Халық ауыз әдебиеті емтихан билеттері билет №1 Фольклордың өзіне тән басты ерекшелігі Тұрмыс-салт жырлары


БИЛЕТ №6 1. Фольклордың танымдық, эстетикалық, тәрбиелік, тұрмыстық функциялары



бет6/21
Дата09.12.2022
өлшемі106,19 Kb.
#56163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
қха емтихан билеттері (копия) (копия) (копия)

БИЛЕТ №6
1. Фольклордың танымдық, эстетикалық, тәрбиелік, тұрмыстық функциялары.
2. Әпсана, жанрлық белгілері. Түрлері.
1-сұрақ
Фольклор о баста адамзаттың күнделікті тұрмысында белгілі бір қажеттілікке байланысты қалыптасқан, кейіннен сейілдік, сауықтық қызметтерге бейімделген. Мәселен, бәдік жыры ауру малды, науқас адамды емдеу үшін шыққан. Немесе бесік жырын алсақ, бесіктегі баланы ұйықтату үшін айтылады. Арбау, байлау өлеңдері жайында да осыны айтуға болады.
Фольклор адамзат қоғамында танымдық, идеологиялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтер атқарады. Қоғамның даму сипатына орай фольклордың белгілі бір функциясы алдыңғы кезекке шығып отырған. Мысалы, ХV – ХVІІІ ғасырларда қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан азат ету аса маңызды мәселе болды. Бұл кезде ерлік пен елдікті мадақтайтын батырлар жырының тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал осы жанр ХІХ – ХХ ғ.ғ. көбінесе сауық – сейілдік функция атқарды. Аңыз жанрының басты нысанасы – тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе атақты адамдардың өмірі жайлы, күйдің шығуы хақында мағлұмат беру. Демек, аңыздың танымдық функциясы басым.
фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді.

«Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық , жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру- халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары»,- деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының жастар тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсетеді. Егемендігімізді алғаннан кейін 1992 жылы баланың жеке тұлғасын, халқымыздың асыл мұрасы қазақ фольклорын, дəстүрін құрметтеу, елін-жерін сүю, адамгершілік жəне эстетикалық сезім əрекеттерін бекіту мақсатында тұжырымдама жасалды.


Академик –жазушы М.Əуезов: «Біз ауыз əдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы Отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, эстетикалық мəдениет пен рухани байлықты сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау-арманын, əдет-ғұрпын, халық тəрбиесінің жемісін көреміз»,- деп балалар фольклорының тəрбиелік мəнін айқын ашып береді.


2-сұрақ
Әпсана (парсы – әфсәнә. Мағы­насы: мысал, ертегі; аңыз, хикая). Әпсана – негізінен халық наным-сенімі­нен, қиялы мен арзу-арманынан туған аңыз әңгімелер жататын ауызша прозалық шығарма. Әпсана жанрында ертеде орын алған әлдебір тарихи оқиғалар мен жағдаяттарды гиперболалық тәсілдермен, яғни асыра суреттеу, күшейту, әсірелеу секілді стилистикалық фигуралармен жеткізу басым болады. Онда, сондай-ақ ойдан шығарылған, қиялмен құрастырылған сюжеттер, ежелгі діни-мистикалық баяндар мен қиял-ғажайыптар көптеп кездеседі.
Н.Оңдасыновтың «Парсыша-қазақ­ша түсіндірме сөздігінде» әпсанаға «аңыз, миф, фантастикалық әңгіме, өтірік сөз» және «қиял, қияли арман» деген анықтамалар берілген. Бұған бір мысал ретінде Кете Жүсіптің «Әтіметін әпсананың оқып-көріп, Ретін таппадым сөз қайтармасаң» деген жыр жолдары келтіріледі.
Қазақ әдебиетінде әпсана өзінің тақырыптық сипаты жағынан шартты түрде бес реңкке бөлінеді. Олардың географиялық, топонимикалық түрі аспан әлемінің, жердің, көлдер мен елді мекендердің пайда болуы ­жайынан сыр шертеді. Мәселен, Жеті қарақшы шоғыры, Оқжетпес шыңы, Келіншектау шоқысы туралы аңыз-әңгімелер осыған саяды. Халықтар мен тайпалардың шығулары турасындағы әңгіме сарыны оның этногендік сипатына айғақ болады. Дәуіт, Сүлеймен, Мұса пайғамбарлар туралы хикаялар діни, мистикалық әпсананың негізін құрайды. Қорқыт Ата, Асан Қайғы сынды нақты кейіпкерлер қатысқан тарихи оқиғалардан туған аңыздар олардың әлеуметтік-утопиялық мазмұнда екенін білдіреді. Ал тарихи-этнографиялық кескінді әпсаналарға Ескендір Зұл­қарнайын, Бекет ата, Төле би, Едіге, Нәріктің ұлы Ер Шора, Қажымұқан, Иманжүсіп тәрізді тарихи тұлғалар мен Ақтабан шұбырынды іспеттес бүкіл халықтың басынан өткен ірі апатты оқиғалар желісінде пайда болған хикаялар кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет