Хаггард Генри Сүлеймен патшаның кеніші Орыс тілінен аударған М. Мағауин



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата03.11.2022
өлшемі0,98 Mb.
#47311
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сүлеймен патшаның кеніші 8-12

XX тарау
ТАБЫЛДЫ!
Ал енді осы ғажайып қызық хикаяның ішіндегі ең таңқаларлық жайт
турасында баяндамақпын. Бұл жайт өмірде адам күтпеген неше түрлі
оқиғалардың ұшырай беретініне айғақ сияқты.
Өзімнің серіктерімнен оқ бойы озық, жазирадан шығып, аңызақ
қарыған шөлге ене бере құмға сіңіп жоғалатын жыланшықтың
жағасымен келе жатқам. Кенет өз көзіме өзім сенбей тұра қалдым.
Таңырқар жөнім бар: менен жиырма ярдтай жерде, зəулім інжір
ағаштың саясында, көгалда, өзенге бет бере кіп-кішкентай, əп-əдемі
лашық тұр. Кафрлардың бұтақтан тоқып, шөппен қамсап жасайтын
балағандары сияқты, бірақ кірер аузында жай қуыс емес, кəдімгі есік
бар.
“Бұл не пəле! – деп ойладым мен. – Бұл араға лашық қайдан келді?”
Сөйткенімше болмады, есік ашылып, іштен ақсаңдай басып ұзын, қап-
қара қаба сақалды, үстіне аң терісінен киім киген ақ адам шыға келді.
Сірə, күн өтіп, ақылымнан алжасқан шығармын деп ойладым. Лашық!
Оны аз десеңіз, ақ адам! Бұл – мүмкін емес жайт. Бұл өлкеге ешқашан


ешбір ақ түсті аңшы келіп көрмеген, бұл иен далада адам тұруы тіпті
де мүмкін емес.
Мен жұмбақ адамға көзім бақырайып, таңырқай қарадым. Тері киім
киген ақ адам да маған есі шыға, тесіле қарап қапты.
Бұл екі ортада менің қасыма сэр Генри мен Гуд та жетті.
– Анаң қараңдаршы, достарым, – дедім мен. – Мен ақылымнан
алжастым ба, əлде біздің алдымызда шынында да ақ адам тұр ма?
Сэр Генри мен Гуд мен нұсқаған жаққа қарады. Сол сəтте қаба сақалды
бейтаныс ақ адам оқыс айқайлады да, қиралаңдай басып, бері қарай
тұра жүгірді. Бірақ бізге бірнеше қадам қалғанда есінен танып құлап
түсті.
Сэр Генри бір-ақ секіріп, оның қасына жетіп барды.
– О, тəңірім, – деді ол қатты дауыстап. – Мынау – менің інім Джордж
ғой!
Сол кезде лашықтан үсті-басын аң терісі жапқан, қолында мылтығы
бар тағы бір адам жүгіріп шықты. Біздің қасымызға жете бере мені
көріп, ол да бақырып жіберген.
– Макумазан! – дейді ентіге айқайлап. – Мені таныдың ба? Мен аңшы
Джиммін ғой! Сен баасқа арнап берген қағазды жоғалтып алдым.
Міне, екі жылдан бері осы жерде тұрамыз.
Сөйдеді де, қуаныштан еңіреп жылап, менің аяғымның астына жата
кетіп, ерсілі-қарсылы домалай бастады.
– Ай көк соққан ашық ауыз! – дедім мен. – Сені жақсылап таяқтап
алған жөн болар еді!
Бұл екі арада қарасақал да есін жиып, басын көтерді. Сэр Генри екеуі
үн-түнсіз қайта-қайта сілкілеп қол қысысумен болған. Сірə,
қуаныштан ауыздарына сөз түспесе керек. Ағайынды екеуінің неден
ренжіскенін сэр Генриден сұраған емес едім. Бірақ олар əлдебір
қыздың əлегінен араздасса керек деп топшылаймын. Мейлі, əуелде
араздық неден қозса да, дəл қазір екеуі өткенді мүлде ұмытып, риясыз
қауышып отыр.


– Жан бауырым, – деді ақырында сэр Генри. – Сені баяғыда-ақ өліп
қалған шығар деп қорқып ем. Мен сені Сүлеймен тауының арғы
бетінен іздедім ғой. Енді, міне, ойламаған жерден табылдың. Кəрі
күшіген құсап, иен шөлдің ортасындағы жазираға ұя сап, үй тігіп,
жайғасып алыпсың.
– Осыдан екі жылдай бұрын мен Соломон тауынан асып түсуге талап
еттім, – деді жасқаншақтай шыққан дауыс. Ана тілінде көптен бері
сөйлемегені танылады. – Бірақ осы араға жеткенде үлкен тас түсіп,
аяғым сынды. Сондықтан алға қарай жүре алмадым, Ситанди крааліне
де қайта алмадым.
Осы кезде мен екеуінің қасына келдім.
– Саламатпысыз, мистер Невилль. Мені ұмытқан жоқсыз ба?
– Құдайым-ау! – деді ол дауыстап. – Шынымен-ақ мынау Куатермэн
бе? Апыр-ай, ə! Гуд та осында тұр ғой? Сүйеңдер мені, достарым,
қайтадан басым айналып барады...
Осының бəрі түс сияқты... Əбден үміт үзіп, дүниеден түңілген кезде
келген неткен бақыт!
Кешқұрым ашық аспан астында алаулай жағылған от басында алқа-
қотан отырған соң Джордж өз басынан өткен жайтты хикаялап берді.
Əртүрлі оқиғаларға бай əңгіменің ұзын ырғасы мынадай еді.
Джордж Сүлеймен тауына жетпек оймен осыдан екі жыл бұрын
Ситанди краалінен аттанады. Джимге мен берген қағазды алмапты.
Тіпті миғұла Джим қағазды жоғалтып алғандықтан ол туралы күні
бүгінге дейін ештеңе естімепті де. Алайда түземдіктер сілтеген жоба
бойынша Джордж Сау-ханша тауын емес, осыдан екі-үш күн бұрын біз
басып өткен асуды бетке алып жүреді. Сөз жоқ, бұл – кəрі да
Сильвестраның картасында белгіленген жолдан əлдеқайда жеңіл жол
еді.
Шөлде Джим екеуі көп қиыншылық көреді, бірақ ақыр түбінде аман-
есен осы жазираға жетеді.
Сол күні Джордж Куртис үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Өзен
жағасында демалып отырған екен. Джим жартасты қабақ басында, тас
арасынан уыты жоқ жабайы аралардың (мұндай аралар шөлде ғана
ұшырасады) балын жинап жүреді. Сөйтіп жүргенде ол қопарған


тастардың бірі оқыста төмен домалайды да, Джордж Куртистің оң
аяғын жаншып сындырып кетеді.
Аяқ жазылғанмен, Джордж ақсақ боп қалады. Енді ұзақ жол жүруге
шамасы келмейді. Сондықтан Ситандиге қайта оралам деп шөл
азабынан өлгенше, осы жазирада жатып өлген жөн деген ойға бекінеді.
Екеуі тамақтан тарықпайды. Өйткені оқ-дəрісі мол екен. Жазираға аң
өте көп келеді, əсіресе, түнде суат басы қарақұрым боп кетеді. Олар
аңды атып та алады, қақпан, тұзақ құрып та алады. Етін жейді, терісін
киім етіп (өз үстіндегі киімдері тозған соң) киеді.
– Сонымен, – деді өзінің сөзін аяқтай келе Джордж Куртис, – Джим
екеуміз иен шөл ортасындағы осы жазирада Робинзон Крузо мен Жұма
құсап екі жыл тұрдық. Бəлки, əлдебір түземдік аңшылар ғайыптан
жазираға кеп қалар, солардың көмегімен елге жетерміз деп үміттендік.
Бірақ екі жыл бойы тірі жан көрмедім. Ақыры, сырттан жəрдем келер
деген үмітіміз үзілді де, кеше мынадай шешімге тоқтадық. Джим мені
тастап, көмек сұрауға Ситанди крааліне барады, ол аман-есен қайтып
оралады деп ойлауға үмітіміз аз еді, əйткенмен басқа шара қалмаған.
Міне, енді мына сен, – деді Джордж сэр Генриге қарап, – мұнда жүр
деп, көремін деп күтпеген сен ғайыптан пайда бола қалдың. Өзің де
ойламаған иен түзден мені ұшыраттың. Сені бауырың баяғыда-ақ
ұмытып, Англияда жайма-шуақ өмір кешіп жатыр деп ойлаушы ем.
Мен бұрын-соңды естіген əңгімелердің ішіндегі ең ғаламат хикая,
міне, осы. Ал осындай таңғажайып хикаяның осыншама сəтті
кездесумен тəмамдалғанын айтсаңшы!
Осыдан соң сэр Генри де өз кезегінде біздің басымыздан өткен
хикаялардың ең негізгілерін қысқаша баяндап шықты. Əңгіме үстінде
түн ортасы ауғанша отырдық.
– Құдайға шүкір, – деді Джордж Куртис мен бірнеше асыл тасты
көрсеткенде, – бастан өткен осыншама бейнеттің төлеміне ешкімге
керегі жоқ менен басқа да бірдеңе тапқандарың жақсы болған.
Сэр Генри күлді.
– Тастың бəрі Куатермэн мен Гудқа тиесілі. Алдын ала келісіміміз
бойынша, жолда тапқан барлық олжаны сол екеуі ғана бөлісуге тиіс.


Бұл сөзден соң мен ойланып қалдым. Артынша Гудпен сөйлесіп алдым
да, сэр Генриге барлық асыл тастың үштен бір бөлігін алуға ұсыныс
жасадым. Егер өзі алғысы келмесе, бұл тастар Джордж Куртиске
берілгені жөн. Шынында, қазынаны іздеу жолында бəрімізден артық
азап шеккен сол ғой. Ақыры үгіттеп-үгіттеп, сэр Генриді осыған
көндірдік. Бірақ біздің шешіміміз туралы Джордж көп кейін естіді.
***
Осымен əңгімемді де тəмамдасам деймін. Шөл арқылы Ситанди
крааліне қайта оралған сапарымыз өте ауыр болды. Басқа
қиындықтардың үстіне біз Джордж Куртисті сүйемелдеп отыруға тиіс
едік. Сүйектері күлпарша боп уатылып кеткен жіліншік əбден
жазылмаған екен, жол үстінде сынығы қайта шығып, көп бейнет шекті.
Не керек, ақыр аяғында шөлден де өттік. Сапар жайын тəптіштеп
айтып жатудың қажеті бола қоймас, өйткені бұл осыдан бұрын бастан
өткен бейнетімізді, шеккен михнаттарымызды қайталап айтып
шыққанға пара-пар.
Ситандиге жеткен соң біз өзіміз тығып кеткен мылтықтарды, оқ-дəрі
жəне басқа мүкамалдарымызды тегіс өз орнынан таптық. Дүние-
мүлкімізді қарауылдауға тапсырылған кəрі жалдап біздің аман-есен
оралғанымызға қатты күйінді.
Арада алты ай өткенде Дурбан түбінде, Береадағы менің кішкене
үйіме де көп бейнет шекпей, аман-есен жеттік.
Міне, осы үйде отырып өзім бастан кешкен барлық хикаяны қағаз
бетіне түсірдім. Қызыққа да, қауіп-қатерге де толы ұзақ өмірімде
басымнан өткерген ең ғажайып саяхатыма куə болған үлкенді-кішілі
барлық оқырманмен де осы арада қоштаспақпын.
P.S. Соңғы сөзімді жазып бола бергенде менің апельсин
серуенбағымды кесіп өтіп, үйге қарай беттеген кафрды көрдім.
Қолында басы айырылған таяқ ұшына қысып алған хаты бар.
Бұл хат сэр Генриден екен. Біздің əңгімемізге қатысы болғандықтан
толық келтірейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет