  жоғары  мектептегі  оқыту  үрдісінің  білім 
алушылардың  жалпы  білімді,  арнайы  сипаттағы  білімді  өз  бетімен  алуын  және  меңгеруін  қамтамасыз 
етіп, әдістемелік сипаттағы дағдылар мен машықтарды мегеруге бағытын алдын ала анықтайды [1]. 
Қазіргі  әлеуметтік-экономикалық  беталыстар  болашақ  мамандардың  кәсіби  дайындығының  сапасын 
арттыру  мәселелерін  өзектендіреді.  Еңбек  нарқындағы  бәсекелестікке  байланысты  жоғарғы  оқу 
орындарының түлектеріне талап күшейеді. Бүгінгі студент мамандығы бойынша іргелі білімге ғана емес, 
сонымен  бірге  кретивтілік,  икемділік,  мақсаттылық,  сыншыл  ой,  кәсіби  өсу  сияқты  көптеген  тұлғалық 
сапаға ие болуы қажет. 
Табысты  кәсіптік  қызмет  үшін  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын,  оқу 
бағдарламалары әзірлемесінің жаңа әдістерін білу қажет. Бүгінгі  студентке өздігінен үйрену  дағдылары, 
теорияны  тәжірибиемен  сабақтастыра  білу,  сонымен  бірге  іздестіру  икемділігі  мен  дағдылары  қажет. 
Қорыта  келгенде,  жоғарғы  білім  беру  жүйесіндегі  инновациялық  технологиялар  білім  беру 
бағдарламалары  мен  технологияларына  қойылатын  қазіргі  талаптарға  сай  болуы  керек.  Кәсіби  білім 
берудің  болашақ  ұстаздар,  алдына  қол  жетерлік  мақсаттар  мен  міндеттер  қоя  алатын,  оларды  дербес 
табылған  құралдардың  (ақпараттық,  материалдық  т.б.)  көмегімен  іске  асыра  алатын,  теориялық 
білімдерін  практикалық  міндеттерді  орындауға  тиімді  қолдана  білетін,  өз  жұмысының  нәтижелерін 
рәсімдеп  ұсына  алатын  болуы  тиіс.  Өз  жиынтығында  олар  қызметтің  жобалық  технологиялары  болып 
табылады. Студенттерді оқыту жобалау технологияларын қолдану арқылы  іске асырылуы тиіс. Осының 
арқасында студенттер нақты міндеттерді шеше отырып білім алады және дағдыларын дамытады. 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
78 
 
 
1сурет. Жобалау әдісіне негізделген оқыту сұлбасы 
 
Жобалық  –қызметтің  идеяларына  тарихи  талдау  жасау  кезінде  «жобалау әдісі»  білім  беру  саласында 
XVI ғасырдың аяғынан бастап қолданылатыны, бай тарихы бары, оны оқытуда қоданудың педагогикада 
үлкен  тәжірибе  жинақталғаны  белгілі.  «Жобалау  әдісі»  кәсіби  оқыту  аспектісінде  кәсіби  талаптардың 
жүйесіне болашақ мамандарды енгізу қажеттілігіне байланысты туындады [2]. 
«Жобалау әдісі» терминімен біз жобалау қызметінің технологиясын, аталған қызметтің субъектілерін 
және  олардың  ерекшеліктерін,  жобалау  қызметінің  мақсатын,  жобалау  қызметінің  үдерісінде 
қолданылатын  дидактикалық  әдістерін,  жобалау  қызметін  бағалаудың  деңгейлері  мен  шарттарын 
қамтитын  оқытудың  жобалау  технологиясын  түсінеміз.  Педагогикалық  технологияларды  жобалау 
әдістемелерін М.Е. Бершадский, В.П. Беспалько, В.В.Гузеев, Е.Н. Гусарова, З.З. Кирикова, В.М.Монахов, 
Р.С.Сафин, Г.К. Селевко, Н.Е. Щуркова, В.В. Юдин және басқа да ғалымдар зерттеген. 
Жоғарғы  мектепте  жобалау  технологиясын  қолдану  педагогикалық  сипаттағы  көптеген  мәселелерді 
шешуге  себеп  болады.  Осындай  мәселелердің  қатарына  мыналарды  жатқызуға  болады:  студенттердің 
техникалық  пәндерді  үйренуге  деген  тұлғалық  уәждемесінің  төмендігі,  соның  салдарынан  олардың 
жоғары білімнің және жалпы ғылыми білімнің маңыздылығын түсіне отырып, үлгерімдерінің төмендеуі. 
Бұдан  басқа  қазіргі  заманғы  білімнің  көп  сипаттамалардың  арасында  білімнің,  сонымен  бірге 
азаматтардың  өздерінің  және  тұтастай  қоғамның  дамуы  аталып  өтіледі;  кәсіби  оқыту  мазмұндық 
жоспарда тез өзгеретін технолгияларға шығуға үлгермейді. 
В.А.Сластенин  қазіргі  заманғы  кәсіби  білім  туралы  айта  келіп,  «  субъектілік-мағыналық  оқудың 
ақпараттық оқумен салыстырғандағы басымдылығы, студенттердің түсінігінде бірмәнді «бағдарламалық» 
ұғымдарына  қарағанда  әлемнің  көптеген  жекелеген  (субъектілік)  суреттерін  қалыптастыру,  тұлғалық 
дамудың  диагностикасы,  жағдайларды  жобалау,  мазмұнды  іздеу  диалогі,  өмірілік  мәселелер  контексіне 
оқу  мәселелерін  қосу»  деген  пікірін  білдірді  [3].  Демек,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  жобалау 
технологияларын  енгізу  және  әзірлеу  негізінде  болашақ  мамандарды  даярлау  сапасын  арттырудың 
қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруға болады. 
Қазіргі  заманғы  әлеуметтік-экономикалық  шартарды  талдау  барысында,  жоғары  мектеп 
тәжірибесіндегі нақты жағдай және мәселенің теориялық әзірлемесінің жайын зерделеу кезінде жобалау 
қызметінің дағдыларын игерген инженерлік техникалық кәсіптегі мамандарды даярлауға қатысты қазіргі 
заманғы  талаптар  мен  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  осы  технологияларды  меңгеруіне 
байланысты оқыту үдерісінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық анықталды. 
Жобалау әдісіне негізделген оқыту 
 
Ыталандырушы 
сұрақ 
немесе 
мәселе 
XXI 
ғасыр 
дағдылары 
Танымдық 
қажеттілік 
Қызығушылық 
және инновация 
Студенттің  
таңдау және 
дауыс құқығы 
Кері  байланыс 
және тексеру 
Көпшілікке 
ұсынылған  
өнім 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
79 
Жобалау  технологияларын  оқу  үрдістерінде  қолдану,  оқылатын  пәндер  бойынша  студенттердің 
үлегерімін  арттыруға  ықпал  етеді.  Cонымен  бірге,  жобалау  технологиялары  оң  оқу  уәждемесін 
қалыптастыруға, ойлаудың түрлерін, жеке оқу қызметін ұйымдастыру дағдыларын дамытуға ықпал етеді.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет