ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан-2050»
стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы. Елорда.
14 желтоқсан Астана, 2012.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 жарлығы. Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
3. Беркимбаев К.М., Мухамеджанов Б.Қ., Кусаинова А.М., Данияров Т.Ә. Психология. Оқу құралы.
Алматы, 2013. Б. 250
УДК 614.23:366.63
БОЛАШАҚ
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ
АҚПАРАТТЫҚ
ҚҰЗЫРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕСІ
ПРОБЛЕМЫ ИНФО-КОММУНИКАТИВНОЙ КОМПЕТЕНЦИИ БУДУЩИХ ВРАЧЕЙ
1
Ерназарова Д.Ж.,
1
Беркимбаев К.М.,
1
Молдалиев И.С.,
1
Искакова П.К.
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті , Түркістан қаласы
Резюме
В этой статье рассматриваются формирования коммуникативной компетенции будущих врачей в
условиях информатизации. Используются основные системы и виды информационно-коммуникативной
компетенции будущих специалистов. Современные тенденции модернизации образовательных программ
требуют внедрения современных методов формирования коммуникативной компетенции будущих
врачей. Все большее внедрение новых информационных технологий и применение компетентностного
подхода в учебном процессе способствует повышению эффективности процесса формирования
коммуникативной компетенции будущих врачей.
Ключевые слова: информатизация,информационно-коммуникативная компетенция, модель будущих
врачей, процесс изучения иностранного языка.
A.Yasawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Republic of Kazakhstan
Summary
On the condition of educational reformation and joining the Republic of Kazakhstan to the Bologna process
one of the main problem is training the specialists of international level and increasing the quality of medical
education. The article deals with forming of info communicative competence of future doctors. The article shows
the basic system of info communicative competence and other necessary competences of future doctors. It says
about the usage of professional training in forming of info communicative competence of future doctors. The
usage of new informational technologies and competence-based approach in the teaching process is accompanied
with the problem of training future doctors on international level by creating and developing some methods in
forming professional and info communicative competence of future specialists. Different characteristics of
activities, which can be used to form and develop info communicative competence using informational
technologies, are stated out in the article.
Key words: competence-based approach, communicative competence, competent, competence-based model of
specialist, modernization of education.
Мемлекет модернизациясы білім беру жүйесінің, оның мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан
жаңаруына сүйенеді. Білім беру мекемесінің басты қызметі білім, шеберлік және дағды жүйелері емес,
зияткерлік, қарым-қатынастық, ақпараттық және басқа да салалардағы негізгі құзырлық жиынтығы болуы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
35
тиіс.
Құзырлық ұғымы білім немесе шеберлік ұғымдарына қарағанда ауқымдырақ. Ол тек когнитивті және
операционалды құрамдас бөліктерді ғана емес, уәждемелік және мінез-құлықтық құрамдас бөліктерді де
қамтиды. Сондай-ақ, ол оқыту нәтижелерін (білім және шеберлік), құндылық бағдарлары жүйесін де
қамтиды. Құзырлық оқыту үдерісі барысында қалыптасады, сондықтан да негізгі құзырлықты іріктеу
мәселесі білім беру үдерісіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады [1].
Білім беру мазмұнының модернизациясы Стратегиясына сәйкес негізгі құзырлық төмендегіше
сипаттарға ие: көп атқарымдылық (оларды игеру күнделікті, кәсіби, әлеуметтік өмірдегі әр алуан
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді), пән аралық байланыс, зияткерлік даму (дерексіздік, өзіндік
рефлексия, жеке ұстанымды, өзіндік бағалауды, сыни ойлауды анықтау), көп өлшемділік (ақыл-ой
үдерістері және зияткерлік шеберлік).
Білім беру мазмұнының модернизациясы Стратегиясына сәйкес негізін қалаушы бағдары ізгілендіру
болып табылатын заманауи медициналық білім өзара байланысқан екі мәселенің шешімін бағдарлайды
[2]:
1) ЖОО-дағы барлық жалпы теориялық және арнайы пәндерді оқыту үдерісін ізгілендіру – осы
пәндердің оқыту мазмұнындағы медициналық білімнің ықпалдастығының заманауи ғылыми
концепцияларына сәйкес толықтырылуын бағамдайды, сонымен қатар, бір жағынан білім кеңістігінің
толыққандылығын, көпқырлылығын, екінші жағынан кәсібилікті қамтамасыз етеді; сондай-ақ, медицина
ғылымы мен денсаулық сақтау саласы ілгерілеуінің болашақ дәрігерлердің тұлғалық қасиеттеріне, оның
шығармашылық қабілеттеріне, әлемдік деңгейге сәйкес келетін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесін
түсіндіруде көрініс табатын жалпы және кәсіби мәдениетке тәуелділігін қамтамасыз етеді.
2) типтік оқу бағдарламаларының мазмұнын аша түсетін және толықтыра түсетін арнайы курстарды
енгізу арқылы, студенттермен жүргізілетін жүмыстардың көп түрлілігімен және әр алуан түрлерінің
кезектесуімен қамтамасыз етілетін әлеуметтік-мәдени феномен түріндегі медициналық білім мен
қызметтің өзекті мәселелерін сараптау арқылы; сондай-ақ, оқу-әдістемелік қордың мазмұнын өзгерту
арқылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуды кәсібилендіру.
Соңғы жиырма жылдағы әлемде орын алған маңызды саяси, тарихи және әлеуметтік өзгерістер қарым-
қатынас, маманның қарым-қатынас құзырлық мәселелерін көкейкесті етіп отыр. Осыған байланысты
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде халықаралық деңгейдегі болашақ
дәрігерлердің ақпаратты құзырлығын қалыптастыру басым мәселелердің бірі болып отыр.
Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мен игеру тек қарым-қатынас дағдылары пәнін оқытудың
нәтижесі ғана емес, жоғары медициналық білімді болашақ маманның психологиялық мәдениетін
психологиялық тұрғыдан мұқият дайындау мен тәрбиелеудің де нәтижесі болып табылады. А.Ясауи
атындағы ХҚТУ түлегі өзі оқыған мамандығына тәуелсіз мәдениетке ие болуы қажет. А.Ясауи атындағы
ХҚТУ-де дәрігер-студенттерді кәсіби деңгейде дайындаудың нәтижесі болашақ маманның ізгі
дүниетанымының және оның кәсіби, тілдік және ақпараттық мәдениетінің тиісті деңгейінің
қалыптасқандығы болуы тиіс.
Қарым-қатынасқа түсе білу қабілеті, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату мен оны дамыту
қабілеті әр түрлі әлеуметтік жағдайлардағы қатынас тәжірибесінің жинақталуына, әр алуан қызмет түрін
атқаруына байланысты айналадағылармен өзара байланыс құру үдерісі барысында қалыптасады. Қарым-
қатынаста тұлғаның қасиеттері, яғни, мазасыздық, ашушаңдық, епетейсіздік және т.б. көрініс тауып,
қалыптасады. Тұлғаның қалыптасып келе жатқан ерекшеліктерімен өзара байланысқа түсу барысында
ақпаратты құзырлық та қалыптасады.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ түлегінің ақпаратты құзыреттілігін қалыптастыру мен оны кәсіби
әрекеттестікке дайындау қажеттілігі медицина саласындағы қызметтің өзіндік ерекшеліктерімен де
ерекшеленеді:
бұл – қарым-қатынас саласындағы, «адам – адам» саласындағы қызмет, сондай-ақ, дәрігердің сәтті
қызметінің маңызды жағы тек оның арнайы медициналық дайындығының, жалпы адамзаттық
мәдениетінің жоғарғы деңгейі ғана емес, оның тұлғалық әлеуетінің әлеуметтік-психологиялық қырлары
да болып табылады.
отандық медицинада ауруға әлеуметтік-психосоматикалық тәсілді қолдану қажеттігі, бұл – ақпарат
жинау мақсатында, сондай-ақ, дәрігердің ұсыныстар мен диагноздарға қатысты ақпараттарды науқастың
жағдайына ыңғайластырыла жеткізуі мақсатында психологиялық байланыс құруға және оны ары қарай
дамытуға септігін тигізетін дәрігердің науқаспен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілетін бағамдайды;
«дәрігер – науқас» терапевттік альянсын құрудың қажетті шарты бола отырып, қарым-қатынас құру
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
36
құзыреттілігі емдеу үдерісіндегі науқастың субъектілі ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
қоғамдық денсаулық сақтау мамандары маман-кадрларды дайындау мәселелеріне кездесіп жатады,
кәсіби мамандардың кең аясымен өзара байланыста болады, өте жоғары адами мәдениет пен дұрыс
қарым-қатынас құра білуді талап ететін қоғамдық денсаулық үдерістерін, медицина мекемелеріндегі
еңбекті ұйымдастыруды басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Осыған байланысты қарым-қатынас құру дағдылары А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің медицина
мамандығы түлегінің басты құзырлықтарының қатарына енгізілген.
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзырлығын мейлінше жалпылама түрде кәсіби орта мен қоғамда
жетістікпен қызмет атқару үшін тұлғаға қажетті болып табылатын айналадағылармен өзара
әрекеттестіктің тұлғараралық және кәсіби тәжірибесінің белгілі бір деңгейі ретінде сипаттауға болады.
Бұл анықтамадан ақпаратты құзырлық тек тұлғаға тән қасиеттерге ғана емес, қоғамда болып жатқан
өзгерістер мен маман-дәрігердің өзіндік ұтқырлығына да тәуелді екендігі байқалады.
Ақпаратты құзырлық адами тікелей, өзара әрекеттестік шарттарында қалыптасатын және таралатын,
айтарлықтай дәрежеде дамып келе жатқан адамдар арасындағы белгілі бір қарым-қатынас тәжірибесі
түрінде анықталады.
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері бар және қолданыс аясына
сәйкес келетін кәсіби дағдылардың қырларына ие болып табылады. Ол өзінің жеке тұлғалық қасиеттеріне
қарамастан медициналық қызметтің тұтынушысы болып табылатын науқасқа деген эмоционалды-оң
қарым-қатынасты орнатуға бағытталған белгілі бір кәсіби көзқарастар мен пікірлердің болуын
бағамдайды. Сондықтан, болашақ дәрігерлердің ақпаратты мәдениеті медициналық көмекке жүгінген
адамдармен тиімді қарым-қатынас үшін қажетті ақпараттық және байланыс дағдылары мен
шеберліктерінің толық кешенін қамтиды.
Тиімді қарым-қатынас жасау науқасты емдеуде оң әсерін тиігзеді. Белгілі болғанындай, қарым-
қатынас құра алатын дәрігерлер, яғни, ақпаратты құзырлығын меңгерген дәрігерлер [3]:
нақты диагноз қоя алады, әсіресе, бұл науқастың психологиялық мәселелеріне қатысты болса;
науқасты өз жағдайы мен емдеу шараларын бақылауға үйрете алады
жақсырақ емдеу нәтижелеріне қол жеткізеді
науқас үшін жоғары деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
қызметтік жағдайын асыра сілтеуге қатысты шағымдармен аз кездеседі
Болашақ дәрігерлердің қарым-қатынас құзырлығы құрылымы жалпы және клиникалық
психология саласында базисті білімнің жиынтығын, кәсіби және арнайы қызметтің түрлі салаларында
ақпаратты және қарым-қатынас үдерісі ерекшеліктерінің анықтамаларын қамтиды.
Болашақ дәрігерлердің қарым-қатынас құзырлығын қалыптастыру мәселесі денсаулық пен ауруға
деген құзыретті тәсілдің отандық денсаулық сақтау саласында таралу мәселесі және осыған байланысты
терапевттік серіктестіктің ем-дом шаралары барысында дәрігер мен науқас арасында байланыс құруға
бағытталған жаһандық сипатқа ие ауқымды тәжірибелік қырынан белгілі. Ортақ серіктестік түріндегі
«дәрігер-науқас» концепциясындағы қарым-қатынасты құру қажеттігі аурудың заманауи ұғымының адам
өміріндегі оқшауланған дерек ретінде емес, әлемдегі адам баласының толыққанды өмір қызметінің
бұзылуының көрініс табуы ретінде айтылады.
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзырлығы тек белгілі бір психологиялық және кәсіби білімнің
болуын (мәселен, тұлғаның түрлері туралы, темперамент түріне қарай әр алуан адамдардың соққыны
өткеру және оған қарсы жауап беру тәсілдері туралы, тұлғалардың дене бітімі түрлері мен оның
психикалық қорының ерекшеліктері арасындағы байланыстың сипаты туралы, т.с.с.) ғана емес, сонымен
бірге, байланыс орната білу, тыңдай білу, қарым-қатынастың вербальді емес тілін «оқи» білу, сұқбат құру,
сұрақтарды тұжырымдай алу қабілеттері секілді бірқатар арнайы дағдылардың қалыптасуын бағамдайды.
Сонымен қатар, болашақ дәрігердің өз эмоциясын басқаруы, сенімділігін сақтау қабілеті, өз реакциялары
мен жалпы мінез-құлқын басқара білуі де өте маңызды. Дұрыс қарым-қатынас науқасты дұрыс түсінуді
және оның мінез-құлқына қарай тиісті жауап қайтаруды білдіреді. Науқастың қандай жағдайда екендігіне,
оның ашуланып немесе мұғайып тұрғанына, мазасызданып немесе беймазаланып тұрғанына қарамастан
дәрігер кәсіби мәселелердің шешіміне қол жеткізе отырып, онымен қарым-қатынасқа түсуге, саналы
түрде байланыс құруға қабілетті болуы тиіс. Осыған байланысты болашақ дәрігерлердің кәсіби тұрғыдан
маңызды қасиеті ақпаратты толеранттылық (ақпаратты құзыреттіліктің бір қыры ретінде) —
шыдамдылық, мейірбандық және т.б. болып табылады. Ақпаратты толеранттылық дәрігердің субъективті
тұрғыдан өзі үшін керексіз, орынсыз науқастардың жеке ерекшеліктерін, теріс қылықтарын, жағымсыз
қылықтары мен әдеттерін, үйреніспеген мінез-құлық түрлері мен ойлау стереотиптерін қалай өткеретінін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
37
көрсетеді. Науқас дәрігерге ұнайтын немесе ұнамайтын, дәрігерге жағымды немесе жағымсыз түрлі сезім
түрін көрсетуі мүмкін, алайда, қандай жағдайда да соңғысының психологиялық дайындығы «дәрігер –
науқас» рөлдік құрылымының орнында достық, психологиялық жақындық, тәуелділік пен сүйіспеншілік
қатынастары туындайтын жағдайды шешуге, шиеленістің немесе келеңсіз жағдайлардың туындауының
алдын-алуға көмектесуі тиіс. Кәсіби қызметтегі болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзырлығы тек
науқаспен психологиялық тұрғыдан оң қарым-қатынас құру қабілеті ғана емес, осы қарым-қатынастар
барысында кәсіби рөлдің шеңберінде қала білу қабілетін білдіреді [4].
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзырлығын қалыптастырудың негізінде тұлғааралық қарым-
қатынас жүйесіне қосылуға, айналадағылармен эмоционалдық қатынас құруға, қандай да бір әлеуметтік
топқа кіруге, басқа адамдармен бірге болуға тырысу секілді тұлғаның психологиялық сипаты жатыр.
Шиеленіскен жағдайларда, өзара байланыстың шетін жағдайында қасында эмоционалды тұрғыдан жақын
адамдардың болуы дүние мен өзіндік бағалау бейнесін тұрақтандырады, ұстанымдарды бекітеді, болып
жатқан оқиғаларды нақтырақ әрі саналы түрде бағалауға мүмкіндік береді. Беймазалық жағдайында басқа
адамдарға деген қажеттілік артады, олардың жақын болуы мазасыздық деңгейін төмендетеді, теріс
эмоционалды күйдің қарқынын азайтады. Адам баласы үшін әлеуметтік байланыстардың болуы маңызды
екені соншалықты, олардың жетіспеушілігінің өзі-ақ соққы алу деңгейінің артуына ықтимал себептердің
бірі болып саналады. Дәл осы психологиялық қыры, басқа адамдарға деген қажеттілік, олармен қатынасқа
түсуге тырысу әдебиеттерде «аффилиация» термині арқылы беріледі, бұл — адамның басқа адамдардың
ортасында болу қажеттілігі, «қосылуға» тырысуы. Ішкі (психологиялық) аффилиация бағыныштылық пен
сенімділік сезімдері түрінде көрініс табады, ал сыртқы аффилиация болса — сөзуарлықта, басқа
адамдармен серіктес болуға тырысуда, әрдайым солармен бірге болуға ұмтылуда, вербальді емес мінез-
құлық ерекшеліктерінде көрініс табады. Хекхаузен аффилиацияны күнделікті, сонымен қатар негізді
сипатқа ие әлеуметтік қарым-қатынастардың белгілі бір сыныбы ретінде көрсетеді [5].
Мұндай қарым-қатынастардың мазмұны таныс, онша таныс емес және мүлдем таныс емес адамдармен
қарым-қатынас жасауда болып табылады, және оларды ары қарай дамыту қанағаттану сезімін
туындатады, өзіне тартады және байыта түседі. Әр алуан әлеуметтік байланыстардың ұзақтығымен және
қарқындылығымен ерекшеленетін дәрігер жұмысында бұл ерекшелік науқастарға деген жанды
қызығушылықты қатынасты сақтауға, оларға көмектесуге тырысуға, олармен серіктесуге тырысуға
көмектеседі, сондай-ақ, оларды кәсіби бұзылудан, немқұрайлылықтан және формализмнен қорғайды,
науқастың бір бөлігі терапияға мұқтаж, тұлғасыз анонимді «дене» ретінде қарастырыла бастайтын
науқасқа деген қатынасты демеп отырады.
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзырлығын қамтамасыз ететін тағы бір психологиялық сипаттама
дегеніміз — эмоционалды тұрақтылық, эмоционалды реакциялар мен жалпы мінез-құлықты басқаруды
сақтай отырып, импульсивтіліктің, шектен тыс эмоционалды экспрессивтіліктің болмауы жағдайындағы
тепе-теңдік. Эмоционалды тұрақтылық науқастармен қарым-қатынас кезінде дәрігердің «психологиялық
ашуға берілуден», шиеленісу жағдайынан бойын аулақ ұстауына септігін тигізеді. Үдемелі эмоционалды
реакциялар науқастың артқан сенімін жоғалтып, оны қорқытып немесе секемдендіріп қана қоймай, оны
шаршатады, болдыртады. Керісінше, дәрігердің ішкі салмақтылығы, оның жайлы мейірімділігі,
эмоционалды тұрғыдан тұрақтылығы науқастың бойында сенімділік сезімін туғызады, сенімді қарым-
қатынастардың орнауына себепші болады. Ауру жағдайында, әдеттегідей, тынышсыздық, жылауықтық,
ашушаңдық, қызбалық әрекеттерінде көрініс табатын эмоциналды тұрғыдан тұрақсыздықтың артуына
әкеп соғатын мазасыздық деңгейі артады[6].
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да медицина мамандықтары түлектерінің ақпаратты құзырлық даму
концепциясы тұжырымдалған. Онда болашақ дәрігерлерді кәсіби дағдылар шеңберіне кезең-кезеңімен,
бірізділікпен ендіру түсінігі бейнеленген. Ақпаратты құзырлықты тұжырымдау логикасы ақпараттық
және қарым-қатынас дағдыларын үйретуді құрылымдандыруды талап етеді. Бұл ақпараттық және қарым-
қатынас дағдыларын сіңіру әдістері мен тәсілдерінің сипатталуы, таралуы мен дамуы модельдерін құруды
білдіреді.
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзырлықтары модельдері науқастың ауруының даму
заңдылықтарын ғана емес, олардың ойлары, пікірлері, сезімдері мен үміттері заңдылықтарын да түсінудің
маңызды екендігін атап көрсетеді. Болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзырлығы модельдері науқастың
ауруының даму заңдылықтарымен қатар, олардың ойлары, пікірлері, сезімдері мен үміттері
заңдылықтарының түсінілуінің маңыздылығын да баса көрсетеді. Бұл әр бір адамға арналған емдеу
курсының ең жақсысын, яғни, науқасқа деген мейлінше оңтайлы тәсілді анықтауға көмектеседі. Сонымен
қатар, бұл модельдер «дәрігер-науқас», «медициналық оқу орнының оқытушысы-студент» жүйелеріндегі
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
38
қарым-қатынастардың жаңа тиімді жолдарын іздеуге септігін тигізеді. Ақпараттық және қарым-
қатынастық дағдыларға модельдік үйрету оның элементтерінің сараптамасы, мақсатты сауатты түрде
анықтауы, студенттер мен оқытушылардың кері байланыстары негізіне сүйенеді.
Оқытушылардың басшылығындағы болашақ дәрігерлер науқастардың медициналық карталарымен
танысуға, дәрігерлік тексерудің негізгі элементтерін анықтауға, науқаспен қарым-қатынас жасау түрін
анықтауға тиіс. Төменде науқаспен қарым-қатынас жасау құрылымы келтіріледі:
• ем шараларының жекеге лайықтандырылуы
• қарым-қатынас құру
• дәрігерлік кеңеске дайындалу
• медбикелік шараларды түсіндіру және жоспарлау
Қарым-қатынас моделі оқытушыныі өз пәнін нақты бөлшектермен толықтыра отырып
қолданатын клиникалық және жағдайлық есебі бола алады. Клиника үшін – бұл, клиникалық қатынастар,
белгілі бір байланыс мәселелері, қолданылатын құралдар шарттарындағы егжей-тегжейлі негізгі есептер
мен дағдылар және медициналық ұқбат шарттарындағы байланыстың қолдаушы қағидалары. Қоғамдық
денсаулық сақтау пәндері үшін – ғылыми зерттеу, медициналық қызмет, санитарлық бақылау
мекемелерінің мәселелері.
Аталған мамандықты оқыту мақсаттарына сәйкес келетін және студенттер тарапынан алынатын
мамандық шеңберінде кәсіби егемендіктің жалпы ойымен ұштасатын байланыс моделінің концепциясын
мұқият өңдеу қажет. Яғни, әдістемелік кешеннің суббірлігі – мәселе немесе жағдай – тұтас мектептің,
атап айтқанда, оқу пәнінің білім беру жүйесі мен саясатының қажетті құрамдас бөлігі болуға тиіс.
Болашақ дәрігерлер үшін осы модельді әр түрлі шарттарда, әсіресе, өздерінің кәсіби тәжірибесін
жинақтай бастағанда қолдана алатындықтары маңызды болып табылады. Студенттер әрдайым білім мен
шеберліктің оң өсімінің көрсеткіші болғандықтан, байланыстың түрлі модельдерін саластырып немесе
қарама-қарсы қойып отырған жөн.
Байланыс құру дағдылары тәжірибеде күн сайын қолданылуда. Қарым-қатынас әдістері мен тәсілдерін
оқыту тәжірибелік қоры мен кері байланысы болған жағдайда, сондай-ақ, теориялық материал
қамтығанда мейлінше тиімдірек болады.
Болашақ дәрігерлер үшін ЖОО-дағы ақпаратты байланыс дағдыларын зерттеуде қолданылатын
теориялық модельді анық ұғу пайдалы болып табылады, ал бұл болса, пәннің жалпы контекстінде және
ақпаратты байланыс мәдениеті концепциясында оқу жоспарының жеке құрамдас бөліктерін зерттеуге
көмектеседі. Бұл нәтижелер оқытушы тарапынан міндетті түрде байқалуы тиіс. Студентке өзінің көп
нәрсе істегенін, бірақ әлі де көп нәрсе істелетінің ұғындыру қажет. Жазбаша болсын немесе ауызша
болсын, бұл бағалаулар өте маңызды болып табылады. Егер бағаланбаса, студенттерде өз жұмыстарының
қолданбайтындығына қатысты ой тууы мүмкін. Екінші жағынан, студентті қолдай отырып, оның ЖОО-
дағы басқа да жұмыстарын: қарым-қатынас моделін өз бетінше іздеу, лекциялар мен семинарларға
белсенді түрде қатысу және тыңдауын бақылап отыру қажет.
Қарым-қатынас дағдылары мен арнайы курс (элективті курс) циклдері үшін айрықша мақсаттарды
сәйкестендірген пайдалы. Бұл студенттерге өзін-өзі бағалауға, сенімділігін арттыруға септігін тигізеді,
бұл өз кезегінде ақпаратты құзыреттіліктің шеберлік секілді бірқатар дағдылар сияқты қалыптаса
алатынын көрсетеді.
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты байланыс дағдыларын мейлінше дұрыс бағалау байланыстың
барлық қырлары жөніндегі мәліметтерді қамтиды, сондықтан да бірден немесе қандай да бір шектеулі
курстың аяқталуымен қалыптаса алмайды. Онда болашақ дәрігердің бүкіл тәжірибесі бейнеленуі тиіс.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да оқытудың ең басынан бастап біз бағалау сипатына, оның пән
ретіндегі де, дағдылар ретіндегі де мәніне қатысты назарымызды шоғырландырудамыз. Пәннің мазмұнын
жаттап алуға болады, бірақ, құзыретсіз байланысшы болып қала беруі мүмкін. Сынақ барысында өте
жақсы баға алған студенттердің саны аз болмауы мүмкін. Алайда, олардың ішінде жоғары деңгейдегі
ақпаратты құзырлыққа ие студенттер қанша пайызды құрайды? Білгені жақсы ма әлде қолынан келгені
жақсы ма? Мұнда ешқандай да дилемма жоқ. Екеуі де екені айдан анық. Бірақ, «қолынан келу» дегенді
қалайша бағалауға болады?
Жоғары білімнің идеологиясында бағалауға қол жеткізу мен оған шәк келтірілмеу міндетті постулат
болып табылады. Біздің контекстімізде болашақ дәрігерлердің кешенді бағалауды тек негізгі ақпаратты
құзырлықтарын көрсеткеннен кейін ғана алатындығын білдіреді.
Қарым-қатынасты оқыту сезімтал, берілген оқытушыларды талап етеді, өйткені олар керемет
байланысшылар болумен қатар, еліктеу үлгілері болып табылады. Болашақ дәрігерлерге қарым-қатынас
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
39
дағдыларын оқытатын адамдардың сәйкес оқу оқығаны және қолданылатын оқыту әдістерін өз
тәжірибесінде сынаған адамдар оқытуы өте маңызды. Қазір, бұрынғысынша жетістікке жетуші дәрігер
болу үшін тек білімнің болуы жеткіліксіз. Қарым-қатынас құру дағдыларын дамыта отырып, ол өз-өзімен
жұмыс істеуі тиіс.
Қорытындыда жоғарыда айтылғандар негізінде болашақ дәрігерлердің негізгі ақпараттық
құзыреттіліктері қарым-қатынас модельдерін қолдану арқылы тиімдірек берілетінін атап өткіміз келеді.
Болашақ дәрігерлердің ақпаратты құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді оқыту әдістері рөлдік
ойындарды, модельдеуші жағдайларды, қалыпты және қоздырғыш науқастармен жүргізілетін
жұмыстарды, шынайы науқастармен жүргізілетін жұмыстарды қамтиды. Құрылымдалған кері
байланысты демеп отыру үшін тіркеуді немесе тікелей бақылауды қабылдау қажет. Қарым-қатынастың
жақсы дағдылары науқас пен дәрігердің өзара әрекеттестігінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Ақпаратты
құзыреттіліктер – бұл, екінші ретті толықтырғыш немесе кәсіби сипаттың элективті қырлары емес. Олар
қажетті және тиімді медициналық тәжірибеде орталық орынға ие болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |