Қазақ бейнелеу өнері көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады.
Графика (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен). Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу таңбалары жүйесі мен тілдің фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Көркем өнер - қоғамдық сананың көркемдік ойлау тәсіліне негізделетін үлкен бір саласы, өмір құбылыстарын бейнелеп көрсету құралы. Шығарм. өнердің сан алуан түрі (сурет, бейнелеу өнерінен бастап, ән, музыка, сәулет өнері, ою-өрнек, өлең, қара сөз) Көркем өнер дүниесіне жатады. Сан салалы жанрда жасалып тұрғанымен, олардың бәрі, айналып келгенде, дүниені эстетик. жолмен, әдеміні сезіну арқасында пайда болған нәрселер. Көркем өнер адамның екінші өмірі, сезім дүниесінің көркем бейнелер арқылы табиғи жаратылыстан тыс өзгеше өмір сүруі.
Мүсіндеме- мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo – шекимін, қашаймын) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады.
Кескіндеме- бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Көркем әдебиет- проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы.
Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эстетика (көне грекше: αἰσθητικός – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.
Гобелен — қолдан тоқыған кілем-сурет. Түрлі түсті жібек және жүн жіптерден бөлек бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушы Гобелендер есімімен аталған.
Әдістеме - жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Қабылдау – сезім органдарының рецепторлық беттеріне физикалық тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар мен оқиғалардың тұтас бейнесі.
Тану – бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес процесі.
Балалар психологиясы – балалардың психикалық дамуының фактілерін, заңдылықтарын зерттейтін психология саласы
Картина– кескіндеме жанры; дербес көркемдік мәні бар (нобай мен этюдке қарағанда) толық аяқталған туынды. Фреска немесе кітап миниатюрасынан ерекшелігі – интерьер мен әсемдеудің белгілі бір жүйесіне байланысты бола бермейтіндігінде. Негіз (кенеп, ағаш немесе металл тақтайша, картон қағаз), жақпа қабат және сырлы қабаттан тұрады. Картина – қондырғылы өнердің бір түрі.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Анимализм - бейнелеу өнерінде хайуанаттарды бейнелеу.
Жанр(франц. Genre – тегі, түрі) – бейнелеу өнері теориясында өнер түрі. өзінің тақырыбына бейнелік көрініске байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: тарихи жанр, тұрмыстық жанр, портреттік жанр т.б.
Бейне, Бейнелеу – шыншылдықты айнала қоршаған құбылысты нақты сезімталдықты, өнер әдіс- тәсілдерімен көрсету. Бейнелеу өнеріндегі көркемдік образдың негізі болып табылады. Өнер туындысының идеялық мән мағынасы және эмоциялық қанықтылығы бейнелеу кезінде пайда болады.