Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерін сөздік қорды дамыту арқылы, тарихи-танымдық мәнін, көркемдік мазмұнын ашу.
Міндеттері: 1.Көркем образдардың барлық мәдениеттердегі көрінісінің әр түрлілігі мен көркемдік танымдағы жеке ерекшеліктерін әмбебап белгілерден ажыратып, оның ұлттық мәдениеттегі ерекшеліктерін, ондағы образдарды зерделеу.
2.Қазақ бейнелеу өнерінің негіздерін ғылыми-теориялық өлшемдерде ашып көрсету;
3.Қазақ халқының рухани-әлеуметтік даму тарихының өн бойындағы көркемдік танымды басшылыққа ала отырып, белгілі бір қайталанып отыратын тұрақтылықтарды ашып көрсетіп, оның жалпы мәдени-әлеуметтік өмір шындығындағы нұсқа екендігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың нысаны:Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: Егер біз қазақ суретшілері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін тарихи-философиялық жағынан зерттей отырып анықтайтын болсақ, біз сол байырғы кезеңнен басталған идеологиялық құрылымдарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жетік білетін боламыз.
Зерттеудің әдicтері: Курстық жұмыс тақырыбын толыққанды ашу мақсатында ғылыми әдicтемелік әдебиеттер қаралып, түрлі әңгімелecу әдicтерін қолдану, балалармен шағын тecттік тапсырмалар, сауалнамалар жүргізу, эксперимент нәтижecін салыстырмалы талдау.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Қазақ бейнелеу өнері-қазақ халқы мен мәдениетін әлемдік аренадан көрсететін ұлттық мәдениеттің ең негізгі түрінің бірі болғандықтан, оның ұлттық және әлемдік мәдениеттегі рухани тұтастығы мен ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерделеу қажет. Көркем шығармалардың түпкі тұғырын ғылыми тұрғыдан зерттеп, ұлттық өнердің даму бағдарларын ұсыну қазіргі таңдағы ең басты мәселелердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:жұмыс кірicпеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмінен, глосарийден тұрады.