Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56


направленность  психолого-педагогической  подготовки  специалиста  на  его  профессиональную 
самоактуализацию; 
интеграция  всех  компонентов  содержания  образования  в  технологическом  обеспечении  психолого-
педагогической  подготовки  учителя  на  основе  смены  приоритетного  статуса  каждого  компонента 
(знания, умения и навыки, опыт творческой деятельности, опыт эмоционально-ценностного отношения к 
миру)  в  следующих  направлениях  реализации  технологий:  когнитивном,  активно-деятельностном, 
гуманистическом и психотерапевтическом.; 

обусловленность 
процесса 
формирования 
профессиональной 
зрелости 
требованиями 
педагогической 
деятельности, 
меняющимися 
(модифицированными, 
конкретизированными) 
в 
зависимости от динамики социально-экономической жизни общества 
Литература 
 
1. 
Андриенко  Е.В.  Психолого-педагогические  основы  формирования  профессиональной  зрелости 
учителя. М.- Новосибирск. 2002. 
2. 
Сластенин  В.А.  Профессионализм  учителя  как  явление  педагогической  культуры  / 
Педагогический  профессионализм  как  фактор  развития  современного  образования:  Материалы 
международной научно-практической конференции. Новосибирск, 2009. НГПУ. С.3-19. 
 
ӘОЖ 373 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ДИДАКТИКАЛЫҚ  ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ  МАЗМҰНЫНА  ҚЫСҚАША 
ТАЛДАУ 
Қ. Бөлеев, Л.Қ.Бөлеева, П.Қ.Бөлеева –  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Резюме 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
14 
В  статье  дается  обзор  и  содержательный  анализ  исследований  казахских  ученых-педагогов  по 
дидактике. 
Summary 
In the article a review and rich in content analysis of researches of the Kazakh scientists-teachers are given on 
a didactics. 
 
Педагогиканың оқыту теориясы бөлімі бойынша қазақ ғалым-педагогтарының зерттеу жұмыстарының 
нәтижесінде бірнеше оқу құралдары мен оқулықтар жарық көрді. Солардың мазмұнына қысқаша талдау 
жасалық. 
Жүсіпбек Аймауытовтың 1922 жылы Орынбордан шыққан «Дидактика» атты оқулығы педагогика 
ғылымының дидактика саласы бойынша Қазақстанда жарық көрген тұңғыш еңбек [1]. 
Оқу  құралында  дидактиканың  өзіндік  белгісі,  ерекшеліктері,  өзге  ғылымдармен  байланысы,  әсіресе 
педагогикамен  байланысы,  ортақ  белгісі,  айырмашылықтары  кеңінен  сөз  болады.  Дидактиканың  мән-
мағынасына қарай оны автор екіге бөледі: 
1) Жалпы дидактика, яғни барлық пәндерді оқытудың заңдары мен мәселелері; 
2) Жеке дидактика, яғни методика – жеке пәндерді оқып үйренудегі амал, әдістер жиынтығы. 
Оқу  құралында  дидактиканың  баланы  оқыту  ісіндегі  маңызы,  әсіресе,  оның  оқу  мен  оқыту  ісіндегі 
теориялық  және  практикалық  маңызының  зор  екендігі  баяндалады.  Нақтырақ  айтар  болсақ,  автор  оған: 
«Дидактика оқытудың жалпы ережелерін, жолдарын, әдістерін көрсетіп, мұғалімге бағыт беріп, жетекші 
болады» деген анықтама бере отырып, жақсы мұғалім болу үшін: 
- дидактика мен методиканың мақсат-мұратын жіті білу; 
- үлгілі ұстаздардың іс-тәжірибелерін басшылыққа алу; 
- бала оқытумен бірге өзі де оқып, іздену шарт деген, мән-маңызы жоғары ойларын алға тартады. 
Кітапта  автордың  білімді  ана  тілінде  оқу  арқылы  меңгеру,  баланы  оқыту  және  тәрбиелеу  ісінде 
мұғалімнің  беделі  мен  орны,  оның  сабақ  берудегі  әдіс-тәсілдері,  ұстаз  тұлғасы  мен  шеберлігі,  баланың 
ынталы  оқуы,  оқыту  әдістері,  оқыту  түрі,  сабақ  жүйесі,  машықтану,  білімді  байқау,  оқытудың  жанама 
құралдары, сабақтың желісі мен жоспары, сабақ кестесі т.б. мәселелер жайындағы ойлары сөз болады.  
М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытов  еңбектерінде көтерілген мәселелер қазіргі заманғы білім беру жүйесі 
мен  жаңа  тұрпатты  мұғалімге  тән  қойылатын  талаптарға  сай  келетінін  ескерер  болсақ,  бүгінгі  мектеп 
мұғалімдері  мен  болашақ  мұғалімдердің  педагогикалық  біліктілігін  жаңаша  бағытта  дамытып,  оларды 
жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім ретінде қалыптастырудағы рөлі ерекше екендігін айтуға болады. 
Н.Көшекбаевтың  «Оқыту  теориясы»  атты  1976  жылы  шыққан  мектеп  мұғалімдеріне  арналған 
көмекші  құралы  автордың  көпжылғы  зерттеу  жұмысының  нәтижесі,  ол  бес  тараудан  тұратын  және 
педагогиканың дидактика бөлімі бойынша жарық көрген тұңғыш еңбек [2]. 
Бірінші  тарау  «Оқытудың  теориялық  негіздері»  деп  аталып,  онда  оқыту  теориясы  және  оның  даму 
жолдары,  оқыту  теориясының  философиялық  негіздері,  оқыту  теориясының  физиологиялық  негіздері, 
оқыту  теориясының  психологиялық  негіздері  сипатталса;  екінші  «Оқытудың  мазмұны»  атты  тарауда 
жалпы  білім,  еңбек  және  политехникалық  білімдері,  оқу  жоспары,  оқу  программасы,  оқулық;  үшінші 
«Оқытудың  принциптері»  атты  тарауда  оқыту  мен  тәрбиенің  байланысты  болу  принципі,  оқытудың 
ғылыми  принңипі,  оқытуда  теория  мен  практиканы  байланыстыру  принципі,  оқытудың  көрнекілік 
принципі,  білімнің  шамаға  лайық  болу  принципі,  оқытудың  жүйелілік  принципі,  оқушылардың  саналы 
түрде  оқып  үйрену  принципі,  білімнің  тиянақты  болу  принципі,  оқушылардың  өзіндік  ерекшелігімен 
санасу принципі сипатталған; төртінші «Сабақ жүйесі» атты тарауда сабақ жүйесінің даму тарихы, совет 
мектептерінде  класс-сабақ  жүйесінің  дамуы,  мұғалімнің  сабақ  жүйесін  жоспарлауы,  сабақ 
классификациясы және олардың құрылысы, жаңа білімді алғашқы қабылдау сабағы, практикалық сабақ, 
білімді  сынау-бағалау  сабағы,  қайталап-қорыту  сабағы,  көп  вариантты  аралас  сабақ,  оқу  жұмысын 
ұйымдастырудың  экскурсиялық  түрі,  еңбек  сабағын  ұйымдастыру  жүйесі,  сабақ  процесінде  кластағы 
барлық  оқушымен  не  олардың  шағын  тобымен  немесе  жеке  оқушымен  оқу  жұмысын  ұйымдастыру 
тәсілі,  оқушылардың  үйде  орындайтын  оқу  жұмыстарын  ұйымдастыру  жолдары  мазмұндалған;  бесінші 
«Оқыту  әдісі»  атты  тарауында  оқыту  әдісінің  анықтамасы,  ауызша  оқыту  әдісінің  түрлері,  әңгіме  әдісі, 
түсіндіру әдісі, баяндау әдісі, мектеп лекциясы, көрнекі оқыту әдісі, программалап оқыту әдісі, кітаппен 
жұмыс әдісіне сипаттама берілген. 
Р.М.Қоянбаевтың бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы факультеті студенттеріне арналып, 
1990  жылы  шыққан  «Білім  беру  және  оқыту  теориясы»  атты  оқу  құралында  білім  беру  және  оқыту 
теориясы,  мазмұны  мен  міндеттері,  оқыту  барысының  мәні,  оқыту  принциптері,  мектептегі  білім  беру 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
15 
мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары, бастауыш мектепте оқытудың әдістері, бастауыш сыныпта 
білімді тексеру және бағалау мәселелері баяндалған [3]. 
Т.Сабыровтың «Оқыту  теориясының негіздері» атты оқу құралы педагогика курсының дидактика 
бөліміне  арналған  [4].  Онда  дидактика  туралы  түсінік,  оқыту  процесі,  оның  құрылымы,  міндеттері, 
оқытудың  түрлері,  заңдылықтары  мен  принциптері,  білім  мазмұны,  жалпы,  политехникалық  және 
кәсіптік  білім  беру,  оқу  жоспарлары,  бағдарламалар  мен  оқулықтар,  білім  мазмұнын  жетілдіру,  оқыту 
әдістері  мен  құралдары,  олардың  сипаттамалары,  оқытуды  ұйымдастыру  формалары,  сабақ  –  оқытуды 
ұйымдастырудың негізгі формасы екендігі, сабақтың типтері, түрлері, олардың құрылымдары, мұғалімнің 
сабаққа  дайындығы,  тақырыптық  және  сабақ  жоспарлары,  сондай-ақ  оқушылардың  білімін  бақылау, 
бағалау және есепке алу мәселелері қарастырылған. 
Р.М.Қоянбаев,  Р.Қ.Бекмағамбетова және Ұ.Қ.Қыяқбаеваның «Бастауыш мектеп дидактикасы» 
атты  әдістемелік  құралында  бастауыш  мектеп  дидактикасы  курсының  лекциялық,  семинарлық, 
лабораториялық  жұмыстар  сабақтарының  тақырыптары,  курстың  мазмұны,  одан  бақылау  және  емтихан 
жұмыстарының сұрақтары, дидактикалық тесттер, курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары, 
студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар берілген [5].  
Н.Э.Пфейфер,  Е.О.Жұматаева  және  Е.И.Бурдинаның  «Основы  современной  дидактики»  атты 
оқу құралы педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандартына сай дайындалған [6]. 
Оқу  құралында  дидактика  –  педагогикалық  оқыту  теориясы,  оқыту  үрдісі  –  тұтас  жүйе,  оқытудың 
түрлері, оқытудың заңдылықтары мен принциптері, білім мазмұны және оны жетілдірудің педагогикалық 
негіздері,  мектептегі  оқыту  әдістері,  құралдары  және  формалары,  сабақ  –  қазіргі  мектептегі  оқытуда 
ұйымдастырудың  негізгі  формасы,  оқытуды  ұйымдастырудың  басқа  формалары,  оқыту  нәтижесін 
тексеру және бағалау, білімді жаңарту шарттары, жоғары мектеп дидактикасы мәселелері баяндалған. 
Т.С.Садықов  пен  А.Е.Әбілқасымованың  «Қазіргі  дидактика»  оқу  құралы  алғы  сөзден,  тоғыз 
тараудан және әдебиеттер тізімінен тұрады [7]. 
Бірінші  «Дидактика  –  оқыту  теориясы»  атты  тарауда  дидактика  туралы  жалпы  түсінік,  дәстүрлі 
дидактикалық жүйелер, оқыту ұғымы мен мәні, оқыту –дидактикалық үрдіс; екінші «Тарихи кезеңдердегі 
дидактикалық  жүйелер  және  оны  дамытушылар»  атты  тарауда  антикалық  кезеңдегі  дидактикалық 
теориялар  және  оның  көрнекті  өкілдері,  ортағасырдағы  білім  беру  жүйесі  және  оның  дидактикалық 
сипаты, қайта өрлеу дәуіріндегі дидактикалық теориялар, дидактиканың дамуы: класс-сабақтық жүйеден 
дамыта  отырып  оқытуға  дейін,  Кеңес  дәуіріндегі  оқыту  теориялары  және  оның  көрнекті  өкілдері, 
Қазақстанда  білім  беру  жүйесінің  дамуы  және  құнды  ілімдер  берілген;  үшінші  «Білім  мазмұны»  атты 
тарауда  білім  мазмұны  түсінігі  және  оның  мәні,  білім  мазмұнының  қалыптасуындағы  негізгі  теориялар 
мен  концепциялар,  мемлекеттік  білім  стандарты,  оқу  жоспарлары,  бағдарламалар,  оқу  құралдары 
келтірілген;  төртінші  «Оқыту  принциптері  мен  ережелері»  атты  тарауда  оқыту  принциптері  туралы 
жалпы  түсінік,  көрнекілік  принципі,  саналылық  және  белсенділік  принципі,  түсініктілік  принципі, 
ғылымилық принципі, жүйелілік және бірізділік принципі, беріктілік принципі, теория мен практиканың 
байланысы принципі ашылған; бесінші «Оқыту әдістері және құралдары» атты тарауда оқыту әдістерінің 
маңыздылығы, оқыту әдістерін топтастыру, оқыту әдістерін жетілдіру және қазіргі әдістер мен нәтижелі 
оқыту  әдістері  сипатталған;  алтыншы  «Оқытуды  ұйымдастыру  формалары»  атты  тарауда  мектепте 
ұжымдық  оқыту,  оқу  қызметін  ұйымдастырудың  фронтальды  түрі,  оқушылардың  сабақтағы  жұмысын 
ұйымдастырудың  жеке  формасы,  оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  топтық  формасы,  оқу  үрдісін 
ұйымдастырудың  қосымша  формалары  қарастырылған;  жетінші  «Сабақ  –  қазіргі  мектептердегі  оқу 
үрдісін  ұйымдастырудың  негізгі  формасы»  атты  тарауда  сабақ  –  біртұтас  жүйе,  оған  қойылатын  қазіргі 
талаптар, оның технологиясы және құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы, сабақты талдау жолдары 
көрсетілген;  сегізінші  «Қазіргі  мектептегі  оқытудың  шығармашылық  қызметі»  атты  тарауда 
шығармашылық  –  ізденімпаздық  нәтижесі,  шығармашылық  сабақты  әзірлеу,  ұжымдық  шығармашылық 
жұмыстарды  ұйымдастыру,  жеке  ұжымдық  шығармашылық  жұмыстар,  жеке  шығармашылық  оқыту, 
оқытудың  дистанциялық  түрлерін  әзірлеу  туралы,  ал  тоғызыншы  «Оқыту  нәтижелерін  бақылау  және 
бағалау»  атты  тарауында  оқу  үрдісін  басқару  және  оқыту  нәтижелерін  бағалауға  қойылатын  қазіргі 
талаптар, 
бақылау-қадағалау 
әдістері, 
оқу 
іс-әрекеттерінің 
нәтижелерін 
бағалау 
мәселелері 
қарастырылған. 
К.Ж.Төребаеваның «Педагогика (Дидактика)» атты оқу құралында оқыту үрдісінің мәні, оқытудың 
заңдылықтары,  принциптері,  мазмұны,  әдістері  мен  құралдары,  оқытуды  ұйымдастыру  формалары, 
оқытудағы диагностика мен бақылау мәселелері сипатталған [8]. 
Р.К.Бекмағамбетованың  «Дидактика»  атты  оқу  құралында  педагогиканың  дидактика  бөлімі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
16 
бойынша  төмендегідей  сегіз  лекцияның  мазмұны  жасалынған:  педагогика  ғылымы  жүйесіндегі 
дидактика,  оқыту  үрдісі  –  тұтас  жүйе,  білім  мазмұны,  оқытудың  заңдары,  заңдылықтары,  принциптері, 
әдістері,  құралдары,  қазіргі  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары,  оқыту  үрдісінің  сапасына 
педагогикалық бақылау және оқудың мотивациясы [9]. 
Ш.Д.Дуйсембекованың  «Дидактика»  атты  оқу-әдістемелік  құралы  кіріспеден,  екі  тараудан  және 
әдебиеттер тізімінен тұрады [10]. 
Бірінші тарау «Оқыту теориясының негізі» деп аталып, онда дидактиканың шығуы мен дамуы, негізгі 
ұғымдары,  оқыту  теориясының  дидактикалық,  психологиялық,  әдіснамалық  негіздері,  оқыту 
заңдылықтары және принциптері сипатталған. 
«Білім беру мазмұны» атты екінші тарауда білім беру мазмұны туралы, оның мазмұнының тұлғалық-
бағыты, әрекетінің мазмұны, жалпы орта білім берудің құрылымы, білімдарлық стандарты, базистік оқу 
жоспары, білімдарлық бағдарламалар және қазіргі оқулық мәселелері сөз болған, сондай-ақ, білімдарлық 
үрдіс және оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау және педагогикалық технологиялар 
туралы қысқаша түсініктемелер берілген. 
Е.Жұматаеваның 
«Жоғары 
мектеп 
дидактикасы»  атты 
монографиясы  екі  бөлімнен, 
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады [11]. 
«Жалпы  дидактиканың  тарихы,  оның  әдіснамалық  және  философиялық  негізі»  атты  бірінші  бөлімде 
дидактиканың  тарихи-философиялық  генезисі,  жоғары  мектепте  студенттерді  оқыту  процесіндегі 
танымдық  қызметінің  мәні,  маңызы,  құрылымы,  қозғаушы  күші  және  бөлім  бойынша  тұжырым 
жасалынған. 
Екінші «Педагогикалық негіздер» бөлімінде жоғары мектепте оқытудың педагогикалық технологиясы, 
жоғары  мектепте  студенттерді  оқытудың  қазіргі  жағдайы,  студенттерге  дидактикалық  білім  берудің 
мүмкіндіктері,  зерттеу  мәселесі  бойынша  жұмыстардың  нәтижесі,  студенттердің  танымдық 
деңгейліктерін  бағалаудың  диагностикасы,  Құдайберді  шығармашылығындағы  дидактикалық  негіздің 
философиясы,  Жүсіпбек  Аймауытов  шығармаларындағы  психологизм,  «Жоғары  мектеп  дидактикасы 
дамуының  негіздері»  атты  арнаулы  курс  бағдарламасы,  пәннің  тақырыптық  жоспары,  түсінік  хат,  дәріс, 
практикалық және зертханалық сабақтардың мазмұны, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесі, 
дайындау кезеңі, «Қызығушылық» фазасы, мағынаны ажырату және бөлім бойынша тұжырым берілген. 
Т.С.Садықов  пен  А.Е.Әбілқасымованың  «Жоғары  мектепте  білім  берудің  дидактикалық 
негіздері» атты оқу құралы кіріспеден, үш тараудан және әдебиеттер тізімінен тұрады [12]. 
Бірінші тарау «Дидактика – оқыту теориясы» деп аталып, дидактика туралы жалпы түсінік, оның пәні 
мен  міндеттері,  оқыту  принциптері,  зандары  мен  зандылықтары,  білім  беруді  стандарттау  -  жоғары 
мектептің негізгі міндеті; екінші «Жоғары мектептегі оқыту процесі – біртұтас дидактикалық жүйе» атты 
тарауда жоғары мектепте оқыту технологиясы, оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық әдістері, оқыту 
мақсаттарын  ұйымдастыру  мен  жүзеге  асырудың  дидактикалық  әдістері,  білім  мазмұнын  қалыптастыру 
көздері мен факторлары, оқыту әдісінің ұғымы мен мәні, оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым 
және  оларды  классификациялау,  жоғары  оқу  орындарында  оқытуды  ұйымдастыру  түрлері,  оқыту 
құралдары  туралы  ұғым  және  оларды  классификациялау,  оқыту  технологиясын  әдістемелік  жағынан 
қамтамасыз  ету,  жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  нәтижелерін  бақылау  және  бағалау,  оқу  процесін 
басқару  және  оқыту  нәтижесін  бағалауға  қойылатын  қазіргі  талаптар,  бақылау  әдістері,  бақылаудың 
рейтингілік  жүйесі,  білімді  бағалау,  оқыту  технологиясында  студенттердің  білімін  бағалау;  үшінші 
«Мамандар  даярлауға  қойылатын  біліктілік  талаптарын  жобалаудың  тұжырымдамалық  негіздері»  атты 
тарауда  мамандарды  кәсіби  даярлау,  жоғары  білімді  мамандарға  қойылатын  жаңа  біліктілік  талаптарын 
жобалаудың  құрылымы  мен  кезеңдері,  маманның  бәсекеге  қабілеттілігі  -  жоғары  оқу  орнының  даярлау 
сапасының көрсеткіші анықталған. 
Сонымен,  жоғарыда  мазмұндық  талдауға  алынған  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  болашақ 
мұғалімдердің  дидактикалық  даярлығын  шыңдау,  теориялық  және  әдістемелік  білімдерін  тәжірибеде 
тиімді қолданудың әдістемелік негіздерімен таныстырады.  
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
1. Аймауытов Ж. Дидактика. Оқулық. - Орынбор, 1922. 
2. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. Көмекші оқу құралы. - Алматы: Мектеп, 1976. – 128 б. 
3. Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. Оқу құралы. - Алматы: ҚМПУ, 1990. 
4. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Оқу құралы. - Алматы: РБК, 1992. - 93 б. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
17 
5.  Қоянбаев  Р.М.,  Бекмағамбетова  Р.Қ.,  Қыяқбаева  Ұ.Қ.  Бастауыш  мектеп  дидактикасы.  Әдістемелік 
құрал. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002. – 38 б. 
6. Пфейфер Н.Э., Жуматаева Е.О., Бурдина Е.И. Основы современной дидактики. Учебное пособие. - 
Павлодар: ПГУ, 2006. - 147 с. 
7. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. - Алматы: Ғылым, 2006. - 280 б. 
8. Төребаева К.Ж. Педагогика (Дидактика). Оқу құралы. – Ақтөбе, 2007. – 238 б. 
9. Бекмагамбетова Р.К. Дидактика. Учебное пособие. – Алматы: КазНПУ им.Абая, 2009. – 156 с. 
10. Дуйсембекова Ш.Д. Дидактика. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2010. – 118 б. 
11. Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы. Монография. – Павлодар: ЭКО, 2006. – 316 б. 
12.  Садықов  Т.С.,  Әбілқасымова  А.Е.  Жоғары  мектепте  білім  берудің  дидактикалық  негіздері.  Оқу 
құралы. - Алматы: Ғылым, 2003. - 168 б. 
 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ПРЕЗИДЕНТІ  Н.А.НАЗАРБАЕВТЫҢ  ӘР  ЖЫЛҒЫ 
ЖОЛДАУЛАРЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯЛАРЫ  
 
Иманбаева Сәуле Тохтарқызы- 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 
«Ұлттық тәрбие және өзін өзі тану» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор 
 
РЕЗЮМЕ 
 
 Статья  рассматривает  важность  идеии  Н.А.Назарбаева  о  формировании  интеллектуальной  нации  в 
своих ежеголных посланиях. Также темы рефератов и задании для самостоятельных работ студентов.  
 
SUMMARY 
The article discusses the importance of the formation ideii Nazarbayev intellectual nation in their ezhegolnyh 
messages. Related Topics abstracts and reference for the independent work of students 
 Интеллектуалды  ұлтты  қалыптастыру  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.А.Назарбаевтың  әр 
жылғы  Жолдауларында  негізгі  орын  алады.  Президент  жолдауларында  қамтылған  ішкі  және  сыртқы 
саясат  мәселелері,  бәсекеге  қабілетті  мемлекет  құруға  бағытталған  ұлттық  идеялар,  ұлттың  рухани-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыруға 
бағытталған 
іс-шаралар 
болашақ 
маманның 
интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Ел Президенті, халық үшін тәуелсіздіктің әрбір 
жылының  мәні  бөлек,  маңызы  айрықша  болғаны  белгілі.  Тәуелсіздік  –  ата-бабаларымыздың  жүздеген 
жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқаны ақиқат.  
 Жолдаудың  мазмұнына  талдау  жасау  барысында  Президент  халықтың  тәуелсіздігімізді  нығайту 
жолындағы  жасампаз  істерін,  қазақстандықтардың  бірлігінің  арқасында  алмайтын  асу,  біз  жеңбейтін 
кедергі  жоқ  екенін  атап  көрсетеді.  Әр  жылғы  жолдауда  қамтылған  бағыттар  интеллектуалды  ұлтты 
қалыптастыруға қажетті индикаторлардың дамуына аса мән беріледі.  
 1997  жылғы  «Қазақстан  -  2030»  Стратегиясы  -  «Барлық  Қазақстандықтардың  ауқатының 
жақсаруы,  қауіпсіздігі  мен  өркендеуі»  атты  жолдауы  Ел  Президентінің  қазақ  еліне  жолдаған  алғашқы 
жолдауы қазақстан халқының 30 жылда алар асуын белгілеп  беріп  отыр. Сонымен  қатар, Қазақстанның 
әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясын  жоспарлаған  тарихи  құжат 
болып табылады.  
 «Қазақстан - 2030» Стратегиясында бағдарланған бағыттары орындалды  деп  есептеуге  болады, яғни 
2012 жылы қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енгенін әлемдік деңгейде бағаланды 
[1].  
 1998  жылғы  «Мемлекеттің  жағдайы  мен  ішкі  және  сыртқы  саясаттың  негізгі  бағыттары 
туралы:  жаңа  жүзжылдықта  қоғамның  демократизациялану,  экономикалық  және  саяси  реформа» 
атты  жолдаудағы  мемлекеттің  даму  үдерісі  мен  ішкі  және  сыртқы  саясат  барысында  атқарылған 
жұмыстары мен болашақ бағдары көрсетіледі. Қоғамдағы демократиялық, экономикалық үдерістер, саяси 
реформалардың іске асу бағыттыры нақты айқындалып берілген.  
 1999  жылғы  «Жаңа  жүзжылдықта  мемлекеттің  тұрақтылық  пен  қауіпсіздігі»  атты  жолдауында 
қоғамдағы  тұрақтылықты  сақтаудағы  қазақ  халқының  ерен  істері,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 
қауіпсіздікті,  әлемдік  тыныштықты  дамытудағы  үлесін  көрсете  отырып,  мемлекеттің  алдына  қойған 
бағыттарын ашып көрсетті.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
18 
 2000  жылғы  «Тәуелсіз,  тиімді  және  қауіпсіз  қоғамға»  атты  жолдауында  қазақ  елінің  тәуелсіздік 
жылдары  жеткен  жетістіктері  мен  табыстары,  алыс  және  жақын  шетелдермен  жүргізіліп  отырған 
саясаттың маңызы, қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік мәселесі қамтылған.  
 2001  жылғы  «Мемлекеттің  жағдайы  және  2002  жылғы  iшкi  және  сыртқы  саясаттың  негiзгi 
бағыттары  туралы»  жолдауындағы  Қазақстан  азаматтарының  әл  ауқатының  өсуі  –  мемлекеттік 
саясаттың  басты  мақсаты  екені  нақты  көрсетілген.  Тәуелсiз  Қазақстанның  шежiресi,  оның  жаңа  тарихы 
маңыздылығы,  жаңа  мемлекеттi  құру,  оның  қауiпсiздiгi  мен  тәуелсiздiгiн  қамтамасыз  етудегі  халықтың 
ерлігі  атап  өтілген.  Ашық  нарықтық  экономика  мен  демократиялық  даму,  жаңа  экономикалық 
қатынастар, жаңа елорда Астананы салу жөнiндегi жалпыұлттық мақсаттардың іске асуы қарастырылады.  
 Әлеуметтiк-экономикалық  даму  саласында  2010  жылға  дейiн  төмендегідей  негiзгi  мақсаттарды  алға 
қояды:  жекелеген  секторларда  орнықты  әрi  басқалармен  бәсекелесе  алатындай  экономиканы 
қалыптастыруды жалғастыру; iшкi жалпы өнiмнiң көлемiн, кем қойғанда, екi есе көбейту; экономиканың 
аса  маңызды  салаларында  ұлттық  капиталдың  үлесiн  арттыруға  қол  жеткiзу;  азаматтарымыздың  әл-
ауқатын арттыру.  
 Саяси  және  мемлекеттiк  құрылыс  саласында  алдағы  онжылдыққа  төмендегідей  мiндеттер  қойылды: 
билiктiң  үш  тармағының  өзара  iс-әрекет  жасауының  тиiмдi  жүйесiн  құруды  жалғастыру;  мемлекеттiк 
басқаруды бiр орталықтан жүргiзудi тоқтатуды жоспарлы түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету; сайлау 
процесiнiң тетiктерiн одан әрi жетiлдiре түсу; саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарын одан 
әрi дамытуға, iшкi саяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен еркiндiктерiн кеңейтуге 
септесу.  
 Сыртқы  саясат  және  елдiң  қауiпсiздiгiн  нығайту  саласында  төмендегідей  мәселелерді  шешуге 
бағыттайды:  ықпалдасуды  одан  әрi  дамытуды  қамтамасыз  ету,  Қазақстанның  әлемдiк  қауымдастықтағы 
рөлiн  күшейту;  аймақтық  қорғаныстың  тиiмдi  жүйесiн  қалыптастыруға  белсене  ат  салысу;  әскери 
реформаны  аяқтап,  осы  заманға  сай  Қарулы  Күштердi  қалыптастыруды  жалғастыру;  шекара  және  iшкi 
әскерлердi  нығайту;  шекараның  ұзына  бойында  делимитация  процесiн  аяқтау  және  басқа  да 
трансшекаралық проблемаларды шешу үшiн тиiмдi шаралар жасау; елдiң экономикалық және ақпараттық 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты күшейте түсу.  
 2002 жылғы «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» жолдауында 
қазақ  елінің  экономикалық  өсу,  рухани-адамгершілік  құндылықтардың  дамуы,  мемлекеттік  басқару, 
әкімдерді  сайлау,  алқабилер  институтын  енгізу,  Парламент  пен  Үкімет  арасындағы  тұрақты  диалог, 
«Баламалы  әскери  қызмет»  туралы  заңнаманы  дайындау  және  енгізуді  негізгі  мәселе  тұрғысынан 
қарастырылады. Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты 
екенін көрсетіледі. Инфрақұрылымдарды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу.  
Индустриалдық  және  аймақтық  саясатты  жетілдіру,  акционерлiк  қоғамдардың  қызметi,  бағалы 
қағаздар  рыногын  реттеу,  азаматтық  авиацияны  мемлекеттiк  реттеу,  сыртқы  саясат  және  елдiң 
қауiпсiздiгiн нығайту, Қазақстанның әлемдiк қауымдастықтағы рөлiн күшейту, елдiң экономикалық және 
ақпараттық  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету.  Әлеуметтiк  саладағы  маңызды  бағыт  бiлiм  беру  жүйесiн 
жетiлдiру мәселелері жан -жақты ашылады.  
 жолдауындағы  2003  жылғы  «2004  жылғы  ішкі  және  сыртқы  саясаттың  негізгі  бағыттары» 
әлемдiк  экономикаға  интеграциялану,  индустриялық-инновациялық  даму,  аграрлық  саясат,  адам 
ресурстарын дамыту.  
 Қазақстандықтар әлемдiк бәсекелестiктiң күрделi және ауыр процесiнде табыстарға жетуі, рухы күшті 
тұлғаны қалыптастыру, ұлттық білімнің әлемдік кеңістікке кіріктірілуі мәселелері жан-жақты қамтылып 
отыр.  Ұлттық  бәсекелестiк қабiлетi дамытуда бiлiмнің алар орны, бәсекеге қабiлеттi экономика, сыртқы 
саясат және қауiпсiздiк. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мәселелері негізгі 
орынға қойып отыр.  
 2004  жылғы  «Бәсекеге  қабiлеттi  Қазақстан  үшiн,  бәсекеге  қабiлеттi  экономика  үшiн,  бәсекеге 
қабiлеттi халық үшiн» жолдауындағы экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды 
жалғастыру  арқылы  бәсекелестiктi  дамыту,  ұлттық  экономикамыздың  бәсекеге  қабiлеттiлiгiне,  оны 
әлемдiк экономикаға интеграциялау.  
 Әлемдiк  бiлiм  кеңiстiгiне  толығымен  кiрiгу  бiлiм  беру  жүйесiн  халықаралық  деңгейге  көтеру. 
Мектепте жоғары сатыда бейiндi оқыту он екi жылдық бiлiм беруге көшу мәселесі. Бiлiм беру жүйесiнiң 
материалдық-техникалық базасын нығайту. Бала бақшалар жүйесiн қалпына келтiру. Білім беру жүйесін 
реформалаудың нәтижелерi жаңа сатыдағы педагогты дайындау.  
 Көптiлдi  бiлiмi  бар  педагогтар  үшiн  қызмет  орындарына  ерекше  назар  аудару.  Көптiлдi  бiлiмi  бар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
19 
педагогтарды  дайындау  және  қамтамасыз  ету.  Қазақстандағы  мектеп  әлемдiк  стандарттар  деңгейiне 
көтерiлуі.  Кәсiптiк-техникалық  бiлiм.  Техникалық  және  кәсiптiк  бiлiмнiң  рөлiн  жаңаша  тұрғыда 
қарастыру мәселесі қамтылды.  
 2005  жылғы  Ел  Президентінің  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару 
жолында»  атты  жолдауында  Қазақстаннның  жеделдетілген  экономикалық  және  әлеуметтік  прогресі, 
инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, шағын және орта бизнес туралы, 
ХХІ  ғасыр  деңгейінде  білім  беру  мен  кәсіптік  даярлау,  ана,  бала,  аға  ұрпақ  сабақтастығы,  тұрғын  үй 
мәселелері,  рухани  даму  мен  конфессиялар  аралық  келісім,  Қазақстанды  демократияландырудың  жаңа 
кезеңі,  саяси  реформалардың  жалпы  ұлттық  бағдарламасы,  халықтың  туған  Қазақстан  үшін 
жауапкершілігі қамтылады. 
 Ерекше тоқталып кететін мәселе, осы жолдауда Президент барлық күш-жігерін елімізді әлем алдында 
биік деңгейге көтеруді алға қояды: 
-  мемлекеттілікті  нығайтуға,  Қазақстанды  осы  заманғы  демократиялық  және  құқықтық  мемлекет 
ретінде дамытуға; 
-  еліміздегі  және  өңірдегі  бекем  тұрақтылықты  нығайтуға;  өңірлік  және  халықаралық 
ынтымақтастықты дамытуға; 
- жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамытуға және шикізаттық  емес секторларды 
ілерілетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға; 
- білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы 21 ғасырдың деңгейіне көтеруге; 
-  азаматтық  қоғамды  дәйекті  дамыта  беруге,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қамтамасыз етуге; 
- қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге; 
- діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімді қамтамасыз етуге; 
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске; 
-  лаңкестікке,  есірткі  саудасына,  кез  келген  түрдегі  экстремизмге  қарсы  жаһандық  күреске 
бағытталады. 
 2006  жылғы  «Қазақстан  өз  дамуындағы  жаңа  серпіліс  жасау  қарсаңында»  атты  жолдауындағы 
бәсекеге қабілетті ашық нарық экономикасын құру. Ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа 
бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен 
алдыңғы  қатарлы  әлеуметтік  стандарттармен  қамтамасыз  ететін  қоғам  құрудағы  іс  -  әрекеттер.  Еркін, 
ашық әрі демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет құру. Барлық діндердің тең құқылығы, Қазақстанда 
конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету.  
 Қазақ  халқының  сан  ғасырлық  дәстүрін,  тілі  мен  мәдениетін  сақтап,  жетілдіру.  Ұлтаралық  және 
мәдениетаралық  келісімді,  біртұтас  Қазақстан  халқының  ілгері  дамуын  қамтамасыз  ету.  Ең  жоғары 
халықаралық  стандарттарға  сай  келетін  академиялық  орталықтар  мен  оқу  орындарын  құрудың  қазіргі 
таңда іске асуы.  
 Аталған  жолдауда  әлемдік  рейтинг  кестесінің  жоғары  бөлігіне  іліккен  елдер  тобының  ішінен  орын 
алуға мүмкіндік беретін басты жеті басымдықты атап көрсетеді:  
 Біріншіден, өркенді  де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге 
қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы 
бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, 
қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. 
Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік 
бағдарланған  қоғам,  ел  халқының  барлық  топтары  тұрмысының  жоғары  сапасы  мен  алдыңғы  қатарлы 
әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құру. 
 Үшіншіден, еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнату. 
 Төртіншіден,  дәйекті  түрде  саяси  тежемелік  пен  тепе-теңдіктің  үйлестірілген  жүйесіне  негізделген 
құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта беру. 
 Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік беру және Қазақстанда конфессияаралық 
келісімді қамтамасыз ету. Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп 
әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнату. 
 Алтыншыдан,  біз  қазақ  халқының  санғасырлық  дәстүрін,  тілі  мен  мәдениетін  сақтап,  түлету. 
Ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ету. 
 Жетіншіден,  елімізді  халықаралық  қоғамдастықтың  толық  құқылы  және  жауапты  мүшесі  ретінде 
қарастыру, геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
20 
 2007  жылы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  жолдауында  қазақстандықтардың  өмір 
сапасының  артуы,  қазақстан  экономикасы  мен  өз  мемлекеттілігінің  берік  іргетасын  құра  отырып, 
дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуы, бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен 
қоғамдастыққа  табысты  кірігуінің  кілті,  қазақстандық  патриотизм  мен  саяси  ерік  -  жігер  –  жаңа 
қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары екеніне басымдықтар беріледі.  
 Жолдауда жаңа кезеңнің негізгі міндеттері айқындалған:  
 Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін 
басқару. 
 Екінші  міндет  –  өңірлік  экономикада  сапалық  жаңа  табыстарға  жету  және  жаһандық  экономикаға 
толыққанды қатысуды қамтамасыз ету. 
 Үшінші міндет – өндіруші сектордың тиімділігін арттыру. 
 Төртінші 
міндет 
– 
өндірістің 
шикізаттық 
емес 
секторының 
дамуын, 
экономикалық 
әртараптандырылуын қамтамасыз ету.  
 Бесінші міндет – өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы 
инфрақұрылымды дамыту. 
Алтыншы  міндет  –  осы  заманғы  білім  беру  мен  кәсіптік  қайта  даярлау,  “парасатты  экономиканың” 
негіздерін  қалыптастыру,  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  көзқарастарды  пайдалану,  инновациялық 
экономиканы дамыту. 
Жетінші  міндет  –  атаулы  әлеуметтік  қолдау  және  әлеуметтік  саланы  нарық  қағидаттары  негізінде 
дамыту. 
Сегізінші міндет – дамуымыздың жаңа кезеңінің ығытына сәйкес саяси жүйені жаңғырта жаңарту. 
 2008  жылғы  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты 
мақсаты»  атты  жолдауында  Қазақстан  жан-жақты  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жаңару 
жолындағы сенімді қадамына тоқтала отырып, әлеуметтік инфрақұрылым нығаюы, демографиялық өсу, 
мемлекеттік  тұрғын  үй  құрылысы  бағдарламасының  жүзеге  асуына  жан-жақты  тоқталады.  Мемлекеттің 
халықаралық  мұнай  және  энергетика  рыноктарына  ықпалды  және  жауапты  қатысушы  ретіндегі 
ұстанымына тоқталады.  
 Жолдауда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  мәртебесі  мен  өкілеттілігі,  Қазақстандағы  тұрақтылық, 
бейбітшілік пен келісім мәселелері ашылады. Бүгінгі заманға сай білім алуға және озық технологияларды 
игеру. Үкіметтің “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асырылуы. Мемлекеттік тіл ретінде 
қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігі негізгі бағыттар болып нақтыланады.  
 “Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымдарды дамытудың маңызы, дені сау ұлт – жалпыұлттық міндетке 
жатаыны, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесі 
енгізіледі. 
 2009  жылғы  «Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға»  атты  жолдауында  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
дамыту,  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету,  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  жұмыс  орындарын  кеңейту  және 
жастар  практикасын  ұйымдастыру,  халықты  жұмыспен  қамту,  еңбекақыны  көбейту,  еңбек  рыногын 
дамыту,  әлеуметтік  инфрақұрылымдарды  дамыту,  сенімділік,  жеке  белсенділік,  төзімділік,  патриотизм, 
Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған іс - шараларды жетілдіру мәселесі қаралды.  
 Жолдауда  ұлттық  кадр  мәселесі  негізгі  орын  алды.  Кадрларды  қайта  даярлау  және  қайта  оқыту 
жөніндегі  жүйелік  жұмыс  мынадай  мақсаттарды  іске  асыруға  баса  назар  аударылды:  жаңа  мамандық 
бойынша жұмыс істегісі келетін әрбір адамның оқу мүмкіндігі болуы; экономиканың еңбек ресурстарына 
деген  болашақ  сұраныстарын,  ең  алдымен,  ауыл  шаруашылығында  қамтамасыз  ету;  шетелдік 
жұмысшыларды отандық кадрлармен біртіндеп алмастыру.  
 2010  жылғы  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері» 
атты  жолдауда  ұлттық  және  трансұлттық  компаниялардың  мемлекеттік  сатып  алуларындағы 
“қазақстандық  үлестің”  болмаған  өсіміне  қол  жеткізуі,  «Жол  картасының»  іске  асуы,  жедел 
индустрияландыру  және  инфрақұрылымды  дамыту  арқылы  экономиканың  тұрақты  өсуіне  қол  жеткізу, 
адам  капиталының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  болашаққа  белсенді  инвестициялау, 
Қазақстандықтарды  сапалы  әлеуметтік  және  тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтермен  қамтамасыз  ету, 
ұлтаралық  келісімді  нығайту,  ұлттық  қауіпсіздікті  арттыру,  халықаралық  қарым-қатынасты  одан  әрі 
дамыту. 
 2011  жылғы  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақтың  іргесін  бірге 
қалаймыз»  атты  жолдауында  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  қадам  басу  барысында  қол  жеткізген 
табыстарына  тоқтала  отырып,  тәуелсіздік  жылдарындағы  білім  беру  жүйесінің  модернизациялау, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
21 
денсаулық  саласының  сапалық  өсуі,  шетелдік  инвестициясын  тарту  мәселелері  қамтылады.  Ел  ордасы 
Астанада  ғылым  мен  білім  индустриясының  жаңа  ғасырдағы  орталығы  болатын  инновациялық  білім 
ордаларының  салынуы,  білім  ордалары,  зияткерлік  мектептердің  ашылуы,  «Назарбаев-университет»  т.б. 
білім ордаларының ұлттық білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі. Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау 
жүйесі, тілдерді дамыту. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, сапалы ауыз су мәселесі, еңбек ақыны көбейту - 
сапалы өмірдің кепілі екені қарастырылады. 
 Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  әр  жылға  халыққа  жолдауларынан 
экономиканың  өскенін,  халықтың  әл-ауқатынынң  жылдан-жылға  көтерілгенін,  халықаралық  құрметті 
әріптеске айналғанын көруге болады. 
 ЕҚЫҰ  төрағасы  Соломон  Пассиманның  «соңғы  жылдары  Қазақстанда  демократиялық 
реформалардың  айрықша  ілгері  басқаны  байқалып  отыр»  деп  баға  беруінің  өзі,  Қазақстанның  әлемдік 
дамыған мемлекеттер қатарында көрінуіндегі нақты бағасы деп білуге болады.  
 Қазақстан  Республиксы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  әр  жылғы  халыққа  жолдауында  қамтылған 
мәселелер,  "Қазақстан-2050"  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыт-бағдары"  атты 
жолдауы  «Интеллектуалды  ұлт  -2020»  ұлттық  бағдарламасында  қамтылған  интеллектуалды  ұлтты 
қалыптастыру  бағыттарына  толықтай  жауап  беретін,  интеллектуалды  ұлтты  қалыптастыру,  дамыту 
индикаторларының  жылдан  -  жылға  өсуін  нақты  көрсеткіштермен  айқындаған  тарихи  құжат  болып 
табылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет