1.2.Қазақ бейнелеу өнері барысында арқау болған негізгі тақырыптар
Бейнелеу өнерінде ұлттың салт-дәстүрді, ұлттық ойындарын бейнелейтін Р.Ахметовтің «Қалыңдық», «Қонақ жайлылық», «Жастық шақ», Ә.Қастеевтің «Сатылған қалыңдық», Е.Сидоркиннің «Жамбыл мен Досмамбет айтысы», В.Фролованың «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы», А.Черкасскийдің «Жамбыл мен Дина», Ш.Уәлихановтың «Боранбай», «Тезек төре» шығармалары бар. Сонымен қатар Е.Сидоркиннің «Ақсақалдар», К.Телжановтің «Әжесі мен немересі», С.Кенжебаевтің «Жолдағы әңгіме», С.Романовтың «Ас беру», О.Нұржұмаевтың «Әке қабірі басында», М.Кенбаевтің «Сары арқа», Қ.Тыныбековтің «Дала балладасы», «Тау мен дала аңызы», «Байқоңыр», М.Қисамединовтың «Махамбет» шығармаларында үлкенді қадірлеу, халық дәстүрлері, қазақ даласының тарихы, ерлік үлгілері шығармалардың арқауы болған.
Ұлттық ойындар, аңшылық дәстүр, батырлық үлгісі, ат үйрету өнері, суретшілер В.Верешагиннің «Аңшы қырғыз», Қ.Телжановтың «Көкпар», А.Гурьевтің «Батырдың жебесі», М.Кенбаевтің «Асауды ұстау», С.Романовтың «Құсбегі», Е.Сидоркиннің «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақ эпосы» туындыларында көрініс тапқан.
Қазақтың ұлттық дәстүрін бейнелеуге ерекше ден қойған суретші-Айша Ғалымбаева. А.Ғалымбаеваның «Үш ғасыр», «Дастархан», «Бір кесе қымыз» атты натюрморттары, «Дала қызы» картинасы және «Ұлттық киімдердің» эксиздері қазақ бейнелеу өнерінен ерекше орын алады.
Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлттардың өнері сияқты өзіндік ерекшелігі бар. Өнердің бір түрі Қазақ бейнелеу өнері өзінің озық туындылары арқылы бүкіл әлемдік өнердің қатарынан орын алады, оның дәлелі суретшілер Әбілхан Қастеев, Қанапия Телжанов, Сабыр Мәмбетов, Нағымбек Нурмуханбетов, Хәкімжан Наурызбаев сияқты суретшілердің еңбектерінен көруге болады. Қазақстан бейнелеу өнері өзіндік тарихы қазақ елінің даму тарихымен тығыз байланысты.
Қазақ елінде қоғамдық құрылыстар дамуы Қазақстан бейнелеу өнеріне ықпал етеді. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы қазақ өмірінің салт-дәстүрі мен тұрмысы, әдет-ғұрпы мен шаруашылығына байланысты. Қазақстан бейнелеу өнері тарихынан ертедегі жартастағы бейнелер ерекше орын алады. Қазақ халқы бұрыннан мал шаруашылығымен айналысқан. Халық шеберлері сәндік өнерге қажетті жүн, тері, шикізаттарды мал өнімдерінен алып отырған. Сондықтан қазақ халқының өнері оған қажетті материалдар, халықтың тұрмысы мен шаруашылығына тығыз байланысты [6]. Ертедегі қазақ халқының өмірін қазақ жерінде болған орыс және басқа шетел суретшілерінің картиналарынан көруге болады. Қазақ халқының өнері ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген сақ, үйсін, ғұн тайпаларының өнерімен тығыз байланысты. Орта мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүрген.
«Ат адамның қанаты» демекші көшпелілер өмірінде ат қасиеті ерекше бағаланады. Тұлпардың тұяғы жартасқа бейнеленген сурет қазірге дейін Маңғыстау мен Қаратауда кездеседі. Бұл суретте қазақтар «Тұлпар тас» деп атаған. Қазақта жылқы малына байланысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы: «Жақсы ат, ердің қанаты», «қасқыр малдың жауы болса, жүйрік оны қорғаушысы болып көрінеді». Осыған байланысты ат спорт ойынын «Көкбөрі» деп атаған. Кейіннен ол «Көкпар» болып аталған. Осы сияқты қазақта, қыз бөрі, қыз қуу сияқты әр түрлі ойындар болған. Ежелгі түрік қағанатының туында-ат бейнеленген. Мұндай суреттер қазіргі күнге дейін жартастарда сақталған. Түрік тектес халықтар ертеде бұғы, аққу, өгіз тектес жануарларды, құстарды қасиет тұтқан. Өгіз күш пен бейнеттің символдық белгісі ретінде қабылданған. Бұл бағыт пен жол көрсетеді деген ниетте болға. Сондықтан ертедегі шеберлер жасаған бұйымдарда бұғы бейнесі жиі кездеседі. Бұғы мен қошқар мүйіз ою-өрнектегі негізгі халық өнеріндегі мотивтің бірі болып табылады. Қазақстан территориясынан сақ дәуірінде табылған ескертіштер аң стиліне жатады. Сақ дәуірі алғашқы кезеңінде аңдар образы реалдық шындыққа жақын берілсе соңғы кездерде стильдеу, ықшамдау басым болады. Аңдар бейнесі біртіндеп ою-өрнек мотивіне айналды.
Тау ешкісі арқарды, бұғыны, жыртқыш аңдарды қозғалыссыз қалпында бейнелеу сақ өнерінің архаикалық кезеңіне тән құбылыс. Бұлар Қарқаралы ауданының Мырза Шоқы қорғанының, Қайранкөл көлінің маңынан табылған минатюралық разеткеден көруге болады. Андроновтың стилінің жарқын ескерткіштерінің бірі Алматы түбіндегі Ыссық қорғанынан табылған алтын киімді адам. Бұл адамның бас киімінен бастап барлық киімі түгелдей алтыннан жасалған. Бас киімі, жаға кеуде, белбеу киімдерінің бөлшектерінде құс қанаты жолбарыс, қанатты тұлпарлар бейнесі бейнеленген. Бұл Ыссық ескерткіші б.э.д.ІХ ғасырға жатады. Ыссықтан табылған өнердің ерекше бір түрі төртбұрышты жиегі 34 см биіктікгі 36 см төрт аяқты оюлармен көмкерілген стол. Мұндай заттар қазақ жерінен көптеп табылған. Жолбарыстар мен түйелердің ұрыс көріністері бейнеленген қапсырмалар, Атырау, Орталық Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жерлерінде көп кездескен. Аңдар бейнесі салынған кілемді, қазақ қілемдері ішінде болғаны жайлы зерттеуші С.М.Дубин өз еңбектерінде атап көрсетеді [7]. Аң стилінде, негізгі образдар қой, жылқы, қасқыр, бүркіт көріністері, көп фигуралы композиция түрінде немесе осы жануарлар мен аңдардың бас көрінісі түрінде беріледі.
Аң стилі кезеңінің соңында бұл көріністері ою-өрнектері түріне ауыстырылады. Осыған байланысты ат құлақ, бөрі бас, қошқар мүйіз ою-өрнектері пайда болды. Ертедегі өзіндік ерекшелігі бар қазақ өнерінің бір түрі, тастан ойып жасалған қойдың бейнесі. Бұлар Маңғыстау, Орталық Қазақстан және Тарбағатай тауларында кездеседі. Қойдың бейнесі ертеде байлықтың, сәтті істің символы ретінде қабылданған.
Түрік қағанаты кезінде тастан өрнекті қашау, ою-өнері дамудың жоғарғы дәрежесіне көтерілген. Мұндай тас ою-өнері екі түрге бөлінеді. Бірінші-тас бетіне сызық түрінде ою арқылы бейнелер салынса, екіншісі-көлемді мүсін түрінде кездеседі. Мысалы Орталық Қазақстанда егіз қайтөс маңындағы құдарғы жерінен табылған тас бетіне балалы әйел және үш адам бейнеленген. Бұл суреттің сюжеті ата қабіріне тағзым ету деген мағынаны білдіреді. Осы кезеңдегі бейнелі ескерткіштердің бір түрі ердің алдыңғы жақтарға салынған сурет, бұл суретте аң аулау көрінісі мен жануарлар бейнеленген.
Түрік қағанаты ұрпақтарының мәдени дәстүрін қыпшақ қаңлы тайпаларының ұрпақтары жалғастырды (VII-XV ғ.), бұлардың мәдениеті әсіресе Х-ХІІ ғасырларда жоғары дәрежеге көтерілді. Қыпшақ пен қарлықтардың осы кезде ерекше көлемді ескерткіші табылады. Бұлар тастан жасалған адам мүсіндері. Бұл мүсіндер қыпшақтардың сол кездегі мекені болған Орталық Қазақстанда және қарлықтар өмір сүрген Жетісу өңірінде сақталған. Аталған мүсіндер осы дәуірдің (VIII-XIV ғ.) алғашқы кезеңінде жазықтық түрінде болып келсе соңғы кезеңінде мүсінге жақындай түседі. Бұл мүсіннен әскери адамдар, малшылар, ел басшылар, әйелдер бейнелерін көруге болады. Мүсіндер бойында киімдердің бөлшектері, қару жарақтар, бас киім, белдік, әйелдердің безендіру (сырға, білезік, т.б.), сондай-ақ музыка аспаптары айқын сомдалған [8].
Кейбір тас мүсіндерде ою-өрнектер салынып құстар мен адамдардың бейнесі бір қырынан бейнеленген. Тас мүсіндерден басқа Ұлытау тауларында сары немесе қызғыш түсті қолдан жасалған сәукеле ұқсас бас киімі бар статуэткалар табылған. Бұл статуэткалар Жезқазған қаласының тарихи өлке тану музейінде сақталған. Қорыта айтқанда Қазақстанның жерінде дамыған Қыпшақ, Қарлық, Оғыз тайпаларының өнері, қазақ халқының көркем мәдениетінің бастауы болып табылатындығы туралы мәліметтер бейнелеу өнері сабақтарында берілетін білім мазмұнының бір саласы болып табылады.
Қазақ бейнелеу өнерінде Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы ерекше орын алады. Ш.Уәлиханов қазақ халқының тұңғыш ғылым ағартушысы болумен қатар сурет өнерімен де айналысқан. Бейнелеу өнерінен білімді Шоқан кадет корпусында оқыған кезде сурет пәнінің мұғалімі И.Пономоревтан алған. Уәлихановтың бейнелеу шығармашылығы өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен шығыс еліне жасаған саяхаттарымен тығыз байланысты. Ол өзінің саяхат жасаған жерлерінде адамдарды, жан-жануарларды реалистік тұрғыдан бейнелеген. Шоқан еңбектері бейнелеу, пейзаж, портрет және аналистік жануарларды қамтиды. Шоқанның суреттерін негізінен мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1.Шоқанның жас кезінде Құсмұрында салған суреттері;
2.Кадет корпусында салған суреттері;
3.Жоңғар Алатауына саяхат кезіндегі суреттері;
4.Қытайға барған сапарындағы суреттері.
Шоқанның салған суреттерінің пейзаж жанрына кіретіндері «Ақ шамшы», Шоқанның бейнелеу өнеріне аса көңіл бөлген тақырыптары пейзаж бен портрет. Олар «Боранбай», «Қашқар қызы», «Тезек төре», «Қытай делегациясын қабылдау», «Автопортрет» шығармалары. «Жатақ», «Құранды», «Таспа тауының көрінісі», Құс мұрын», «Сырымбет», «Жоңғар Алатауы» деген шығармалары. Шоқан бұлардан басқа «Еліктің лағы», «Жайрандар» деген аналистік шығармалар жазып, «Омбыдағы генерал губернатордың үйі», «Айғаным усадьбасы», «Торанғыл түбіндегі үй» суреттерін салып, сонымен қатар архитектуралық құрылыстар бейнелерін жасаған. Шоқан Уәлиханов сурет салумен қатар өзінің саяхат жасаған жерлерінің географиялық картасын түсірумен айналысқан. Шоқанның ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында салған суреті сол кездегі Ресейде шығатын «Воскресный досуг» және «Нива» журналында жарық көрген [9].
Қазақ бейнелеу өнерінен суретші В.Верешегин мен Т.Шевченко шығармалары ерекше орын алады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыстың белгілі суретшісі Верешагин Орта Азия мен Қазақстан жеріне саяхат жасай халық пен ел тұрмысын мәдени-дәстүрін зерттеумен айналысқан. Ол өзінің шығармаларында кейіпкердің көркем образын шығарумен қатар, халықтың антропологиялық ерекшелігіне аса назар салып отырған. В.Верешагиннің қазақ жерінде болған сапарында Шу өзенінің жалғасындағы «Қазақтың киіз үйі», «Лепсі даласын қоршаған тау», «Алатауда», «Аңшы қазақ», «Райым молда мен Кәрім молда қонақта», «Мешіт есігінің алдында», Соғыстың қасіретті ізі» сияқты картиналарды салған. Суретші «Аңшы қазақ», «Райым молда мен Кәрім молда қонақта», «Мешіт есігінің алдында» картинасында адамдардың ұлттық киімі үлгісімен оның ою-өрнектерін, қоршаған ортаның ұлттық сипатын айқын бейнелеуге көңіл бөлген. Суретші В.Верешагин Шу өзені жағасындағы қазақтың «Киіз үйі», «Лепсі даласын қоршаған тау», «Алатауда» деп аталатын картиналарында қазақтың тұрмысын, жерінің табиғи сұлулығын, өзіндік көркемдік бейнеленген бұл картиналары қазіргі кезде Мәскеудегі Третьяков галереясында, Санкт-Петербургтегі Эрмитажда, Ташкент, Алматы және Бішкек қалаларындағы өнер музейінде сақтаулы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж.) қазақ жерінде болған суретшілердің бірі Украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченко. Суретші Т.Г.Шевченко қазақ жерінде он жыл айдауда болды. Суретшіні патша үкіметі Украин жерін қазақ жерін жер аударған болатын [10]. Бұл кезде қазақтардың тұрмысын, салт-дәстүрін, балалардың өмірін, табиғат көріністерін бейнелейтін суреттерін Маңғыстау мен Арал өңірінде болған жылдарында салды. Суретшінің «Автопортрет», «Жетім балалар», «Қазақтар киіз үйде» деп аталатын картиналары қазақ даласының сол кездегі өмірінен хабар беретін шығармалары болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |