Хабаршы вестник


Мырзатай Жолдасбеков.Асыл Арналар.-Алматы, 1990



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

,
 
Мырзатай Жолдасбеков.Асыл Арналар.-Алматы, 1990 
3. 
Манас - Бишкек, 1995 
4. 
Бабалар сөзі. 45 том. -Астана , 2007 
5. 
Қорқыт Ата Кітабы, -Алматы, 1986 
0. 
Ozkul Cabanoglu, Turk DiXnyasi Epik Destan Gelenenegi, -Ankara, 2003 
7
.
 
Бабалар сөзі, 47 том,-Астана, 2008 
8. 
Metin Ekici.Dede Korkut Hikayeleri Tesiri He Te^ekkul Eden Halk Hikayeleri, -Ankara, 
1995 
9. 
Muharrem Ergin. Dede Korkut kilabi .-Istanbul, 1995 
10. 
Төрт Батыр.-Алматы, 1990 
п. 
Жаныш-Байыш.-Бишкек, 2002 
12. 
Шырдакбек.Эр Табылды.-Бишкек, 2002 
13. 
Necati Demir.Mehmet Dursun Erdem.Battal Gazi Destani. -Ankara, 2006 
14. 
Necati Demir. Dani$mend-Name. Harvard Universitesi Yaymlar, 2002 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж. 
 
 
elements. By this work author shows different views on weddings in Turkic epics. Typologicaly comparing the Turkic 
epic works, author expresses his vision to the problem.
 
А.П.ЧЕХОВТЫҢ «ҚҰНДАҚТАУЛЫ АДАМ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ БЕЛИКОВТЫҢ  
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ СИПАТТАРЫН ТАЛДАУ 
Г.Ә. Шаңбаева - 
доцент, Қытай Халық Республикасы Іле педагогикалық институты 
Әлем  әдебиетінде  қысқа  да  нұсқа  әңгіме  жанрымен  белгілі  орыстың  19  ғасырда  өмір 
сүрген  көрнекті  сыншыл  реализм  жазушысы  Антон  Павлович  Чеховтың  өмірі  мен 
шығармашылығы  Қытайдың  жоғарғы  оқу  орындарының  филология  мамандығында  оқитын 
студентерге  және  басқада  әдеби  ортада  етене  таныс.  Мен  өзім  әдебиетші  педагог  ретінде 
студентерге  А.П.Чеховтың  әр  кезеңде  жазылған  «Дон  бойындағы  жер  иесінің хаты»,  «Жуан 
мен  жіңішке»,  «Хамелеон»,  «Сахалин  аралы»,  «Шағала»,  «Апалы-сіңлілі  үшеу»сияқты  т.б. 
шығармалары  арқылы  А.П.Чеховтың  өмірі  мен  шығармашыдығын  таныстырып  жасаған 
Патшалық Ресей дәуірінің қоғамдық-саяси жағдайын талдап-сараптап көрсетіп отырамын. 
Жалпы  Қытай  елінде  А.П.Чехов  демократиялық,  адамгершілік  бағытты  ұстанған 
сыншыл  реалис  жазушысы  ретінде  танылды.  Оның  бұл  сипатын  жазушының  өз  сөзімен 
айтқанда  '‘Мен  заманымыздың  шолжаңдаған  еркін  адамдарына  мүлде  ұқсамаймын, 
құндақтаулы  адамдарынан  да  емеспін,  мен  тек  өнерді  пip  тұтатын  жазушы  ғана  болсам  деп 
армандаймын”-  деген  басты  ұстанымымен  өлшеуге  болатын-ды.  Жазушының  осы  өмірлік 
ұстанымы  мен  бұлжымас  мұраты  оны  қазақы  даналықпен  айтқанда,  атаның  ұлы  деңгейінен 
әлемдік дәрежедегі адамның ұлы мәртебесіне көтерген жоқ па? 
А.П.Чеховтың  өмірден  өткеніне  бір  ғасырдан  артық  уақыт  болсада,  оның  адамзаттың 
әдеби арасына қосқан үлесі сарқылар емес, айта уақыт өткен сайын жаңа бір қырынан көрініп, 
әр  халықтың  рухани  қазынасына  кәусар  бұлақтай  құйылып,  өзінің  өшпес  рухын  паш  етіп 
келеді. 
А.П.Чеховтың  тұтас  шығармашылыққа  толы  сәулелі  ғұмырын  біздің  елдегі  әдебиет 
танушылар кезеңге бөліп қарастырады, А.П.Чехов шығармашылығының алғашқы кезеңі, бұл 
1880 жылдан 1890жылдар арасы, соңғы немесе жасампаздық кезеңі, бұл 1890 жылдан өмірінің 
аяғына  дейінгі  уақыт  арасы.  Осы  соңғы  кезең  жазушының  сарытабан  шығармашылығының 
алтын  дәуірі  болып  саналады.  Бұл  кезде  ОИЫН  жан  сарайы  терең  тебіреністерге  толы 
теңіздің  ақбұйра  толқынындай  меруерт  көбік  шашып,  Ресей  кшамыньщ  күрмеуі  күрделі, 
қатпары қалың қоғамдық-әлеуметтік ортасын өткір әзіл және әсерлі суреттеулерімен оқырман 
назарына  ұсына  білді.  Әлем  жұртшылығына  жақсы  таныс  «Сахалин  аралы»  *і.іне 
«Құндақтаулы  адам»  сияқты  өшпес  туындылары  осы  дәуірдің  жемістері  еді.  Біз  осы  шағын 
мақаламызда «Құндақтаулы адам» әңгімесіне және сондағы бас кейіпкер Беликовтың образын 
талдау арқылы сол  уақыттағы қоғамдық-саяси жүйенің сипаттарын  өзімізше пайымдап, баға 
беруді мақсүт түпык. 
«Құндақтаулы адам»  - оқырманды терең ойға жетелейтін, күрделі тақырыпқа құрылған 
әңгіме. Әңгімеде қоғамның керітартпа, мешеу салт-тәртібін көзінің қарашығындай қорғайтын, 
ал жаңаша көзқарасқа, жаңа идеялар мен өркениетке тыс-тырнағымен қарсы Беликовтың өмір 
көшірмесі,  тағдыры  мен  қалауы  әңгіме  желісіне  арқау  болады.  Бас  кейіпкер  Беликов 
шығармада  белгілі  бір  мектепте  грек  тілінен  сабақ  беретін  оқытушы  болып  суреттеледі. 
Алайда  оның  мінез-құлқы  мен  таным-түсінігі  елден  ерек,  ғажап.  Ол  бейне  бір  қымталған 
қысқыш бақа немесе ұлу тәрізді, үнемі қораптың ішінде жүруді жаны сүйеді. Тіпті, жайдары 
жаз күндерінде де аяғына колеш, үстіне пальто киіп қолына күндік ұстап жүреді, қол сағаты 
мен  пышағын  дорбаға  салып  алып  жанынан  тастамайды,  мүмкіндігінше  бар  жерін  қымтап, 
тұмшалап  жүруді  ұнатады,  пауескіде  отырса  есік-терезесін  мықтап  жауып,  пердесін  түсіріп 
отырады, жатарда да төсегін шымылдықпен тұмшалап басын бүркеп мазасы кетеді, әлденеден 
қорқып,  әлденеден  қауіптенеді.  Қысқасы  күнделікті  өмірден  барынша  оқшауланыпң,  болып 
жатқан  қоғамдық  өзгерістерден  үрейленіп,  өзін  жасырын  ұстауға  жанын  салады.  Біз 
шығармаға басқа емес, адами тұрғыдан қарасақ, бастысы Беликов та қатардағы жай адамның 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
 
 
бірі, ол да анадан туған, Ол өмірге осылай тұмшаланған күйде келмеген, ешбір ана өз баласын 
осылай  болса  екен  деп  ойламайды,  олай  тәрбиелемейді  де,  қайта  ерлікке,  намысқойлыққа, 
мейірімділікке тәрбиелейтіні даусыз, олай болса, Беликов осындай күйге қалай кіріптар болды 
деген сұрақ туады? Жауап сол - сол кездегі қоғамдық-саяси орта мен қоғамдық қатаң тәртіп-
түзім.  Демек  Беликов  бір  дәуірдің  айнасындай  қоғамдық  сипат  алатын  кейіпкер.  Жазушы 
оның  жан-дүниесін  ,  мінез-құлқын,  бет-бейнесін  суреттеу  арқылы  оқырманға  сыртқы 
формадан  гөрі  ішкі  мәнге  басты  назар  салуды  жөн  санайды,  сол  арқылы  қоғамның  қараңғы 
тұстарын  ашып  көрсетеді.  Аталмыш  шығарманы  толықтай  танып  түсіну  үшін  шығарма 
жазылған кездегі қоғамдық жағдай туралы аз-кем тоқтала кетуде жөн болар, бұл әңгіме 1898 
жылы  жазылған,  ол  кез  Патшалық  Ресейдің  қоғамдық,  әлеуметтік  және  саяси  жағдайы 
тығырықка тіреліп, кақтығыстар  ұшығып, қоғамдық қатынастар мейілінше шиленісіп тұрған 
кез еді. Жалпы қоғам алдында не істеу керек, қалай бағыт aлy тиіс деген аса жауапкершілігі 
мол,  күрделі  де  маңызды  сұрақ  тұрған-ды.  Қоғамда  болып  жатқан  дүмпуі  көп,  толғақты 
мәселелердің  қым-қуыттылығы  сондай  адамдар  нені  қолдап,  неге  қарсы  келулері  керектітін 
білмей  сарсаңға  түскен  кезең  еді  бұл.  Әлде  бұрынғы  сарпалдаңмен  жүре  беру  керек  пе,әлде 
жаңаша  бір  жол  табу  керек  пе?  Керек  болса  ол  қандай  жол  және  қалай  жүру  тиіс?  Miнe 
қоғамның дерті осы еді. Осындай дертті ортада Беликов не істеу керек? Ол сол баяғы қапаста 
қала ма, жоқ әлде санасы серпіліп жаңаша екпінге үн қоса ала ма? Міне осы мәселелер автор 
көзқарасының  түп  қазығы  және  басты  мақсаты  болып  табылады,  шығарманың  да  шиленісі 
шарықтап барып шешіледі. 
Шығармадағы  Беликов  1880-1890  жылдарда  қалыптасқан  Патшалық  Ресей  саяси 
үстемдігінің бірден бір символы. Ол өте орайшыл, күманқор, қоян жүрек қорқақ. Оның осы " 
Ғажайып  адам  "  сипаты  үрей  мен  оқшаулану  ерекшелігіне  ие.  Беликовтың  осындай 
психологиялық  үрейі  өзімен  ғана  шектелмейді,  айналасындағы  әр  турлі  адамдарға,  олардың 
қоғамдық  қимылына,  кісілік  қатынасына  да  әсерін  тигізіп  жатады.  Ол  бейне  патшаның  көз-
құлағы, жуандардың сілтер шоқпары, сақшылардың көзірі,  жауыздықтың қайнары, түрменің 
түпсіз  тереңі,  жұқпалы  дерт  тәрізді  қоғамдағы  әр  топтар  мен  әр  түрлі  жастағы,  ер  мен 
әйелдердің барлығына да қорқу сезімін тудырып отырады. Ол осы үрейі арқылы өзі паналап 
отырған  рухани  түрмеге  барша  адам  баласын  шақырып  тұрғандай  әсер  етеді.  Беликовтың 
бойындағы осынау қорқыныш пен үстемелеген үрей оның сана-сезімінен адам баласына ортақ 
құндылық болып саналатын махаббат пен достық сынды ізгі сезімдерді алыстатып жіберген. 
Осындай  түйсікке  ие  кейіпкер  осы  қасиетті  сезімдер  аясындағы  қоғамның  алға  дамуынан 
барынша  бойын  аулаққа  салып,  алаңдаумен  жүреді.  Беликовтың  бойында  бұдан  басқада 
тоңмойындық,  тәкапарлық,  сыңар  езулік  және  кері  кеткендік  қасиетері  бар.  Бұл  қасиеттер 
адам баласының ең нашар сипаттары болып табылады. Автор осы сипаттардың келеңсіздігін 
Беликовтың бейнесімен көрсету арқылы адамдар арасында осы сияқты адамдардың барынша 
азаю керектігін сөз етеді. 
А.П.Чехов  Беликовтың  елден  ерек  ғажайып  сипаты  арқылы  сол  кездегі  Патшалық 
Ресейдің тозығы жеткен саяси үстемдігін сынаумен бірге сол жүйеге қолдау көрсетіп отырған 
қоғамның  тоңмойын  топтарын  мінейді.  Әрі  адамзаттың  ең  құнды  байлығының  бірі  еркіндік 
пен оған қарсы мәнге ие тұмшаланудың арасындағы қарама-қарсылықты ашып көрсетіп адам 
үшін  рухани  және  адами  бостандықтың  баға  жетпес  жарқын  баса  бағалап,  адал  да,  ашық 
қоғамдық  жүйенің  қалыптасуын  армандайды.  Автор  Беликовтың  өлімі  арқылы  бұл  топтағы 
адамдардың түбі  бір күн құрдымға баратынын ескерткенімен саяси жүйенің  әлі де тым ұзақ 
өзгерістерді  басынан  кешіруге  тура  келетіндігін  де  ескертеді.  Жазушы  осынау  ерекше  образ 
арқылы кез-келген қоғамда түрлі топтар арасында түрліше көзқарас пен пікір алауыздығының 
және  қым-қуыт  қайшылықтардың  болатынын  суреттесе,  екінші  қырынан  қоғамда 
қайшылықтар  белен  алғанда  азаматтардың  тұмшаланып  ,  оқшауланып  жүрмей,  сергек 
ойлылық танытып, белсене араласып дұрыс жол табуға ат салысуын талап етеді. 
А.П.Чехов  Беликовтың  образын  мектеп  оқытушысына  беруінің  де  зор  мәні  бар. 
Беликовты  басқа  мамандық  иесіне  телуге  де  болар  еді,  алайда  оқытушының  бала 
тәрбиесіндегі,  болашақ  дүниенің  қалаптасуындағы  орнын  бағалай  отырып  осылай  шешімге 
келген  болуы  мүмкін.  Ұлт  келешегі  саналатын,  елдің  ертеңгі  тірегі  есептелінетін  ұрпақ 
тәрбиесі от басынан тыс, мемлекет үшін де аса жауапкершілікті талап етері анық. Сондықтан 
аға  ұрпақтың  келесі  ұрпақтан  күтері  де  көп,  талабы  да  ауыр.  Олай  болса  Беликов  секілді 
оқытушыдан қандай үміт күтуге болады, ол қандай қасиетімен жас ұрпақ жүрегіне жол таба 
алады?  Ендеше  қай  кезеңде  болмасын,  қай  елде  болмасын  оқытушының  қоғам  алдыңдағы, 
мемлекет  алдындағы  жауапкершілігі  зор  болмақ,  Егер  қоғам  оқытушы  алдындағы  міндетін 
шынайы сезінсе, оқытушы да жас ұрпақ алдындағы парызын адал атқара білсе еліміз Беликов 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж. 
 
 
сияқтылардан арылып, нағыз ұстаз деген атқа лайық өз заманының өжет адамдарын табар еді. 
 
 
Резюме 
В этой статье автор проанализировал общественно-политическую характерстику героя 
Беликова в рассказе А.П.Чехова «Человек в футляре» 
Summary. 
In this chapter the author has analysed socail-political evaluation of hero Belikov in hte story 
A.P.Qehov's «The man in a case» 
АҚЫН ӨЛЕҢДЕРНІҢ ПОЭТИКАСЫ  
 
Ш.Ә.Рамазанова - 
әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
Ж.Бөдешұлының  фольклорға  бет  бұруы  кездейсоқтық  та,  күтпеген  құбылыс  та  емес. 
Қазақ  поэзиясында  ауыз  әдебиетінің  алуан  түрлі  үлгілерін  кәдеге  жаратып,  жыр  жүгін 
артушылар  да  аз  емес.  Әйтсе  де  Жәркеннің  жетістігі  бай  мұраны  мысқалдап  кіргізбей, 
батпандап  байытуында,  байырғы  сөздердің  сырын  сақтай  отырып,  сынын  жетілдіруінде, 
ұлттық  табиғатын  тап  басып  танытатын  сыралғы  сөздердің  сыңарын  тауып  жарасымды 
жұптастыруында  ғана  емес,  үзеңгілес  ұғымдарды  теңестіріп,  тебістіріп  тізгіп  қақтыра 
білуінде. 
Санамдағы бір тал қылын 
тұтаттым Шақпағымен жарқ 
еткізіп жақтым да 
немесе: 
Көлбеңдеген көлеңкемді қайық 
қып Жүзіп өттім дариялар 
үстіңнен 
болмаса: 
Бөріні қамап аузыма 
Жүрегімді еттім жем  
Тарының құйттай 
қауызына  
Тау сыйгызып кеттім 
мен. 
Иә,  бұл  Жәркен  Бөдешұлының  бүгінгі  заманда  жазған  жырлары,  ертегілер  елінен, 
батырлар жырынан көшіп келген кәнігі кебенек киген жырлар емес, айдарынан ақ самал есіп 
келген тәуелсіздік тұсындағы тәуекел жырлары, ол бізге осынысымен қымбат, осынысымен 
ортақ.  Бұл  баяғы  тұяғымен  жер  тарпып  тұрған  тұлпарлардың  бір  тал  қылы  ма,  әлде  ақын 
қиялындағы қанатты шалқұйрықтың, шабыт құйрығының «бір тал қылы» ма, әйтеуір бір тал 
қыл!  Дұрысы  әрине  шақпақты  жаққан  соң  ғана,  бір  тал  қыл  тұтанады  ғой!  Біздің 
пайымдауымызша, бір тал қыл - ақынның қиялы да, шақпақ - шындығы ғой. Шындықтың бір 
тал  қылы  тұтанғанда  жан-жағымызды  самаладай  жап-жарық  қылып  жібермесіне  кім  кепіл? 
«Жарқ  етіп  жанған  шақпақтай»  жалт  етіп  түскен  сәуледен  жалтарып  кетер  жан  болар  ма, 
себебі бұл жай жарық емес, санадағы сәуленің жарығы болып тұр! Әлі жай ғана тұтата салып 
тұрған  жоқ,  көзіңді  қарықтыратын  етіп  «жарқ  еткізіп  жағып  тұр».  Мәселе,  Тайбұрыл  ма, 
Шалқұйрық па, Шалқасқа ма, Құлагердің қылы ма, онда емес қой! Ақын ол жағын айтпайды, 
ол  жайында  сөз  қозғамайды.  Бәлкім  тіпті  жүрек  қылы  шығар?!  Неде  болса  жарасып  тұр! 
Басқа ұлттың өкілі өгей тұтса да, қазақ ақыны жазған екен: айқын аңғарылады «көркем тіл - 
әрбір  көркем  дүниенің  өзі  сыйпаттас,  ол  жиі  айтылып  күнбе-күн  қолданыла  бермейді»  [  1, 
230]. 
Жәркен  ақын  да  күнбе-күн  бір  тал  қыл  тұтатып,  шақпағын  жаға  бермес,  олай  болса, 
ұмытылып  бара  жатқан  ұлттық  ұғымдарды  ұтымды  пайдалана  білу,  ұтқырлық  қана  емес, 
үнемділік  үлгісі,  үрдісті  үлгіні  ілгеріге  ілестіру.  Ауыз  әдебиеті  үлгісіндегі  халық  әндерінде 
«сырғанды  қайық  қылып  өткіз  мені»  десе,  Жәркен  ақын:  көлбеңдеген  көлеңкесін  қайық 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
 
 
қылады. Сырға да көлеңке де - жансыз құбылыс қой, дегенмен де, ақынның абыройы да сол 
жансызға жан бітіріп, қимыл-қозғалысқа көшіруінде емес пе? «Бұл әрине талант табиғатына, 
әркімнің  өмірдің  жымы  мен  жықпылын,  сіледі  суреттерін,  тылсым  сырларын  қаншалықты 
терең білетіндігіне де байланысты»[2, 82]. 
Міне,  көріп  отырсыздар  Жәркен  ақын  «көлеңкесін  қайық  қылып  өтетіндей» 
кемелдікке,  шеберлікке  қол  жеткізіп  отыр.  Қазақ  поэзиясының  арғы-бергі  үлгілерін  алып 
карасақта  көлеңке  туралы  жыр  көп,  Абайдың  өзі  де  «көлеңке  басын  ұзартып»  демей  ме,  ал 
Жәркеннің  көлеңкесі  олардың  бірде-біріне  ұқсамайтын  қияндағы  көлеңке.  Ақын  әлгі 
қияндағы  көлеңкені  қол  созым  жерге  жеткізіп,  қиялымен  қайтып  қайыкқа  айналдырады  да, 
дариялардың  үстінен  жүзіп  өтеді».  Ақын  жырларының  басты  ерекшелігі  де  халық  ауыз 
әдебиеті  үлгілерінен  үріп  ауызға  салғандай  талғамды,  таңдаулы  туынды  жасай  білуінде 
«Стиль  жазушының  барлық  туындыларын  түгел  қамтиды.  Жай  қарағанда  бір-біріне 
ұқсамайтын сықылды жазушының әр шығармаларын тереңірек зерттесек өзара жақындығын 
бірліктерін  көреміз.  Олар  бір  жазушының  қаламынан  туған  туындылар  ден  сыбырлап 
тұрғандай. Өйткені стиль жазушының өзі» [3. 13] 
Ақын  жырларының  бет-бейнесін  айқындай  алатын,  төлқұжаты  болып  табылатын 
тұстары қазақтың қара өлеңінің қолына сиқырлы таяқ ұстатып қалтасына бір тал қыл салып, 
асқар-асқар таулар мен айдын шалқар көлдерден аман-есен өткізуінде, ой орамдарын орынды-
орынсыз  тықпалай  бермей,  жігін  тауып  жымдастырып,  тілін  тауып  табыстыруында, 
жатсындырмай, жатырқатпай үйірдің үрейін кіргізіп, шындықтың шылбырын, талғам тізгінін 
ұстата  білуінде.  Бір  сөзбен  айтқанда  «қазақтың  қара  өлеңіне  күпі  де  кигізбей,  шекпен  де 
жаппай»  қиял  кейіпкеріне  айналдыруында  немесе  қара  өлеңді  қиял-ғажайып  әлемнің 
әміршісіне айналдыруында. 
Жалпы  Жәркен  Бөдешұлы  жырларында  келісті  кейіптеулер  де,  тосын  теңеулер  де, 
мазмұнды метафоралар да, сүйріктей символьдар да табылады. 
Жұлын, жүйке тұрған кезде 
жұқармай Аңқиды екен адам миы 
жұпардай.[4,40] 
Теңеудің  тегеурінділігі  сол  айналаңыздың  бәрінен  жұпар  иісі  аңкып  шыға 
келеді. Жұпар болғанда да таңның, түстің, шықтың, шөптің, көктің жұпары болса бір сәрі-ау, 
жоқ  бұл  мидың  жұпары,  «адамның  ардан  артық  жері  бар  ма  деп  Абай  айтқандай,  адам 
баласының  мидан  маңызды  мүшесі  болушы  ма  еді,  о  заманда,  бұ  заман  мидың  иісін  сезіп, 
иіскеп  көрген  адам  бар  ма?  Әрине  жоқ!  Сонда  бұл  не  болғаны?  «Нағыз  поэзияның  басты 
белгісі  жалғандықтан  жалтару,  ақынның  көңіл  күйі  мен  сезімін  суреттейтін  қиял  қарғыны 
болып табылады»[5, 259]. 
Иә, расында дәл солай! Қиял қарғыны, қарғыған қиял, көк пен жердің екі ортасын емін-
еркін  кезіп,  жүген-құрық  көрмеген  қанатты  қиял.  «Жұпардай  аңқыған  мидан»  тек  осындай 
ауыздықпен  алысқан  аруақты  қиял  туады.  Адамның  миы  жұпар  аңқып  тұрмаса,  ол 
айналасындағы күллі дүниенің тылсым тіршіліктің жұпар иісін бағалай, саралай алар ма еді. 
Әрине  жоқ.  Өлең  жазу  бар  да,  өленді  образ  жасау  тағы  бар»[6,  352]  яғни  образды  түрде 
ойламасақ  адамның  миы  жұпар  аңқуы  екіталай  ғой,  олай  болса,  ақын  адамның  миының 
жұмыс істеп тұруының өзі  де жұпар иісін шашу емес пе? Тағы да иіс! Бұл жолы адам емес, 
жылқының иісі! 
Жылқының исі 
бұрқырап Табаққа 
салған қазыдай. 
Сөз  құдіреті  -  қимыл  әрекетке  көшуінде  ғана,  қара  желдей  өсуінде  теңнің  жібін 
шешуінде,  қара  өзендей  тасуында,  қара  таудан  асуында  яғни  сәт  сайын  серпіліп,  сәт  сайын 
жаңғыруында,  түн  сайын  түлеп,  күн  сайын  көкті  тіреуінде,  қысқасы  қысқа  күнде  қырық 
құбылуында. «Құбылған сөз - әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ, бір сөз бір 
нәрсені таныта, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады. 
Демек,  троптың  ең  басты  мәні  таным  тарапында»  [6,352]  Жәркен  Бөдешұлы  да  сөзді 
құбылтып қана қоймайды, тыңнан түйін түйеді. 
Ой - жауар бұлт, 
Жарқ-жұрқ еткен сөз жасын. 
Бұл  метафораның  жай  ғана  қарапайым  түрі.Көрдіңізбе  ақынның  өзі  айтса  айтқандай 
«жасындай  жарқылдап»  тұрмаса  сөз  сөз  бола  ма?  Төмен  қарап  түнеріп  тұрған  сөзден  не 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж. 
 
 
күтесіз,  не  де  болса  жарқылдап  тұрған  сөз  жақсы  емес  пе?  Бұл  әрі-беріден  кейін  жыр 
толғағының  сиқырлы,  сүйкімді  сәті.  Сүйкімді  сәттен  гөрі,  сиқырлы  сәттен  гөрі  де,  ащы 
толғағы  деген  дұрыс-ау!  Жыр  толғағы!  Әлбетте  қазақ  поэзиясы  бұлт  атаулының  қай-
қайсысына  кем  де  емес.  Абайдың  «көк  ала  бұлтынан»  бастап,  Әбу  Сәрсенбаевтың  «Ақша 
бұлтына»  дейінгі  аралықта  тіпті  онан  да  бері  де,  әріде  де  бұлтка  теңеу,  бұлтты  теңеудің 
түрлері көп. Жауар бұлтта, жарқ-жұрқ еткен сөз жасын да орнымен, қиюласа қолданылып тұр. 
Енді бір өлеңінде ақын: 
Жер көгерді 
Мен қашан көгеремін? 
Көгермей ішімде өлді көп өлеңім. 
Өлең туралы толғанбаған ақын жоқ. Ақын омонимдес сөздер - арқылы «көгеру» сөзінің 
екі түрлі мағынасын ұсынып отыр, тура мағынасы әрине жердің көгеруі  де, екінші  «көгеру» 
ауыспалы мағынасы  «көгермей ішімде  өлді көп өлеңім». Өлең  - бойға біткен баладай, ол да 
тоғыз ай тоғыз күн толғанда тууы мүмкін, әрине ең қиыны ішінде өлген бала ғой, ең қиыны, 
ең қорқыныштысы да өлі туу емес пе? Өкінішті- ақ! 
М.Мақатаевтың «жапырағы арса-арса кәрі еменге, келер көктем білмеймін не береді?» 
деген жыр жолдарымен жапсарлас. 
Көп кешікпей көктем де келер 
енді Көгереді бәрі де көгереді. 
Әрине, қара жердің көктеуі, көгеруі. Бұл - Мұқағали Мақатаев. 
Жер көгерді, 
Мен қашан көгеремін  
Көгермей ішімде өлді көп 
өлеңім. 
Бұл - Жәркен Бөдеш. Көктем  - біреу де, ақын  - екеу. Әр ақын өзінше өрнектейді, бір 
ақын  кәрі  еменнің  қамын  ойлап  камықса,  екінші  ақын  өр  өлеңнің  жайын  ойлап  жабығады. 
Аймағы бір болғанмен, айтары бөлек. 
Поэзияның басты байламы да - бір-біріне ұқсамау ғой. 
Қадыр Мырзалиев: Бір-біріне ұқсамасын ақындар, 
Ақын түгіл ұқсамайды жақындар. 
Ұқсай берсе бәрін қуып, халайық, 
Тек біреуін қалдыруға хақың бар, - 
Олай болса, Жәркен Бөдешұлы мен Мұқағали Мақатаев бір-біріне ұқсас ақындар емес, 
бірін-бірі  толықтырушы  «Жыр  жүйріктерінің  әр  кезде,  әр  аймақта  ғұмыр  кешкеніне 
қарамастан олардың өлеңдеріндегі түрлі образдар жинақталып, тұтастық құрайды. Заманның 
келбеті  де,  адам  бейнесі  де  бәріне  ортақ  сарындарды  салыстыра  саралаған  кезде  айқынырақ 
танылады» [7, 367]. 
Болардай қалай да бір керемет сын  
Құбылып түсі өзгерді төңіректің  
Салмағын көтере алмай майысты гүл -  
Қанаты дымқыл тартқан көбелектің[8, 
133]. 
Тағы да табиғат туралы жыр, тағы да көктем көрінісі, көк нөсер күткен көктем. 
Көктем  емес-ау,  көктемнің  көк  байрақтары  -  көбелек  пен  гүл.  Өлеңде  кенеттен  күн  райы 
нілдей  бұзылып  көк нөсердің  лебі  еседі.  «Қалайда  бір  керемет  сын  болғалы  тұр»,  бұл  сын  - 
кім үшін, не үшін? Алғашқы жолдағы табиғаттың тосын мінез танытуы мен бірге төңіректің 
де түсі өзгеріп шыға келеді. Ақын шендестіру тәсілі арқылы көбелек те, гүл де желмен бірге 
ұшып кетті демей, керісінше «салмағын көтере алмай майысты гүл» деуінде де заңдылық бар. 
Осының  өзі  адамдарды  былай  қойғанда,  табиғат  құбылыстарының  арасында  да  қарама-
қайшылық қана емес, үндестік барын аңғартпай ма? 
Түсі  өзгерген төңірек,  салмағын көтере  алмай майысқан гүл, қанаты дымқыл тартқан 
көбелек... Үшеуінің басын біріктіріп, біріне-бірін тәуелді етіп қойған, тіпті тағдырластырып, 
туыстастырып  жіберген  құбылыстың  аты  -  көк  нөсер,  көк  ала  қанатты  көктем.  Өлеңдер  ой 
жинақылығы, идеялық мазмұн, мақсат бірлігі байқалады. 
Мәселе  тіпті  өлеңнің  қысқалығы  мен  ұзындығында,  яғни  көлемінде  емес,  көрерінде, 
көрегенділігінде. Немесе: 
Бауыры ақ теректің жалтырайды  
Қойғандай ақ аюдың майын жағып. 
Қазақ  поэзиясында  Төлеген  Айбергеновтін  «сен  отырдың  сазанның  бауырындай 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
 
 
жарқылдап» немесе Есенғали Раушановтың «қара бауыр қасқалдағы» бары белгілі. Бірақ екеуі 
де жанды дүние - адам мен құс, әрі екеуі де қозғалыста, біреуі ән айтып отыр, екіншісі ұшып 
бара жатыр. Ал Жәркеннің ақ терегінің бауыры неге жалтырайды? Қимыл-қозғалыс жоқ. Бұл 
кәдімгі мамыражай мүлгіген тыныштықтағы ақ терек емес, нөсер алдындағы ақ терек. Әлсін-
әлсін  соққан  жел,  ақ  теректің  бауырын,  ақ  сазанның  бауырындай  «жалтырата»  түседі. 
Қаралтан  қарап  ақ  теректің  бауыры  жалтырамайтыны  белгілі  ғой,  бұл  ақ  нөсерге  алдын  ала 
дайындық.  Қарап  отырсаңыз  барлығы  ақ.  Ақ  нөсер.  Ақ  терек.  Ақ  бауыр.  Ақ  аю.  Ақ  май. 
Барлығы  бір-бірімен  үндесіп,  үйлесіп,  теңесіп,  теңгеріліп  тұрғандай  «теңеу  -  екі  нәрсені, 
құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі 
болып  келетіні  байқалады.  Бірде  теңеу  екі  нәрсені  тұтас  алып  салыстыру  арқылы  жасалса, 
енді бірде айтылып отырған нәрсенің сипат белгісін түсін, дыбыс - үнін, тағы басқадай жеке 
ерекшелігін өзге бір нәрседен басқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы  ұқсастықты тірек етіп 
салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі»[9, 210]. Қалай десек те «ақ теректің 
бауыры  мен  ақ  аюдың  майы!  Бұрын-соңды  болмаған  бейнелеулер.  Әлбетте  ақ  қайың,  аққу 
туралы жырлар қазақ, орыс поэзиясында жеткілікті. Ал теректің, ақ теректің бауыры, бәлкім 
бірінші  теңеліп  отыр.  Ақ  нөсер  келе  жатқанда  ақ  терек  түрленбей  кім  түрленеді,  ақ  терек 
сәнденбей,  кім  сәнденеді?  Бұл  Абайдың  «күн  -  күйеу,  жер  -  қалыңдық  сағынысты»  атты 
жолдарымен астарлас, тұспалдас, төркіндес жақын-жуық жолдар. 
1.
 
Назарбаев М, Замани тудырған әдебиет. -Алматы: Ғылым, 1997, -230 6. 
2.
 
Айтматов Ш. Сөзстан. Бірінші кітап, 1989. -82-6. 
3.
 
Жумалиев Қ, Стиль өнер ерекшелігі, -Алматы, 1966,-136. 
4.
 
Бөдешұлы Ж. Бұрылыс. Сөздік-Словаръ, 2007, -294 6. 
5.
 
Қабдолов 3. Сөз өнері. -Алматы: Қазақ университет 1992. -352 6. 
6.
 
Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. -Алматы: Білім, 2000. — 367 6. 
7.
 
Бөдешұлы Ж Емендер түнде бүрлейді. —Алматы: Анатілі, 20(12. -303 6. 
8.
 
Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. ~.Алматы, 1979. -2106. 
Резюме 
В  статье  исследуются  художественные  особенности  поэтической  системы 
Ж.Бодешулы.  Кроме  того  дается  сравнительный  анализ  поэтики  Ж.Бодешулы  и  поэгики 
К.Мырзалиева, Ж Л аж и ме де но на. Т. А йб ер генов а. 
Summary. 
In this article artistig particularities of poetig system of Zh.Bodeschuly are considered, 
comparative analysis of poetigs of Zh.Bodeschuly and K.Myrzaliev, Zb.Nazhmeclenov, 
T.Aibergenov is given.

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гьиымдары» сериясы. М'2 (32),2010ж. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет