Хаггард Генри Сүлеймен патшаның кеніші Орыс тілінен аударған М. Мағауин



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата03.11.2022
өлшемі0,98 Mb.
#47311
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сүлеймен патшаның кеніші 8-12

Брейли-Холл, Йоркшир.
Қымбатты Куатермэн!
Соңғы пошталардың бірімен сізге Джордж, Гуд үшеуміздің аман-есен
Англияға жеткеніміз туралы хабарлаған едім.
Саутгемптонға түсісімен бөгелместен Лондонға аттандық. Келесі күні-
ақ Гудтың қандай сырбаз күйге енгенін көрсеңіз! Тап-таза қырынған,
үстінде бойына құйып қойғандай қонып тұрған тамаша фрак, т. т. Біз
паркке серуенге шықтық. Сол арада таныстарымыздың кейбіріне
ұшырасқан едік. Мен оның “сүйріктей сұлу аппақ аяғы” туралы
хикаяны айтып бердім,
Бұл – оның жүйкесіне тиетін əңгіме боп тұр. Əсіресе, бір у тілді
журналист осы туралы беделді газетке жазғаннан бері.
Енді шаруа жайына көшейін. Гуд екеуміз асыл тастардың нарқын біліп
беруді “Стритер” ювелир фирмасынан өтінген едік. Олардың қаншаға
бағалағанын айтудың өзіне қорқам. Сансыз сома. Мұның өзі де тек
шамамен бағалағандағы құны көрінеді. Бұрын-соңды мұншама көп,
мұншама əсем тастарға ұшыраспаған едік десті. Ең ірі бір-екеуі
болмаса, қалған алмастардың барлығы да мөлтек таза көрінеді, ең
таңдаулы бразилия гауһарларынан артық болмаса, кем емес дейді.
Мен бұл тастарды фирмаларыңыз сатып ала ма деп ем, олар шамамыз
жетпейді десті. Базар нарқын түсірмес үшін бөлшектеп өткізуге кеңес
берді. Əйткенмен фирма тастың аз ғана бөлігіне жүз сексен мың фунт
стерлинг ұсынып отыр.
Куатермэн, Англияға келіп, бұл шаруамен өзіңіз айналысқаныңыз жөн.
Оның үстіне, менің ініме қалайда ғажайып сыйлық жасап, асыл
тастардың тура үштен бірін тарту етпек ойдасыз.
Ал Гудқа келсек, ол мүлде ақылынан адасқандай халде: бар уақыты
айна алдында қырынып, тарануға, əсемденіп-сəнденуге кетеді. Бірақ
əлі күнге Фулатаны ұмытпаған сияқты. Англияға келгеннен бері сыр


мен сымбат тұрғысынан алғанда, Фулатамен тайталас бірде-бір əйел
көрмедім деп маған капитанның өзі де айтты.
Отаныңызға қайтып оралып, маған таяу жерге орын тепкеніңіз жөн
болар еді, көне көз досым! Өз өміріңізде аз бейнет шеккен жоқсыз ғой,
ал қазір дəулетті адамсыз. Менің мекенжайыммен жапсарлас тұрған
қоныс сатылады. Сізге ұнайтынына күмəнім жоқ. Келіңіз,
мүмкіндігінше тезірек келгеніңіз жөн!
Ал басымыздан өткен хикметтер туралы хикаяны кеме үстінде
аяқтарсыз. Біз тамыр-таныстарымызға бұл төңіректе ешқандай əңгіме
айтқамыз жоқ, бəрібір сенбес дедік.
Егер кеңесімді қабыл алып, қызыл жұмыртқа мейрамы қарсаңында
келсеңіз, қатты өтінем, біздің үйге түсіңіз. Осы кезде Джордж бен Гуд
та келмек. Қызықтыру үшін айтайын, сіздің ұлыңыз да осында болады.
Сіздің Гарриіңіз аң аулауға бір аптаға маған келіп те кетті. Жұрттың
бəріне ұнады. Салқынқанды, байсалды жігіт екен: аң аулап жүрген
кезде бір уыс бытырамен мені дəл сирақтан қағып түсіргені, барлық
бытыраны кесіп, тесіп дегендей, өзі алып шықты. Жəне ең соңында
аңшылардың ішінде студент медиктің болғаны қандай жақсы дегенін
қайтерсіз.
Көріскенше, қартым! Бұдан ары үгіттемей-ақ қояйын. Бірақ сіздің тым
құрыса кəрі досыңыздың көңілін аулау үшін келетініңізге сенем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет