Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Pdf көрінісі
бет2/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

 
ӘОЖ 821.512.122.0 
ББК 83.3 (5 Қаз) 
 
 
© Ш.Есенов атындағы Каспий 
технологиялар және 
инжиниринг университеті, 2021
 
 
 
 
ISBN 978-601-308-547-0
 
 



ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС 
 
КІРІСПЕ СӨЗ 
 
Отарова А.Н. 
ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті 
Ақтау қ., Қазақстан 
 
Құрметті конференцияға қатысушылар! 
 
Биыл қазақтың ұлы ақындарының бірі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып 
отыр. Есенов университетінде халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың 
туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары 
және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция 
жұмысын бастағалы отыр.
Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабайұлының есімі бүгінде дүние жүзіне мәлім. 
Ғасыр жасап, екі заманның бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен 
тұтастырып, оның бар өмірін, биік мұратын, мұң-мүддесін жырына арқау етті, дәстүрлі қазақ 
жырын жаңа дәуірдің талап-тілектеріне орайластыра, жаңарта, жасарта білді. Кәсіби ұлттық 
әдебиеттің өкілдерімен қатар жасаған ол сол әдебиеттің жаңалықтарын халық поэзиясында 
пайдаланып, өзі білген халықтың сөз өнерінің тапқыр да бай үлгісін, азаматтық дәстүрін 
олардың бойына сіңіруге тырысты. Сөйтіп, ол халық поэзиясы мен жазба әдебиетінің 
арасындағы көпір сияқты болды. 
Ол Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген, Алматы 
облысының Ұзынағаш ауылында қайтыс болған. Жамбылдың айналасындағылар әндерді, 
күйлерді, импровизация мен жыраулық өнерді жоғары бағалады. Қазақтың ұлы жазушысы 
М.Әуезов былай деп бекер айтпаған: «ХІХ ғасырдан бастап қазақ халқында ерекше дамуға 
ие болған импровизация өнері Қазақстанның барлық жерлерінде көлеңкеде қала бастады, 
бірақ Жетісуда, оңтүстік өңірлерде өркендей бастады. Біріншіден, оңтүстік аймақтардан 
бұрын басқа аймақтарды қамтыған отарлау саясаты өнер дәстүрлерінде өзіндік із қалдырды; 
Жетісу маңы осы жағымсыз әсерден алшақ тұрды. Екіншіден, импровизация өнерінің осы 
өңірлерде ежелден қалыптасқан дәстүрлері ХІХ ғасырдан кейін ерекше дамуға ие болды». 
Осы кезеңде Арқадан ұлы Абайдың Жетісуға келгендігі, Біржан, Шашубай, Балуан 
Шолақ, Таластан Жалайыр Түбек, Оңтүстік Қазақстаннан - Майкөт пен Майлықожа, Атырау 
жақтан Құрманғазы сияқты импровизация шеберлерінің туындылары ел ішіне таралды. Бұл 
жағдай осы кезде Жамбыл үшін ежелгі ұлы өнер мектебінің үлгілерімен терең танысуға зор 
мүмкіндік берді. 
Осындай өнер бесігінде өскен Жамбылдың таланты бала кезінен-ақ байқала бастады. 
Жас кезінен бастап ол өзі өскен аймақтарды ән мен өлеңге бөледі; ол туралы даңқ көрші 
қырғыз жұртына жетті. Осы жылдары барлығының аузында жүрген жас Жамбыл Жетісудың 
ең әйгілі ақыны Сүйінбай ақынмен кездесті; Жамбыл бұл ақынның шабытпен шырқалған 
жырларын үлкен ықыласпен тыңдап, оның батасын алды. Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, 
Досмағанбет, Шашубай, Құлманбет сияқты өз заманының ірі ақындарымен кездесулер 
Жамбылдың ақын ретінде беделінің артуына ықпал етті. Кейіннен қырғыз ақындары Балық, 
Тыныбек, Қалыгүл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбектермен бірнеше рет бәсекеге 
түсіп, өз шеберлігін шыңдап, олардың жаөұттай жарқыраған поэзиясынан сабақ алады. Енді 
ол суырып салма өнерімен қатар, бірнеше апта немесе бірнеше ай ішінде Көрұлы, 
Шаһмардан сияқты дастандар мен жырларды орындап, сол арқылы өзінің сан қырлы 
талантын тереңдетіп, дамытты. 
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезеңі халыққа бір 
жағынан патшалық отаршылдардың, екінші жағынан Қоқан хандығының қысым жасауымен 



сипатталды. Ақындық шынайылықпен және азаматтық жауапкершілікпен Жамбыл 
«Шағым», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкіде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді 
бұйрық» сияқты жырларында халықтың қоғамдық-саяси өмірін бейнелейді. 
Жамбыл Қазан төңкерісінен кейін халықтың өміріндегі тарихи өзгерістер болатынына 
үлкен үміт артты. Оның 1936 жылы шығарған, содан кейін орыс тілінде «Правда» газетінде 
жарияланған «Туған еліме» сияқты поэтикалық толғаулары бүкіл Кеңес Одағында қарт 
ақынның даңқын паш етті. Ел арасында Жамбылдың биік даңқы пен танымалдылығы арта 
түсті. 
Оның 1936-1945 жылдар аралығында жарияланған өлеңдері көлем жағынан 13 мың 
тармақтан асады. Ол ерекше ынта-жігермен ел өміріндегі жетістіктер мен жаңалықтарды, 
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықтың жеңісі мен ерлігін мақтайды. Жасының 
ұлғайғандығы оған «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық шығармаларды 
қайта тірілтуге кедергі бола алмады. 
Жамбыл әрі эпикалық ақын, әрі ақын-импровизатор, дана жыршы және дастаншы. Ол 
өнер шебері ретінде азаматтық және саяси поэзияның дамуына үлес қосты. Жамбылдың 
ұлылығы оның ақындық шеберлігінде ғана емес, сонымен бірге оның халық поэзиясындағы 
жаңа ағымның жаратушысы, халық ақындарының шығармашылық рухын парасатпен 
жандандырушы болғанында. Оның сөзі ұранға айналды, оны халық поэзиясының атасы деп 
атады. Жамбыл жыршы-дастаншылардың терең эпикалық дәстүрлерін жаңа арнаға 
айналдырып, ежелгі қазақ суырып салма өнерінің жаңа қырларын ашты, оларға жаңа мазмұн 
берді. Жамбыл - адамдарды нәсілге, ұлтқа бөлмеген интернационалист ақын. «Жамбылдың 
өлеңдері теңіз түбіне жатқан інжу-маржандай. Оларды жинап, халыққа тапсыру 
әрқайсымыздың азаматтық парызымыз, - деді ақын С.Сейфуллин. 
Жамбыл - поэзияның сарқылмас қайнар көзі, өшпес даналық көзі, мәңгілік құндылық. 
Оның туындылары әрдайым халықпен бірге жасайды. Жамбылдың шығармалары әлемнің 
көптеген тілдеріне аударылды, көптеген елдерге таралды. Жамбыл көзі тірісінде өзін де, өз 
халқын да асқақтатып, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Жамбыл 
мұралары қазақ өнерінің барлық түрлері мен жанрларында көрініс тапты, ол халықтың 
ұлттық рухын жоғары көтерген ұлы тұлға ретінде танымал болды. 
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын 
мағынасындағы 
биік 
парасатты 
өнерпаз, 
азаматтық 
саяси 
поэзияны 
қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, 
сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша 
айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен 
де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол 
жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық 
үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып 
халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен 
Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне 
аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша 
жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. Ақынның 
шығармашылығына бүгінде жаңа көзқарас, жаңаша таныммен қарауымыз қажет. Жамбыл 
Жабаев-ұлтымен мәңгі жасайтын тұлға.
Бүгінгі конференция жұмысына сәттіліктер тілеймін! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет