30-ЖЫЛДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ӨНЕР ТАҚЫРЫБЫ
(Қ.БЕКХОЖИННІҢ «АҚСАҚ ҚҰЛАН» ПОЭМАСЫ ТУРАЛЫ)
А.Е.Ментебаева -
филол.ғыл.к.,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері
Саясат пен идеологияның салқынына ұшырап, көркем өнердің өз мүмкіндіктерін
пайдалана алмаған 30-жылдардың тұсында шебер, көркем, социализм шындығына соқпай-ақ
өмірлік тақырыптарға барған шығармалар санаулы ғана. Соларды оқығанда қазақ ақындары
мен жазушыларының қабілет- қарымы, сауатты, таланты жетпегеннен емес саяси-әлеуметтік
себептерден әлсіз дүниелер әкелгеніне көз жеткіземіз. Осы ретте ерекше атап етуге
тұрарлық дүние Қалижан Бекхожиннің «Ақсақ құлан» поэмасы. Поэма өнер тақырыбына
арналған. Бұл ретте ақынның қазақ поэзиясындағы сол тұстағы, XX ғасырдың 20- 30
жылдарындағы алып биігі І.Жансүгіровке еліктеп, өзінше үйренуге талапғанғаны да
байқалады.
І.Жансүгіров өзінің «Күй» (1929), «Күйші» (1934), «Құлагер» (1936) сияқты атақты
поэмаларымен өнерді, өнер адамын эпикалық шығармада жырлаудың белгілі бір дәстүрін
капыптастырған болатын. Ол дәстүрді сол тұстағы біраз ақындар (Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин,
және т.б.) бірден жалғастыра жөнелген. Бұл жайлы Қ.Бекхожиннің өзі былай дейді: «Күй»,
«Күйші» дастандарынан кейін Әбділдәнің «Абыл», «Оркестр» сияқты жақсы поэмалары
туғандықтан да Ілияс дәстүрінің қазақ поэзиясында орыс алғандығын аңғарамыз. Ілияс
секілді кемеңгер ақынға өзімді шәкірт санайтын мен «Ақсақ құлан» атты дастанымды сол
игі дәстүрдің өнегесімен жазғанымды дәйім сүйінішпен айтамын» [1,175 б.].
«Ақсақ кұлан» поэмасы өнер тақырыбын да, тарихи тақырыпты да өз бойына
сыйдырып тұрған көркем туынды. Жаңа социалистік құрылыс, жаңа өмір белең алып,
жаппай ұрандау басталған тұста ақын да ол дүрмектен сырт қалған жоқ. Бірақ жүрегіне
вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
жақын, нағыз туындыны осы халық арасына кең тараған аңыздан тудырғанға ұқсайды. Ол
туралы ақын поэманың «Толғану» атты кіріспе бөлімінде былай дейді.
Жанымды жаңа жырға иген едім,
Қалай сен, баба мұңы кимеледің?
Еріксіз елжіредім естігенде,
Елімнің ертедегі күй бебеуін.
Аңызын аталардың жете тізгсн,
Бұл жырды естіп едім әкемізден.
Сол күймен күңіренген көне қобыз,
Өткеннің қайғысына жеке дүзген [2, 49 б.].
Жалпы бұл поэмада екі үлкен образ бар: оның бірі - Жошы хан, екіншісі - күйші
Тыпа. Барлық оқиға, тартыс мен шиленіс осы екі қаһарманның төнірегінде өрбиді. Автор әр
кейіпкердің өз мінез ерекшелігін, ұстанымын бірден ашып береді. Мәселен, Жошы хан
бейнесі алғашқы суреттеуден-ақ бар кырынан ашылып тұр,
Жошыға асыр болған осы мекен,
Үркіп жұрт, қарасынан шошиды екен.
Аламан аңдай шулап жөнелгенде,
Ізінен өзендей қан жосиды екен.
Сұс беріп қасқыр бөрік хан басына,
Аю тон айқарылған арқасында.
Арсиып тұлып басы жолбарыстың
Қызыл көз қыран отыр дәл қасында [2,
51 б.].
Аталған аң мен құс кейіпкердің характерін ашуға себеп болып тұр. Көркем
шығармадағы интерьер, оның образдың психологиялық қырын ашудағы рөлі ерекше екені
баршаға аян. Поэмадағы «Тұрғандай қан шылқытьш түктерінен, Қырмызы, парсы кілем
тұсындағы» деген өлең жолдарынан-ақ оқырман Жошының кім екендігін дәл басып тани
алады.
Фольклор мен көркем әдебиетте ат образының мазмұндық, көркемдік, идеялық
қызметі ерекше. Ол көп жағдайда бас кейіпкердің ең жақын серігі, қамқоршысы, тіпті кей
тұстарда құтқарушысы. «Ақсақ құлан» поэмасында да құлан образы да үлкен мәнге ие. Тіпті
күйші Тыпаның образы құланның образындай берілмейді десек артық айтқандық болмас.
Тыпа бейнесі ішкі күйініш, мұң, шер сипатында көбірек ашыла түскен. Яғни, автор оның
портретін психологиялық қырымен ашқан. Ал құлан бейнесі статикалық және динамикалық
портреттері арқылы толыға түскен.
Тұлғасы жолбарыстай алашұбар,
Шапқанда киіктей-ак қарасы бар.
Кекілі қытай қыздың тұлымындай,
Көзінің жұлдыз жанған шарасы бар.
Алтынды жалатқан ба түктеріне?
Жолағын күміспенен күптеді ме?
Құлықтың құлынындай шағын
мүше
Құйындай құйғытуға біткені ме?
[2,57 6.J.
Құлан бейнесіне автор тағылықпен қатар, еркіндік, еріктілік ұғымдарын сыйғыза
білген. Сондықтан да ол соншалықты тартымды, көркем, әсерлі шыққан.
Шығарманың сюжеті де шебер қиюластырылған. «Ажалын аяулымның кім естіртсе,
Тілін кес, жендеттерім, бер жазасын!» деген Жошы ханның қатал үкімінен кейін «кім
естіртеді, қалай естіртеді» деген сауал өз алдына, соны автор қалай суреттеп жеткізеді екен
деген және бір сұрақ көкейге оралады. Бұл тұрғыда майталман ақын еш сүрінбейді. Бар-
жоғы екі шумақ өлең жолдарымен осы көріністі жеріне жеткізе, күй құдіретін мойындаттыра
бейнелеген.
«Сайрауға құс та менен именеді,
Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж.
Тіл қатқан табаныма иленеді».
Хан солай қатып еді ашу қысып,
Екісімдеп күй келеді, күй келеді.
Албырт күй ақ ордаға кимеледі,
Хан өзі күйді неге тый демеді?
Тәңірдің жарлығы ма жерге түскен,
Қалайша ханға батып күй келеді?
Осылайша бар шындықтың бетін ашылып, «Жаралы қызғыш құстай күй шырылдап,
Қадалды ханның шерлі кеудесіне». Шебер шешім. Көркемдік тұрғыдан да, логикалық
тұрғыдан да нанымды.
Шығармада қаламгердің суреткерлік шеберлігін айқындай түсетін түрлі көркем
тәсілдер қолданылған. Олар - психологиялық паралеллизм, кейіптеу, авторлық түсіндірме,
монолог және т.б.
Тау шіркін, тітіреді тықпадым деп,
Сілкінді жер ұлыңды жұтпадым деп.
Еркесі ен даланың жел жүгірді,
Аударып атынан мен жықпадым деп. [2, 61 б.].
немесе
Жан-жаққа жел өсекті тасып жатты,
Алысқа атқа мініп ашу шапты.
Шың тасын Шыңғыс ханның бұлт басты деп,
Шеттегі шоқылардың басы қатты. [2, 66 б.].
Жалпы шығарма түйінінде бұл оқиға одан әрі дамып, ширығып барып, аяқталады.
Жыр соңында Жошы ханның өзі де белгісіз бір бейіт болып қалып қояды. «Жасырды жер де,
жел де өлімді сол, Хан емес, обада бір қаңқа қалды».
«Ақсақ кұлан» - Қ.Бекхожиннің тарихы тақырыпқа жазған бірінші поэмасы.
Поэманың алғашқы нұсқасы 1939 жылы жазылып, «Әдебиет және искусство» журналының
сол жылғы 4, 6 сандарында жарияланған. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармасына ақын
24 жылдан кейін қайта оралып, оны жөндеп, соңғы нұсқасын жазған. «Ақсақ құлан»
поэмасының түзетілген екінші нұсқасы «Жұлдыз» журналының 1963 жылғы 7-8 сандарында
жарияланып, ақынның кейінгі шықкан бірнеше кітаптарына енді.
Қ.Бекхожин өзінің 30 жылдардағы шығармашылығы туралы сөз еткенде ұсақ
өлеңдерден гөрі дастан жазуға бейім болғанын, және оның себебін жастайынан қисса,
дастандарды көп оқығандығымен, сюжетті және тарихи поэмалар жазуға машық екендігін
айтады. Шындығында, ақынның өткен ғасырдың 30-жылдары жазған «Ақсақ құлан»
поэмасы сюжетімен де, мазмұнымен да, көтерген тақырыбымен да, аз сөзге үлкен ойды
сыйдыра білуімен де бүгінгі оқырманның талабынан шығып, эстетикалық талғамын
қанағаттандыра алатынына сеніміміз мол. Бұл - шығарма авторы Қ.Бекхожиннің қазақ
әдебиеті тарихынан өзіндік орнын нықтап алған қарымды қаламгер екендігін аңдатады.
1.
Бекхожин Қ. Дәстүр мен жаңашылдық. - Алматы, 1969. - 218 6.
2.
Бекхожин Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1982. - Т.1. -412
6.
Резюме
В статье анализируется художественные особенности поэмы К.Бекхожина «Аксак
кулан».
Summary
The article reveals artistic features of Bekhozhin’s poem “Aksak”.
ӨЛЕҢ-СӨЗДІҢ ӨРІМІНЕН СЫР ТАРТҚАН
(ҒАЛЫМ С.СЕЙІТОВ ЗЕРТТЕУШІЛІГІ ХАҚЫНДА)
вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
/БІРІНШІ МАҚАЛА/
З.Мүтиев-
Абай атындағы ҚазҰПУ доктаранты.
Ақындық пен ғалымдық сынды қос өнерді қатар меңгеріп, екі салада да жемісті енбек
еткен, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген
қайраткерлердің бірі - Сағынғали Сейітов. Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының
кандидаты С.Сейітовтің әдеби- зерттеу еңбектерінің қарасы да қомақты көрінеді. Көз майын
тауысып, ұзақ жылдар ізденісінің нәтижесінде С.Сейітов қаламынан қазақ әдебиетінің өзекті
мәселелерін қамтыған «Қырық жылда» (1957), «Ақын сапары» (1958), «Қазақ
поэзиясындағы Маяковский дәстүрі» (1966), «СССР Одағы халықтарының достығы» (1965),
«Өмір өрнектері» (1969), «Тоғысқан толқындар» (1974), «Туысқандық туғызған» (1979),
«Өлең өлкесінде» (1984) т.б. әдеби-зерттеу еңбектері жарық көрді.
С.Сейітовтің әдебиеттану ғылымындағы бастау сапарының алғашқы қорытынды есебі
сынды көрінетін еңбегі - «Қырық жылда» (1957). Аталған кітапқа дейін отандық әдебиет
тарихын зерттеп, оның ішінде жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық жолына
арнап әлденеше мақалалар жариялап жүрген С.Сейітов бұл еңбегінде қазақ әдебиетінің
(әрине «кеңес» сөзі қоса жүретіні белгілі ғой - З.М.) өткен қырық жылдық (1917-1957)
жолына (қалыптасу, ер жету, өсу) қысқаша шолу жасаған. Аталған зерттеуде өзге де
жанрлармен қатар поэзия мәселесі, тиісінше лирика тегінің де проблемалары батыл
қозғалған. Еңбектің «Алғашқы адымдар» аталған алғашқы тарауы 1917 жылғы төңкеріс
нәтижесінде дүниеге келген жаңа идеямен қаруланған, жаңа дәуірге бет алған ақындар
шығармаларының тақырып пен идеяны (әрине, алдын ала берілген, міндеттелген) іске асыру
жолындағы ізденістері сараланып талданады. Өйткені, «Социалистік реализм әдебиетінің -
совет әдебиетінің басты-басты идеялық- көркемдік қасиеттеріне қазақ әдебиеті де ортақ.
Социалистік реализм қазақ совет әдебиетінің де негізгі әдісі» /1,6/ - делінген қатаң қағида
қысып тұрса, мұнымен қоймай: «Ұлтшылдар қазақ әдебиетінің әдісі ретінде керітарпа
романтизм мен символизмді ұсынып, жаңа заман әдебиетінің творчестволық принциптеріне
ашықтан-ашық қарсы шығып жатса» /1,7/, ақындар шығармашылығында қандай даму болуы
мүмкін. Алайда жаңа құрылысқа тез икемделген С.Мұқанов, Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаева,
Ж.Сыздықов, А.Тоқмағамбетов т.с.с. ақындар өлеңдері «сол кезді тану жөнінде көмек
көрсете алыпты».
С.Сейітов октябрь дәуірінің басты-басты тақырыптарын (ол: баршаға белгілі -
революция жеңісі; жұмысшы мен еңбекші шаруалар одағы партиясының жасампаздығы;
«күн көсемнің» данышпандығы; кеңес өкіметімен келген «бақытты шақ»; ауылды
кеңестендіру; байлар табына қарсы күрес; ірі байларды тәркілеу; колхоз, совхоз орнату; қала
берді әйел теңдігі, оқу, өнер-білім т.т.) атай келе «бұл дәуірде қазақ әдебиетіне жаңа типті
кейіпкер келіп кіргенін, оның «жаңа өмір орнатуға құлшына кіріскен адам» екенін
баяндайды.
Ескі заманның құлдығынан азат болған елдің, бостандыққа зәру, еркіндікке құштар
адамының толық бейнесін кеңестік дәуір әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бірі
С.Мұқановтың бірінші болып жырлауын ғалым С.Сейітов басқалардан бөліп алып, атап
көрсетеді. Революцияны қуана қарсы алып жатқан кейіпкер («Бостандық», «Кедей баласы»)
бейнесін сол кезеңнің қажетіне сай сомдауын С.Мұқановтың «идеялық нысанасының
түзулігі, тап мүддесін қолдайтынын ашық айтып отыратын тенденциялығы» деп бағалайды.
С.Мұқанов зерттеушілерінің (оның поэзиясын) баршасына ортақ талдау белгілерінің ізімен
жүре келе С.Сейітов өзінің ғалымдық, зерттеушілік және сыншылық көзқарасын ашық
білдіріп отырады. «Оның патриотизмі, халыққа қалтқысыз қызмет ету мақсатын бекем
ұстануы Мұқанов поэзиясының жаңалық нышандарын танытатын түбегейлі белгілер,
осылар болып табылады» деп көрсетеді. Сәкен бар, Ілияс бар, Бейімбет бар, басқа бар - жаңа
дәуірдің адамын жырлаушылар, құдайға шүкір, жетерлік. Алайда ғалым Сейітовте: «Ол-
(Сәбит) әдебиетке бұрын езіліп келген таптың өкілдерін жағымды кейіпкер етіп
енгізушілердің бірі». Сәбит поэзиясының тәлімін тексере отырып, қай тақырыпты алса да -
жаңа мен ескінің күресін көрсетуді көздейді дейді. Ақын шығармашылығының ұғымды,
ұнамды жағының бірі де осында деп көрсетеді. Шығармашылық өнері дамып, өз
оқырмандарының мақтанышы мен қолпашына малтығып калған ақынның «түр, көркемдік
Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж.
жағынан елеулі олқылықтары (жалаң сөзділік, өлеңді қара сөзге айналдырып алушылық ,
ырғақтан жаңылу, ұйқастың ақсауы) бола тұрса да, жиырмасыншы жылдардың екінші
жартысындағы өлеңдерінде мазмұнды байыту, тіл ұстарту жағынан едәуір ілгерілегендік
байқалады» /1,14/ дейді ғалым. С.Сейітов пайымынша С.Мұқановтың өлеңге көзқарасында о
баста түсінбеушіліктер болған. Мәселен, ол қазақтың бұрынғы ақындарының ішінде
Абайдың түр жағынан сөзсіз пайдалы жақтарын алудан көпке шейін бой тартып келген,
тіптен қызығы: «лириканы екі жыныс арасындағы мәселе ғана деп қараған». Өз мінін жақсы
түсінген ақынның «Менің өлеңдерімде кемшіліктер жоқ емес, бар. Алдымен, ... жаратылыс
көркемдігін суреттеушілік аз. Екінші жағынан мазмұн мен пішін екеуі дәл көңілдегідей
келмеген жерлері болуы мүмкін. Бұл екеуіне мен айыпты емес, мені әдебиет әлеміне
тұсаудан кеш ағытқан белгілі кедейлік, салауатсыздық, тәжірибесіздік айыпты» /2/ - деп
ақталатыны да бар. Сәбит ақындығын тексеру барысында С.Сейітов оның шығармашылық
лабораториясына да үңіледі. Қазақ әңгімесінің шебері Ғ.Мүсіреповтің «Автобиографиялық
әңгімесінде» баяндалатын «Сәбит өлеңді іркілмей де, қиналмай да жазушы еді, жағдай да
талғамайтын» /3/ деп басталатын әдебиетіміздің қос алыбының жазу машығын алғаш игеру
сапарларынан да сыр шертіп өтеді.
Төңкерістің алғашқы жылдарында жарқ етіп көрініп, ақ бандылардың қолынан қаза
тапқан, алайда өлең-сөздегі орны көп еленбей қалған ақынның бірі - Баймағамбет Ізтөлин
екенін анықтаушылардың бірі - С.Сейітов. Оның қолда сақталған он шақты өлеңінің өзінен-
ақ оны талантты ақындар қатарына жатқызуға болады екен. Ақынның «Туғаныма» өлеңі
жаңа өмірді құрысуға шақырса, «Пысылдақ Омарға» туындысы байларға қарсы күреске
үндейді. Ал «Түннің басталуы» мен «Қалқам, шырақ» өлеңдері табиғат, махаббат
тақырыптарына арналыпты. С.Сейітов: «Тегінде Ізтөлин кішіпейіл адам болғанға ұқсайды»
деп келеді де «Сәбит Мүқановтың оған: «Сен ақынсың ғой» деген сөзіне аса
қарапайымдылықпен жауап берген өлеңінен үзінділер келтіріп өтеді. «Анығында, - дейді
С.Сейітов, - Ізтөлин дарынды ақын болған. Ол туралы «Мир труда» (Петропавл) газетінде
жарияланған некрологта: «Жолдас Ізтөлин бала шағынан қызуы лапылдаған өлеңдер жазған
дарынды ақын еді. Жылы лепті өлеңдерін ол халқын қараңғылықтан жарыққа бастауға
арнады» /4/ делінген сөздер әбден дұрыс» - деп мысалға келтіріп етеді.
Зерттеуші С.Сейітовтің қазақ лирикасын тексерудегі аса бір назар аударған тұсы -
өнерпаз, қазақ әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш кеңес ақыны Шолпан Иманбаева
шығармашылығы. Ш.Иманбаева аз ғана ғұмырының ішінде сол кезеңдегі қазақ әйелдерінің
көңіл күйі мен сезімдерін, ой-өрісін көрсететін өлеңдер тудырған ақын саналады. Өз
замандас-құрбыларын оқу-білім алуға үндеп, жаңа тұрмыс орнатуға үгіттеген өлеңдері
(«Жеттік міне» , «Арыз», «Қоңыр қаз», «Өлкелік әйелдер курсынан» т.б.) арқылы танылған
лирик ақын болатын. Оның туындыларының идеялық, тақырыптық ауқымы мен мазмұнына
барлау жасаған ғалым С.Сейітов : «Оның өлеңдерінде қазақ әйелі бастан кешкен бейнетті
өмірдің тұтас суреті тұр. Бұл сурет ашық, мағыналы, әбден түсінікті, тілге жеңіл, кәдімгі жай
сөздермен-ақ бейнеленген.., қарапайым сөздермен-ақ адамның сезіміне әсер етерліктей
шеберлік бар» /1,18/деп бағалайды.
С.Сейітовтің «Қырық жылда» зерттеуінде қарастырылған ақындардың бірі ірі эпик әрі
лирик Иса Байзақов. Заманауи тақырыптарды еркін игерген Исаның «күн көсемге» арналған
белгілі өлеңін зерттеуші С.Сейітов: «Ақындық серпін мен оптимистік жарқын сезімге толы
бұл өлеңде сол тұстағы қазақ поэзиясында әзірше кездеспеген тың сөз қолданысы, жаңа
образ бар» /1,20/ деп ерекшелеп көрсетеді.
Қазақ лирикасының қырық жылдық кезеңі мен дамуына шолу жүргізген ғалым
С.Сейітов әдебиетке қосылған әр ақынды, әр талантты әр жылдың жемісі, жаңалығы ретінде
бағалап отырады. Мысалы, 1925-24 жылдары Ө.Тұрманжанов, Ж. Сыздықов, 1925 жылы
А.Тоқмағамбетов, Қ.Әбдіқадіров, 1928 жылдары Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Ғ.Орманов келіп
тоғысты дейді. Әр ақынның лирикасына әдеби әрі ғылыми талдаулар жүргізеді. Өлең
өлкесіндегі ізденістерін теріп, термелей келе әлі де жетімсіз мәселелердің де бар екендігін
жасыра алмайды. Мысалы, ақын Ө.Тұрманжанов поэзиясы хақында: «Ақын өмір, балалық
кез туралы толғаныс өлеңдер жазумен де айналысып көрді. Махаббат тақырыбына да қалам
тартады. Талабы тәуір болғанымен, бұл саладағы өлеңдердің «Балалықтан» басқасында
жылы леп, эмоциялық күші жағы тапшы» деп қынжылыс білдіреді. Дегенмен де:
«өлеңдеріндегі ой жетімсіздігі, айтайын дегенін жалпылама айту, тақырыпты меңгере алмау
сияқты кемшіліктерінен Тұрманжанов отызыншы жылдардағы таңдаулы лирикасында арыла
вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
бастайды» /1,25/ деп қуанышын да жасыра алмайды.
Ө.Тұрманжанов сияқты Ж.Сыздықовтың да көбінесе әлеуметтік тақырыптарға
барыңқырап жүргенін («Домбыра күйіне», «Атбасар суреттері»), кей уақыт кеңсешілдікті,
төрешілдікті, керенаулықты («Бір ауылнайдың баяндамасы») әшкерелеуші ақын ретінде
бағаласа, енді бірде: «Жиырмасыншы жылдардағы Сыздықов поэзиясына тән кемшілік:
сөзді мағынасына, мәніне қарамай, қалай болса солай қоя салушылық; шұбыртпалылық;
кейде газет сияқты етіп баяндаушылық. Мұндай міндер басқа адамдарда да бар. Бірақ
Сыздықов өлеңдерінде бұл кемшілік жиірек байқалып, көзге айқынырақ шалынады» /1,23/
деп көрсетеді.
Жиырмасыншы жылдар поэзиясының белді өкілдері А.Тоқмағанбетов, С.Дөнентаев,
Т.Жароков, Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев т.б. қазақ поэзиясына қосқан үлестерін (мазмұн,
тақырып пен идеялық тұрғыдан), олардың үлкен әдебиетке келу жолдарына бақылау
жүргізген зерттеуші - филолог С.Сейітов әр лириктің адресіне түйінді сөзін арнап отырады.
Олардың өлең өнеріндегі өзіндік қолтаңбаларын іздеп, айқындауға күш салады. Мәселен,
«Әбдіқадыровтың жиырмасыншы жылдардағы поэзиялық шығармашылығының негізгі
мазмұны не дегенге, жалпы өмірі деп жауап берер едік» десе, Т.Жароков өлеңдерімен
таныса келе: «Адам санасындағы капитализм сарқыншақтарын сынайды» дейді.
Ғ.Ормановтың өлеңдерінде «қазақ жасының оқу, білімге ынтықтығын көрсету сарыны
естіледі» деп бағаласа, Ә.Тәжібаев туралы «қазақ әдебиетіне ірі байларды конфискациялау
тақырыбын жырлаумен келіп көрінген ақын» деп таниды немесе таныстырады. Мерзімді
баспасөзде жақсы өлеңдері жарияланып жүрген С.Нұржанов, Ғ.Малдыбаев, А.Хангелдин
есімдерін атап өтеді.
XX ғасырдың 20 - шы жылдарындағы лирика дамуының жайымен таныса, тексере
келе «жалпы даму бағыты, идеялық нысанасы дұрыс, үгіттік маңызы зор бола тұрса да,
поэзиялық сапа, шеберлік жақтарында елеулі мін-мүлтіктері болды» деп тұжырымдайды.
Жинақтай айтсақ С.Сейітов тексерісінің сыни түйіні мынада екен:
а) бірсыпыра жағдайларда қарадүрсіндік, прозаизм орын алған;
ә) тақырыбы татымды болғанымен, соны көркемдік жағынан игеру жетіспейді;
б) кейде жаңа мазмұнға ескі түр сай келмей жатады;
в) сөзуарлық , жалаң баяндаушылық, құбылыстың ішкі мәнін ашпай , сыртын ғана
жырлаушылық әдістері бой көрсеткен;
г) ақындардың бірін-бірі қайталаушылығы жиі байқалады.
Осының бәрі - деп, ой түйеді ғалым С.Сейітов, - буыны бекіп бұғанасы қатпаған жас
поэзиямыздың ілгерілеу жолында қандай қиыншьшықтарға кездескенін көрсетеді. Ғалым
пайымынша жиырмасыншы жылдардағы поэзияның алғашқы адамдарының сәтті басталып,
елеулі олжаға кенелген жемісті тұстары да бар екен. Олар:
біріншіден - ол жылдардағы тандаулы өлеңдерде дәуір көрінісінің, өмір шындығының
сипаттары негізінен дұрыс берілген;
екіншіден - жағымды кейіпкер образын жасау талабы іске аса бастаған (мысалы,
С.Мұқановтың Шоқпыты, А.Тоқмағамбетовтың Шойын қарасы т.б.); үшіншіден - әр
ақынның стиль ізденулері, өзінше жазуға бой ұруы айқын сезіледі; төртіншіден - жаңа
дәуірге байланысты жаңа мағыналы сөздер ене бастаған, бұны ғалым «мәселе өлеңде жеке
терминдердің, ұғым-түсініктердің қолданылуында ғана емес, жаңа сөз тіркестерінің образды
оралымдар жасауында» деп көрсетеді;
бесіншіден - ақындар өз шығармаларында халық тілінің байлығын пайдалана алады
және Абайдың өлең өрнектерінен, орыс поэзиясының (В.Маяковский, Д.Бедный) үлгілерінен
үйрену процесі де біліне бастауы - аталған жиырмасыншы жылдардың жаңалығы екен.
С.Сейітовтің «Қырық жылда» зерттеуінің «Ер жету жолында» аталған тарауында
қазақ лирикасының қалыптасу жолы мен ірге бекіту белестерінің мәселелері 1930-40 жылдар
шеңберінде алынып тексеріледі. Отызыншы жылдар әдебиетінің жиырмасыншы
жылдардағыдан айырмашылығы - алғашқысында жаңа қоғамның орнығуына орай қалың
бұқара жаңа өмір орнатуға белсене кірісіп, көркем дүниеде олардың бейнелері біртіндеп,
ақырындап сомдала бастаса, енді екіншісінде сол образдың қаһармандық тұлғаға айналу
процесі, толығу, даму әрекеттері көріне бастапты.
Қоғамның әлеуметтік жағдайы көтеріліп, өркендеген сайын, сол қоғаның бас байлығы
- адамның да тіршілік иесі ретінде толығуды бастан кешетіні белгілі. Демек, бұл жерде
көркем әдебиеттін де тақырыбымен қатар мазмұны , кейіпкерлері де жаңарады деген сөз.
Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж.
С.Сейітов еңбегінің аталған тарауы негізінен отызыншы жылдар басындағы толып
жатқан съездер мен олардың каулыларының орындалу барысы, Одақтың партиялық
тапсырмаларының үгіт- насихат құралына айналу процестерінен яки әдебиеттің жүріп өткен
жолы мен болған тарихынан хабардар етеді. Сонымен катар бұл тарауда «Социалистік
реализм» әдісімен нық қаруланған қаламгерлердің проза мен поэмадағы ізденіс -
сапарларының қыр - сырынан біраз мағлұматтар берілген, Ал поэзияға келгенде ақындар
шығармашылығында өзіндік стильдің, көркемдік тәсілдің молайғанын автор қысқаша
сипаттамалар беріп, үлгі ете баяндайды. Мәселен, «... Мұқанов, Жароков, Тәжібаев,
Тоқмағамбетов сияқты белгілі жазушыларымыздың өзіндік бетін, тіліндегі сөз образдарын
жасаудағы материалды түйіндеу әдісіндегі, жазу мәнеріндегі ерекшеліктерін оқушылар
жұртшылығы әбден айыра алады» /1,70/ дей келе, «мысал үшін егжей-тегжейіне бармай-ақ
жалпы сипаттама ретінде қысқаша атап өтетін болсақ, соғысқа дейінгі жырлардың өзінде-ақ
Мұқановта - оқиғаны қызық етіп құрып, өрбітуге, эпикалық кеңдікке ұмтылушылық;
Жароковта - өлеңнің көтеріңкі рухта жазылуына, лептілікке баса зер салушылық;
Тәжібаевта-сыршылдыққа, жылы лиризмге ойысушылық сияқты жекелеген ерекшеліктерді
атар едік. Тіліндегі, образ жүйесіндегі айырмашылықтарды біз, мәселен, ақын
Тоқмағамбетовтың шығармашылық бетінен де байқар едік» дейді ғалым-әдебиетші
С.Сейітов.
1930-шы жылдар поэзиясын барлай келе С.Сейітов мынадай қорытынды жасайды:
1)
поэзия жанры біраз өзгеріске ұшырап, өлеңнің идеялық-көркемдік сапасы артқан;
2)
поэзия мазмұнының тереңдігін, ойдың айқындығына, өлеңнің әсерлі, лепті
болуына, жаңа мазмұнға сай жаңаша көркемдік суреттеу құралдарын табуға бой ұрған;
3)
поэзия сылдыр сөзділік пен дерексіздіктен, бұдан бұрынғы жылдардың
өлеңдеріндегідей шұбалаңқылықтан, прозаизм элементтерінен , бірінен- бірі аумайтын,
айнымайтын дәстүрлі теңеу, метафораларды даяр қалпында пайдалана салушылық
әдеттерінен бірте-бірте құтыла бастаған;
4)
табиғат лирикасында, сондай-ақ махаббат, достық жайындағы лирикалы өлеңдерде
жаңалық нышаны сезіледі;
5)
поэзияда жаңа мазмұнды бере алатын форма іздеуге, Абай өрнектерін пайдалануға
талаптанушылық бар;
6)
кейбір ақындардың таңдаулы өлеңдерінде философиялық топшылаулар мен
ойларға қарай ойысқандық аңғарылады;
7)
алдыңғы он жылдықта үгіттік маңызы күшті, саяси лирика кең өріс алса, соғысқа
дейінгі бесжылдықтар тұсында лириканың бұл түрі жаңа саласымен көзге түседі: ол
бұрынғыдан маңыздырақ, көркемдірек, үндірек; Ғалым оған мысал ретінде С.Мұқановтың
«Бостандық»(1919) өлеңі мен «Майға сәлем» (1933) өлеңдерін салыстыра көрсетеді.
«Ақырында, поэзия бұрын-соңды кездеспеген тың образбен, соны айшық, өрнектермен
байыды» - деген қорытындыға келген.
1.
Сейітов С.Қырық жылда Алматы.Қазақтың мемлекеттік көркем
әдебиет, 1957.-2926.
2.
Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. Он алты томдық. -Алматы: Жазушы,
1974-1980.
3.
Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. -Алматы: Жазушы.
1980.-Т. 1.-5446.
4.
Баймағамбет Зтулин туралы // Мир труда. -№81. -1921. -20 апрель.
Резюме
В данной статье анализируется содержание научных и литературоведческих
изысканий литературоведа и поэта С.Сеитова.
Summary
Sagingali Seitov is one of the investigators in the century-old history of the Kazakh lyric
poetry .This article gives the analysis of the writer’s scientific and literary research.
вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
Достарыңызбен бөлісу: |